Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі




НазваниеҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
страница8/15
Дата конвертации15.11.2012
Размер1.58 Mb.
ТипДокументы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

1.Су қорларын қорғау табиғат қорғау пәнінің негізгі бір бөлігі болып табылады. Табиғатты қорғау ерте заманнан бастау алды. Көне заманның өзінде халықтар табиғат қорының сарқылатынын бөлінгеннен кейін табиғаттан тек қана ала бермей, оның орнын толтырып, қайтадан қалпына келуіне көмектесу керектігіне көздері жеткен.


Қазақ халқында халықтың табиғатты қорғау дәстүрі ертеден сақталған. «Елім бай болсын десең, жеріңнің бабын тап» - деген халық мақалын есте ұстаған ата-бабамыз күзеуге, көктеуге, жайлауға және қыстауға көшіп, қонысын ауыстырып отырған. Мұның түбірі табиғат қорларын қорғауда, ләжі болса оны арттыруда жатыр.

3.Суды қорғау деп адамзаттың Жер бетіндегі табиғи су қорларының жай-күйін жақсартуға, қалпына келтіруге және оларды сақтауға бағытталған әрекетін айтамыз.

Бұрынғы ТМД – ның және басқа да тәуелсіз республикаларының Негізгі Заңдарында: «... судың физикалық, химиялық және гидробиологиялық қасиеттерінің өзгеріске ұшырауы мен оның өзін - өзі тазарту қабілетінің нашарлауының әсерінен адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, балық қорларының азаюына, сумен қамтамасыз ету жұмысын нашарлатуға және тағы басқа да қолайсыз құбылыстарға әкеліп соғатын ластанудан, қоқыстанудан және сарқылаудан барлық су көздері қорғалуға тиіс», - деп жазылған.

Адамдардың кәсіптік әрекетінің және тұрмысқа пайдаланылуының тікелей немесе жанама әсерінен судың құрамының және қасиеттерінің өзгеріске ұшырауын, яғни су көзінің бір бөлігінің немесе түгелімен пайдаланудың кез келген бір түріне жарамсыз болып қалуын судың ластануы деп атаймыз.

Әдетте су көзіне оның сапасын өзгеріске ұшыратпайтын, суда ерімейтін бөгде заттардың (ағаш жаңқалары, күл-қоқыс, метал сынықтары, құрлыс қалдықтары және тағы басқа заттар) түсіп жиналуын қоқыстану деп атаймыз.

4.Табиғат суларын қорғау проблемалары әсіресе өнеркісібі дамыған елдердің алдында өткір қойылып отыр. Өндірістің дамуы табиғи қорлардың кемімен бірге, қоршаған ортаның ластануына әкеліп соқты. Өндірістен шығатын керексіз заттармен алдымен топырақ, ауа су көздері ластанады. Бұл ластану өсімдіктерге, жануарларға жағымсыз әсер етіп қана қоймай, адам баласының денсаулығы мен өміріне де қауып төндіреді. Мысалы, Еуропадағы ең ірі Рейн өзенінің ағындысымен Солтүстік теңізге жылына 24 млн тонна өндіріс қалдықтары құйылады, сөйтіп, Германия, Голландия секілді мемлекеттердің 20 млн-нан астам халқының таза ауыз суымен қамтамасыз етілуіне және олардың өміріне қауіп туғызады. Өзенде балық жоқ, шомылу адам үшін қауіпті. Адамдарды шомылдырмау үшін өзен үстінде полиция тікұшағы (вертолет) бақылап жүреді.

АҚШ өзендері түгел дерлік күшті ластанған, әсіресе Огайо және Потомак өзендері. Потомак өзенінің түбіндегі шөгінділердің қалыңдығы 3 метрге жетеді. Өзенде тіпті, су шаңғысымен серуендеуге тыйым салынған, себебі шашыраған су тамшыларындағы ауру қоздырғыш боктериялардан спортшыларға ауру жұғу қауіпі бар. Тіпті, АҚШ – тың ең сулы өзені – Миссиспидің кей бөліктерінде шомылуға тиым салынатын хабарладырулар қойылған. Ұлы көлдер жүйесінде Эри көлі өлуге жақын, себебі бұл көлуге жылына су құбылбаларымен 4,7 млнтекшеметр лас сулар мен 38 млн. текше метр Кливленд, Детройт, Эри, Буффало және басқа қалалардың автомобиль, болат құю және химия кәсіпорындарының қалалық сулары құйылады.

Жапония өзендері де апатты жылдамдықпен ластануды бастан өткізеді. Кәсіпорындардың ақаба суларында кадмий, сынап секілді, суды уландыратын химиялық элементтер көптеп кездеседі. Италия, Франция, секілді аса ірі мемлекеттердің өзен көлдерінің жайы да осыған ұқсас күй кешуде.

Біздің еліміздегі жағдай да мәз емес. Оған Арал аймағының апат аймағы болып жариялануы толық мысал бола алады. Арал көлін қоректендіретін, Орта Азия мен Қазақстанның ең ірі өзендері Әмудария мен Сырдарияның сулары тыңайтқыш, өнеркәсіп қалдықтарымен уланумен қатар толық сарқылауға ұшырап отыр. Мұндай жағдай Ертіс, Нұра, Сарысу, Шу, Іле өзендерінің алаптарында да қайталануда. Қазақстан Ғылым Академиясының география институтының зерттеулеріне қарағанда (Достаев Ж., Омаров Т.Р., Тұрсынов А.А., Филонец П.П.) Нура, Ертіс өзендеріндегі судың құрамындағы сынып, қорғасын, мырыш, кадмий секілді қателері ауыр металдардың мөлшері ШМШ – нен бірнеше ондаған есе асып түсетіні белгілі болып тұр.

Су қорларын қорғау проблемалары біздің республикада да шегіне жетіп отырғанына жоғарыда келтірілген мысалдар куә бола алады. Табиғат қорғау шаралары су пайдаланудың аса шапшаң түрде өсуіне ілесіп үлгере алмай отыр. Әсіресе, өнеркәсібі дамыған аудандарында орналасқан кішігірім өзендер мен көлдер қиын жағдайда қалып отыр. Су қорларын халық шаруашылық қажеттілігін қамтамасыз етуге жеткіліксіздігінен бұл өзендер толық сарқылауға ұшырады. Оған Орталық Қазақстандағы Кеңгір, Жезді өзендері, Іле Алатауының Кіші Алматы, Талғар, Есік өзендері мысал бола алады. Осы өзендерінің су қорын жартысынан көбін Алматы, Талғар, Есік өзендері мысал бола алады. Осы өзендерінің су қорының жартысынан көбін Алматы, Талғар, Есік, Жезқазған, Сәтбаев қалаларының кәсіпорындары пайдаланылады. Жазда, қалған су қоры суғару үшін алынады. Былайша айтқанда өзен арналарында ағын су қалмайды деуге болады. Есесіне ауылшаруашылық кәсіпорындары аталған өзендерге, олардың табиғи су қорларымен шамалас лас суларды төгеді. Яғни, бұл өзендердің арналарымен өз ағындысы емес, тазартудан өткенмен кәсіпорындардың қалдық ақабы сулар ағады.

Сырдария, Амудария және Ертіс өзендерінің төменгі ағысында орналасқан алабында арнамен химиялық қоспа, зиянды лас ақаба сулар ағуда.

Судың сапасы ондаған зиянды қоспалардың қоюулығымен бағаланады, яғни лас суда таза сумен сұйылту дәрежесіне тәуелді. Сондықтан шұғыл түрде даму үстіндегі халықшаруашылығының қажзеттілігі үшін интенсивті түрде су алу жағдайында, тіпті қахзіргі замандағы лас суларды тазартудың озат тәсілдерін қолданғанның өзінде су көздерінің ластану процесі одан әрі жалғаса бермекші.

Еліміздің түрлі аудандарындағы су хкөздерінің санитарлық жай-күйлерінде, ондаған өнеркәсіптің шоғырлануына, сипатына және халықтың тығыз орналасуына байланысты бірқатар өзгешеліктері болады.

ТМД – ның Еуропалық бөлігінің солтүстік және солтүстік батыс аудандарында су көздерінің ластануы целлюоза – қағаз, гидролиздік, ағаш өңдеу, ағаш ағызу кәсіпорындарының қалдықтарына қарыздар.

Оралда, Кузнецк және Донецк аймақтарында су көздерінің ластануы қара және түсті металлургия, коксохимия кәсіпорындарының қалдықтары және шахты сулары кінәлі.

Батыс Сібір, Еділ бойы Башқұртстан және Әзірбайжан жерлеріндегі су көздері мұнай шикізаттарымен ластанады.

Ауыл шаруашылығы дамыған аудандарда (Украйна, Молдава, РСФСР – дың оңтүстік шығысы, Орта Азия республикалары) су көздері негізінен пестицидтермен және тыңайтқыштармен ластанады.

Түрлі су объектілерінің сапасының өзгеру барысы біркелкі емес. Судың сапасын жақсартумен қатар нашарлауы немесе бірқалыпты түсуі (стаблизация) да байалады. Жалпы, елімізде соңғы кездегі су қорғауға көңіл аудаудың күшеюіне байланысты соңғы уақыттарда елеусіз болса да су көздерінің сапасы жақсаруға бет алынған айтуымыз керек.

Қазіргі кезде өнеркәсіптің, ауыл шаруашылының, көліктің және қалалар мен елді мекендердің күрт дамуы салдарынан су көздеріне тасталатын лас сулардың көлемі аса көп мөлшерге жетіп отыр. Бұл сулардағы ластаушы заттарды шектеуші белгілі шаралардың болмауынан, қалдық суларды таза су қосу арқылы тұщылау әдісі жеткіліксіз. Зиянды қоспалардың көп мөлшерде шығырлануы судың өзін -өзі тазартуына кедергі жасайды және судың ластануы жылдамдайды.

Сондықтан, су көздерінің тазалығын сақтау үшін келесі шаралар іске асырылу керек.

  • үй –жай және өнеркәсіптік ағындылардың толық тазалануын қамтамасыз ету;

  • өнеркәсіп технологиясын жетілдіру және өзгерту;

  • су аз қолданылатын және сусыз технологияларды іздестіру және іске асыру;

  • сумен қамтамасыз етудің айналымдық тәсілін кең түрде өндіріске кіргізу, тазаланған ақаба суларды қайталап пайдалану арқылы су көздеріне тасталатын, тіпті тазаланған сулардың көлемін азайту;

  • тыңайтқыш пен пестицид қолданудың тиімді әдістері мен жолдарын пайдалану;

  • өзен мен су көздері алаптар мөлшерінде су қорғау шараларының мемлекеттік жоспарын және келешектегі өнеркәсіптік күштерді орналастыруды ескере отырып қарастыру және іске асыру.

Бақылау сұрақтары:

1.Табиғат суларының қазіргі жай- күйі.Су көздерінің тазалығын сақтау және қалпына келтіру шаралары

2.Дүние жүзі елдеріндегі тұщы су проблемасы және он шешу жолдары.

10.Семинар сабақтарының жоспары (11)
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

Похожие:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы алғАШҚЫ Әскери дайындық
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен тәжiрибелі өнеркәсiптiк жабдықтарды сатып алу Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Микробиология және вирусология институты»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Микробиология және вирусология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы информатика жалпы білім беретін мектептің 7-9 сыныптарына арналған
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы сызу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница