Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидаларын, бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттарын бекіту туралы




Скачать 20.87 Kb.
НазваниеБажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидаларын, бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттарын бекіту туралы
Дата конвертации03.02.2013
Размер20.87 Kb.
ТипДокументы



Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидаларын, бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттарын бекіту

туралы

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 54-бабының
5) тармақшасына, 409-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидалары;

2) бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген

Бажсыз сауда дүкендері иелерінің

тізіліміне енгізудің қосымша шарттары

Осы қосымша шарттар «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 54-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттарын белгілейді.

Кодекстің 409-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттары мыналар болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде тұлғаның аккредитацияланғанын растайтын құжатты сканерлеу үшін құрылғының болуы;

2) бажсыз сауда дүкенінің аумағына жеке тұлғалардың кіруіне бақылау- өткізу режимінің болуы;

3) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратын пайдалана отырып, жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің рұқсатының болуы;

4) бажсыз сауда дүкені аумағында соңғы күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейне ақпараттарды қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тәулік бойғы режимде жұмыс істейтін бейне бақылау құралдарымен жабдықталған адамдардың аумаққа және (немесе) үй-жайларға (кедендік бақылауға жататын құжаттар, тауарлар тұрған) кіруін және аумақтан және (немесе) үй-жайлардан шығуын бақылау жүйесінің болуы.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің таратылуы шектеулі ақпаратына қол жеткізу Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

________________________________________


Похожие:

Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидаларын, бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттарын бекіту туралы iconСыртқы сауда саласындағы тауарларды лицензиялау ережесi туралы келiсiмге қол қою туралы
Оса берiлiп отырған Сыртқы сауда саласындағы тауарларды лицензиялау ережесi туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын
Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидаларын, бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттарын бекіту туралы iconИсточник: ис параграф, 13. 09. 2012 14: 57: 59
Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты...
Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидаларын, бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттарын бекіту туралы iconПарниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29 тармақшасын іске асыру мақсатында БҰйырамын
Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидаларын, бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттарын бекіту туралы iconКеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №715 қаулысы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы»
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 27 тармақшасына...
Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидаларын, бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттарын бекіту туралы iconМәртөк ауданының әкімдігі Қаулы 2012ж 8 тамыз №251
Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8 және 27 баптарына,...
Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидаларын, бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттарын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №88 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын...
Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидаларын, бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттарын бекіту туралы iconСауда статистикасы және тауар нарықтары бойынша әдіснамалық түсініктемелер Сауда статистикасы
Сауда статистикасы – бұл негізгі міндеті тауарлар, қызмет көрсету нарығының жағдайы, олардың өсу тенденциясы, сұраныс пен ұсынысты...
Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидаларын, бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттарын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 17 қаңтар №88 Астана, Үкімет Үйі
«Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын...
Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидаларын, бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттарын бекіту туралы iconКеме құжаттарының тізбесін, нысандарын және Кеме құжаттарын жүргізу қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №856 қаулысы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы»
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 22 тармақшасына...
Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидаларын, бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттарын бекіту туралы icon5 тақырып. Сауда саясаты және кедендік тарифтер теориясы. Мемлекеттік сауда саясатының түсінігі, бағыты, жабдықтары мен сипаты
Студенттерге «Сауда еркіндігі жақтастары мен протекционизм жақтастарына қарсы» тақырыбы бойынша дебатқа дайындалу
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница