Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы




Скачать 334.86 Kb.
НазваниеЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
страница2/4
Дата конвертации20.01.2013
Размер334.86 Kb.
ТипДокументы
1   2   3   4

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

      11. Аңшылық алқаптарды бекiтiп беру кезiнде мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызмет алушы мыналарды ұсынады:
      1) конкурс өткiзу кезiнде:
      осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылық алқаптарын бекiтiп беру бойынша конкурсқа қатысуға өтiнiш;
      осы стандартқа 5-қосымшада көрсетiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар (түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшiрмелерi);
      мемлекеттiк қызмет алушы жарғысының және заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнiң, салық төлеушi куәлiгiнiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмелерi – заңды тұлғалар үшiн;
      кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру құқығын растайтын құжаттың көшiрмесi, сондай-ақ жеке куәлiгiнiң немесе паспортының, салық төлеушi куәлiгiнiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмелерi – жеке тұлғалар үшiн;
      Конкурстық өтiнiмдi конкурсқа қатысушылар нөмiрленген беттерiмен тiгiлген түрiнде ұсынады, соңғы беттерi олардың қол қоюымен расталады;
      2) мемлекеттiк қызмет алушыларға осы тұлғалардың жеке меншiгiндегi немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерiндегi аңшылық алқаптарын бекiтiп беру кезiнде:
      еркiн нысандағы өтiнiш;
      осы стандартқа 5-қосымшада көрсетiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар (түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшiрмелерi);
      тиiстi құқықтарды растайтын жер учаскесiне сәйкестендiру құжаттарының көшiрмелерi;
      3) бекiтiп беру мерзiмi аяқталған аңшылық алқаптарын қайта бекiтiп беру кезiнде:
      еркiн нысандағы өтiнiш;
      осы стандартқа 5-қосымшада көрсетiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар (түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшiрмелерi);
      аңшылық шаруашылығын жүргiзу шарты бойынша мiндеттемелердiң сақталуын растайтын құжаттар.
      12. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру кезiнде мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызмет алушылар мыналарды ұсынады:
      1) осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Конкурсқа қатысуға өтiнiш;
      2) осы стандартқа 7-қосымшада көрсетiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар (түпнұсқалары немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi):
      құрылтай құжаты, мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк, салық төлеушi куәлiгi (нотариалды куәландырылған көшiрмелерi) – заңды тұлғалар үшiн;
      Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi немесе паспорты, салық төлеушi куәлiгi (нотариалды куәландырылған көшiрмелерi), заңды тұлғаны құрусыз кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқығын беретiн құжаттар – жеке тұлғалар үшiн;
      әрбiр су айдыны және (немесе) учаскесi бойынша мемлекеттiк қызмет алушының басшысы жеке бекiткен белгiленген нысандағы балық шаруашылығын дамыту жоспары (түпнұсқасы);
      балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi бұрын бекiтiп берiлген жеке және заңды тұлғалар үшiн – өткен жылы өсiмiн молайту және балық қорғау iс-шараларына қаржы бөлiнгеңдiгiн растайтын және бөлiнген квоталарды игеруi туралы және 2-инспекциямен келiсiлген ақпарат (түпнұсқасы);
      ағымдағы жылғы 1 қаңтарға (өткен қаржылық жылға) салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң болмауы (болуы) туралы салық органының анықтамасы;
      мыналарды жүзеге асыру үшiн сервитутты ұсыну туралы мемлекеттiк қызмет алушының бiрiншi басшысының қолы қойылған жазбаша мiндеттеме:
      бақылаулы аулау – Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетiне және (немесе) 2-инспекцияға;
      ғылыми-зерттеулiк аулау – жеке және заңды тұлғаларға;
      әуесқойлық (спорттық) балық аулау – жеке тұлғаларға (түпнұсқасы);
      3) Арал, Каспий теңiздерiнiң, Зайсан, Балқаш көлдерiнiң, Алакөл көлдер жүйесiнiң, Бұқтырма, Шүлбi, Шардара, Қапшағай су қоймаларының және Қиғаш, Iле, Сырдария, Жайық өзендерiнiң балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi үшiн:
      уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша негiзгi құралдардың, балық ресурстар және басқа да су жануарларын аулау мен қайта өңдеу жөнiндегi технологиялық жабдықтың және басқа да материалдық–техникалық құралдардың, сондай–ақ ағымдағы мелиорацияны жүргiзу және жас шабақтарды құтқару үшiн техникалық құралдардың болуы туралы анықтама;
      аулаушы және көлiк, оның iшiнде шағын өлшемдi флотты тiркеу туралы аумақтық көлiктiк бақылау органының анықтамасы;
      4) жергiлiктi маңызы бар балық қырылу қаупi бар су айдындары және (немесе) учаскелерi үшiн – уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша балық шаруашылығы мелиорациялық жұмыстарын жүргiзу үшiн негiзгi құралдардың болуы туралы анықтама;
      5) салина артемиясы цисталарын аулау үшiн болашағы бар ащы-тұзды балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi үшiн – салина артемиясы цисталарын жинау үшiн құралдардың, жинау, сақтау және өңдеу жөнiндегi технологиялық жабдықтар мен басқа да материалдық-техникалық құралдардың болуы туралы анықтама;
      6) басқа да балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi үшiн:
      аулаушы және көлiк, оның iшiнде шағын өлшемдi флотты тiркеу туралы аумақтық көлiктiк бақылау органының анықтамасы (жүзгiш құралдар болған кезде);
      Балық шаруашылығын дамыту жоспарында тиiстi iс-шаралар көрсете отырып, өтiнiш берушi басшысының қолы қойылған акваөсiрудi жүргiзу туралы жазбаша мiндеттеме (акваөсiрумен айналысуды көздейтiн тұлғалар үшiн).
      13. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған өтiнiш бланкiсiн Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында немесе осы стандартқа 1, 2 және 3-қосымшаларда көрсетiлген мекенжайлар бойынша орналасқан жергiлiктi атқарушы органның және инспекциялардың кеңселерiнен алуға болады.
      14. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар:
      конкурс өткiзу кезiнде – конкурс өткiзу туралы хабарламада көрсетiлген мекенжай бойынша конкурстық комиссияның хатшысына;
      мемлекеттiк қызмет алушыларға осы тұлғалардың жеке меншiгiндегi немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерiндегi аңшылық алқаптарын бекiтiп беру кезiнде, сондай-ақ олар бойынша бекiтiп беру мерзiмi аяқталған аңшылық алқаптарын қайта бекiтiп беру кезiнде – осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген мекенжай бойынша орналасқан тиiстi инспекцияның кеңсесiне тапсырылады.
      15. Мемлекеттiк қызмет алушыға:
      1) құжаттарды қабылдау нөмiрiн және күнiн;
      2) сұратылатын мемлекеттiк қызмет түрiн;
      3) қоса берiлген құжаттар санын және атауларын;
      4) мемлекеттiк қызметтi алу күнiн (уақытын) және құжаттарды беру орнын;
      5) құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның тегiн, атын, әкесiнiң атын;
      6) мемлекеттiк қызмет алушының тегiн, атын, әкесiнiң атын (жеке тұлға үшiн) немесе атауын (заңды тұлға үшiн), байланыс деректерiн көрсете отырып, қажеттi құжаттарды қабылдау туралы қолхат берiледi.
      16. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi мемлекеттiк қызмет алушыға немесе сенiмхат бойынша уәкiлетiк берiлген тұлғаға жеке келген кезде берiледi.
      17. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту үшiн негiз:
      1) конкурс өткiзу кезiнде – мемлекеттiк қызмет алушының конкурстық өтiнiмiн конкурс шарттарына сәйкес келмейтiн деп тану;
      2) мемлекеттiк қызмет алушыларға осы тұлғалардың жеке меншiгiндегi немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерiндегi аңшылық алқаптарын бекiтiп беру кезiнде – осы стандартқа 4-қосымшада көрсетiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес болмауы және (немесе) шаруашылық аралық аңшылықты жайластыру материалдарының болмауы;
      3) бекiтiп беру мерзiмi аяқталған аңшылық алқаптарын қайта бекiтiп беру кезiнде – осы стандартқа 4-қосымшада көрсетiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес болмауы және (немесе) аңшылық шаруашылығын жүргiзу шарты бойынша мiндеттемелерiн орындамау.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде Комитеттiң және 1 және 2-инспекциялардың лауазымды тұлғалары мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
      1) кiшiпейiлдiлiк таныту, өзiнiң лауазымдық жағдайын алға тартпау және пайдаланбау;
      2) сыпайы және әдептi болу;
      3) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;
      4) қызмет көрсету мерзiмдерiн және күту уақытын қысқарту үшiн күш салу;
      5) мемлекеттiк қызмет алушы құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
      6) мемлекеттiк қызмет алушы белгiленген мерзiмдерде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелерi

      19. Мемлекеттiк қызмет алушыларға мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша жұмыс нәтижелерi осы стандартқа 8-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      20. Мемлекеттiк қызметтi көрсететiн жергiлiктi атқарушы органдар мен инспекциялардың жұмысы олар бойынша бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң бұйрығымен жыл сайын бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      21. Жергiлiктi атқарушы органдардың немесе тиiстi инспекциялардың лауазымды тұлғаларының әрекеттерiн (әрекетсiздiгiн) шағымдану тәртiбiн түсiндiрудi, сондай-ақ шағым дайындауда жәрдемдесудi осы стандартқа 1, 2 және 3-қосымшаларда көрсетiлген мекенжайы бойынша орналасқан жергiлiктi атқарушы органдардың немесе тиiстi инспекциялардың заң қызметiнiң мамандары жүзеге асырады.
      22. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым тиiстi әкiмнiң атына осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжай бойынша жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн немесе Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi төрағасының не Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi төрағасының атына Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 5 және 13-кiреберiстер, 611 және 367-кабинеттер мекенжайы бойынша берiледi.
      Жұмыс кестесi: жұмыс күндерi жергiлiктi атқарушы органдарда сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнде және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетiнде сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және мереке күндерi.
      23. Сыпайы қызмет көрсетiлмеген жағдайда шағым тиiстi әкiмнiң немесе тиiстi инспекция басшысының атына осы стандартқа 1, 2 және 3-қосымшаларда көрсетiлген мекенжайлар бойынша берiледi.
      Жұмыс кестесi: жұмыс күндерi жергiлiктi атқарушы органдарда сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, инспекцияларда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және мереке күндерi.
      24. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда мемлекеттiк қызмет алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
      25. Шағымдар жазбаша түрде пошта, электрондық пошта бойынша не қолма-қол жұмыс күндерi осы стандарттың 22 және 23-тармақтарында көрсетiлген ұйымдардың кеңселерi арқылы қабылданады.
      Шағым шағымда қойылған мәселелердi шешу құзыретiне не лауазымды тұлғаның атына жолданады.
      Шағымда мемлекеттiк қызмет алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күнi және мемлекеттiк қызмет алушының қолы көрсетiледi.
      Шағым берiлген кезде әрекеттерi немесе әрекетсiздiгi шағымдалатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, жүгiну себептерi және талаптар көрсетiледi.
      26. Қабылданған шағым осы стандарттың 22 және 23-тармақтарында көрсетiлген ұйымдардың кеңселерiнде тiркеледi. Шағым қабылдануының растамасы мемлекеттiк қызмет алушыға күнi және уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды тұлғаның тегi және аты-жөнi көрсетiлген және берiлген шағымға жауапты алу мерзiмi мен орны көзделген талонды беру болып табылады.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.
      27. Мемлекеттiк қызмет алушы қосымша ақпаратты осы стандартқа 1, 2 және 3-қосымшаларда көрсетiлген мекенжайлар бойынша орналасқан жергiлiктi атқарушы органдардың немесе инспекциялардың кеңселерiнде не Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсынан ала алады.

«Облыстың жергiлiктi атқарушы   
органдарының жануарлар дүниесiн  
пайдаланушыларға аңшылық алқаптар 
мен балық шаруашылығы су     
айдындарын және (немесе) учаскелерiн
бекiтiп беру мен аңшылық және балық
шаруашылықтарының қажеттiлiктерi 
үшiн сервитуттарды белгiлеу жөнiнде
шешiмдер қабылдауы» мемлекеттiк 
қызмет стандартына        
1-қосымша            

Облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарының мекенжайлары

Р/с


Жергiлiктi атқарушы органның атаулары

Орналасқан жерiнiң мекенжайы

Байланыс деректерi

Интернет-ресурс

1

2

3

4

5

1.

«Ақмола облысының әкiмдiгi» Мемлекеттiк мекеме

Көкшетау қ-сы, Абай к-сi, 85-үй

тел.:
8(7162)25-07-72, 25-55-11;
электрондық поштасы:
economy_cx@mail.ru, kanz_akim@akmo.kz

www.akmo.kz

2.

«Алматы облысының әкiмдiгi» Мемлекеттiк мекеме

Талдықорған қ-сы, Тәуелсiздiк к-сi, 38-үй

тел.:
8(7282) 27-08-18;
электрондық поштасы:
obl_dsh@almaty-reg.kz, tkoblakimat@ global.kz

www.zhetysu-gov.kz

3.

«Атырау облысының әкiмдiгi» Мемлекеттiк мекеме

Атырау қ-сы, Әйтеке би к-сi, 77-үй

тел.:
8 (7122)35-45-03;
электрондық поштасы:
atirauagro@mail.ru

www.atyrau.gov.kz

4.

«Ақтөбе облысының әкiмдiгi» Мемлекеттiк мекеме

Ақтөбе қ-сы, Әбiлхайыр хан д-лы,40-үй

тел.:
8 (7132)56-03-07, 54-17-39;
электрондық поштасы:
sh_zemledelie@mail.ru, do.aktobe@minagri.kz

www.akto.kz

5.

«Шығыс Қазақстан облысының әкiмдiгi» Мемлекеттiк мекеме

Өскемен қ-сы, М. Горький к-сi, 40-үй

тел.:
8 (7232) 26-42-48, 24-23-04, 20-42-42;
электрондық поштасы:
ispaevt@yandex.ru

www.akimvko.gov.kz

6.

«Жамбыл облысының әкiмдiгi» Мемлекеттiк мекеме

Тараз қ-сы, Абай к-сi, 119-үй

тел.:
8 (7262)43-28-94, 45-88-31, факс:45-42-05, 45-46-28

www.zhambyl.kz

7.

«Батыс Қазақстан облысының әкiмдiгi» Мемлекеттiк мекеме

Орал қ-сы, Достық к-сi, 179-үй

тел.:
8 (7112)51-35-41, 45-29-27;
электрондық поштасы:
dshzko-zemotdel@rambler.ru, dshko-admotdel@rambler.ru

www.westkaz.kz

8.

«Қарағанды облысының әкiмдiгi» Мемлекеттiк мекеме

Қарағанды қ-сы, Мир бульвары, 39-үй

тел.:
8 (7212)42-10-80;
электрондық поштасы:
dsh_canc@krg.gov.kz

www.karaganda-region.kz

9.

«Қостанай облысының әкiмдiгi» Мемлекеттiк мекеме

Қостанай қ-сы, Әл-Фараби д-лы, 66-үй

тел.:
8 (7142)57-50-03;
электрондық поштасы:
dsh-zem@kostanay

www.kostanay.gov.kz

10.

«Қызылорда облысының әкiмдiгi» Мемлекеттiк мекеме

Қызылорда қ-сы, Ы.Жақаев к-сi, 76-үй

тел.:
8 (7242)26-26-44;
электрондық поштасы:
sh_kyzyl@mail.ru

www.e-kyzylorda.gov.kz

11.

«Маңғыстау облысының әкiмдiгi» Мемлекеттiк мекеме

Ақтау қ-сы, 14 ш.а., 1-үй

тел.:
8 (7292)31-17-77;
электрондық поштасы:
so.mangistau@rambler.ru

www.mangystau.kz

12.

«Павлодар облысының әкiмдiгi» Мемлекеттiк мекеме

Павлодар қ-сы, Академик Сатпаев к-сi, 49-үй

тел.:
8 (7182)32-25-67;
электрондық поштасы:
kense.dsh@pavlodar.gov.kz

www.pavlodar.gov.kz

13.

«Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi» Мемлекеттiк мекеме

Петропавловск қ-сы, Қазақстан Конституциясы к-сi, 58-үй

тел.:
8 (7152) 46-24-52, 36-07-45;
электрондық поштасы:
akimat@sko.kz, dshag@mail.ru, akimat@petr.kz

www.sko.kz

14.

«Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi» Мемлекеттiк мекеме

Шымкент қ-сы, Тәукехан к-сi, 6-үй

тел.:
8 (7252)53-03-33;
электрондық поштасы:
dsh_uko@mail.ru

www.ontustik.gov.kz

«Облыстың жергiлiктi атқарушы   
органдарының жануарлар дүниесiн  
пайдаланушыларға аңшылық алқаптар 
мен балық шаруашылығы су     
айдындарын және (немесе) учаскелерiн
бекiтiп беру мен аңшылық және балық
шаруашылықтарының қажеттiлiктерi 
үшiн сервитуттарды белгiлеу жөнiнде
шешiмдер қабылдауы» мемлекеттiк 
қызмет стандартына        
2-қосымша            
1   2   3   4

Похожие:

Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы icon"Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу" мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту және "Жеке және заңды тұлғаларға
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы iconЛебяжi ауданы бiлiм бөлiмiнiң мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы
Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Заңының 9-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы icon"Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi мен жергiлiктi атқарушы органдардың автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын
Республикасы Үкiметiнiң "Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етудi жетiлдiру туралы 1998 жылғы 5 қыркүйектегi №845 және "Жеке және...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы iconЕнбекшілдер ауданының өзін-өзі басқару бөлімдерінің жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтерінің тiзiлiмi

Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi мен стандартын бекiту туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкiмдiгiнiң 2008 жылғы 12 тамыздағы n 825 қаулысы. Маңғыстау облысының Әдiлет департаментiнiң Ақтау...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы icon«Атамекен» Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасының төрағасы А. Т. Перуашев мырзаға «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы»
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2010...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы iconШағын кәсiпкерлiк субъектілерiнен мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң 2004 жылға арналған номенклатурасын және олардың көлемiн (пайызбен көрсеткенде) бекiту туралы
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңы 8-бабының 2-2-тармағына және...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 ақпандағы №273 қаулысы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы»
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница