Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту




Скачать 393.51 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту
страница2/4
Дата конвертации20.01.2013
Размер393.51 Kb.
ТипДокументы
1   2   3   4
Аңшылық шаруашылығының iшкi тәртiп ережесi

17. Аңшылық шаруашылығының iшкi тәртiп ережесi аңшылық шаруашылығының әкiмшiлігі мен бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптардың аумағына келетiн азаматтардың қатынастарын регламенттейдi.

18. Аңшылық шаруашылығының iшкi тәртiп ережесi:

1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнаманың;

2) аңшылық шаруашылығын жүргiзуге арналған шарттың;

3) шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыру материалдарының негiзiнде әзiрленедi.

ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 794 Қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

19. Iшкi тәртiп ережесi мынадай мiндеттi iс-шараларды:

1) схема-карталарды қоса тiркеп және қорықшылардың аты-жөндерiн көрсете отырып жануарлар дүниесi объектiлерiн молықтыруға арналған учаскелердiң, пайдалану учаскелерiнiң, дамылдау аймақтары мен қорықшылық учаскелерінің (айналымдарының) шекарасын сипаттай отырып, аңшылық алқаптардың аумағын ұйымдастыруды;

2) аң аулайтын алқаптарда болу ережесiн;

3) аң аулаудың рұқсат етiлген түрлерi мен тәсiлдерiн;

4) рұқсат етiлген аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлардың тiзбесi мен оларды өндiру нормаларын;

5) көрсетiлетiн қызметтер бағасының прейскурантын және жолдама құны бағасының калькуляциясын;

6) уәкiлеттi органның аумақтық органымен келiсiлген аң аулау мерзiмiн шектеудi (дамылдау күндерiн) қамтиды.

20. Аңшылық шаруашылығының iшкi тәртiп ережесi аң шаруашылығы ұйымының бұйрығымен ресiмделедi.

Аңшылық шаруашылықтарының қорықшылық қызметi

21. Қорықшылық қызметтi аң шаруашылығы ұйымдары аңшылық шаруашылығын жүргiзуге арналған шартта және шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыруда көзделген санмен өз қаражаты есебінен құрады.

22. Аңшылық шаруашылықтары қорықшылық қызметiнiң жұмысы уәкiлеттi орган бекiткен Қорықшылық қызмет туралы үлгi ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

Жануарлар дүниесiнiң өсiмiн молайту

23. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптардағы жануарлар дүниесiнің өсiмiн молайту - бұл жануарлар дүниесi объектiлерiнiң оңтайлы санын көбейту мен ұстауға және оларды орнықты пайдалануға бағытталған iс-шаралар кешенi.

24. Жануарлар дүниесiнiң өсiмiн молайту аңшылық алқаптардың өнiмдiлiгiн арттыру мақсатында жүзеге асырылады және:

1) қоректендiру, азықтандыру кешендерi мен азықтандыру алаңдарын құру;

2) жасанды су көздерi мен суаттар құру;

3) қорғаныштық өсiмдiктер отырғызу, жасанды ұялар салу жолымен аңшылық алқаптардың ұя салуға жарамды алаңдарын ұлғайту;

4) жыртқыш жануарлардың санын реттеп отыру;

5) жануарлар дүниесiн қорғау және өсiмiн молайту саласында ғылыми зерттеулердi ұйымдастыру;

6) табиғат пайдаланушылардың шаруашылық қызметiн белгiлi бiр аумақта және белгiлi бiр мерзiмге шектеу;

7) жануарлар ауруларының алдын алу жөнiнде iс-шаралар өткiзу;

8) жануарларды қолда және жартылай қолда ұстау жағдайларында өсiру;

9) жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн жерсiндiру;

10) жыныс-жас құрамын реттеу жолымен қол жеткiзiледi.

25. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптардағы жануарлар дүниесiнiң өсiмiн молайту жөнiндегi жұмыстардың тiзбесi аңшылық шаруашылығын жүргiзуге немесе шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыруға арналған шартта көзделедi.

26. Жануарлар дүниесi объектiлерiн қолда және жартылай қолда ұстау жағдайларында жасанды жолмен өсiрудi және оларды кейiннен бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарға босатып жiберудi мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған биологиялық негiздемелерге сәйкес, уәкiлеттi органның рұқсаты негiзiнде аң шаруашылығы ұйымдары жүзеге асырады.

27. Жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн жерсiндiрудi жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аңшылық шаруашылығы ұйымдары жүзеге асырады.

28. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесiнiң өсiмiн молайту жөнiндегi iс-шараларды өз қаражаты есебiнен, сондай-ақ аңшылық шаруашылығын дамыту бағдарламаларында көзделген қаражат есебiнен аңшылық шаруашылығы ұйымдары жүргiзедi.

Жануарлар дүниесiн пайдалану

29. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптардағы жануарлар дүниесiн пайдалануды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган беретiн рұқсаттардың негiзiнде аңшылық шаруашылығы ұйымдары жүзеге асырады.

30. Жануарларды алып қоюдың бекiтілген лимитiнiң негiзiнде бөлiнген квоталарды уәкiлеттi орган аңшылық шаруашылығы ұйымдарына жеткiзедi.

31. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптардағы аң аулау объектiлерiне жатқызылған жануарлар түрлерiн алу Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн ақы төленген жағдайда, жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат алынған сәттен бастап бөлiнген квота шегiнде аңшылық шаруашылығы ұйымы жүзеге асырады.

32. Жеке және заңды тұлғалар бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесi объектiлерiн алуды аңшылық шаруашылығы ұйымдарынан жолдама алғаннан немесе олармен аң аулау шартын жасасқаннан кейiн жүзеге асырады.

Аңшылық шаруашылығын жүргiзудiң

экономикалық тетiгі

33. Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн:

1) жануарлар дүниесiн пайдаланудың ақылы болуы;

2) жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдалануды экономикалық ынталандыру;

3) аңшылық шаруашылығы ұйымдарының экономикалық дербестiгi;

4) аңшылық шаруашылығы ұйымдарының қызметiн жоспарлау;

5) аңшылық шаруашылығын дамыту бағдарламаларын iске асыруға аңшылық шаруашылығы ұйымдарының қатысуы экономикалық негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 1441 қаулысына

қосымша

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң

күшiн жойған кейбiр шешімдерiнiң

тiзбесi

1. «Қазақ ССР-iнде аңшылық шаруашылығы туралы ереженi бекiту туралы» Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1978 жылғы 8 қыркүйектегi № 353 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1978 ж., № 19, 70-құжат);

2. «Қазақ ССР Үкiметiнiң жануарлар дүниесiн қорғау және пайдалану мәселелерi жөнiндегi шешiміне өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақ CCP Министрлер Советiнiң 1982 жылғы 22 сәуiрдегi № 171 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1982 ж., № 10, 48-құжат);

3. «Қазақ ССР аумағында аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргiзу туралы ережеге өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақ CCP Министрлер Советiнiң 1987 жылғы 10 ақпандағы № 56 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1987 ж., № 8, 26-құжат);

4. «Киіктердi сақтау, өсiмiн молайту және ұтымды пайдалану жөнiнде қосымша шаралар туралы» Қазақ ССР Министрлер Кабинетінiң 1991 жылғы 23 тамыздағы № 484 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1991 ж., № 19, 113-құжат);

5. «Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1992 жылғы 26 наурыздағы № 281 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж., № 13, 210-құжат);

6. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1993 жылғы 15 қыркүйектегi № 889 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 38, 443-құжат);

7. «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы заңнаманы бұзумен келтiрiлген зиянды өтеу мөлшерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 4 қыркүйектегi № 1140 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 31, 407-құжат).

 

Қазақстан Республикасында

аңшылық шаруашылығын жүргізу

ережесiне 1-қосымша

Аңшылық шаруашылығын жүргiзуге арналған

ШАРТ

 

    ____________________           200_жылғы «_»__________

      (елді мекен)

   __________облысы әкiмдігінiң 200 жылғы  «_»__________________ № __

қаулысы негізiнде осы Ереженiң негізiнде iс-әрекет жасайтын бұдан әрi

«Басқарма» деп аталатын жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және

пайдалану саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органының бастығы

________________________ арқылы осы аумақтық орган_______________________,

(Т.А.Ә.)                        (атауы)

бiр жағынан,  арқылы осы аумақтық орган_____________________, бiр жағынан,

                       (атауы)

және_______________________негізiнде  iс-әрекет  жасайтын  бұдан  әрi

«Пайдаланушы» деп аталатын _____________________________________________

               (T.A.Ә, аңшылық iсiн пайдаланушы

                     өкілінiң лауазымы)

арқылы___________________________________________________________________

    (заңды тұлғаның атауы немесе азаматтың Т.А.Ә, мекен-жайы)

   _______________________________________________________________,

   екiншi жағынан, мына төмендегiлер туралы осы шартты жасасты:

 

1. Шарттың мәнi

 

1. Басқарма____________________________________ облысының

____________________ауданында орналасқан жалпы алаңы__________га.,

соның iшiнде: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi_____га,

мемлекеттiк орман қорының жер учаскелерi____мың га, мемлекеттiк жер

қорының учаскелерi____га; тоғандары_____; басқалары______ га;

шекаралары:

солтүстiктен___________________________________________________

батыстан_______________________________________________________

оңтүстіктен____________________________________________________

шығыстан_____________________________________________________

арқылы өтетiн Пайдаланушыға бекiтiп берiлген аңшылық алқаптарда аңшылық шаруашылығын жүргiзу құқығын бередi.

 

2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерi

 

3. Пайдаланушы:

1) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген   тәртiппен жолдамалар беруге, жануарлар дүниесінің объектiлерiн алу  квоталары шегiнде аулаудың күндiк және маусымдық нормаларын белгiлеуге;

2) жануарлар дүниесін пайдалануға берiлген рұқсаттарға  сәйкес жануарлар дүниесiн пайдалану түрлерiн жүзеге асыруға;

3) жануарлар дүниесiнiң олжаланған объектiлерiне және бұл ретте алынған өнiмдерге меншiктенуге;

4) жануарлар дүниесiн пайдалануға жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуға құқығы бар.

4. Пайдаланушы:

1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және  пайдалану саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;

2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен   белгiленген тәртiппен жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемдi дер кезiнде енгiзуге;

3) шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыруды жүргiзуге;

4) жануарлар мекендейтiн ортаның нашарлауына жол бермеуге;

5) жануарлар дүниесін табиғи қауымдастықтар тұтастығының бұзылуына және жануарларға қатыгез қарауға жол бермейтiн халық пен қоршаған орта үшiн қауiпсiз тәсiлдермен пайдалануға;

6) жануарлар дүниесi объектiлерiнiң санын есепке алуды жүргiзуге және Басқармаға есептіліктердi, сондай-ақ жануарлар дүниесін пайдалануға өтiнiмдердi белгiленген мерзiмде беруге;

7)  бекiтiп  берiлген  аңшылық  алқаптарда  жануарлар  дүниесi объектiлерiн, соның iшiнде сирек кездесетiн және құрып кету қаупі төнгендерiн қорғау мен өсiмiн молайтуды қамтамасыз етуге;

8) биологиялық-экономикалық тексерулер нәтижесiне сәйкес жануарлар дүниесі объектiлерiн молықтыруды қамтамасыз ететiн қажеттi iс-шаралар жүргізуге;

9) iшкi тәртiп ережесiн белгiлеуге, пайдалану учаскелерi  мен жануарлар дүниесi объектiлерiн молайтуға бағытталған учаскелердi құруға;

10) жануарлар дүниесiн қорғау режимi туралы хабардар ететiн аспалы хабарландырулар_______(дана), трафареттер________(дана), плакаттар (дана) орнатуға;

11) ______(адам) қорықшылық қызметiн құруға;

12) ветеринариялық iс-шаралардың өткiзiлуiн қамтамасыз етуге;

13) биотехникалық іс-шаралар кешенiн өткiзудi қамтамасыз етуге;

14) 200__жылғы   «__»__________дейiн шаруашылықiшiлiк аңшылық ісiн ұйымдастыруды жүргiзуге және оның орындалуын қамтамасыз етуге;

15) бұрынғы шаруашылықішілік аңшылық iсi ұйымдастыру  мерзiмi аяқталғаннан кейiн қайталама шаруашылықiшілiк аңшылық iсiн ұйымдастыруды жүргiзуге;

16) _________________________ аңшылық алқаптарды бекiтiп беруге арналған конкурсқа қатысу кезінде Пайдаланушы мәлiмдеген мiндеттемелердi орындауға;

17) осы шарттың ережелерiн орындауға мiндеттi.

5. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасымен  белгiленген құзыретi шегiнде:

1) Пайдаланушыға бекiтiп берiлген аңшылық алқаптарға келiп тұруға;

2) аңшылық шаруашылығын жүргізу ережелерiн және жануарлар дүниесiн қорғау, өсімiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамаларын бұзғаны үшін Пайдаланушының лауазымды тұлғаларын әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға құқығы бар.

6. Басқарма заңнамада белгiленген тәртіппен:

1) Пайдаланушының жануарлар дүниесін қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын және осы шарт ережелерiнiң орындалуын бақылауға;

2) Пайдаланушылар берген өтiнiмдерге сәйкес жануарлар дүниесiн пайдалануға квоталарды бөлуге және рұқсаттар беруге;

3) Пайдаланушының қорықшылық қызметi жасаған және берген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларын қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға мiндеттi.

 

1   2   3   4

Похожие:

Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту iconҚазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 30 желтоқсандағы...
Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту iconҚазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес...
Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы №1441 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы...
Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту iconҚазақстан Республикасында балық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту туралы
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес...
Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту iconМемлекеттiк су кадастрын жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексi 36-бабының 3 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi
Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту iconБорышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату жөнiнде сауда-саттық жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Банкроттық туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы етедi
Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту iconЖеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту iconОрман қорының мемлекеттiк есебiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiнiң 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етедi
Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 16 ақпандағы n 148 Қаулысы
...
Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 2000 жылғы 10 қараша n 1693
Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру ережесiн бекiту...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница