Әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасы 6 гранттық байқаудың сипаттамасы қазан 2012 «бота» Қоғамдық қорының




Скачать 303.32 Kb.
НазваниеӘлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасы 6 гранттық байқаудың сипаттамасы қазан 2012 «бота» Қоғамдық қорының
страница1/3
Дата конвертации31.01.2013
Размер303.32 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАСЫ

6 - ГРАНТТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ СИПАТТАМАСЫ

Қазан 2012

«БОТА» Қоғамдық қорының негізгі миссиясы – Қазақстандағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар мен жастардың әл-ауқатын олардың денсаулығы, білімі мен әлеуметтік қорғалуына инвестиция жасау арқылы жақсарту.
Қордың негізін қалайтын қағидалар болып көмекке зәру отбасыларға, балалар мен жастарға бағытталған тікелей қолдауды көрсетудегі тиімділік пен ашықтық болып табылады.
Қазіргі уақытта Қор 3 бағдарлама аясында жұмыс жасайды: Келісілген ақшалай жәрдемақылар (КАЖ) бағдарламасы, Білім гранттары бағдарламасы (БГБ) және Әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасы (ӘҚҚБ). Әр бағдарлама туралы толық ақпаратты «БОТА» ҚҚ-ның www.bota.kz сайтынан таба аласыздар.



  1. ӘҚҚБ сипаттамасы


Әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасының (ӘҚҚБ) мақсаты әлеуметтік жағдайы төмен балалардың, жастардың және отбасылардың денсаулығын, білімін және әлеуметтік әл-ауқатын коммерциялық/мемлекеттік емес ұйымдар тарапынан балалықты қорғау бойынша қызметтер мен жүйелердің сапасын, қолжетімділігі мен тұрақтылығын жақсартуға қолдау көрсету арқылы жақсарту болып табылады.
ӘҚҚБ міндеттері:

  • Әлеуметтік қызметтерді тұрақты көрсету үшін жергілікті қоғамдастықты тарту және жұмылдыру;

  • Әлеуметтік қызметтерді көрсететін жергілікті ұйымдардың әлеуетін күшейту;

  • Мақсатты қауымдастықтарда денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау салаларында әлеуметтік қызметтерді көрсетуде инфрақұрылымды жақсарту.


ӘҚҚБ қазақстандық және халықаралық КЕҰ-ға әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша инновациялық жобаларды жүзеге асыруға гранттар ұсынады. Осыдан басқа ӘҚҚБ қызметкерлері гранталушыларға жобаны жоспарлауға, дайындауға, басқаруға, мониторинг жасау мен бағалауға көмектеседі. Осы ретте жергілікті деңгейде тұрақты және пайдалы қызметтерді дамытуға басты назар аударады. Алға қойған мақсаттар мен міндеттерге қолжеткізу үшін түрлі грант түрлерін пайдаланады (төменде көрсетілген).
ӘҚҚБ-сы бес бағдарламалық бағыт бойынша грант ұсынады:
1-бағдарламалық бағыт: Мектепке дейінгі білім мен тәрбие (4-6 жасар балалар)
«Мектепке дейінгі білім мен тәрбие» бағыты бойынша грант беруде ерекше қызығушылықты келесі жобалар тудырады:



  1. Жаңа мектепке дейінгі білім беру орталықтары мен бағдарламаларын құру

  • Жергілікті қоғамдастықтың ықылас білдіруі – негізінен ата-аналарды және жергілікті қоғамдастықты тарту арқылы балабақшалар мен мектептерді олар жоқ жерде ұйымдастыруға, мектепке дейінгі бағдарламалар және/немесе мекемелерді құруға ынталандыру

  • Жергілікті билік пен бизнестің қолдауымен мектепке дейінгі білім бағдарламаларын енгізу

  • Жергілікті қоғамдастық қолдауына ие тұрақты сапалы мектепке дейінгі білім мен тәрбие модельдерін енгізу, сонымен қатар, түрлі елді мекендерде осы модельдерге негізделген жаңа бағдарламаларды қолданысқа жіберу.




  1. Жұмыс істейтін қызметтердің сапасын жақсарту және осы қызметтерге әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балалардың қолжетімділігін кеңейту

  • Әлеуметтік жағдайы төмен және осал отбасылардағы балалардың басым бөлігін қамту мақсатында қазіргі мектепке дейінгі білім мекемелері мен бағдарламаларының әлеуетін күшейту

  • Әсіресе, мұғалімдер мен ата-аналарды оқыту арқылы жоғары сапалы мектепке дейінгі білім беру үлгілерін енгізу және әрекет ететін бағдарламаларға ену арқылы мектепке дейінгі білім бағдарламалары мен жағдайларын күшейту

  • Әлеуметтік жағдайы төмен балалардың көп бөлігін қамту үшін Мемлекеттік мекемелер жанындағы шағын орталықтар мен өзге мектепке дейінгі білім беру мекемелерін ұйымдастыру және жекеменшік мектепке дейінгі білім беру орталықтарын қаржыландыруды қоса, мектепке дейінгі білім үшін арналған мемлекет қаражатын тиімді пайдалануға ынталандыру бағдарламалары.


2- бағдарламалық бағыт: Ана мен баланың денсаулығы (АБД)
Қор ана мен баланың денсаулығы бойынша білім мен машықтарды жақсарту үшін анамен (немесе ата-анамен) және экономикалық жағдайы төмен жастармен жұмыс істейтін жобаларға қызығушылық танытады.
Бұл бағытта ерекше қызығушылықты келесілер тудырады:


  • Мақсаттық топтың білімі мен машықтарын төменде көрсетілген мәселелерде жақсарту:

  • Репродуктивтік денсаулығы бойынша

  • Байытылған ұн мен йодталған тұзды пайдалану арқылы қаназдықтың алдын алуға ынталандыруды қоса, ана мен балаға құрсақта және постнаталдық күтім бойынша

  • Отбасыны жоспарлау

  • Ауылда және қалалы жерде осы тақырып бойынша тренингтер мен кеңестер арқылы отбасыда бала үшін қауіпсіз қоршаған ортаны қамтамасыз ету

  • Жас аналардың білімін келесілер бойынша жақсарту:

  • Үйде күтім көрсету

  • Жас ана рөлінде кездесуі күтілетін қиындықтарды жеңу

  • Баланы отбасыға қабылдау және оқытуды жалғастыру бойынша әрекетін қолдау




  • Мектептерде, колледждерде және жастар көп шоғырланатын орындарда тренинг, консультациялар өткізу және «тең теңіне» әдісін енгізу арқылы күтпеген жүктіліктің және баладан бас тартудың алдын алу бойынша экономикалық жағдайы төмен жастардың білімін жақсарту

  • Ана мен баланың денсаулығын жақсарту бойынша қызметтерге қолжетімділікті жақсарту:

  • Төтенше жағдайда көлік пен байланыспен қамтамасыз ету үшін қауымдастық деңгейінде шешімдерді дайындау

  • Ана мен бала денсаулығы бойынша ақпаратты беру және алмастыру үшін әсіресе ауылдық аудандарда әйелдердің өз-өзіне көмектесу, қолдау топтары мен орталықтарын дамыту

  • Ана мен баланың денсаулығына қатысты қызметті жүзеге асыру үшін жергілікті қоғамдастықты жұмылдыру


3- бағдарламалық бағыт: Ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастар (0-24 жас)
«БОТА» ҚҚ қызмет көрсететін қызмет жабдықтаушыларын әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға бағытталған қызметтерді күшейтуге немесе кеңейтуге және олар жоқ жерде жаңа қызметтерді құруға ынталандырады.
Қаржыландыру келесі салаларда қызмет көрсететін КЕҰ жобаларына берілетін болады:

  • Әрекет ететін қызметтерді жақсарту және кеңейту арқылы ерекше қажеттіліктері бар балалар мен олардың отбасыларын қолдау:

  • Әрекет ететін қызметтерді сапа мен клиенттердің қанағаттануы тұрғысынан жақсарту

  • Әрекет ететін қызметтерді ерекше қажеттіліктері бар әлеуметтік жағдайы төмен балалардың көп бөлігін қамту үшін кеңейту

  • Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы ерекше қажеттіліктері бар балаларды қабылдайтын мекемелерді жақсарту (косметикалық жөндеу жұмыстарына жобаның жалпы бюджетінен 20%-дан артық жаратуға болмайды)

  • Қызмет көрсететін мамандар мен жұмысшылардың біліктілігін көтеру

  • Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қарайтын мамандарды, сонымен қатар үй жағдайында күтім көрсететін ата-аналар мен туысқандарды оқыту

  • Ата-аналарды ерекше қажеттіліктері бар балаларға қызмет көрсету негіздеріне үйрету

  • Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балаларға жаңа әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыру және қамтамасыз ету




        • Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастардың қоғамға әлеуметтік интеграциялануына ынталандыру/көмектесу:

  • Ерекше қажеттіліктері бар балалардың ресми және бейресми мектептер мен балабақшаларға қолжеткізу мүмкіндіктерін арттыру

  • Ерекше қажеттіліктері бар жастардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне қолжетімділігін көтеру

  • Ерекше қажеттіліктері бар балаларға қоғамдық өмірге қатысуға мүмкіндік беретін өзге бағдарламаларды дайындау

  • Қоғамдастық пен ата-аналарды ерекше қажеттіліктері бар балалардың/жастардың өмірін жақсартуға қатысуға ынталандыру

  • Ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастарға арналған әлеуметтік еріктілікті дамыту

  • Жергілікті қоғамдастық мүшелері, ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастардың ата-аналары, жергілікті білім беру басқармасы мен өзге қызығушылық білдірген тараптармен тұрақты әріптестік қатынастарды дамыту арқылы инклюзивті білім беруге ынталандыру.


Балаларда мүгедектіктің түрлі түрлері (мысалы, көру, есту қабілеті төмен, туа біткен физикалық және психикалық ауытқулар, өзге де ауыр аурулар) болатынын ескере отырып, қор оларды анықтап отырмайды. Нақты ерекше қажеттіліктер жиынтығына бағытталған жобаларды қолдайды. Сонымен қатар, «БОТА» ҚҚ қолдайтын жобалардың мақсатты тобы болып әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы ерекше қажеттіліктері бар балалар табылады. Бұл ереже ерекше қажеттіліктері бар балалары бар, бірақ материалдық жағдайы жақсы отбасыларға таралмайды.
4- бағдарламалық бағыт: Қиын өмірлік жағдайдағы балалар мен жастар (0-24 жас)
Қор төмендегі санаттарда балалармен жұмыс істеудің тиімді әдістері мен үлгілерін дамытуды ынталандыруға қызығушылық танытады:

  • Жетімдер

  • Әлеуметтік жетімдер

  • Девиантты мінез-құлық тән жастарды қоса, қараусыз балалар мен жастар

  • Зорлық пен қатыгез қарым-қатынас құрбандары болған балалар мен жастар

  • Үйсіз балалар/жастар мен түрмедегі немесе жаңадан босап шыққан балалар/жастар



Қор келесі мәселелерге бағытталған жобаларды қаржыландырады:

  • Балалардың/жастардың әлеуметтенуі мен әлеуметтік бейімделуі – олардың қоғамға енуіне ынталандыру

  • Балалар мен жастарды оқу мен дамуға ынталандыру, мектепті аяқтау және жұмысқа орналасуға ынталандыру бағдарламаларын қоса

  • Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу

  • Дамыту бағдарламалары мен қамқорлық пен патронаттылықты қолдау арқылы жетім үйге түсудің алдын алу

  • Заңмен шиеленістегі балаларды әлеуметтік сауықтыру (болмашы заңбұзушылықтар және/немесе қылмыстар)

  • Жасөспірімдік қылмыстардың алдын алу және бас бостандығынан айырудан өзге баламалы үлгілерін алға тарту

  • Балалар қараусыздығы мен үйсіздігінің алдын алу

  • Балаларға қатысты қатыгездіктің алдын алу және зорлық және қатыгез қарым-қатынас құрбандарын әлеуметтік сауықтыру

  • Интернаттық мекемелерде балаларға қатысты қатыгездік қарым-қатынас пен зорлықтың алдын алу және оларды анықтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізу. Олар келесілерден тұруы мүмкін:

    1. Интернаттық мекемелерде тұратын зорлық және қатыгез қарым-қатынас құрбандарына сауықтыру қызметтерін ұсыну

    2. Балаларға зорлық пен қатыгез қарым-қатынас көрсетудің алдын алу шаралары бойынша интернат қызметкерлері мен өзге қызығушылық танытатын тараптардың әлеуетін күшейту және оқуды ұсыну

    3. Интернаттық мекемелерде тұратын балаларды құқықтық мәселелер бойынша ақпараттандыру

    4. Интернаттық мекемелерде балалармен зорлық пен қатыгез қарым-қатынас мәселелері бойынша қоғамдастықты ақпараттандыру

  • Жоғары қауіпті әрекеттен қорғау (маскүнемдік, есірткі заттарын пайдалану, зорлық, күтілмеген жыныстық әрекет мәселелері және т.б.)


5 -бағдарламалық бағыт: Жастардың әлеуетін дамыту (12-24 жас)
«БОТА» қоры позитивті әрекетті дамыту (мәселен, белсенділік, денсаулық, адамдар мен мәдениеттердің айырмашылықтарын бағалай білу, сәтті оқу) бойынша ұстанымдарды ұстанатын жобалар мен бағдарламаларды қолдайды. Дәлірек айтатын болсақ:
Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан жастарға қауіпсіз және жемісті еңбек түрін іздеуге және қалыптастыруға көмектесетін қызметерді көрсету және оқыту арқылы оқудан жұмысқа өту (14-24 жас аралығы) және бала еңбегінің қауіпті түрлерінің алдын алуға төмендегі мәселелерді қоса отырып, көмектесу:


    • Кәсіби оқытуды ұсыну

    • «Өмір сүру машықтарына» оқыту (тілдесу машықтары, келелі мәселелерді шешу, көсбасшылық және т.б.)

    • Бизнес-тренингтерді ұсыну

    • 9-сыныптан кейін мектепті тастап кеткендерге екінші мүмкіндік беру бағдарламалары

    • Кәсіпкерлік машықтарын дамыту

    • Жұмысқа тұруға және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін жасауға көмектесу

    • Жастарға стажировка (сынақ ісі) арқылы жұмыстың өндірістік-тәжірибелік машықтарын алуға көмектесу

    • Кәсіпкерлерді жастарға тәлімгер ретінде тарту


Егер де КЕҰ жоба аясында жастардың әлеуетін күшейту/оларды жұмысқа орналастыру бойынша оқытуды қарастыратын болса, онда жобалар біртұтастық тәсілді (бұл туралы ары қарай толық ақпарат ала аласыздар) ескеруі қажет, сонымен қатар оқытылған жастарды жұмысқа орналастыруға бағытталған компоненттен тұруы керек.
«БОТА» қоры жастар бағдарламасын дамыту үшін жастар клубын, жергілікті орталықтарды, мектептерді қоса, қолданыстағы ғимараттарды пайдалануды қолдайды. Мұндай ғимараттар жоқ, әсіресе, ауылдық жерлерде, «БОТА» қоры жаңа ғимараттарды соғу және жабдықтау немесе ескі ғимараттарды қалпына келтіру үшін жергілікті қауымдастықтың қолдауына ие (асар) жобаларға артықшылық білдіреді. Барлық жағдайда «БОТА» қоры жобаларды жоспарлау және жүзеге асыру барысында жастар мен жергілікті қауымдастықтарды тартуды қолдайды. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан тең қаржыландырылатын жобаларға және мемлекет тарапынан қаржыландырылатын мекемеге (мәселен, мектеп) «жастардың позитивті дамуы» қағидасын енгізуді қолдайтын бағдарламаларға артықшылық беріледі.



  1. ӘҚҚБ қолдайтын мақсатты топтар мен қызмет


ӘҚҚБ тарапынан қаржыландырылатын КЕҰ-дар әлеуметтік жағдайы төмен қоғамның осал топтарындағы балалар мен жастардың бес негізгі санатына қызмет көрсетулері керек: мектеп жасына дейінгі балалар (0-6 жас); жастар (12-ден 24 жасқа дейін); ерекше қажеттіліктері бар балалар (0-24 жас), қиын өмірлік жағдайдағы балалар мен жастар (0-24 жас) сонымен қатар, аналар (немесе ата-аналар) Балалар мен жастар басты мақсатты топ болып табылатындықтан, ата-аналар/қамқоршылар мен отбасылар ӘҚҚБ гранттарының бенефициарлары болып қарастырылады.
1-кесте. ӘҚҚБ-ның негізгі мақсатты топтары:


Мақсатты топтар

ӘҚҚБ бағдарламалық бағыттары

Балалар (4-6 жас)

Мектепке дейінгі білім мен тәрбие

Жастар (12 – 24 жас)

Жастардың әлеуетін дамыту

Ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастар (0 – 24 жас)

Ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастар

Қиын өмірлік жағдайдағы балалар мен жастар (0-24 жас)

Қиын өмірлік жағдайдағы балалар мен жастар

Аналар (немесе ата-аналар)

Ана мен баланың денсаулығы



Әлеуметтік қызметтерге гранттарды берудің тәжірибесіне негізделе отырып, «мінсіз» жоспарлар ретінде келесілер табылатынын хабарлаймыз:


  • Ата-аналарға бағытталған – ӘҚҚБ балалардың/жастардың жағдайын ата-аналарды және өзге ересектерді тарту арқылы жақсарту мақсатында балалармен және ата-аналармен/қамқоршылармен жұмыс істеу үшін жаңа үлгілер мен әдістемелерді енгізуге мүдделі .

  • Біртұтас – Сәтті және тұрақты нәтижелерге қолжеткізу мақсатында жобалар мақсатты топтардың мәселелерін жан-жақты қарастыруы керек. Мысалы, жастардың өмір сүру машықтарын дамытуға бағытталған жобалар жастарға оқытудың бастапқы материалы ретінде еңбек нарығын зерттеу компонентінін ұсынуы керек. Ерекше қажеттіліктері бар жастарды қолдау бойынша жобалар жоба аясындағы ағымдағы қажеттіліктерді қанағаттандырудан гөрі, әлеуметтік және физикалық қажеттіліктерді ұзақмерзімді негізде қанағаттандыруға бағытталуы керек.
  1   2   3

Похожие:

Әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасы 6 гранттық байқаудың сипаттамасы қазан 2012 «бота» Қоғамдық қорының iconVi-гранттық байқау әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасы «бота» Қоры

Әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасы 6 гранттық байқаудың сипаттамасы қазан 2012 «бота» Қоғамдық қорының icon«бота» ҚОҒамдық Қорының 2012-2013 ОҚу жылына арналған білім гранттары бағдарламасы
Біздің басты ұстанымдарымыз жағдайы төмен отбасылар мен жастарға мақсатты көмек пен қолдау көрсетуді қамтамасыз етудегі анықтық пен...
Әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасы 6 гранттық байқаудың сипаттамасы қазан 2012 «бота» Қоғамдық қорының iconКолледжге түсу үшін «бота» қоғамдық қорының миссиясы
Біздің басты ұстанымдарымыз жағдайы нашар отбасылар мен жастарға көмек пен қолдау берудегі анықтық пен тиімділік деп білеміз
Әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасы 6 гранттық байқаудың сипаттамасы қазан 2012 «бота» Қоғамдық қорының icon3-раунд жобаларын жалғастыруға арналған байқау туралы ақпарат әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасы
Б «бота» ҚҚ алдында қаржыландырған жобаларының қызметін жалғастыру мақсатында үшіншіі раундтың сәтті жобаларын қосымша қаржыландыру...
Әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасы 6 гранттық байқаудың сипаттамасы қазан 2012 «бота» Қоғамдық қорының iconI. кіріспе «бота» қорының миссиясы
Грант атауы «ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастардың ҚауымдастықҚА Әлеуметтік интеграциясы»
Әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасы 6 гранттық байқаудың сипаттамасы қазан 2012 «бота» Қоғамдық қорының icon2011 жылы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларының іске асырылуы туралы және 2012 жылы әлеуметтік қолдау шараларын алуға үміткер мамандарға ақпарат
С. Ф. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, Сарбасов Қ.Қ. мәдениет, тілдерді дамыту, дене шыныктыру және...
Әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасы 6 гранттық байқаудың сипаттамасы қазан 2012 «бота» Қоғамдық қорының iconСорос-Қазақстан қорының жастар бастамалары бағдарламасының қолдауымен ұйымдастырылып келеді
Жастарға өздерін толғандыратын әлеуметтік мәселелерге назарын аударуына мүмкіндік беру; еліміздің қоғамдық өміріне жастардың қатысуын...
Әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасы 6 гранттық байқаудың сипаттамасы қазан 2012 «бота» Қоғамдық қорының iconЕң мықты жобасы бойынша жыл сайынғЫ Ұлттық байқауы (2 қазан, 2012 жыл, Астана, Тәуелсіздік Сарайы)
Байқауға ұсынылатын Корпоративтік әлеуметтік жауаптылық жобасының (Әлеуметтік жоба) атауы
Әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасы 6 гранттық байқаудың сипаттамасы қазан 2012 «бота» Қоғамдық қорының iconБалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы
...
Әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасы 6 гранттық байқаудың сипаттамасы қазан 2012 «бота» Қоғамдық қорының iconАҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Орташа мерзімдік перспективадағы аумақтың негізгі мәселелерінің, тәуекелдірдің, кедергі туғызатын факторларының, бәсекелестік артықшылықтары...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница