Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы




Скачать 160.74 Kb.
НазваниеҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы
Дата конвертации15.11.2012
Размер160.74 Kb.
ТипДокументы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

ГЕОГРАФИЯ
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
10-11 сыныптар
қоғамдық – гуманитарлық бағыт


Аcтана 2010



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

ГЕОГРАФИЯ
жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы

10-11 сыныптарына арналған
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Астана 2010

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Бағдарлама авторлары: Карбаева Ш.Ш., Мамырова К.Н., Уәлиев Т.О., Жақсыбекова Д.К.

Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «География» оқу бағдарламасы.– Астана, 2010. – 14 б.


© Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім беру академиясы, 2010



І. ТҮСІНІК ХАТ
«География» оқу пәні бойынша қоғамдық-гуманитарлық бағытқа арналған бағдарлама Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес дайындалды.

Жалпы орта білім беру деңгейіндегі «География» оқу пәні алдымен онда берілетін мазмұнның оқушылардың бойында Жер туралы кешенді, жүйелі және әлеуметтік-бағдарлы түсінік қалыптастырушы дүниетанымдық сипатымен анықталады.

«География» оқу пәнінің жалпы мақсаты – оқушылардың ғылыми дүниетанымдық түсiнiктерiн қалыптастыруға, табиғат пен қоғамның бiр-бiрiнен бөлiнбейтiн бiртұтастығын түсiнуге, адам және табиғат арасындағы үйлесiмдiлiктi түсiнудегi географияның рөлiн бiлуге үйрету болып табылады.

Географиялық бiлiм берудiң бұл мақсаты төмендегi:

- әлемнің географиялық бейнесін түсіну және соған лайық бағдарлану үшін жергілікті жерден бастап аймақтық деңгейге дейінгі қазіргі географиялық кеңістіктің алуан түрлілігін нақтылы мысалдар арқылы таныту;

- Қазақстан және әлемдік географиялық кеңістікте болып жатқан табиғи, экологиялық, экономикалық, әлеуметтік, геосаяси үрдістердің ерекшеліктері мен даму қарқынын түсіндіру;

- Қазақстан және әлем кеңістігі көлеміндегі қазіргі даму кезеңіндегі табиғат пен қоғамның өзара әсерін, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты тиімді пайдаланудың маңызын, орнықты даму мәселелеріне географиялық тұрғыда қатынас жасауды оқып үйрету;

- табиғи және әлеуметтік факторларға, адамның тұратын жердің географиялық жағдайларына бейімделуіне байланысты халықты және шаруашылықты орналастырудың заңдылықтарын білу;

- әлеуметтік-экономикалық жүйесі әртүрлі елдерде өндіргіш күштерді аумақтық ұйымдастыру заңдылықтарын түсіндіру;

- саяси топтардың, экономикалық одақтың, халықаралық экономикалық еңбек бөлінісінің және аймақтық кикілжіңдердің дүниежүзілік саясат пен экономикаға әсерін екере отырып, қазіргі дүниедегі басты саяси және экономикалық өзара қарым-қатынасты түсіндіру;

- Қазақстанның геосаяси орнымен, табиғатымен, халқымен, шаруашылығымен, экономикалық аудандарымен, табиғатты пайдалану ерекшеліктерімен және олардың өзара тәуелділігімен қоса Қазақстан географиясын терең де жан-жақты оқып үйрену;

- оқушылардың түрлі географиялық ақпарат көздерімен өз бетінше жұмыс жасау: ақпараттарды алу, оны жеткізу, талдау жасау, оны географиялық сұрақтарға жауап беру және тапсырмаларды орындау үшін қолдана алу біліктерін дамыту;

- оқушылардың халықаралық қатынас «тілі» ретінде географиялық картаны (атласты) географиялық ақпарат көзі ретінде қолдана алу біліктерін жетілдіру;

- алған географиялық білімін өндірістік және күнделікті тұрмыстық іс-әрекетте қолдана алу біліктерін жетілдіру тәрiздi мiндеттердi шешудi талап етедi.

Жалпы орта білім беру деңгейіндегі «География» оқу пәнінің құрылымы мен мазмұны жоғары сыныпта оқушыларға географиялық білім беруде оқушылардың психофизиологиялық қызығушылқтары мен қабілеттерінің ескерілуі, оқу пәнінің мазмұны мен құрылымының тұлғаға бағдарлануы, оқытудың мазмұндық және процессуалдық бірлігінің сақталуы сияқты дидактикалық ұстанымдарға сәйкес құрылды.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы оқу бағдарламасының мазмұны табиғат пен қоғамның біртұтастығы теориясын қалыптастыруға, адам мен табиғат арасындағы үйлесіміділік қатынастарындағы географияның рөлін түсінуге бағытталған.

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының типтік оқу жоспарына сәйкес «География» оқу пәні бойынша қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы апталық сағат саны:

10-11 сыныптарда аптасына 2 сағатты, жылына 68 сағатты құрайды, оның ішінде:

10 сыныпта аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат;

11 сыныпта аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат;

Оқу пәнінің вариативті бөлігі орта білім беру деңгейіне сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың шегінен тыс білім беру мазмұнын айқындайтын білім беру бағдарламасын даярлауға бағытталған, ол факультатив, таңдау курстары, қолданбалы курстар, жеке сабақтар түрінде жүзеге асады. Мысалы, Қоғам және табиғат», «Әлеуметтік география», «Экономика және табиғатты тиімді пайдалану», «Табиғи апаттар географиясы» және т.б.

ІІ. ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
10 сынып

(барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)
Кiрiспе (1 сағат)

Дүние жүзiнiң экономикалық және әлеуметтiк географиясы пәнi, құрылымы мен бағыттары және оның географиялық мәдениеттi қалыптастырудағы рөлi. Дүние жүзiнiң экономикалық-географиялық бейнесi туралы түсiнiк. «Табиғат – халық (қоғам) – шаруашылық (экономика)» географиялық жүйенің біртұтастығы мен орнықтылығы.
Дүние жүзiнiң жалпы сипаттамасы ( 25 сағат)

Дүние жүзiнiң саяси картасы (4 сағат)

Дүние жүзiнiң саяси картасының мазмұны. Дүние жүзiнiң саяси картасының қалыптасуы. Қазiргi саяси картаға тарихи-географиялық шолу. Қазiргi саяси картадағы тәуелдi елдер мен аумақтар. Дүние жүзiнiң қазiргi саяси картасындағы елеулі мәселелер.

Дүние жүзi елдерiнiң мемлекеттiк құрылымы. Басқару түрлерi мен әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы. Дүние жүзi елдерiн типке бөлу және топтастыру. Мемлекеттердiң экономикалық-географиялық және геосаяси орналасқан орны (геосаяси жағдай, кластер, стратегия және т.б.). қазақстан және халықаралық ұйымдар.

Практикалық жұмыстар:

1.Дүние жүзi елдерiнiң жiктемелiк кестесiн құрастыру: а) басқару түрiне, ә) мемлекеттiк құрылымына қарай.

2.Жер шарындағы «отты нүктелерді» кескiн картаға белгiлеу.

Дүние жүзiнiң халықтар географиясы (4 сағат)

Халықтар географиясы әлеуметтiк-экономика пәнiнің зерттеу нысаны. Жер бетiнде адамзаттың таралуының жалпы бейнеленуi. Халықтың саны мен ұдайы өсуi. Халықты санау әдiсi. Халықтың ұдайы өсуiнiң заңдылықтары. Демографиялық саясат.

Халықтың жас және жыныстық құрамы. Еңбек ресурстары географиясы және халықтың еңбекпен қамтамасыз етiлуi.

Халықтың этникалық құрамы және оның жiктелуi. Халықтың нәсiлдiк құрамы. Халықтың діни құрамы және өркениет географиясы. Халықтың орналасуы мен тығыздығы. Қала және село халқы. Урбандалу. Халықтың көшi-қоны және қазіргі дүниедегі оның бағыттары.
Практикалық жұмыстар:

1. Әртүрлі типтегі елдердің жас және жыныстық құрамы пирамидасын пайдалан отырып, олардың айырмашалақтарын түсіндіру және экономикалық белсенді халықтың үлесін анықтау.

2. Әр түрлi елдер мен аймақтардағы халықтың өмiр сүру ұзақтығының орташа көрсеткiштерiн салыстыру.

3. Кескiн картаға iрi агломерациялар мен мегаполистердi белгiлеу.
Дүние жүзiнiң табиғат ресурстары (3 сағат)

Табиғат және қоғам. Табиғат ресурстары және олардың жiктелуi (туристік-рекреациялық ресурстар). Табиғат ресурстарының таралуы және олардың қоры. Табиғат ресурстарын бағалау және табиғатты тиімді пайдалану. Минералды ресурстар. Рудалы және рудалы емес пайдалы қазбалар.Жер, су, орман және тағы басқа ресустар (оның ішінде энергияның балама көздері).
Практикалық жұмыстар:

1.Елдердiң табиғат ресурстарымен (энергетикалық, руда және орман (таңдау бойынша)) жоғары, орта және төмен қамтамасыз етiлуiн бағалау.

2.Дүние жүзі бойынша маңызды табиғат ресурстарын кескін картаға түсіру.

3.Оқулық қосымшасында берілген «Дүние жүзінің энергетикалық ресурстары» картасын пайдалана отырып, жылу ресурстарының таралу себептерін және оларды тасымалдаудың басты бағыттарын анықтау
Ғылыми-техникалық революция және оның дүние жүзiнiң шаруашылығына әсерi (3 сағат)
ҒТР туралы түсiнiк және оны анықтаушы белгілер. Ғылыми-техникалық революцияға тән сипаттар, оның ерекшеліктері мен ҒТР кезеңіндегі өндірістің дамуындағы басты бағыттар. Техника мен технологияның даму жолдары (инновациялық саясат). Өндiрiс күштерiнiң орналасу факторлары. Қоғамдық өндiрiс жүйесiндегi адамның рөлi.
Практикалық жұмыс.
1. «Ғылыми-техникалық революция және өнеркәсiп дамуының негiзгi бағыттары» тақырыбында хабарлама дайындау.
Халықаралық экономикалық байланыстар (4 сағат)
Халықаралық географиялық еңбек бөлiнiсi және мамандану. Халықаралық экономикалық интеграция. Дүниежүзілік шаруашылықты жаhандандыру және трансұлттық корпорациялар.

Халықаралық экономикалық байланыстардың түрлерi. Халықаралық сауда құрылымы, сауда айналымы және оның географиялық таралуы. Халықаралық туризм – қызмет алмасу түрi. Халықаралық туризмнiң басты аудандары.

Халықаралық байланыс жүйесiндегi Қазақстанның орны. Қазақстанның дүние жүзiлiк шаруашылыққа кiрiктiрiлуіндегі ерекшелiктер. Қазақстандағы халықаралық компаниялардың құрылуы мен дамуы. Қазақстанның дүниежүзілік саудадағы орны.

Практикалық жұмыс:

1. Дүние жүзi елдерi арасындағы және Қазақстанның экономикалық байланыстары жайлы статистикалық материалдармен және мерзiмдiк басылымдармен жұмыс.

2. Ірі халықаралық туризм аймақтарын атап, оны кескін картаға түсіру.

3. Сыртқы экономикалық байланыстар географиясын сипаттайтын картографиялық материалдарға таладу жасау.
Дүниежүзiлiк шаруашылық географиясы (7 сағат)
Дүниежүзiлiк шаруашылықтың қалыптасу кезеңдерi. Дүниежүзiлiк шаруашылықтың қазiргi құрылымы және оның аумақтық ерекшеліктері.

Дүниежүзiлiк шаруашылық географиясы салалары. Дүниежүзiлiк өнеркәсiп салалары. Жылу-энергетика кешені, тау-кен өнеркәсібі және металлургия. Машина жасау өнеркәсібі және әскери-өнеркәсіптік кешен. Химия өнеркәсібі және орман шаруашылығы. Жеңіл өнеркәсіп.

Дүние жүзi ауыл шаруашылығының даму кезеңдері. Ауыл шаруашылығы құрылымы және оның әртүрлі формалары. Агроөнеркәсіптік кешен. Өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығы. Тамақ өнеркәсібі және балық аулау.

Дүниежүзiлiк көлiк географиясы. Дүние жүзі елдерінің қазіргі көлік жүйесі. Көлік және қоршаған орта.

Практикалық жұмыс:

1.Мазмұнын оқып-үйренумен қатар: а) карта, кесте, диаграммаларды пайдаланып, шаруашылық салаларына сипаттама құрастыру; ә) кескiн картаға негiзгi шаруашылық түрiне маманданған аудандарды белгiлеу. Сипаттама төмендегi жоспар бойынша құрастырылады: а) шаруашалақ салаларының құрамы; алынатын өнiм; ә) негiзгi орналасқан аудандары; 3) шаруашылық салаларына байланысты экологиялық проблемалар; оларды шешу жолдары; б) негiзгi сыртқа шығарушы және тұтынушы елдер (Қазақстанның орны); в) шаруашылық салаларының даму болашағы және орналасуы.

2. Дүниежүзілік көлік картасын пайдалана отырып, негізгі кеме желілері бағыттарын анықтау дүниежүзілік кеме порттары географиясын түсіндіру.

Дүние жүзiнiң ғаламдық проблемалары (8 сағат)
Ғаламдық проблемалар және олардың туындау себептерi. Экологиялық проблемалар адамзат тiршiлiгiнiң басым проблемасы. Экологиялық дағдарыстағы аудандар туралы түсiнiк және олардың географиясы. Демографиялық проблемалар және оларды шешу жолдары. Азық-түлiк проблемасы, географиялық аспектiлерi мен шешу жолдары. Энергетикалық және шикiзат проблемалары. Дамушы елдердiң артта қалушылығын жою дүниежүзiлiк iрi проблема ретiнде. Дүниежүзiлiк Мұхитты пайдалану проблемасы. Ғарышты игеру проблемасы. Ғаламдық проблемалардың өзара байланысы.

Практикалық жұмыс:

1. «Геоэкологиялық проблемалар – адамзаттың ғаламдық проблемалары» тақырыбында реферат дайындау.

2. Антропогенді ландшафтының картасызбасын құрастыру және ландшафтыдағы табиғи-антропогенді тете-теңдікті сақтау мен қалпына келтіру бойынша ойларыңды айтып, пікір-таластыру.
11 сынып

(барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)

Қазіргі дүние және орнықты дамудың географиялық негіздері

(3 сағат)
Жаһандану жағдайындағы қазіргі дүние. Қазіргі дүниедегі интеграциялық үдерістер және олардың географиясы. Аймақтық география және қазіргі дүние. Қазіргі географиялық зерттеу әдістері және географиялық білім көздері.

Практкалық жұмыс.

1.«Қазіргі дүниедегі интеграциялық үдерістер және олардың географиясы» тақырыбында реферат дайындау.
Елдердің алуан түрлілігі және қазіргі дүниенің географиялық бейнесі

(1 сағат)

Дүние жүзі елдерінің тарихи-мәдени және әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлері бойынша саралануы.
Қазіргі дүниедегі өтпелі экономикалы елдер (10 сағат)
Өтпелі экономикалы елдердің қазіргі даму ерекшеліктері мен проблемалары.

Ресей Федерациясы (РФ), Украина және Белорусия мен Молдова республикалары. Закавказье елдері. Орта Азия елдері.

Шығыс Еуропа және Балтық елдері. Шығыс Азия елдері.

Елдерге жалпы сипаттама: аумағы, шекаралары, географиялық орны.

Саяси картасы. Мемлекеттiк құрылымы. Халқы. Табиғи ресурстары. Шаруашылығы. Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәселелері. Халықаралық экономикалық байланыстары. Қазақстанмен байланыстары.
Практкалық жұмыс:
1.Табиғи ресурстар негізінде Ресейдің маманданған экономикалық аудандарын анықтау.

2.Шығыс Еуропа және Балтық елдері аумағындағы тасымалдау коридорын анықтау және Ресей Федерациясы мен Батыс Еуропа елдерін байланыстырушы ірі тасымалдау тораптарын кескін картаға түсіру.
Экономикасы жоғары дамыған елдер (12 сағат)
Экономикасы жоғары дамыған елдер, ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

Америка Құрама Штаттары. Жапония. Канада. Ұлыбритания Франция, Германия, Италия. Солтүстік, Орта және Оңтүстік Еуропаның орта және кіші елдері. Көшпелі капитализм елдері (Австралия Одағы, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Африка Республикасы, Израйль)

Елдердiң жалпы сипаттамасы: аумағы, шекаралары, географиялық орналасуы. Мемлекеттiк құрылымы. Халқы. Табиғи ресурстары. Дүниежүзiлiк шаруашылықтағы жетекшi рөлi. Ғаламдық проблемалары. Халықаралық экономикалық байланыстары. Қазақстанмен байланыстары.

Практикалық жұмыс:

1. АҚШ пен Жапонияның экономикалық-әлеуметтiк даму деңгейiне салыстырмалы сипаттама беру.

2. Австралияны «интенсивтi ауыл шаруашылықты» және «рудниктi» ел деп атау себебiн түсiндiру.

Дамушы елдер (8 сағат)
Дүниежүзілік экономикадағы дамушы елдер, сипатты белгілері, даму тенденциялары, проблемалары (1 сағат)
Азия және Мұхиттық аралдардағы дамушы елдер (3 сағат)

Жалпы ұқсастықтары мен аймақтық ерекшеліктері. Елдерге жалпы сипаттама: аумағы, шекаралары, географиялық орны. Саяси картасы. Мемлекеттiк құрылымы. Халқы. Алуан түрлi табиғи ресурстарының мүмкiндiктерi.

Әлеуметтiк-экономикалық дамуы. Шаруашылығының даму деңгейi және мамандануы. Ауыл шаруашылығының географиялық ерекшелiктерi. Жаңа индустриялы елдер. Мұнай өндiрушi елдер. Азиядағы экономикалық кеңiстiк ұғымы. Халықаралық экономикалық байланыстары. Қазақстанмен қарым-қатынасы. Ғаламдық проблемалары.
Практикалық жұмыс:

1.Жаңа индустрия елдерiне салыстырмалы сипаттама беру (таңдау бойынша).

2.Оңтүстiк-Батыс Азия және Азиялық-Тынық мұхиттық аймақ құрамындағы мұнайды сыртқа шығарушы елдердi кескiн картаға түсiру.
Африкадағы дамушы елдер (2 сағат)
Африка елдерiнiң географиялық орны. Аймақтың жалпы сипаттамасы. Аумағы, шекаралары. Саяси картасы; шекаралық кикiлжіңдерi. Мемлекеттiк құрылымының ерекшелiгi. Халқы. Табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары.

Шаруашылығы. Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық проблемалары. Халықаралық экономикалық байланыстары.
Практикалық жұмыс:

1.«Африка елдерiнiң экономикасының дамуына табиғи ресурстарының мүмкiндiгi» тақырыбына реферат жазу.
Латын Америкасындағы дамушы елдер (2 сағат)

Латын Америкасы елдерiнiң географиялық орны. Аймақтың жалпы сипаттамасы. Аумағы, шекаралары, орны жөнiнен iшкi айырмашылықтары. Саяси картасы. Мемлекеттiк құрылымы.

Халқы. Табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары. Шаруашылығы: қазiргi деңгейi мен құрылымы және дамуындағы қарама-қайшылықтар. Аймақтың дүниежүзiлiк шаруашылықтағы орны, басты маманданған салалары. Жаңа индустрия елдерi. Туризм және рекреация географиясы. Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық проблемалары. Халықаралық және Қазақстанмен экономикалық байланыстары.

Практикалық жұмыс:

1. Латын Америкасының жеке елдер мен аймақтарының шаруашылыққа мамандануын анықтау.

2.Латын Америкасының негiзгi үш субрегиондарының айырмашылықтарын түсiндiру: а) Орталық Латын Америкасы елдерi; ә) Анд елдерi; б) Шығыс Атлант елдерi.

III. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙIНЕ

ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Оқушылар:

  • географиялық зерттеу тәсiлдерiн;

  • жер көлемi мен халқы жөнiнен iрi елдер мен олардың астаналарын;

  • дүние жүзi елдерiнiң мемлекеттiк құрылымын;

  • елердiң басқару түрлерi мен әкiмшiлiк-аумақтық құрылымын;

  • дүние жүзi елдерiнiң типтерi мен топтарын;

  • Жер шарындағы халықтың тығыздығы жоғары негiзгi аймақтарды;

  • неғұрлым көп таралған тiлдердi;

  • дүниежүзiлiк дiндердi, олардың таралуын;

  • мәдени-тарихи орталықтарды;

  • негiзгi табиғат ресурстарының түрлерiн;

  • табиғат ресурстарының жiктелуiн;

  • пайдалы қазбалардың кен орындарын;

  • халықаралық экономикалық байланыс түрлерiн;

  • дүниежүзiлiк шаруашылық салаларының түрлерiн;

  • -негiзгi өнеркәсiптi, ауылшаруашылықты,көлiк қатынастары аудандарын;

  • iрi ғылыми-ақпараттық, қаржы, сауда, рекреациялық орталықтарды;

  • дүние жүзiндегi iрi индустриялы елдердi;

  • жаңа игерiлген аудандарды;

  • дүние жүзiндегi еркiн экономикалық зоналарға мысалды атауы және (немесе) көрсете алуы тиiс;

  • минералды, топырақ, су, биологиялық ресурстарды үнемдi және пайдалану жолдарын, үнемсiз пайдалану себептерін;

  • неғұрлым iрi рекреация зоналарының шығу жағдайлары мен дамуын;

  • дүние жүзiндегi iрi қалалардың қызметтерiн;

  • маңызды өнеркәсiп және ауыл шаруашылық өнiмдерi түрлерiн сыртқа шығаратын және сырттан әкелетiн елдердi;

  • объектiлердiң экономикалық-географиялық орнының ерекшелiктерiн;

  • адамның шаруашылық қызметiнiң аймақтың табиғатына әсерiн;

  • табиғат пен қоғамның өзара үйлесiмдiлiгiн шешудiң жолдарын анықтай және (немесе) өлшей алуы тиiс;

  • дүниежүзiлiк шаруашылық құрылымының өзгеру тенденцияларын;

  • дүниежүзiлiк шаруашылықтың бiр саласын;

  • өнеркәсiп салаларын, ауыл шаруашылығын, қала, көлiк немесе рекреация аудандарын;

  • елдiң географиялық ерекшелiгiне (таңдау бойынша);

  • әртүрлi кезеңдегi шаруашылықтың дамуына табиғат пен адамның өзара әсерiн сипаттай алуы тиiс;

  • елдiң саяси-географиялық орны, географиялық орта, ресурспен қамтамасыз етiлуi, халықтың табиғи өсуi, урбанизация ұғымдарын;

  • елдер мен аймақтардың экономикалық даму деңгейлерiнiң айырмашылықтарын, саяси-географиялық орнын;

  • жеке аумақтарда адамдардың қоныстану дәрежесiн;

  • жеке елдер мен аймақтарды мысалға алып көшi-қон процестерiн;

  • бiрқатар елдер мен аймақтардағы демографиялық жаралас себептерiн және халықтың өсуiн;

  • халықтың табиғи өсуiндегi айырмашылықтарды, қарқынын және жеке елдердегi урбанизация деңгейiн;

  • халықтың қоныстану тарихындағы айырмашылықтарды, аумақты игеру мен дамуын;

  • Жер шарында дүниежүзiлiк дiндердiң таралуын;

  • дүние жүзiнiң саяси картасындағы өзгерiстердiң себептерiн;

  • табиғи ресурстардың негiзгi түрлерiнiң таралу заңдылықтарын;

  • географиялық ортаны және табиғат ресурстарымен қамтамасыз етiлуiн;

  • ғылыми-техникалық революция, дүниежүзiлiк шаруашылық, халықаралық еңбек бөлiнiсi ұғымдарын;

  • дүниежүзiлiк шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымының ерекшелiктерiн;

  • елдер мен аймақтардың экономикалық даму деңгейлерiндегi айырмашылықтарды;

  • өндiрiстiк және өндiрiстiк емес салалар арасындағы қатынастың өзгеруiн;

  • «жаңа индустриялы», «қайта қоныстану типiндегi» елдердiң географиялық ерекшелiктерiн;

  • шаруашылықтың негiзгi салаларын орналастыру ерекшелiктерiн;

  • дүние жүзiндегi елдер мен аймақтардың шаруашылыққа мамандануын, олардың шаруашылығының құрамы мен құрылымының ерекшелiктерiн;

  • «жасыл революция» ұғымдарын;

  • «адамзаттың ғаламдық проблемалары» ұғымдарын;

  • адамзаттың ғаламдық проблемаларының туындау себептерiн түсiндiре алуы тиiс;

  • халықаралық қатынастардың әсерiнен дүние жүзiнiң саяси картасындағы өзгерiстердi;

  • дүние жүзi елдерi мен аймақтарының ресурспен қамтамасыз етiлуiн;

  • шөл және тақыр жерлермен күрес нәтижесiн;

  • геосфера және барлық қоршаған ортаның антропогендiк ластану салдарын болжай алуы тиiс.

IV. ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Бүгiнгi күнi жастарды жалпы адамзаттық құндылықтардың басым бағыттарының бiрi iзгiлiкке тәрбиелеуде, адамгершiлiк сана-сезiмiн дамытуда географияның рөлi артып отыр.

Қазiргi дүниенiң өзара байланысы мен бiр-бiрiне тәуелдiлiгi жағдайында бiздiң алдымызда ғаламшарымыздың жылдам өзгермелi аспектiлерi мен аумақтық алуан түрлiлiгiн құрылымдық және проблемалық игерудiң жаңа әрi жауапты мiндеттерi тұр.

Курстың мазмұны оқушылардың ғылыми дүниетанымдық түсiнiктерiн қалыптастыруға, табиғат пен қоғамның бiр-бiрiнен бөлiнбейтiн бiртұтастығын түсiнуге, адам және табиғат арасындағы үйлесiмдiлiктi түсiнудегi географияның рөлiн бiлуге үйретедi.

Жалпы бiлiм беретiн мектептiң қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11 сыныптарында оқытылатын курстың бағдарламасы 68 сағатқа есептелген, оның 34 сағаты 10 сыныпта, қалған 34 сағаты 11 сыныпта оқытылады.

Курстың мазмұнында дүние жүзiнiң қазiргi саяси картасы және оның қалыптасу кезеңдерi; дүние жүзi халқының географиясы; дүниежүзiлiк табиғи ресурстар жұне оларды үнемдi пайдалану; ғылыми-техникалық революция; халықаралық экономикалық қатынастар; дүние жүзiнiң шаруашылық географиясы; дүние жүзiнiң ғаламдық проблемалалары; жеке елдер мен аймақтардың географиялық ерекшелiктерi мәселелерi қарастырылады.

Бағдарламаның құрылымы қазiргi географиялық ерекшелiктер мен дүние жүзiнiң аймақтық сипаттамасын түсiндiретiн тарихи-географиялық және елтану тәсiлдерi негiзiнде құрылған.

Сабақты өткiзу түрлерiне лекция, семинар, практикалық жұмыстар, есеп-сабақтар, түрлi тест тапсырмалары, тiрек конспектiлер және т.б. пайдаланылады.

Бағдарламада теориялық бiлiмдерiн нақтылы объектiлер мен аумақтарды талдау, салыстыру және қорытындылауға, оқудағы iс-әрекет тәсiлдерiн жаңа жағдайда пайдалану мақсатындағы практикалық жұмыстар басым.

Оқушылардың алған бiлiмдерiн өмiрде қолдана алуын көрсететiн iс-әрекет тәсiлдерi бағдарламада атауы және (немесе) көрсетуi, анықтауы және (немесе) өлшеуi, сипаттауы, түсiндiруi, болжауы сияқты бiлiктiлiктер арқылы берiлген.



Похожие:

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы алгебра оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы жаратылыстану оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы химия оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дүниетану оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы геометрия оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница