Қазақстан респуликасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы




Скачать 243.86 Kb.
НазваниеҚазақстан респуликасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы
Дата конвертации15.11.2012
Размер243.86 Kb.
ТипДокументы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

БИОЛОГИЯ
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
10-11 сыныптар

жаратылыстану-математикалық бағыт



Астана

2010
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

БИОЛОГИЯ
жалпы білім беретін мектептің

жаратылыстану-математикалық бағыттағы

10-11 сыныптарына арналған
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


Астана 2010

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген

Бағдарлама авторлары: Жұмағұлова Қ. Ә, Сәтімбеков Р, Ізбасарова Р. Ш, Жаңабердиева К. Ә.
Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «Биология» оқу бағдарламасы. – Астана, 2010.–17 б.


© Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім беру академиясы, 2010



  1. ТҮСІНІК ХАТ


«Биология» оқу пәні бойынша жаратылыстану-математикалық бағытқа арналған бағдарлама Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес дайындалды.

«Биология» оқу пәні ретінде, табиғат пен қоршаған ортаның және қазіргі дүние бейнесінің заңдылықтарын танып білудегі химиялық, географиялық, физикалық және басқа да білім салаларымен тығыз байланысты күшейтуге жағдай жасайды.

«Биология» оқу пәнінің жалпы мақсаты – дүниенің қазіргі замандағы ғылыми-жаратылыстану бейнесін қалыптастырудағы биологиялық ғылымдардың рөлі, тірі табиғат нысандары туралы білімді өздігінен меңгеруді, тірі табиғат процестерін, құбылыстарын, заңдылықтарын түсіндіру және практикада қолдану үшін біліктіліктерін қалыптастыруды, жаратылыстанымдық білім алуын жалғастырып, өздігінен білім алуын жоғарылату болып табылады.

Биологиялық білім берудің бұл мақсаты төмендегі:

  • биология ғылымының негiзгi қағидаларын, ағзалардың тiршiлiк әрекеттерi, олардың жеке және тарихи дамуы, жүйесi, құрылымы және қызметi,адам әрекетiнің экологиялық жүйелерде болатын өзгерiстерге әсері туралы бiлiмдi қамтамасыз ету;

  • экологиялық бiлiм және тәрбие, табиғатқа жауапкершiлiктi қарым-қатынас, органикалық дүние эволюциясы бiлiм негiзiнде табиғатты қорғау iс-әрекетiне дайындауды қамтамасыз ету;

  • тiрi организмдердiң құрылысын, қызметiн, тiршiлiк әрекеттерiн эволюциялық тұрғыда (қарапайымнан күрделене түсуi) түсіндіру;

  • тiрi организмдерге тән қасиеттердi оқыту барысында өлкетану материалдарын кеңiнен пайдалану;

  • оқушылардың жалпы дүниетанымын дұрыс қалыптастыруда биологиялық ұғымдарды, көзқарастарды, заңдылықтарды негiзгi тiрек ретiнде пайдалана бiлу;

  • оқулықты және дидактикалық материалдарды пайдалана отырып жұмыс iстеу тәсiлдерiн үйрету;

  • практикалық, зертханалық жұмыстарды орындау барысында теориялық бiлiмдерiн пайдалана бiлу;

  • пәнаралық байланыстарды қалыптастыру;

  • биологиялық заңдылықтарды түсiндiру кезiнде күнделiктi өмiрмен байланыстыра отырып, тапқырлыққа тәрбиелеу сияқты міндеттерді шешуді талап етеді.

Жалпы білім беру деңгейіндегі «Биология» оқу пәнінің құрылымы мен мазмұны жоғары сыныпта оқушыларға биологиялық білім беруде оқушылардың психофизологиялық қызығушылықтары мен қабілеттерінің ескерілуі, оқу пәнінің мазмұны мен құрылымының тұлғаға бағдарлануы, оқытудың мазмұндық және процессуалдық бірлігінің сақталуы сияқты дидактикалық ұстанымдарға сәйкес құрылды.

«Биология» оқу пәнінің мазмұны:

  1. Жасушаның химиялық құрамы

  2. Жасушаның құрылысы және атқаратын қызметi

  3. Жасушадағы зат алмасу және энергияның айналымы

  4. Организмдердiң көбеюi мен жеке дамуы

  5. Тұқымқуалаушылық және өзгергiштiктiң негiзгi заңдылықтары

  6. Өзгергiштiк заңдылықтары

  7. Өсiмдiктер, жануарлар және микроорганизмдер селекциясы

  8. Жер бетiнде тiршiлiктiң пайда болуы және оның дамуының алғашқы кезеңдерi

  9. Эволюциялық ілімнің негіздері

  10. Микроэволюция туралы iлiм

  11. Макроэволюция және оның дәлелдемелерi

  12. Жер тарихы

  13. Антропогенез-адамның шығу тегi және эволюциясы туралы iлiм

  14. Экология негiздерi

  15. Табиғи және агробiрлестiктердiң қазiргi экологиялық жағдайлары

  16. Қазақстандағы қазiргi экологиялық жағдайлар

  17. Экожүйелердiң өнiмдiлiгi және биогеография

  18. Биосфера және адам


Жалпы білім беру стандартының базистік оқу жоспарына сәйкес «Биология» оқу пәні бойынша жаратылыстану-математикалық бағыттағы апталық сағат саны:

10-11 сыныптарға аптасына 4 сағатты, жылына 136 сағатты құрайды, оның ішінде:

10 сыныпта аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат;

11 сыныпта аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат.

Оқу пәнінің вариативті бөлігі орта білім беру деңгейіне сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың шегінен тыс білім беру мазмұнын айқындайтын білім беру бағдарламасын даярлауға бағытталған, ол факультатив, таңдау курстары, қолданбалы курстар, жеке сабақтар түрінде жүзеге асады. Мысалы, «Медициналық генетика», «Экология негіздері», «Қазақстаннның экологиялық аспектілері», «Биотехнология», «Нейробиология», «Бактериялар мен вирустардың молекулярлық биологиясы», «Эукариоттардың молекулярлық биологиясы»және т.б.

ІІ. ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ


  1. сынып

(барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағат)

Кiрiспе (1 сағат)
Биология - тiршiлiк туралы ғылым. Тiршiлiк - материя қозғалысының көрiнiсi. Тiршiлiктiң негiзгi қасиеттерi.
Цитология негiздерi (29 сағат)
Жасушаның химиялық құрамы (12 сағат)
Цитология ғылымы. Цитология пәні және міндеттері. Жасушалық теорияның дамуы. М.Шлейден мен Т.Шванн, Р.Вирховтың еңбектері. Жасуша теориясының негізгі қағидалары. Жасушаны зерттеу әдiстерi. Жасушаның құрамындағы анорганикалық заттар: (су, минералды тұздар). Жасушадағы минералды заттар. Гидрофобты және гидрофильді молекулалар. Органикалық қосылыстар. Көмiрсулар. Көмiрсулардың құрылымы, моносахаридтер, көмiрсулардың биологиялық рөлi. Липидтердiң құрылымы, қаныққан, қанықпаған майлар. Липидтердiң биологиялық рөлi. Белок - биологиялық полимер. Белок молекуласын зерттеу әдістері. Я.Беккори, Э.Фишер, А.Браконно, Л.П.Полинг еңбектері. Аминқышқылдардың құрылысы, түрлері. Белоктың құрылымы; бiрiншi, екiншi, үшiншi, төртiншi құрылымдары. Белоктың қасиетi мен атқаратын қызметтерi. Нуклеин қышқылдары: ДНҚ, РНҚ. ДНҚ-ның құрылымы мен қасиеттерi. ДНҚ-ның екi еселенуi, оның түрлерi. ДНҚ-ның тұқымқуалаудағы рөлi. РНҚ-ның құрылымы: т-РНҚ, а-РНҚ, р-РНҚ. Жасуша теориясының биология ғылымының дамуындағы маңызы.
Жасушаның құрылысы және атқаратын қызметi (9 сағат)
Жасуша мембранасы, құрылысы және қызметi. Плазмалемма. Цитоплазма. Жасуша органоидтары. Эндоплазматикалық тор. Гольджи аппараты. Лизосомалар. Рибосомалар. Митохондриялар. Пластидтер. Жасуша орталығы. Қозғалыс органоидтары, вакуолдар, жасушалық түзiлiстер.

Жасуша ядросы, құрылысы мен қызметi. Ядроның биологиялық ролі. Ядро шырыны. Хромосомдар. Ядрошық. Прокариоттар және эукариоттар. Вирус-тiршiлiктiң жасушасыз түрлерi.
Жасушадағы зат алмасу және энергияның айналымы (8 сағат)
Жасушадағы зат алмасу. Зат алмасудың этаптары. Метаболизм. Катаболизм. Анаболизм. Тыныс алу. Гликолиз процесі. Гликолиздiң оттектi, оттексiз кезеңдері. АТФ синтезі. Лимон қышқылы сатысына даярлық. Лимон қышқылының айналымы. Кребс циклi. Электрондар тасымалдау тiзбегi. Фотосинтез және автотрофты, гетеротрофты жасушалар. Фотосинтез және тыныс алу. Хлоропластың құрылысы, химио-осмос әрекетi. Жарықта және қараңғыда жүретiн реакциялар. Фотолиз. Хемосинтез. Пластикалық алмасу. Нәруыз (белок) биосинтезі. Транскрипция. Трансляция. Нәруыз (белок) биосинтезінің биологиялық мәні.
Лабораториялық жұмыстар:
1. Зат алмасу реакциясының ферменттiк сипаты.

2. Өсiмдiк жасушасы цитоплазмасындағы плазмолиз және деплазмолиздi бақылау.

3. Пластидтер.

4. Жануарлар, саңырауқұлақтар мен бактериялар жасушасының құрылысын микроскоп арқылы зерттеу, жасуша құрылысының үлгiсiмен жұмыс iстеу.

Көрсетiлiмдер:
Жасушаның көптүрлiлiгiн және оның зерттеу әдiстерiн бейнелейтiн кестелер. «Жасуша құрылысы» туралы сызбанұсқаларын; жасуша органоидтарының электрондық суреттерiн; «Жасуша және оның органоидтары» диафильмiн көрсету. Сонымен бiрге, жасушаның химиялық қосылыстарының молекулалық құрылысы мен атқаратын қызметiн, өсiмдiк жасушасының құрылысын бейнелейтiн кестелердi, ДНК және РНҚ, фотосинтездiң нақнұсқасын, АТФ және оның АДФ-ке айналуының, энергетикалық алмасудың кезеңдерiн, нәруыз (белок) молекулаларының биосинтезiнiң түзiлу механизмiнiң нақнұсқалары мен сызбанұсқаларын көрсету.
Организмдердiң көбеюi мен жеке дамуы (5 сағат)
Жасушаның бөлiнуi. Митоз, фазалары, маңызы. Организмдердiң көбеюi мен жеке дамуы негiзiндегi биологиялық прогресс. Митоз кезеңдері. Интерфаза. Митоздың биологиялық рөлi. Организмдердiң көбею формалары: вегетативті, жынысты, жыныссыз. Партеногенез. Жыныс жасушаларының бөлінуі. Мейоз. Коньюгация. Кроссинговер. Хромосомалар санының редукциялануы. Мейоздың биологиялық рөлi.

Жыныс жасушаларының дамуы: сперматогенез, овогенез. Ұрықтану, оның генетикалық маңызы. Гүлдi өсiмдiктердiң қосарынан ұрықтануы. Аналық және аталық жыныс жасушаларының дамуы. Триплоидты жиынтық. Эндоспермнің пайда болуы..

Онтогенез-организмдердiң жеке дамуы. Өсiмдiктер мен жануарлардағы ұрықтық дамуы. Бөлшектену. Бластула және гаструла, нейрулла сатылары. Ұрық жапырақшалары. Мүшелердiң дамуы. Адам ұрығы дамуының келесi сатылары. Постэмбриондық даму.

Лабораториялық жұмыстар:

  1. Постэмбриондық даму.

Көрсетiлiмдер:

Митоз, хромосомалар, жұмыртқа жасушаларының микропрепараттарын, хордалылардың көбеюi мен дамуының нақнұсқа тапсырмаларын, жасушаның бөлiнуiн бейнелейтiн сызбанұсқаларды, «Жасушалардың митозы мен мейозы» деген диафильмдi көрсету.
Генетика және селекция негіздері (32 сағат)
Тұқымқуалаушылық және өзгергiштiктiң негiзгi заңдылықтары

(13 сағат)

Генетиканың даму тарихы.Г.Мендель, оның еңбектерi. Гибридологиялық әдiс. Моногибридтiк будандастыру. Доминанттық, рессесивтiк белгiлер.

Аллельдi гендер. Фенотип және генотип. Гомозиготалы, гетерозиготалы особьтар. Г.Мендельдiң 1-2 заңдары. Белгiлердiң ажырау себептерi. Гаметалар тазалығы гипотезасы. Талдаушы шағылыстыру. Моногибридтік шағылыстырудың цитологиялқ негіздері. Дигибридті шағылыстыру. Белгiлердiң тәуелсiз тұқым қуалауы. Пеннет торы. Дигибридтi шағылыстырудың цитологиялық негіздері. Тiркес тұқым қуалау. Тiркесу топтары. Генетикалық карта.Т.Морган заңы. Хромосомалық теория. Кроссинговер. Ген, құрылымы, қасиеті. Гендердің ара-қатынасы. Генотип.ГГГгггггггггггггггггггггеГГГенотипнотип

Жыныс генетикасы. Жынысты анықтау. Жыныспен тiркес тұқымқуалау. Гемофилья және дальтонизм. Гендердiң өзгеруiне ортаның әсерi. Гендердiң өзара әрекеттесуi, көптiк аллельдер.

Адам генетикасы. Тұқымқуалаушылықты зерттеу әдiстерi. Медициналық генетика. Адамның тұқымқуалайтын аурулары, олардың алдын алу.
Өзгергiштiк заңдылықтары ( 13 сағат )
Өзгергiштiк және оның түрлерi. Модификациялық және мутациялық өзгергiштiктер. Мутациялардың жиiлiгi. Мутацияның пайда болуына ортаның әсерi. Геномдық, хромосомалық және гендiк мутациялар. Эксперименттiк мутациялар. Селекциядағы мутацияның рөлi. Н.И.Вавиловтың гомологиялық қатарлар заңы. Генетика және эволюциялық теория. Популяциялар генетикасы. Аллельдер және генотиптер жиiлiгi. Харди-Вайнберг заңы. Табиғи сұрыптаудың түрлерi: тұрақтандырушы және қозғаушы сұрыптаулар.
Өсiмдiктер, жануарлар және микроорганизмдер селекциясы (6 сағат)
Селекцияның генетикалық негiздерi. Селекция үшiн бастапқы материалдарды iрiктеп алу, бағалау. Мәдени өсiмдiктердiң шығу орталықтары. Өсiмдiктер селекциясы. Өсiмдiктердi қолдан сұрыптау және будандастыру. Селекциядағы табиғи сұрыпталудың маңызы. Айқас тозаңданатын өсiмдiктердiң өздiгiнен тозаңдануы. Гетерозис. Жасанды мутагенез, оның селекциядағы маңызы. Полиплоидия. Жануарлар селекциясы. Үй хайуанаттарын әрiден будандастыру. Қазақстандағы жануарлар селекциясының жетiстiктерi. Микроорганизмдер селекциясы, оның өнеркәсiптегi маңызы. Биотехнология, оның бағыттары. Генетикалық инженерия.
Лабораториялық жұмыстар:

  1. Вариациялық қатарды құру және жапырақ ұзындығының өзгергiштiгiнiң вариациялық қисық сызықтарын сызып көрсету.


Көрсетiлiмдер:

Мендель заңдарын, хромосомалардың айқасуын бейнелейтiн кеппешөп материалдарын, жинақтамаларды, нақнұсқа-жапсырмаларды, сызбанұсқаларды, тәжiрибелердi көрсету.

Қорытынды (1сағат)
11- сынып

(барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағат)
Жер бетiнде тiршiлiктiң пайда болуы және оның дамуының алғашқы кезеңдерi (3 сағат)
Тiршiлiктiң анықтамасы. Тiршiлiк деңгейлерi: молекулалық, жасушалық, ұлпалық, мүшелiк, организмдiк, популяциялық-түрлiк, биогеоценоздық, биосфералық. Тiршiлiк жүйесiнiң негiзгi қасиеттерi: тiрi және өлi материяның химиялық құрамының бiркелкiлiгi, көбею және даму ерекшелiктерi. Тұқымқуалаушылық, өзгергiштiк, Тiтiркенгiштiк. Энергия алмасу. Ырғақтылық.

Жер бетiнде тiршiлiктiң пайда болуы туралы алғашқы көзқарастар. Тiршiлiктiң мәңгiлiгi туралы теория, ертедегi философтар: Аристотель, Ф. Бэкон еңбектерi. Тiршiлiктiң өздiгiнен пайда болуы жайлы пiкiрге қарсы Ф. Реди, М.М. Треховский тәжiрибелерi. Тiрiнiң тiрiден дамитындығын дәлелдейтiн Л.Пастердiң тәжiрибелерi. Тiршiлiктiң шығу тегi туралы қазiргi заманғы теориялар.

Биохимиялық эволюция. Тiршiлiктiң пайда болуын дәлелдеудегi А.И. Опарин, Дж.Холдейн теориялары. С.П.Миллер, С.Фокс, Дж.Бернал тәжiрибелерi.

Тiршiлiктiң абиогендiк жолмен пайда болуы. Температураның әсерiмен полипептид молекуласын алудағы С.Фокстың еңбегi. Органикалық заттардың концентрациялануы. Коацерват ерiтiндiсi. Өздiгiне ұдайы дамуға қабiлеттi молекулалардың (полинуклеидтер) пайда болуы. Автотрофты, гетеротрофты жолмен қоректенетiн молекулалардың шығуы.

Көрсетiлiмдер: Тiрi организмдердiң көптүрлiлiгiн, тiрi материяның құрылымдық деңгейлерiн, Ф.Реди, Л.Пастер тәжiрибелерiн бейнелейтiн кестелер, Миллер аппаратының, биологиялық жарғақтың түзiлуiнiң сызбанұсқасы, Л.Пастердiң, А.И.Опариннiң, Дж. Холдейннiң, Дж.Берналдың суреттерiн көрсету.
Эволюциялық ілімнің негіздері (15 сағат)
Эволюциялық идеялардың даму тарихы (4 сағат )
Эволюциялық идеялардың даму тарихы. Ч.Дарвинге дейiнгi тiрi табиғаттың дамуы жөнiндегi түсiнiктер. Ерте заманғы және қайта өркендеу дәуiрiндегi эволюциялқ идеялар.

Биология саласында XVII-ғасырдың аяғы мен XIX-ғасырдың аралығында қалыптасқан К.Линней, Ж.Б.Ламарктың эволюциялық iлiмi, оның негiзгi қағидалары және оған берiлген баға.

Ч.Дарвиннiң эволюциялық теориясы. Ч.Дарвин iлiмiнiң алғы шарттары. Ч.Дарвиннiң қысқаша өмiрбаяны мен еңбектерi. Табиғи сұрыпталу теориясының негiзгi қағидалары.

Көрсетiлiмдер:

Өсiмдiктер мен жануарлардың тарихи дамуын бейнелейтiн кестелер, омыртқалы жануарлардың тасқа айналған қалдықтарын, таңбаларын, қазба қалдықтарын көрсету.
Микроэволюция туралы iлiм (11 сағат)
Популяция - эволюцияның қарапайым өлшем бiрлiгi. Популяция туралы ұғым. Популяцияның құрылымы және негiзгi сипаттамалары. Популяцияның өзгеруi. Өзгергiштiк пен тұқымқуалаушылық, оның эволюциялық дамудағы рөлi. Сұрыптау, оның түрлері, оның адамзат өмiрiндегi рөлi. Қолдан сұрыптау, оның мысалдары мен түрлері. Табиғи сұрыпталу-эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы күшi. Табиғи сұрыпталудың алғы шарттары. Тiршiлiк үшiн күрес, оның түрлерi мен мысалдары. Табиғи сұрыпталу әрекетiнiң механизмi. Табиғи сұрыпталудың түрлерi.

Бейiмделушiлiк-табиғи сұрыпталу әрекетiнiң нәтижесi. Бейiмдеушiлiктiң пайда болу механизмi мен түрлерi, оның салыстырмалылығы. Түйсiк-сезiмдiк бейiмделу.

Түр-эволюцияның негiзгi кезеңi. Түр тұжырымдамасының даму тарихы, түр критерийлерi. Түрдiң құрылымы. Түр түзiлу-микроэволюцияның нәтижесi.
Лабораториялық жұмыстар:

1. Қолдан сұрыптаудың нәтижесiн талдау

2. Тiршiлiк үшiн күрес түрлерiмен танысу

3. Организмдердiң бейiмделушiлiгi- табиғи сұрыпталудың нәтижесi
Көрсетiлiмдер:

Өзгергiштiкке, тұқымқуалау нәтижесiне, популяциялар мен түрлер арасындағы айырмашылыққа мысал болатын өсiп тұрған өсiмдiктердi, жинақтамаларды, кеппешөп материалдарын, нұсқаларды бейнелейтiн көрнекiлiктердi көрсету.
Органикалық дүниенiң даму жолдары мен заңдылықтары

Макроэволюция және оның дәлелдемелерi (7 сағат)
Филогенетикалық топтардың эволюциясы. Эволюцияның салыстырмалы-анатомиялық дәлелдемелері. Гамологтық және анологтық қатарлар. Органикалық дүние эволюциясының негізгі бағыттары мен жолдары. Биологиялық прогресс пен регресс. Аллогенез (идиоадаптация). Арогенез (ароморфоз). Катагенез (дегенерация). Биологиялық прогрестiң әртүрлi бағыттарының өзара байланысы. Филогенездiң түрлерi (дивергенция, конвергенция, параллелизм). Топтардағы эволюция қарқыны. Топтардың жойылуы және оның себептерi.
Лабораториялық жұмыстар:

  1. Эволюцияның салыстырмалы-анатомиялық дәлелдемелерi мысалдарын талдау

  2. Өсiмдiктер мен жануарлардағы ароморфоз және идиоадаптация мысалдарын талдау


Көрсетiлiмдер:

Дивергенция, конвергенция, ароморфоз, идиоадаптация, дегенерация құбылыстарын, омыртқалы жануарлардың мүшелер жүйесiнiң эволюциясын (жүйке, қан айналу және т.б.) бейнелейтiн, өсiп тұрған өсiмдiктердi, жинақтамаларды, кеппешөп материалдарын көрсету.
Жер тарихы (4 сағат)
Органикалық дүниенiң даму тарихы. Жер тарихының шежiресi. Архей, протерозой, палеозой заманындағы өсiмдiктер мен жануарлардың дамуы. Мезозой және кайнозой заманындағы органикалық дүниенiң даму ерекшелiктерi.
Көрсетiлiмдер:

Жердiң геохронологиялық шежiресiнiң сызбанұсқалары
Антропогенез-адамның шығу тегi және эволюциясы туралы iлiм

(6 сағат)
Жануарлар дүниесi жүйесiндегi адамның орны. Адамның жануарлардан шыққандығының дәлелдемелерi. Антропогенездiң қозғаушы күштерi. Антропогенездiң биологиялық және әлеуметтiк факторлары. Адамның пайда болуындағы еңбектiң рөлi.

Адам эволюциясының бағыттары. Австралопитектер. Гоминидтер эволюциясының негiзгi кезеңдерi (ептi адам, ежелгi, ертедегi және қазiргi адамдар).

Саналы адамның эволюциясының факторлары, және олардың алғашқы отаны. Саналы адам дамуының негiзгi кезеңдерi. Адам нәсiлдерi. Нәсiлдердiң бiр екендiгiнiң дәлелдемелерi. Нәсiлшілдікті және әлеуметтiк дарвинизмді сынау.
Көрсетiлiмдер:

Адам мен омыртқалы жануарлардың қаңқаларын, «Адамның шығу тегi» туралы материалдық мәдени мұраларының нұсқаларын, сызба нұсқаларды көрсету.
Экология негiздерi (12 сағат)

Экология ғылымы. Экологияның негiзгi мiндеттерi. Экологиялық көзқарастардың тарихы. Экологиялық зерттеулердiң негiзгi бағыттары. Қазақ халқының экологиялық қағидалары. Экологиялық заңдылықтарды зерттеудiң әдiстерi. Географиялық қабық пен биосфераның біртұтастылық қағидалары. Организмдердің әр түрлілігі және тіршілік орталары. Экологиялық факторлар (абиотикалық, биотикалық, антропогендiк). Әртүрлi факторлардың организмге әсерi. Шектеушi факторлар. Тiрi табиғаттағы маусымдық құбылыстарды басқаратын факторлар. Фотопериодизм. Абиотикалық факторларға қатысты организмдердің экологиялық топтары. Организмдердің қоректену тізбектері мен зат және энергия алмасу сипаттары.

Популяциялардың экологиялық сипаттамасы. Әр түрге жататын популяциялар арасындағы қоректiк және территориялық байланыстар. Популяцияның саны. Көптеген түрлерге адамның iс-әрекетiнiң әсерi. Популяция - тiрi табиғаттың тiршiлiк деңгейi.
Табиғи және агробiрлестiктердiң қазiргi экологиялық жағдайлары

(4 сағат)
Қоректiк байланыстар және қоректiк тiзбектер. Экологиялық пирамидалар. Биоценоздардың негiзгi қасиеттерi. Биоценоздардың өздiгiнен дамуы және алмасуы. Табиғи биоценоздарды қорғау. Агроценоз, оның құрылымы, ондағы тiршiлiк ететiн организмдер топтары, қоректiк тiзбектер. Биоценоздар мен агроценоздардың биологиялық өнiмдерi.

Адам iс-әрекетiнiң қоршаған ортаға тигiзетiн әсерлерi. Экологиялық апаттар. Қазiргi экологиялық жағдайлар.
Көрсетiлiмдер:

Организмдердiң қоршаған ортаның әртүрлi жағдайларына әсерін, табиғаттағы маусымдық ырғақтар, популяция, сирек кездесетiн түрлердiң т.б., өзара экологиялық байланыстарын бейнелейтiн кестелердi, жинақтамаларды, кеппешөп материалдарын және экологиялық жүйелердiң, агроценоздардың нұсқаларын көрсету.
Қазақстандағы қазiргi экологиялық жағдайлар (9 сағат )
Қазақстандағы экологиялық проблемалар. Арал өңiрiндегi экологиялық жағдайлардың өзгеруi: теңiздiң тартылуы және оның қоршаған ортаға әсерi. Адам iс-әрекетiнiң қоршаған ортаны өзгертуi. Табиғат қорғаудың негiзгi жолдары ( қорықтар, қорықшалар, ұлттық табиғи бақтар, Қызыл кiтап т.б.). Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары. Қоршаған орта сапасын бақылау.
Экожүйелердiң өнiмдiлiгi және биогеография (2 сағат)
Экожүйелердегi заттар мен энергияның алмасуы. Экожүйелердiң өнiмдiлiгi. Дүние жүзiндегi биогеографиялық аймақтар және олардың өнiмдiлiгi. Неоарктикалық, палеоарктикалық, Үнді-Малай немесе Шығыс, анеотропикалық, эфиопиялық, австралиялық аймақтар.
Биосфера және адам (5 сағат)
В.И.Вернадский және оның биосфера туралы iлiмi. Биосфераның шекарасы мен эволюциясы. Биосфераның құрамы және қызметi. Биомасса туралы ұғым. Тiрi организдердiң қасиетi. Құрлық, топырақ және мұхиттардың биомассасы. Адамның биосферадағы биомассаға әсерi.

Биосферадағы заттар айналымы мен энергияның өзгеруi. Биосферадағы тiрi организмдер қызметi (газдық, концентрациялық, тотығу, қалпына келу). Биосферадағы биохимиялық үрдiстер.

Биосферадағы заттар мен энергия айналымындағы тiрi организмдердiң рөлi.

Тiрi организмдердiң тiршiлiк әрекетiнен биосфераның өзгеруi. Ноосфераның пайда болуы мен дамуы. Адамзат - биосфера биомассасының бiр бөлiгi. Адам iс-әрекетiнiң биосфераға әсерi. Табиғат байлықтарын тиiмдi пайдалану және биосфераны қорғау. Қазақстандағы тiрi организмдердi, табиғаттың ерекше орындарын, ескерткiштердi қорғау.
Жалпы қорытынды (1 сағат)

Көрсетiлiмдер:

Жер бетiндегi геосфералардың шекарасы мен орнын, биосфераның құрылымын бейнелейтiн кестелердi, биосферадағы заттар айналымы мен энергия өзгеруiн көрсететiн сызбанұсқаларды көрсету.

III. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Оқушылар:


  • биологиялық процестер мен құбылыстардың мәні туралы (клеткадағы зат және энергия алмасу; онтогенез; филогенез: гетерозис құбылыстары; полиплоидия; қоректену ортасына бейімделу, биосферадағы тірі организмдердің қызметі); қазіргі биологиялық терминдер мен символдар; ішімдіктің және басқа есірткі заттардың (алкоголь, нашақорлық) адам организміне зиянды әсерін туралы түсіндіре алады.

  • Биологиялық объектілерді (өсімдік және жануар клеткаларын), процестер мен құбылыстарды (өсімдіктер мен жануарлардағы зат алмасу; пластикалық және энергетикалық зат алмасу; митоз бен миозды; жыныссыз және жынысты көбеюді; сыртқы және іштей ұрықтануды; жасанды және табиғи сұрыптауды; түртүзілудің тәсілдерін; эволюцияның жолдары мен бағыттары) және салыстыру негзінде қорытынды жасауды салыстыра алады.

  • Клетка органоидтарының құрылысы мен қызметі; эволюцияның қозғаушы күшін, адам іс - әрекетінің биосфераға әсері туралы байланыстарды тағайындай алады.

  • Тұқымқуалаушылық аурулардың алдын алудағы генетиканың рөлін; антропогенездің биологиялық және әлеуметтік факторларын, адам эволюциясының негізгі кезеңдері; антропогенез процесі кезіндегі эволюция қозғаушы күшінің өзгерісі н; қоршаған ортаны қорғау туралы шараларды негіздей алады.

  • Генетикалық тәжірибе нәтижелерін бағалау үшін математикалық статистика әдістерін қолдана алады;

  • Варияциялық қатар және вариациялық қисық құру көрсеткіштерін ; таңдалған экожүйедегі негізгі компоненттерді (продуценттер, консументтер, редуценттер) санай алады.

  • Генетикалық есептерді, әртүрлі қиындықтағы органикалық дүние эволюциясы бойынша гипотетикалық есептерді шығара алады.

  • Табиғатты қорғау шараларын өткізуді; тірі организмге қатысты этикалық нормалар мен ережелерді; қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ережелерді жүргізуді орындай алады.

  • Биологиялық танымдық есептерді; айқасу сызбанұсқаларын; экожүйедегі энергия мен заттарды тасымалдау жолдарын (қоректену тізбегін) құра алады.

  • Организмдердің қоректену ортасына бейімделуін, өсімдіктер мен жануарлардағы ароморфоз және идиоадаптация; тірі белгілердің ерекшеліктері (кейбір жеке организмдерде): экожүйенің абиотикалық және биотикалық компоненттері; экожүйедегі организмдердің байланысы; қоршаған ортадағы мутагендердің көздерін; өз ауданыдарындағы экожүйенің антропогендік өзгерістерін анықтай алады.

  • Биологиялық моделдердегі биологиялық жүйелерді зерттей алады.

  • Тіршіліктің мәні туралы әртүрлі болжамдарды; тіршіліктің және адамның, нәсілдердің шығу тегін, биосферадағы ауқымды антропогендің өзгерістерді; биология ғылымындағы қазіргі зерттеулердің этикалық аспектілерін; бақылау және тәжірибе негізінде алынған материалдарды талдай алады.

  • Ғылыми-көпшілік әдебиеттерден; әртүрлі әдебиеттер(оқу мәтінінен, анықтамалардан, компьютерлік базалардан, Интернет ресурстарынан) өз беттерінше биологиялық ақпараттарды іздеп іске асыра алады және оларды қолдана алады.

  • Биологиядан алған білімдері мен біліктерін кіріктірілген (физика, химия, география) және қолданбалы курстарда және практикалық іс-әрекеттерінде қолдана алады.

  • Қарапайым клетка микропрепараттарын дайындай алады.

  • Өсімдік және жануар клеткаларын микроскоп арқылы; морфологиялық критерийлер бойынша түрлердің дараларын; тұрғылықты жердің экожүйелері мен агроэкожүйелерін суреттей алады.

  • Биотехнология саласындағы кейбір зерттеулердің этикалық аспектілерін (клондау, жасанды ұрықтандыру) бағалай алады.

  • Өсімдік және жануар тіршілігіндегі маусымдық өзгерістерді бақылау бойынша биологиялық тәжірибені; биологиялық зерттеулер мен бақылаулардың нәтижелерін талдап және оны суреттеуді сипаттай алады;

  • Вирусты және басқада аурулардың (стресс, жағымсыз қылықтар, шегу, алкоголизм, нашақорлық) таралуының алдын алу шараларын жүргізуді қамтамасыз ете алады.

  • Биологиялық объектілермен, приборлармен және құралдармен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды, салауатты өмір салтын, қоршаған ортада өзін ұстау ережелерін орындай алады.

  • Әртүрлі жарақаттар алу кезінде (қол-аяғын сындыру, күйік, күн және жылу сәулелері, улану, жүрек және тыныс тоқтау) кезінде алғашқы көмек көрсете алады.

IY. ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазiргi кездегi мектептердi дамыту бағыттарының бiрi - бiлiмдi саралау болып табылады. Ол әр түрлi оқу жоспарымен жұмыс жасайтын мектептер үшiн, сондай-ақ пәндi тереңдетiп оқытуға, арнайы және бағдарлы т.б. сыныптарды ұйымдастыруға негiзделген. Бағдарлы оқыту оқушылардың белгiлi бiлiм саласына тұрақты қызығушылығын қалыптастыру үшiн 10-11 сыныптарда, ең алдымен, қоғамның әлеуметтiк сұранысына, биология ғылымының методикалық ұстанымдары мен жүйесiне, оқушылардың жас ерекшелiгiмен байланысты таным мүмкiндiктерiне сай жүзеге асырылады.

Биология пәнiнiң бағдарламасы мектептiң негiзгi сатысындағы (6-9 сынып) бағдарламаларына негiзделген, бiрақ кейбiр тараулардың мазмұны тереңдетiлiп, курстың қолданбалы және практикалық жақтары күшейтiлген. Биологиядан бiлiм беру мазмұнын анықтаудың негiзiне жүйелiлiк-құрылымдық, экологиялық-эволюциялық тәсiлдер алынған. Басқаша айтатын болсақ, тiрi табиғат элементтерi-жасуша, организм, популяция, түр, биогеоценоз, биосфера күрделi жүйе түрiнде бiр-бiрiмен байланыста қарастырылады. Әрбiр тiршiлiк деңгейiнiң жүйелi-құрылымдық құрылысының ерекшелiктерi эволюция идеясы арқылы ұсынылады.

Жалпы биология курсы оқушылардың бойында шығармашылық қабiлеттерiн дамытады. Сондықтан, оқушылардың «Жаңалықты» өздiгiнен iздеп ашатындай танымдық, эмоциялық жағдайлар туғызатын оқытудың эвристикалық, ғылыми-зерттеу, табиғатты көркем қабылдау сияқты әдiс-тәсiлдерiне «табиғаттағы сабақ», «сабақ- топсаяхат», «сабақ-конференция», т.б.тәрiздi оқу жұмысын ұйымдастырудың дәстүрлi емес түрлерiне ерекше маңыз берiлу қажет. Лабораториялық-практикалық сабақтарды мұғалiмнiң еркi бойынша теориялық курсты жаңадан оқыту барысында немесе қажеттi тақырыптарды тiкелей қайталау кезiнде өтуге болады. Оқушылардың алған бiлiмдерiн iске асырудың негiзiне төмендегi талаптар алынды: болжау, анықтау, салыстыру, түсiндiру, қолдану.

Жаратылыстану-математикалық бағытындағы мектептерде жоғарыдағы тақырыптардан таңдап пайдалануға және оған қосымша жаратылыстанудың философиялық мәселелерiне, ғылыми-зерттеу жұмысының методологиясы мен әдiстемесiне, биологиялық үрдiстердi математикалық моделдеуге т.б. ерекше көңiл аударылады.

Базистiк оқу жоспары бағдарлы пәндерден басқа, қолданбалы және таңдау бойынша бiрнеше курстар ұсынады. Жаратылыстану-математикалық бағытындағы мектеп, биологиялық бiлiмнiң базалық (инварианттық) бөлiгiн толықтырып, кеңейтуге «Медициналық биология», «Адам экологиясы», «Ауыл шаруашылығындағы биология» т.б. курстарды ұсынады. Әрине, бағдарлы сыныптардағы курстар өте кең ауқымды пәнаралық байланыс негiзiнде құрылып оқытылады.

Сондай-ақ қазіргі кездегі білім берудің басты ерекшелігі - әртүрлі іс-әрекеттердің түрлеріне байланысты оқушы іскерлігінің қалыптасуына ықпалын тигізетін білімдер мен біліктерді өздігінен игеруге қабілеті бар оқу үрдісінің субъекті ретіндегі оқушының рөлін жоғарылату болып табылады.

Сондай-ақ және өскелең ұрпақты рухани-мәдениетпен қанықтыру үшін биология ғылымының жетістіктерін, қоршаған ортаны қорғау мәселесінде мәдени мұра, салт-дәстүрлерді білу және салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытады.

«Биология» пәні бойынша білім беру бағдарламасы мұғалімнің оқушылардың өз бетінше танымдық іс-әрекетін көрсететін оқыту технологияларын пайдалана отырып, оқу процесін ұйымдастыруына бағыт-бағдар береді:

- танымдық іс-әрекет қоршаған дүниені танып білу үшін бақылау, өлшеу, эксперимент, модельдеуді пайдалануды; зерделеу нысандары арасындағы мәнді қызметтік байланыстар мен қатынастарды бөліп көрсетуді; себеп-салдарлық байланыстардың сипатын айқындауды; оқу және практикалық есептерді шешуді, өз бетінше әр түрлі шығармашылық және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыра алуды; мақсат қою, нәтиже, оны бағалау тәрізді проблемаларды шешу компетенттілігі аясында өзінің танымдық іс-әрекетін өз бетінше, қызығушылықпен ұйымдастыра алуды болжайды;

- ақпараттық- коммуникативті іс-әрекетке бастапқы және екінші ақпаратты ала білу және оны өңдей алу, сондай-ақ оны пайдалана білу; негізгі ақпаратты қосалқыдан бөле алу, алынған ақпараттың сенімділігін бағалай алу; қойылған мақсатқа сәйкес ақпарат мазмұнын жеткізе алу; ақпаратты бір таңбалық жүйеден екіншісіне көшіре білу; пайымдауын кеңінен негіздей алу, анықтамалар беріп, дәлелдемелер келтіре білу; ақпараттарды өңдеу, жіберу, жүйелеу үшін, танымдық және практикалық іс-әрекеттің нәтижелерін көрсету үшін мультимедиялық қорларды, копьютерлік технологияны пайдалана алу біліктілігімен қаруландыру; жазу, көпшілік алдында сөйлей білу (өз ойын айту, монолог, пікір талас және т.б.), топпен жұмыс істей алу коммуникацияларының негізгі түрлерін меңгеру; пікір алмасушының көзқарасын түсіне білу және басқа пікірдің болуын мойындай білу қабілеттілігін дамыту, сұқбаттасу және пікірталас жүргізудің этикалық нормалары және ережелерін білу жатады.

Жоғары сыныптарда биология пәнінің оқу материалдарын игеру ақпараттық-компьютерлік технологияларды қолдану арқылы да жүзеге асырылуы тиіс.



Похожие:

Қазақстан респуликасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан респуликасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан респуликасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан респуликасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы музыка оқу бағдарламасы
Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған «Музыка» оқу бағдарламасы. – Астана, 2010. – 19 б
Қазақстан респуликасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы музыка оқу бағдарламасы
Жалпы білім беретін мектептің 5-6 сыныптарына арналған «Музыка» оқу бағдарламасы. – Астана, 2010. – 15 б
Қазақстан респуликасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы әдебиеттік оқу оқу бағдарламасы
Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің 2–4 сыныптарына арналған
Қазақстан респуликасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан респуликасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан респуликасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан респуликасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дүниетану оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан респуликасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница