Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары




Скачать 272.61 Kb.
НазваниеОңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары
страница3/4
Дата конвертации30.01.2013
Размер272.61 Kb.
ТипДокументы
1   2   3   4


Азаматтарды жеке қабылдау
2009 жылы облыс әкімінің және оның орынбасарларының, облыс әкімі аппараты басшысы мен оның орынбасарларының жеке қабылдауында на 232 адам болды, 2008 жылмен салыстырғанда 21 адамға немесе 12%-ға көп.

Барлық көтерілген мәселелер бойынша тиісті құрылымдарға тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын бақылау жүзеге асырылды.

Өкімдік құжаттарды шығару:

әкімдік қаулылары - 248

облыс әкімінің өкімдері – 212

облыс әкімінің шешімдері - 42

аппарат басшысының бұйрықтары - 249

хаттамалық тапсырмалар - 104
Облыс әкімі аппаратының кадр саясаты

Қазіргі таңда (1.07.2009 жылғы жағдай бойынша) облыс әкімі аппаратының штат саны 104 бірлікті құрайды, нақты 104 адам жұмыс істейді, оның ішінде 42-сі әйелдер.

Ұлты бойынша 93 мемлекеттік қызметші – қазақ, 4 - орыс, 3 - өзге ұлт өкілдері.

Облыс әкімі аппаратының барлық қызметкерлері жоғары білімді, 2 мемқызметшінің ғылыми атағы бар. Мемлекеттік қызметтегі орташа жұмыс өтілі 12 жыл, атқаратын лауазымда – 3 жыл. Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы 38 жасты құрайды. Өзге мемлекеттік органдардан ауысу тәртібімен 16 адам қабылданды. 2008 жылы 18 мемлекеттік әкімшілік қызметшілер аттестациядан өтті. Аттестация қорытындысы бойынша барлығы да атқаратын қызметтеріне лайық. Өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2 қызметкері Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасымен марапатталды.

Сонымен бірге облыс әкімі аппаратының кадрлармен жұмысын одан әрі жетілдіре түсу керек.

Оңтүстік Қазақстан облысының кадрлар әлеуетін тиімді пайдалануды арттыру, кадрларды іріктеу кезінде демократиялық ғағидаттарды бекіту, басқарушы кадрларды іріктеу мәселелері бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының әкіміне ұсыныстар әзірлеу және енгізу, мемлекеттік қызметшілердің тәртібін арттыру, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және облысты толыққанды дамыту мақсатында облыс әкімі Оңтүстік Қазақстан облысы басқару кадрларының резерві туралы ережені бекітті. Ол саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметтің кадрлар резервін жасақтау, резервке алынған кәсіби дайындалған білікті азаматтарды басқарушы мемлекеттік лауазымдарға ұсыну мәселелерін реттейді.

Бұдан бөлек, компьютерлік және өзге де техниканы жете меңгерген, шығармашылық тұрғыда және ілгері ойлай білетін жаңа формациядағы мемлекеттік қызметшілерді, жоғары сыныпты мамандарды, өз ісінің шеберлерін, іскер де конструктивті, өз отанының патриоттары болып табылатын және Мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексін сақтауды өзінің негізгі міндеті деп білетін адамдарды тәрбиелеуге айрықша көңіл бөлу керек.

Мемлекеттік тілді терең меңгеру және шетел тілдерін үйрену мемлекеттік қызметшілер үшін аса маңызды міндет болуға тиіс.

Басты мақсат – орындаушылық және еңбек тәртібін, жұмыс сапасын тиісті деңгейге көтеріп, ұжым ішінде салауатты моральдық-психологиялық ахуалды қамтамасыз ету, басқарудың басшылық пен қызметкерлердің өзара сыйластығына негізделген заманауи нысандары мен әдістерін ендіру. Осы негізде аппарат қызметінің тиімділігіне қол жеткізу.

Облыс әкімінің аппаратын құқықтық қамтамасыз ету
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, құқықтық хабардарлық мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру және көтеру, сапалы заң шығармашылық қызмет.

Кез келген органның қызмет көрсеткіштерінің бірі көрсетілетін қызметтің сапалы болуы, ол ұдайы жақсарып отыруы тиіс. Мемлекеттік басқару жүйесі мен мемлекеттік қызмет көрсетулердің ашықтығы жеткіліксіз дәрежеде екенін атап айту керек.

Сонымен бірге деректер тұрғындардың жартысынан көбісі көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтердің сапасына қанағаттанбайтындарын айғақтайды, бұл осы көрсеткіштерді жақсарту жөнінен шаралар қабылдауды талап етеді. Көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылаудың тиімді тетіктері мен әдістерін жасау мақсатында қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттері енгізілетін болады.

Мемлекеттің құқықтық мәдениет жағдайы оның құқықтық жүйесі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық хабардарлығы мен құқықтық мәдениетін одан әрі көтеру үшін 2009 – 2011 жылдарға арналған тиісті өңірлік бағдарлама іске асырылады.
3. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері


І стратегиялық бағыт.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, құқықтық хабардарлық пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру және көтеру, сапалы заң шығармашылық қызмет.


1.1-мақсат.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру, олардың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Мақсатты индикатор:

2012 жылға жергілікті мемлекеттік басқару органдары көрсететін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне кем дегенде 95% тұтынушылардың қанағаттануы.

1.1.1-міндет.

МС ИСО 9001:2000 енгізу

Көрсеткіштер:

Облыстың аудандық деңгейдегі сертификатталған мемлекеттік мекемелерінің 80%-ға дейін көбеюі.

1.2-мақсат.

Заң шығармашылық қызметтің сапасын көтеру.

Мақсатты индикатор:

Облыс әкімдігі мен әкімінің нормативтік-құқықтық актілері жобаларының сапалы сараптамасы.

1.2.1-міндет.

Облыс әкімдігі мен әкімінің нормативтік-құқықтық актілері жобаларына олардың жоғары тұрған деңгейдегі актілерге сәйкестігіне сараптама жасау.

II стратегиялық бағыт.

Тұрғындар мен ұйымдарға мемлекеттік ақпараттық-интерактивті автоматтандырылған қызметтерді көрсету.

2.1-мақсат.

Үкіметтің WEB-ресурстары және облыс әкімдігінің порталы арқылы әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерінің ашықтығын, сапасы мен тиімділігін арттыру.

Мақсатты индикатор:

Мемлекеттік электронды қызметтер санын 15-20%-ға дейін ұлғайту.

2.1.1-міндет.

Азаматтарға, ұйымдарға арналған мемлекеттік электронды қызметтерді әзірлеу. Мемлекеттік электронды қызметтерге азаматтар мен ұйымдардың қатерсіз қолжетімділігін қамтамасыз ету. Ақпараттық жүйелердің ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Көрсеткіштер:

1. Облыс әкімдігі порталы арқылы электронды қызмет көрсету тетіктерінің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту.

2. Электронды мемлекеттік қызметтерді көрсететін жүйелерді өнеркәсіптік пайдалану үшін іске қосу.

3. Мемлекеттік органдардың жергілікті-есептегіш желілерінің ақпарат қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі, Интернет желісіне қосылудың бірыңғай шлюзі арқылы деректермен алмасу және беру.

III стратегиялық бағыт.

Ведомствоаралық ұйымдарда бірыңғай көліктік орта арқылы электронды құжат айналымы жүйесін және басқа да ақпараттық жүйелерді дамыту. Ақпараттандыру саласына түрлі технологияларды ендіру. Халықтың компьютерлік сауаттылығы мен ІТ мамандарын даярлау деңгейін көтеру.

3.1-мақсат.

Мемлекеттік органдар, тұрғындар және бизнес құрылымдары үшін электронды құжат айналымы жүйесіне және өзге де ақпараттық жүйелерге қолжетімділік пен қауіпсіздікті арттыру. Нормативтерге сәйкес негізгі құрадармен қамтамасыз етілуі.

Мақсатты индикатор.

Ендірілген жүйені сапалы қолдану, қауіпсіз корпоративті-көлік ортасы арқылы деректермен алмасу және беру. Мемлекеттік органдарда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жетілдіру.

3.1.1-міндет.

Облыстың ақпараттық ресурстары мен жүйелерінің өзара әрекеттестігі негізінде әкімшілік рәсімдерді оңтайландыру үшін жағдайлар жасау, мемлекеттік қызметшілерді дербес компьютерлермен және қажетті ұйымдық техникамен жабдықтау.

Көрсеткіштер:

Тұрғындардың жалпы санынан компьютерді қолдану дағдыларын меңгергендер санын 20%-ға дейін қамтамасыз ету, халықаралық деңгейде білім алған ІТ мамандары санын көбейту. Моральдық тұрғыдан ескірген техниканы ауыстыру. Жергілікті атқарушы органдарда ақпараттық жүйелерді жетілдіру.
1   2   3   4

Похожие:

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары iconОңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы «20» «желтоқсан»
Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары iconОңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары iconОңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы «20» «желтоқсан»
Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2010-2014 жылдарға стратегиялық жоспары
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары iconОңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Миссиясы және көрінісі
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары iconОңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы «20» «желтоқсан»
ОҚО сәулет және қала құрылысы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары iconІшкі істер департаментінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын әзірлеуге негіз болған нормативтік-құқықтық...
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары iconГеолог селолық округі әкімі аппаратының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары атырау қаласы 2010 жыл Стратегиялық жоспардың құрылымы
Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары iconБекітілген шаңтөбе кенті әкімі аппараты 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
«Шаңтөбе кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары iconБалықшы кенттік округі әкімі аппаратының 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары балықшы кенті 2009 жыл
Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары icon2010 2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница