Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны




НазваниеПарниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны
страница8/16
Дата конвертации15.11.2012
Размер1.29 Mb.
ТипДокументы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

4. Мұнай және газ өндіру, өңдеу, сақтау және кейінгі тасымалдаумен байланысты кәсіпорындардан болған парниктік газдарды түгендеу



Ұшпа шығарындылар метан (CH4) және көмiрқышқыл (CO2) газдарының шығу (яғни, олар қабаттан кеткендегі өндірілген мұнай және газдан CO2) нәтижесінде, қосымша өнiмсiз өртеу қызметінен (бірінші ретте алауларда ілеспе газдарды өртеуден) болған CO2 және азот шала тотығының (N2O) бiразы парниктік газдардың тікелей көзі болып табылады.

Жабдықтардан ағып кету, буланудан болған шығындар, желдету, алауларда өртеу және кездейсоқ босатулар (мысалы, жер қазу жұмыстары кезінде құбырларды зақымдау, ұңғыма және бұғаздардан шығарындылар) газ және мұнай жүйелерiнен болған ұшпа шығарындылар көздеріне кіреді. Осы шығарындылардың саны және құрамы, әдетте, елеулі екiұштылықпен орайлас.

Құрамында таза немесе араластырлған CO2 бар ағыстар, мұнай резервуарларына CO2 инжектрленетін мұнай өндеу жабдығында пайда болуы мүмкін. Олар сондай-ақ нарық талаптарына немесе жанармай газдарына арналған ерекшеліктеріне сәйкес келу үшін газды тазарту жанама өнiмi ретiнде газды қайта өңдеу, мұнайды тазарту және оттық мазутын қорландыруға арналған жабдықтарда пайда болуы мүмкін және МӨЗ мұнай өндеу зауыттарында және сутегi өндiрiсiнiң жанама өнiмi ретiнде оттық мазутты қорландыруларында пайда болады. CO2 субөнім ретінде пайдаланылатын жерлерде, ол, әдетте атмосфераға шығарылады немесе тиiстi жерасты жыныстарына жою үшін толтырылады. Осы ағындардың CO2 ұшпа шығарындылары тиiстi төменгi категорияларда есепке алынуы тиіс. CO2 ұстау кезінде CO2 ұшпа шығарындылары ұстау орындалып тұратын қызметте есепке алынуы тиіс, ал тасымалдау, толтыру және сақтау жөніндегі қызметтен болған CO2 ұшпа шығарындылары 4.1-кестесінде көрcетiлген дәрежелер бойынша бөлек есепке алынуы тиіс.

4.1-кестесі. Ұшпа шығарындылары көздерінің дәрежелерi



Сектордың атауы

Түсініктеме

Мұнай және табиғи газ

Мұнай және газбен байланысты қызметтердiң барлық түрлерiнен болған ұшпа шығарындыларын қамтиды. Осы шығарындылардың алғашқы көздеріне жабдықтан, булану кезіндегі шығындардан, газдарды жоюдан, алауларда өртеу және кездейсоқ босатудан кеткен ұшпа ағулары кіруі мүмкін.



Мұнай

Желдету, жағудан болған шығарындыларды және барлау, өндiрiс, беру, шикі мұнайды жетілдіру мен айыру және шикі мұнай өнімдерін бөлумен байланысты өзге де ұшпа көздерін қамтиды.


Газдарды жою

Мұнай объектілеріндегі тиiстi газдарды және жоғалатын газ/булануларды жою кезіндегі шығарындылар.



4.1-кестенiң жалғасы

Сектордың атауы


Түсініктеме

Шырақтарды өртеу

Мұнай объектілерiндегі алауларда ілеспе газдарын өнімсіз жағу кезіндегі шығарындылар

Өзгелері

Мұнай объектілерiндегі жабдықтан ағуы, сақтау кезіндегі шығындар, құбырлардың зақымдалуы, жерасты қоймалары қабырғаларының қирауы, газдың бетке, желдеткіш саңылауларына жөңкілуі, қалдықтарды жинақтағышта биогендiк газдың пайда болуы және әдейі емес, алауларда өртеу және жою мақсатысыз босаған газдар немесе буланулардың өзге де түрлерінен болған ұшпа шығарындылар.

Барлау

Мұнай үшін ұңғымаларды бұрғылаудан, бұрғы бағаналарын тестеу және ұңғыма жұмыстарын аяқтаудан болған (алауларда газды жою және өртеуді қоспағандағы) ұшпа шығарындылары.

Өндіру және сапасын жоғарлату

Мұнайды өндірісінен болған (алауларда газды жою және өртеуді қоспағандағы) ұшпа шығарындылары мұнай ұңғыма сағасынан, мұнай құмдарынан немесе мұнайды тасымалдау жүйесін iске қосу уақытындағы мұнай тақта тастарынан пайда болады. Ұңғымаларға қызмет көрсетумен, мұнай құмдары немесе мұнай тақта тастарымен, тазартылмаған мұнай өнімдерін (яғни ұңғымаға құйылатын газдар және сұйықтар, эмульсия, мұнай тақта тастары және мұнай құмдарын) тазартқыш құрылыстарына экстракциялау және сапасын жоғарылату үшін, жол-жөнекей газды кері айдамалау жүйелеріне және су ағызу жүйелеріне тасымалдаумен байланысты ұшпа шығарындылары осыған кіреді. Қорландыруға арналған қондырғылардан болған ұшпа шығарындылары өндірістен болған шығарындылармен топтастырылады, ол айырудан болған шығарындылармен топтастыруға қарағанда жақсырақ, себебі қорландыруға арналған қондырғылар көбінесе экстракция қондырғыларымен әсерлеседі және олардың шығарындылардағы салыстырмалы үлесін анықтау қиынға соғады. Бірақ қорландыруға арналған қондырғылар тазарту қондырғыларымен, когенерациондық агрегаттармен немесе өзге де өнеркәсiптiк объектілермен әсерлесуі мүмкін, және олардың шығарындылардағы салыстырмалы үлестерiн осы жағдайларда анықтау күрделі.

Тасымалдау

Сапаны жоғарылату және айыру үшін тауарлық шикі мұнайды (стандартты, ауыр және синтетикалық мұнайды және битумды қоса) тасымалдаумен байланысты ұшпа шығарындылар (алауларда газды жою және өртеуді қоспағандағы). Тасымалдау жүйелерiне құбырлар, танкер кемелері, автоцистерналар және темiржол цистерналары кіруі мүмкін.

Сақтау, толтыру және түсiрудi процестерінде булан кезіндегі шығындар, сондай-ақ осы жабдықтан кеткен ұшпа ағулар осы шығарындылардың алғашқы көздерi болып табылады.

Айыру

Мұнай айыратын зауыттардағы (алауларда газды жою және өртеуді қоспағандағы) ұшпа шығарындылар. Мұнай айыратын қондырғылар шикі мұнайды, газоконденсаттар және синтетикалық мұнайды өңдеп шығарады және тазартудың түпкi өнiмдерiн өндіреді (мысалы, ең алдымен, отынның және майлайтын материалдарың әртүрлі түрлері. Тазартуға арналған қондырғылар басқа объектілермен (мысалы, қорландыруға арналған қондырғылармен немесе когенерациондық қондырғылармен) қосылған жерде олардың шығарындылардағы салыстырмалы үлестерiн анықтау күрделi болуы мүмкін.

Мұнай өнiмдерiн бөлу

Құбырлардың соңғы станциялары және таратушы станцияларды қоса алғандағы тазаланған мұнай өнiмдерiн тасымалдаудан және бөлуден болған ұшпа шығарындылары (алауларда газды жою және өртеуді қоспағандағы) осында қосылады. Сақтау, толтыру және түсiру процестері кезінде булану шығындары, сондай-ақ жабдықтардан кеткен ұшпа ағулары осы шығарындылардың алғашқы көздерi болып табылады.

Өзгелері

Мұнай жүйелерiнен болған ұшпа шығарындылар (жоғарыда көрсетілген дәрежелерде есепке алынбаған, шырақтарда газды жою және өртеуді қоспағандағы). Төгу және өзге де кездейсоқ босату жағдайларында, пайдаланылған майды қайта өңдеу жөніндегі қондырғылардан және мұнай шығару қалдықтарын жою жөніндегі қондырғылардан болған ұшпа шығарындыларды қосады.

Табиғи газ

Газдарды жоюдан, алауларда өртеуден және табиғи газды (ілеспе, сол сияқты табиғи газды қосқанда) барлау, өндiру, беру, сақтау және бөлумен байланысты өзге де ұшпа көздерінен болған шығарындыларды қамтиды.

Газдарды жою

Газ объектілерінде табиғи газды жою және кететін газ/буланулар кезіндегі шығарындылар.


4.1-кестенiң жалғасы

Сектордың атауы

Түсініктеме

Алауларда өртеу

Газ объектілерінде табиғи газды жою және кететін газ/буланулар кезіндегі шығарындылар.

Өзгелері

Газ объектілерiндегі жабдықтан ағуы, сақтау кезіндегі шығындар, құбырлардың зақымдалуы, жерасты қоймалары қабырғаларының қирауы, газдың бетке, желдеткіш саңылауларына жөңкілуі, қалдықтарды жинақтағышта биогендiк газдың пайда болуы және әдейі емес, шырақтарда өртеу немесе жою мақсатынсыз босаған газдар немесе буланулардың өзге де түрлерінен болған ұшпа шығарындылар.

Барлау

Газ ұңғымаларын бұрғылаудан, бұрғы бағаналарын тестеу және ұңғыма жұмыстарын аяқтаудан болған (алауларда газды жою және өртеуді қоспағандағы) ұшпа шығарындылары.

Өндіру

Газды қайта өңдеу қондырғыларындағы кiру саңылаулар арқылы немесе егер өңдеу кажет болмаса, газды тасымалдау жүйелерінің қосылу нүктелерінен газ ұңғымаларынан болған (алауларда газды жою және өртеуді қоспағандағы) ұшпа шығарындылары. Ұңғымаларға қызмет көрсетумен, газ жинаумен және қайта өңдеумен, ілеспе су және қышқыл газдарынан құтылу жөніндегі қызметпен байланысты ұшпа шығарындыларын қосады.

Қайта өңдеу

Газды қайта өңдеу жөніндегі қондырғылардан болатын (алауларда газды жою және өртеуді қоспағандағы) ұшпа шығарындылары.

Тасымалдау және сақтау

Өңделген табиғи газды сатып алушыларға (мысалы, өнеркәсiптiк тұтынушылар және табиғи газды бөлу жүйелерiне) тасымалдау үшін пайдаланылатын жүйелерден болған ұшпа шығарындылары. Табиғи газ қоймаларынан болған ұшпа шығарындылары сондай-ақ осы дәрежеге қосылуы тиіс. Табиғи газдан сұйықтықтарды жою жөніндегі қондырғылардан болған шығарындылар газбен жабдықтау жүйелерінде табиғи газды қайта өңдеудiң бөлігі (сектор 1.B.2.b.iii.3). ретінде есепке алынуы тиіс. Табиғи газдың сұйықтықтарын тасымалдауға жататын ұшпа шығарындылар1.B.2.a.iii.3 дәрежеде есепке алынуы тиіс.

Бөлу

Газды түпкi тұтынушыларға бөлуден болған (алауларда газды жою және өртеуді қоспағандағы) ұшпа шығарындылары.

Өзгелері

Жоғарыда көрсетілген дәрежелерде есепке алынбаған табиғи газбен жабдықтау жүйелерiнен болған (алауларда газды жою және өртеуді қоспағандағы) ұшпа шығарындылары. Мұнда ұңғымалардың атқылауынан, құбырлардың зақымдалуынан немесе қопсытудан болған шығарындылар кiре алады.


ҚР мұнай-газды және көмiр кешендерi кәсiпорындары деңгейiнде ПГ түгендеуге арналған бастапқы деректерiн мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қортындысы бар, «Кәсіпорындардың 2006-2012 жылдары мерзіміне атмосфераға ластайтын заттарды шығарындылардың барынша мүмкін нормативтерінің жобаларынан», сондай-ақ қаралатын мерзiмдегі «Атмосфераға ластайтын заттардың шығарындыларын түгендеу» жөніндегі мәліметтерден алуға болады.
4.1 Парниктік газдардың ұшпа шығарындыларын бағалау
ПГ ұшпа шығарындыларын бағалау үшін пайдалануға қажет негiзгi мәлiметтер мынадай:

- әрбiр объектідегi жабдықтар немесе технологиялық қондырғылардың және шығарындыларды бақылаудың негiзгi құралдарының (мысалы, булардың регенерациясы) түрлері және бірліктерінің санын бағалау;

- ұңғымалар және ұсақ кәсіпшілік қондырғылардың (мысалы, дала құрғатқыштары, жылытқыштар, ұңғыма учаскесіндегі өлшеуге арналған құрал-жабдықтар) тізімі;

- нақты кәсіпорынға арналған алаулардағы өртеу, әрбiр төменгi санаттар үшін газ шығару және өңдеуді талдау мәліметтері;

- ұңғымалардан және құбырлардың зақымдалуынан болатын шығарындылар салдарынан атмосфераға босатулар;

- нақты кәсіпорынға арналған жабдықтан болған ұшпа ағуларға арналған шығарындылардың коэффициенттері;

- есептелмеген (белгіленбеген) босатулар және алаулардағы өртенген газдар, өндіріс қуатындағы буланудан болған шығындар және т.с.с. көлемі.

4.1.1. Мұнайды өндіру, тасымалдау, сақтау және өңдеу кезіндегі шығарындылар.



Осы бөлімге мұнайды өндіру, сақтау және тасымалдаумен байланысты ПГ шығарындыларының есебі кіреді. Мұнайды өндіруден болған метан шығарындыларының есебі үшін бастапқы мәліметтер есептелетiнiлетiн жылға кәсіпорын бойынша тазаланбаған газды және сұйық көмiрсутектерді өндіру және тапсыру кезіндегі есептерінен немесе шығарылған өнiмiнiң саны туралы кәсiпорын мәлiметтерінен алынуы мүмкін.

Жалпы түрде алғанда есеп мынадай формула бойынша жүргізіледі:
E = B х C х D (4.1)

Мұндағы;

E - ПГ тоннадағы шығарындылары;

В - шығарылған өнiмiнiң көлемi (мұнайдың м3);

С - ұшпа шығарындыларының коэффициенті;

D – ұшпа шығарындыларындағы СН4 шоғырлануы, проценттік қатынаста;
Мұнайды тасымалдау, сақтау және өңдеумен байланысты ұшпа шығарындыларының коэффициентi ҚР кәсіпорындары үшін өзгеріп және жалпы шығарылған өнiм көлемiнен 0,6-дан 0,4%-ке дейін құрауы мүмкін. Сонымен бiрге ұшпа шығарындыларындағы метанның шоғырлануы кәсiпорыннан кәсiпорынға өзгереді және 65-78% құрайды.

CH4 шығарындыларын алған СО2 баламаға аудару үшін алынған CH4 шығарындыларының көлемін 21-ге көбейтуге кажет.

СН4 көлемін тоннаға аудару үшін стандартты атмосфералық жағдайы кезіндегі метан тығыздығы туралы мәлiметтер қолданылады, 200С температурада және 760 мм сынап бағананың атмосфералық қысымында, 0, 72 кг/м3 құрайды.
Есептеулердiң мысалдары 1 жұмыс парағында (1-қосымшада) көрсетілген

4.1.2 Газды өндіру, тасымалдау және қайта өңдеу кезіндегі шығарындылар.



Газды өндіруден болған метан шығарындыларын есептеу үшін бастапқы мәліметтерді есептелетiнiлетiн жылға кәсіпорын бойынша тазаланбаған газ және сұйық көмiрсутектерін өндіру және өткізу жөніндегі есептерден алуға болады. Есептеулер мынадай формула бойынша жүргiзiледi :

E = B х C х D (4.2)

мұндағы:

E - ПГ тоннадағы шығарындылары;

В - шығарылған өнiмiнiң көлемi (газдың м3);

С - ұшпа шығарындыларының коэффициенті;

D - газдағы СН4 шоғырлануы;

Газды тасымалдау, сақтау және өңдеумен байланысты ұшпа шығарындыларының коэффициентi ҚР кәсіпорындары үшін өзгеріп және жалпы шығарылған өнiм көлемiнен 0,6-дан 0,4%-ке дейін құрауы мүмкін. Сонымен бiрге, осы шығарындыларда CH4 шоғырлануы өндірілетін шикізатқа тәуелді 65-78%-ке дейін өзгеруі мүмкін.

CH4 шығарындыларын алған СО2 баламаға аудару үшін алынған CH4 шығарындыларының көлемін 21-ге көбейтуге кажет.

СН4 көлемін тоннаға аудару үшін стандартты атмосфералық жағдайы кезіндегі метан тығыздығы туралы мәлiметтер қолданылады, 200С температурада және 760 мм сынап бағананың атмосфералық қысымында, 0, 72 кг/м3 құрайды.
Есептеулердiң мысалдары 2 жұмыс парағында (1-қосымшада) көрсетілген
4.1.3 Газды сақтау кезіндегі шығарындылар
Газды сақтауға келсек, кәсіпорындардың жерасты қоймаларына табиғи газды толтыру жөніндегі іс-шараларын жүргізген жағдайда есептеулерді толтырылған газ көлемінен жүргізу қажет.

Сонымен қатар әртүрлi кен орындарындағы газ құрамындағы метан (шоғырлануы) әртүрлі (ҚР Каспий аумағында орналасқан кен орындары үшін 65-71%ке дейін). Сондықтан әрбiр кәсiпорындар үшiн зертханалық жолымен анықталған өздерінің меншік және мысалға ПДВ ЗВ томдарында көрсетілген коэффициенттерiн пайдалану ұсынылады. Аз шығындармен сақтау жүйелері үшін шығарындылар коэффициентi3 0,5-0,6%.-ті құрайды (1-қосымша, 3-шi жұмыс парағы).
Газды сақтау кезіндегі метан шығарындыларының есебі.

Газды сақтау кезіндегі метан шығарындыларының есептеу үшін қайта толтырылған табиғи газ көлемін жоғарыда көрcетiлген газды сақтау кезіндегі метан шығарындыларының коэффициентiне көбейту қажет. Нәтижесінде газды сақтау кезіндегі метан шығарындыларын аламыз:

Е= В х С х D (4.3)

Мұндағы;

E - ПГ тоннадағы шығарындылары;

В – сақтау кезіндегі газ көлемi текше м;

С - ұшпа шығарындыларының коэффициенті;

D – ұшпа шығарындыларындағы СН4 шоғырлануы, проценттік қатынаста;

ҒЖП коэффициентін (21) пайдалана отырып метан шығарындыларын в СО2-баламаға ауыстырамыз.

СН4 көлемін тоннаға аудару үшін стандартты атмосфералық жағдайы кезіндегі метан тығыздығы туралы мәлiметтер қолданылады, 200С температурада және 760 мм сынап бағананың атмосфералық қысымында, 0, 72 кг/м3 құрайды.
4.2 Ілеспе газды алауларда жағу кезіндегі көміртектің қос тотығының шығарындылары

Ілеспе газдарды алауларда жағудан болған СО2 шығарындыларын есептеу үшін 1-қосымшаның 3-ші жұмыс парағы: «отынды өртеуден болған СО2» пайдаланылады.

CO2 шығарындыларын бағалауда өртенетін газ құрамы есепке алынуы тиіс:
E = 3.67К1  К2 (4.4)

Мұндағы;

E– тоннадағы СО2 шығарындылары;

B – өртенген газ көлемi (т.м3 );

К1 – Қазақстанда қолданылатын алаулар үшін өртеу тиімділігі 0.98-ге тең;

К2шығарындылар коэффициентi, тС/ТДж.

Ұйымдастырылмаған көздерден болған (жабдықтан ағуы) және әртүрлi алдын-алу жұмыстарын орындау кезіндегі ПГ (СН4, СО2, N2О) шығарындылары.

Ұйымдастырылмаған көздерден болған ұшпа шығарындылары жабдықтардан ағып кету, буланудан болған шығындар, желдету, кездейсоқ босатулар (мысалы, жер қазу жұмыстары кезінде құбырларды зақымдау, ұңғымалардан шығарындылар, бұғаздар) кезінде пайда болады. Мұнай және газды сақтауға арналған ыдыстар, тығыздағыштар, желдету процестері және т.с.с ПГ шығарындыларының көздері болуы мүмкін. Шығарындылардың саны және құрамы, әдетте, елеулі екiұштылықпен орайлас.

Ұйымдастырылмаған көздерден болған ПГ шығарындыларын есептеу үшін коэффициенттер 4.2.-кестесінде көрсетілген.
4.2-кесте. Мұнай және газбен жұмыс iстеу кезіндегі ұшпа шығарындыларын бағалауға арналған шығарындылар коэффициенттерi (2006 ж. АӨСМТ)

Дәреже


Төменгі дәреже


Қажетті қызмет туралы мәлiметтердің мәні


Басқарушы нұсқаулар

шығарындылар көздері


ПГ шығарындыларының коэффициенті4

Өлшем бірліктері

CH4


CO2


N2O


Мұнай өндіру


Табиғи мұнай

Өндірілген 10 3 м м3 табиғи мұнай

Тікелей кәсiпорын мәлiметтері алынады

Ұшпа


1, 5E-06 6, 0E-02ге дейiн


1, 1E-07 4, 3E-03ке дейiн


NA


103 мм3 Гг өндірілген табиғи мұнай

Ауыр мұнай/суық битум

Өндірілген 10 3 м м3 ауыр мұнай/суық битум

Тікелей кәсiпорын мәлiметтері алынады

Ұшпа


7,9E-03-тен 1,3E-01-ге дейін


5,4E-04-тен 9, 0E-03-ке дейiн


NA


103 мм3 Гг өндірілген ауыр мұнай


Термиялық мұнайын өндіру

Өндірілген 10 3 м м3 термиялық битумы

Тікелей кәсiпорын мәлiметтері алынады

Ұшпа


1,8E-04-тен 3,0E-03-ке дейін


2,9E-05-тен 4,8E-04-ке дейін


NA

103 мм3 Гг өндірілген қыздыру битумы

Синтетикалық шикі мұнай (мұнайлы құмдардан)

мұнайлы құмдардан өндірілген 10 3 м м3 синтетикалық шикі мұнай

Тікелей кәсiпорын мәлiметтері алынады

Ұшпа


2,3E-03-тен 3,8E-02-ге дейін


ND


ND


103 мм3 Гг мұнайлы құмдардан өндірілген синтетикалық шикі мұнай

синтетикалық шикі мұнай (мұнайлы тақта тастан)

Мұнайлы тақта тастаы өндірілген 10 3 м м3 синтетикалық шикі мұнай

Тікелей кәсiпорын мәлiметтері алынады

Ұшпа


ND


ND


ND


103 мм3 Гг

Мұнайлы тақта тастан өндірілген синтетикалық шикі мұнай


4.2-кестесінiң жалғасы

Дәреже



Төменгі дәреже


Қажетті қызмет туралы мәлiметтердің мәні


Басқарушы нұсқаулар

шығарындылар көздері


ПГ шығарындыларының коэффициенті5

Өлшем бiрлiктерi

CH4


CO2


N2O


Мұнайды тасымалдау


Құбырлар

Құбырлар мен берілген 10 3 м м3 мұнай

Егер болса, тікелей кәсiпорын мәлiметтері алынады, жоқ болған жағдайда кәсіпорынның өндірген шикі табиғи мұнай көлеміне тең белгіленеді

Ұшпа


5,4E-06


4,9E-07


NA


Құбыр арқылы берілген 103 м3 Гг мұнайы

Автоцистерналар және т/ж цистерналары

Цистерналармен тасылған 103 м3 мұнай

Егер болса, тікелей кәсiпорын мәлiметтері алынады, жоқ болған жағдайда шикі мұнайдың барлық көлемінен 50-пайызы ретінде (бірінші жақындау ретінде) қабылданады

Ұшпа



2,5E-05


2,3E-06


NA

Цистернамен тасылған 103 м3 Гг мұнайы



4.2-кестенiң жалғасы

Дәреже


Төменгі дәреже


Қажетті қызмет туралы мәлiметтердің мәні


Басқарушы нұсқауы

шығарындылар көздері


ПГ шығарындыларының коэффициенттері6

Өлшем бірліктері


CH4


CO2


N2O


Мұнай тасымалдаулар

Теңiзде өндірілген мұнайды танкерлерге тиеу

Танкер кемелерімен тасылған 103 м3 мұнай

Шикі мұнайды экспорттау үшін есептелетін шамаларды пайдаланумен, тікелей кәсiпорын мәлiметтері алынады және тек мұнай құйылатын кемелермен экспортталатын үлесті есепке алумен таратылады. Себебі, экспорт құбырлар, құйылатын кемелер немесе автоцистерналар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін бұл шамалар іс-жүзінде эксклюзивті түрде осы әдістердің біріне жатады.

Ұшпа



ND


ND


ND


Танкер кемелерімен тасылған 103 м3 Гг мұнайы


4.2-шi кестенiң жалғасы

Санат


Кіші санат


Басқарушы нұсқаулар


Шығарындылар

көздері

ПГ шығарындыларының коэффициенттері7

Өлшем бiрлiктерi

CH4


CO2


N2O


Газ өндіру

Барлығы

Тікелей кәсiпорын мәлiметтері алынады

Ұшпа


3,8E-04-тен 2,4E-02-ге дейін

1,4E-05-тен, 1,8E-04-ке дейін

NA


106 м3 Гг өндірілген газ

Газды тасымалдау


Тасымалдау


Тікелей кәсiпорын мәлiметтері алынады

Ұшпа


16,6E-05-тен 1,1E-03-ке дейін


8,8E-07-ден 2,0E-06-ға дейін


NA


106 м3 Гг тауар газы




Сақтау


Тікелей кәсiпорын мәлiметтері алынады

Барлығы


2,5E-05-тен 5,8E-05-ке дейін


1,1E-07-ден 2,6E-07-ге дейін


NA

106 м3 Гг тауар газы

Газды қайта өңдеу


Нейтралды газ үшін қондырғылар


Тікелей кәсiпорын мәлiметтері алынады

Ұшпа

4,8E-04 -тен 1,1E-03-ке дейін

1,5E-04-тен 3,5E-04-ке дейін

NA


106 м3 Гг берілген шикі газ

Жоғарғыкүкіртті мұнай газ үшiн қондырғылар


Тікелей кәсiпорын мәлiметтері алынады

Ұшпа


9,7E-05-тен 2-2E-04-ке дейін


7,9E-06-дан 1,8E-05-ке дейін


NA


106 м3 Гг берілген шикі газ

Тікелей кәсiпорын мәлiметтері алынады

Шикі CO2 жою


-

6,3E-02-ден 1,5E-01-ге дейін


NA


106 м3 Гг берілген шикі газ

Терең шығаруға арналған қондырғылар


Тікелей кәсiпорын мәлiметтері алынады

Ұшпа

1,1E-05-тен 2,5E-05-ке

дейін

1,6E-06-дан 3,7E-06-ға дейін


NA


106 м3 Гг берілген шикі газ



7 коэффициенттер кәсiпорынның ерекшелігі мен өндірілетін және қолданылатын көмiрсутектердiң сипаттамасын есепке алумен нақтылануы мүмкін


5. Көмірді өндіру және өңдеу

Көмірдің пайда болуының геологиялық процестері, сондай-ақ метанның пайда болуына әкеледі, ал кейбір қабаттарда көмірқышқыл газы болуы мүмкін. Бірге алғанда, олар «ілеспе газ» ретінде белгiлi. Ілеспе газ өндіру кезінде көмiрді өңдеу және қабатты бұзу сәтіне дейін көмір қабаттарында сақталады. CH4 өндіру және өңдеу кезінде көмірден босатылатын негізгі парниктік газы болып табылады. Көмірмен байланысты процестерден болатын ПГ шығарындыларының мүмкін көздері 5.1-кестесінде берілген.

5.1-кестесі. ҚР кәсіпорындарында көмірді өндіру және өңдеу нәтижесіндегі ПГ шығарындыларын бөлу

Сектордың атауы

ПГ мүмкін шығарындылары

Отыннан болған ұшпа шығарындылар

Өндіру, өңдеу, сақтау және отынды түпкi пайдалану нүктесiне тасымалдаудан болған қасақана және қасақана емес барлық шығарындылар қосылады.

Отынның қатты түрлерi

Өндіру, өңдеу, сақтау және отынды түпкi пайдалану нүктесiне тасымалдаудан болған қасақана және қасақана емес барлық шығарындылар қосылады.

Көмiрдi өндіру және өңдеу

Көмiрден болған барлық ұшпа шығарындылары қосылады

Жерасты шахталары

Жерасты кен орындарын өңдеу, өндіруден кейінгі рәсімдер, жабық шахталар және алауларды өртеу немесе құрғатылған метаннан болған барлық шығарындылар қосылады.

Өндіру

Көмір өндірістеріндегі ауаны желдету кездегі және газсыздандыру жүйелерінен болған ілеспе газдың барлық шығарындылары қосылады.

Өндірілгеннен кейінгі ілеспе газ шығарындылар

Көмірді өндіргеннен кейінгі босатылған, жербетіне шығарылған, өңделген, жинақталған және тасымалданған метан және CO2 қосылады.

Жабық жерасты шахталары

Жабық жерасты шахталарынан болған метан шығарындылары қосылады

Бөлінген метанды алауларда өртеу немесе метанды в CO2 ауыстыру



Бұған бөлінген және жанған метанды немесе тотығу процесінің көмегімен CO2 ауыстырылған желдеткіш газды қосқан жөн.

Энергияны өндіру үшін пайдаланылған метан (Энергетика) 2-томның, (Отынды тұрақты өртеу) 2-бөлімінде қарастырылуы тиіс.

Ашық тәсiлмен өндiру

Көмiр карьерлерінен босатылған ілеспе газдардың барлық шығарындылары қосылады.

Өндіру

Көмірді ұсақтау кезінде және көмірді өндіру уақытында ассоциацияланған қабаттар, сондай-ақ көмір карьерлерінің түбінен және ойықтардан босатылған метан және CO2 қосылады.

Өндіргеннен кейінгі ілеспе газ шығарындылары

Көмірді өндіргеннен кейінгі, оны келесiде қайта өндіру, сақтау және тасымалдаумен жер бетіне шығарудан босатылған метан және CO2 қосылады.

Бақыланбайтын өртеуден және көмiр кен орындарының жануынан болған шығарындылар

Көмiр кен орындарын пайдалану жөніндегі қызмет салдарынан бақыланбайтын өртену кезіндегі CO2 шығарындылары қосылады.

Ашық және жерасты өндеулер үшін парниктік газдар шығарындыларының негiзгi кезеңдері төменде тізілген:

  1. Өндіру кезіндегі шығарындылар - көмірді ұсақтау және тау жұмыстары кезіндегі жақын жатқан қабыршықтарда ұсталатын газдардың босау нәтижесінде пайда болады.

  2. Өндіргеннен кейiнгі шығарындылар - өндіру уақытында ұсақтау кезінде көмірден газдардың бар түрлері босамайды. Көмiрдi келесi өңдеу және тасымалдау кезіндегі шығарындылар өндіргеннен кейінгі шығарындылар деп аталады. Осыған байланысты, көмiр, әдеттегiдей, тiптi оны өндіргеннен кейін де, ұсақтау кезеңіне қарағанда баяуырақ, газ босатуды жалғастырады.

  3. Төмен температуралы тотығу - бұл шығарындылар көмiрдi тотықтыратын атмосфералық оттегінің әсерiнен шығады, нәтижесінде CO2 пайда болады. Бірақ, сонымен бірге пайда болатын CO2 саны елеусіз.

  4. Бақыланбайтын өртену – егер төменгі температурадағы тотығу кезінде пайда болатын жылу көмірде әлсін-әлсін сақталса, оның температурасы көтеріледі және ол тұтануы мүмкін. Бұл көрініс бақыланбайтын өртену ретінде белгілі, ол тотығудың төтенше шығуы болып табылады. Бақыланбайтын өртену жедел реакцияда сипатталады, кейде көрінетін от және CO2 тез пайда болуы байқалады. Бақыланбайтын өртену табиғи сияқты антропогенді болуы мүмкін. Осы құжатта біз тек көмірді пайдалану жөніндегі қызмет салдарынан болатын бақыланбайтын өртенуді қарастыратындығымызды атап өтеміз.

Кен орындары тозғаннан кейін жабық көмір шахталары метан босатуды жалғастыруы мүмкін. Көмiр өңдеулерiнiң әртүрлi түрлері үшін шығарындыларды бағалау кезінде есепке алынуға жататын кейбір негізгі процестерінің қысқаша сипаттамасы бұдан әрі көрсетілген.
5.1 Жерасты өндіру
Қолданыстағы жерасты көмір шахталары

Қолданыстағы жерасты шахталардан болған ұшпа шығарындыларды есептеу кезінде қолданыстағы көмiр өңдеулеріне арналған ұшпа шығарындыларының әлеуетті көздерінің мынадай санаттары қарастырылған:

  • көмір шахталарында ауаны желдету кездегі және газсыздандыру жүйелерінен болған ілеспе газдың шығарындылары;

  • Өндіргеннен кейiнгі шығарындылар;

  • Төмен температуралы тотығу;

  • Бақыланбайтын өртену.

Ауаны желдету және газсыздандыру жүйелерінен болған шығарындылар мынадай түрде болады:
Көмiр шахталарындағы ауаны желдету

Жерасты көмiр шахталары әдетте қауiпсiз атмосфераны қолдау үшiн шахталардың жерасты тоннельдерінен айдалатын жер бетіндегі үрлеу ауаларымен желдетіледi. Желдету ауасы көмiрді өндіру және тасымалдау кезінде босайтын CH4 және CO2 қапсырады және оларды атмосфераға шығарылатын жер бетiне көтередi. Желдету ауасындағы метанның шоғырлануы әдетте үлкен емес, бiрақ желдету ауасы ағынының көлемдi жылдамдығы әдетте үлкен, соның салдарынан осы көздiң метан шығарындылары түбегейлi маңызды болуы мүмкін.

Көмiр шахталарының газсыздандыру жүйелерi

Газсыздандыру жүйелерi өзіне өндіруге дейінгі, өндіру уақытындағы және өндіргеннен кейінгі және көмір қабаттарынан босайтын (негiзiнде CH4) газдарды шығаруға арналған бұрғыланған ұңғымаларды қамтиды. Белсенді өндіру уақытындағы шахтерлардің жұмыс атмосферасының қауiпсiздігін қолдау газсыздандырудың басты мақсаты болып табылады, алайда қалпына келтiрiлген газ энергия көзi ретінде қолданылуы мүмкін. Газсыздандыру жүйелерi, сондай-ақ, жабық көмiр кен орындарында метанды рекуперациялау үшін қолданылуы мүмкін. Көмiр шахталарының газсыздандыруы жүйелерiнiң көмегімен қалпына келтiрiлген метанның саны түбегейлі маңызды болады және оның түпкі пайдаланылуына тәуелді ескеруге алынады.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

Похожие:

Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconПарниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconПарниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 94-10-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында БҰйырамын
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconПарниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29 тармақшасын іске асыру мақсатында БҰйырамын
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconПарниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидасын бекіту туралы
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-ші бабына сәйкес БҰйырамын
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидаларын бекіту туралы
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconПарниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29 тармақшасын іске асыру мақсатында БҰйырамын
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconПарниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабына сәйкес БҰйырамын
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconСауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу қағидалары бекіту туралы
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29 тармақшасын іске асыру мақсатында БҰйырамын
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconӘкімшілендіру субъектілерінің парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруға қатысу қағидаларын бекіту туралы
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 94-6-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconПарниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 158-2-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница