9-БӨлім. Акциздер 38-тарау. Жалпы ережелер 277-бап. Акциздердi қолдану




Скачать 260.33 Kb.
Название9-БӨлім. Акциздер 38-тарау. Жалпы ережелер 277-бап. Акциздердi қолдану
страница1/2
Дата конвертации15.11.2012
Размер260.33 Kb.
ТипДокументы
  1   2
9-БӨЛІМ. АКЦИЗДЕР

38-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

       277-бап. Акциздердi қолдану

      Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын, осы Кодекстің 279-бабында көрсетілген тауарларға акциз салынады.

      277-1-бап. Кеден одағында қолданылатын ұғымдар

      Осы бөлімде қолданылатын ұғымдар кеден одағына мүше мемлекеттер арасында жасалған, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген.
      Егер кеден одағына мүше мемлекеттердің арасында жасалған, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда осы бөлімде пайдаланылатын ұғымдар көзделмеген болса, осы Кодекстің тиісті баптарында, Қазақстан Республикасының азаматтық және өзге де салаларындағы заңнамасында көзделген ұғымдар қолданылады.


  278-бап. Төлеушiлер

      1. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетiн тауарлар шығаратын;
      2) акцизделген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын;
      3) Қазақстан Республикасының аумағында бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын;
      4) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша бұрын акциз төленбеген болса, осы Кодекстің 279-бабының 5)-7) тармақшаларында аталған тәркіленген, иесiз, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделетін тауарларды өткiзудi жүзеге асыратын;
      5) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша бұрын акциз төленбесе, осы Кодекстің 279-бабында аталған акцизделетін тауарлардың конкурстық массасын өткiзудi жүзеге асыратын;
      6) осы Кодекстің 279-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды жинауды (жинақтауды) жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушілер болып табылады.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi ескерiле отырып, резидент емес заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерi де акциз төлеушiлер болып табылады.
      3. Осы Кодекстің 279-бабының 5)-7) тармақшаларында аталған тәркіленген, иесiз, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар акциздерді төлеушілер болып табылмайды.
      279-бап. Акцизделетін тауарлар тізбесі

      Мыналар акцизделетін тауарлар болып табылады:
      1) спирттің барлық түрлері;
      2) алкоголь өнімі;      4) темекі бұйымдары;
      5) бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны;
      6) микроавтобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, 10 немесе одан да көп адам тасымалдауға арналған, двигателінің көлемі 3000 текше сантиметрден асатын моторлы көлік құралдары;
      двигателінің көлемі 3000 текше сантиметрден асатын, адамдар тасымалдауға арналған жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа);
      двигателiнiң көлемі 3000 текше сантиметрден асатын, жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлінген жүргiзушi кабинасы бар жеңіл автомобиль шассиiндегi моторлы көлік құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа);
      7) шикі мұнай, газ конденсаты;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретінде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім.
       280-бап. Акциз ставкалары

      1. Акциз ставкалары заттай нысандағы өлшем бiрлiгiне абсолюттiк сомада (тұрлаулы) белгiленедi.
      2. Алкоголь өнiмiне акциздер ставкасы осы баптың 1-тармағына сәйкес не онда су араластырылмаған (жүз проценттік) спирттiң болу көлемiне байланысты бекiтiледi.
      3. Спирттің барлық түрiне және шарап материалына акциз ставкалары спирттің және шарап материалының бұдан әрi пайдаланылу мақсаттарына қарай сараланады.
      Алкоголь өнiмдерiн өндiру үшiн өткiзілетiн спиртке және шарап материалына акциз ставкасы алкоголь өнiмдерiн өндiру үшiн пайдаланбайтын тұлғаларға өткiзiлетiн спиртке және шарап материалына белгiленетiн базалық ставкадан төмен белгiленуi мүмкiн.
      4. Акциз сомасын есептеу былайша жүргізіледі:      1) осы Кодекстің 279-бабының 1)-4), 6), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген акцизделетін тауарларға:

Р/с


ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды

Акцизделетін тауарлардың түрлері

Акциздер ставкалары (өлшем бірлігіне теңгемен)

Қазақстан Республикасында өндірілетін тауарларға және кеден одағына мүше мемлекеттерден импортталатын тауарларға

Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттер-ден импортталатын тауарларға

1

2

3

4

5

1.

2207-ден

 

 

80 пайыз немесе одан жоғары көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті (алкоголь өнімдерін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге босатылатын спирттен басқа), этил спирті және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (ішкі нарықта тұтынылатын денатуратталған отындық этил спиртінен (этанолдан) (түссіз емес, боялған) басқа)

500 теңге/литр

600 теңге/литр

2.

2207-ден

Ішкі нарықта тұтынылатын денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған)

0,1 теңге/литр

0,1 теңге/литр

3.

2208-ден

80 пайыздан аз көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімдерін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге босатылатын денатуратталмаған этил спиртінен басқа)

600 теңге/литр 100% спирт

750 теңге/литр 100% спирт

4.

2207-ден

Алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын, 80 пайыз немесе одан жоғары көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті

50 теңге/литр

60 теңге/литр

5.

2208-ден

Алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын, 80 пайыздан аз көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер

60 теңге/литр 100% спирт

75 теңге/литр 100% спирт

6.

3003, 3004-тен

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік заттар ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнім

250 теңге/литр 100% спирт

800 теңге/литр 100% спирт

7.

2208

Алкоголь өнімдері (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалы мен сырадан басқа)

250 теңге/литр 100% спирт

800 теңге/литр 100% спирт

8.

2208

Коньяк, бренди (отандық өндірістегі коньяк спиртінен жасалған коньяктан, брендиден басқа)

230 теңге/литр 100% спирт

800 теңге/литр 100% спирт

9.

2208

Отандық өндірістегі коньяк спиртінен жасалған коньяк, бренди

130 теңге/литр
100 % спирт

-

10.

2204, 2205, 2206 00

Шараптар

20 теңге/литр

75 теңге/литр

11.

2204, 2205, 2206 00-ден

Шарап материалы (этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатыннан басқа)

100 теңге/литр

170 теңге/литр

12.

2204, 2205, 2206 00-ден

Этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын шарап материалы

0 теңге/литр

75 теңге/литр

13.

2203 00

Сыра

13 теңге/литр

60 теңге/литр

14.

2202

90 100 1

Құрамында этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыра

0 теңге/литр

0 теңге/литр

15.

2402-ден

Фильтрлі сигареттер

 

800 теңге/1000 дана

950 теңге/1000 дана

16.

2402-ден

Фильтрсіз сигареттер, папиростар

500 теңге/1000 дана

570 теңге/1000 дана

17.

2402-ден

Сигариллдер

1140 теңге/1000 дана

1220 теңге/1000 дана

118.

2402-ден

Сигаралар

85 теңге/дана

95 теңге/дана

19.

2403-тен

Құрамында никотин бар фармацевтикалық өнімдерді қоспағанда, трубкамен шегетін, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін темекі, кальян және өзге де тұтыну ыдысына салынған және түпкі тұтынуға арналған темекі

1000 теңге/килограмм

1220 теңге/килограмм




Рет
N

ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды

Акцизделетін тауарлардың түрлері

Акциз ставкалары (өлшем бірлігі үшін теңгемен)

1

2

3

4

19.

2709 00-ден

Шикі мұнай, газ конденсаты

0 теңге/тонна

20.

8702-ден

микроавтобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, 10 немесе одан да көп адам тасымалдауға арналған, двигателінің көлемі 3000 текше см-ден асатын моторлы көлік құралдары

100 теңге/текше см

8703-тен

двигателінің көлемі 3000 текше см-ден асатын, ең бастысы адамдар тасымалдауға арналған жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа)

8704-ден

двигателiнiң көлемi 3000 текше см-ден асатын жүкке арналған платформасы және жүк бөлігінен қатты стационарлық қабырғамен бөлінген жүргізуші кабинасы бар жеңіл автомобиль шассиіндегі моторлы көлік құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптерi бар автомобильдерден басқа)

      2) осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларға:

Рет
N




1 тоннаға арналған акциз ставкалары (теңгемен)

Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда)
(ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды 2710 11410 0-2710 11590 0)

Дизель отыны
(ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды 2710 19 3100-2710 19 490 0)

1

2

3

4

1.

Өндірушілердің өз өндірісіндегі бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада сатуы

4500

540

2.

Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада сатуы

0

0

3.

Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада сатуы, өзінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы

5000

600

4.

Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада сатуы, өзінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы

500

60

5.

Импорт

4500

540

      Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болып табылса, литрден тоннаға көшіру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

                   V х 0,730
              М = ----------- , мұнда:
                      1000

      М - өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) тоннадағы көлемі;
      V - өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) литрдегі көлемі;
      0,730 - бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) барлық түрлері үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.
      Дизель отынын бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болып табылса, литрден тоннаға көшіру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

                   V х 0,769
              М = ----------- , мұнда:
                     1000

      М - өткізілген дизель отынының тоннадағы көлемі;
      V - өткізілген дизель отынының литрдегі көлемі;
      0,769 - дизель отыны үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.
      Ескерту: тауарлар номенклатурасы ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН кодымен және (немесе) тауар атауымен айқындалады.
  1   2

Похожие:

9-БӨлім. Акциздер 38-тарау. Жалпы ережелер 277-бап. Акциздердi қолдану icon14-БӨлім. Жер салығЫ 53-тарау. Жалпы ережелер 372-бап. Жалпы ережелер
Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың нысаналы мақсатына және мынадай санаттарға
9-БӨлім. Акциздер 38-тарау. Жалпы ережелер 277-бап. Акциздердi қолдану icon11-БӨлім. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу 42-тарау. Жалпы ережелер 307-бап. Осы бөлімде реттелетiн қатынастар
Кодексте белгіленген барлық салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлейді
9-БӨлім. Акциздер 38-тарау. Жалпы ережелер 277-бап. Акциздердi қолдану icon13-БӨлім. КӨлік қҰралы салығЫ 50-тарау. Жалпы ережелер 365-бап. Салық төлеушiлер
...
9-БӨлім. Акциздер 38-тарау. Жалпы ережелер 277-бап. Акциздердi қолдану icon1-БӨлім. Негізгі ережелер 1-тарау. Жалпы ережелер
Осы Заң бәсекелестікті қорғау, монополистік қызметті шектеу және тұтынушылардың заңды құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды...
9-БӨлім. Акциздер 38-тарау. Жалпы ережелер 277-бап. Акциздердi қолдану icon1 бөлім. 1 тарау. Жалпы ережелер
Арал ауданының елді мекендерінде жануарларды ұстау және иттер мен мысықтарды серуендету
9-БӨлім. Акциздер 38-тарау. Жалпы ережелер 277-бап. Акциздердi қолдану iconI- тарау. Жалпы ережелер 1-шi бап. Студенттiк ұйымның ұйымдастыру формасы
«Тура би» бұл осы жарғыдағы нақтылы мақсаттарға жету үшін,студенттердің өз еркін білдіру арқылы құрылған дербес, студенттік ұйым
9-БӨлім. Акциздер 38-тарау. Жалпы ережелер 277-бап. Акциздердi қолдану iconҚан және оның компоненттерін дайындау, өңдеу, сақтау, қолдану Ережелері 1 тарау. Жалпы қағидалар
Осы Ережелер қан қызметін жүргізетін денсаулық сақтау ұйымында, қан және оның компоненттерін дайындау, өңдеу, сақтау, қолдану тәртібін...
9-БӨлім. Акциздер 38-тарау. Жалпы ережелер 277-бап. Акциздердi қолдану iconКодексі мазмұны жалпы бөлік 1-бөлім. Жалпы ережелер 1-тарау. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасы
Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-iv
9-БӨлім. Акциздер 38-тарау. Жалпы ережелер 277-бап. Акциздердi қолдану iconҚазақстан республикасының кеден кодексі
Жалпы бөлім (1 32 баптар) 1-Бөлім. Жалпы ережелер (1 15 баптар)
9-БӨлім. Акциздер 38-тарау. Жалпы ережелер 277-бап. Акциздердi қолдану iconЖалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер
Республикасының заңдарында осы органдардың қызметін медициналық қамтамасыз етуге арналған әскери немесе арнаулы қызметтің болуы көзделген...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница