Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының базалық соты туралы ережесі




Скачать 75.86 Kb.
НазваниеҚарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының базалық соты туралы ережесі
Дата конвертации03.02.2013
Размер75.86 Kb.
ТипДокументы
«Бекітемін» «Келісілді»

Қарағанды қаласының Оқу орталығының

мамандандырылған ауданаралық үйлестірушісі, Қарағанды

әкімшілік сотының төрағасы облыстық сотының судьясы

__________М.Қ. Жарқынбеков __________Р.Х. Нұрмуханова

«____» қазан 2010 жыл «____» қазан 2010 жыл

Қарағанды қаласының мамандандырылған

ауданаралық әкімшілік сотының

базалық соты туралы

ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1.1 Судьялардың, кеңсе меңгерушілердің және Қарағанды облысының әкімшілік соттар мамандарының кәсіптік біліктілік деңгейін көтеру, сот төрелігінің сапасын арттыру және сот процесстерін өткізу мәдениетін одан әрі арттыру, жұмысты ұйымдастыру мен іс қағаздарын жүргізу мақсатында, 30.06.2010 жылғы № 1-4/389 Қарағанды облыстық сотының төрағасының өкімімен Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына базалық сот мәртебесі берілді (әрі қарай – базалық әкмшілік сот).

1.2 Базалық әкімшілік соттың негізгі міндеттері, әкімшілік істер бойынша Қарағанды қаласында сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі өзінің өкілеттіліктерін орындаумен қоса, облыстық әкімшілік соттар судьяларының біліктілігін арттыру, сот қызметінің оң тәжірибесін таратуға дайындалу (әкімшілік істерді қарау бойынша, сот жұмысын, сот үрдісін, азаматтардың шағымдары мен өтініштерін қарау, сот қаулылырының орындалуы үшін бақылау және т.б. жұмыстарды ұйымдастыру), жас судьяларды, судьяға үміткерлерді, кеңсе меңгерушілерін, мамандарды тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру, сот жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Қызметтін негізгі бақыттары
2.1 Әкімшілік базалық сот қызметінің негізгі бағыттары болып:

- әкімшілік істерді қарау кезінде сот төрелігі жөнінде жұмыстардағы оң тәжірибелерді жинақтау, оны қорытындылау мен тарату;

- әкімшілік істерді қарау бойынша аудандық (қалалық) соттардың судьяларына сот тәжірибелерін зерделеуге көмектесу;

- жұмыстың әдеттегі іс-тәжірибесін алуға облыстың әкімшілік соттар судьяларына әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету;

- ғылыми-тәжірибелік ұсыныстарды анықтап алу;

- облыстық сотпен, сонымен қатар кадрлардың біліктілігін арттыру мәселесі бойынша облыстық сот кадр қызметімен өзара іс-қимыл жасасу;

- Қарағанды облысының соттарында әкімшілік істерді қарау бойынша құқық қолдану тәжірибесінің өзекті мәселелерін талдау және анықтау;

- судьяларды оқытуды ұйымдастыру.
2.2 Базалық әкімшілік соттың біліктілікті арттыру бағдарламасы әкімшілік соттар судьялары мен әкімшілік істерді қарайтын аудандық соттар судьяларына, облыстың әкімшілік соттар мамандарына ғана арналған.

Сондықтан ерекше назар:

  • судья қызметінде ұзақ емес өтілі бар, судьяларға;

  • әкімшілік істерді қарау кезінде құқық қолдану тәжірибесінде қиналатын, сот төрелігін жүзеге асыруда қателіктер жіберетін судьяларға аударылады.


3. Жұмысты ұйымдастыру
Базалық әкімшілік сот өзінің қызметінде келесілерді басшылыққа алады:

- «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын, ҚР Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулыларын, өзге де нормативтык құқықтық актілерін, облыстық сот төрағасының өкімдерін, облыстық сот Консультативтік Кеңесінің ұсыныстары мен нұсқаулықтарын;

- 2007-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында сот білімінің стартегиялық жоспарын Тұжырымдамасын;

- 12.09.2005 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының өкімімен бектіліген, 2005-2007 жылдарға арналған сот жұмысының дағдысын алу және жас судьяларды кәсіби тәжірбиелеуде көмек көрсету жөніндегі арнайы бағдарламасын;

- 18.10.2006 жылғы № 217 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының өкімімен бектіліген, жоғарғы тұрған соттарда аудандық, обылстық және оған теңестірілген соттардың судьяларының талымдамадан өту Ережесін;

- Осы Ережені.
3.1 Базалық әкімшілік сот Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының базасында Қарағанды облыстық сотының өкімімен құрылды.
3.2 Судьялардың біліктілігін арттыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру Базалық әкімшілік сотпен:

- әкімшілік құқық және іс жүргізу мәселелері бойынша;

- әкімшілік соттар судьяларына әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету жөнінде, соның ішінде судьялыққа үміткерлермен жұмыстарын ұйымдастыру мәселері бойынша.
3.3 Базалық әкімшілік сот Төрағасы келесі жұмыстарды ұйымдастырады, ол үшін:

- Облыстық сот судьясы – жетекшінің келісімі бойынша Базалық әкімшілік сот жұмыстарын ұйымдастыру үшін жауапты судьямен қоса, оқытуға қажеттілік туғызатын және соттардың тәжірибелерінде құқық қолдану нәтижелерінен шығатын лекция, семинар, практикалық сабақ тақырыптарын әзірлеу;

- Базалық әкімшілік сот жұмыс жоспарын облыстық сот төрағасының келісіміне ұсыну;

- Базалық сотта жаңадан тағайындалған судьялардың тағылымдамасын ұйымдастыруға әдістемелік көмек көрсету;

- әдістемелік құрал, ұсыныстар әзірлеуге қажеттілік туралы ұсыныстар енгізу;

- облыстық соттың сот тәжірибелерін Жинақтауға материалдар әзірлеуіне көмек көрсету;

- судьяларды оқыту бойынша тәлімгерлермен, облыстық сот төрағасымен, облыстық сот оқу бағдарламаларын үйлестірушісімен, ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының сот төрелігі институтымен, Судьялар одағымен және оның іс-шараларды өткізу бойынша Караганды филиалымен ынтымақтастықта болу;

- жыл қортындысы бойынша облыстық сот төрағасына атқарылған жұмыс туралы ақпараттандырады;

Оқу үрдісін жетілдіру бойынша облыстық сот төрағасына ұсыныс енгізеді.
3.4 Базалық әкімшілік сот жұмыстарын ұйымдастыру үшін жауапты судья, келесі жұмыстарды ұйымдастырады, ол үшін:

- базалық сот семинарларының тақырыбын әзірлеуге қатысады;

- оқу жоспары бойынша сабақтардың жүргізулуін ұйымдастырады;

- Базалық сотта тағылымдамалық жоспартың орындалуына, тағылымдамадан өтуші судьяларға, практикалық көмек көрсетеді;

- судьялардың тағылымдама қорытындысын талқылау бойынша базалық сот жедел кеңес жұмысына, сонымен қатар судьялыққа үміткерлердің тағылымдама нәтижесі туралы оң қорытындымен бекітілу мәселелері бойынша облыстық сот пленарлық отырысына қатасады.
3.5 Базалық әкімшілік сот жұмыстарын ұйымдастыру үшін жауапты, маман:

- қажетті материалдық-техникалық құралдармен, нормативтік әдебиеттермен Базалық әкімшілік сотты қамтамасыз ету үшін соттардың қызметін қамтамасыз ету бойынша Басқармаға тапсырыс әзірлейді;

- Базалық әкімшілік сотта өтетін Дөңгелек үстелдердің, семинарлардың жүргізілуіне көмек көрсету;

- Базалық әкімшілік сот жұмыстарын ұйымдастыру үшін жауапты, судьялардың өзге де тапсырмаларын орындау.

4. Оқу үрдісін ұйымдастыру
4.1 Оқу үрдісі келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

- жеке оқу;

- аудиториялық сабақ;

- тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру.
4.2 Жеке оқу тікелей жетектімен бекітілген (Базалақ әкімшілік сот судьясымен) жеке пландардың негізінде судьялармен жүзеге асырылады.
4.3 Аудиториялық сабақ үш бағыт бойынша базалық сот төрағасымен келісілген, Базалық әкімшілік сот жұмыс жоспары негізінде жүзеге асырылады:

- лекциялар;

- семинарлар;

- тәжірибелік сабақ.
Оқу үрдісіне қатысуға нақты мамандандырылу бойынша сот жұмысында жетклікті тәжірибесі бар қалалақ және аудандық соттар судьялары, облыстық сот судьялары, сонымен қатар жоғары оқу орындарының ұстаздары, басқа да құқық саласының мамандары тартылады.
5. Судьялардың тағылымдамасы
5.1 Судьялардың талымдамасы 2 аптадан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
5.2 Жаңадан тағайындалған судьялар базалық сотта тағылымдамадан – екі апта ішінде өтеді. Тағылымдамадан өту нәтижесі жазбаша есебі сот төрағасымен бекітілген, Базалақ әкімшілік сот жедел кеңесінде талқыланады.

5.3 Базалақ әкімшілік сот ерекше назарды жеке жоспар бойынша дайындық қажет, жас судьялар мен мамандарға бөлінуі қажет.

Судьялыққа үміткерлердің талымдамадан өтуі әрекет етіп отырған, олардың тағылымдамасы туралы Ережемен қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады.
5.4 Талымдама кестесі болатын жартыжылдыққа құрастырылады, тағылымдамадан өтетін судьялардың қажеттілік есебімен, оқу бағдарламасын үйлестірушімен және облыстық сот алқа төрағаларының келесіледі және облыстық сот төрағасымен бекітіледі.

Тәлімгердің есебінің, тағылымдама жетекшісінің сын-пікірі және жедел кеңес хаттамалық шешіміның көшірмелері судьяның жеке ісіне тігу үшін облыстық сот кадрлар қызметіне, сонымен қатар жұмыс істейтін судья-тәлімгер, мәлімет үшін сот төрағасына жолданады.

6. Кеңсе меңгерушілер мен

сот кеңсе мамандарының тағылымдамасы
6.1 Кеңсе меңгерушілер мен сот кеңсе мамандарының тағылымдамасы 2 аптадан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
6.2 Жаңадан тағайындалған кеңсе меңгерушілер мен сот кеңсе мамандары базалық сотта тағылымдамадан – екі апта ішінде өтеді. Тағылымдамадан өту нәтижесі жазбаша есебі сот төрағасымен бекітілген, Базалақ әкімшілік сот жедел кеңесінде талқыланады.
6.3 Талымдама кестесі болатын жартыжылдыққа құрастырылады, тағылымдамадан өтетін судьялардың қажеттілік есебімен, облыстық сот судьясы – жетекшімен келесіледі және облыстық сот төрағасымен бекітіледі.

Тәлімгердің есебінің, тағылымдама жетекшісінің сын-пікірі және жедел кеңес хаттамалық шешіміның көшірмелері кеңсе меңгерушілер мен сот кеңсе мамандарының жеке ісіне тігу үшін облыстық сот кадрлар қызметіне жолданады.
7. Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру
7.1 Базалақ әкімшілік соттың әдістемелік жұмысы келесі бағыттар бойынша іске асырылады.

- әкімшілік істерді қарау кезінде құқық қолдану тәжірибесінде қиналатын, сот төрелігін жүзеге асыруда қателіктер жіберетін судьялардың және жаңадан тағайындалған судьялардың қызметінде әдістемені басшылыққа алып жүзеге асыру;

- базалық әкімшілік соттардың әдістемелік құралдарды, әкімшілік істердің жекеленген санаттарын қарау жөнінде ұсыныстар әзірлеуін ұйымдастыру;

- талдау нәтижелері, сот тәжірибелерін жинақтаулары, әкімшілік істер бойынша құқықтық қолдану тәжірибелерінің оң мысалдары туралы ақпараттарға облыс судьяларының қол жетілімділігін қамтамасыз ету.

- тәлімгердік және менторлықтың тиімділігі мен дамуына көмек көрсету.
7.2 Тәлімгерлік және менторлықтың дамуына әдістемелік көмек көрсету семинарлар жүргізу, оң тәжірибелерді зерделеу және тарату, пар «ментор-протеже» құруға көмек көрсету және ұсыныс енгізу жолымен жүзеге асырылады.
Әдістемелік көмекті тиімді көрсету мақсатында Базалық әкімшілік сот Судьялар одағының Караганды филиалымен, басқа да базалық соттармен, облыстық соттың ұйымдастыру-талдау бөлімімен өзара іс-қимыл жасасады.
8. Материалдық –техникалық қамтамасыз ету
Оқу орталығын материалдық-техникалық қамтамасыз ету Қарағанды облыстық соттарының қызметін қамтамасыз ету Басқармасымен жүзеге асырылады.

Похожие:

Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының базалық соты туралы ережесі iconҚарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының

Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының базалық соты туралы ережесі iconҚарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының әкімшілік істерді қарау қорытындысы

Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының базалық соты туралы ережесі iconҚарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының әкімшілік істерді қарау қорытындысы

Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының базалық соты туралы ережесі iconҚарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының әкімшілік істерді қарау қорытындысы

Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының базалық соты туралы ережесі iconҚарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының әкімшілік істерді қарау қорытындысы

Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының базалық соты туралы ережесі iconҚарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының әкімшілік істерді қарау тізімі

Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының базалық соты туралы ережесі iconҚарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының әкімшілік істерді қарау қорытындысы

Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының базалық соты туралы ережесі iconҚарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының әкімшілік істерді қарау тізімі

Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының базалық соты туралы ережесі iconҚарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының әкімшілік істерді қарау қорытындысы

Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының базалық соты туралы ережесі iconҚарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының әкімшілік істерді қарау тізімі

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница