Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 12 мамыр №506, Астана, Үкімет Үйі




НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 12 мамыр №506, Астана, Үкімет Үйі
страница1/5
Дата конвертации15.11.2012
Размер0.62 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2011 жылғы 12 мамыр №506, Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану

қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасы бекітілсін.

2. 2011 жылғы 17 қарашаға дейін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасының 8-тармағының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтата тұрған кезеңде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады:

«8. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде тік эшелондау төмендегідей жартылай шеңбер жүйесі бойынша жүзеге асырылады:

1) әуе трассаларын, жергілікті әуе желілерін және ұшу жолының нақты белгіленген бұрыштары 0-ден 179°-ға дейінгі (қоса алғанда) маршруттарды бағыттау кезінде мынадай ұшу эшелондары белгіленеді: 900, 1500, 2100, 2700, 3300, 3900, 4500, 5100, 5700, 6300, 6900, 7500, 8100, 9100, 10100, 11100,12100, 14100 (метр);

2) әуе трассаларын, жергілікті әуе желілерін және ұшу жолының нақты белгіленген бұрыштары 180-нен 359°-ға дейінгі (қоса алғанда) маршруттарды бағыттау кезінде мынадай ұшу эшелондары белгіленеді: 1200, 1800, 2400, 3000, 3600, 4200, 4800, 5400, 6000, 6600, 7200, 7800, 8600, 9600, 10600, 11600, 13100, 15100 (метр).

3. «Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

Көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасында:

Қағидаға 3-қосымшада:

33-тармақтағы «14 тәулік» деген сөздер «30 тәулік» деген сөздермен ауыстырылсын.

4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 ақпандағы № 285 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 9, 67-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 ақпандағы № 285 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қаңтардағы № 61 қаулысы;

3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне авиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 61 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 9, 109-құжат).

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ.


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы «12» мамырдағы

№506 қаулысымен

бекітілген
Қазақстан республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану

қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – Заң) және 1944 жылы 7 желтоқсанда Чикаго қаласында қол қойылған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес әзiрленген осы Қағида әуе кеңістігін пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, әуе кеңістігін пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, ел экономикасы мен қорғанысы мүддесінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидада мынадай анықтамалар пайдаланылады:

1) авиациялық жұмыстар ауданы – әуе кемелерінің авиациялық жұмыстарды орындау шегінде географиялық координаттармен белгіленген аудан;

2) аэроторап – оларда ұшуды ұйымдастыру мен орындау әуе қозғалысын басқару (әуе қозғалысына қызмет көрсету) органдарымен арнайы келісуді және үйлестіруді талап ететін жақын орналасқан әуеайлақтар;

3) аэроторап ауданы – әуе кеңістігінің екі немесе одан көп жақын орналасқан әуеайлақта әуеайлақтық ұшуды орындауды ұйымдастыруға арналған бөлігі, олардан ұшуды ұйымдастыру мен орындау келісу мен үйлестіруді талап етеді;

4) әуе кеңістігін пайдалану қауіпсіздігі – әуе кеңістігін пайдаланудың белгіленген тәртібінің кешенді сипаттамасы, ол әуе кеңістігін адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмей, мемлекетке, азаматтарға және заңды тұлғаларға материалдық залал келтірмей пайдалану жөніндегі қызметтің барлық түрлерінің орындалуын қамтамасыз ету қабілетін анықтайды;

5) әуе кеңістігін пайдалану – жүру барысында түрлі материалдық обьектілердің (әуе кемелерінің, зымырандар мен басқа да обьектілердің) әуе кеңістігінде қозғалуы жүзеге асырылатын қызмет, сондай-ақ әуе қозғалысының қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін басқа да қызмет (биік құрылыстар салу, жүру барысында электр магниттік және басқа да сәулелер бөлінетін қызмет, көру мүмкіндігін нашарлататын заттардың атмосфераға таралуы, жарылыс жұмыстарын жүргізу және т.с.с.);

6) әуе кеңістігін пайдалануды үйлестіру – әуедегі жағдайларға, метеорологиялық, аэронавигациялық жағдайларға байланысты және әуе кеңістігін пайдаланудағы мемлекеттік басымдықтарға сәйкес әуе кеңістігін пайдалануды оңтайландыруға бағытталған, әуе кеңістігін пайдалануды жоспарлау және әуе қозғалысына қызмет көрсету (басқару) барысында жүзеге асырылатын қызмет;

7) әуе шабуылына қарсы қорғаныс органдары (бұдан әрі – ӘШҚҚ органдары) – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс бойынша жауынгерлік кезекшілік жүргізу міндетті жүктелген жедел органдары;

8) әуе кеңістігін пайдалану жоспары – әуе қозғалысын жоспарлау органдарына ұсынылатын жоспарланған қызмет туралы белгілі бір мәліметтер;

9) әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруты – әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында қозғалыс ағынын бағыттауға арналған белгіленген маршрут;

10) әуе кеңістігін пайдалануды жоспарлау – әуе кеңістігін пайдалануды, әуе қозғалысын ұйымдастыруды, әуе кеңістігін, мемлекеттік басымдықтарға сәйкес, оның пайдаланушылары арасында орны, уақыты және биіктігі бойынша бөлу жолымен әуе қозғалысы ағынын ұйымдастыруды рұқсат ету және хабарлау тәртібінде қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын қызмет;

11) әуеайлақ (тікұшақ аймағы) ауданы – көлденең және тік жазықтықтың шекараларында белгіленген жергілікті жерге іргелес орналасқан және әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) үстінде анықталған әуе қозғалысына қызмет көрсету мақсаты үшін әуе кеңстігі;

12) әуе қозғалысына қызмет көрсету аумағы – белгіленген мөлшердегі әуе кеңістігі, олардың шекарасында әуе трассалары бойынша әуе қозғалысына және олардан тыс маршруттарға қызмет көрсету диспетчерлік орталықтың диспетчері арқылы жүзеге асырылады;

13) әуе кеңістігінің құрылымы – әуе кеңістігін пайдалану қызметін жүзеге асыруға арналған әуе кеңістігі элементтерінің тік және көлденең жазықтықта шектелген жиынтығы;

14) бүйірден эшелондау – әуе кемелерін бір биіктікте ұшу сызықтары арасындағы арақашықтық немесе бұрыштық жылжу бойынша белгіленген аралықтарға шоғырландыру;

15) бойлық эшелондау – әуе кемелерін бір биіктікте уақыт немесе жол сызығы бойындағы ара қашықтық бойынша белгіленген аралықтарға шоғырландыру;

16) «Брифинг» тобы – әуе қозғалысына қызмет көрсету органының әуе қозғалысын жоспарлау және ұшу алдында ақпараттық қызмет көрсету функциясын қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі;

17) диспетчерлік рұқсат – ұшуды орындаумен және тиісті жағдайлармен және белгіленген ұшу қағидаларымен байланысты әуе кемесiнiң экипажына әуе қозғалысына қызмет көрсету органы беретiн рұқсат;

18) диспетчерлік нұсқау – пилотқа нақты жағдайда нақты іс-қимылды ұйғаратын әуе қозғалысын пайдалану органының директивті нұсқаулары;

19) жауапкершілік аймағы (ауданы) – әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) органдары өз функцияларын жүзеге асыратын белгіленген өлшемдегі әуе кеңістігі;

20) жергілікті әуе желісі – әуе кемелерінің ұшуларын орындауға арналған биіктігі мен ені жағынан шектелген әуе кеңістігінің төменгі жағындағы дәліз;

21) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан ұшып өтудің әуе дәлізі – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының үстіндегі әуе кеңістігінің халықаралық ұшуды орындайтын әуе кемелерінің қиып өтуі үшін белгіленген бөлігі;

22) қысқа мерзімді шектеу – әуе кемелерінің ұшуды қауіпсіз орындауын қамтамасыз ету үшін әуе кеңістігінің белгілі бір бөлігін пайдалануға тыйым салу немесе шектеу;

23) қосарлы мақсаттағы өнім – өзінің қасиеттері мен техникалық ерекшеліктеріне қарай жаппай жою қару-жарақтарын және оларды жеткізу құралдарын жасау мақсаттарына арналған өнім;

24) қосымша тұрақты рейс – авиакомпанияның өзінің тұрақты рейсіне қосымша сол авиабамаршрутта бір күнде орындайтын рейсі;

25) тігінен эшелондау – әуе кемелерін биіктігі жағынан белгіленген аралықтарға келтіру;

26) уақытша режимдар белгілеуге ұсыным – әуе кеңістігін пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуе кеңістігін пайдаланушылардың әуе кеңістігінің басқа пайдаланушыларының қызметіне тыйым салу немесе әуе кеңістігін пайдаланушыларға берілетін уақытша режимдерді белгілеуге берілетін өтінім;

27) ұшу биіктігі – белгіленген деңгейден әуе кемесіне дейінгі тiгiнен алғандағы қашықтық;

28) пилотсыз ұшу аппараты – бортында пилоты (экипажы) жоқ, ұшу кезінде оператор басқару орнынан автоматты түрде немесе аталған тәсілдерді үйлестіріп басқаратын ұшу аппараты;

29) ұшу маршруты – негізгі пунктімен анықталған жер (су) бетінде әуе кемесі ұшуының берілген (белгіленген) траекториясының проекциясы;

30) ұшу ақпаратының ауданы – ұшу-ақпараттық қызмет көрсету және авариялық хабардар ету қамтамасыз етілетін шектегі белгіленген өлшемдегі әуе кеңістігі;

31) халықаралық әуе трассасы – халықаралық ұшулар үшін ашық әуе трассасы;

32) эшелондау – әуе кемелерін әуе кеңістігінде белгіленген аралықтарға тік, бойлай немесе бүйірлей шоғырландыру;

33) NOTAM-кеңсе – NOTAM хабарламасын шығаратын аэронавигациялық ұйымның құрылымдық бөлімшесі;

34) NOTAM хабарламасы – кез келген аэронавигациялық жабдықты, қызмет көрсетуді және қағиданы қолданысқа енгізу, жай-күйі немесе өзгерту туралы ақпаратты, сондай-ақ ұшуды орындаумен байланысты қауіп туралы алдын ала ескертудің персонал үшін маңызды мәні бар қауіп туралы ақпаратты, сондай-ақ өзге де аэронавигациялық ақпаратты қамтитын хабарлама.

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік радиолокациялық тану жүйесімен жабдықталған мемлекеттік авиациядағы әуе кемелері, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшуды мемлекеттік радиолокациялық тану жүйесі аппаратурасы арқылы орындайды.

4. осы қағиданы қазақстан республикасының барлық мемлекеттік органдары, республикалық маңызы бар облыстардың, қалалардың және астананың, облыстық маңызы бар аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары, әуе кеңістігін пайдаланушылар, сондай-ақ әуе қозғалысына қызмет көрсету (бұдан әрі – әқк) немесе әуе қозғалысын басқару (бұдан әрі – әқб) органдары қолданады.
2. Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің құрылымы мен сыныптамасы
§ 1. Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің құрылымы
5. Қазақстан Республикасының аумағы үстiнен өтетiн әуе кеңiстiгi төменгі және жоғарғы әуе кеңістігі болып бөлiнедi.

6. Жоғарғы және төменгі әуе кеңістігінің аралығындағы шекара сынап бағанасынан 760 мм атмосфералық қысымға сәйкес келетін деңгейден 6100 метр биіктікте белгіленеді (1013,25 милиббар/гектопаскаль).

7. Әуе кеңістігінің құрылымына мынадай элементтер кіреді:

1) әуе қозғалысына қызмет көрсету аудандары немесе ұшу ақпаратының аудандары;

2) әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруттары (әуе трассалары және ЖӘЖ);

3) әуеайлақ (аэротораптар, тікұшақ әйлақтары) аудандары;

4) бақыланатын әуе кеңістігі аудандары;

5) мемлекеттік авиацияның арнайы ұшу аймақтары;

6) әуе кемелерінің әуе трассалары мен ЖӘЖ-ден тыс ұшу маршруттары;

7) тыйым салынған аймақтар;

8) қауіпті аймақтар;

9) ұшуды шектеу аймақтары;

10) бөлу схемасы осы Қағиданың 8-тармағында анықталатын ұшу эшелоны.

8. қазақстан республикасының әуе кеңістігінде тік эшелондау төмендегідей жартылай шеңбер жүйесі бойынша жүзеге асырылады:

1) әуе трассаларын, жәж-ны және ұшу жолының нақты белгіленген бұрыштары 0-ден 179°-ға дейінгі (қоса алғанда) маршруттарды бағыттау кезінде мынадай ұшу эшелондары белгіленеді: 900 метр, 1500 метр (FL50), 2150 метр (FL70), 2750 метр (FL90), 3350 метр (FL110), 3950 метр (FL130), 4550 метр (FL150), 5200 метр (FL170), 5800 метр (FL190), 6400 метр (FL210), 7000 метр (FL230), 7600 метр (FL250), 8250 метр (FL270), 8850 метр (FL290), 9450 метр (FL310), 10050 метр (FL330), 10650 метр (FL350), 11300 метр (FL370), 11900 метр (FL390), 12500 метр (FL410), 13700 метр (FL 450), 14950 метр (FL 490);

2) әуе трассаларын, ЖӘЖ-ны және ұшу жолының нақты белгіленген бұрыштары 180-нен 359°-ға дейінгі (қоса алғанда) маршруттарды бағыттау кезінде мынадай ұшу эшелондары белгіленеді: 1200 метр, 1850 метр (FL60), 2450 метр (FL80), 3050 метр (FL100), 3650 метр (FL 120), 4250 метр (FL140), 4900 метр (FL160), 5500 метр (FL180), 6100 метр (FL200), 6700 метр (FL220), 7300 метр (FL240), 7900 метр (FL260), 8550 метр (FL 280), 9150 метр (FL300), 9750 метр (FL320), 10350 метр (FL340), 10950 метр (FL360), 11600 метр (FL380), 12200 метр (FL400), 13100 метр (FL430), 14350 метр (FL 470).

9. Әуе кеңістігі құрылымы элементтерінің шекаралары географиялық координаттар мен биіктіктер бойынша белгіленеді. Әуе кеңістігі құрылымының элементтерін пайдалану шекаралары мен талаптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасына сәйкес аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.

10. ӘҚК (әуе қозғалысын басқару) орталықтары мен аудандарының тізбесін, ұшу ақпараты аудандарының және олардың шекараларын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітеді және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен келіседі және «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында көзделген әуе трассалары мен жергілікті әуе желілерінің тізбесінде жарияланады.

11. Әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруты, тиісті жағдайларда, әуе трассасын немесе жергілікті әуе желісін білдіреді. Әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруттарының индекстерін белгілеу қағидаттары осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес белгіленеді.

12. Әуе трассасының ені азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен, Әуе трассалары мен жергілікті әуе желілерін пайдалануға рұқсат ету қағидасына сәйкес, навигациялық жабдықтың болуына қарай, 10 километрден 25 километрге дейін белгіленеді. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әуе трассалары бойынша сипаттамаларға (PBN) негізделген навигацияны қолдану үшін навигациялық ерекшеліктерді, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес белгілейді.

Әуе трассаларының жабдықтарын ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарымен қамтамасыз етуді аэронавигациялық ұйым жүзеге асырады.

13. жергілікті әуе желілері төменгі әуе кеңістігінде орналасады. жергілікті әуе желісінің ені 4 километрден белгіленеді.

14. әуе трассалары мен жергілікті әуе желілері туралы мәліметтер азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен, мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілген әуе трассалары мен жергілікті әуе желілері тізбесінде жарияланады.

әуе трассалары үшін ұшудың төменгі қауіпсіз эшелондары және ұшудың ең аз абсолютті шегі белгіленеді және жарияланады.

15. әуеайлақтық ұшуларды орындауды ұйымдастыру үшін әуеайлақтар аумақтары (тікұшақ әуеайлақтары) белгіленеді.

16. әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары) аудандарының шекараларын анықтаған кезде ұшып шығу және қонуға бет алу, екінші айналымға кету, күту аймағында ұшу схемалары, сондай-ақ (sid) аспаптары бойынша ұшып шығу мен (star) аспаптары бойынша ұшып келудің стандартты маршруттары, әуе трассаларына, жергілікті әуе желілеріне және арнайы аймақтарға кіру (олардан шығу) маршруттары ескеріледі.

Көрсетілген схамаларды әзірлеу авиация саласындағы уәкілетті органдар бекітетін Қазақстан Республикасының азаматтық және (немесе) мемлекеттік авиациясы салаларында ұшуды жүргізу қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

Әуеайлақ (аэроторап, тікұшақ айлақтары) аудандарының шекаралары әуеайлақ (аэроторап, тікұшақ айлағы) ауданында ұшуды жүргізу нұсқаулығында (әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) аэронавигациялық паспортында), сондай-ақ аэронавигациялық ақпарат құжаттарында көрсетіледі.

17. Әрбір әуеайлақ (аэроторап, тікұшақ айлағы қону алаңы) үшін әуеайлақ (аэроторап, тікұшақ айлағы қону алаңы) ауданында ұшуды жүргізу нұсқаулығы (әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) аэронавигациялық паспорты) әзірленеді.

18. Мемлекеттік авиацияның арнайы ұшу аймақтары деп сынақ ұшуларын, әуеде отын құю, аз және өте аз биіктікте ұшуды, зымыранды ұшыру, әуедегі атыстарды және басқа да арнайы ұшуды орындау үшін арнайы белгіленген белгіленген өлшемдегі әуе кеңістігі.

19. Аэротораптар аудандарының шекаралары аэроторапқа кіретін әуеайлақтар аудандарының сыртқы шекаралары бойынша белгіленеді.

20. Тыйым салынған аймақтар Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіндегі маңызды мемлекеттік нысандарды, басты өнеркәсіптік кешендерді (атом электростанцияларын, ядролық-радиациялық нысандарды, химиялық қауіпті нысандарды, сондай-ақ елдің ұлттық қауіпсіздігі тұрғысынан басқа да аса маңызды нысандарды) әуе кеңістігінде орын алуы мүмкін оқиғалардың нәтижесінде туындайтын зиянды әсерлер мен бүлінулерден қорғау үшін белгіленеді.

21. Қауіпті аймақтарды, ұшуды шектеу аймақтарын Әуе қозғалысын басқарудың бас орталығы (бұдан әрі – ӘҚБ БО) белгілейді және NOTAM арқылы пайдаланушыларға хабарланады немесе аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады. Қауіпті аймақ, ұшуларды шектеу аймағы белгіленген әуе кеңістігін пайдаланушылар, қауіпті аймақты, ұшуларды шектеу аймағын белгілеу үшін қауіпті аймақ, ұшуларды шектеу аймағы іске қосылғанға дейін 7 тәулік бұрын мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның ӘҚБ БО қауіпті аймақты, ұшуды шектеу аймағын олардың шекараларын және жүзеге асырылатын қызмет сипатын көрсетіп белгілеуге сұраным жібереді.

22. Қауіпті аймақтар, ұшуды шектеу аймақтары қызметтің төмендегі түрлері бойынша белгіленеді:

1) оқ-дәрілермен оларды сақтау нысандарында жұмыстар жүргізу;

2) атмосферада ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру;

3) жарылыс жұмыстарын жүргізу.

23. Ұшуларды шектеу аймақтары мемлекеттік табиғи қорықтар, ұлттық саябақтар, тарихи және мәдени мұралар, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың ұсынысы бойынша қорғалатын объектілер үстінде белгіленеді.

24. Қауіпті аймақ, ұшуды шектеу аймағы мүддесінде белгіленген қызмет тұрақты болмаса, қауіпті аймақтың, ұшуды шектеу аймағының қолданысы уақыттық кезеңмен шектеледі.

Қауіпті аймақ, ұшуды шектеу аймағы мүддесінде белгіленген қызмет жүріп жатқан кезде, әуе кемелері аталған аймақ әуе кеңістігінде ұшпайды.

Уақыттық кезеңдермен шектелген, тыйым салынған аймақтардағы, ұшуды шектеу аймақтарындағы қызмет туралы мәліметтер әуе кеңістігін пайдалану жоспары негізінде NOTAM хабары арқылы жеткізіледі.

25. Әуе кемелері ойламаған жерден қауіпті аймаққа, ұшуларды шектеу аймағына ұшып кірген жағдайда, сондай-ақ осы Қағиданың 27-тармағының 2) – 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда әуе кеңістігін пайдалану қызметі аталған аймақтарда шектетіледі немесе тоқтатылады.

26. мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган тыйым салынған аймақтарды осындай аймақтарды белгілеуге мүдделі адамдардың ұсынысы бойынша белгілейді.

Тыйым салынған аймақтар мен ұшуларды шектеу аймақтарының тізбесі Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісіледі.

27. Қызмет тұрақты негізде жүзеге асырылатын тыйым салынған аймақтардағы, сондай-ақ ұшуды шектеу аймақтарындағы, қауіпті аймақтардағы әуе кеңістігін пайдалануға төмендегі жағдайлардан басқа жағдайларда тыйым салынады:

1) мүддесі үшін осындай аймақтар белгіленген адамдардың әуе кеңістігін пайдалануы;

2) тәртіп бұзушы әуе кемелерін ұстау үшін ұшуды орындау, сондай-ақ мемлекет мүддесінде басқа да шұғыл тапсырмаларды орындау;

3) төтенше жағдайларда іздестіру-құтқару жұмыстарын және көмек көрсету жұмыстарын жүргізу мақсатында ұшуларды орындау;

4) әуе кеемелерінің Қазақстан Республикасымен жасалған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылатын ұшуларды орындауы.

28. Осы Қағиданың 27-тармағында көзделмеген жағдайларда әуе кеңістігін тыйым салынған аймақтарда, ұшуды шектеу аймақтарында, қауіпті аймақтарда пайдалану қажеттігі туындаған жағдайда әуе кеңістігін пайдаланушылар мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органнан рұқсат алады.

29. Қазақстан Республикасының аумағы үстімен, оның Мемлекеттік шекарасы бойымен шекаралық белдеу – Қазақстан Республикасының құрлықтағы Мемлекеттік шекарасымен шектесетін, ені 25 километр болатын, сондай-ақ аумақтық су үстіндегі ені 12 теңіздік миля болатын (22.2 километр) әуе кеңістігі белгіленеді.

30. Шекаралық белдеу үстіндегі әуе кеңістігін пайдалануға байланысты қызмет жүргізу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі органдарымен, ӘШҚҚ әскерлерінің органдарымен, әуе қозғалысын басқару органдарымен қызмет басталғанға дейін 5 тәулік бұрын келісіледі.

Әуе кемесінің экипажы әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) органымен радиобайланысқа шықпай, шекаралық белдеуде ұшпайды.

31. Шекаралық белдеудегі әуе кеңістігін пайдалану кезінде әуе қозғалысына қызмет көрсету маршрутынан және ұшу маршрутынан мәжбүрлі ауытқу Қазақстан Республикасының аумағына қарай жасалады.

32. Әуе кемелерінің адамдардың өмірін сақтап қалу және денсаулығын сақтау, қылмыстың алдын алу және бетін ашу іс-шараларын жүзеге асыру мақсатында елді мекен үстімен ұшуы, сондай-ақ авиациялық жұмыстарды, парашюттен секіруді орындау, пилотсыз ұшу аппараттарының ұшуы, байлаулы аэростаттарды көтеру, осындай ұшуларды ұйымдастырушының ұшуды орындау қауіпсіздігін қамтамасыз етуі арқылы, аталған іс-шараларды іске асыру қамтамасыз етілетін биіктікте орындалады.

Адамдардың өмірін сақтап қалу және денсаулығын сақтау, қылмыстың алдын алу және бетін ашу іс-шараларына байланысты ұшуды орындауды қоспағанда, белгіленген маршруттан тыс елді мекен үстімен ұшуды орындауды келісу және орындау ұлттық қауіпсіздік органдарымен және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен ұшу басталғанға дейін 3 тәулік бұрын жүргізіледі. Күзету іс-шараларын жүргізу кезеңінде әуе кемелерінің белгіленген маршруттан тыс елді мекен үстімен ұшуы ұлттық қауіпсіздік органдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметімен ұшу басталғанға дейін кемінде екі жұмыс күн бұрын келісілді.

33. авиациялық жұмыстар, парашюттен секіру, пилотсыз ұшу аппараттарының ұшуы, байлаулы аэростаттарды көтеру елді мекен үстінде әуе кеңістігін пайдаланушыларда әқб бо-ның елді мекен үстімен ұшуға рұқсаты болған жағдайда және әуе кеңістігін пайдаланушы, аумағы шегінде ұшуды жоспарлаған, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына хабарлаған жағдайда орындалады.

34. Әуе кемелерінің дыбыстан жоғары жылдамдықта ұшуына мемлекеттік авиацияның арнайы ұшу аймақтарында ғана немесе 11000 метрден астам биіктікте ғана рұқсат етіледі.

35. әуе кемелерi мен басқа да ұшу аппараттарын көрсетуге арналған ұшуды орындау үшiн арнайы аймақтар (ұшу аймақтары) белгiленедi, бұлар белгiлi бiр аудандардан тысқары немесе елдi мекендердiң үстiнде әуе кемесiнiң немесе ұшу аппаратының тұрғын үйлер алабы мен шоғырланған адамдар үстiне құлауын болғызбайтын қажеттi қауiпсiздiк шаралары сақтала отырып, бөлiнген әуе кеңiстiгiне орналасады.

Әуе кемелерi мен басқа да ұшу аппараттарын көрсетуге және таныстыруға арналған ұшуды ұйымдастырушы олардың орындалуы жөнінде арнайы нұсқаулық әзірлейді.
  1   2   3   4   5

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 12 мамыр №506, Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 23 мамыр №560 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар мен енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 12 мамыр №506, Астана, Үкімет Үйі icon514 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 14 мамыр №514 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 ақпандағы №85 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮаж-ы, 2010 ж., №13-14, 127-құжат) мынадай...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 12 мамыр №506, Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 16 мамыр №520 Астана, Үкімет үйі
Республикасының азаматтық авиациясының ұшуын электрлі жарықпен-техникалық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 12 мамыр №506, Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 30 желтоқсан №1666 № данасы Астана,Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 12 мамыр №506, Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 12 мамыр №504, Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 12 мамыр №506, Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 17 мамыр №532 Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 12 мамыр №506, Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 21 маусым №681, Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы №252 қаулыcына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 12 мамыр №506, Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 5 сәуір №361 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы №160 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 12 мамыр №506, Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 7 тамыз №1028 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы №36 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 12 мамыр №506, Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 4 наурыз №231 Астана, Үкімет үйі
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы №1710 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница