«Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы»




Скачать 28.78 Kb.
Название«Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы»
Дата конвертации01.02.2013
Размер28.78 Kb.
ТипДокументы


Мәслихат шешімінің жобасы







«Мұқтаж азаматтардың

жекелеген санаттарына қосымша

әлеуметтік көмек көрсету

туралы»

«Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56-бабына Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына,»«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі № 2247 Заңының 5, 6, 7, 8, 9 баптарына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 Заңының 2 бабына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 Қаулысының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қосымша әлеуметтік көмек көрсетуге құқығы бар жеке тұлғалардың мынадай санаттары айқындалсын:

  1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

  2. жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар;

  3. жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген өзге санаттағы тұлғалар;

  4. зейнеттік жасындағы тұлғалар, соның ішінде зейнеткерлер, Қазақстан Республикасы мен облыс алдында сіңірген ерекше еңбек үшін зейнетақы тағайындалған адамдар, ең төменгі зейнатақы мөлшерін алатын зейнеткерлер, жалғыз басты зейнеткерлер;

  5. мүгедектер, соның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек бала тәрбиелеп отырғандар;

  6. саясы қуғын-сүргін құрбандары;

  7. көп балалы отбасылар, оның ішінде:

а) «Алтын алқа» «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған және I, II дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталған көп бабалы аналар;

б) Бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін);

8) Балалар, оның ішінде жетім балалар, ата-аналардың қарауынсыз қалған балалар, балалар үйінің түлектері сондай-ақ аз қамтылған отбасынан шыққан студенттер;

9) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен аз қамтылған азаматтар;

10) Әлеуметтік елеулі аурулары мен азаматтар: онкологиялық және туберкулездің түрлі түрлерімен аурулар;

11) Өмірдің қиын жағдайына ұшыраған азаматтар (өрт, дүлей апат, қиын аурулар)

2. Әлеуметтік көмек алу үшін мынадай қажетті құжаттар тізбесі айқындалсын:

1) қосымша әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат;

3) азаматтарды тіркеу кітабы

4) салық төлеушінің тіркеу номері;

5) отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер;

6) өтініш берушінің мәртебесін растайтын құжат;

7) қиын (төтенше) жағдай болған кезде қосымша әлеуметтік көмек алу мәртебесін растайтын тиісті уәкілетті орган беретін акті немесе өзге құжат;

8) емделуге нақты қаржылық шығынды немесе алдағы қаржылық шығындарды растайтын құжаттар (шот-калькуляция, шот-фактура, түбіртек) немесе өмірлік көрсеткіштері бойынша емделуге денсаулық сақтау органдарының жолдамасы;

9) туберкулезбен ауыратын аурулардың мәртебесі туберкулезге қарсы диспансермен расталады

10) құжаттар нақты қолжазбаларда және көшірмелерде тапсырылады, нақты қолжазба өтініш берушіге қайтарылады.

3. Қосымша әлеуметтік көмек көрсету бойынша шаралар қабылдауды жергілікті атқарушы органдарға ұсыну.

4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Ғ.Қуанышбай
Аудандық мәслихаттың хатшысы Т.Аманғазы

05.07.2012 жыл


Похожие:

«Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» iconМәслихаттың 2012 жылғы 12 сәуірдегі №26 Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі №394 қаулысымен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж...
«Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» iconБекітілген жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк
Ген санаттарына әлеуметтiк көмек (бұдан әрі- әлеуметтік көмек)- азқамтылғандарға және әлеуметтік- қорғалатын бұқара топтарына, зейнеткерлерге...
«Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» iconМұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы
Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 18 сәуірде №9-19-175 болып тіркелген
«Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» iconАстана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы желтоқсандағы
«Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» 44
«Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» iconОрал қаласы әкімдігінің 2008 жылғы «10» 04
...
«Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» iconРегламенті Жалпы ережелер
«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу»...
«Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» iconРегламенті Жалпы ережелер
Регламент көрсету стандарттарына сәйкес әзірленген және «Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген...
«Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» iconЖоба ордабасы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі №4/2
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі №394 қаулысымен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж...
«Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» icon«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу
«Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» iconУәкілетті органдардың тізбесі Ақмола облысының аудандық, қалалық жұмыспен қамту
«Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу»...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница