Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары




Скачать 272.61 Kb.
НазваниеОңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары
страница1/4
Дата конвертации30.01.2013
Размер272.61 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4


Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің

2009 жылғы «___»_________________

№ ____ қаулысымен бекітілген

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратының 2010 - 2014 жылдарға арналған

стратегиялық даму жоспары

Мазмұны




Миссия және көзқарас


3-б.



Ағымдағы жағдайды талдау


3-7-б.



Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері


7-8-б.



Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының функционалдық мүмкіндіктері және ықтимал қатерлер


8-10-б.



Нормативтік құқықтық актілер


10-11-б.



Бюджеттік бағдарламалар

12-14-б.


Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының миссиясы және көзқарасы
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының (бұдан әрі – облыс әкімінің аппараты) миссиясы – облысты тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамыту шеңберінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен әкімі қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру.
Облыс әкімі аппаратының көзқарасы - өңір экономикасының бәсекеге қабілеттілігін және халықтың өмір сүру сапасын көтеруде алға қойған міндеттерді тиімді шешу.
2. Ағымдағы жағдайды талдау
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының жұмыс регламентіне сәйкес заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу өзге корреспонденциядан бөлек жүргізіледі. Облыс әкімінің аппараты қызметтік құжаттар мен жеке тұлғалардың өтініштерін қарауды, жоғары тұрған, төмен тұрған және басқа да органдармен, мекемелер мен ұйымдармен құжат айналымын, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ нормативтік-құқықтық және әкімшілік-өкімдік сипаттағы облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін әзірлеуге қатысады.

Ай сайын АРМ ЕУОЛ «1-ОЛ» базасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасына жіберіліп отырады. 2009 жылдың 1-жартыжылдығы бойынша статистикалық есеп дайындалды.

2009 жылғы 1 шілдеден бастап «Электрондық құжат айналымының корпоративті-ақпараттық жүйесі» атты кіріс және шығыс құжаттарын тіркеудің жаңа бағдарламасы іске қосылды.

Облыс әкімінің аппаратында 2009 жылы қызметтік хат-хабарларды, нормативтік актілерді және азаматтардың өтініштерін қамтитын құжат айналымының жалпы көлемі 11980 мың бірлікті құрайды, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 15 пайызға көп.

323 директивті құжат келіп түсті, оның ішінде ҚР Үкіметінің 187 қаулысы, Қазақстан Республикасының 85 Заңы, ҚР Президентінің 17 Жарлығы, ҚР Президентінің 14 өкімі және ҚР Премьер-Министрінің 20 өкімі түсті.

Облыс бойынша 2008 жылы жалпы құжат айналымы 126006 бірлікті құрады, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 26 пайызға көп.

Құжат айналымының арту себептері:

  • жоғары тұрған органдардан түскен тапсырмалардың 22%-ға артуы;

  • ақпараттық сипаттағы құжаттардың 29%-ға артуы;

  • шешуді қажет ететін мәселелер қойылған құжаттардың 35%-ға артуы;

  • бақылауда тұрған және мәселенің ұзақ шешілуін қажет ететін құжаттардың, тиісті мемлекеттік органдармен хат алмасулардың 15%-ға артуы;

  • марапаттау материалдарының 40%-ға артуы;

  • жер учаскелерін бөлу құжаттарының 16%-ға артуы.


Облыс әкімі аппараты құжат айналымы 27255 бірлікті құрады, бұл 2007 жылдың ұқсас кезеңінен 19 пайызға көп.

Түскен құжаттардың жалпы саны ішінде 12087-сі облыс басшылығының тапсырмаларымен бөлімдерге, басқармаларға, қала және аудан әкімдеріне жіберілді. 8698 құжат бақылауға алынды.
  1   2   3   4

Похожие:

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары iconОңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы «20» «желтоқсан»
Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары iconОңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары iconОңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы «20» «желтоқсан»
Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2010-2014 жылдарға стратегиялық жоспары
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары iconОңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Миссиясы және көрінісі
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары iconОңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы «20» «желтоқсан»
ОҚО сәулет және қала құрылысы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары iconІшкі істер департаментінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын әзірлеуге негіз болған нормативтік-құқықтық...
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары iconГеолог селолық округі әкімі аппаратының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары атырау қаласы 2010 жыл Стратегиялық жоспардың құрылымы
Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары iconБекітілген шаңтөбе кенті әкімі аппараты 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
«Шаңтөбе кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары iconБалықшы кенттік округі әкімі аппаратының 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары балықшы кенті 2009 жыл
Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары icon2010 2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница