1 «ә» сынып Мұғалімі: Татыгужинова К.Қ. Сабақтың тақырыбы: «Сыр аға-жыр аға» Сырбай Мәуленов-89 жаста. Сабақтың мақсаты




Скачать 33.38 Kb.
Название1 «ә» сынып Мұғалімі: Татыгужинова К.Қ. Сабақтың тақырыбы: «Сыр аға-жыр аға» Сырбай Мәуленов-89 жаста. Сабақтың мақсаты
Дата конвертации20.01.2013
Размер33.38 Kb.
ТипДокументы
1 «ә» - сынып Мұғалімі:Татыгужинова К.Қ.
Сабақтың тақырыбы: «Сыр аға-жыр аға» Сырбай Мәуленов-89 жаста.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Сырбай Мәуленовтың өмірбаянымен таныстыра отырып, біздің мектеп осы кісінің атымен аталатыны жайлы айтып өту.Ақынға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға баулу.Патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: С.Мәуленовтың портреті, фотосуреттер, нақыл сөздер, кітаптары.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
Күндері үшін керемет келешектің,

Талай күннің азабын көрешекпін.

Сезімімді, жанымды жырға құйып,

Мен еліме көп нәрсе берешекпін.
Қазақтың көрнекті ақыны Сырбай Мәуленов 17 қыркүйекте 1922 жылы қазіргі Торғай облысында, Жанкелдин ауданында, Торғай ауылында дүниеге келген.

Біздің мектеп, балалар осы кісінің атымен аталады. Бірінші қабатта ақынға арналған мемориолдық тақта орнатылған.

Сырбай Мәуленов қазақ поэзиясында көп жыл үздіксіз жемісті еңбек еткен.

Оның творчестволық жолы, отты да ойлы, нәзік те сырлы, айшықты жыры қалың оқушы қауымға аян.

Өз шығармашылығында жауынгер азамат халқымыз бастан кешкен белестердің өрелі оқиғаларын суреттейді. Ұлы Отан соғысы, бейбіт күннің бейнесі, халықтың ой-сезімі, ақыл-парасаты, жан сыры әсем суреттелінеді.

Ақын қай тақырыпта жырласа да тереңнен толғап, шабыт желімен толғанып, тебірене шалқиды.

Туған жерім- Әкем де,

Анам да сен,

Туған жерім- Жарым да,

Балам да сен,

Сенсің менің-

Жердегі жылғаларым

Сенсің менің-

Шөлдегі тырналарым.

Міне үлкен азамат
1.Шынықтырып денені,

Тісін жуып тазалап,

Мектебіне келеді,

Міне, үлкен азамат.
2.Орамалы қалтада,

Үсті- басы таза, бап.

Отыр алғы партада,

Міне, үлкен азамат.

3.Ойнамайды орынсыз

Үйдің ішін мазалап.

Кездессеңіз, оны сіз

Дейсіз үлкен азамат.

Қыркүйек қоңырауы

4.Жаз бойы далада

Шыныққан тынығып,

Барады балалар,

Мектепке жүгіріп.

5.Қыркүйек күндері

Бастайды ілгері.

Бастайды ілгері

Қоңырау үндері.

Шахтер

6.Шахтерді ел біледі,

Оған сарай - жер асты.

Көмір қазып жүреді,

Сорғалатып тер ащы.

7.Бала оқитын зәулім үй

Қалмауы ұшін суынып,

Үйіп көмір тауды ылғи,

Береді ол жылылық.

Балалық

8.Балалық- қиялдың әлемі,

Ғажайып сәуленің гүлдері.

Балалық- бұлбұлдар әуені,

Балалық- наурыз күндері.

9.Балалық- алтын таң шақтары,

Балалық- найзағай ақ жалын.

Балалық- аспанның бұлттары,

Балалық- толассыз ақ жауын.

10. Балалық- орманның бүршігі,

Балалық- қоянның көжегі.

Балалық- бақаның у- шуы,

Балалық- даланың өзені.


Балалардың бақыты
11. Аспан тұрса күлімдеп,

Айын биік орнатып,

Ақса бұлақ гүрілдеп-

Балаларға сол бақыт

12.Балаларға сол бақыт-

Болса Отаны аман-сау.

Басын бұлтқа байлатып,

Тұрса асқақтап Алатау.

13.Жапырақтарын жайнатып,

Әлдилесе бақша - бау.

Балаларға сол бақыт-

Жаз орманда жақса алау.

14.Балаларға сол бақыт-

Аман болса әкесі,

Қатар өссе тәтесі,

Аман болса анасы,

Жүрсе алдында ағасы,

Болса мөлдір өзені,

Болса байтақ даласы.

15.Табиғатта тынықтық,
Талай - талай сыр ұқтық.

Бала кезден батыл боп,

Ойнай - ойнай шынықтық.

16.Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болар өзі де.

Сырбай Мәуленов Ұлы Отан соғысына қатысты. Еңбек жолын мұғалім болудан бастады.Ақынның бірінші өлеңі Жамбыл облысының «Колхозшы» газетінде 1937 жылы жарияланды. «Өлеңдер» атты алғашқы жинағы 1948 жылы жарық көрді.Сырбай Мәуленов – белгілі журналист.

Біз мектебімізге Сырбай Мәуленовтың аты берілгенін мақтан етеміз.

2009 - 2010 оқу жылында салтанатты түрде Сырбай атамызға арнайы мемориалдық тақта ашылып, оған көптеген қонақтар куәгер болды.

Сырбай атаның балалары мен немерелері де ат салысты.Музей ашылды.

Міне , енді сендер, болашақ ұрпақ Сырбай атамыздың атына лайық болып ер жетулерің керек.

Қорытынды: Туған жер тақырыбына сурет салу.

Похожие:

1 «ә» сынып Мұғалімі: Татыгужинова К.Қ. Сабақтың тақырыбы: «Сыр аға-жыр аға» Сырбай Мәуленов-89 жаста. Сабақтың мақсаты iconБастауыш сынып мұғалімі Алдешова Гүлмира Белдибекқызы Сабақтың тақырыбы: Ұялы телефон және компьютер Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: ұялы телефон мен компьютердің пайдасы мен зияны туралы түсіндіру
1 «ә» сынып Мұғалімі: Татыгужинова К.Қ. Сабақтың тақырыбы: «Сыр аға-жыр аға» Сырбай Мәуленов-89 жаста. Сабақтың мақсаты iconХимия 8 сынып Химия пәні мұғалімі: Жексембиева Эльмира Сабақтың тақырыбы: Қышқылдардың химиялық қасиеті. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Қышқылдар туралы мәлімет бере отырып, химиялық қасиеті туралы мағұлмат беру
1 «ә» сынып Мұғалімі: Татыгужинова К.Қ. Сабақтың тақырыбы: «Сыр аға-жыр аға» Сырбай Мәуленов-89 жаста. Сабақтың мақсаты icon19 орта мектеп 11 сынып Тасқұлова А.Қ Сабақтың тақырыбы: Менің Қазақстаным Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: а Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын білу
1 «ә» сынып Мұғалімі: Татыгужинова К.Қ. Сабақтың тақырыбы: «Сыр аға-жыр аға» Сырбай Мәуленов-89 жаста. Сабақтың мақсаты icon2-сынып Сабақтың тақырыбы: бала абай. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазақтың классик ақыны Абай Құнанбаевтың өмірімен толығырақ таныстыру
1 «ә» сынып Мұғалімі: Татыгужинова К.Қ. Сабақтың тақырыбы: «Сыр аға-жыр аға» Сырбай Мәуленов-89 жаста. Сабақтың мақсаты iconӘдебиет. 11-сынып Сабақтың тақырыбы: С. Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасының композициясы, образдар жүйесі. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға поэманың композициялық құрылымын меңгерте отырып, образдар жүйесіне назар аударту
1 «ә» сынып Мұғалімі: Татыгужинова К.Қ. Сабақтың тақырыбы: «Сыр аға-жыр аға» Сырбай Мәуленов-89 жаста. Сабақтың мақсаты icon7-сынып 12. 2008. Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторы. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету. Графикалық ақпаратты жасау туралы түсінік беру. Сурет салу дағдыларын...
1 «ә» сынып Мұғалімі: Татыгужинова К.Қ. Сабақтың тақырыбы: «Сыр аға-жыр аға» Сырбай Мәуленов-89 жаста. Сабақтың мақсаты iconҚазақ тілі 2-сынып Сабақтың тақырыбы: ю әрпінің жазылуы. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ю әрпінің жазылуы және дыбысталу ерекшелігі туралы түсінік беру
1 «ә» сынып Мұғалімі: Татыгужинова К.Қ. Сабақтың тақырыбы: «Сыр аға-жыр аға» Сырбай Мәуленов-89 жаста. Сабақтың мақсаты iconСырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Ж.Қ. Утебаеваның 3 «Б» сынып оқушыларымен өткізген тәрбие сағыты

1 «ә» сынып Мұғалімі: Татыгужинова К.Қ. Сабақтың тақырыбы: «Сыр аға-жыр аға» Сырбай Мәуленов-89 жаста. Сабақтың мақсаты iconБулекбаева Асель Камиловна Астана қаласы №56мектеп-лицей Бастауыш сынып мұғалімі Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша оқушыларда жануарлардың жемін қалай аулайтыны туралы білім, біліктіліктерін кеңейту. Өз білген,...
1 «ә» сынып Мұғалімі: Татыгужинова К.Қ. Сабақтың тақырыбы: «Сыр аға-жыр аға» Сырбай Мәуленов-89 жаста. Сабақтың мақсаты icon10-сынып Сабақтың тақырыбы: ҚР ҚК-нің Гарнизондық және қарауылдық қызметтерінің жарғысы. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қарауылдық қызметті міндеттері мен қарауылдық қызметті ұйымдастыруды ұғындыру
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница