Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы n 155 Қаулысы




Скачать 47.96 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы n 155 Қаулысы
Дата конвертации15.11.2012
Размер47.96 Kb.
ТипДокументы
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы N 155 Қаулысы

 



      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 4-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

      1) "Мемлекет реттейтiн баға қолданылатын әуежайлар қызметтерiнiң номенклатурасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1348 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 49, 562-құжат);

      2) "Мемлекет реттейтiн бағалар қолданылатын телекоммуникациялар қызметтерiнiң және телекоммуникациялар қызметтерiн ұсынумен технологиялық байланысты қызметтердiң номенклатурасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 қазандағы N 1064 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 38, 503-құжат);

      3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194 және 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1348 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 26 қаңтардағы N 63 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 4, 34-құжат).

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 
2006 жылғы 14 наурыздағы     
N 155 қаулысымен         
бекiтiлген            

Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн
қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесi

      1. Мұнай және (немесе) мұнай өнiмдерiн магистральдық құбыр жолдары арқылы тасымалдау саласында:
      мұнайды магистральдық құбыр жолдары арқылы тасымалдау жөнiндегi қызмет:
      1) бiрыңғай бағыттау бойынша операторлық қызмет;
      2) мұнайды магистральдық құбыр жолының жүйесi арқылы қайта айдау;
      3) мұнайды темiр жол цистерналарынан құйып алу;
      4) мұнайды темiр жол цистерналарына құю;
      5) мұнайды танкерлерге құю;
      6) мұнайды автоцистерналардан құйып алу;
      7) мұнайды автоцистерналарға құю;
      8) мұнайды сақтау;
      9) мұнайды ауыстырып құю;
      10) мұнайды араластыру.

      2. Газды немесе газ конденсатын магистральдық және (немесе) таратушы құбыр жолдары, газ таратушы қондырғыларды және оларға байланысты газ таратушы газ құбырларын пайдалану арқылы сақтау, тасымалдау саласында:
      табиғи газды магистральдық құбыр жолдары арқылы тасымалдау;
      Қазақстан Республикасының тұтынушылары үшiн табиғи газды таратушы құбыр жолдары арқылы тасымалдау;
      сұйылтылған көмiрсутектi газды топтық резервуарлық қондырғыдан тұтынушының енгiзу шығыранына дейiн газ құбырлары арқылы тасымалдау;
      табиғи газды сақтау.

      3. Электр энергиясын беру және (немесе) бөлу саласында:
      электр энергиясын беру және (немесе) бөлу.

      4. Жылу энергиясын өндiру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау саласында:
      жылу энергиясын өндiру;
      жылу энергиясын беру және бөлу;
      жылу энергиясымен жабдықтау;
      жылу энергиясын өндiру, беру және бөлу;
      жылу энергиясын өндiру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау.

      5. Электр энергиясын желiге босатуды және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру саласында:
      электр энергиясын желiге босатуды және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру.

      6. Магистральдық темiр жол желiлерi саласында:
      магистральдық темiр жол желiсiн пайдалануға беру;
      жылжымалы құрамды магистральдық темiр жол желiсi арқылы өткiзудi ұйымдастыру;
      магистральдық темiр жол желiсiн пайдалануға беру және ол арқылы жылжымалы құрамды өткiзудi ұйымдастыру.

      7. Кiрме жолдар саласында:
      жылжымалы құрамның өтуi үшiн кiрме жолды беру;
      маневр жұмыстары, тиеу-түсiру, тасымалдау процесiнiң басқа да технологиялық операциялары үшiн, сондай-ақ тасымалдау процесiнiң технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшiн кiрме жолды беру.

      8. Аэронавигация саласында:
      Қазақстан Республикасының аумағына коммерциялық емес мақсатта қонуды жүзеге асырмастан немесе жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгi арқылы транзиттiк ұшып өтудi жүзеге асыратын шетелдiк авиакомпаниялардың әуе кемелерiне аэронавигациялық қызмет көрсетудi қоспағанда, әуе кеңiстiгiндегi әуе кемелерiне аэронавигациялық қызмет көрсету;
      Қазақстан Республикасының аумағына коммерциялық емес мақсатта қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгi арқылы транзиттiк ұшып өтудi жүзеге асыратын шетелдiк авиакомпаниялардың әуе кемелерiне аэронавигациялық қызмет көрсетудi қоспағанда, әуеайлақ маңындағы әуе кемелерiне аэронавигациялық қызмет көрсету.

      9. Порттар, әуежайлар саласында:
      теңiз портының қызметтерi:
      1) теңiз портының күштерiмен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсiру жұмыстары;
      2) клиенттiң күштерiмен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсiру жұмыстары;
      3) кейiннен порттан шығып жүк операцияларын жүргiзу және/немесе өзге мақсаттар үшiн кеменiң теңiз портына кiргенi үшiн (кеменiң кiруi) қызметтер;
      әуежайлардың қызметтерi:
      1) әуе кемесiнiң ұшуы мен қонуын (қабылдау және ұшырып шығару) қамтамасыз ету;
      2) авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
      3) қону әуежайында өңдеуге (тиеуге және/немесе түсiруге) жататын жүктер (почталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесiне қонғаннан кейiн 3 сағаттан және жүк тасымалдайтын және жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерiнiң сертификатталған үлгiлерi үшiн 6 сағаттан астам тұрақ орнын беру;
      4) әуе кемесiне базалық әуеайлақтан тұрақ орнын беру.

      10. Телекоммуникациялардың әмбебап қызметтерiн қоспағанда, қызметтiң осы түрлерiн көрсетудiң технологиялық мүмкiн болмауы не экономикалық орынсыздығы себебiнен бәсекелес байланыс операторы болмауы шартымен телекоммуникациялар саласында:
      байланыс операторларының телекоммуникациялар желiлерiн жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желiсiне қосу:
      1) жергiлiктi деңгейде;
      2) аймақiшiлiк және қалааралық деңгейде;
      3) қалааралық және халықаралық деңгейде;
      мыналарды:
      1) жергiлiктi телефон трафигiн;
      2) аймақiшiлiк телефон трафигiн;
      3) қалааралық телефон трафигiн;
      4) халықаралық телефон трафигiн;
      5) ұялы операторлар желiсiнен/желiсiне телефон трафигiн қосылатын байланыс операторларының желiсiнен (желiсiне) қосылатын байланыс операторларының телефон трафигiн өткiзу.

      11. Телекоммуникация желiлерiн жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желiсiне қосуға технологиялық жағынан байланысты кәбiлдiк кәрiздер мен өзге де негiзгi құралдарды мүлiктiк жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөнiндегi салада:
      телефон кәрiзiн байланыс операторларына пайдалануға беру.

      12. Су шаруашылығы және кәрiз жүйелерi саласында:
      су шаруашылығы жүйесiнiң қызметтерi:
      1) тiреушi гидротехникалық ғимараттардың көмегiмен үстiңгi ағынды реттеу;
      2) суды магистральдық құбыр жолдары арқылы беру;
      3) суды таратушы желiлер арқылы беру;
      4) суды арналар арқылы беру;
      кәрiз жүйесiнiң қызметтерi:
      1) сарқынды суды бұру;
      2) сарқынды суды тазарту.

      13. Почта байланысы қызметтерi саласында:
      почта байланысының жалпыға қол жетiмдi қызметтерi:
      1) жай хаттарды жiберу;
      2) жай почта карточкаларын жіберу;
      3) жай бандерольдердi жiберу.

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы n 155 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 5 шілде №910 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы №1063 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы n 155 Қаулысы iconҚарағанды облыстық Мәслихаты XXIV сессиясының 2006 жылдың 14 желтоқсандағы № шешімімен бекітілген
Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы «Республика Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасы» №80 Жарлығы; Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы n 155 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы №660 Қаулысы
«Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы n 155 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 21 маусым №681, Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы №252 қаулыcына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы n 155 Қаулысы iconБородулиха ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 наурыздағы №919 қаулысы Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында
Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы №1163 Жарлығын жүзеге асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы n 155 Қаулысы iconӨңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құру тұжырымдамасы туралы
Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы n 155 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 4 наурыз №230 Астана, Үкімет үйі
Республикасының Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы №15 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮаж-ы, 2006 ж., №2, 11-құжат) мынадай...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы n 155 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 4 мамыр №572 Астана, Үкімет Үйі
Кодексiнде (Салық кодексi) белгіленген тәртiппен есепке алу әдiсiмен төленетін импортталатын тауарлардың тiзбесiн және оны қалыптастыру...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы n 155 Қаулысы iconЗырян ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 20 наурыздағы №1023 қаулысына Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 01 наурыздағы №274 жарлығын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы n 155 Қаулысы iconАрыс ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық кұрылыс мәселелері туралы
Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 29 наурыздағы n 23/260-iii шешімі және Оңтүстік Қазақстан облыстық...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница