Тақырыбы: «Аңдар мен малдар немесе сүтқоректілер» Мақсаты




Скачать 37.67 Kb.
НазваниеТақырыбы: «Аңдар мен малдар немесе сүтқоректілер» Мақсаты
Дата конвертации20.01.2013
Размер37.67 Kb.
ТипДокументы
Тақырыбы: «Аңдар мен малдар немесе сүтқоректілер»


Мақсаты: оқушыларды сүтқоректілер тобына жататын жануарлардың ерекшеліктерімен таныстыру.


Міндеттері:

  1. оқушылар жануарлардың топтарға қатынасын анықтауды үйренеді;

  2. оқушылар топта жұмыс жасауды үйренеді;

  3. оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттері, зейіні, ой-өрісі, пәнге деген қызығушылығы дамиды.

Жабдығы: суреттер, кестелер, жануарлар тобының аттары жазылған қағаздар.


Барысы:

  1. Сәлемдесу.(1-2мин.)

Амансың ба, Алтын күн!

Амансын ба, Көк аспан!

Амансың ба, достарым!

Көріп сені шаттандым!


Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз,

Қонақтарды көргенде,

Сәлеметсіздерме! – деп

Сәлемдесіп аламыз.


2. Жылу тарату, сабаққа бағыттау.

Оқушылар:

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық, достарым,

Арайлап атқан күнге!


I. Қызығушылықты ояту.

1. Сөзжұмбақ шешу. 5 мин.

  1. Жазда сұр, қыста аппақ 1. Қайда болса баратын,

Ұзын құлақ қорқақ. Мінсең – ұшқыр қанатың.

  1. Қоянның қас жауы. 2. Екі айнасы бар,

  2. Балды жақсы көретін маймақ. Екі найзасы бар.

  3. Аң патшасы не? 3. Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

4. Кезікті бір жануар

Үстінде екі тауы бар.


2. Сөзжұмбақ шешулерін атап, аңдар мен малдардың суреттерін тақтаға іліп қою, бір сөзбен атау. Оқушылар атайды, ал мұғалім атауларды тақтаға іледі.


Жабайы жануарлар



аңдар




Үй жануарлары




малдар





  • Сабақтың тақырыбы қандай болмақ? 2 мин

  • Біз бүгін сендермен жануарлардың үлкен тобымен танысамыз және олардың ерекшеліктерін анықтайтын боламыз.

Айналадағы дүниені тануда қажетті қасиеттер – байқағыштық пен зерделілік. Тек байқағыш адам ғана жаңалықтар ашады. Ал бүгін сабақта біз сол қасиеттерді дамытуға тырысамыз да, сабақ соңында кім қандай жаңалық ашқанын көреміз.

II. Мағынаны ажырату.

  1. Топпен жұмыс.

  • Аңдар туралы не білесіңдер? Топта талқылау, топтан 1 оқушы ортақ ойды жеткізеді.

2 мин

  • Малдар туралы не білесіңдер? Топта талқылау, топтан 1 оқушы ортақ ойды жеткізеді. 2 мин


Сергіту сәті «Көлбең-көлбең көлеңкем» 5 мин (көңіл көтеретін, ойын-сауық)

2. Мәтінмен жұмыс. 7 мин

INSERT. Оқу барысында белгілер қою

«V» - «білемін»,

«-» - «білмеймін»,

«+» - «мен үшін жаңа ақпарат»,

«?» - «мені таңқалдырады»


Жабайы аңдар мен малдар төлдерін емізіп, сүтпен қоректендіреді. Сондықтан оларды «сүтқоректі жануарлар» деп атайды.

Жер бетінде тек сүтқоректілердің ғана денесін түк (жүн) басқан. Қыстың суық айларында кейбіреулерінің жүні қалыңдайды. Сұтқоректілерді «жылықандылар» дейді, себебі кез-келген ауа райында олардың денесі, термос сияқты, біркелкі температураны сақтап тұрады.

Жер үсті сүтқоректілерінің төрт аяғы болады. Ал теңіз сүтқоректілерінің аяқтарының орнына – жүзбеқанаттары бар. Көк кит – ең үлкен сүтқоректі жануар.


  • Қай мәлімет таныс?

  • Қандай жаңа мәлімет алдыңдар?

  • Сендер үшін не түсініксіз болды?

  • Не таңқалдырды?


Жауаптарын тақтаға қысқаша жазып отыру.



Сүтқоректілер


Аңдар мен малдар – сүтқоректілер.


Ойын (коммуникативтік, үйретуші) «Төлін тап» Топтар арасында жарыс ретінде өтеді. Қай топ жауаптарын дұрыс, әдемі, жылдам жазып болса, сол жеңімпаз атанады. 5 мин

сиыр - .....,

қой - ........,

ит - ..........,

түйе - ......,

аю - .........,

бие - ........,

қоян - ......,

ешкі - ......,


Сергіту сәті 5 мин (релаксациялық)

Көздеріңді жұмып, денелеріңді босаңсытыңдар, бос ұстаңдар.

Өздеріңді құспын деп елестетіңдер – ұша жөнелдіңдер!

Енді теңізде жүзіп жүрген дельфинсіңдер, жүземіз, жүземіз,

Енді бақта уылжыған тәп-тәтті, қып-қызыл алма жинап жүрсіңдер. Иісі қандай!

Ал енді оңға қараймыз, солға қараймыз, айналамызға қараймыз. Көзімізді ашып, жұмысқа кірісеміз.


III. Ой толғаныс

1. Жұмыстарды қорғау.

- Берілген суреттер ішінен тек сүтқоректілер тобына жататындарын таңдап алыңдар да, «Сүтқоректілер» деп жазылған қағазға жабыстырыңдар. Бұл жануарлардың сүтқоректілер тобына жататынын дәлелдеңдер.

  • Сабақта қандай жаңалықтар аштыңдар?

  • Мен есімде сақтадым:

  • Мені таңқалдырды:

  • Мен бірінші рет білдім:

Барлықтарыңа бүгінгі жұмыстарың үшін алғыс айтамын. Әсіресе, ...

Өздерің қаласаңдар, бір сүтқоректі жануардың суретін салып, сол туралы жұмбақ жаттап ал, қолдарыңнан келсе, өздерің құрастырыңдар.



Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

Тақырыбы: «Аңдар мен малдар немесе сүтқоректілер» Мақсаты iconТақырыбы: Білім мен білік байқауы. Мақсаты
Мақсаты: Жасөспірімдерді өнер мен мәдениетке баулып,ол жөнінде біліктілігін арттыру

Тақырыбы: «Аңдар мен малдар немесе сүтқоректілер» Мақсаты iconСабақтың мақсаты: а Оқушыларға аңдар жайлы мағлұмат беру, дыбыстық талдау жасауға үйрету

Тақырыбы: «Аңдар мен малдар немесе сүтқоректілер» Мақсаты iconТақырыбы: Топографиялық анатомия мен оперативтік хирургияның мақсаты мен міндеттері. Операциялардың түрлері, хирургиялық операция- лардың кезеңдері
Тақырыбы: «Топографиялық анатомия мен оперативтік хирургияның мақсаты мен міндеттері. Операциялардың түрлері, хирургиялық операция-...

Тақырыбы: «Аңдар мен малдар немесе сүтқоректілер» Мақсаты iconРеферат және/немесе презентация
Тақырыбы: днк-ның фотохимиялық түрленуі. Люминесценттік таңбалар мен сорғылар және олардың биология мен медицинада қолданылуы

Тақырыбы: «Аңдар мен малдар немесе сүтқоректілер» Мақсаты iconТақырыбы: Елдің анасы. Мақсаты
Мақсаты: а Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл...

Тақырыбы: «Аңдар мен малдар немесе сүтқоректілер» Мақсаты iconТақырыбы: Сын жетекшісі: Уалиева А. Р. Павлодар 2011 жылы Мақсаты
Мақсаты: Оқушыларға тұмау ауруының зардабын ұғындыру, онымен күресу жолдарымен таныстыру, таралу тарихы мен клиникалық белгілері...

Тақырыбы: «Аңдар мен малдар немесе сүтқоректілер» Мақсаты iconТақырыбы: «І дыбысы мен әрпі» Мақсаты
Мақсаты: І дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру, сөзге дыбыстық талдау жасату, оқуға, жазуға жаттықтыру. Оқушылардың сөздік...

Тақырыбы: «Аңдар мен малдар немесе сүтқоректілер» Мақсаты iconБастауыш сынып мұғалімі Алдешова Гүлмира Белдибекқызы Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты: ұялы телефон мен компьютердің пайдасы мен зияны туралы түсіндіру

Тақырыбы: «Аңдар мен малдар немесе сүтқоректілер» Мақсаты iconАстана қаласының ішкі саясат басқармасы
«Астана және Президент» тақырыбы бойынша газет немесе интернет-сайтта жарияланған, теледидар мен радио эфиріне өткен материалдарға,...

Тақырыбы: «Аңдар мен малдар немесе сүтқоректілер» Мақсаты iconАбақтың тақырыбы: Балықшы мен бақалшы (ертегі) Сабақтың мақсаты
Ертегі мазмұны мен идеясын халқымыздың аталы сөздерімен байланыстыру арқылы талдауға негіз жасау

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница