А. Ясауи атындағы ХҚТУ




Скачать 78.93 Kb.
НазваниеА. Ясауи атындағы ХҚТУ
Дата конвертации20.01.2013
Размер78.93 Kb.
ТипДокументы
А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2010

Б.Шойбеков

А.Ясауи атындағы ХҚТУ

Түркология ҒЗИ-ның ғылыми қызметкері
Жазба айтыстың жасалу жолдары
В данной статье рассматриваются некоторые проблемы и жанровые особенности письменного айтыса, его сходства с импровизаторским айтысом, а также взаимосвязь между письменным айтысом и другими жанрами устной литературы.
Some problems and genre features of written aytis, its similarity with improvisatory aytis and the intercommunication of written aytis and other genres of the oral literature are considered in this article.
Айтыстың шығу тегі хақында бүгінге дейін бірқатар зерттеушілер тұшымды тұжырымдар жасап үлгергені ақиқат. С.Мұқанов, Е.Ысмайлов, М.Жармұхамедовтің “айтыс” деген сөздің білдіретін мағынасы, этимологиясы жайындағы талдауларында да айтыстың әуелі ауызекі тілде дамығандығын дәлелдейтін пікірлер қамтылған. М.Жармұхамедовтің монографиясында М.Әуезовтің айтыс өнерін тұрмыс-салт жырларының “Жар-жар” секілді түрлерінен туып дамығандығын дәлелдегені айтылады. Әсіресе, Е.Ысмайловтың “Ақындар” деген кітабында айтысқа қатысты маңызды деректер бар. Бірақ ол деректер айтысты шығарушыларға байланысты болып келеді. Ол “Қазақ поэзиясында творчестволық қызметіне қарай ақынды екі жікке бөлеміз. Бірі  өлеңді домбырамен суырып салып айтатын немесе шығарса да жаттап әнге қосып, ауыз әдебиеті дәстүрімен айтатын импровизатор халық ақындары. Екіншісі – оқыған, білімді, өлеңді жазып шығаратын жазба ақындар (поэт)”, - деп топтастырып, оның шығу тегінің жазба айтыстың пайда болуына қаншалықты қатысы бар екендігіне тоқталмайды. Оның себебі, ғалым суырып салма ақындар айтысын алғашқы процесс деп санайды. С.Мұқанов айтыстың төл сөз екендігіне күмән келтірмейді. Атақты жазушының осы пікірін М.Жармұхамедов өзінің зерттеуінде: “Айтыс ...ежелден айтысу, сөз жарысы, пікір таласы деген ұғымда қолданылып келген” деп қорытады 1.73.

Айтыстың арғы тегі (генезисі) туралы ойларын М.Жармұхамедов бұдан әрі былайша өрбітеді: “Айтыс ең алғаш тұрмыс-салт жырлары “Жар-жар” мен “Бәдік” өлеңдерінен бастау алып, өз дамуында сан-алуан асу кезеңдерден өтіп кемелдене жетілді. Оның алғашқы үлгілері көпке ортақ жаттанды өлеңдерден тұрса, өз жанынан шығарып айтылатын суырып салмалық сипаты басым болып отырады” 2.3. Ғалымның пікірінше, айтыс о баста айтушылардың белгілі бір мәтіндерді жаттап алып, соны айтыс үлгісіне түсіріп айтуынан басталған. Демек, бұдан шығатын түйін, айтыстың шығу тегі ауызша айтысу дәстүрінен туындаған дегенге саяды.

Белгілі ғалым жазба айтыстың пайда болуы жөніндегі пікірлерінде де өзінің осы тұжырымдарын ұстанады. Ғалымның “…айтыстың арғы тегін ашып саралу кезінде М.Қашғаридың “Диуани лұғат ат-түрік” атты еңбегіндегі “Жаз бен қыстың айтысын”, Қожа Ахмет Ясауидың “Диуани Хикмет” жинағындағы “Жұмақ пен тозақ айтысын” жанамалай айтып өттік.

Мұны біз жеке ақындардың мысал сипатты туындысы ретінде қарастырдық. Мұндай жеке адамдардың біз астындағы атымен, қолындағы домбырасымен, тіпті, түз тағысы қасқырмен айтысуын да білеміз. Аталған үлгілердің айтыс жанрының әбден қалыптасып кемелденген тұсында туатынын тәжірибе айқын дәлелдеп отыр” 2.4 деуі де суырып салма ақындар айтысының бұрын пайда болғанын қостайтындығын аңғартады.

Жалпы айтыстың шығуын, пайда болуын ғылыми тұрғыдан жан-жақты тереңдеп зерттеуді алғаш ұсынғандардың бірі М.О.Әуезов болатын. 1928 ж. жазған еңбегінде осындай мәселе көтергенімен ұлы жазушы суырып салма айтыс пен жазба айтыстың пайда болуы деген мәселелердің ара жігін ажыратып, таратып айтпаған. Сондықтан да ғалымның бұл төңіректегі пікірлерін жазба айтыстың генезисі жайындағы тұжырымдар деп те қабылдауға болады 3.390.

Бір ескеретін нәрсе – суырып салма айтыстың тек көшпелі халықтарға тән екендігін Ш.Уәлихановтың өзі де айтқан. Ол: “Бұған олардың көшпелі бейғам өмірі себепкер ме, яки үнемі әсем табиғаттың құшағында жүріп, көгілдір ашық аспан мен шет қиыры жоқ құлпырған жасыл даланы сезінудің әсерінен бе, кім білсін, дала көшпенділері ақындық пен сезімталдыққа жан-тәнімен бейім тұрады”, - деп жазды 4.532. Осы пікірге сүйенсек, қазақ халқының өмірінде ең әуелі суырып салма ақындар айтысының пайда болғандығына күдік қалмайды. Басқаша айтсақ, жазбаша сауаты жоқ ақындардың суырып салма айтысты жазба айтыс үлгісінен алуы мүмкін емес.

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2010
Шойбеков Б. Жазба айтыстың жасалу жолдары
Оның үстіне бәдік айтысты айтып келген халықтың әуелі суырып салма ақындар айтысын дамытуы заңды құбылыс.

Кейбір зерттеушілер М.Қашғаридың “Диуани лұғат-ат түрік” атты еңбегіндегі “Қыс пен жаздың айтысын” немесе “Мың бір түн” хикаяларына енген айтыстарға қарап, суырып салма ақындар айтысы жазба айтыстан кейін пайда болуы мүмкін деген пікірді орнықтырғысы келеді. Бұл пікірдің негізсіз екенін айтыс табиғатын зерттеуге бүкіл өмірін арнап келе жатқан ғалымдардың айтқан тұжырымдары дәлелдейді. Осы арада тағы да М.Жармұхамедовтың тұжырымдарына табан тіреуге мәжбүрміз. Ғалым былай деп жазады: “Араб “муфахарларына” қатысушы қайсыбір рауилердің суырып салма жырлары әйгілі “Мың бір түн” хикаяларына да енген. Айталық: “Мың бір түндегі” Каламил Лаймил Яумиһал Наһар” туралы әңгіме мен “Алты қыздың айтысы” атты хикаялары қазақ топырағындағы айтыс тәрізді кәдімгі суырып салма ақындық дәстүрін еске түсіреді. Араб әдебиетін, оның ішінде араб поэзиясын арнайы зерттеушілердің бәрі де араб поэзиясының басы сол “Мың бір түндегі” үзінді жырлардан басталады, ал бұларды шығарушылар оныншы, он екінші ғасырларда өмір сүрген суырып салма шайыр-рауилар деген пікірді айтады. Бұл жай өлеңді суырып салып айту дәстүрінің қазақ өміріндегі тәрізді кезінде араб шайырларында да мол болғанын аңғартады” 2.16. Ғалымның осы пікірлеріне қарасақ, жоғарыда аталған орта ғасырдағы және одан бұрынғы дәуірлердегі жазба ескерткіштерде кездесетін айтыс үлгілері суырып салма ақындар айтысынан алынған деген пікір туады. Ал, суырып салма ақындар айтысы араб елдеріндегі ақындар айтысынан бұрын туған деген түйінді ой қазақ әдебиетінде жазба айтыстың кешеуілдеп дамығандығын айқындайды.

Жазба айтыстың білім таластыру, парасат, дүниетаным кеңдігін айқындау мақсатында да үлкен қызмет атқарғандығын ескерсек, сол орта ғасырлардағы жазба ескерткіштердің кейбіреулерінің композициялық-сюжеттік құрылымында да осының зор әсері бар екендігі байқалады. Мәселен, Жүсіп Баласағұнның “Құтты білік” дастанының айтыс формасын көзге елестетуінің өзі ой жарыстыру мақсатының алдыңғы кезекте тұрғандығына көз жеткізеді.

Шындығында да “Құтты білік” дастанындағы айтыс үлгілерінің суырып салма ақындар айтысының әсерінен туғандығы күмән туғызбайды. Өйткені, суырып салма айтыста білім жарыстыру басты мақсат емес, бұдан жазба айтыстың шығуы тікелей жазба әдебиеттің пайда болуына қатысты мәселе екендігі көрінеді. Оның үстіне бұл хат білетін, жаза білетін адамдардың ісі екені өз-өзінен белгілі.

Мұндай үлгілер басқа да дастандардан ұшырасып отырады. Бірақ мысал түріндегі жазба айтыстарды жазба шығармаларға енгізу түрік халықтары үшін көп ғасырдан бергі дәстүр екендігін де ұмытуға болмайды. Мұндай дәстүрді жалғастырушылардың бірі  Қожа Ахмет Ясауи. Оның “Диуани хикметінде” де мысал түріндегі айтыстар кездеседі.

Қысқасы, жазба айтыстың басты сипаттарына жатқызылып келген кейбір жанрлық белгілер суырып салма ақындар айтысының да негізгі белгілері болып табылады. Бір тақырыпқа, не бір сауалға бірнеше ақынның хат жазысу арқылы жауап беруі жазба айтыстың жасалу тәсілдерінің бір түріне ғана жатады. Мұндай дәстүр суырып салма ақындар арасында да жиі қолданылып отырады. Ортақ тақырыптағы жұмбақ айтысқа бірнеше ақынның қатысып, бір-бірімен айтысуы да өз алдына зерттеуді қажет ететін мәселе.

Жалпы алғанда жазба айтыстың көшпелі елдерде кейінірек пайда болғандығына күмән жоқ. Дегенмен бұл төңіректе ойландыратын мәселелер жеткілікті. Соның ішінде отырықшы халықтардағы жазба айтыстың генезисін осы айтылып отырған тұрғыдан талдай алмаймыз. Неге десеңіз, ғалымдар отырықшы елдерде суырып салма ақындар айтысының аса көп болмағандығын айтады. Сондықтан бұларға жазба айтыс қандай жолдармен келді деген заңды сұрақ туады. Немесе, жазба айтыс әуелі сол елдерде туып, біздің қазақ халқына содан аумады ма екен деген ойдың тууы табиғи нәрсе. Бұған бір дәлел жазба айтысты жасаушылар Қазақстанның өзге өңірлеріне қарағанда шығыс әдебиетімен сусындаған шайырлар жиі ұшырасатын Сыр бойында көбірек шоғырланған. Шығыс әдебиетінде кездесетін әртүрлі жанрлар үлгілерінің осы аймақтағы жазба айтыс өкілдерінің айтыстарынан жиі кездесіп отыруы қызық құбылыс. Әрі Сыр бойында суырып салма

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2010
Шойбеков Б. Жазба айтыстың жасалу жолдары

ақындар айтысы қатар дамып отырған. Ал, жазба айтысқа қатысушылардың арабша хат танығанын, шығыс әдебиетін жақсы білгендігін де ескеруіміз керек. Бірақ бізге жазба айтыс үлгісін ұсынып отырған сол елдерде де әуелі суырып салма ақындар айтысының пайда болғаны ақиқат. Сыр бойы ақындарының шығыс сюжетіндегі дастандарды қайта жырлауы осы аймақтағы жазба айтыстың дамуына ықпал етсе керек. Олай болса суырып салма ақындар айтысының көшіріліп, жазба түрде таралуы да жазба айтыстың пайда болуына әсерін тигізбеді деп айта алмаймыз.

Жазба айтыстың түрлерін де жанрлық тұрғыдан жіктеудің едәуір қиындығы да бар. Ол қиындық жазба айтыстың әуелі не екендігін анықтаудан туындайды. Оның жасалу тәсілдерінің алуан түрлі болып келуінің басты сыры диалогтың әртүрлі жолдармен жасалатындығына да байланысты. Суырып салма ақындар айтысындағы диалогтар хат түріндегі немесе жұмбақ не мысал түріндегі айтыстардан мүлде бөлек. Жазба айтыстың ауызша айтыстан жаратылысынан бөлек екендігі де осы диалогтардың жасалу тәсілдерінің өзіне тән ерекшеліктерінен көрінеді.

Жазба айтысқа қойылатын жанрлық талаптардың қандай болатындығы жөнінде ортақ пікірге келудің өзі де оңай шаруа емес. Мұның өзі, әсіресе, хат түріндегі жауаптасулардың бәрінің бірдей жазба айтысқа қосылып-қосылмайтындығын анықтау мәселесімен түйіседі. Біз осы арада “жауаптасу” және “айтысу” деген сөздер бір-біріне баламалық міндет атқара ала ма, жоқ па деген сауалға нақты жауап табуымыз керек.

Жалпы алғанда жазба айтыстың жасалу жолдары неше алуан суырып салма ақындар айтысына қарағанда композициялық құрылымы жағынан күрделі болып келеді. Бұл оның жасалу тәсілдеріне байланысты.
әдебиеттер


  1. Жармұхамедов М. Айтыстың даму жолдары. Алматы: Мұраттас. 1976.

  2. Жармұхамедов М. Айтыс өлеңдерінің арғы тегі мен дамуы. Алматы: Мұраттас, 2001.

  3. Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Он алтыншы том. Зерттеулер мен оқулықтар. Алматы: Жазушы, 1985.

  4. Валиханов Ч. Сочинения. СПб. 1904.


Похожие:

А. Ясауи атындағы ХҚТУ iconҚ. А. Ясауи атындағы ХҚту-нің әлеуметтік, шаруашылық және өндірістік ісі
Түркістан қаласы, Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ, Бекзат Саттарханов көшесі, Ректорат ғимараты
А. Ясауи атындағы ХҚТУ iconЭ.Ө. ЗҰлпыхарова тарих ғылымдарының кандидаты, доцент А. Ясауи атындағы ХҚту ж. И. Сабирова а. Ясауи атындағы ХҚту-нің магистранты 1967 жылғы «Алты күндік соғыс»
В статье дается критический анализ причин и последствий конфликта на Ближнем Востоке и политики международного сообщества по урегулированию...
А. Ясауи атындағы ХҚТУ iconА. байтұрсынов публицистикасындағы этнодеформациялық МӘселелер
А. Ясауи атындағы ХҚту «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің магистр-оқытушысы
А. Ясауи атындағы ХҚТУ icon«бекітемін» Қ. А. Ясауи атындағы ХҚту-нің

А. Ясауи атындағы ХҚТУ iconП.ғ. д., профессор Омар Сыздықов
Түркістан қаласы, Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ, Б. Саттарханов көшесі, Ректорат ғимараты
А. Ясауи атындағы ХҚТУ iconТ.ғ. д., профессор Минис Абилтайн
Түркістан қаласы, Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ, Тауке хан даңғылы номирсиз №5 ғимарат
А. Ясауи атындағы ХҚТУ iconТ.ғ. к., доцент Сәулембекова Мадина Сайрамханқызы
Түркістан қаласы, Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ, Тауке хан даңғылы номирсиз №5 ғимарат
А. Ясауи атындағы ХҚТУ iconТ.ғ. к., доцент Жолсейтова Мағрипа Әжмаханқызы
Түркістан қаласы, Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ, Тауке хан даңғылы номирсиз №5 ғимарат
А. Ясауи атындағы ХҚТУ iconТ.ғ. к., доцент Альжанова Эльмира Есіпкепқызы
Түркістан қаласы, Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ, Тауке хан даңғылы номирсиз №5 ғимарат
А. Ясауи атындағы ХҚТУ iconТ.ғ. к., доцент м а Каттабекова Назгүл Құралқызы
Түркістан қаласы, Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ, Тауке хан даңғылы номирсиз №5 ғимарат
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница