Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны




НазваниеПарниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны
страница4/16
Дата конвертации15.11.2012
Размер1.29 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

2. Кәсіпорындар деңгейінде парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесінің ерекшіліктері



Парниктік газдардың шығарындылары және ағындылары жөніндегі жеткілікті толық, дәл, әдiстемелiк мөлдiр және верификацияланатын ұлттық есептіліктің бар болуы елдерге Киото хаттамасының «икемді тетігіне» қатысуға мүмкіндік беретiн негiзгi шарттардың бiрі болып табылады.

Сонымен қатар, кәсiпорындар деңгейiндегі ПГ түгендеу кәсiпорындардың негiзгi қызмет түрлерімен байланысты барлық санаттағы көздер үшiн орындалуы тиісті.

Парниктік газдардың шығарындыларын түгендеу өз қызметін Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асыратын барлық кәсiпорындар үшiн жүргiзiлуi тиісті.

Табиғатты пайдаланушылар (парниктік газ шығарындыларының көздері бар заңды тұлғалар) үшін парниктік газдардың шектеулі рұқсат етілген шығарындылары нормативіне (ШР ПГШ) негiздi 2008 жылдағы1 парниктік газдардың жалпы шығарындылары СО2 баламада қабылданады.

Киото хаттамасына сәйкес есепке алу және реттеу мынадай парниктік газдар үшiн жүзеге асырылады: тікелей парниктік әсерге ие көмiртектің қос тұтығы (СО2), метан (СН4), азот ашындысы (N2O), СФК (суфторкөміртегі), ПФК (перфторкөміртек) және күкiрт гексафториды (SF6). Осы Әдiстемеде жоғарыда аталған алты парниктік газдардан алғашқы үшеуі, сонымен қатар алюминиді өндiру кезінде ПФК (CF4 и C2F6) қарастырылған.

Парниктік газдарды түгендеу – бұл бiр жолғы акция емес, ол шығарындылар көлемдерi өзгерiсiнiң уақытша сипатын ұсынуы тиіс, сондықтан компаниялардағы шығарындыларының беталысын анықтау және келешекте төмендету үшін әр түрлi жылдар бойынша есептердің өлшемдестігін және салыстырмалығын қамтамасыз ету маңызды.

КӨҮСТ әдiстемесіне сәйкес Қазақстанда, атмосфераға парниктік газдар шығарындыларының негiзгi көздерi бес санаттағы көз эмиссиялары немесе секторлар болып табылады: энергетикалық қызмет; өнеркәсiптiк процесстер; ауыл шаруашылығы; жер пайдалану, жер пайдалануды өзгерту және орман шаруашылығы; қалдықтар.

ПГ шығарындыларын түгендеудің осы әдiстемесі жоғарыда аталғандардан тек қана екi санатты қосады - энергетикалық қызмет және өнеркәсiптiк процесстер.

Қалған санаттар бойынша жеке есептеу әдiстемелерi әзірленеді.

Осы Әдiстемеде ПГ шығарындыларына әкелетін қызметтердің мынадай түрлерi қарастыралады:

Автокөлiктi қоса алғанда отынның барлық түрлерiн жағу

Отынды өндіру, сақтау және тасымалдау кезіндегі ағулар

Көмiр

Мұнай және табиғи газ

Өнеркәсiптiк процесстер

Қара металлургия (шойын, болат және ферроқорытпалар өндірісі)

Сазбалшық және алюминий өндiрiсі

Цемент өндiрiсi

Осы Әдiстеме, шығарындылар факторына негiзделген.

Жалпы түрде есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
Е = B х C, (1.1)

мұнда:

Е - салмақтық бiрлiктердегi ПГ шығарындылар;

В - жанған отын саны (жалпы энергетикалық бiрлiктерде) немесе салмақтық бiрлiктердегi шығарылған өнiм көлемi;

С - шығарындылар факторы (коэффициенті).

Барлық парниктік газдардың әсерi кумулятивті есепке алынады, яғни түгендеу мәлiметтерiн СО2- балама бiрлiктерінде бiлдiру қажет. Парниктік газдар әсерін қорытындылау олардың жалпы парниктік әсерін көрсететін жеке газдар шығарындыларының салмағымен өлшенген сома сияқты шығады. СО2 парниктік ықпал әсерiнің бiрлiгіне қабылданған. Қалған ПГ шығарындылары тиісті коэффициентке – жаһандық жылыну әлеуетіне (ЖЖӘ) көбейтіледі (1996 ж., КӨҮСТ басқарушы қағидалары). Мысалы, метан үшін ЖЖӘ 21-ге тең, азот ашындысы үшін – 310. ПФК әрбір затының өз ЖЖӘ болады, атап айтқанда, алюминий өндірісі кезінде CF4 және C2F6 тиісінше 6500 және 9200 ҒЖП ие. Бұл, 1 тонна метанның ықпал әсері 21тонна СО2 әсеріне баламалы екенін білдіреді, ал 1 тонна азот ашындысының шығаруы 310 тонна СО2 шығарындыларына сәйкес, сондықтан парниктік газдар санын СО2 баламада шығару үшін метанның тоннадағы санын 21-ге көбейту қажет, ал тоннада алынған азот ашындысының саны 310-ға көбейтіледі және т.с.с.

Тұрақты көздерден болған парниктік газдар шығарындылары энергия өндiруге арналған қазып алынатын отынды жағу нәтижесі болып табылады.

Тұрақты көздерден болатын парниктік газдар шығарындылары энергия өндірісі үшін қазып алынатын отынды жағудың нәтижесі болып табылады. Көміртектің қос тотығы (СО2), метан (СН4) және азот шала тотығы (N2O) электр энергиясы және жылу және/немесе бу өндіру үшін органикалық отынды жағу кезінде бөлінеді. Бугенераторлары, пештер, оттықтар, жылуалмастырғыштар, кептіргіштер және өзге де отын жұмсайтын жабдықтар және агрегаттар тұрақты жану кезіндегі шығарынды көздері болып табылады.

Сонымен қоса, энергия қорларын өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау процестерінде, сондай-ақ қосымша қызметтермен (отынды, генераторларды тасымалдау) байланысты қызметтерде ПГ бөлінеді.

КӨҮСТ әдiстемесіне сәйкес, ПГ шығарындылары өлшенбейді, ал өндiрiс көлемдерi немесе отынды тұтыну туралы мәлiметтер бойынша, эмиссия факторлары немесе қайта есептiк коэффициенттердi қолданумен есептеледі. Әрбiр топ көздеріне арналған мәлiметтер, сондай-ақ өндiрiс процесстерін парниктік газдар шығарындылармен байланыстыратын кәсiпорын үшін шығарындылар коэффициенттерiнiң мәнi есептеулерге арналған бастапқы деректер болып табылады. Сенiмдiрек мәлiметтер жоқ болған жағдайларда, шығарындыларды есептеу әдiстемесi осы Әдістемеде көрсетілген (келетін бойынша коэффициентті) орташа, коэффициенттердің барынша ықтимал мәндерін пайдалануды ұсынады.

Шығарындылар жөнінде есеп беру әрбiр санаттағы көздер үшін жыл сайын ұсынылады. Есептеулер кезінде бастапқы деректер және аудармалық коэффициенттердiң бір қалыптылығын ерекше мұқиятпен бақылаған жөн.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Похожие:

Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconПарниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconПарниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 94-10-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында БҰйырамын
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconПарниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29 тармақшасын іске асыру мақсатында БҰйырамын
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconПарниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидасын бекіту туралы
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-ші бабына сәйкес БҰйырамын
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидаларын бекіту туралы
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconПарниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29 тармақшасын іске асыру мақсатында БҰйырамын
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconПарниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабына сәйкес БҰйырамын
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconСауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу қағидалары бекіту туралы
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29 тармақшасын іске асыру мақсатында БҰйырамын
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconӘкімшілендіру субъектілерінің парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруға қатысу қағидаларын бекіту туралы
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 94-6-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconПарниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 158-2-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница