Жоба меңдіқара ауданының елді мекендерін көркейту ережесі туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»




Скачать 181.56 Kb.
НазваниеЖоба меңдіқара ауданының елді мекендерін көркейту ережесі туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Дата конвертации16.11.2012
Размер181.56 Kb.
ТипДокументы




ЖОБА

Меңдіқара ауданының елді

мекендерін көркейту ережесі

туралы

2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодекстің 3 бабының 2 тармағына сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Қоса берілген Меңдіқара ауданының елді мекендерін көркейту ережесі бекітілсін.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Сессия төрайымы Л.Тихоненко

Аудандық

мәслихаттың хатшысы В.Леонов

Аудандық мәслихаттың

2012 жылғы «____»___________

№______ шешімінің жобасына

қосымша


Меңдіқара ауданының елді мекендерін көркейту

ЕРЕЖЕЛЕРІ

1 тарау. Жалпы қағидалары
1. Меңдіқара ауданының елді мекендерін көркейту ережелері (бұдан әрі ереже) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастары туралы", "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

Ережелер көркейту, тазалықты ұстау және Меңдіқара ауданында инфрақұрылым объектілерін күтіп-ұстау мен қорғау саласында қарым-қатынасын реттейді.

2. Осы ережелерде қолданылатын негізгі ұғымдар мен түсініктер:

1) аяқжол - жол жүру бөліктеріне жалғасқан немесе одан гүлзармен бөлінген жаяу жүрушілер қозғалысы үшін арналған жүргінші жол элемнті;

2) бекітілген аумақ – заңды және жеке тұлғалардың манызындағы жинау үшін бекітілген жер телімі;

3) бөлінген аумақ - заңнамада қарастырылған, құқықтарымен жеке және заңды тұлғаларға берілген (бекітілген), қала құрылысы құжаттарында және Мемлекеттік жер кадастрында белгіленген ауданы, шекарасы, тұрған жері, заңдық мәртебесі және басқа сипаттарға ие болатын елді мекендер аймағының бөлігі;

4) жерді пайдаланушы - мақсаты мен меншік түріне қарамастан қала шекарасында жер телімдерін пайдаланушы заңды немесе жеке тұлға;

5) жолдарды күтіп ұстау - кешенді жұмыстар жиынтығы, нәтижесінде жол үймереттерін, жол құрылыстарын автомобиль жолдарын пайдалану талаптарына сай, көлік жүрісіне пайдалану жағдайында қалыпты ұстау;

6) жөн-жосықсыз төгілетін қоқыстар үйінділері - заңды және жеке тұлғалардың қызметі кезінде пайда болған қатты тұрмыстық қалдықтарды, өндіріс және құрылыс қалдықтары, басқа қоқыстарды өз еркімен шығару немесе үю;

7) көшелерді санаты - көшелерін және кіру жолдарын жіктеу ондағы көлік қозғалысының қарқындылығына және олардың пайдаланылуы мен күтіп

ұсталуына қойылатын ерекшеліктерге байланысты;

8) көше - жол жүру бөліктер, аяқжолдар, жасыл көшеттер, жер астындағы және жер үстіндегі инженерлік жүйелер орналасқан кент аумағы;

9) көріктендіру - адамның елді-мекендерде жақсы да жайлы және қауіпсіз өмір сүру ортасын қамтамасыз ететін элементтер мен жұмыстар кешені;

10) қатты тұрмыстық қоқыстарды және ірі көлемді қалдықтарды шығару туралы шарт – заң күші бар тапсырыс беруші мен қоқыс жинайтын кәсіпорынның қатты тұрмыстық қоқыстарды және ірі көлемді қалдықтарды шығару жазбаша келісімі;

11) қатты тұрмыстық қалдықтар - елді менкендер пунктерінде, оның ішінде адамның өмірлік іс-әрекеті нәтижесінде, сондай-ақ өндірістік қалдықтар, құрамы және құрылу сипаты бойынша оған жақын пайдаланудағы тұрмыстық қалдықтар;

12) маңайдағы аймақ - заңды және жеке тұлғалардың меншігінде, пайдалануында, жалға алған ғимараттың, үймереттің, құрылыс алаңы қоршаудың, сауда нысандарының, жарнама немесе басқа нысандардың шекарасына тұтасатын аймақ;

13) өтетін жол - өтпе жолдары тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және басқа да нысандарына көліктердің кіруін қамтамасыз етуші жол элементі;

14) шағын сәулеттік пішіндер - әсемдік үшін және іске жарамды сипаттағы нысандар, мүсіндер, субұрқақтар, павильондар, сәкілер, орындықтар, қоқыс жәшіктері, балалар ойындарына және үлкендердің демалуына арналған жабдықтар мен конструкциялар;

15) ірі көлемді қалдық - өзінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан, өздерінің көлемі бойынша арнаулы қоқыс жинайтын мәшинемен тасымалдауға келмейтін қолданыстағы және шаруашылық қызметінің қалдықтары.

3. Бекітілген аумақтар:

1) көшелер жанындағы бөлінген телімдер шекарасынан, өтпе жол шетімен шектелген аумақ;

2) кварталішілік аумағындағы телімдер, аулаішілік аумақтары;

3) кіші сәулет нысандары, балалар, киімдер жайатын, контейнерлер алаңдары, автокөлік парковкалары, сәндік құрылыстар, аулаға кірме жолдары үшін пайдаланылатын жерлер;

4) сақтау, қоймаға салу және басқа мақсаттар үшін уақытша пайдаланылатын аумақ;

5) бөлінген, жалғасқан аумақ және нақты пайдаланылатын;

4. Аумақтарды бекітудің субъектілері болып жеке және сондай-ақ заңды тұлғалар болып табылады.
2 тарау. Санитарлық тазалықты ұстау және көркейтуді қамтамасыз ету

5. Ауданның елді мекендерін санитарлық тазалықты ұстану және көркейтуді селолық округтер және Боровской селосының әкімдерінің аппараттары қамтамасыздандырады және мынадай іс-шараларды қамтамасыз етуге жұмылдырылады:

1) жолдарды, көшелерді, инженерлік құрылымдарды, көше жарықтары нысандарын, шағын сәулет пішіндерін және басқада нысандарын күтіп ұстау және қалпына келтіру;

2) зираттарды күту;

3) жасыл көшеттерді көгалдандыру және күтіп-ұстау, оның ішінде ағаштардың бұталарын ақтау, суару және олардың маңайындағы жерді қазу;

4) елді мекендер аумағын қоқыстан, қалдықтардан жинау және оларды уақытылы шығаруды ұйымдастыру, қысқы мезгілде – қарды жинау;

5) тұтынылған қалдықтарды жинауға арналған, қалдықтар үшін контейнерлер қоятын, кір кептіретін, үй жануарларын серуендететін алаңдарды көркейту, нормативтік талаптарға сәйкес қоқыс жәшіктерін көпшілік пайдаланатын орындарға орнату;

  6)бүкіл аудандық іс-шаралар өткізу кезінде жекелеген жұмыстар.
6. Жеке тұлғалар және барлық ұйымдық-құқықтық түрдегі заңды тұлғалар, соның ішінде нақты және уақытша нысандардың иелері осы ереженің келесі талаптарына сәйкес орындау ұсынылады:

1) өз бетімен өзінің қаржысына немесе мамандандырылған кәсіпорындармен шартқа отыру жолымен күнделікті бөлінген және бекітілген аумағын тазалық және тәртіптік жағдайын қамтамасыз етуге;

2) кез келген меншік нысанына ұқыпты қарауға, мемлекеттік меншік нысанына зиян келтірген жағдайда арнайы органдарға хабарлауға;

3) көше аты мен үй нөмірі көрсетілген тақтайшаларды техникалық дұрыс жағдайда және таза ұстауға;

4) қоршауларды (дуалдарды) және шағын сәулет пішіндерін қалыпты жағдайда ұстауға.

  7. Елді мекендерде тиым салынады:

1) тұрмыс және құрылыс қоқыстарын, өндіріс қалдықтарын, ыдыстарды, кесілген ағаштарды, жапырақтарды, қарды тастауға;

2) су бөлетін колонкаларда, су айдындарында, көпшілік демалатын орындарда көліктерді жууға, тазалауға және жөндеуге;

3) су айдынына өндірістік кәсіпорындардан шыққан тазаланбаған суды жіберуге;

4) қоқыстарды , жапырақтарды, кесілген ағаштарды жолдарды ластауға жол бермейтін брезентпен немесе басқа материалмен жабылмаған күйінде тасуға.

3 тарау. Аумақты тазалау тәртібі


8. Газондарды, аяқжолдарды жинау және жолды көркейтудің басқа да элементтерін ұстауды жеке тұлғаларға, округ тұрғындарына және кәсіпорындарға жүргізеді;

9. Жұмыстарды жүргізу кезінде қоқысты көшелердің жүргін бөлік жағына және өтпе жолдарға шығаруға тыйым салынады.

10. Аяқжолдарды жинау саябақтар, скверлер, суайдындары, зираттар, соның ішінде осы жерлердегі тротуарлар, жаяу жүргіншілер аймақтары, баспалдақтар алып жатқан жалпы пайдаланудағы жерлерді жинауды осы аумақ бекітілген және пайдалануды қамтамасыз ететін мекеме жүргізеді.

11. Аяқжолдарды толығымен топырақ-құмнан, әр түрлі қоқыстан тазартылуы қажет.

Қатты тұрмыстық қалдықтардын полигондары, аяқжолдарды жинау жұмыстарын атқарушы субъектілерін қоқыстарын шығаруға (аула аумағынан сыпырылған қоқысты, қырқылған талдардың шыбықтарымен) қамтамасыз етеді.

12. Маңайдағы жатқан және бөлініп берілген аумақтарды, қала көшелерінің оларға кіретін жолдарын меншігінде және пайдаланылануында ғимараттары бар заңды және жеке тұлғалар тазарту мен күту жұмыстары өз күштерімен немесе шарт бойынша мамандандырылған кәсіпорын арқылы жүргізеді.

13. Жеке тұрған жарнама объектілеріне іргелес жатқан аумақты, жарнама құрылғысынан радиусы бес метрдей жерді тазарту жұмыстарын, жарнама құрылғысының иелері немесе жарнама құрылғыларының иелерімен шарт бойынша тазарту жұмыстарын жүргізуші мамандандырылған ұйымдар орындайды.

14. Жанар-жағар май құю стансасына, автожуу бекеттеріне, және іргелес жатқан аумақтарға (өту жолына дейін) кіретін және шығатын жерлеріне жинау мен тазалығын сақтау жұмыстарын осы объектілерді өз балансында ұстаушылар жүргізеді.

15. Трансформаторларға немесе бөліп бергіш шағын станцияларға, автоматты түрде жұмыс істейтін басқа инженерлік орын-жайларға (қызмет көрсететін құрамсыз), сондай-ақ тоқ беру желілерінің бағаналарына іргелес жатқан аумақтарын жинау жұмыстарын осы объектілердің иелері жүргізеді. Жер үсті құбырларының астындағы қорғалатын аумақтарды тазарту мен күту жұмыстары желілердің иелерімен жүргізіледі.

16. Сауда нысандарына іргелес жатқан, уақытша көшедегі сауда жасау аумағының орындарын (базарлар, сауда павильондары, жылдам салынатын сауда кешендері, шатырлар, дүңгіршектер) радиусы 10 метр қашықтықта және көшедегі жүргін жолдарға дейін сауда нысандарының иелері тазартады. Іргелес жатқан көгалдарға, шатырларға, сауда шатырларына, дүңгіршектерге және басқа сауда нысандарына жәшіктерді үюге жол берілмейді.

17. Көп уақыт бойы пайдаланылмаған және игерілмеген аумақтардағы ғимараттарды бұзғаннан кейінгі аумақты және осы аумақ шекарасымен іргелес жатқан жерлерді 10 м радиус аралықта жинау мен күту жұмыстарын, осы аумақ бөлініп берілген жер пайдаланушылар немесе жер иелері жүргізеді.

18. Тастанды сулар (шұңқырлардан су сору, инженерлік желілердегі апат жағдайлары) салдарынан пайда болған су басу жағдайлары болғанда, ал қыста қатып қалған қарлар мен мұздар пайда болғанда оларды жоюдың жауапкершілігі осы жағдайдың болуына жол берген ұйымдарға жүктеледі.

19. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізген кездегі қоқыстарды, осы жұмыстарды жүргізуші ұйымдар: қаланың бас магистральдарынан - тез арада, басқа көшелер мен аулалардан - тәулік мерзімінде шығарады.

20. Көп қар жауған кезде жолдың жүргін бөлігінде, жер асты өткелдерінде (көлемінің аздығына немесе құрылымының күрделігіне байланысты) су басу болса, онда мамандарылған кәсіпорын су басуды жояды.

21. Су ағатын желілерге қоқыспен бітеліп қалуын болдырмау үшін су ағатын коллекторларға сыпырғыны және тұрмыстық қоқыстарды тастауға тыйым салынады.
4 тарау. Аумақтарды қысқы кезде тазартудың ерекшеліктері

22. Көшелердің жүргін бөлігіне және өтпе жолдарға, тротуарлар мен көгалдарға, ішкі орамдардың өтпе жолдарынан, аула аймақтарынан, кәсіпорындар, ұйымдар, құрылыс алаңдарынан, сауда нысандарынан және басқаларынан жиналған қарды жылжытуға немесе орнын ауыстыруға тиым салынады.

23. Қысқы кезеңде ғимараттардың иелері және жалға алушылар жабынды қардан, мұздақтардан тазартуды ұйымдастырады.
5 тарау. Елді мекендердің аумақтарындағы қалдықтарды жинау,

уақытша сақтау және шығару
24. Елді мекендердің аумағында қызмет жасайтын заңды тұлғалар, басқа шаруашылық субъектілері, сондай-ақ жеке тұрғын үйлер, пәтер тұрғындары, қатты тұрмыстық қалдықтар шығаратын кәсіпорынмен келісім шарт ұақтылы жасайды .

25. Заңды және жеке тұлғалар ғимараттарды, құрылыстарды немесе бөлмелерді жалға беру (қосымша жалға беру) кезінде 5 күнтізбелік күн ішінде қоқыс шығарушы кәсіпорындармен ғимаратты, бөлмелерді пайдаланушылардың (жалға алушылардың, қосымша жалға алушылардың ) нақты саны бойынша шарт жасайды.

Заңды және жеке тұлғалар тұрмыстық қалдықтарды қатты тұрмыстық қалдықтарды арналған контейнерлерге тастайды.

26. Қатты тұрмыстық қалдықтар шығару бәсекелестік ортада қызмет көрсету құқығына ие бола отырып, кестеде мерзімі көрсетілген (қатты тұрмыстық қалдықтар шығару келісім шартына қосымша) қоқыс шығарушы кәсіпорындар жүргізеді. Қоқыс шығарушы кәсіпорындар қоқысты шығару қызметтерін уақтылы көрсетеді.

27. Ірі көлемді қалдық, металдық қалдықтарды, құрылыс қоқысын, қырқылған талдардың шыбықтарымен талдарды (қалдықтарды) шығару жұмыстары кәсіпорындармен, мекемелер және жеке тұлғалармен немесе шарт негізінде қоқыс шығарушы ұйымдармен шарт негізінде жүргізіледі.

28. Жылжымайтын нысандарды салу және (немесе) жөндеу жұмыстарымен айналысушы жеке және заңды тұлғалар қоқыстарды жою үшін, оны өздігінен шығаруға немесе шығару жөніндегі қоқыс шығарушы ұйымдармен келісім шарттар жасайды.

29. Үй-жайлардың аумағында көлік өтуге ыңғайлы жолдары бар контейнер орнататын арнайы алаңшалар бөлінеді.

30. Аумақтарында (бөлініп берілген, бекітілген, аула ішілік) контейнерлік алаңшалары бар кәсіпорындар, ұйымдар, өзге де шаруашылық етуші субъектілер қатты тұрмыстық қалдықтар және ірі көлемді қалдық шығаруға уақтылы шарт жасайды.

31. Контейнерлік алаңшаларды және контейнерлерді пайдаланатын және күтіп ұстаумен шұғылданатын ұйымдар:

1) контейнерлік алаңдар мен оның аулаларының маңайын 20 метрге дейін тазалығын қамтамасыз етеді;

2) контейнерлерді уақытында жөндеуге және одан әрі пайдалануға, жарамсыздарды ауыстырады.

32. Контейнерлер орнату алаңшалар тұрғын-жай және қоғамдық ғимараттардан, спорт алаңдарынан және халықтың дем алатын орындарынан қашықта болуы керек. Алаңшаның көлемі орнататын контейнерлер санына есептелінеді.

33. Контейнерлік алаңдарды орналастыру сәулет, жер қатынастары және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен, қоқыс шығарушы ұйымдармен келісіледі.

34. Контейнерлердегі қоқыстарды тиеу кезінде түсіп қалған қоқыстарды жинау жұмыстарын қатты тұрмыстық қалдықтар, ірі көлемді қалдық шығаратын ұйымның қызметкерлері жүзеге асырады.

35. Жөнсіз үйінділерге, қалдықтардың жиналыуына, олардың жағылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

36. Вокзалдарда, базарларда, саябақтарда, демалыс орындарында, алаңдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде және басқа көпшілік пайдаланатын орындарда, көшелерде, жолаушылар тасымалдау көліктері аялдамаларында, сауда нысандарының кіре берістерінде қоқыс сауыттарын орнатады.

37. Қоқыс жәшіктерін орнату мен тазалау мемлекеттік тапсырыс келісім шартына сәйкес пайдаланушы мердігер кәсіпорындар және иелігінде немесе қолданысында аумағы бар шаруашылыќ субъектісі жүргізеді. Жәшіктер толуына қарай тазаланады.
6 тарау. Ұсақ бөлшек сауда үшін уақытша құрылғыларды орнату, сондай-ақ жалпы пайдаланудағы демалыс аймағын күтіп ұстау
38. Ұсақ бөлшектік уақытша сауда нүктелерінің нысандарын (павильондар) орнату қолданыстағы нормаларға және ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

39. Сауда нүктелерінің иелері маңайында жатқан аумақтық (бекітіліп берілуіне сәйкес) көркейтілу жұмыстарының бұзылмауын қадағалау. Маңайында жатқан көріктендіру нысандарына, жасыл желектерге, гүлзарларға зиян келтірген сауда нүктелерінің иелері, көріктендіру нысандарын өз қаражаты есебінен алғашқы қалпына келтіреді.

40. Ұсақ бөлшектік сауда ғимараттарының иелеріне аумақтарын тазарту мен қоқыс шығару үшін осы қызмет түрлерімен айналысушы ұйымдармен келісім шарт жасайды немесе өз күштерімен атқарады.

41. Көркейтудің, ғимараттардың және шағын сәулеттік пішіндердің элементтеріне, көпшілік демалатын аймақтардың құрылымына сәулеттік және түстік шешімдеріне өзгерістерді Меңдіқара ауданының сәулет және қала құрылыс бөлімі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарымен келісіліп, жүргізіледі.

42. Саябақтарда орнатылған қоқыс жәшіктерінен басқа арнайы контейнерлер қоятын алаңдармен жабдықталады.

43. Көпшілік демалатын аймақтарды қолданыстағы нормативтік талаптарға сай қоғамдық тамақтану нысандары және ұсақ бөлшекті сауда нүктелері орналасуына болады. Бұл нысандардың иелері бөлінген және бекітілген аумаққа санитарлық тазалау мен жинау үшін арнайы кәсіпорындармен келісім шартқа отыру, әйтпесе қолданыстағы талаптарға сәйкес өзі жүргізеді. Осы объектілерді жөндеу және сырлау жұмыстары олардың иелері есебінен орындалады.

44. Көпшілік демалатын аумақ аймақтарға жіберілмейді:

1) қоқыстарды, жапырақтарды өртеуге, от жағуға, көліктерді жууға және тазалауға;

2) көгалдарға, гүлзарларға, аяқжолдары нысандарды орналастыруға тиым алынады;

3) 23.00 сағаттан кейін әуеннің дауысы қатты шықпау.
7 тарау. Шағын сәулеттік пішіндерді күтіп-ұстау (қоршаулар)
45. Тұрғын үй ғимараттары аумағы, қоғамдық аймақтар, гүлзарлар, көшелер, саябақтар, демалу үшін алаңдар шағын сәулеттік пішіндермен жабдықталады.
46. Қоршаулар мен дуалдар салу және орнату белгіленген тәртіппен тек қана құзырлы органдар келісімімен және рұқсатымен келесі талаптарды сақтап құрылысын жүргізуге және орнатуға болады:

47. Шағын сәулет пішіндері стационарлық және мобильдік болуы мүмкін; олардың саны және орналасуы аумақтарды көріктендіру жобаларында белгіленеді.

48. Шағын сәулеттік пішіндердің сындарлы шешімдері олардың көлемдерін, көшелерін,скверлерін, паріктерін қамсыздандыруыға және орналасуы аумақтарды құрылым жобаларында белгіленеді.

49. Жаңа құрылыс салынылып жатқан учаскесі шекарасында бекітілген жоба-сметалық құжаттамаға сәйкес шағын сәулеттік пішіндері жобалау, әзірлеу және орнатуды тапсырыс беруші жүзеге асырады.

50. Шағын сәулеттік нысандардың иелері - заңды және жеке тұлғалар өз қаржыларына оларды ауыстыру, жөндеу және бояу ұсынымдалады.
8 тарау. Тұғын үйлер орамдарын көркейту
51. Кварталдың тұрғын аймақтары қоқыс контейнерлерін қою, кір кептіру, демалу, балалар ойнау үшін алаңшалармен жабдықталады.

52. Тұрғын үйлердің, шағын аудандардың аулаларында, сондай-ақ ауланың ішкі аумағында:

1) жасыл аймаққа, балалар алаңшасына, жүргіншілер жолына қызметтік және жеке меншік автокөлікпен кіруге, қоюға;

2) арнайы бөлінген және белгілермен, таңбалармен белгіленген орындардан тыс жерлерге көліктерді қоюға және (немесе) аялдатуға.

3) құрылыс материалдары мен қалдықтарын жинауға, автокөліктерді жөндеу жұмыстарын жүргізуге және басқа да жылжымайтын, жылжымалы объектілер орналастыруға ;

4) құрылыс қоқыстарды, аула аумағынан сыпырылған қоқысты, қырқылған талдардың шыбықтарымен талдарды, ірі көлемді қалдық қатты тұрмыстық қалдықтар арналған контейнерлерге және контейнерлік алаңшаларға тастау жол берілмейді..

9 тарау. Ғимараттар мен құрылғылардың қасбеттерін күтіп ұстау
53. Меншігінде ғимараттар мен құрылыстар бар кәсіпорындардың және ұйымдардың басшылары ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін күтіп ұстауға, аталған нысандарға және олардың жекелеген элементтеріне қалпына келтіру, жөндеу және сырлау жұмыстарын уақытында жүргізуді, сонымен қатар қасбеттерде орнатылған ақпараттық, ескерткіш тақтайшалардың тазалығын және дұрыс жағдайда болуын қамтамасыз етеді. Дүкендер мен офистердің елді мекендер көшелері жағына шығатын витриналары жарықпен безендіріледі.

54. Өз еркімен ғимараттардың қасбеттерін және олардың үйлесілімділік элементтері қайтадан жабдықтауға жол берілмейді.

55. Шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе жедел басқаруындағы ғимараттары және орын-жайлары бар жеке меншік иелері мен заңды тұлғалар, ғимараттарды, құрылыстарды және құрылғыларды, басқа жер учаскелеріндегі жылжымайтын нысандарды қала құрылысы мен жобалау құжаттарына, қала құрылысы нормативтері мен ережелері, экологиялық, санитарлық, өртке қарсы және басқа арнайы нормаларға сәйкес, қалыпты жағдайда сақтау жұмыстарын жүргізуге, соның ішінде оларға қарамағындағы ғимараттар мен құрылғылардың қасбеттерін жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын өз есебінен немесе бөлінген қаражат есебінен жүргізеді.

56. Сәулет, тарих немесе мәдениет ескерткіштері болып табылатын ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерін жөндеу, жаңарту, қайта қалпына келтіру жұмыстары Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен бекітілген, қорғау міндеттемелеріне сәйкес мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен сәулет және қала құрылысы бөлімі келісімімен орындалады.
10 тарау. Сыртқы жарықтандыруды күтіп ұстау
57. Елді мекендердің аумағын жарықтандыру сыртқы жарық қондырғылары арқылы қамтамасыз етiледi. Сыртқы жарық қондырғыларына жататындар:
1) электрмен жабдықтау құрылғысы, қоректендiретiн желiлер, қоректендiру пункттерi, тарататын желiлер;

2) қорғау құрылғысы және жерге қосылған электр желiлерi;

3) басқару құрылғысы;

4) тiреуiштер, арқанды салпыншақтардыѕ тiректерi.

58. Сыртқы жарық қондырғыларына қызмет көрсету және күтiп ұстау келесi шараларды қамтиды:

1) сыртқы жарықтандыру құрылғыларын техникалық оңды жағдайда ұстау, шамшырақтарды тазалау, жарықтандырудың деңгейiн өлшеу;

2) жарықтандыру құрылғыларының атқарушы жергiлiктi органының шешiмiмен бекiтiлген регламенттегi жұмыс режимiн қамтамасыз ету, кесте бойынша шамшырақтарды, ақауларды табу және оларды шұғыл түрде жою.

59.Металл бағаналары, кронштейндер мен басқа сыртқы жарық құрылғылары мен қыстырма желілерінің элементтері таза, тот баспай ұсталып, сырланады. Жанып кеткен шамдарды ауыстыруды тиісті қызметтер іске асырады.

60. Пайдаланудан шыққан құрамында сынап бар газ санатындағы люминесцентті шамдарды сақтайтын арнайы орындарда сақталып, одан әрі қайта өнделуі үшін арнайы кәсіпорындарға жеткізіледі. Аталған шамдар түрлерін қатты тұрмыстық қалдықтар полигон аумағына шығаруға жол берілмейді.

61.Соққан жарықтандыру тіреулерін және электрлендірілген көліктің байланыс желісін шығару тіреу иесімен жүзеге асырылады.
11 тарау. Апаттық жұмыстарды жүргізу
62. Заңды және жеке тұлғалар аудан аумақтарында жол жабуларын, жаяу соқпақтарды, көк шөп шығатын алаңдар мен басқа нысандарды, елді мекендердің шаруашылық элементтерін бұзуға байланысты, жер жұмыстарын, немесе басқадай жұмыстарды өкілетті органмен жазбаша рұқсат берілген кезде ғана ақылы түрде жүргізеді.

63. Қалпына келтіру жұмыстарын кідіріссіз жүргізуді талап ететін, инженерлік жүйелерде апат болған кезде, жол жабуларын ашуды, көшелер, алаңдарды және басқа да жалпы пайдаланудағы орындарды қазуға келісім беретін, ұйымдар өкілдерін сол орынға шақыру керек. Жұмыстар жүргізуге сол орында рұқсат алғаннан кейін ғана жұмыстар жүргізуге рұқсат етіледі.

64. Жұмыстарды жүргізу қолданыстағы нормалар мен ережелерде, сондай-ақ ордерде көрсетілген шарттарға сай жүргізіледі.

12 тарау. Құрылысты бұзу және шығару
65. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы рәсімді орындаудың заңдылығын заңмен қамтамасыз еткеннен кейін ескі және тозған құрылыстардан аумақты тазарту бойынша жұмыстарға кіріседі.

66 Үш метрден астам ені бар ғимараттар мен коммуникациялардың жер асты бөліктерінен ор мен шұңқырлар қабатпен нығыздалуы керек.

67. Құрылыстың өткізілген демонтажы мен алып тастауынан кейін құрылыс қалдықтары (қоқым) қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына шығарылады, ал телім рекультивацияға жатады.
13тарау. Жасыл көшеттерді күтіп-ұстау, қорғау және жұлып тастау тәртібі
68. Құрылыс, жөндеу және басқа жұмыстарды өндіруде кәсіпорындарға, ұйымдарға және жеке тұлғалар:

1) жасыл көшеттерді зақымданбау үшін қоршауға, кейбір көшеттерді сынбау және зақымданбау үшін қорапшаға алады;

2) жүру жолдарды, аяқжолдарды және жолдарды асфальттоған кезде 1х1 метр көлемінде көшеттер отырғызу үшін шұңқыр қалдырады;

3) құрылыс объектілерге кірме жолдарын салғанда көшеттердің орналасуын ескереді және жасыл көшеттердің қоршауларын бұзбайды.

69.Құрылысқа немесе басқа жұмыстарды өндіруге берілген учаскілерде жасыл көшеттерді сақтау мүмкінсіз болған жағдайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жасыл көшеттерді жұлып тастайды.

70. Жасыл көшеттер қолдану аумағында тиым салынады:

1) құрылыс материалдарды, топырақты, отынды, көмірді және басқа заттарды үйуге, газондарды, гүлзарларды, бағана шұңқырларын ластауға;

2) газонның үстімен жүруге, ағаштарды, көшеттерді бұзуға және кесуге, басқа механикалық зақымдар келтіруге;

3) көшелерді, алаңдарды, тротуарларды тазарту мақсатында жасыл көшеттер үшін тұз бен басқа зиян заттарды қолдануға;

4) гүлдерді жұлып тастауға, жемістерді ұшырып түсіруге, малды бағуға, құм өндіруге;

5) жасыл көшеттер аумақтарын өндіріс және тұрмыстық ағындармен, қатты тұрмыстық және өндіріс қалдықтарымен ластауға;

6) бақша құрал-жабдықтарын бүлдіруге (орындықтар, қоқыс жәшіктер, қоршаулар, газондық торлар);

7) көлік құралдарымен жүруге (арнайы көлікті қоспағанда);

8) көгал мен шарбақ жанында жолаушылар көлігі аялдамасын орналастыруға;

9) көгалдарда автокөлік құралдарының парковка мен автотұрақтарын орналастыруға;

10) алауларды орналастыру, басқа өртке қарсы ережелерді бұзуға;

11) ағаштарға электр өткізгіштерді, тікенекті сымдарды, әткеншектерді, киімдер ілу үшін жіптерді, бекітуге жазулар жазуды;

12) белгіленген агрономдық мерзімінен тыс және кесудің ережелерін сақтаусыз ағаштардың қабықтарын кесуге;

13) ағаштар мен бұта көшеттерін өз еркімен ұрлап кесуді іске асыруға;

14) өз еркімен қоршауларды орнатуға;

15) футбол, волейбол және басқа ойындар өткізуге (осы мақсат үшін арнайы бөлінген орындардан басқа);

16) жабайы және мәдениетті өсетін флора гүлдерінің тұқымы мен түбірін қазуға тиым салынады.

14 тарау. Меңдіқара ауданының елді мекендерінің тазалығын ұйымдастыру, санитарлық ұстауының көркейтуінің қалпына

бақылау жасау

71. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, осы тәртіпті сақтауын бақылауды өз құзіреті шегінде өкілетті мемлекеттік органдары жүзеге асырады.

____________________________________________


Похожие:

Жоба меңдіқара ауданының елді мекендерін көркейту ережесі туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconЖұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының...
Жоба меңдіқара ауданының елді мекендерін көркейту ережесі туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» icon«Коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беру Қағидасын бекiту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысының жобасы қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
Жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабының...
Жоба меңдіқара ауданының елді мекендерін көркейту ережесі туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconАудандық мәслихаттың кезекті жетінші сессиясының жалпы отырысының күн тәртібі туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»...
Жоба меңдіқара ауданының елді мекендерін көркейту ережесі туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconЖоба VІІ сессия
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23...
Жоба меңдіқара ауданының елді мекендерін көркейту ережесі туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconЖоба Тасқала ауданы бойынша 2012 жылға халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19...
Жоба меңдіқара ауданының елді мекендерін көркейту ережесі туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconЖоба «Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» 2012 жылғы 11 наурыздағы №38 Арал ауданы
Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы...
Жоба меңдіқара ауданының елді мекендерін көркейту ережесі туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconАқтөбе облысы Темір ауданының әкімдігі Қаулы №240
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының...
Жоба меңдіқара ауданының елді мекендерін көркейту ережесі туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconҚаражал қаласы №173 16 шілде 2009 жыл Қаражал қаласының жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесі туралы
Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы...
Жоба меңдіқара ауданының елді мекендерін көркейту ережесі туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconҮгіт баспасөз материалдары ілінетін орындарды белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабының 4,6-тармақтарына және Қазақстан Республикасындағы 2001...
Жоба меңдіқара ауданының елді мекендерін көркейту ережесі туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconЖоба шымкент қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 4 тамыздағы «Қалалық коммуналдық меншік туралы» №1138 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница