Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны




НазваниеПарниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны
страница16/16
Дата конвертации15.11.2012
Размер1.29 Mb.
ТипДокументы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16



4-қосымша Глоссари

Антропогендік шығарындылар - адамның шаруашылық қызметімен байланысты шығарындылар, парниктік газдар шығындыларын қара.

Негiздi жыл – бұл әртүрлi жылдарда парниктік газдар шығарындыларын бағалаулары салыстырлатын жыл. Белгіленген парниктік газдарының шығарындылар саны негізгі жылдағы елдердің шығарындыларынан пайызбен Киото хаттамасының В-қосымшасында белгіленген. Елдердің басым көпшiлiктерi үшiн 1990-шi жыл осы жыл болып табылады. Ауыспалы экономикасы бар елдер басқа негiздi жылдарды таңдауға рұқсат етiледi. Қазақстан Республикасы үшін 1992 жыл негiздi болып таңдалған.

Парниктік газдар шығарындылары – шығарындылар көздерінен атмосфераға газдардың (көміртектің қос тотығы (СО 2), метан (СН 4), азот ашындысы (N2O), гидрофторкөміртектер (ГФК), перфторкөміртектер (ПФК), күкірт гексафториды (SF6) антропогендік эмиссиялары.

Күкiрт гексафториды - (SF6, алты фторлы күкiрт) – жеткілікті оқшау қоспа, ауыр газ, қолайлы жағдайда ауадан 6 есе ауыр.

Гидрофторкөміртегі (ГФК) – HFCs, Киото хаттамасымен реттелетiн алты парниктік газдарға кіреді, өз құрамында фтор, көмiртек және сутегiнiң атомдары бар. ГФК тоңазытқыш жабдықтары және жартылай өткізгіштер өндірісінде кең қолданылады. Олардың жаһандық жылыну әлеуеті 1 300-ден 11 700-ге дейін құбылады.

Глинозем – алюминий оксиді - электролиттiк әдiспен алюминийді өндiруге арналған шикiзат.

Көмiртектiң қос тотығы - көмiртек оксиді, сондай-ақ көмiрқышқыл газы, көмiртектiң қос тотығы, көмiр ангидридi, көмiрқышқылы. Химиялық формуласы - CO2, азғана қышқылдау иiсі және дәмі бар түссiз газ. Тынысты және жануды қолдамайды.

Ластаушы заттар (ЛЗ) - бұл қоршаған ортаға табиғи түсу деңгейінен артық түсетін антропогенді тектес зат.

Азот шала тотығы - азот оксиді, диазот оксиді, N2O химиялық формуласымен қосылған - көңiл көтертетiн газ. Ол қолайлы температурада жағымды тәттiлеу иiсi және дәмі бар түссiз жанбайтын газ Мастық әсер беретін болғандықтан кейде «көңіл көтергіш газ» деп аталады.

Парниктік газдар шығарындыларын түгендеу – заңды тұлғаның меншігіндегі немесе тараптармен анықталған мерзімде жобаға қатыстырылған немесе өлке аумағындағы түгендеу әдiстемелiк процесстерін әзiрлеуді қоса алғандағы, көздерден болатын парниктік газдардың нақты антропогендік шығарындыларын бағалауға немесе өлшеуге қажетті барлық мәлiметтердi мұрағаттау және біріктіру, талдау, жiктеу, жинау.

Парниктік газдар шығарындыларының көздері – парниктік газ шығарындылары жұмыс істеу нәтижесі болып табылатын, өнеркәсіптік және жалпы маңыздағы объектілерден тұратын мүліктік кешен.

Парниктік газдар шығарындыларының кадастры – көздерден болатын парниктік газдар шығарындыларының динамикасын тарихи перспективада көрсететін парниктік газдар шығарындыларын түгендеу және мониторинг нәтижелерінің деректер базасы.

Киото хаттамасы – БҰҰ Климаттың өзгеруі туралы Негіздемелік Конвенциясының Киото хаттамасы (1997 ж.) дамыған елдер және ауыспалы экономикасы бар елдердің 2008-2012 жылдар мерзіміндегі атмосфераға парниктік газдардың түсуін тұрақтандыру және төмендету жөніндегі сандық міндеттемелерін бекітеді.

Клинкер – цемент өндірісіндегі ұсақталған әк тас және балшық қоспасын күйдіру кезінде алынатын аралық өнім (гранула түрдегі). Цемент өндірісінде қолданылады

Тараптар Конференциясы (ТК) – БҰҰ Климат өзгеруі туралы Негіздемелік Конвенциясының Тараптар Конференциясы.

Парниктік газдардың ұшпа шығарындылары – ағулармен байланысты шығарындылар отынды өндіру, өңдеу, тасымалдау, сақтау және қолдану кезінде пайда болуы мүмкін. Егер осындай шығарындылар өнімдік қызмет үшін пайдаланылмаған болса, онда тек осындай жағдайда ғана отынды жағудан болған шығарындыларды өзіне қамтиды, мысалы, мұнай және газ өнеркәсіп кәсіпорындарында мұнай немесе табиғи газды өндірудегі ілеспе газын алауларда жағу.

Перфторкөміртектер (ПФК) – сутек атомдарының барлығы фтормен араласқан көмірсутегі, мысалы тетрафторэтилен CF2 = CF2, перфторпропилен CF3—CF=CF2, перфторпентан CF3(CF2)3CF3, октофторпропан және т.б.

Тікелей парниктік әсер – парниктік газдың қасиеті планетаның төменгі атмосфералық қабаттың температурасының көтерілуіне тікелей әсер етеді, әсерлі температурамен салыстырғанда, яғни ғарыштан бақыланатын планетаның жылу сәулесін шығару температурасы.

КӨҮСТ - Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобы, климат өзгеруімен байланысты білім жағдайын беделді бағалауды қамтамасыз ету мақсатында үкіметпен ЮНЕП және ВМО арқылы 1998 жылы бекітілген. КӨҮСТ ғаламды ауқымда қажетті болып табылатын баяндамалар жазу үшін дүние жүзіндегі ғалымдар мен өзге де зерттеушілерді өз жұмыстарына қатыстырады және үкіметаралық ұсыныстар деңгейінде келісілген қысқаша шолуларды жариялайды.

Метан – қарапайым көмірсутек, иісі жоқ, түссіз газ, химиялық формуласы CH³. Суда аз ериді, ауадан жеңіл, Киото хаттамасымен реттелетін алты парниктік газдарға жатады.

Киото хаттамасының иілімді тетігі - парниктік газдардың шығарындыларын төмендетуге шығындарды азайту мүмкіндігін беретін Киото хаттамасымен бекітілетін тетіктер. Хаттамада төрт тетік ұсынылған: таза жетілу тетігі, бірігіп жүзеге асыру және шығарындыларды сату және «көпіршік» (бірнеше елдер үшін жалпы лимитті бекіту).

Парниктік газдар шығарындыларының мониторингі – БҰҰ КӨНК тараптарымен белгіленген мерзімді жүргізілетін парниктік газдар шығарындыларын ұдайы түгендеу.

Монреаль хаттамасы – озон қабаттарына жұқаруына жауапты кейбір химиялық заттарды өндірістен алу көмегімен озон қабатын қорғау мақсатында әзірленген халықаралық шарт. 1987 жылғы 16 қыркүйекте қол қоюға әзірленген және 1989 жылғы 1 қаңтарда күшіне енді.

Мұнай газы – мұнайда еріген түрлі газ тәріздес көміртектердің қоспасы; олар өндіру және айдау процестерінде шығады. Мұнай газдарына сондай-ақ шекті және шексіз (этилен, ацетилен) көмірсутектерінен тұратын мұнай крекинг газы кіреді.

Парниктік газдар (ПГ ) – климат өзгеруіне әсерін тигізетін газдар (негізінен СО көміртектің қос тотығы). Парниктік газдарға метан (CH4), азот шала тотығы (N2O), фторленген көміртегі (HCFs), перфторкөміртегі (PCFs) күкірт гексафториді (SF6).

Парниктік әсер - планетаның төменгі атмосфералық қабаттың температурасының көтерілуі, әсерлі температурамен салыстырғанда, яғни ғарыштан бақыланатын планетаның жылу сәулесін шығару температурасы.

Жаһандық жылыну әлеуеті – СО2 молекуласына қатысты белгілі парниктік газ молекуласының радияциялық (қыздыратын) әсерінің санын анықтайтын параметр. Жаһандық жылыну әлеуеті СО2 бірлігіне тең қабылданған.

Табиғи газ – органикалық заттардың анаэробты ыдырауы кезінде жер астында пайда болатын газдардың қоспасы.

БҰҰ Климаттың өзгеруі туралы Негіздемелік Конвенциясы – тұрақты негізде азық-түлік өндірісін қауіпке төндірмейтін және экономиканың әрі қарай дамуын қамтамасыз ететін, экожүйелердің климаттың өзгеруіне табиғи үйренуі үшін жеткілікті мерзімді қамтамасыз ететін деңгейде климаттың қауіпті өзгеруінің алдына алуға және атмосферадағы парниктік газдар шоғырлануының тұрақтылығына жетуге тараптардың күшін біріктіретін халықаралық келісім.

Көздерден болатын парниктік газдардың шығарындылар және олардың жұтқыштармен сіңіру жүйелерінің мониторгингі – құжаттауға, жүйелеуге және мағлұматтарды талдауға, парниктік газдар шығарындыларын түгендеу жөніндегі есептердің растылығын тексеруге және қажетті нысанда жіберуге жауапты парниктік газдар шығарындыларын ұдайы бағалаудың процедуралары мен әдістерінің жүйесі.

Тараптар жиналысы (ТЖ) - Киото хаттамасы тараптарының жиналысы. ТК Киото хаттамасын ратификацияланғаннан және күшіне енгеннен кейін жүзеге асыруға арналған жоғарғы орган ретінде ТЖ әрекет етеді.

1-қосымша елдері – БҰҰ КӨНК және Киото хаттамасы бойынша (Киото хаттамасының В-қосымшасының синонимі) арнайы міндеттемелерін қабылдайтын өнеркәсіпті дамыған елдер және ауспалы экономикасы бар елдер, сондай-ақ Киото хаттамасының 7-бабының 1т.сәйкес БҰҰ КӨНК 4-бабының 2 g-тармағына сәйкес хабарлама ұсынған елдер (Қазақстан осындай ел болып табылады).

1-қосымшаға енгізілмеген елдер – міндеттемелерді орындаудың бірінші мерзімінде (2008-2012 ж.ж.) шығарындыларды қысқарту жөнінде Киото хаттамасында ешбір міндеттемелері қарастырылмаған елдер.

Жылушығарушы нетто мәні (ЖНМ) – отынның жылу шығару қабілеттілігі, 1 кг қатты немесе 1 м3 газтәріздес отынды жағу кезінде бөлінетін жылу саны. Отынның әрбір түрлерінің жылу шығару қабілеттілігі оның жанармайлық құрамынан, сондай-ақ күлділігіне және ылғалдылығына тәуелді.

Отын – бастапқыда жылу энергиясын шығару үшін қолданылатын отынның өзіндегі сыртқы немесе құрамындағы тотықтармен экзотермиялық химиялық реакцияға қабілеті зат немесе заттар қоспасы.

Жанудың үлесті жылуы – 1 кг массасындағы отынның толық жануы кезінде шығатын жылу саны. Отының үлесті жану жылуы тәжірибелі жолмен анықталады және отынның маңызды сипаттымасы болып табылады.

Орнықты даму – қазіргі ұрпақ қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігін беретін, сонымен қатар болашақ ұрпақа олардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мұраға қалдырылатын мүмкіндіктеріне зиян келтірмей қоғамның дамуы.

Шартты отын – отынның әрбір түрлерінің жылу құндылығын салыстыру үшін қолданылатын органикалық отынның есеп бірлігі. 1 кг қатты шартты отынның (немесе 1т.м газ тектес шартты отын) жану жылуы 29,3 МДж (7000 ккал) құрайды, ол шамамен 1 кг тас көмірдің жану жылулығына сәйкес.

Шығарындылар факторы (коэффициенті) – шығарындылар көзі болып табылатын қызмет нәтижесінің мәліметтері бойынша химиялық компонеттерінің санын есептеу мүмкіндігін беретін коэффициент. Шығарындылар факторы, көбінесе, орындаудың белгілі шарттары кезіндегі нақты қызмет түрі үшін шығарындылардың репрезантивтік нормаларын әзірлеуге орташаланатын мәліметтерін өлшеу мысалдарына негізделеді.

Флюс – металлургияда балқыту температурасын және қоқыстар пайда болуын төмендету үшін кенге немесе метал шахтасына қосылатын зат.

Экологиялық сараптама – экологиялық қауіпсіздікке және табиғатты ұтымды пайдалану жүйесіне сәйкестігі нысанасына шаруашылық құрылыс жобаларын және табиғат қорларын пайдалануды кешенді бағалау.

Сараптамалық қорытынды – сарапшының жазбаша түрде жазылған жұмыс нәтижесі.

Эндогендік жану – жер астында өтетін басқарылмайтын жану. Елеулі экономикалық әлеуметтік және экологиялық салдармен сабақтасады.

Энергия ресурстар – қазіргі заманға сай техникалармен материалдық игіліктерді өндіру үшін адаммен іс жүзінде пайдаланылуы мүмкін табиғаттағы отын және энергия қорлары.

СО2-балама – парниктік газдардың жаһандық жылынуына әсер ету дәрежесі, ол СО2 - балама шартты бірліктерімен бағаланады. Мысалға, егер көмірқышқыл газы үшін СО2 – балама көлемі 1-ге тең, онда мысалы, метана үшін (СН4) ол 21-ге тең, азот шала тотығы үшін (N2О) - 310, ал күкірт гексафториді үшін (SF6) – 23900.


1 ҚРҮ 2008 жылғы 11.02 №128 қ

2 Кәсіпорындар зертханалық талдау нәтижесінде анықталған өздерінің өзге де коэффициенттерін пайдалана алады.

3 коэффициент кәсіпорын ерекшелігін және көмірсутектерін сақтау жағдайларын есепке алумен нақтылануы мүмкін ( үндестікте 4.2-кестесінде көрсетілген)


4 коэффициенттер кәсiпорынның ерекшелігі мен өндірілетін және қолданылатын көмiрсутектердiң сипаттамасын есепке алумен нақтылануы мүмкін

5 коэффициенттер кәсiпорынның ерекшелігі мен өндірілетін және қолданылатын көмiрсутектердiң сипаттамасын есепке алумен нақтылануы мүмкін

6 коэффициенттер кәсiпорынның ерекшелігі мен өндірілетін және қолданылатын көмiрсутектердiң сипаттамасын есепке алумен нақтылануы мүмкін

79 коэффициент көмiрсутектердiң химия құрамының есепке алуымен анықталуы мүмкін

8 кәсіпорын ерекшелігінің көміртектің химиялық құрамын есепке алуымен анықталуы мүмкін

9 кәсіпорын ерекшелігінің көміртектің химиялық құрамын есепке алуымен анықталуы мүмкін

10 кәсіпорын ерекшелігінің көміртектің химиялық құрамын есепке алуымен анықталуы мүмкін



1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Похожие:

Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconПарниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconПарниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 94-10-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында БҰйырамын
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconПарниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29 тармақшасын іске асыру мақсатында БҰйырамын
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconПарниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидасын бекіту туралы
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-ші бабына сәйкес БҰйырамын
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидаларын бекіту туралы
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconПарниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29 тармақшасын іске асыру мақсатында БҰйырамын
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconПарниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабына сәйкес БҰйырамын
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconСауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу қағидалары бекіту туралы
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29 тармақшасын іске асыру мақсатында БҰйырамын
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconӘкімшілендіру субъектілерінің парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруға қатысу қағидаларын бекіту туралы
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 94-6-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconПарниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 158-2-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница