Ұлан ауданының әкімі С. Т. Төленбергеновтің 2011 жылдың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2012 жылға міндеттері туралы есебі




Скачать 150.96 Kb.
НазваниеҰлан ауданының әкімі С. Т. Төленбергеновтің 2011 жылдың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2012 жылға міндеттері туралы есебі
Дата конвертации01.02.2013
Размер150.96 Kb.
ТипДокументы
Ұлан ауданының әкімі С. Т. Төленбергеновтің 2011 жылдың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2012 жылға міндеттері туралы есебі
Құрметті кент(ауылдық округ) тұрғындары!
Сіздерге 2011 жылда атқарылған жұмыстар туралы ой бөлісіп, алдағы жұмыстар туралы бөліскім келеді.
Сондықтан экономика, ауыл шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту, құрылыс саласы, тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету, білім және денсаулық, халықты әлеуметтік қорғау, спорт, мәдениет, қоғамдық тәртіп, саяси ахуалды сақтау бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде қысқаша баяндап өтейін.
ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТ
Ауданның бюджеттік көлемі 2011 жылы 2972,2 млн. теңгені құрады, соның ішінде трансферттер көлемі 2315,9 млн. теңге, меншікті кірістің көлемі 656,3 млн. теңгені құрады. Болжамдағы сомадан 26,1 млн. теңге артық түсті.

Аудандық мәслихаттың сессиясында 2012 жылға арналған аудандық бюджеттің кірісі мен шығысы 3163,2 млн. теңге көлемінде бекітілді, соның ішінде меншікті кірістің көлемі 688,6 млн. теңге, трансферттер 2474,6 мың теңгені құрады.

Жыл сайын аудандық бюджеттің өсуі байқалады. Мәселен, 2012 жылғы бюджет көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 191,0 млн. теңгеге артық, ал меншікті кірістің өсімі 2011 жылмен салыстырғанда 32,3 млн. теңге немесе 104,9%.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ
Агроөнеркәсіп кешені 1 акционерлік қоғамнан, 1 мың 188 шаруа қожалықтарынан және 110 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден, 7 өндіріс кооперативінен құралған.

Аудан аумағында 960 мыңнан аса гектар жер бар, оның 500 мыңнан астам гектары ауыл шаруашылығына арналған.

2011 жылы егін себетін жердің ауданы 105,0 мың гектарды құрады, 2010 жылмен салыстырғанда 9,5 мың гектарға немесе 9,9 пайызға көп. Соның ішінде егін себетін жердің ауданы: дәнді дақылдар- 5,6, күнбағыс-8,2, картоп-6,7, көкөніс-43,2, азықтық дақылдар алқабы-17,3 пайыз құрайды.

231,7 мың тонна шөп (144,8 пайыз), 7,0 тонна пішендеме (сенаж), 41,2 тонна сүрлем дайындалды.

2012 жылдың 1 қаңтарына ірі қара 42 мың 749 басты, қой-ешкі 95 мың 305 басты, жылқы 14 мың 492 басты, шошқа 7 мың 921 басты және құс 1 млн. 244 мың. 844 басты құрады. Жылқы 8,0 пайызға, шошқа 0,1 пайызға, құс 25,0 пайызға өсті.

Қазіргі уақытта ауданда ірі қара малды бордақылау бойынша 26 алан жұмыс істейді.

2011 жылы «Кунжура» ШҚ-на 500 басқа, «Болашақ» және «Агро- Бам» ШҚ-на 200 басқа, «Есберген» ШҚ-на 100 басқа бордақылау аланы салынды және іске қосылды.

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында 2012 жылға төмендегі істерді атқару қарастырылған:

- «Бизнестің жол картасы-2020» барысында «Өскемен құс фабрикасы» АҚ инженерлік инфрақұрылымына жөндеу жүргізуге 1,8 млрд теңге;

- Айыртау ауылында «Шығыс БИ-Нур» ЖШС 2,0 млрд теңге соммасында жұмыртқа өндірісі бойынша қуаттылығы жылына 110,0 млн дана өндіретін құс фабрикасы құрылысы;

- Мамай батыр ауылында көкөністі консервілеу цехының құрылысына соммасы 40,0 млн теңге , жоба басшысы- Мукажанов М.К. және Қасым Қайсенов кентінде соммасы 30,0 млн теңге, жоба басшысы-Аупаев Б;

- Мамай батыр ауылында мезгілдік сипаттағы 10 жылыжай және 1000 тоннаға дейін көкөніс қоймасына соммасы 180 млн теңге құрылыс, соның ішінде 2012 жылы соммасы 45,0 млн теңге 3 жылыжай, соммасы 30,0 млн теңге көкөніс сақтау қоймасы құрылысын аяқтау жоспарлануда,

- Айыртау ауылында «Режебалиев» ШҚ соммасы 100,0 млн теңге ірі қара малдың 1000 басына бордақылау алаңының құрылысы;

- Герасимовка ауылында «Ертіс Агропродукт» ЖШС құны 1,5 млрд теңге жылдық өндірістік қуаттылығы 5000 тонна болатын ет комбинатын пайдалануға беру, сонымен қатар ет комбинаты базасында 5000 басқа бордақылау алаңын салу жоспарлануда.

- Тарғын ауылында «Болашақ» ШҚ базасында қуаттылығы жылына 2000 тонна ет комбинатын ашуға және мүйізді ірі қара малды сатып алу, жобаның құңы-300,0 млн теңге;

- Каменка ауылындағы «Кунжура» ШҚ-ның базасында Бозанбай ауылында «Сібе» ШҚ, Украинка ауылында «Украинка», Тарғын ауылында «Бердинова» ШҚ тауарлы-сүт фермасын ашу, жалпы мал басы 1550 құны 1515,0 млн теңге;

- «Альжанагро Трейд» ЖШС Азово ауылында 10,2 мың гектар суармалы жер алқабын игеруді көздеп отыр, жобаның құңы-150,0 млн теңге;

- «Балауса» шаруа қожалығы Мамай батыр ауылында 400 гектар суармалы жерді игеруді жоспарлануда, жобаның құңы-45,0 млн теңге;

- Багратион ауылдық округінде құны 150,0 млн теңге «Багратион2» ШҚ-ның базасында 5000 басқа арналған бордақылау алаңын және мал сою цехын салу;
КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ
Аудан көлемінде 2 мың 287 шағын кәсіпкерлер субъектілері тіркелген.

Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында 2012 жылға төмендегі істер жоспарланды:

- Огневка кентінде бұрыңғы «Огневка»ЖШС-нің фабикасын және бағасы 350,0 млн теңге «Белогор Тау кен комбинатын» іске қосу

- Асубулақ кентінде «Белогорстрой» ЖШС соммасы 150,0 мың теңге фабрика ашуға;

- Қасым Қайсенов кентінде «КЭМП-Восток» ЖШС алтын өндірісі комплексін салу жоспарлауда;

- Қасым Қайсенов кентінде базар ашу;

- Егінсу, Айыртау ауылдарында 2 кафе ашу;

- Таврическое ауылында шаштараз және Техникалық қызмет көрсету станциясын ашу;

- Асубұлақ және Тарғын ауылдарында 2 наубайхана, Тарғын ауылында дәріхана ашу;

- Гагарино ауылында демалыс базасын ашу;

- Тарғын ауылында шағын құс фабрикасын ашу;

- Қасым Қайсенов ауылында жанармай құятын станциясын ашу;
СӘУЛЕТ, ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ
2012 жылы төмендегідей құрылыс жұмыстары жоспарлануда:

1) Қасым Қайсенов кентіндегі 600 орындық мемлекеттік тілде оқытатын мектептің құрылысын аяқтау, құны 930 млн. теңге, соның ішінде 2011 жылы -270,0 млн, 2012 жылы-660,0 млн. теңге;

2) Жалпы құны 159,5 млн. теңгені құрайтын, «Ново-Азовое ауылындағы су құбыр желілерін реконструкциялауды аяқтауға;

3) Жалпы құны 183,5 млн. теңгені құрайтын, «Уланское ауылындағы су құбыр желілерін реконструкциялауды» аяқтау;

4) Бозанбай ауылында 80 төсек-орынды психоневралогиялық медициналық арнайы мекеме құрылысы, құны 487,8 млн теңге;

Жобалық сметалық құжаттама дайындау:

- Қасым Қайсенов кентіндегі мектепті қосымша білім беру мекемесіне қайта жаңарту(2,0 млн теңге);

- Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінде көп пәтерлі тұрғын үй құрылысы(5,0 млн теңге);

- Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентіндегі көп пәтерлі тұрғын үйлерге инженерлік инфрақұрылым құрылысы(су құбыры, канализация) (4,0 млн теңге);

- Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінде электрмен жабдықтау жүйесі құрылысы (жеке тұрғын үйлер ауданы) (5,0 млн теңге);

- Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінде сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы (жеке тұрғын үйлер ауданы) (5,0 млн теңге);

- Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентіндегі Р. Марсеков атындағы орта мектептің ғимаратын спорттық-сауықтыру аланың салып, бассейнге айналдыру(5,0 млн теңге);

- Ұлан ауданы Саратовка ауылына 150 орынға арналған мәдениет үйі құрылысы(жобаны қайтадан қолдану) (2,4 млн теңге);

- 3 мектептің құрылысы: І. Айтықов және Украинка ауылдарында 80 орынға арналған, Привольное ауылында 180 орынға арналған, Герасимовка ауылында 140 орынға (3,0 млн теңге) балабақша құрылысына, сонымен қатар Жаңа-Қаңай ауылында 80 орынға арналған мектеп құрылысына Жобалық сметалық құжаттамасын түзету (2,0 млн теңге).
АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫН ҰСТАУ, СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҒЫ
2011 жылы аудандық бюджеттен жергілікті автомобиль жолдарын ұстауға және ағымды жөндеуден өткізуге 51,6 млн. теңге қаражат бөлінді. Оның 20,6 млн. теңгеден астамы жолдар мен көшелерді қыста тазалауға, ал 31 млн. теңгеден астамы ағымды жөндеуге жұмсалды.

Республикалық бюджет есебінен «Таврическое-Каменка-Завидное-РД» автокөлік жолдары күрделі жөндеудің 1 кезеңінен өтті. 2012 жылы күрделі жөндеудің 2 кезеңі өтеді. Жобаның ортақ сметалық құны 717,0 млн теңге құрайды.

2012 жылы облыстық және республикалық бюджеттен елді мекендерді санитарлық тазалауға 4,3 млн теңге, көріктендіру және көгалдандыруға 35,8 млн теңге, көшені жарықпен қамтамасыз етуге 36,4 млн теңге, сумен жабдықтауға-4,4 млн теңге қарастырылған. «Аумақты дамыту» бағдарламасы барысында Макеевка, Жоғары Таинты, Жанұзақ ауылдарының көшесін жарықпен қамтамасыз етуге 5,3 млн теңге соммасында қаражат бөлінді.

Ағымдағы жылы автокөлік жолдарын ұстау және ағымдағы жөндеуге 57,3 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар 2012 жылы Таврическое ауылындағы Песчанная көшесін 167,0 млн теңге соммасына күрделі жөндеу жоспарлануда, Герасимовка және Тоғанас ауылдарында көпір құрылысына жобалық-сметалық құжаттама құрастырылып жатыр.
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Ұлттық Бірыңғай тестілеуге мектеп бітірген 349 түлектің 220-сы қатысып, аудан бойынша орташа балл 86,5 құрады, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 5,9 балға жоғары (80,6 балл).

Жоғары оқу орындары және колледждерге 275 түлек түсті. Грант бойынша жоғары оқу орындарына әртүрлі мамандықтарға 61 түлек жіберілді.

Ұлан ауданы бойынша 4 балабақшада 408 бала, 31 шағын орталықта 943 бала мектеп жасына дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтамасыз етілген. Мектепалды жасындағы балалардың 75,3 % балабақша және шағын орталықтармен қамтылған.

Бозанбай ауылындағы «Айголек» балабақшасында 3 топта 70 бала тәрбиеленіп келсе, қосымша 1 топ 30 балаға мектепалды даярлық тобы ашылды. Қазіргі уақытта 4 топта 100 бала мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтылған.

2011 жылдың қаңтар айында Актюба негізгі мектебінде 1-топ 20 балаға арналған шағын орталық ашылды, сондай – ақ, Қ. Қайсенов кентінде балабақшада қосымша 3 топ 75 балаға ашылды.

Қ. Қайсенов кенті бойынша балабақшаға деген мұқтаждықты азайту мақсатында, 2012 жылға «Аленушка» балабақша ғимаратында орналасқан мемлекеттік мекемелердің алып отырған бөлмелерін босату жоспарлануда.

Айыртау және Мамай Батыр ауылында мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дейінгі оқыту және тәрбиемен қамтамасыз ету барысында жеке кәсіпкерлермен жекеменшік балабақша ашуға бірлесе жұмыс атқарылуда. Қазіргі уақытта құжаттар дайындалып, ғимаратқа жөндеу жұмысы жүргізілуде.

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша 2011 жылы 96,7 млн теңге қарастырылған, соның ішінде облыстық бюджеттен-56,7 млн теңге, жергілікті бюджеттен 40,0 млн теңге. Осы бағдарлама барысында 4 объект жөнделді, оларда келесі жұмыстар жүргізілді:

- «Ұлан ауданы Бозанбай ауылындағы «Бозанбай орта мектебі»ММ аумағын көріктендіру және интернат бойынша бөлменің өндеу жұмыстары, мектептің алдын күрделі жөндеу»;

- «Ұлан ауданы Бозанбай ауылындағы интернатты ағымдағы жөндеу»;

- «Ұлан ауданы Донское ауылындағы «Т. Тоқтаров атындағы орта мектеп» ММ канализациясының сыртқы жүйесін ағымдағы жөндеу»

-«Ұлан ауданы Бозанбай ауылындағы балабақшаны ағымдағы жөндеу»;

106 жұмыс орны құрылды:

Қазіргі уақытта Қасым Қайсенов кентінде мемлекеттік тілде білім беретін 600 орынға арналған мектеп құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар Ново-Одесское ауылында 130 орынға арналған орта мектеп құрылысы және Алғабас ауылында 80 орынға арналған орта мектеп құрылысы жүргізіліп жатыр.

2012 жылға «Жол картасы» бағдарламасы бойынша жоспарланған:

Айыртау ауылындағы Гагарин атындағы орта мектептің алдын күрделі жөндеуге 31,9 млн теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен 21,3 млн теңге, жергілікті бюджеттен 10,6 млн теңге.

Сонымен қатар соммасы 176,7 млн теңгеге 5 мектептің шатырын қайта жаңарту, соның ішінде облыстық бюджеттен 117,9 млн теңге, жергілікті бюджеттен 58,8 млн теңге, ол:

- Каменка ауылындағы Каменка орта мектебінің шатырын жөндеуге;

- Уланское ауылындағы С. Аманжолов атындағы орта мектептің шатырын жөндеуге;

- Донское ауылындағы Т. Тоқтаров атындағы орта мектептің шатырын қайта жөндеуге;

- Алмасай ауылындағы Абай атындағы орта мектептің шатырын қайта жөндеуге;

- Тарғын ауылындағы І. Айтықов атындағы орта мектептің төбесін қайта жөндеуге;

2013 жылы Ұлан ауданының Привольное ауылында 180 орынға, Украинка ауылында 80 орынға, Жаңа-Қанай ауылында 80 орынға және І. Айтықов ауылында 80 орынға жаңа мкектептердің құрылысы жоспарлануда. Сонымен қатар 5 мектептің шатырын қайта жаңарту жоспарлануда.

Білім беру саласындағы 18 мамандарға 9 млн теңге соммасында көтерме жәрдемақы және 30,4 млн теңге бюджеттік несиелер берілді.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ
Денсаулық сақтау саласына бюджеттен 454 млн. теңге бөлініп игерілді.

2011 жылы республикалық бюджет есебінен құны 14 млн теңге реанимобиль және Таврия ауылындағы орталық аудандық ауруханаға жедел жәрдем көлігі сатып алынды. 2012 жылы Асубұлақ және Молодежный кенттеріндегі ауруханаға жедел жәрдем машинасын сатып алуға өтініш берілді.

Таврия ауылы орталық аудандық аурухана және Уланское ауылы ауылдық дәрігерлік амбулатория, Алмасай және Мамай-батыр ауылдарындағы фелдшерлік-акушерлік пунктердің шатырын жөндеу және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

9 мамандарға 0,9 млн теңге соммасында көтерме жәрдемақыжәне 3,6 млн теңге бюджеттік несие берілді.

2012 жылы жоспарлануда:

- Бозанбай ауылында 80 төсек – орынға арналған құны 487,8 млн теңге бұрыңғы психоневрологиялық дәрігерлік – әлеуметтік аурухана мекемесінің ғимаратын қайта жөндеу жоспарлануда.

- Бозанбай ауылындағы бұрыңғы аудандық әкімшілік ғимаратын 20 төсек-орындық стационарлық емханаға қайта жаңарту үшін 7,5 млн теңге соммасындағы қаражат Жобалық сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтауға;

- Бетқұдық ауылындағы бұрыңғы мектеп ғимаратына «Шығыс Қазақстан облыстық туберкулезге қарсы диспансер» КМҚК 110 төсектік туберкулезбен ауыратындар бөлімін орналастыруға 14 млн теңге соммасында Жобалық -сметалық құжаттама әзірлеу;

- Тарғын және Привольное ауылындағы 20 ауысымдық ауылдық дәрігерлік емхана құрылысына соммасы 6,3 млн теңге және 3,4 млн теңге жобалық -сметалық құжаттамасын әзірлеуге;

Ауданда дәрігер мамандарың көбейту үшін 10 медициналық академия түлектерімен 70 АЕК көтерме жәрдемақы және 1500 АЕК мөлшерінде бюджеттік кредит ұсынумен келісім шарт жасау жоспарлануда.
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫ
15-ші облыстық халықтық спорт ойындарында ауданның құрама командасы төртінші орынды иеленсе, мемлекеттік қызметкерлердің арасындағы облыстық жарыста жалпы есепте төртінші орынға шықты. Қазақстан Республикасының 20 жылдығына арналған облыстық 5-ші жазғы спартакиадада мектеп және колледж оқушыларының құрама командасы 1-ші орынды иеленді.

2012 жылға көпшілік спорттық іс-шаралар жоспарлануда:

Аудан әкімінің жүлдесіне арналған 16-шы халықтық ойындар, ,Ұлы Отан Соғысының батыры Т. Тохтаров жүлдесіне мұғалімдер спартакиадасы, Совет Одағының батыры Н. Лутты және ауған соғысының жауынгері М. Қожановты еске алуға арналған шайбалы хоккейден турнирлер, сондай-ақ «Шаңғы тебуге шақырамыз», «Президенттік қысқы жарыстар», «Қыстық спорттық бағыт» атты қысқы спорт түрлерінен жарыстар өткізу.
МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ
Ауданның мәдениет мекемесінің жүйесі 1 аудандық, 2 ауылдық мәдениет Үйінен және 18 ауылдық клубтан, сонымен қатар 9 кітапханадан тұрады.

2011 жылы Таврическое ауылындағы мәдениет Үйі ғимаратын жөндеуге 90 млн теңге бөлінді және игерілді.

2012 жылы ауданның мәдениет мекемелерінде 216,4 млн теңге бөлінді. Олардың ішінде 161,5 млн теңге клубтық мекемелерге, 20,4 млн теңге аудан кітапханаларына.

2012 жылы Тарғын ауылында 200 орынға ауылдық клуб құрылысына 181 млн теңге жоспарланған (2012 жылы-20,0 млн теңге, 2013 жылы-161,0 млн теңге); Сағыр ауылында 200 орынға ауылдық клуб құрылысын бастауға 189 млн теңге (2012 жылы-20,0 млн теңге, 2013 жылы-169,0 млн теңге), сонымен қатар аудандық бюджеттен аудан клубынның 5 ғимаратын жөндеуге Жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге 3,0 млн теңге бөлінді.
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
Ауданның аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік қолдау ретінде 2011 жылы қаржыландырудың барлық көздерінен 222,4 млн. теңге соммасында әлеуметтік көмек көрсетілді.

2011 жыл 1 қаңтарға жұмыссыздар саны 160 адам, 2012 жылдың 1 қаңтарына 155 адамды құрады.

2012 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда жұмыссыздық мөлшері 0,7% құрады.

Аумақты жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 899 адам жұмысқа орналастырылды, 581 жұмыс орны құрылды, оқуға 77 адам жіберілді, «Жастар іс тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 60 адам жіберілді, олардан 12 адам жұмысқа орналастырылды, әлеуметтік жұмыс орындарына 18 жұмыссыз адам жіберілді, олардың ішінен 1 адам жұмысқа орналастырылды.

Ақылы қоғамдық жұмыстар аз қамтылған тұрғындардың бөлігін әлеуметтік қорғаудың бір бөлігі болып табылады.

Ақылы қоғамдық жұмыстарға 745 жұмыссыз адам тартылды, жоспарда 630. Оларға 35,8 млн теңге төленді.

2011 жылы 202 отбасы 722 алушыға атаулы әлеуметтік көмек сұрады, оларға 15,6млн теңге немесе 2010 жылмен салыстырғанда 174 алушыға кем (2010 жылы-896 алушы).

18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақыны 666 отбасы алды, оларда 1608 бала соммасы 20,4 млн теңге немесе 2010 жылмен салыстырғанда 476 балаға аз (2010 жылы-2084 бала).

Үйінде білім және тәрбие алатын мүгедек балаларға жәрдемақыны соммасы 2,0 млн теңгеге 19 бала алды.

Ауданның аз қөамтылған азаматтарына әлеуметтік көмектің бірі болып коммуналдық шығындарға өтемақы төлеу болып табылады. Тұрғын үй көмегін соммасы 14,5 млн теңгеге 1180 отбасы алды, 2010 жылмен салыстырғанда 127 отбасыға аз(1307 отбасы).

Республика Президентінің Жолдауына сәйкес 2011 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап ауданымызда «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы үш бағыт бойынша жүзеге асырылуда:

өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу;

ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу;

еңбек ресурстарының ұтқырлыған арттыру.

Бірінші бағыт аясында 223 адамды оқуға жіберу белгіленді, 299 адам оқуды аяқтады. Оқуды аяқтаған 58 адам бос жұмыс орындарына орналастырылып, әлеуметтік жұмыс орындарына 106 адам жіберілді.

Екінші бағыт аясында 96,0 млн теңге көлімінде бизнесті дамытуға несие алынды, жетіспейтін инженерлік –комуникациялық инфрақұрылымды орналастыру және дамыту бойынша 31,0 млн теңге соммасында қаражат.
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС
2011 жылы жалпы қылмыстық қылмыстар деңгейі өсті (10 мың тұрғынға), оған тіркелген орташа ауыр қылмыстың санының өсуі әсер етті. Олардың үлесі 95,8% құрады. Ол ведомствалық бақылаудың есептік-тіркеу ережесінің және есептен қылмысты жасырғаны үшін жауапкершіліктің қатаңдығына байланысты қылмыстың ашылуы көбейді.

Өткен жылы Республикалық ведомство аралық жұмыстар «Жасөспірім-2011», оперативті-алдын алу шаралары «Жасөспірім» және «Есеп», «Денсаулық», «Қараңғы қаладағы балалар» акциясы, «Жасөспірім. Заң. Қауіпсіздік», «Пәтер», «Автокөлік», «Базар», «Тонауға қарсы», «Саяжай» , «Өтім» өткізілді.

2011 жылы «Нелегал-2011» бір республикалық оперативті-алдын алу шарасы өткізілді, шараны өткізу барысында Қазақстан Республикасынан келу шартын бұзған 6 шетел азаматы елден кетті. Жол жүру ережесі бойынша 1114 заң бұзушылық анықталды,(2010 жылы 1107) соның ішінде 72 көлік жүргізуші мас күйінде көлік айдап келе жатқанда (2010 жылы 70). 93 адам көлік айдау құқығынан айырылды (2010 жылы 86).

Жыл сайын нашақорлықтың таралуы және есірткі заттарының таратылуы аландатушылық тудыруда. Есірткіні пайдаланушылардың қатарында кәмелетке толмағандар және жастар саны арта түсуде. Өткен жылы 2 есірткі қылмысы айқындалды, оның ішінде біреуі есірткіні өткізу кезінде.

«Сарбаз» құқық қорғау отрядтары қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде басты роль атқарады, олар ауданның әрбір ауылдық округінде жұмыс істейді.

2012 жылы аудандық бюджет есебінен учаскелік инспекторларға 6 үй сатып алу жоспарланған, соның ішінде: Таврическое ауылы, Донское, Алмасай, Сағыр, Тарғын, Привольное.
ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛДЫҢ ЖАЙЫ
Есепті кезеңде қоғамдық-саяси ахуалдың жайы және ел бірлігінің тұрақтылығын сақтау бойынша жұмыстар жүргізілді.

2011 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл толған мейрамы өтті. Іс шара ауылдық елді мекендерде «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» және «20 жыл бейбітшілікпен жасампаздықтың 20 жылы» атты ұранымен өтті.

Жылдың басынан бері аудан бойынша 300 қоғамдық-саяси, 450-ден аса мәдени-бұқаралық және 400 спорттық іс шаралар ұйымдастырылды.

Мерейтойдың құрметіне ауданда «Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі» атты жастар марафон-эстафетасы өтті. Ол шара 3 кезеңнен тұрды, (1 кезең-30наурыздан 10шілдеге дейін, 2 кезең-11 шілдеден 22 шілдеге дейін, 3 кезең-1 тамыздан 12 тамызға дейін). Марафонның басты мақсаты- көріктендіру, көгалдандыру, ауылдарды тазарту және де өсіп келе жатқан ұрпақты отан сүюге тәрбиелеу. Марафон-эстафетаны жүргізуге облыстық бюджеттен 2 млн 223 мың теңге бөлінді. Аудан бойынша марафон-эстафетаға жастардан 228 адам қатысты, олар 500 көшет отырғызды, 1000 ағаш ағартылды, ауыл, жолдар, өзен және көл жағалауы аумақтары қоқыстардан тазартылды. 123 тонна қоқыс шығарылды. Сонымен қатар мәдени-әлеуметтік, спорттық және балалар және қоғамдық - саяси обьектілерді жөндеу, шағын бақтар, гүлдерді күту және суару жұмытары жүргізілді.

Аудан бойынша «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына- 20 игі іс» атты қайырымдылық акциясы өтті. Акция барысында аудан миценаттарының қолдауымен аз қамтылған, жалғыз тұратын және көп балалы отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетілді, сонымен қатар 640 млн теңге соммасындағы қаражат көпір құрылысы, балаларға ойын алаңы, шағын құрылыс, көшелерді жөндеу, спорттық іс шараларды өткізуге.

Сонымен қатар ауданда «Туған жерге тағзым» атты акция облыс әкімі Б. Сапарбаевтың бастамасы бойынша жүргізілді. Акция барысында кәсіпкерлер, шаруа қожалығы басшылары және аудан қалталы азаматтары меморандумға қол қойды және ауданның дамуына елеулі көмектерін тигізді. Олардын ішінен Молодежный кентінде құны 200 млн теңгеден астам мешіттің ашылуын айтуға болады, ол мешітті Ұлан ауданының миценаты К. Мусин тұрғызды. Сонымен қатар «Өскемен құс фабрикасы» АҚ-мен қолдар қойылған құны 66 млн теңге меморандум. Меморандум барысында экологиялық жобаларды іске асыру, Молодежный кенті бойынша көріктендіру және көгалдандыру жұмыстарын орындау, мерекелік және спорттық шараларды өткізу. Ұлан ауданында қызметін жүзеге асырушы мердігермен жасалған меморандумдар соммасы 39 млн 180 мың теңге. Берілген меморандум барысында елді мекендерді көріктендіру жұмыстары жүргізілді, Таврическое ауылында жазушы партизан Қасым Қайсеновке халық батыры мүсіні орнатылды.

«Багратион» шаруа қожалығының бастығының есебінен сомасы 50 млн теңгеге күрделі жөндеу өткізілгеннен кейін Митрофановка ауылында православті шіркеуді ашу жоспарлануда, сонымен қатар бұл шаруа қожалығы есебінен Привольное ауылында құны 86 млн теңге спорттық комплекс салынды.

Акім аппаратының конструктивті серіктестік сұрақтары және мемлекеттік емес ұйымдар мемлекеттік саясаттың басты басымдылығы болып саналады және қазіргі уақытта өзекті мәселеге ие.

Ағымдағы жылы қоғамдық-саяси, тариғи маңызға ие.

Ұлан ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту үшін көптеген сұақтарды шешу мен ағымдағы белгіленген шараларды іске асыруға байланысты 2012 жылы үлкен, әрі қызу жұмыс күтіп тұр.

Осыған байланысты болашақта бірлесе жұмыс істеуге және алға қойылған мақсаттарды шешуде белсенділік танытасыздар деп үміттенемін. Тек қана Сіздердің белсене араласқандарыңызда ғана біз жоспарланған мақсаттарға жетеміз.






Похожие:

Ұлан ауданының әкімі С. Т. Төленбергеновтің 2011 жылдың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2012 жылға міндеттері туралы есебі iconҰлан ауданының әкімі Б. С.Үйсімбаевтың 2009 жылда атқарылған жұмыстар туралы тұрғындар алдындағы есебі және ауданның 2010 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы
Ауданның агроөнеркәсіп кешені 1195 ауылшаруашылық құрылымын біріктіреді, оның ішінде 1171 шаруа қожалықтары, 5 коммандиттік серіктестік,...
Ұлан ауданының әкімі С. Т. Төленбергеновтің 2011 жылдың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2012 жылға міндеттері туралы есебі iconҰлан ауданының әкімі С. Т. Туленбергеновтың ауданның 2012 жылғы 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі бюджет
Ауданның бюджеті 2012 жылы 3203,8 млн теңгені құрады, соның ішінде трансферттер көлемі 2485,3 млн теңге, меншікті кірістің көлемі...
Ұлан ауданының әкімі С. Т. Төленбергеновтің 2011 жылдың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2012 жылға міндеттері туралы есебі iconҚұрметті есепке қатысушылар! Мемлекет басшысының «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»
Аудан әкімі А. Бекбосыновтың «Катонқарағай ауданының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылға арналған...
Ұлан ауданының әкімі С. Т. Төленбергеновтің 2011 жылдың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2012 жылға міндеттері туралы есебі iconRegion2. htm Ұлан ауданының 2009 жылға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
...
Ұлан ауданының әкімі С. Т. Төленбергеновтің 2011 жылдың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2012 жылға міндеттері туралы есебі iconЖарма ауданының 2011 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы Ақпарат
Ауданның экономика және әлеуметтік сала дамуының жалпы беталысы ағымдағы жылдың өткен кезеңімен салыстырғанда оң серпінде
Ұлан ауданының әкімі С. Т. Төленбергеновтің 2011 жылдың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2012 жылға міндеттері туралы есебі iconЗайсан ауданының әкімі С. З. Зайнулдиннің ауданның 2012 жылғы І жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті баяндамасының тезистері
Ауданымыздың 2012 жылғы 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық үрдісінің негізгі бағыттары төмендегідей
Ұлан ауданының әкімі С. Т. Төленбергеновтің 2011 жылдың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2012 жылға міндеттері туралы есебі iconАудан әкімі А. Бекбосыновтың «Катонқарағай ауданының 2012 жылдың І жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған міндеттері туралы» халық алдында есеп беру баяндамасы

Ұлан ауданының әкімі С. Т. Төленбергеновтің 2011 жылдың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2012 жылға міндеттері туралы есебі iconАуданның 8 айы мен жыл аяғына дейінгі әлеуметтік экономикалық дамуы туралы ақпарат
Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде ауданның экономикалық дамуы мен әлеуметтік саланың жалпы беталу динамикасы жақсы
Ұлан ауданының әкімі С. Т. Төленбергеновтің 2011 жылдың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2012 жылға міндеттері туралы есебі icon1 тоқсан 2008 жылғы Тарбағатай ауданының әлеуметтік экономикалық дамуы туралы хабарлама
Ауданның 2008 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік экономикалық дамуын өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда, оның...
Ұлан ауданының әкімі С. Т. Төленбергеновтің 2011 жылдың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2012 жылға міндеттері туралы есебі icon2009 жылдың 1 тоқсанына арналған Ұлан ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы
Оған ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының алға басқандығы, партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен өзара қарым-қатынасы ықпал...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница