Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту




Скачать 393.51 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту
страница1/4
Дата конвертации20.01.2013
Размер393.51 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 07.05.2010 09:19:05
Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту

туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 1441 қаулысы

(2007.11.09. берілген өзгерістермен)

 

«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргізу ережесi бекiтiлсiн.

2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

Д. Ахметов

Қазақстан Республикасы Үкiметінiң

2004 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 1441 қаулысымен

бекiтілген

Қазақстан Республикасында

аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесi

Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзудiң осы ережесi (бұдан әрi - Ереже) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және аңшылық шаруашылығын жүргiзу тәртiбiн айқындайды.

Аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн негiздеме

2. Жеке және заңды тұлғаларға аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн:

1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi органмен (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) келiсiлген аңшылық алқаптарды бекiтiп беру туралы облыстық атқарушы органның шешiмi;

2) уәкiлеттi орган мен жануарлар дүниесiн пайдаланушы арасында жасалатын аңшылық шаруашылығын жүргiзуге арналған шарт негiздеме болып табылады.

Облыстық атқарушы органның аңшылық алқаптарды бекiтiп беру туралы шешiмi конкурстық комиссияның аңшылық алқаптарды бекiтiп беру жөнiндегi шешiмiне немесе жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар конкурсқа қатысушыларға аңшылық алқаптарды бекiтiп беру жөнiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген жағдайда олардың жеке меншiгiндегi немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерiнде орналасқан аңшылық алқаптарды бекiтiп беру жөнiндегi уәкiлеттi орган ұсынымының негiздемесiне сүйенедi.

3. Облыстық атқарушы органның аңшылық алқаптарды бекiтiп беру туралы шешiмiнiң негiзiнде уәкiлеттi органның аумақтық органы 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылық шаруашылығы ұйымымен аңшылық шаруашылығын жүргiзуге арналған шарт жасасады.

4. Аңшылық шаруашылығын жүргiзу туралы шартта:

1) шаруашылықаралық аңшылық iсiн ұйымдастыру мен биологиялықэкономикалық тексерулердiң (қорықшылық қызмет штаты, аңшылық алқаптардың алаңы мен шекарасының сипаттамасы, аңшылық алқаптардың схема-картасы) нәтижелерi;

2) жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану мерзiмi;

3) шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыруды жүргiзу мерзiмi;

4) тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;

5) жануарлар дүниесiн және олар мекендейтiн орындарды қорғау, молықтыру және орнықты пайдалану шарттары;

6) аңшылық алқаптарды бекiтiп беру конкурсына қатысу кезiнде аңшылық шаруашылығы ұйымы мәлiмдеген мiндеттемелер;

7) тараптардың жауапкершiлiгi көзделедi.

2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылық шаруашылығының паспорты аңшылық шаруашылығын жүргізу туралы шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады.

5. Өзге де учаскелерден басқа, бекiтiлуi жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi iс-шаралар кешенiн жүзеге асыру үшiн қажет және шаруашылықаралық аңшылық iсiн ұйымдастыру мен биологиялық-экономикалық тексерулер материалдарының негiзiнде айқындалған мемлекеттiк орман қорының учаскелерi де құрамына енетiн аңшылық алқаптарында аңшылық шаруашылығын жүргiзу осы Ереженiң негiзiнде жүзеге асырылады.

ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 794 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Шаруашылықаралық аңшылық iсiн ұйымдастыру және аңшылық алқаптарды биологиялық-экономикалық тексерулердiң нәтижелерi бойынша уәкiлеттi орган мынадай көрсеткiштер бойынша аңшылық шаруашылығы санаттарын анықтайды:

 

 Аңшылық

 шаруашы-

лықтары-

ның са-

 наттары

     

     

 Аңшылық  

 шаруашылы-

ғының алатын

алаңының

 нормасы  

  (гa) 

      

  Аң аулау 

 объектiлерiне

 жатқызылған

 мекендейтiн

  жануарлар  

 түрлерiнiң  

 шектi мөлшерi

 1 (бiр)   

 қорықшыға 

 күзетiлетiн

алаңды бекiтiп

беру нормасы

  (га)  

       

  Аңшылық  

 алқаптарды

  бекiтiп  

  берудiң  

 ұсынылатын

мерзiмi (жыл)

       

  1 

   2  

   3   

    4  

   5  

I санат                 1500-5000    49    

                                

                                

                                

     ____________________________               

     кемiнде 5000 тұяқты жануар-               

            лар түрлерi -              

            кемiнде 3,                 

            ұсақ және                

            қанатты                 

            құстың                   

            түрлері -                

            кемiнде 5                

II санат кемiнде    тұяқты жануар-  5000-10000    40    

     15000     лар түрлерi -              

            кемiнде 3,                 

            ұсақ және                

            қанатты                 

            құстың                   

            түрлерi -                

            кемiнде 3                

III санат кемiнде    тұяқты жануар-  10000-20000    30    

     20000     лар түрлерi -              

            кемiнде 2,                 

            ұсақ және                

            қанатты                 

            құстың                   

            түрлерi -                

            кемiнде 3                

IV санат кемiнде    тұяқты жануар-  20000-30000   20    

     20000     лар түрлерi -              

            кемiнде 1,                 

            ұсақ және                

            қанатты                 

            құстың                   

            түрлерi -                

            кемінде 3                

V санат  кемiнде    ұсақ және    нормалан-    10    

     10000     қанатты жабайы  байды           

            құстың                   

            түрлерi -                

            кемiнде 3                

 

Шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыру

7. Аңшылық алқаптарда шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыру:

1) аңшылық алқаптарды түгендеуді;

2) табиғи және экономикалық жағдайларды зерделеудi;

3) аң аулайтын алқаптарды бағалауды;

4) жануарлар санын есепке алу және есебiн жүргiзу әдiсiн анықтауды;

5) жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi іс-шараларды, сондай-ақ биотехникалық және пайдалану іс-шараларын жоспарлауды;

6) аңшылық шаруашылығының аумағын ұйымдастыруды;

7) жануарлар дүниесiнiң өсiмiн молайту жөнiндегi жұмыстардың тiзбесiн;

8) аң аулау объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерiнiң нақты санын анықтауды;

9) алқап бiрлігiне шаққанда ескерiлетiн жануарлардың түрлерi мекендеуiнiң оңтайлы тығыздығын анықтауды;

10) аңшылық шаруашылығы қызметiнiң (әуесқойлық (спорттық), кәсiпшiлiк аң аулау) неғұрлым тиiмдi бағытын анықтауды;

ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 794 Қаулысымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

11) аң аулайтын алқаптарды бағалауды (бонитет) және аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың негізгі түрлері бойынша бонитеттік бағалауды және олардың құндылығын арттыру жолдарын;

12) аң аулайтын алқаптардың өткiзу қабiлетiн көздейдi.

8. Мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткен шаруашылықiшiлік аңшылық iсiн ұйымдастыру материалдары бойынша әзiрленген аңшылық шаруашылығын жүргiзу жоспарын уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша аң шаруашылығы ұйымы бекiтедi, содан соң ол аң шаруашылығы ұйымының мiндеттi түрде орындауына жатады және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау объектiсi болып табылады.

9. Шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыру ұзақтығы 10 жыл тексеру кезеңiне немесе аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шартты жасасу мерзiмiне әзiрленедi.

10. Қайталама шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыруды жүргiзу кезiнде осының алдындағы шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыру мерзiмi аяқталғаннан кейiн өткен тексеру кезеңiне аң шаруашылығы қызметiне талдау жүргізiледi, шаруашылық аумағында жабайы жануарлардың сапалық және сандық жай-күйiне баға берiледi, ол аңшылық шаруашылығының санатын өзгерту және аңшылық шаруашылығын жүргiзуге арналған шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу үшiн негiздеме болып табылады.

Жануарлар дүниесі объектiлерiнiң кадастры мен

мониторингі үшін олардың санын есепке алуды,

мәлiметтер жинауды ұйымдастыру

11. Жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн есепке алудың негiзгі мақсаты осы жануарлар таралымдарының жай-күйiн бағалау және оларды қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау болып табылады.

12. Бекiтiлiп берiлген аң аулайтын алқаптардағы жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн есепке алуды аң шаруашылығы ұйымдары Жануарлар дүниесi объектiлерiн есепке алу жөнiндегi әдiстемелiк нұсқама негiзiнде өз қаражаты есебiнен жүзеге асырады.

13. Оңтайлы және нақты сандар көрсеткiштерiнiң арақатынасын ескере отырып аң аулау объектiлерiне жатқызылған жануарлар түрлерiн есепке алу нәтижелерi оларды алу лимиттерi мен квоталарын анықтау үшiн негіз болып табылады.

14. Аң шаруашылығы ұйымдары жануарлар дүниесiнің кадастрына енгізiлетiн мәлiметтер жинауды жүзеге асырады және оларды Уәкiлеттi органға бередi.

15. Өзiнiң жануарлар дүниесiнiң биологиялық алуандығын сақтау, оны орнықты пайдалануды қамтамасыз ету үшiн болып жатқан өзгерiстердi анықтау және бағалау, жағымсыз процестер мен құбылыстардың алдын алу және олардың зардаптарын жою мақсатында жануарлар дүниесi объектiлерiнiң таралуын, санын, жай-күйiн, таралымдарының құрылымын, мекендеу ортасының сапасы мен алаңын қадағалау жүйесiн бiлдiретiн аң шаруашылығы ұйымдары жануарлар дүниесi объектiлерiнiң өндiрiстiк мониторингiн жүзеге асырады.

Талдамалық анықтама түрiнде ресiмделген жануарлар дүниесiнiң өндiрiстiк мониторингiнiң деректерi уәкiлеттi органның аумақтық органына берiлетiн жылдық есепке қосымша болып табылады.

Жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн қорғау

16. Бекiтiлiп берiлген аң аулайтын алқаптарда жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн қорғау:

1) жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi ережелер мен нормаларды белгiлеу және сақтау;

2) қорықшылық қызметтi құру және оның жануарлар дүниесi объектiлерiн, соның iшiнде оларға жануарлар дүниесiн пайдалануға шектеулер мен тыйым салушылықтарды белгiлей отырып, сирек кездесетiн және құрып кету қауiпi төнген жануарлар дүниесі объектiлерiн пайдалану учаскелерiне, сондай-ақ жануарлар дүниесi объектiлерiнiң өсiмiн молайтуға арналған учаскелерге және дамылдау аймақтарына бөлiп, аңшылық шаруашылығының аумағында қорғау жөнiндегі қызметiн ұйымдастыру;

3) жануарлар дүниесiн пайдаланудың белгiленген ережелерiн бұзушылықты болдырмау;

4) жануарлардың мекендеу ортасын қорғау, көбею жағдайларын, қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын ұйымдастыру;

5) жануарлар дүниесiнiң өсiмiн молайту жөнiнде iс-шаралар мен биотехникалық іс-шаралар жүргiзу;

6) табиғи апаттар кезiнде және басқа да себептер салдарынан ауруға, өлiм-жiтiм қауiптерi жағдайында жануарларға көмек көрсету;

7) жеке және заңды тұлғалардың жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi қызметiн ынталандыру;

8) жергiлiктi халық арасында жануарлар дүниесiне ұқыпты қарау идеяларын насихаттау, жануарлар дүниесiн қорғау режимi туралы хабардар ететiн iлме тақталар, трафареттер, плакаттар орнату;

9) ветеринариялық iс-шаралар жүргiзу;

10) аңшылық шаруашылығының iшкi тәртiп ережесiн белгiлеу жолымен жүзеге асырылады.

  1   2   3   4

Похожие:

Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту iconҚазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 30 желтоқсандағы...
Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту iconҚазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес...
Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы №1441 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы...
Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту iconҚазақстан Республикасында балық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту туралы
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес...
Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту iconМемлекеттiк су кадастрын жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексi 36-бабының 3 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi
Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту iconБорышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату жөнiнде сауда-саттық жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Банкроттық туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы етедi
Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту iconЖеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту iconОрман қорының мемлекеттiк есебiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiнiң 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етедi
Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 16 ақпандағы n 148 Қаулысы
...
Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 2000 жылғы 10 қараша n 1693
Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру ережесiн бекiту...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница