Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары




НазваниеҚазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
страница1/5
Дата конвертации03.02.2013
Размер0.88 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы «31» желтоқсандағы

№ «1531» қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 сәуірдегі қауылысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген)
1. Миссиясы және пайымдауы
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) миссиясы – ұзақ мерзімді келешекке халықтың әл-ауқаттылығын жақсарту және елдің тұрақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру.

Пайымдауы – 2020 жылға қарай қазақстандық экономиканың 2009 жылғы деңгейге қатысты нақты мәнде үштен бірінен жоғары сапалы өсуі.


  1. Ағымдағы жағдайды талдау


1. Елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және ұлттық экономиканы жаңғырту
Өткен онжылдықта қазақстандық экономиканың жай-күйі көбінесе энергия ресурстары мен минералдық шикізаттың басқа да түрлеріне сыртқы конъюнктурамен айқындалды. 2000 – 2007 жылдары тауарлар экспорты орташа есеппен жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 45 %-ын құрады. 2008 жылы мұнай бағасы рекордтық тарихи деңгейде бір баррель үшін 147 АҚШ долларына дейін жеткен кезде, экспорт ЖІӨ-ге қарағанда 53,9 %-ға дейін өсті. Жаһандық экономикалық дағдарыс салдарынан энергия ресурстарының әлемдік бағасының төмендеуі кезінде 2009 жылы экспорт көлемі ЖІӨ-ге қарағанда 40,3%-ға дейін төмендеді.

2008 жылы басталған әлемдік экономиканың тежелуі, ресурстарды пайдаланудың қысқаруы, Қазақстанның тауарлық экспортының негізгі құраушысы болып табылатын мұнай, металл, металлопрокатқа әлемдік бағалардың төмендеуі қазақстандық экономиканың өсу қарқынының баяулауына алып келді. 2008 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ-нің нақты өсімі 2007 жылғы 8,9 %-бен салыстырғанда 3,3 %-ды құрады. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі қысқарып, өнеркәсіптегі, құрылыстағы, сондай-ақ қызмет көрсету саласындағы өсу қарқыны төмендеді.

2009 жылы Қазақстан экономикасының дамуы терең әлемдік экономикалық дағдарысқа бейімделу жағдайында өтті. 2009 жылдың қорытындысы бойынша нақты ЖІӨ-нің өсу қарқыны 1,2 %-ға дейін төмендеді. Экономиканың оң өсімі 2009 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 13,8 %-ға артуымен, мұнай өндіру көлемінің 8,1 %-ға артуымен, сондай-ақ экономика секторларындағы белсенділік пен сұранысты ынталандыру жөніндегі мемлекеттің дағдарысқа қарсы шараларымен қамтамасыз етілді.

Ағымдағы жылдың басынан бастап экономика салаларында оң серпін байқалды, бұл белгілі бір дәрежеде әлемдік экономиканың жандануына негізделді.

Бағалау бойынша нақты ЖІӨ 2009 қарағанда 2010 жылы 7,0 %-ға ұлғайды.

Сыртқы нарықтардағы конъюнктураның жақсаруы аясында өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 2010 жылда 10,0 %-ға, оның ішінде тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді дайындауда өсім есебінен – 5,3 %-ға, өңдеу өнеркәсібінде 18,4 %-ға өсу есебінен ұлғайды.

Тауарлар өндіру мен қызмет көрсету көлемінің ұлғаюымен сипатталатын экономика салаларының дамуы жұмыспен қамтудың өсуіне ықпал етті. Жұмыссыздық деңгейі 2010 жылғы желтоқсанда экономикалық белсенді халық санының 5,5 %-ын құрады, бұл 2009 жылғы желтоқсанға қарағанда 1,1 пайыздық тармаққа төмен.

Сонымен қатар әлемдік экономиканың қалпына келуі мен әлемдік тауар нарықтарындағы бағалар деңгейінің өсуі аясында отандық экономиканың өсуі ішкі бағалардың артуына ықпал етеді. 2010 жылғы желтоқсанда инфляция деңгейі 7,8 %-ды құрады, бұл өткен 2009 жылғы желтоқсанға қарағанда 1,6 пайыздық тармаққа төмен.

Отандық экономика жай-күйінің сыртқы бағалар факторларынан тәуелділігі оған тән құрылымдық поляризация салдарынан сақталып отыр. Бір полюсте – бұл тез дамитын табыстылығы жоғары шикізаттық салалар және табыстары әлемдік экономиканың жай-күйі мен сыртқы нарықтардағы кононъюнктураға толығымен тәуелді, толығымен әлемдік нарыққа жұмыс істейтін металлургия салалары. Мұнда ауыл шаруашылығын да жатқызуға болады. Екінші полюсте – рентабельділігі мен қосылған құны төмен басымды түрде ішкі нарыққа бағдарланған өңдеу секторының салалары.

Осылайша, экономиканың жай-күйі көбінесе шикізаттық экспортқа бағдарланған салалардың дамуымен айқындалады. Экономиканың мұндай құрылымы оның тұрақты өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан экономиканың тұрақты өсу қарқындары болашақта басымды түрде шикізаттық емес секторды дамытумен қамтамасыз етілуі тиіс.

Қалыптасқан жағдайда кәсіпкерлікті қолдаудың, сауданы дамытудың қаржылық және қаржылық емес саясатын қайта қарау қажет. Бизнес-орта ұлттық экономиканы дамытуға, әлеуметтік мәселелерді шешуге, жұмыспен қамтылған қызметкерлер санын арттыруға қатты ықпал етеді.

Мәселен, 2009 жылы елдің ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесі 31,7 %-ды құрады (2008 жылы – 31,2 %), бөлшек сауданың тауар айналымы 2 551,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,7 %-ға төмендеді. Көтерме тауар айналымы 2009 жылы 6 872,3 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1,7 %-ға төмендеді (2008 жылы – 6 963,2 млрд.теңге).

2009 жылы Қазақстан Республикасында 9 тауар биржасы жұмыс істеді, оларда 398 сауда-саттық өткізіліп, спот-тауарларымен 1 119 мәміле жасалды. Есепті жылдың ішінде бірде-бір фьючерлік мәміле жасалған жоқ.

Есепті жылда сауда-саттыққа шығарылған спот-тауарлардың көлемі 94,5 млрд. теңгені құрады, жасалған мәмілелер бойынша биржалар айналымының сомасы 55,1 млрд. теңгені құрады.

Министрлік дамыған елдерде кеңінен қолданыс тапқан «Кэш энд Кэрри» - «қойма-жаймалар» қағидаты бойынша ұсақ көтерме сауданы қолдану тәжірибесін Қазақстанда дамытуға және құруға ерекше назар аударып отыр. Қазақстанда қазірдің өзінде «РАМСТОР», «АСТЫҚЖАН», «АРЗАН» және т.б. сияқты «қойма-жаймалар» қағидаты бойынша жұмыс істейтін компаниялар бар.

Ішкі сауданы дамытудың оң үрдістері бірқатар проблемалардың сақталуымен бірге жүреді.

Биржалық сауда, сауданың заманауи форматтары дамымаған. Сауда нарықтарында көлеңкелі айналымның едәуір көлемі, контрабандалық және контрафактілік өнім өткізілуінің жоғары деңгейі; өткізілетін тауарларға жасанды сапа сертификаттарының кең қолданылуы орныққан.

Тиімді жұмыс істейтін тауарлық биржа нарықтың ашықтығын, қаржылық мүмкіндіктері мен тиімділігін айтарлықтай арттыруы мүмкін. Тауарлық биржалар арқылы сауда делдалдардың санын қысқартуға мүмкіндік береді, бұл экономиканың көлеңкелі секторын қысқартуға жәрдемдеседі. Таурлық биржалар арқылы тауарларды өткізуге тауар өндірушілерді тарту мәселесі өзекті.

Қазақстанда да, көптеген елдердегідей, олардың даму деңгейлеріне қарамастан, экономикалық қызметті шамадан асыра реттеу проблемасы бар. Кәсіпкерлердің бизнесті құру және жүргізу кезінде ұстануға тиісті күрделі және ашық емес рәсімдері экономикалық өсуге барынша елеулі кедергі болып отыр. Осы рәсімдер өндіріске жұмсалатын шығындар мен кәсіпкерлердің шығыстарын ұлғайтады, олардың нарықтарға қол жетімділігін шектеп, бизнестің дамуын тежейді, бизнес-ортаны нашарлатады және сыбайлас жемқорлыққа жол береді. Әкімшілік кедергілер экономиканың көлеңкелі секторының пайда болу себептерінің бірі болып табылады.

Осыған байланысты біріншіден, рұқсат беру жүйесін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Бүгінгі күні рұқсат беру рәсімдерінің 1015 түрі айқындалды, 2008 жылы олар бойынша 29 млн. астам рұқсат беру құжаттары берілген. 1015 рәсімнің 331-ін алып тастау ұсынылды. Осының нәтижесінде лицензиялық-рұқсат беру құжат айналымының жылына шамамен 881 мың бірлікке азаюы күтіліп отыр.

Екіншіден, тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптар жекелеген мемлекеттік органдардың бұйрықтарымен емес (қазіргі уақытта 10 мыңнан астам), тек заң, Мемлекет басшысының жарлықтары және Үкіметтің қаулылары деңгейінде ғана белгіленуі тиіс. Мемлекеттік органдардың осы жұмысының маңызды бағыттарының бірі ескірген нормаларды алып тастау мақсатында бұл заңнаманы бір мезгілде сүзгіден өткізу болады.

Дүниежүзілік банктің «Doing Business» бизнесті жүргізу жеңілдігінің рейтингінде республика позициясын жақсарту бойынша жұмыс жалғасатын болады. Қазіргі уақытта республиканың Дүниежүзілік банкінің «Doing Business» есебіндегі позициясы 2010 жылы өткен жылмен салыстырғанда жақсарды – Қазақстан 59 орынға ие болды (өткен жылы 63 орын).

Елде инвестициялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың тұтастай көрінісінің болмауы олардың тиімсіз іске асырылуына, экономика салаларындағы теңсіздікке және жобаларды пайдалануға бергеннен кейін ресурстық қамтамасыз етудің болмауына алып келетінін атап көрсету керек.

«Концессиялар туралы» Қазақастан Республикасының Заңы қабылдануымен концесия тетігін қолдану арқылы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жеке секторға инвестициялық және технологиялық ресурстарды инвестициялауға мүмкіндік беретін құқықтық негіз салынды.

Қазіргі уақытта 3 объект іске асырылып жатыр, олардың жалпы құрылыс құны 45,6 млрд. теңге.

Үкімет Орта мерзімді кезеңге концессияға беруге ұсынылған объектілер тізбесін қалыптастырды. Бұл тізбеде автожол жобалары бар, олардың ішінде «Алматы – Қапшағай» учаскісінің, «Астана – Қарағанды» учаскесінің, «Ташкент – Шымкент» учаскісінің құрылысы мен пайдалануға жіберілуі, зияткерлік-көліктік және төлем жүйесін енгізу және «Астана – Щучинск» учаскесін пайдалануға беру, «Алматы – Қорғас» автожолының құрылысы және жөндеуі жобасы.

Үлкен Алматы шеңберлі автожолының құрылысының жобасы бастапқы сатыда тұр, оны дайындау үшін Үкімет жоба алды құжаттаманы дайындауға, тендерді өткізуге және басқа да мәселелерге жәрдемдесу үшін жетекші халықаралық ұйымды тартуды жоспарлайды.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 21-ші жалпы отырысында атап өткендей, мемлекеттік қолдау шараларын жүйелендіру, жергілікті деңгейде жобаларды іске асыру кезінде, әсіресе әлеуметтік және тұрғынүй – коммуналдық сала объектілерінің құрылысы кезінде мемлекеттік-жеке меншіктік әріптестік құралдарын жылжыту маңызды болып табылады.

Экономиканың дамуына әсер ететін тетіктердің бірі мемлекеттің тиімді өңірлік саясаты болып табылады. Өңірлер арасында жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім (бұдан әрі – ЖӨӨ) бойынша біршама айырмашылықтар бар екендігін атап өткен жөн. 2009 жылдың қорытындысы бойынша жан басына шаққандағы ЖӨӨ Жамбыл облысы бойынша 336,3 мың теңгені құраса, Атырау облысы бойынша – 3 881,6 мың теңге, яғни айырмашылық – 11,5 есе.

Экономиканың шикізаттық емес секторларын дамыту үшін Үкімет қабылдайтын «тікелей» шаралардан басқа Министрлік құзыреті шегінде қазақстандық экономиканы әлемдік сауда жүйесіне одан әрі интеграциялау жүргізілетін болады.

Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде интеграциялық бастамаларды іске асыру және экономикалық пайдалы жағдайда Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі жөніндегі келіссөздер процесін аяқтау бойынша жұмыстар жалғасуда.

Бүгінгі таңда Еуразиялық экономикалық қоғамдастығының (ЕурАзЭҚ) маңызды интеграциялық ілгерілеуінің бірі бірыңғай кеден тарифін және Кеден одағына кірмейтін үшінші елдерге қатысты бірыңғай сауда саясатын қолдана отырып, тауарлардың еркін сауда аймағының режимін іске асыруды көздейтін 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағының іс жүзінде іске асырылуы болып табылады.

Кеден одағының жұмыс істеуі интеграцияның барынша тереңдетілген нысаны – тауарлардың, қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысын көздейтін Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыруға өту үшін алаңға айналады. Көлік инфрақұрылымына тең қол жетімділік қазақстандық тауарлардың алыс шетелдердің өткізу нарықтарына дейінгі қозғалысы кезіндегі шығындар мен уақытты қысқартуға мүмкіндік береді.

Тұтастай алғанда, ЕурАзЭҚ шеңберіндегі интеграция процестері елдің экономикалық әлеуетін ашудың бірлескен, бірін-бірі толықтыратын өндірістерді құру жолымен бәсекелестік қабілеті жоғары әлемдік нарыққа шығудың, сондай-ақ барынша пайдалы жағдайларда өзара сауда жасаудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.

ЕурАзЭҚ шеңберінде интеграция процестерін мазмұнды пысықтау және тиісінше үйлестіру Қазақстан Республикасының интеграциялық бастамаларын тиімді іске асыруға қол жеткізудегі ұлттық мүдделерін кешенді ескеруді қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады.

Қазақстандық заңнаманы ДСҰ-ның міндетті келісімдерінің ережелерімен толық сәйкес келтіру бойынша жұмыстар жалғасуда.

Кеден одағын іске асырудың басталуымен ДСҰ-ға кіру процесі біраз өзгерістерге түсті, олар ең біріншіден, ДСҰ-ға мүше елдер кіргеннен кейін Кеден одағының толық жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау қажеттілігімен байланысты.

Бұл мақсатта біздің елдер ДСҰ-ға кіру бойынша келіссөздерді Кеден одағы комиссиясының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша үйлестірілген ұстаным негізінде жүргізеді.

Бүгінгі таңда Қазақстан тиісті Хаттамаларға қол қою арқылы ДСҰ-ға мүше 24 елмен қазақстандық тауарлар және қызметтер нарығына қол жеткізу бойынша екіжақты келіссөздерді аяқтады.


  1. Нәтижелі мемлекеттік секторды құру


Қолданыстағы мемлекеттік басқару жүйесі халықтың мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін толық қамтамасыз етпейді, мемлекеттік органдардың халықпен жедел қайта байланысы жоқ, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің төмен тиімділігі мен сапасы байқалады, себебі барлық мемлекеттік қызметтер бойынша оларды көрсетудің нақты стандарттары мен регламенттері әзірленбеген.

Осыған байланысты, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын одан әрі арттыру және оларды көрсету процестерін жетілдіру талап етіледі, нәтижесінде бұл сапалы қызметтер алуға азаматтардың өзінің конституциялық құқықтарын іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа мемлекеттік қызметтерді стандарттау процесінің негізі болып табылатын қолданыстағы Басқару салалары (аялары) бойынша мемлекеттік қызметтердің тізілімін кезең-кезеңімен кеңейту бойынша жұмысты жалғастыру қажет.

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес 2011 жылдан бастап тұрақты түрде мемлекеттік органдардың қызметін функционалдық шолу көзделуде. Әрбір нақты мемлекеттік органда өкілеттіктердің оңтайлы көлемін айқындау жекелеген секторда, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың түрлі деңгейінде артық функцияларды жою, қайталанатын өкілеттілікті болдырмау, жетіспейтін функцияларды бекіту және нарық тетіктерін пайдалануды кеңейту жолымен мемлекеттің барабар рөлін тұтастай белгілеуге мүмкіндік береді.

Орталық және жергілікті атқарушы органдар арасында, сондай-ақ Үкімет пен оның құрылымына кіретін орталық мемлекеттік органдардың арасында функцияларды жеткілікті нақты бөлу отандық әкімшілік реформаның бұған дейінгі кезеңінің оң нәтижелерінің бірі болып табылатындығына қарамастан, деңгейлес және сатылас үйлестіру және бірлесе жүргізу функцияларын нақты бөлу мәселелері әлі күнге дейін ден қоюды талап етеді.

Мемлекеттік органдар мен мемлекеттік басқару деңгейлерінің өкілеттіктерін барынша нақты айқындау, сондай-ақ функцияларды жүзеге асыру процестерін жетілдіру үшін мемлекеттік басқарудың тиісті саларындағы (аясында) саясаттың тиімділігін бағалау арқылы мемлекеттік органдардың қызметіне жүйелі негізде функционалдық шолулар жүргізуді қамтамасыз ету қажет.

Жергілікті өзін-өзі басқару институттарын қалыптастыру саяси жүйені реформалау бағыттарының бірі болып табылады, себебі жергілікті өзін-өзі басқару мемлекет пен азаматтық қоғамның түйіскен жері болып табылады.

Ең жақсы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімді институттарын құру мақсатында оларды одан әрі күшейту және дамыту талап етіледі.

Осыған байланысты, жергілікті өзін-өзі басқару институттар қызметін функционалдық талдауды жүргізу шеңберінде олардың жұмыс істеу тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірленетін болады.

Қазіргі заманғы Қазақстанның жылдам өзгеріп отырған әлеуметтік-экономикалық жағдайлары мемлекеттік билік органдарының алдына жаңа мақсаттар мен міндеттер қояды, осыған байланысты мемлекеттік басқару жүйесі басқарудың үйреншікті, дәстүрлі әдістерін ғана қайта қарауға мәжбүр болып қана қоймай, өз қызметінің тиімділігін тұрақты арттырып отыруы тиіс.

«Орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурызда қабылданған Жарлығының міндеті мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру болып табылады.

Осыған байланысты 2011 жылдан бастап жүйелі негізде 26 орталық мемлекеттік орган және 16 жергілікті атқарушы орган қызметінің тиімділігін жыл сайын бағалау көзделіп отыр.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуі үшін оның процесіне: көрсетілген жүйенің құжаттарын әзірлеуге, іске асыруға, мониторинг жүргізуге, бағалауға және бақылауға арналған әдіснамалық тәсілдер бекітілді.

Бұдан басқа, Министрлік жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган ретінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмылдыру іс-шараларын орындауға дайындығын арттыруға бағытталған жұмысты жалғастыратын болады.
  1   2   3   4   5

Похожие:

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconҚазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Азақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) миссиясы – ұзақ мерзімді келешекке халықтың...
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon№ исх: 1736 от: 30. 12. 2011 Қазақстан Республикасы
Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconҚазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconҚазақстан Республикасында Білім және ғылым министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы 2008 жылғы...
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 30 желтоқсан №1732 Астана, Үкімет Үйі «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы»
«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 30 желтоқсан №1736 Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconКүршім ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму стратегиялық жоспары

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconКөкпекті ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері, мақсаттық индикаторлары, іс-шаралар және қорытынды көрсеткіштер
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008-2010 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Астана қаласы 2008 жыл Мазмұны
Республикасы Қаржы министрлігінің 2008-2010 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconҚазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары астана қаласы 2008 ж. Мазмұны
Денсаулық сақтау министрлігі қызметінің стратегиялық бағыты, стратегиялық даму мақсаттары және негізгі нысаналы индикаторлары
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница