Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі




НазваниеҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
страница4/15
Дата конвертации15.11.2012
Размер1.58 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

1. Табиғатта су айналымы болады. Осының ең негізгісін булану алып жатыр Булануға әсер ететін факторлар жоғарғы температура, желдің жылдамдығы тағы басқалар.Булану тек суда ғана емес топырақтада болады . Мысалы қара топырақ -өзінің жылуды көптартуына байланысты көп буланады ,егер жер асты суы[грунд сулары ] көп болса соғұрлым булану көп болады ,өсімдік дүниесі көп болса соғұрлым булану аз болады. Бірақ өсімдіктер дүниесі тамырымен жер астынан немесе топырақтан суды тартып ,өздері атмосфераға буланып отырады. Ауада яғни ауа құрамында су газ тәрізді,қатты ,сұйық түрінде кездеседі.


Су атмосфераға 2-түрлі жолмен келеді : 1- ші физикалық булану ол өзендер ,көлдер,мұхиттар яғни су қоймаларының беттерінен судың буланып жетуін айтамыз ,2 ші транспирацияның булануы ол өсімдіктер арқылы булану .Атмосфераның төменгі қабаттары суға және буға толы болады және және олар жоғарыға қарай көтеріліп тұрады. Содан соң бұлттар пайда боладығ, содан соң жауын –шашын пайда болады.Атмосферадағы булы су әрбір 10 күн сайын жаңарып отырады .

Бірақ өсімдіктер дүниесі тамырымен жер астынан немесе топырақтан суды тартып ,өздері атмосфераға буланып отырады.Булану нәтижесінде топырақта ,су қоймаларында ,өсімдіктер де көптеген мөлшерде су жоғалтады Барлығы сулануда ,булануда тең болуы қажет.

2. Атмосфера Жердегі тірі организмдерді Күн радиациясының ультрофиолеттік сәулелерінен сақтайды.Атмосферада тасты-темірлі метеориттік ағындарға қалқан, Жер бетіндегі тірі организмдерге жылулық жағдай жасайды.Атмосферасыз жаңбыр,жел,дыбыс,ешқандай метеорологиялық көріністер болмас еді. Атмосфераның құрамы Жердегі тірі организмдердің дамуына оң ықпалын тигізеді.

3. Атмосферамен Жер бетінің арасында жылулық және ылғал айналымы болады.Дүние жүзілік мұхиттар Жер бетіне ылғал шығарушы орган болып табылады.Сондай-ақ жердің жасыл өсімдіктері көмірқышқыл газын жұтып,оттегі шығарады,сондықтан оларды Жердің өкпесі деп атаймыз.Сондай-ақлитосферамен байланысы—Атмосфера Жер бедерін қалыптастырушы этзогендік фактор-температура,жел,жауын-шашындар т.б. болып табылады.

Атмосфера адамның шаруашылық іс-әрекеттеріне үлкен ықпал етеді,бірақ соңғы кезде адам атмосферағаықпал ете бастады,әсіресе соңғы он жылдықта.Адам ісч-әрекетінен атмосфералық диоксид көмірқышқыл газымен улануы және басқа газдармен улануы температураның көтерілуіне әсер етеді.Ормандардың жойылуы,-оттегінің азаюына әкеп соғуда,Жер бетінің—жер жырту арқылы,мұхиттың ластануы осының бәрі атмосфераға және климатқа әсер етеді.Ең ірі ластаушы ядролық соғыс болуымүмкін.Соның салдарынан атмосфераның шаң-тозаңмен ластанып,бірнеше күн ішінде,ондағанградус планетамыздың түпкір-түпкірінде төмендеп,суынып,бірнеше айға созылған суыну болып Жер бетіндегі тірі организм жойылып кетуі мүмкін.Планетамызда ,,Ядролық қыс,,болуы мүмкін.

Жер бетіндегі құрғақ ауаның құрамында 78% азот 21% оттегі,1% инертті газдардан құралады. Әрбір географиялық қабықта өз орны зор.

1.Оттегі –Жер бетіндегі бүкіл тіршіліктің тыныс алуына әсер етеді,жану процесіне әсер етеді.

2. Азот--өсімдіктердің минералдың қоректен,уіне әсер етеді.

3. Көмір қышқыл газының диоксиді-Жердің жылытушы(0,03%),яғни күн радиациясындағы сәулеленуді Жер бетінде ұстап тұрушы-парникті эдирент пайда болады. Осы газдың көбеюі Жердегі температураның жоғарлауына әсер етті. Атмосферада озонның қалыңдығы 3мм. Озон күннен түсетін ультрафиолеттік сәулесін қайта космосқа қайтарады
Лекция № 7

Тақырыбы: Топырақ туралы түсінік

(1 сағат)

Жоспар:

1. Топырақ туралы түсінік

2.Топырақтың табиғаттағы орны мен маңызы.

3.Топырақ түзілу процесі ( физикалық, механикалық, химиялық)

Лекцияның мақсаты: Топырақ туралы қарастыру.

Лекция мәтіні:

1.Топырақтану - топырақ және оның құрылымы, құрамы, қасиеттері және географиялық таралу зандылықтары, түзілуі, табиғаттағы орны, экологиясы, тиімді пайдалануы мен жақсарту жолдарын зерттейтін ғылым.

Топырақтану ғылымының қалыптасуы орыстың аса дарынды Табиғаттанушы ғалымы В.В.Докучаевтың (1846-1903) есімімен тығыз байланысты. В.В.Докучаевтан кейін оның еңбегін көптеген талантты шәкірттері жалғастырды. Генетикалық томырақтану XX гасырдың басында табиғаттанудың жаңа бір саласы ретінде қалыптасты. Генетикалық деген түсінік «генезис», яғни топырақтың пайда болуы, дамуы деген ұғымды білдіреді.

Қазақ халқы жерді - ана, егістікті - асыраушы деп айтады, өйткені адамзат қажетті азықты, жеңіл өнеркәсіп үшін шикізатты өсімдік және жануарлар көмегімем топырақ арқылы алады. Жер бетінде топырақ нағыз асыраушы болу үшін, оны терең білу қажет, оның құнарлылығын кемітпей, үздіксіз артрыра отырып пайдалану керек. Сондықтан бүл мәселелерді шешу жолдарын адам баласы үнемі іздестіріп келеді.

Адам баласы ең алғаш жерді егіншілікке пайдалана бастағанда, топырақ туралы түсінік болмаған, топырақ жер деген үғым ретінде қалыптасқан. Бүл жай түсінік бірнеше мыңдаған жылдар қажетке жараған, өйткені адамзаттың алдында соңғы жүзжылдықта туған проблемалар ол кезде жоқ еді. Соңғы ғасырларда ашаршылықтың кейбір аймақтарда орын алуы, жердің жетіспеуі, эрозия, қүрғақтану, топырақтардың құнарлылығының азаюы, т.б. Осы мәселелерді шешу үшін топыраққа назар аударыла басталды.

XIX ғасырдың орта кезеңінде агроном, агрогеолог, агрохимиктердің еңбектерінде топырақ туралы алғашқы түсініктер жазыла бастады. Олар топырақтың жоғары қабатының құрамындагы органикалық жэне минералдык қалдықтарға көңіл бөліп, топырақ деген жсрдің тек жыртылған, өсімдіктердің тамырлары жайылған қабаты деп есептеді. Топырақ дегеніміз не деген сұраққа бсрілген осындай анықтама, В.В.Докучаевтың ғалымға жаңа бағыт әкелген кезеңге дейін өріс алып келді.

1879 жылы Санкт-Петербургте болған табиғат зерттеушілсрі қоғамының геология және минералогия бөлімінің мәжілісіндс В.В.Докучаев баяндама жасатты, топыраққа бірнеше жаңа анықтама берді. Кейін бұл пікірлер әрі қарай дамытылып, жетілдіріле түсті.

Қазіргі түсінік бойынша топырақ - жер бстінің майда ұнтақталған құнарлы қабаты, тірі және өлі табиғатқа тән бірнеше сипаттары меи қасиеттері бар срекше құрылым. Топырақ -асыраушы ана, күш-қуаттың қайнар бұлағы, тіршіліктің тірегі, ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі өндіргіш күші. Егіншілік, малшаруашылығының өркендеуі топырақ құнарлылығына тікелей тәуелді. Ескеретін жай, топырақтың басқа өндіргіш күштерден (машиналар, станоктар, т.б.) айырмашылығы сол, оны дұрыс күтіп, баптап, пайдаланса, ол қоғам үшін үздіксіз құнарын беріп халықты асырайды, машиналар сияқты минералдық және физикалық жағынан азып-тозып істен шықпайды. Баршаға белгілі табиғат қорлары сарқылмайтын және сарқылатын болып екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорларға, мысалы ғарыш, климат қорлары жатады. Сарқылатын қорлар өзінше екіге бөлінеді: қалпына келетін және қалпына келмейтін қорлар. Қалпына келмейтін қорлар қатарына мұнай, көмір, т.б. кендер, ал қалпына келетіндер қатарына өсімдіктер, жануарлар.Су қорлары және топырақтар жатады. (Банников, 1977) Бірақта топырақты қайтып қалпына келетіндерге қосқанға келісу қиын. Мысалы, биыл орылған шөп келесі жылы қайта шығады, тіпті бір жылдың ішіндс ксйбір өсімдіктерден бірнеше өнім алуға болады. Кесілген ағашты қалпыма келу үшін бірнеше жыл керек. Құнарлы қабаты бір себептерден шайылып кеткен топырақтардың қалпына кслуі үшін өте ұзақ уақыт керек. Табиғи жағдайда топырақтың түзілуі ұзаққа созылатын құбылыс. Мәселен, қалыңдығы 20 см жыртылатын топырақ қабаты түзілуі үшін табиғи жағдайлардың өзгешеліктеріне қарай 3-7 мың жыл уақыт керек.Құнарлы қабаты түгелдсй жойылған топырақтар болжамды уақьттарда өз-өзінен қалпына келмейді. Сондықтан да адам өзінің тыныс-тіршілігінде топырақтың құнарлы қабатын су жоне жел эрозиясынан, басқа да экологиялық апаттардан қорғай отырып, топырақ құрамын жылма-жыл арттыру және жақсарту шараларын іске асыруы қажет.

2.Топырақтың табиғаттағы орны мен маңызы. Топырақ планетарлық қабаттардың (литосфера, атмосфера, гидросфера) шекарасында жайғасып, солардың бір-бірінің арақатынасынан дамып, геосфераның ерекше қабығы педосфераны, яғии Жердің топырақ жамылғысын түзеді. Сонымен бірге топырақ жер шарының тіршілік дамыған аймағы - биосфераның негізгі компоненті. Топырақтың табиғаттағы рөлі өте зор. Ол жер бетінде тіршіліктің дамуына қолайлы орта. Топырақ - өзі тіршіліктің туындысы бола тұрып, сол тіршіліктің өмір сүруінің де негізі. Топырақ арқылы жср бетінде заттардың үздіксіз үлкен геологиялық және кіші биологиялық айналымы өтеді. Биологиялық кіші зат айналымы кезінде, ең алдымен, аналық тау жынысынан, кейін топырақтан өсімдіктермен қоректік элементтер алынады. Олардан суға ерімейтін күрделі органикалық қосылыстар түзіледі. Әр жылы өсімдіктерден қурап түскен органикалық қалдықтардан қоректік элементтер бірге түсіп, топыраққа қайтып оралады. Биологиялық кіші зат айналымның негізгі нәтижесі - қоректік элементтердің топырақтың жоғары тамырлы қабатында шоғырлануы, құнарлы топырақтың түзілуі. Ал геологиялық үлкен заттар айналымы жер қойнауындағы және жер бетіндегі тау жыныстарының өзгеруі мен қозғалуын қамтиды.

Құрғақ жер мен теңіз арасындағы геологиялық үлкен зат айналымы нәтижссінде борпылдақ үгілу қабаты құралады, топырақтың түзілу процесінің негізі қаланады. Жер бетіндегі осы екі айналымның арасындағы байланыс топырақ арқылы өтеді.

3.Топырақ - табиғат туындысы, табиғи әрі тарихи дене. Бір кездерде жер беті қазіргі ай планетасының ландшафты сияқты топырақсыз, өсімдіктерсіз, ауасыз, тіршіліксіз тып-типыл, мүлгіген дүние болған. Жер бетінің жамылғысы бастапқыда тығыз қатты тау жыныстарынан тұрды. Бұл тау жыныстары алғаш өздері пайда бола бастасымен-ақ, үздіксіз үгілу кұбы-лыстарына ұшырады. Қатты тау жынысының үстіне топырақ түзіле алмайды. Топырақтың түзілуі үшін, ең алдымен, қатты тау жыныстары майда ұнтақталған, кеуекті тау жыныстарына айналуы керек. Жер бетіндегі қатайған тау жыныстары табиғат күштерінің ғасырлар бойы үздіксіз әсерінен бірте-бірте қирап, 1 бұзылып, қопсыған жыныстарға айналды. Бұл құбылысты геологияда үгілу (выветривание) деп атайды. Үгілу құбылысы тарихи топырақ түзілуден бұрын болған, сөйтіп ол топырақтың түзілуіне жағдай жасады.

Бұл құбылысқа табиғат күштерінің, әсіресе температуранын, судың, желдің, күн сәулесінің, көшпелі мұздардың әсері ерекше.

Тау жыныстарының үгілуінің физикалық, химиялық және биологиялық түрлері бар. Физикалық жолмен үгілуі деп - тау жыныстарының химиялық құрамы өзгермей, тек әр түрлі механикалық бөлшектерге бөлінун айтады. Фиикалық үгілулерге қатысатын негізгі күштер - температура, жел күші, тасқын сулар мен көшпелі мұздар. Физикалық үгілудің қарапайым мысалын келтірейік. Мәселен, әр түрлі температура әсерінен тау жынысында жарылған сызат пайда болды делік. Уақыт өте келе лған ауадан ылғал кіріп, қыста мұзга айналып, ісінеді де әлгі сызат үлкен жарықшаққа айналып, қатты тау жынысын әрі қарай бұзады. Таулы аймақтарда жиі-жиі жауған жаңбырдан кейін қар қабатарының көктемде бір мезгілде тез еруінен сел тасқындары болмай тұрмайды. Оның күшімен тіпті ірі-ірі тастар допша домалайды. Бір-біріне соғылған тастар жаңғақша шағылып, майда жыныстарға айналады.

Химиялық үгілу - тау жыныстары құрамындағы әр түрлі тұздардың немесе басқа қосылыстардың суда, қышқыл мен сілтіде еруінен және ауадағы оттегімен тотығуынан пайда болатын құбылыс. Мұның нэтижесінде химиялық құрамы жағынан жаңадан минералдық заттар пайда болады. Бұл заттар өздерінің суда ерігіштік қасиетіне, өзіндік салмағына қарай әр жерлерге түрліше шөгеді. Физикалық және химиялық үгілу процестері, әдетте, қосарласа жүреді. Бұлардың өту жылдамдағы табиғи ортаның климат жағдайларына тікелей байланысты. Алайда, әр аймақтың климат жағдайларына қарай оның бір түрі екіншісіне қарағанда басым болады.

Физикалық және химиялық үгілулердің нәтижесінде таулар бұзылып шыңдар мүжіледі. Құм мен балшық суға жуылып-шайылып, су күшінің кемуіне және жер бедерінің ыңғайына қарай шөгеді. Жел күшімен ауаға ұшады, шаңданады. Бұл ғасырлар бойы үздіксіз құбылысты ештеңе де тоқтата алмайды. Нөсерлетіп құйған жаңбырдан қатты соққан желден жер беті шамалы өзгеріске түседі. Ескі дәуірде тірі жәндіктер мен өсімдіктер болмаған кезде майда ұнтақталған жыныстарды желімше ұстап тұратын ештеңе болмаған, топырақ түзілмеген. Сондықтан топырақ та пайда болмады.

Физикалық үгілу болсын, химиялық үгілу болсын өзінше топырақ түзе алмайды. Топырақ түзілу құбылысы - физикалық та емес химиялық та емес. биологиялық құбылыс.

Биологиялық үгілу нәтижесінде қатты тау жыныстарыңан қопсыған, ылғал сіңіргіштік, су өткізгішпк қасиеті бар ұнтақталган жыныстар пайда болады. Әдетте, физикалық және химиялық үгілу кезінде босаған, суға ерігіш, өсімдіктерді қоректік минерал заттар ауқымды геологиялық заттар айналымына түседі де әр түрлі су ағыстарымен, өзендерге, тсңіздерге тіпті мұхиттарға қосылып, шөгінді жыныстарға айналады. Осы қопсыған, ұнтақталган жыныстарға тірі организмдер қоныстана бастаған уақыттан бастап олардың денесіне керекті заттар өсімдіктер мен микроорганизмдердің таңдамалы сіңірулерінің, нәтижесінде көлемді геологиялық айналымнап келіп түседі, яғни ауқымды геологиялық зат айналымынан кіші биологиялық зат айналымына көшеді. Органикалық заттар суда ерімейтін болғандықтан, бұл заттардың қоры жыл санап молая береді. Сонымен құрамында қоректік заттары жоқ тау жынысы тігі организмдер мекендегеннен кейін қоректік биофильді минералды және органикалық азотты заттардың қорына айналады. Басқаша айтқанда, құнарсыз тау жынысының орнына құнарлы топырақ пайда бола бастайды.

Бақылау сұрақтары:

  1. Топырақтың табиғаттағы орны мен маңызы

  2. Физикалық үгілу

  3. Химиялық үгілу

  4. Биологиялық үгілу


Лекция № 8

Тақырыбы: Топырақ түзілуінің материалдық негіздері

(1 сағат)

Жоспар:

1.Тау жыныстарының орташа химиялық құрамы.

2.Жер бетіне жақын ауаның химиялық құрамы.

3.Топыраққа түсетін ауа ылғалдары мен жерасты ыза суларының химиялық құрамы.

4.Тірі заттардың химиялық құрамы.

5.Биологиялық сіңірудің белсенділік қатары.

Лекцияның мақсаты: Топырақ түзілуінің материалдық негіздерін қарастыру.

Лекция мәтіні:

1.Топырақгың түзілуіне жоғарыда сипатталған топырақ түзуші факторлармен қатар, оның түзілуіне тікелей қатысы бар минералдық негіздер әсерін тигізеді. Топырақ түзуші минералдық негіздерге: аналықтау жынысы, осы қабаттағы ауа құрамы мен ылғал, мекендейтін бүкіл жоғарғы жэне төменгі сатылы организмдер қосындылары жатады. Табиғаттын ауа райы мен жер бедерлерінің өзгешелігі нэтижесінде әр түрлі топырақтар түзіледі.

Тау жыныстарының орташа химиялық құрамы. Тау жыныстарындағы химиялық элементтердің кларк үлестеріне байланысты олар 3 топқа бөлінеді

  1. Мол элементтер, кларк көрсеткіштері –п10-п10-2

  2. Аз элементтер, кларк көрсеткіштері –п10-2-п10-3

  3. Өте аз элементтер, кларк көрсеткіштері –п10-3-п10-5

Тау жыныстарының орташа химиялық құрамы % есебімен А.Н Виноградов, 1962; М.А Глазовская, 1981 оқулығынан)



Сонымен, тау жыныстарындағы негізгі элементгерді О, Sі, АІ - құрайды, олар 84,05% алады. Оларға тагы Ғе, Са, Nа, К мен Мg-ді қоссақ, сеігіз элементтердің үлесіне тау жыныстарының 98,87% тиеді. Ал енді оларға қалган 10 элементтерді қоссаа барлыгының мөлшері 99,82% құрады

Топырақтар түзілу құбылыстары нәтижесінде жалпы тау жыныстарының құрамын сақтай отырып, оған көптеген элементтердің кларктары женінде өзгерістер енгізеді.

2.Жер бетіне жақын ауаның химиялық құрамы. Топырақ түзуші тау жыныстарының құрамымен салыстырғанда топырақ бетіндегі ауаның құрамы, ондағы кездесетін аз элементтердің қатынас мөлшері өте алшақ.

Жер бетіне жақын ауаның орташа химиялық құрамы%



Келтірілген мәліметтерден азот жер қыртысында аз элементтер қатарында болса, ауа құрамында ол негізгі құраушы элемент. Ауадағы азот - топыраққа берілегін азоттың негізгі көзі. Жер бетіндегі және топырақ кеуектеріндегі көмірқышқыл газы (СО22О =Н2СО3) ылғалмен қосылып көмір қышқылын түзеді, ал ол қышқыл жер қыртысындағы, топырақтағы басқа әр түрлі химиялық элементтер мен қосылып, түрлі реакциялар жүруі арқылы карбонатты тұздар түзеді.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Похожие:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы алғАШҚЫ Әскери дайындық
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен тәжiрибелі өнеркәсiптiк жабдықтарды сатып алу Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Микробиология және вирусология институты»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Микробиология және вирусология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы информатика жалпы білім беретін мектептің 7-9 сыныптарына арналған
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы сызу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница