Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы




Скачать 334.86 Kb.
НазваниеЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
страница1/4
Дата конвертации20.01.2013
Размер334.86 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-1-баптарына, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) «Қазақстан Республикасындағы Әкiмшiлiк органның құрып кету қаупi төнген жануарлар мен өсiмдiктер түрлерiн, олардың бөлiктерiн немесе дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беруi» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      2) «Жануарларға интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру жүргiзуге рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      3) «Облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттiлiктерi үшiн сервитуттарды белгiлеу жөнiнде шешiмдер қабылдауы» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      4) «Дала кемiргiштерiн жою кезiнде, сондай-ақ жануарлардың құтыруы мен басқа да ауруының iндетi жағдайларында улы химикаттарды қолдана отырып, жануарлар әлемi объектiлерiн аулауға келiсу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      5) «Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      6) «Жерсiндiруге рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      7) «Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келiсу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      8) «Қазақстан Республикасының сыртқы нарығында бекiре балық түрлерiнiң уылдырығын сатуға арналған марканы бекiту және оны Қазақстан Республикасының iшкi нарығында сатуға арналған марканы беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      9) «Бекiтiлген лимит негiзiнде жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн алып қоюға квоталар бөлу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      10) «Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау) қызметiн жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      11) «Пестицидтердi (улы химикаттарды) сату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      12) «Аэрозольдық және фумигациялық тәсiлдермен пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдану жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      13) «Шиттi мақта сапасы куәлiгiн беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      14) «Астықты экспорттаушыға мемлекеттiк астық ресурстарына астықты жеткiзу бойынша мiндеттемелердi астықты экспорттаушының сақтауы туралы растаманы беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      15) «Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсетуге лицензияны беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      16) «Ауыл шаруашылығын қолдауға берiлетiн кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      17) «Ауыл шаруашылығы өнiмдерi өндiрiсiн басқару жүйелерiн субсидиялау» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      18) «Ветеринариялық зертханалар беретiн сараптама актiсiн беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      19) «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензияны беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      20) «Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      21) «Экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлiктi немесе оған барабар құжатты тану» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      22) «Тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың болмауы (болуы) туралы ақпарат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      23) «Тұқым сапасына сараптама жүргiзу» мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн.
      2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiнде:
      «Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызметтер» деген 9-бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 267-жолдың 7-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Субсидиялар»;
      реттiк нөмiрi 268-жолдың 7-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Субсидиялар»;
      реттiк нөмiрi 270-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жеке және заңды тұлғалар»;
      реттiк нөмiрi 276-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасарлары»;
      реттiк нөмiрi 277-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлiктi немесе оған барабар құжатты тану»;
      3-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жеке және заңды тұлғалар»;
      реттiк нөмiрi 284-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың болмауы (болуы) туралы ақпарат беру»;
      7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қағаз түрiнде (жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу тiзiлiмiнен көшiрме)»;
      реттiк нөмiрi 286-жол алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 289-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жануарларды интродукциалау, реинтродукциялау және будандастыруды жүргiзуге рұқсат беру»;
      5 және 6-бағандар мынадай редакцияда жазылсын:
      «АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық инспекциялары, АШМ Балық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық инспекциялары»;
      реттiк нөмiрi 290-жолдың 5 және 6-бағандары мынадай редакцияда жазылсын:
      «АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық инспекциялары»;
      реттiк нөмiрi 291-жол алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 292-жол алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 293-жолдың 5 және 6-бағандары мынадай редакцияда жазылсын:
      «АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi және оның аумақтық инспекциялары, АШМ Балық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық инспекциялары»;
      реттiк нөмiрi 294-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бекiтiлген лимит негiзiнде жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн алып қоюға квоталар бөлу»;
      5 және 6-бағандар мынадай редакцияда жазылсын:
      «АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық инспекциялары, АШМ Балық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық инспекциялары»;
      реттiк нөмiрi 296-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының сыртқы нарығында бекiре балық түрлерiнiң уылдырығын сатуға арналған марканы бекiту және оны Қазақстан Республикасының iшкi нарығында сатуға арналған марканы беру»;
      7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қағаз түрiнде (марка, марканы бекiту туралы бұйрық)»;
      реттiк нөмiрi 297-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жерсiндiруге рұқсат беру»;
      5 және 6-бағандар мынадай редакцияда жазылсын:
      «АШМ Балық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық инспекциялары»;
      реттiк нөмiрi 298-жол алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 299-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келiсу»;
      5 және 6-бағандар мынадай редакцияда жазылсын:
      «АШМ Балық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық инспекциялары»;
      реттiк нөмiрi 301-жолда:
      5 және 6-бағандар мынадай редакцияда жазылсын:
      «ҚазАгрЭкс» АҚ (сараптамалық ұйым)»;
      7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қағаз түрiнде (куәлiк немесе тұқымды талдау нәтижесi, түйнектiк талдау актiсi)»;
      реттiк нөмiрi 302-жолдың 5 және 6-бағандары мынадай редакцияда жазылсын:
      «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК-нiң облыстық және аудандық филиалдары»;
      реттiк нөмiрi 304-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттiлiктерi үшiн сервитуттарды белгiлеу жөнiнде шешiмдер қабылдауы»;
      5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары»;
      6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық инспекциялары»;
      реттiк нөмiрi 305-жолдың 7-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Электронды, қағаз түрiнде (лицензия)»;
      реттiк нөмiрi 312-жолдың 7-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Электронды, қағаз түрiнде (лицензия)»;
      реттiк нөмiрi 313-жолдың 7-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Электронды, қағаз түрiнде (лицензия)»;
      реттiк нөмiрi 314-жолдың 7-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Электронды, қағаз түрiнде (лицензия)»;
      реттiк нөмiрi 315-жолда:
      5 және 6-бағандар мынадай редакцияда жазылсын:
      «АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетi, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары»;
      7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Электронды, қағаз түрiнде (лицензия)».
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                           К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1108 қаулысымен  
бекiтiлген     

«Облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттiлiктерi үшiн сервитуттарды белгiлеу жөнiнде шешiмдер қабылдауы» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi – жергiлiктi атқарушы органдар) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетедi.
      Мемлекеттiк қызметтi конкурс өткiзу арқылы:
      1) аңшылық алқаптарды бекiту кезiнде – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық инспекциялары (бұдан әрi – 1-инспекциялар) осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша;
      2) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiту кезiнде – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық инспекциялары (халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi бойынша) (бұдан әрi – 2-инспекциялар) осы стандартқа 3-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша немесе жергiлiктi атқарушы органдар (жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi бойынша) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетедi.
      Арал, Каспий теңiздерiнiң, Зайсан, Балқаш көлдерiнiң, Алакөл көлдер жүйесiнiң, Бұқтырма, Шүлбi, Шардара, Қапшағай су қоймаларының және Қиғаш, Iле, Сырдария, Жайық өзендерiнiң балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру бойынша конкурсты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiсiмен құралатын комиссия өткiзедi.
      Жеке меншiктегi немесе жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерiндегi аңшылық алқаптары олар белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес болған және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң ұсынымы болған кезде олардың өтiнiмi бойынша конкурс өткiзусiз жергiлiктi атқарушы органның қаулысымен оларға бекiтiлiп берiледi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет:
      1) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 10-бабының 2-тармағы 4) тармақшасының және 40-бабының
      2) «Аң аулайтын алқаптарды бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу ережесiн және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 40 қаулысының
      3) «Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру бойынша конкурс өткiзу ережесiн және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 4 ақпандағы № 102 қаулысының негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат және мемлекеттiк қызмет стандарты (бұдан әрi – стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «нормативтiк құқықтық актiлер» бөлiмiнiң «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары» кiшi бөлiмiнде, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардағы стендтерде орналастырылады. Стендтер мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайлардағы көрнектi орындарда орнатылады.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нәтижесi жергiлiктi атқарушы органның аңшылық алқаптарды немесе балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн мемлекеттiк қызмет алушыларға бекiтiп беру туралы қағаз тасығыштағы қаулысы (бұдан әрi – қаулы) не мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет алушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмдерде көрсетiледi:
      1) конкурс өткiзу кезiнде:
      өткiзiлген конкурстың қорытындылары бойынша хаттама жасау – конкурстың өтiнiмi бар конверттердi ашқан күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде;
      тиiстi инспекцияның конкурстың қорытындылары туралы хаттаманы жергiлiктi атқарушы органға жолдауы – конкурстың қорытындыларын шығару күнiнен бастап үш жұмыс күнi iшiнде;
      жергiлiктi атқарушы органның аңшылық алқаптарды немесе балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн мемлекеттiк қызмет алушыларға бекiтiп беру туралы шешiм қабылдауы – конкурс қорытындылары туралы хаттаманы алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде;
      2) мемлекеттiк қызмет алушыларға осы тұлғалардың жеке меншiгiндегi немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерiндегi аңшылық алқаптарын бекiтiп беру кезiнде, сондай-ақ олар бойынша бекiтiп беру мерзiмi аяқталған аңшылық алқаптарын қайта бекiтiп беру кезiнде – мемлекеттiк қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағының 2) және 3) тармақшаларында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап жиырма күннен артық емес;
      3) қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде кезекте күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты – отыз минуттан аспау керек;
      4) мемлекеттiк қызмет нәтижесiн алу кезiндегi кезекте күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты – отыз минуттан аспау керек;
      5) мемлекеттiк қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағының 2) тармақшасында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толық болуын тексеру мерзiмi – екi жұмыс күнi iшiнде.
      Осы тармақтың 2) тармақшасында белгiленген мерзiмдерде қаулы берiлмеген немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап ұсынылмаған жағдайда қаулы берiлген деп есептеледi және екi жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк қызмет алушыға берiлуге жатады.
      8. Мемлекеттiк қызмет ақысыз түрде көрсетiледi.
      9. Мемлекеттiк қызмет жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн көрсетiледi, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және мереке күндерi. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда күту және қажеттi құжаттарды дайындау үшiн жағдай жасалады (күту креслолары, қажеттi құжаттарды толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттар тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендтермен жарақталады), өртке қарсы қауiпсiздiк шаралары қабылданады. Физикалық мүмкiндiктерi шектелген мемлекеттiк қызмет алушылардың кедергiсiз қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда жабдықталған тұтқалар, пандустар және баспалдақ таяқшалары көзделедi.
  1   2   3   4

Похожие:

Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы icon"Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу" мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту және "Жеке және заңды тұлғаларға
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы iconЛебяжi ауданы бiлiм бөлiмiнiң мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы
Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Заңының 9-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы icon"Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi мен жергiлiктi атқарушы органдардың автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын
Республикасы Үкiметiнiң "Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етудi жетiлдiру туралы 1998 жылғы 5 қыркүйектегi №845 және "Жеке және...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы iconЕнбекшілдер ауданының өзін-өзі басқару бөлімдерінің жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтерінің тiзiлiмi

Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi мен стандартын бекiту туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкiмдiгiнiң 2008 жылғы 12 тамыздағы n 825 қаулысы. Маңғыстау облысының Әдiлет департаментiнiң Ақтау...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы icon«Атамекен» Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасының төрағасы А. Т. Перуашев мырзаға «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы»
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2010...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы iconШағын кәсiпкерлiк субъектілерiнен мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң 2004 жылға арналған номенклатурасын және олардың көлемiн (пайызбен көрсеткенде) бекiту туралы
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңы 8-бабының 2-2-тармағына және...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 ақпандағы №273 қаулысы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы»
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница