Шигео Катсу Ректор (Президент) Катсу мырза кәсіби қызметін 1979 жылы Дүниежүзілік банктің «Жас кәсіпқойлар»




Скачать 35.74 Kb.
НазваниеШигео Катсу Ректор (Президент) Катсу мырза кәсіби қызметін 1979 жылы Дүниежүзілік банктің «Жас кәсіпқойлар»
Дата конвертации31.01.2013
Размер35.74 Kb.
ТипДокументы
Басшылық

Шигео Катсу

Ректор (Президент)

Катсу мырза кәсіби қызметін 1979 жылы Дүниежүзілік банктің «Жас кәсіпқойлар» бағдарламасынан бастады. Кейіннен Дүниежүзілік банктің Батыс Африкадағы жобалар департаментінде алдымен энергетика, сумен жабдықтау және телекоммуникациялар бөлімінде, содан кейін қаланы сумен жабдықтау мен дамыту бөлімінде экономист болып жұмыс істеді. Катсу мырзаның бұл сектордағы қызметі сумен қамтамасыз ету және санитарлық тазарту саласындағы, сондай-ақ абаттандыру және энергетика жобалары болып табылады.

1985 жылы Катсу мырза Дүниежүзілік Банктің Бениндегі бірінші тұрақты өкілі болып тағайындалып, сол жерде 1989 жылдың күзіне дейін жұмыс істеді. 1989 жылдан бастап 1991 жылға дейін Катсу мырза Жапонияның  Экспорт және импорт банкіне Елдің экономикалық саясатын талдау департаменті директорының орынбасары ретінде іссапармен жіберіліп, онда ол түзету жұмыстарын бағалау рәсімдерінің енгізілуі үшін жауапты болды.

1992 жылдан 1995 жылға дейінгі кезеңде Катсу мырза Қытайдағы Шығыс Азия және Тынық мұхит аймағы департаментінің Өнеркәсіп және энергетика бөлімінің бас операциялық директоры қызметінде болып, кәсіпорындарды және қаржы секторын реформалаумен айналысты. Содан кейін Катсу мырза Дүниежүзілік банктің Абиджандағы,Кот-д'Ивуар, өкілдігінде аймақтық миссияның басшысы және өңірлік директор болып тағайындалды, онда оның басшылығымен Дүниежүзілік банктің көмек беру бағдарламасы басқару, жекешелендіру және какао өндіру саласын реформалау мәселелерімен айналысты.

1999 жылдан бастап Катсу мырза Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия аймағындағы операциялық директоры, кейіннен вице-президенті болды.

Дүниежүзілік банкте жұмыс істегенге дейін Катсу мырза Біріккен Ұлттар Ұйымында өнеркәсіпті дамыту (БҰҰ ӨД) бойынша Гренадада Жоспарлау министрлігінде даму жөніндегі кеңесші болды.

Ректор Катсу Токио халықаралық зерттеу университетінде «халықаралық қатынастар және экономика» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды. Токио университетінің аспирантурасын және Венеда (Австрия) Дипломатиялық академияны тәмәмдады. Жапон, ағылшын, француз және неміс тілдерін еркін меңгерген. Қытай және орыс тілдерін тәжірибе жүзінде біледі.






Аслан Сәрінжіпов

Атқарушы кеңестің төрағасы

Аслан Сәрінжіпов Қазақ мемлекеттік экономика университетінің «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша дипломын алып, аспирантурада оқуын жалғастырып, экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды. Содан кейін Австриядағы Вена Дипломатиялық академиясын тәмамдады. Сонымен қатар, Сәрінжіпов Оклахома Университетінде (АҚШ) Muskie бағдарламасы бойынша бизнеске әкімшілік ету курсынан және Джон Ф. Кеннеди атындағы Гарвард мемлекеттік басқару институтында басшы қызметкерлерге арналған оқу курсынан өтті.

Сәрінжіпов мырза Орталық Азияның Мемлекетаралық Кеңесінің атқарушы комитетінде, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істеді, Вашингтонда Қазақстан Елшілігінің экономика мәселелері бойынша атташе қызметінде болды. Сондай-ақ Дүниежүзілік банктің Инфрақұрылым департаментінің, Жекеменшік және қаржы секторын дамыту департаментінің жобаны үйлестірушісі болды. «ҚР Үкіметі мен Ұлттық Банкі жанындағы ұлттық талдамалық орталық» АҚ төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. 2009 жылғы 4 қыркүйекте «Назарбаев Университеті» АҚ-ның бас атқарушы директоры болып тағайындалды.






Саймон Джонс

Проректор

Саймон Джонс Абу-Дабиден (БАӘ) келіп отыр. Ол онда БАӘ Жоғары Технологиялық Колледждерінің бір бөлімі болып табылатын Абу-Даби ерлер колледжінің президенті және директоры болып қызмет еткен.

Саймон Джонс микро-электроника бойынша философия ғылымдарының докторы (Ph.D.) және компьютерлік инженерия бойынша докторлық дәрежесі бар (D.Sc.).

Доктор Джонс Ұлыбританиядағы Лабфоро университетііндегі қолданбалы микроэлектрондық жүйелер саласындағы инженерлік зерттеулердің Корольдік академиясында/ARM 1992-2002 жылдар аралығында жетекші, кейіннен электрлік инженерия кафедрасының Жетекшісі және зерттеулер жөніндегі бірінші Қауымдастырылған деканы қызметтерін атқарған.

2002 жылы Саймон Джонс Ұлыбританияның Бат университетінің Инженерия және Дизайн факультетінің атқарушы деканы болып тағайындалады. Сол жерде өзінің басшылық қызметін жалғастырған, халықаралық байланыстарды бекіте түскен. Бар болғаны бір жылдан кейін ол Массачусетс технология институтының Еуропадағы Дублин қаласындағы Медиа зертханасының басшысы қызметіне шақырылады. Кейіннен оның мансабындағы басшылық қызметі Амстердам Университетінің информатика Институтындағы зертхананың жетекшісі ретінде жалғасын тапты.

Жұмыс барысында Саймон Джонс әлемдік деңгейдегі университеттермен тізе қосып бастама жасай отырып әртүрлі оқу бағдарламаларын жетілдірді. Ол бағдарламалар зерттеу ісі салаларына да, білім беру салаларына да арналып жасалған. Олардың қатарында БАӘ-гі алғашқы докторантура бағдарламалары, Массачусетс Технологиялық Институтымен, Стэнфорд және Гарвард Университеттерімен біріге отырып жасалған магистратура бағдарламалары да бар.

Доктор Саймон Джонс Инженерия және Технология Институтының (FIET) Академиялық сыйлығының, Жарғылық Инженерияның (C.Eng.) Құрметті атағының иегері, сонымен қатар Электрлік және Электрондық Инженерия Институтының (SMIEEE) Құрметті мүшесі болып табылады.

Похожие:

Шигео Катсу Ректор (Президент) Катсу мырза кәсіби қызметін 1979 жылы Дүниежүзілік банктің «Жас кәсіпқойлар» iconШигео Катсу Ректор (Президент) г-н Катсу начал профессиональную деятельность в 1979 г в программе «Молодые профессионалы»
...
Шигео Катсу Ректор (Президент) Катсу мырза кәсіби қызметін 1979 жылы Дүниежүзілік банктің «Жас кәсіпқойлар» iconТауар берушінің қызмет ақысын төлеумен байланысты банк қызметін көрсету шарты
Ызмет ұсынушылардың, Банктің белгілеген нысаны бойынша (бұдан әрі – Өтініш) Шартқа қосылған Банктің клиентінің арасында, бұдан әрі...
Шигео Катсу Ректор (Президент) Катсу мырза кәсіби қызметін 1979 жылы Дүниежүзілік банктің «Жас кәсіпқойлар» iconТезисы выступления председателя роо «Единая детско-юношеская организация Жас Улан» Н. Болдуруковой
Съезде ндп «Нур Отан» Президент Н. А. Назарбаев отметил, что нужно создать новую структуру единого движения «Жас Улан» и детской...
Шигео Катсу Ректор (Президент) Катсу мырза кәсіби қызметін 1979 жылы Дүниежүзілік банктің «Жас кәсіпқойлар» iconҚұрметті ректор мырза, профессорлар, оқытушылар мен студенттер, қонақтар!
Бүгін сіздермен жүздесіп отырғаныма өте қуаныштымын. Университеттің 75 жылдық мерейтойы құтты болсын
Шигео Катсу Ректор (Президент) Катсу мырза кәсіби қызметін 1979 жылы Дүниежүзілік банктің «Жас кәсіпқойлар» icon«Балаларға көктем шуағын сыйла» республикалық марафоны Мектептің атауы
Елбасының биылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын және 2012 ж арналған еріктілер...
Шигео Катсу Ректор (Президент) Катсу мырза кәсіби қызметін 1979 жылы Дүниежүзілік банктің «Жас кәсіпқойлар» iconДипломатия Президент Ирана в Ираке
Президент Ирана Махмуд Ахмадинежад вчера прибыл с официальным визитом в Ирак. Это первый визит иранского лидера в Ирак после исламской...
Шигео Катсу Ректор (Президент) Катсу мырза кәсіби қызметін 1979 жылы Дүниежүзілік банктің «Жас кәсіпқойлар» iconКазахстан в посткризисном мире: интеллектуальный прорыв в будущее құрметті ректор мырза, профессорлар, оқытушылар мен студенттер, қонақтар!
Бүгін сіздермен жүздесіп отырғаныма өте қуаныштымын. Университеттің 75 жылдық мерейтойы құтты болсын
Шигео Катсу Ректор (Президент) Катсу мырза кәсіби қызметін 1979 жылы Дүниежүзілік банктің «Жас кәсіпқойлар» iconСыйлықтар ережесі ғылым және техника саласындағы жас ғалымдардың ең үздік зерттеу жұмыстары мен жеткен жетістіктері үшін
Республикасының ең дарынды жас ғалымдары мен мамандарына арналған жыл сайынғы сыйлықтары (бұдан әрі – сыйлықтар) төмендегі ғылыми...
Шигео Катсу Ректор (Президент) Катсу мырза кәсіби қызметін 1979 жылы Дүниежүзілік банктің «Жас кәсіпқойлар» icon9 сынып, тест сұрақтары 2008/2009 оқу жылы ІІ нұсқа Әрі жіңішке, әрі ашық дауысты дыбысты табыңыз
«1888 жылы Құрманғазы Динаны соңғы рет көргенде, оған тоғыз жас болды» қандай сөйлем?
Шигео Катсу Ректор (Президент) Катсу мырза кәсіби қызметін 1979 жылы Дүниежүзілік банктің «Жас кәсіпқойлар» iconБанкке және (немесе) банк холдингіне еншілес ұйым құруға немесе иемденуге, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйымды банктің құруына немесе иемденуіне, банктің және (немесе)
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница