Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі




НазваниеҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
страница5/15
Дата конвертации15.11.2012
Размер1.58 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

3.Топыраққа түсетін ауа ылғалдары мен жерасты ыза суларының химиялық құрамы. Ауадан түсетін ылғал топырақтағы барлық тіршілікті және ондағы жүретін бүкіл химиялық реакцияларды қамтамасыз етеді. Суда тез ерігіш тұздарды ерітеді, оларды топырақ қабатынан әкетеді.

Ауадан түсетін ылғал, әдетте, таза су емес, ол өзімен ауа газдарын, шаң-тозаңдарды, тұздарды, қышқылдарды ілестіре келеді. Кей кездерде ауадағы топырақ бетінен немесе теңіз беттерінен ұшқан тұздар ылғалмен еріп топырақ бетіне қайта сіңіп жатады.

Мұхит пен теңіз беттерінен желмен үшқан тұздар эдетте мұхит, теңіз жагалауларында кездеседі. Оның мәнісі: су толқындарының жағалауға соғылуынан көптеген су тамшылары пайда болады. Бұл тамшылар желдің қатты күшімен ауаға ұшады да,су тез буға айналады, ал тамшы құрамындағы тұздар желмен әрі тарапқа ұшады, кейін ауа ылғалымен топыраққа сіңеді.

Топыраққа ауадан түсетін ылғалдармен қатар оның бетіне} жақын жатқан жерасты ыза суларымың химиялық құрамдарының да тигізер әсері мол. Бірақ әлемде ондай жерлер аса көп, емес, олар өзендер, теңіздер мен мұхит жағалауларында, жерастыа ағысы нашар өзен бойларының төменгі атырауларында, суармалы егіншілік көптен өріс алған, жерасты ағыны аз жазиралы алқаптарда орын алады.

Жерасты ыза суларының топырақтың механикалық құрамдарына қарай оған әсерлері әртурлі. Топырақ құрамы жеңіл құмды, құмдақ болса, жерасты ыза суының қылтүтіктер арқылы көтерілуі 0,5-1 м-ге жетеді.

4. Тірі заттардың химиялық құрамы. Жер қыртысындағы,судағы жэне жер бетіне жақын, ауадағы элементтер тірі организмдермен (ағзалармен) сіңіріліп,қайтадан топталып, топыраққа бастапқы жагдайларына қарағанда басқа түр мен арақатынас күйінде қайтарылады.



Келтірілген мәліметгер тірі ағзалар негізінен үш элементтен (оттегі,көміртегі, сутегі) тұратынын көрсетеді, олардың қосындысы бүкіл тірі ағзалардың құрамының 98,5%-ын құрады. Азот мөлшері- 0,3%, ал бактериялар құрамында олардың мөлшері бірнеше процентке жетеді. Тірі организмдерде оларды өртегеннен кейін немесе ыдырағаннан қалатын күлде де элементтер

бар. Олардың орташа көлемі - 1,5%, алайда ол тірі ағзалардың қай алқаптарға орналасуына байланысты. Күлдік элементтердің мөлшері 5-7%, ал кейбір сор топырақта өсетін өсімдіктер құрамында - 20-25%-ға жетеді.

5.Өсімдіктер мен жануарлар химиялық элементтерді өздерінің биологиялық қажеттілігіне байланысты таңдап сіңіреді. Сондықтан күлдік пішіндегі элементтер құрамы жер қыртысындағы элементтерге қарағанда тіпті өзгеше. Тау жынысынан немесе топырақтан тірі организмдердің элементтерді биологиялық сіңіру белсенділігі Б.П.Полынов пен А.И.Перельманның енгізген сіңірудің биологиялық коэффициенті арқылы анықталады.

Биологиялық сіңірудің белсенділік қатары (А.И.Перельман,1972,М.А Глазовская,1981 бойынша)



Сонымен өсімдіктер күлінде кездесетін элементтер, олардың таңдамалы сіңірулерінің нәтижесінде тау жыныстарындағы элементтерге қарағанда өзгеше болады. Осы жағдайларды ескере отырып, жер қыртысы құрамындағы атомдары қайта топталады, бұл жағдай биосфераның геохимиясы үшін де, биосфераның ең тірі заттар мол тараған бөлігі - топырақ үшін де маңызды. Бұл топыраққа, оны жоғаргы кабаттарының химиялық құрамына, әсіресе топырақтың органикалық заттармен толығуына ықпал етеді.

Бақылау сұрақтары:

1.Тау жыныстарындағы мол элементтер, Кларк көрсеткіштері бойынша

2.Тау жыныстарындағы аз элементтер, Кларк көрсеткіштері бойынша

3. Тау жыныстарындағы өте аз элементтер, Кларк көрсеткіштері бойынша

4. Жер бетіне жақын ауаның орташа химиялық құрамы%

5. Тірі ағзалардың орташа химиялық құрамы

6. Биологиялық сіңірудің белсенділік қатары
Лекция № 9

Тақырыбы: Топырақтың радиоактивтілігі

(1 сағат)

Жоспар:

1.Топырақтың радиоактивтілігі.

2.Топырақтағы табиғи радиоактивтік изотоптар.

3.Топырақ түзуші тау жыныстарының табиғи радиоизотоптарының мөлшері.

4.Топырақтағы антропогендік радиоактивтік изотоптар.

5.Радиоактивтік элементтердің топырақта таралуы.

Лекцияның мақсаты: Топырақтың радиоактивтілігін қарастыру

Лекция мәтіні:

1.Топырақтың радиоактивтігі топыраққа табиғи немесе антропогендік жолмен келген радиоактивті элементтерден пайда болады. Ол уақыттың бір мөлшерінде бөлінетін ядро/ сандарымен белгіленеді. СИ жүйесінде радиоактивтік өлшем беккерельмен өлшенеді (1Вк=1с/ бөлшек) немесе белсенділіктің тағы бір өлшемі - кюри (1 Ки=3,7.10'° Бк).

Топырақтың радиоактивтігі негізінен табиғи радиоактивті элементтермен байланысты (ТРЭ). Бұл радиоактивтіктің түрі әрқашанда азды-көпті мөлшерде барлық топырақтарда кездеседі. Олар екі топқа бөлінеді: біріншісі - топыраққа аналық жыныстармен немесе геохимиялық ағынмен келетін, екінші космогендік (топыраққа атмосферадан келген), яғни космостық сәулелерімен тұрақты элементтердің ядроларының қарым-атынасынан пайда болатын топ. ТРЭ-нің концентрациясы әлемдік орта мөлшері 1000 Бк/кг (25.10~9 Ки/кг) белсенді; құрады, бірақ концентрациясының өзі өте үлкен аральп өзгеріп тұрады (100 еседен кем болмайды), ол ТРЭ-нің топырақ түзуші жыныстардың ішіндегі мөлшеріне байланысты.

2.Топырақтың табиғи радиоактивтігі көбінесе ауыр металдардың реттік нөмірі Z»82 радиоизотоптарымен (радионуклеидтермен) байланысты. Бұлар үш туыстық құрады: уранның (басы 238U жартылай бөліну мерзімі Т1/2=4,5.109 жыл) актинийдің ( басі 235U, Т1/2=7,1.1О8 жыл) және торийдің (басы 23 2ТҺ, Т1/2=1,4.1010жыл). Бұлардың әрқайсысына кезекпен көбінесе альфа бөлшектер (гелийдің ядросы), кейбіреулері бета- және гамма бөлшектерін шыгаратын 17, 14, 12 радиоактивті изотоптар кіреді.

Бөлінген ең соңғы заттар - қорғасынның тұрақты изотоптары: 206Рв, 207Рв, 208Рв. Бұлардың арасындағы изотоптар аз уақыт қана болады және олардың пайда болуы аналық радиоизотоптарға байланысты.

Бүлінбеген тау жыныстарында әр туынды радиоактивтігінде тепе-теңдік жағдайы байқалады. Ол кезде барлық туынды мүшелерінің саны бірдей болады. Топырақта радиоактивтік тепе-теңдік сақталмайды, өйткені радиоактивтік туыстық құрайтын түрлі элементтердің миграциялық қасиеттері әр түрлі болады. Мысалы, әрбір туыстық арасындағы шығатын газ түріндегі радон және оның көп бөлшегі атмосфераға ұшуы мүмкін.

3.Топырақ түзуші тау жыныстарындағы радиоизотоптардың мөлшерлері көрсетілген.

Уран - табиғи уран 234U (0,0058%), 2О6U(О,71%) және 238U(99,28%) изотоптарынан түрады. Уран көптеген тау жыныстарының ішінде кездеседі, ал топырақтарда тұрақты болады. Оның мөлшері, әсіресе фосфаттарда көп. Сондықтан да фосфор тыңайтқыштарында жэне фосфатты тау жыныстарынан түзілген топырақтарда көп кездеседі.

Радий - жоғары атомдық салмағы бар 22бRd ауыр химиялық элемент. Ол химиялық элементтердің ішінде сілтілі-жер элементгеріне жатады, яғни биофильді кальций, магний элементтердің аналогы. Радийдің ядросы сәулелермен бөлініп, басқа типке айналғанда көп мөлшерде жылу бөліп шығарады. Оны радийлі белсенділік, ал элементтердің өздерін радий белсенділер деп атайды.


Торийдің тау жыныстарындағы мөлшері едәуір. Торий топырақта және топырак - өсімдік арасында жылжуы жагынан баяу химиялық элементтерге жатады, бірақ та топырақтың жалпы радиоактивтігіне қарағанда бұл элементті де қоса қараған дұрыс. Торий көптеген химиялық қасиеттерімен уранға ұқсас, сондықтан да көбінесе бір минераддарда кездеседі.

Калий-40және рубидий -87 - топырақтың радиоактивтігіне үлкен (50%- дейін) үлес қосатын және ұзақ уақыт өмір суретін изотоптар, Топырақтағы жалпы калийдің мөлшері белгілі болса, 40К мөлшерін анықтауға болады. ( К - жалпы калийдің 0,01 18% құрайды). Бұл барлық табиғи радиоактивтің ішінде кең тараган изотоп. Бұл элементке қарағанда рубидий-87-нің рөлі аз, өйткені оның жартылай ыдырау мерзімі ұзақ болады.

Көмір-14 және тритий - космогендік радиоизотоптар. Табиғи радиоизотоптардың ішінде топыраққа маңыздысы көмір14 және сутегінің өте ауыр изотопы тритий. Бұлар атмосферада ғарыш сәулелері нейрондары меи азот ядросының әрекеттесуімсн пайда болатындықтан, топыраққа ауадан туседі сондықтан да олардың мөлшері тұрақты көлемде болады.

4. Антропогендік жағдайдан пайда болған радиоактивтік ядролы жарылыс, атом өндірістерінің қалдықтары т.б. себептермен топыраққа радиоактивтік изотоптарды әкеледі. Атом жарылыстарынан пайда болған радиоактивтік заттар ауамен таралып жауын-шашынмен жерге түсіп, топырақты және табиғи суларды радиоактивтік заттармен ластайды. Антропогендік радиоактивтік изотоптар туралы айтқанда Қазақстан жерінің басым бөлігінде олардың көп тарағанын ескерткеніміз жөн. Оның басты себебі қазақ жерінде уранның негізгі кендері табылып, Одақ кезіндегі атомдық сынақ жарылыстары да осында жүргізілгені белгілі. Биологиялық айналымға қосылып, жануарлар денесіне, олар арқылы адамның денесіне еніп, жайылып, радиоактивтік сәуле тигізеді.

Ең қауіптісі стронцийдің изотопы (90Sr), цезийдің (137Сs), өйткені олардың жартылай ыдырау уақыты өте ұзақ ( Sг - 28 жыл, '37Сs - 33 жыл) және олардың сәуле шыгару күші үлкен болғандықтан, биологиялық айналымға белсенді қатысады.

Сондықтан бұл изотоптардың топыраққа сіңіру зандылықтарын, олардың топырақта жылжу тәртібін жақсы білу керек.

Бұл изотоптардың екеуі де топырақтың қатгы бөлігіне толық сіңіріледі. себептен 80-90% топырақтың жоғары қабатына жиналады.

5.Топырақтағы радиоактивтік элементтердің мөлшеріне әсер ететін жағдайдың бірі - топырақ түзілу процесінде аналық тау жынысының өзгеру деңгейі. Мысалы, элювиалды карбонатты жыныстардан түзілген топырақтарда ТРЭ мөлшері, топырақ түзуші басқа жыныстарға қарағанда бірнеше есе көп болады. Себебі топырақ түзілу процесіндегі карбонатгардың үгілулері ТРЭ-нің көбеюіне әкеледі. Топырақ құрамы өзі түзілген жыныстардан айырмашылығы көп болса, топырақтағы және жыныстардағы радиоактивтік элеменітердің мөлшерлері өте алшақ болады, мысалы, шымтезекті топырақтарды алсақ, ТРЭ-нің топырақ қабаттарында терендеген сайын өзгеруі топырақ түзілу процесінің ерекшеліктеріне байланысты. Карбонатты топырақтарда жоғарғы гумус қабатында ТРЭ мөлшері жоғары болып, төмендеген сайын азаяды. Күлгіндеу, сортандану, балшықтану процестері нәтижесінде ТРЭ эллювиалды қабаттарына немесе глей қабаттарына ауысады, оның мөлшері 1,5-3 есе артады. Орманды-дала, қара топырақ, қара қоңыр, жартылай-шөл, шөл топырақтардың қабаттарында ТРЭ-нің таралу тәртібі анық белгіленбейді. Жалпы табиғи радиоактивтік элементтердің топырақ қабаттарында таралуы балшықты бөлшектердің және бірлі жарым тотықтардың таралуымен байланысты.

Соңғы кезде топырақтағы радий мен уранның арасындағы торий мен уранның арасындагы қатынасты топырақ түзілу процесінің көрсеткіштері ретінде пайдалану керек деген пікір айтылып жүр. Бұл қатынастарды гидроморфті және жартылай гидроморфті топырақтардағы процестерге пайдалануға болады. Басқа топырақтарда бұл көрсеткіштердің өзгеруі анық байқалмайды, ТРЭ топырақтардағы процестерге қатысып, органикалық молекулаларды полимерлеу құбылысына қатысып, топырақтың құрылымын жақсарта алады деген де ойлар бар. Ыдыраған радиоактивті сәулелердің реакциялық жоғары белсенділігіне байланысты, сондай құбылыстар өтуі мүмкін деп есептелді. Бірақ та мұндай әдіспен топырақтың құрылымын жақсартудың мүмкін еместігі, оған табиғи радиоактивті элементтердің сәулелерінің дозасы бос радикалдарды құруға жетпейтіндігі дэлелденді. Топырақтың табиғи радиоактивтік қасиетін тау жыныстардың және топырақтардың жасын анықтау үшін пайдаланады. Радиоактивті әдістердің ішінен уран-қорғасынды, калий-аргонды, рубидий-стронций, радиокөмір-тегін пайдаланады. Топырақтың жасын анықтауда радиокөміртекті әдісті қолданады, себебі бұл әдістердің анықтайтын жасы ондаған млн жыл, қай топырақтың болса да жасынан артық.

Қазіргі кездегі топырақтардың жасы бірнеше жүз жылдан (күлгін) бірнеше мың жылдық (қаратопырақ). Яғни көміртегінің айналымы күлгін топырақтарда қаратопыраққа қарағанда тезірек болады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Топырақтың табиғи радиоактивтігі көбінесе ауыр металдардың реттік нөмірі

  2. Антропогендік жағдайдан пайда болған радиоактивтік ядролы жарылыстар

  3. Топырақтағы радиоактивтік элементтердің мөлшеріне әсер ететін жағдайлары

4. Топырақ түзуші тау жыныстарындағы радиоизотоптардың мөлшерлері


Лекция № 10

Тақырыбы: Топырақтың механикалық және химиялық құрамы

(1 сағат)

Жоспар:

1.Топырақтың механикалық құрамы.

2. Топырақтарды механикалық құрамына байланысты топтастыру.

3.Топырақтың орташа химиялық құрамы.

4.Микроэлементтер

Лекцияның мақсаты: Топырақтың механикалық және химиялық құрамын қарастыру.

Лекция мәтіні:

1.Топырақтың қатты минералдық бөлігі негізінен топырақ тузілу процестерінде әр түрлі өзгерістерге ұшыраған аналық жыныстардан тұрады. Аналық жыныстар топырақ түзу процесінде топырақ түзуші факторлардың әсерінен өсімдік тірші лігіне қажетті заттарға байыған, толтырылған ортаға айналады.

Топырақтыц механикалық құрамы деп, оның көлемі жөнінен әр түрлі түйіршік бөлшектерден тұратынын ашады.

Топырақ түйіршіктері неғұрлым майда болса, соғұрлым топырақтар балшықты-сазды келеді. Ал топырақ түйіршіктері ірілеу болған жағдайда ол құмдақ немесе құмды болады. Егер де топырақ құрамында майда түйіршіктер мен ірілеу түйіршіктер аралас кездессе, бұл топырақтар құм-балшықты топырақтар болып саналады. Әдетте, топырақ негізінен майда ұнтақталған түйіршіктерден тұратын болғандықтан түйіршік көлемі оның диаметрінің ұзындығымен мм есептелінеді.

2.Топырақтарды механикалық құрамына қарай топтастыру.


Топырақтың механикалық құрамының топырақ түзуде, топырақты ауыл шаруашылығы және басқа мақсаттарға пайдалануада маңызы зор.

Топырақтың механикалық құрамымен оның кеуектілігі, су сыйымдылыгы, ылғал өткізгіштігі, ылгалды жогары көтеру қасиеті, қоректі затгарды жинау мүмкішнілігі, ауа - жылылық режимдері сияқты қасиетері тығыз байланысты.

Құмды және құмдақ топырақтардын құрылымы (структурасы) нашар келеді әрі әр түрлі ірірек болшектерден турады. Ылғалды жақсы өткізеді, қолайлы ауа - жылу рсжимдері болады. Мұндай топырақты өңдеу де өте оңайға түседі. Бірақ та бұл топырақтар қоректік заттарға және қарашірікке кемшіл болады, себебі олар ылғалмен жуылып-шайылып кетеді де онда өсімдікіер сирек өсіп, жөнді қалдықтар қалдырмайды. Ал балшықты топырақтар, керісінше, ылгалды аз откізеді,сыйымдылыгы мол болады. Ылғал бергіштігі, ауа режимі нашар. Бұл топырақтарды жырту да оңайға туспейді. Дегенмен бұл топырақтар қоректік заттарға бай, құнарлы келеді.

Ауыл шаруашылығына пайдалануға ең қолайлы топырақта - құрамында құмды түйіршіктер мен балшықты түйіршіктер қабаттасып келетін құм-балшықты топырақтар. Бұл топырақтарда құмды болшектер мен балшықты бөлшектердің пайдалы қасиеттері үйлесе келіп, топырақтың ылғал - ауа режимдеріі жақсы ұстап, топырақ құнарлылығын арттырады.

3.Топырақтың химиялық құрамы

Топырақ түзілу қубылыстарыныц нәтижесінде жалпы тау жыныстарының құрамын сақтайды. Бірақ көптеген элементтердің мөлшерлері өзгереді.



Топырақтағы химиялық элементтердің мөлшеріне қарай бірінші орында О мен Si, екінші А1 мен Ғе, үшінші Са мен Мg солардаы кейін Nа, К т.б. элементтер орналасқан. Топырақтың химиялық құрамы өзін түзген тау жыныстарының химиялық құрамын айырмашылығы көрінеді. Мұнда органикалық әлементтердің мөлшерлері көп көміргегі 20 есе, азот 10 есе артық онымен қатар оттегі және сутегі мөлшерінің көп, ал алюминий темір, калий, кальций. магнийдің аз екені байқалады.Осы элсменттер әр түрлі химиялық қосындылар түрінде топырақ құрамына еніп, топырақ типтерін анықтайды. Өсімдіктер мен топырақ арасындағы қарым-қатынасты белгілеуде бұлардың биологиялық маңызы өте зор. Көміртегі,сутегі,оттегі топырақтың органикалық заттарының құрамына кіреді мииералды түрде олардың карбонатты тұ здары кездеседі.

Оттегі су құрамында, гидроксидтер, алюмосиликаттар, бос қышқылдар және олардың тұздарының құрамында болады.

Топырақтағы тағы бір үлесі мол элементтің бірі - кремний . Ол жср қабатындағы минералды қосындылар құрамына кіріп,органикалық заттар құрамындағы көміртегі сияқты маңызды рөл атқарады. Топырақта ең көп тараған кремний қосындыларының бірі кварц минералы 8іО2 Кремний және кремний қышқылдарының тұздары силикаттар меи алюмосиликатгар құрамына кіреді. Өсімдіктердің құрамында да кремний бар, мысалы ол дәнді дақылдарда 10% -дан 60%-ға дейін жетеді.

Алюминий алюмосиликаттар балшықты минералдар құрамында кездеседі. Бұлардың биологиялық маңызы емес АІ2Оз-тің топырақтағы жалпы мөлшері 1-2%-дан 15-20%-ні дейін, ал ферралитті топырақтарда 40%-ға дейін жетеді.

Темір әр түрлі оксидті, гидроксидті және шала күкіртті қосындылардың

құрамына кіреді. Бұл элемент биологиялық жағынан өсімдіктердегі хлорофильдің түзілуіне қатысады. Егер өсімдіктерге темір жетіспесе, олардың жапырақтары сарғайып клороз деген ауруға шалдығады. Топырақтағы темір элементінің мөлшері әр түрлі. Мысалы құмдақ топырақтарда 0,5-1,0%, лесс жыныстарында түзілген топырақтарында 3-5, ал ферралитті топырақтарда 20-50%.

Кальций мен магний топырақта слюдалардың немесе басқа минералдардың құрамында кездеседі. Бұлар тұздар түрінде бөлініп, басқа минералдың қосындыларымен реакцияға түсіп, күкірт, фосфор қышқылдарының тұздарын құрайды. Бұл екі элемент те өсімдіктерге өте қажет. Топырақта ол 1-3% мөлшерінде болады.

Калций мен натрий дала шпаттарының ортоклаз, микроклин, альбит құрамында бұзылу нәтижесінде минералды қышқылдардың тұздарын құрайды. Бұл туздар суда жақсы ериді. Калций өсімдіктердің қоректік элементтерінің бірі. Оның топырақтағы мөлшері - 2-3%.Na2О-ның мөлшері - 1-3%. Натрийдің жылжы малы түрі топырақта жоғары болса, ол физикалық және химиялық жағынан қолайсыз қасиеттер туғызады.

Титан көбінесе алғашқыда үгілуге аз берілетін минерал дардың құрамына жатады (ильменит, рутил, сфен). ТіО2- мөлішері топырақта көп болмайды.

Марганецтің топырақтағы мөлшері өте аз. Пиролюзит, баунит, оливин сияқты микроэлемепттер өсімдіктердің өсуі мен сапалы дамуына өте қажет. Бұл тақырыпқа әріректе тоқталмақпыз.

Күкіріт өсімдіктердің немесе жануарлардың қалдықтарынан түзілген органикалық заттардың құрамында болады пирит деген минерал түрінде де кездеседі: Ғе28. Топыракта 8О3 мөлшері проценттің оннан бір бөлігінен аспайды, кейбір сульфатты тұздар топырақта көп болуы мүмкін. Егер де күкірттің; топырақта жылжымалы түрі мол болса, оның себебін осы' төңіректе ыластаушы өндіріс орындарынан іздестірген жөн.

Көміртегі, сутегі, азот, фосфор - органогендік элементтер. Олардың топыраққа тигізер пайдасы көп. Көміртеігі гумустың,! органикалық қалдықтардың құрамында, сутегі газдардың, өсімдік пен жануарлардың денелеріндегі органикалық заттарда болады. Көміртегі органикалық заггарға бай топырақтарда 34 10%, сутегі 3-6% мөлшерде. Азот өсімдіктің есуінде, жануарлардың тіршілігінде зор рөл атқарады.

Фосфор апатит, фосфорит минералдары құрамында және топырақ шіріндісінде, органикалық қосындыларда кездеседі, Топырақта фосфор - фосфор қышқылының тұздары фосфаттар; түрінде болады Na мен Са бір фосфаты NаНРО4, Са(Н2РО4)2 натрий мен кальций екі фосфаты Ка2НРО4, СаНРО4.2Н2О;

4.Микроэлементтер. Кейбір химиялық элементтердің мөлшері топырақта өте аз болғандықтан, оларды: бор, молибден мыс, жез, марганец, кобальт, мырыш, иод, фторды т.б. жеке топқа жатқызады. Микроэлементтер өсімдіктерге қоректік элементтермен элемент ретінде тікелей сіңбейді, олар қоректік элементтермен бірге сіңіріледі және тірі организмдердің ферменттік құрамына кіреді де топырақта биохимиялық алмасу процестерін жеделдетеді. Микроэлементтер жетіспесе немесе артық мөлшерде болса, онда ондай топырақты биохимиялық зарарлы эпидемия провинциялары деп атайды.

Бақылау сұрақтары:

  1. Топырақтарды механикалық құрамына қарай топтастыру

  2. Топырақтың механикалық құрамының топырақ түзудегі, топырақты ауыл шаруашылығы және басқа мақсаттарға пайдаланудағы маңызы.

3. Топырақтағы микроэлементтер жетіспесе немесе артық мөлшерде болуы
Лекция 11

Тақырыбы: Топырақты ластанудан қорғау жолдары

(1 сағат)

Жоспар:

1.Эрозияға ұшыраудың негізгі себептері

2.Су эрозиясы мен жел эрозиясы

3.Топырақ эрозиясы мен күресу жолдары

4.Топырақты химиялық зиянды заттардан қорғау.

5.Жарамсыз жерлерді пайдалануды жүзеге асыру.Топырақты қорғау құқықтары

Лекцияның мақсаты: Топырақты ластанудан қорғау жолдарын қарастыру.

Лекция мәтіні:

1.Топырақ эрозиясы (грек тілінен аударғанда - "бұзамын" деген мағынаны білдіреді) дегеніміз, оның су немесе жердің әсерінен бұзылуы.

Су және жел немесе дефляция эрозиясын бөліп көрсетуге болады.Топырақты бұзатын күш ретінде біріншісінде – ағатын су, ал екіншісінде ауаның қозғалысы болып табылады.

Эрозия ауаның интенсивті қызметіне дейін де болған.Қатты заттардың беттік сулармен мұхитқа шайылып келуі, ауада үнемі топырақ шаңының болуы бұл құбылыстың болуын дәлелдейді.Белгілі мәліметтер бойынша сары топырақ пен шабындық саздақ топырақтар – жел эрозиясының өнімдерінің ауадан тұнуының нәтижесінде түзілген.

Адамның қызметі нәтижесінде эрозиялық процестердің жылдамдығы бірнеше рет артып кеткен.Мысалы, соңғы 50 жылда мұхитқа шайылып келген эрозиялық өнімдер шамамен 8 есе артқан.Сонымен қатар, жел эрозиясында да топырақтың көп бөлігі бұзылады.Біріншіден, өсімдіктер топырақты тамырларымен бекітіп тұрады.Екіншіден, өсімдіктердің жер бетіндегі бөліктері су және әсіресе, ауа ағыстарының күшін арттырады. Өсімдік жабыны одан біршама ара қашықтықтағы топырақты да қорғайды. Олардың шекаралас кеңістікте әсері айтарлықтай болады. Топырақ қорғайтын және егістік қорғайтын орман өсіру осыған негізделген.

2.Су және жел эрозиясы барлық жерлерде орын алады. Жел эрозиясының интенсивтілігі желдің жылдамдығы мен ұзақтығына , кеңістіктің ашықтығына (ағашты өсімдіктердің болуы, рельеф) және топырақтың жағдайына тікелей тәуелді. Ұқсас жағдайларда эрозияға жеңіл топырақтар (құмды және құмдақ) көп ұшырайды. Эрозияның топырақтың құрғақтығы, гумусқа кедейлігі күшейтеді.

Аталған факторлар далаларда, шөлейттер мен шөлдерде, әсіресе, құмды топырақ грунтары таралған жерлерде болады.

Бұрынғы ССРО – ның территориясында жел эрозиясы ("шаңды дауыл") 60-70 жылдарда кеңінен таралған еді. Әсіресе, тың жерлерді игеру кезеңінде жыртылған жеңіл топырақтар зақымданған.Олар іс жүзінде шамамен 6-7 млн. Га жерде жойылған.

Жел эрозиясының ерекше түрі құрғатылған жерлерге, әсіресе, шымтезекті жерлерге тән. Бұл топырақтар материалдың байланысының төмен болуымен сипатталады.мұндай эрозиялық процестер ("қара дауылдар") Украина мен Белоруссия территориясында байқалған.

Су эрозиясы, әсіресе, топырақтары интенсивті өңделетің, ашық кеңістіктерде, жауын- шашын мөлшері жоғары болатын аудандарда басым болады.

Су эрозиясы орманды дала зонасында басым. Сонымен қатар, дала және орманды зоналарда да кеңінен таралған.

Топырақты өңдеуден басқа эрозиялық процестердің болуына, әсіресе таулы аудандарда, үлкен территорияда орманды кесу, өсімдік жабынын жою, мал жаю, туризм және т.б. әсер етеді.

Антропогенді эрозияның ерекше түріне ирригацияның, яғни топыраққа көп мөлшерде су массасының берілуіне байланысты эрозия жатады. Бұл су сіңіп үлгермейді де, топырақ бетімен ағады. Ирригациялық эрозия кезінде бір уақытта эрозия да, топырақтың сортаңдануы да жүреді.

Сонымен қатар, тамшылы эрозия да болады.Ол топырақтың структурасының су тамшыларының әсерінен тығызданып, су өткізгіштігінің төмендеуінен болады. Нәтижесінде ол эрозияның басқа түрлерінің жылдам жүруіне жағдай жасайды.

3.Эрозиямен күресу жолдары:

1.Айтарлықтай үлкен территорияда өсімдіктер жабынын жоюға әкелетін табиғи экожүйелерге тигізетін әсерді шектеу. Бұл әсіресе орманды пайдалануға қатысты.

2.Жайылымдарда эрозиялық процестер көбінесе шектен тыс мал жаюмен байланысты. Үлкен территорияда шөптесін өсімдіктер жабынының зақымдануы кезінде, әсіресе топырағы жеңіл жерлерде су эрозиясы және жел эрозиясының да болуы мүмкін. Таулы аудандарда шөптесін өсімдіктердің болмашы зақымдануының өзінде (мысалы, жалғыз аяқ жол ) су эрозиясының пайда болу ошағы орын алады. Мұндай қолайсыз құбылыстарды болдырмаудың негізгі жолы мал жаю ережелерін сақтау және рекреациялық қысымды төмендету болып табылады.

3.Егістік жерлерді қорғау іс – шаралары :

- ауыспалы егістіктерді дұрыс жүргізу, соның ішінде отамалы дақылдар;

- (жүгері , картоп, қызылша) топырақты бекітетін тамырлары бар шөптер қоспасымен алмасып келуі қажет;

- жиектік жыртуды жүргізу (рельефтің горизонттарымен );

- өңдеуден оңай бұзылатын құмды және құмдақ топырақтарды шығару;

- шағын егістік танаптарын табиғи ланшафтармен кезектестіру;

- танап қорғайтын орман белдеулерін жасау;

- топырақтың құрылымы түзілуіне мүмкіндік туғызатын, органикалық тыңайтқыштарды топыраққа енгізу;

- топыраққа жасалатын қысымды кемітетін техниканы пайдалану.

Топырақты соқасыз өңдеу жұмыстарына ерекше көңіл бөлу қажет.

Агротехниканың бұл жаңа әдісі қазір кеңінен пайдаланып келеді.Аталған әдіс аудармай жырту арқылы топырақты қопсытуға негізделген.Бұл әдісті қолданғанда топырақтың табиғи құрылысы сақталған.Тұрақтылығы мен құнарлылығы бұзылмайды. Әдістің технологиялық кемшілігі – арамшөптердің көп болуына әкеледі.Аудармай жырту әдісін қолданғанда барлық агротехникалық шаралардың кезегі мен мерзімдерін қатаң сақтау қажет.

Бірқатар жағдайларда топырақ эрозиясының салдарымен күресуге тура келеді.Су эрозиясынан қорғау мақсатында агротехникалық (орман отырғызу, шөптер егу) шаралармен қатар , инженерлік іс – шаралар (су ағысын ұстап қалуға арналған шұңқырлар салу, көлбеу жерлерді өңдеу, онда көпжылдық шөптесін өсімдіктерді егу) жүргізіледі. Химиялық заттарды ( әр түрлі полимерлер) топырақ бетіне енгізуді көпжылдық шөптермен, бұталар мен ағаштарды отырғызумен үйлестіре жүргізу қажет.

Суармалы егістіктердің дүние жүзіндегі ауданы шамамен 250 млн. Га жуық.Иррогациялық эрозиямен қатар суармалы топырақтар екінші реттік сортаңдануға ұшырайды. Оның мәні – танаптағы топырақ суды сіңіріп, содаң соң булану мен өсімдікке транспирацияға қажетті судан артық су келіп түседі. Бұл су біртіндеп жер асты грунт суларына дейін жетіп, оның деңгейінің көтерілуіне әкеледі.Мөлшерсіз, ретсіз суару кезінде қысқа уақыт аралығында (бірнеше жыл) жақындап,интенсивті түрде булана бастайды. Суда еріген тұздар топырақ бетінде жиналады.Мұндай сортаңдану екінші ретті деп аталады.Ал бірінші ретті сортаңдану (сор) ретінде адамның әсерінсіз пайда болатын табиғи сортаңдану процесін атайды.Екінші ретті сортаңдану тек құрғақ аудандарға тән. Солтүстікте шектен тыс суару топырақтың батпақтануына әкеліп соқтырады.

Адамзат қоғамының дамуының экологиялық дағдарыстарының бірі дамыған өркениеттің өзінің мүмкіндіктерін топырақтың сортаңдануы нәтижесінде жоғалтқаны белгілі.Мысалы, Ніл аңғарында қазір де суармалы жерлердің 70% - ы сортаңданған.Ғалымдардың болжамы бойынша ертедегі Вавилон өркениеті топырақтың екінші ретті сортаңдануынан жойылған.Қазір дүние жүзінде суармалы 250 млн.га жерлердің 50-60 млн.га -ға жуығы екінші ретті сортаңдануға, шамамен 25% ұшыраған.

Суарудың жетілдірілген технологияларын қолданумен қатар, жер асты суларының деңгейінің көтерілуіне байланысты грунт суларын сорып алу арқылы сортаңданумен күресуге болады. Бірақ, бұл кезде де міндетті түрде грунт суларын алып кету керек.Кейбір жағдайда химиялық әдістер де жақсы нәтиже береді.Мысалы, топырақ бетінде жиналған зиянды тұздарды нейтралдау үшін гипстеу жүргізіледі. Бірақ бұл әдістер қымбат және антиэкологиялық.

2.Жер ресурстарына зиян келтіретін (эрозия мен суарудан соң) үшінші үлкен фактор – Бұл жердің азуы. Оның орын алу себептері - өніммен бірге қоректік заттардың әкетілуі.Гумустың жойылуы, су режимінің және басқа да қасиеттерінің топырақтың азуының нәтижесінде, олардың құнарлығы жойылып шөлге айналады.

Топыраққа өніммен бірге әкетілетін қоректік заттарды қайтарудың анағұрлым экологиялық әдістеріне органикалық тыңайтқыштарды (көң,компаст және т.б.) енгізу, шөп себу, пар жүйесі арқылы топырақты тынықтыру жатады.Топырақтың азуы ең алдымен органикалық заттың (гумус) кемуімен байланысты.Белгілі мәләметтерге қарағанда соңғы 70-80 жылда (әсіресе жерді интенсивті өңдеу әдістері мен минералдық тыңайтқыштарды қолданудың артуына байланысты) орманың сұр топырақтарының құрамында гумус мөлшері 3,5-4,0%-дан 2-3%- ға дейін кеміген.Әсіресе қара топырақтардың гумусын жоғалтуы айтарлықтай.В.В.Докучаев қара топырақтардың ғасырлар бойы сарқылмайтын байлық екендігін айта келіп,оны мұнайдан да,көмірден де,темірден де және алтын кендерінен де қымбат деген.

4.Топырақтың құнарлығының жойылуы оларды интенсивті өңдеуге , ауыр ауыл шаркашылық құралдарымен өңдеу нәтижесінде тығыздануы,ластануға , ең алдымен қышқылдық жауындар мен қышқылдық тыңайтқыштарды енгізуге байланысты болып отыр.

Көптеген жерлер өсімдік өнімін алуға байланысты емес мақсаттарда пайдаланылады.Оны әр түрлі құрылыстар, ғимараттар салуға және басқа да мақсатта қолданады.Аталған жерлер кейін де өсімдік өнімін алуға пайдалануға жарамсыз болып қалады.Қазір дүние жүзі бойынша осындай мақсатты пайдаланудан алынған жерлердің ауданы шамамен әр адамға шаққанда 0,1 га құрайды.

Жерді аталған мақсатта пайдалануды болдырмау мүмкін емес.Бірақ ол мүмкіндігінше ысырапсыз болуы керек. Мұндай жерлерге құнарлылығы төмен территорияларды алу керек.

Мұнай мен басқа да пайдалы қазбаларды өндіру кезінде жерлер көп зақымданады.Ғалымдардың есептеулері бойынша қазіргі кездегі мұнай өндіру әдістерін қолдану шамамен жерлердің 2% - ын жоғалтуға әкеліп соқтырды.Жер ресурстарының мәселелерінің ішінде жер өңдеудің химизациясы маңызды орын алады.Оларға минералдық тыңайтқыштар мен зиянкес ағзалармен күресте қолданылатын препараттар (пестицидтер) жатады.

Адамдардың шаруашылық қызметі қазіргі кезде биосфераның ластаушыларының негізгі көзі болыр табылады. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары түсіп отырады.

Осы қалдықтардың әр түрлі химиялық заттар ауаға , суға және топыраққа түсіп , бір трофикалық трізбектен екіншісіне өте отырып, соңынан адам организіміне келіп түседі.

Бүкіл жер шарында осы ластаушы заттардың түспеген жері жоқ деп айтуға болады. Тіпті ешқандай өнекәсіп орындары жоқ Антарктиданы алайық. Бұл жерде адамдар кішігірім ғылыми бақылаулар ғана жасайды. Ғалымдар осы заманғы өнекәсіптердің әр түрлі улы заттарын осы Антарктидадан да тапқан.

Табиғи ортаны ластаушы заттар әр түрлі болып келеді. Ол заттар өзінің табиғатына , шоғырлануына және адам организіміне әсер ету уақытына қарай әр түрлі жағымсыз нәтижелер туғызады. Осындай заттардың қысқа мерзімде болса да адамағ әсері – адамның басын айналдырып, құсқысын келтіреді,тамағын жыбырлатады, жөтелтеді. Егерде адам организіміне осындай улы заттар көп мөлшерде әсер етсе, қатты уланып, есінен танады, тіптен өліп кетуіәде мүмкін. Ондай улы заттарға ірі өнекәсіптік қалалардың үстінде желсіз күндері жиналаған қара түтіндер немесе өнеркәсіптік кәсіорындардың қалдықтары мысал бола алады. Электр стансиялары, түрлі-түсті метал өөндіретін зауыттар, химиялық және мұнайды қайта өңдейтін кәсіпорында атмосфераға үлкен түтін шығаратын мұржалар арқылы көптеген адам организіміне зиянды улы заттарды ауаға шығарады.

Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150-ден астамы белгілі. Бұл заттар ауада күн сәулесінің әсерімен бір-бірімен реакцияға түсіп, жаңа қосындылар түзеді.

Өнеркәсібі дамыған елдерде ауаны ластаушы заттың бірі күкірттің қос тотығы (SO2) коксо химия зауыттарымен, тау-кен өндіру және целлюлоза-қағаз өнеркәсіптерінің жұмыс нәтижесінде ауаға шығарылады. Олар ауада ылығалдың әсерінен күкірт қышқылына айналады. Құрамында күкірт қышқылы бар тұман немесе ылғалды ауа адамның, жануарлардың тыныс жолдарының кілегей қабаттарына,терісіне әсер етеді және өсімдікте көп зардап шегеді.

Ауадағы фторлы сутек өте улы. Азық-түліктің құрамындағы фторлы сутек адамды, жануарларды құстырып өте жаман ауру туғызады. Хлорлы сутек пластмасса қалдықтарын жаққанда пайда болады. Осы газбен тыныс алғанда адамның тыныс жолдарының кілегейлі қабығын зақымдандырып, өкпенің ісік ауруын туғызады.

Қоңыр көмірді жағудың нәтижесінде ауаға күлін бөліп шығады. Ол ауыл шаруашылығымен орман өсімдіктеріне әсер етеді. Әсіресе көкөніс,жеміс-жидек өсімдіктеріне де зиян тигізеді. Ластанған өсімдікпен қоектенген жануарлардың адамдардың организімдеріне физиологиялық өзгерістер болады.

Цемент зауытынан шыққан цемент шаңдары топрырақта калий, калций, магний элементтерінің көбеюіне себеп болады.Ал фосфор зауытына жақын жерлерде фофордың мөлшері көбейеді. Құрамында мырыш пен қорғасын бар металлургия зауытының қалдықтары да өте улы әсер етеді. Осындай улы заттар жиналаған өсімдікпен адам не жануар қоректенгенде олардың қауіп төнуі мүмкін.

Организімің осы улы заттарға төзімділігі әр адамның өзінің жеке басының гигиенасына байланысты болып келеді.

Улы заттар адам организіміне бітіндеп жүйелі түрде жинала берсе, онда созылмалы улануға ұшгырайды. Оның басты белгілері: адамның тез шаршағыштығы немесе үнемі шаршап тұртыны, сезімі, ұйқы басу немесе ұйқысының қашуы, бейжайлық, ұмытшақтық,көңіл-күйінің тез өзгеруі, зейіннің төмендеуі. Улы заттар адамдардың қан айналым мүшелеріне,жүйке жүйесіне, баурына әр түрлі әсер етеді. Улы химиялық қоысылыстар адамның әрбір органдарының созылмалы қабынуына , жүйке жүйесінің өзгеруіне , адам ұрығының дамуына, жас нәрестенің ауру болып тууына әкеліп соғады.

Дәрігерлер адамдардың әр түрлі аллргиялық аурулары, өкпе демікпесі, қатерлі ісік ауруларының болуы сол аймақтың экологиялық жағдаймен тығыз байланысты екенін анықтап отыр.Сонымен құатар хром, никельбериллий, бензопирин, асбес, түрлі улы химкаттар сияқты тағы басқа өнеркәсіп қалдықтары-канцерогендік заттар болоып табылады. Олардың адамдарда қатерлі ісік ауруларын туғызатындығы анқталды. Егер өткен ғасырда балалардың қатерлі ісік аурулары сирек болса, қазір балалардың арасында ол ауру өте жиі кездесіп отыр. Ал химиялық заттармен ластану нәтижесінде бұрын кездеспеген жаңа аурулар пайда болды.

Адам денсаулығына зиян келтіретін улы химиялық заттардың қатарына темекі мен есірткі заттарда жатады. Темекі түтінінің құрамына 4 мыңға жуық химиялық заттар кіреді, олардың көбі улы заттар. Олардың 40-қа жуығы қатерлі ісік ауруын туғызады. Темекінің уы сонымен қатар қолқаның созылмалы ауруын туғызады, сол себептенде темекі шегетіндер жиі жөтеледі. Темекі шегетін ата-аналардың жаңа тауған нәрестелерінің организімінде улы газ бірінші жылы олардың қанында бірнеше сағатқа дейін болады. Есіртік заттарда қолқа, өкпенің қатерлі ісіск ауруларын туғызады. Көптеген органикалық еріткіштер: авияциялық,желім, бензин, эфир, еріткіштер мен аэрозолдар буланып ауға шығарылады. Егер осы заттардың буы өкпенің ауруын туғызады. Кейде ол өлімге де әкеліп соғуыда мүмкін.

Қазірігі кезде бізді қоршаған ортаның ластаушы көздерін төмендегідей топқа бөлеміз:

1.Физикалық ластану- радиоктивті заттар, электромагнитті толқындар, жылу, шулар және тербелістер.

2.Химялық ластану- көміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар,шайынды сулар,пестициттер, гербициттер, фторлы қосылыстар, ауыр металдар, аэрозолдар.

3.Биологиялық ластану- ауру қоздырғыш бактерилар мен вирустар, құрттар, қарапайымдылар, шектен тыс көбейіп зиян келтіретін жәндіктер.

Эстетикалық зиян- табиғаттың қайталанбас сұлу ландшафтарының бүлінуі, орман-тоғайлардың жойылуы, т.б

Биосферадағы ластану процесін 3 кезеңге бөлеміз.

  • ластаушы заттардың таралуы;

  • ластағыштардың биомассаға енуі;

  • ластағыш заттардың биологиялық топтнауы немесе қолдануы.

Адам баласының организімі жоғарыдағы ластаушы заттарды қабылдаған кезде белгілі бір деңгейге (мөлшерге) дейін ғана көтере алады. Ал,зиянды заттардың одан әрі организімде көбейе түсуі денсаулықты бұзып, ауруға шалдықтырады.

Қоршаған ортаның химиялық ластануының кейбір түрлері қазіріг кезде глобалды эклолгиялық проблемаларды туғызып отыр.Олар жер шарындағы жиі-жиі байқалып отырған «Жылу эффектісі», «Озонның жұқаруы», «Қышқыл жауындар», «Фотохимиялық тұмшалар» және осылардың әрекетінен туындайтын аурулар.

Адам баласы әсәресе, атмосфера (ауа бассейні) ауасының ластану көздерін тереңірек білген жөн. Жоғарыда біз, атмосфераның ластануына жалпы сипаттама берсек, ендігі жерде оған толығырақ тоқтауды жөн көрдік. Оның себебі, барлық зиянды заттар атмосфера арқылы түрлі химиялық қосылыстарға айналып, газ, сұйық немесе қоспа түрінде топырақ, су бетінде келіп, одан адам организіміне түседі.

Атмосферадағы тіршілікке қажетті барлық процестер оның тропосфера қабатында жүреді. Оның жер бетінің қалыңдығы 10-18 км.қашықтықты (қалыңдықты ) қамтиды. Енді біз жекелеген зиянды заттардың өзіне және қоршаған ортаға тигізетін әсеріне тоқталамыз.

5.Топырақ өңдеу-ауыл шаруашылық дақылдарының өсіп - өнуіне қолайлы жағдайлар жасау үшін топырақ өңдеуші машиналар мен құралдардың жұмысшы органдары арқылы топыраққа механикалық әсер ету.Топырақ өңдеу егісті арамшөптерден тазартуға ,арамшөптердің дақылдарының зиянкестері мен ауру таратушыларды жоюға, сонымен қатар өсімдік қалдықтарының,шымның,тыңайтқыштар мен гербицидтердің топыраққа сіңіп кетуіне және арамшөптер дақылдары тұқымының белгілі бір тереңдікке енуіне мүмкіндік береді.Топырақ өңдеу қаншалықты тереңдікте жүргізілуіне байланысты:негізгі – жер жырту, топырақты қопармай тереңнен қопсыту,т.б.;беткі қабатты сыдыра жырту,қопсыту , тырмалау, т.б. арнайы – тереңнен қопара жырту,т.б.болып ажыратылады.Топырақ өңдеудің қопсыту, үгіту,аудару, тығыздау, егістік бетін тегістеу, топырақты араластыру , арам шөптерді кесу , топырақ бетін де өсімдіктің қысқа сабақтарын қалдыру ,микрорельеф қалыптастыру,т.б. түрлері бар.

Топырақ бетінде өсімдіктің қысқа сабақтарын қалдыру- кескіш-қопсытқыштың,тереңнен қопсытқыштың,аударғыштардың,тісті тырманың көмегімен орындалады.

Микрорельеф қалыптастыру- (атыз,жүйек,жал,саңылау,ұя) топырақтың ауа және су режимін реттеу үшін жасалынады.Жыртуға арналған қуатты қабат қалыптастыруда табиғи құнарлылығы төмен тұзды және шымтезекті топырақтарды құнарландыру үшін арнайы топырақ өңдеу жұмыстары жүргізіледі.Ол үшін топырақтың бетіне немесе біршама тереңдігіне әр түрлі тыңайтқыштар енгізіледі.

Өңдеу үшін атқарылған жұмыстардың жиынтығын топырақ өңдеу жүйесі деп атайды.Жаздық,күздік , т.б. дақыдардың топырақ өңдеу жүйесі әр түрлі болады.Суармалы , қайтадан тыңайтылған жерлердің , эрозияға қарсы, т.б. өңдеу жүйелері де бар.

Бақылау сұрақтары:

1.Топырақ эрозиясының пайда болу жолдары

2. Топырақты қопсыту дегеніміз не?

3. Топырақты үгіту дегеніміз не?

4. Топырақты аудару дегеніміз не?

5. Топырақты тығыздау дегеніміз не?.

6.Егістік бетін тегістеу дегеніміз не?

7.Топырақты араластыру дегеніміз не?

8.Арамшөптерді кесу дегеніміз не?

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Похожие:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы алғАШҚЫ Әскери дайындық
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен тәжiрибелі өнеркәсiптiк жабдықтарды сатып алу Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Микробиология және вирусология институты»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Микробиология және вирусология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы информатика жалпы білім беретін мектептің 7-9 сыныптарына арналған
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы сызу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница