Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі




Скачать 121.36 Kb.
НазваниеМемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі
Дата конвертации03.02.2013
Размер121.36 Kb.
ТипДокументы
Аудан әкімдігінің

2012 жылғы 16 сәуірдегі

№ 94 қаулысына

ҚОСЫМША
Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 14 ақпандағы №29 қаулысына сәйкес аудандық

Іс-шаралар жоспарының І-ші жарты жылда орындалуы туралы

р/с №

Iс-шараның атауы

Орындау мерзiмi

Жауапты орындаушылар

Орындалуы туралы мәлімет

1. Жұмыспен қамту

1.1

Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасының қанатқақты кезеңінің іске асырылу қорытындылары бойынша 2015 жылды қоса алғанға дейін іске асырылу тиімділігінің аралық индикаторларын айқындай отырып, оны толық ауқымда іске асыруға көшу және оған қол жеткізу

2012 жылғы маусым

АЖҚӘББ, (жинақтау) ауыл әкімдері

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қантардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауларынан туындайтын міндеттерді ауданда жүзеге асыру мақсатында әлеуметтік-экономикалық жаңғыруының негізігі бағыты – халықты жұмыспен қамту.

2012 жылдың 6 айлығында 1013 адам жолыққан болса, 2011 жылы бұл көрсеткіш 1237 адам құрады (18,1 пайызға төмендеген). Уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтардың саны 2012 жылғы 6 айлығында 83 адам құраса, 2011 жылғы 6 айлығында 85 адам құрады (2 адамға кеміген).

Халықты жұмыспен қамту мемлекеттің әлеуметтік саясатын іске асыруда күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе болып қеледі, жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ету біздің басты мақсатымыз, 2012 жылғы 6 айлығында 144 жұмысқа орналастырылса (оның ішінде 68 жаңа жұмыс орыны, 63 тұрақты жұмыс.), өткен 2011 жылы 6 айлығында 1131 жұмысқа орналастырылды.

Қоғамдық жұмыстар бойынша 2012 жылғы алты ай ішінде 192 жұмыссыз азамат жіберілсе, 2011 жылғы алты ай ішінде 295 жұмыссыз азамат жолданды.

«Жұмыспен қамту 2020» І бағыты негізінде ағымдағы жылдың 1 жартыжылдық есебі бойынша кәсіптік оқу бойынша 3 адам қайта даярлаудан жолдандып оқу жалғасуда. Әлеуметтік жұмыс орындарына 895 азамат жолданса, жастар практикасына 207 жас маман жолданды.

Бағдарламаның ІІ бағыты бойынша шағын несие алуға 810 адам құрайтын 84 несие серіктестік құрылып әділет басқармасына тіркелді. Соның 38 серіктестіктеріне 5 лот ойнатылып 36,0 млн теңге қаржыны 58 адамнан құрылған 4 серіктестік жеңімпаз болды. Қалған 752 адамнан құрылған 34 несие серіктестікке 264,0 млн қаржының лоттары ағымдағы жылдың 13 шілде күні байқауға қатысып нәтижесі күтілуде.

ІІІ бағыты бойынша Казталов ауданы Талдықұдық ауылдық округіне қарасты Таскүтір елді мекенінен 1 отбасы және Жалпақтал ауылдық округіне қарасты Құлақ елді мекенінен 1 отбасы Бөрлі ауданы Бөрлі ауылына қоныс аударды.

Әлеуметтік көмектер бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 2012 жылы алты ай ішінде 35 отбасындағы 129 адамға көрсетілсе, 2011 жылғы алты ай ішінде 176 отбасындағы 609 адамға көрсетілді (78,8 пайызға кеміген, адам саны.).

18 жасқа дейінгі мемлекеттік балалар жәрдемақысы 2012 жылы 6 ай ішінде 1291 отбасындағы 3319 балаға жұмсалса, 2011 жылғы 6 ай ішінде 1774 отбасындағы 4286 балаға жұмсалды (22,6 пайызға кеміген). Өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі мемлекеттік балалар жәрдемақысын алушылар жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бағыттары арқылы жұмысқа тартылуына байланысты алушылардың саны кеміді.

1.2

Халықты жұмыспен қамту мәселесі бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және әлеуметтік қолдаудың қосымша нысандарының (атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі және мемлекеттік балалар жәрдемақылары)  мониторингін жүргізу

Ай сайын

АЖҚжӘББ,

АТКЖКжАЖБ, ауыл әкімдері

1.3

Бағдарламаның бағыттарын жүзеге асыру бойынша мониторинг жүргізу

Ай сайын

АЖҚжӘББ,


1.4

Аудан бойынша 2012 жылға (уақытша және маусымдық жұмыстарға) жаңа жұмыс орындарын ашу жөнінде жеке кәсіпкерлерден, шаруа қожалықтардан және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден түскен сұраныстар негізінде іс-шаралар жүргізу

ай сайын

АЖҚӘББ, ауыл әкімдері

Бағдарламаның ІІ бағыты бойынша шағын несие алуға 810 адам құрайтын 84 несие серіктестік құрылып әділет басқармасына тіркелді. Соның 38 серіктестіктеріне 5 лот ойнатылып 36,0 млн теңге қаржыны 58 адамнан құрылған 4 серіктестік жеңімпаз болды. Қалған 752 адамнан құрылған 34 несие серіктестікке 264,0 млн қаржының лоттары ағымдағы жылдың 13 шілде күні байқауға қатысып нәтижесі күтілуде.

2.Қолжетімді тұрғын үй

2.1

Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында салынып жатқан баспанадан бөлек, жеке үй салушыларға қолайлы жағдай туғызу тетіктерін қарастыру

ай сайын

АТКЖКжАЖБ жинақтау

Жеке үй салушыларға қолайлы жағдай туғызу мақсатында үйлерді жаңа технологиялар бойынша тұрғызу үшін жергілікті құрылыс материалдарының өндірісін дамыту, тұрғын үйлер салудың үлгі жобаларын жасап азаматтарға тегін беру, бекітілген бас жоспарларға, жоспарлау жобаларына және елді мекендерде құрылыс салу қағидаларына сәйкес алаңдар бөлу, тұрғын үйлердің құрылысы басталғанға дейін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, азаматтарға жер учаскелерін беру қарастырылуда. Құрылыс салынатын аудандарда тиісті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның: жылумен, сумен, газбен және электрмен жабдықтаудың ішкі кварталдық инженерлік желілерінің, кәріздің, инженерлік құрылыстардың, жолдар мен өтетін жерлердің болуы бірінші кезекте тұр.

Тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуды, ішкі кварталдық жолдар мен өтетін жерлерді абаттандыруды қоса алғанда, тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға республикалық бюджеттің есебінен жүзеге асырылуда.


2.2

«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын дайындау үшін ұсыныстар беру

2012 жылғы сәуір

АТКЖКжАЖБ жинақтау

«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы аясында 7564 м2 жаңа үйлер салуға алаңдар дайындау тапсырмасы бойынша 72 үй - 131 пәтер салу жоспарлануда.

3. Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі

3.1

«Назарбаев Университеті» ДБҰ-ның, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ-ның, білім берудің барлық деңгейіндегі оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістер мен технологиялар енгізуді қамтамасыз ету

2012 жылғы сәуір

АББ жинақтау

Педагогикалық білім стандарттарын, біліктілікті арттыруға қойылатын талаптарды жетілдіру және өңірлердегі педагогтардың біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтар желісін дамыту арқылы педагогтық құрам деңгейін сапалы көтеруді қамтамасыз ету мақсатында аудан бойынша мамыр—шілде аралығында барлығы 12 мұғалім және шілде-қыркүйек айында тағы 12 мұғалім облыстық «Зияткерлік мектеп» жанындағы білім жетілдіру курсынан білім алуда.


3.2

Педагогикалық білім стандарттарын, біліктілікті арттыруға қойылатын талаптарды жетілдіру және өңірлердегі педагогтардың біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтар желісін дамыту арқылы педагогтық құрам деңгейін сапалы көтеруді қамтамасыз ету

2012 жылғы маусым

АББ жинақтау

3.3

Білім алуға қолжетімділік тетіктерін жетілдіру мақсатында ауылдық жерлерден және аз қамтылған отбасыларынан шыққан жастардың жол жүруіне, тұрғын жайына жәрдемақыларын төлеуді қарастыру

2012 жылғы наурыз-сәуір

АББ жинақтау

Ауданда жұмыс істейтін 1176 педагог қызметкерлердің 956-ы жоғары білімді (81%). Жыл сайын жоғары білімді мамандар саны көбеюде. Дей тұрғанмен, қазіргі таңда 220 педагогтардың арнаулы орта білімі бар. Олар көбіне бастауыш сынып мұғалімдері және шағын құрамды негізгі және орта мектептердің физика, қазақ тілі, информатика пәндерінің мұғалімдері. Жолдауда көзделген жұмыс істейтін жастарға өндірістен қол үзбей кәсіптік-техникалық және жоғары білім алуға мүмкіндік беру мақсатында қазіргі таңда мектептер мен балабақшалардағы 56 ұстаз өндірістен қол үзбеген түрде жоғары оқу орындарында білім алуда.

2012 жылдың есепті кезеңіне кәсіби даярлауға 3 жұмыссыз азамат жолданды, 2011 жылы 24 азамат кәсіби даярлау және қайта даярлауға оқытылып, оның ішінде 17 түлек тұрақты жұмысқа орналастырылды.


3.4

Жұмыс істейтін жастарға өндірістен қол үзбей кәсіптік-техникалық және жоғары білім алуға мүмкіндік беру жөнінде ұсыныстар енгізу

2012 жылғы мамыр

АББ жинақтау

3.5

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде қаладағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арқылы жұмыс істейтін жастарға 1 айлық қысқа мерзімді білімдерін жетілдіру курстарын ұйымдастыру

2012 жылғы мамыр

АББ жинақтау АЖҚжӘББ

3.6

Мектеп оқушыларының функциялық сауаттылығын дамыту жөнінде ұлттық іс-қимылдар жоспарына ұсыныстар әзірлеу

2012 жылғы мамыр

АББ жинақтау

Мектеп оқушыларының функциялық сауаттылығын дамытуда жыл сайын оқытудың ақпараттандыру түрлері енгізілуде. 2011 жылы 4 шағын құрамды мектепке (Сатыбалды, Қоныс, С.Есетов, А.Құсайынов) мультимедиялық-лингофондық кабинеттер сатып алынса, қазіргі таңда мұндай кабинеттермен 22 мектеп қамтамасыз етілген. Бұл барлық мектептердің 76 пайызы. Алдағы уақытта заманауи кабинетпен барлық шағын құрамды негізгі мектептерді қамтамасыз ету көзделіп отыр. Сол сияқты, 16 мектептер, соның ішінде 10 бастауыш шағын жинақталған мектептер Интернет желісіне қосылды. Ол үшін жергілікті бюджеттен 16 млн тенге қаржы қаралды.

Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың ақпараттық сауаттылығын арттыру мақсатында жыл сайын републикалық бюджеттен белгілі қаржы бөлінуде. Егер 2011 жылы 7 үйден оқитын балаға 3664,0 мың тенге компьютерлік оқу құралдарын сатып алынса, 2012 жылы бұл мақсатқа тағы 2900,0 мың тенге қаралып отыр.


3.7

Патриотизмді және азаматтық ұстанымды қалыптастыру мақсатында барлық білім беру мекемелерінде үлгілік Оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамын күшейту жөніндегі кешенді жоспарына ұсыныстар беру

2012 жылғы 25 мамырға

АББ

Патриотизмді және азаматтық ұстанымды қалыптастыру мақсатында барлық білім беру мекемелерінде үлгілік Оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамын күшейту жөніндегі кешенді жоспарлар жасақталды. Осыған орай, жалпы білім беретін мектептерде ақпан айында Ауған соғысы ардагерлерімен, мамыр айында Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен, Қазақстан шекарасының 20 жылдығына орай шекерашылармен кездесулер өткізілсе, Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында Жалпақтал ауылында Ғ.Молдашев, К.Мендалиев, Жаңажол, Қараөзен, Қарасу, Ақпәтер орта мектептері оқушылары арасында патриоттық әндер байқауы ұйымдастырылды. Мамыр айында 9-11 сынып оқушыларына арналған кешенді «Патриот» айлығы ұйымдастырылды. ҚР Мемлекеттік рәміздерін нахихаттау бағытында ұйымдастырылған Орал қаласында өткен облыстық байқауға Казталовка орта мектебінің оқушылар командасы ІІІ орынды жеңіп алды.


4. Дене шынықтыру және спортты дамыту бағытындағы жұмыстар

4.1

Ауданымызға дене шынықтыру кешенін салу

Белгіленген мерзімге

АМТДДШж СБ

НаНан зауыты болған ғимаратты спорт кешені етіп қайта

жасақтауға жобалау – сметалық құжаттарына сәйкес облыстық бюджеттен 94451,0 мың тенге бөлінді, күні бүгін облыстық құрылыс басқармасы байқау жариялап мердігерді анықтауда.


4.2

Қазіргі бар спорт ғимараттарын, жұмыс істеп тұрған спорт алаңдарын қайта жаңғырту мен жабдықтау

Жоспарға сәйкес

АМТДДШж СБ

Аудан бойынша қолданыстағы спорт ғимараттар білім беру саласы мекемелерінің есебінде, жыл сайын бөлінген қаражатқа жәй жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебіне жәй жөндеу жұмыстарына 150,0 мың тенге бөлінген.


4.3

Спорт түрлері бойынша аудан құрама командалары мен балалар жасөспірімдер спорт мектебі үшін халықаралық стандарттарға сай келетін әрі жаңа жабдықтармен қамтамасыз ету

Жоспарға сәйкес

АМТДДШж СБ

Ауданда дене шынықтыру мен спортты дамыту мақсатында аудандық бюджеттен 1374,0 мың тенге қаражат бөлініп, жаңа спорт жабдықтары сатып алынды.


4.4

Барлық елді-мекендердің тұрғындарының бұқаралық спортпен айналысуын толық қамтамасыз ету мақсатындағы шараларды жандандыру

2012 жылғы наурыз

АМТДДШж СБ

Бүгінгі таңда аудан бойынша 6350 адам тұрақты спортпен шұғылданады. Аудан тұғындарының дене шынықтыру және спортпен айналасуларына 30 спорт залы 28 спорт алаңы жұмыс жасайды;

Аудан бойынша спорт ғимараттары мен алаңдарды тұрғындарға қызмет көрсету дәрежесін анықтау және түгендеу мақсатында аудандық комиссия құрылып тексеру жұмыстарын жүргізді.

Аудан бойынша бұқаралық спортты дамытып, ауыл тұрғындарының кешкі уақыттарын тиімді пайдалану бағытында апта сайын спортзалдар мен спорт алаңдарына барып спортпен шұғылдану үшін жауапты адамдар бекітіліп, жоспар құрылып ұйымдастырылуда. Жылдық жоспар бойынша ауылдық округтер, мекемелер арасында, мерекелік күндері әр спорт түрлері бойынша ересектер мен оқушылар арасында 2012 жылдың 1 жартыжылдығында 2 облыстық, 115 әртүрлі спорттық жарыстар өткізілді. Жыл ішінде 4 облыстық, 2 аудандық спартакиада, 13 аудандық чемпионат жоспарға сәйкес ұйымдастырылады. Көптеген спортшыларымыз спорттың әр түрлері бойынша облыстық, республикалық деңгейіндегі жарыстарда жүлдегер және жеңімпаз атанып келеді.


4.5

Спорт инфрақұрылымдарының тұрғындарға қызмет көрсету дәрежесін анқытау және түгендеу мақсатында барлық елді мекендердегі спорт ғимараттарына тексеру жүргізу

2012 жылғы наурыз

АМТДДШж СБ,

АББ

4.6

Жастардың, әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындардың және зейнеткерлердің дене шынықтыру және спортпен айналысуларына спорт инфрақұрылымдарының қол жетімділігін қамтамасыз ету

2012 жыл бойы

АМТДДШж СБ, ауыл округ әкімдері

4.7

Тоқсан сайын тұрғындардың, жастардың әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындардың және зейнеткерлердің дене шынықтыру және спортпен жаппай айналысулары туралы ақпарат ұсыну

Тоқсан сайын

АМТДДШж СБ, ауыл округ әкімдері

5.Ауыл шаруашылығын дамыту

5.1

Бөлшек сауданы делдалдарсыз жүргізуді мемлекеттік қолдаудың тетігіне ұсыныстар әзірлеу

2012 жылғы мамыр

АКАШжВБ

Халық үшін базар нарығында бөлшек сауданы делдалдарсыз тауар ұсыну ісіне жаңа әдістер енгізу жоспарлануда. Шаруаны ұтымды ұйымдастырып, ауқатты тұрмыс күйттеуге мүмкіндік беріп отырған бизнестің жаңа түрі жылыжай шаруашылығы. Қазіргі таңда шаруашылықтың осы түрімен Казталов ауылында жеке тұлға Алтай Жұмашев пен Жалпақтал ауылында «Жиенбай» ЖШС-нің директоры Ахметқали Қарағойшин айналысуда. Жылыжайдан алынған бау-бақша өнімдерін алдағы уақытта халыққа делдалсыз сату ісін «Ерік» шаруа қожалығының өз дүкені арқылы ет сатудағы іс-тәжірибесі негізінде ұйымдастыруды көзделіп отыр.


5.2

«Мүйізді ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын іске асыруды қамтамасыз ету, соның ішінде:

«Сыбаға» несиелеу бағдарламасы арқылы аналық ірі қара малын сатып алу

2012 жылғы қараша

АКАШжВБ

Казталов ауданында шаруа фермерлік қожалықтарын дамыту бағытында еліміздің өзге өңірлеріндегідей үкімет тарапынан қолдау шаралары өткен жылдардағыдай биылда өз жалғасын табуда. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша асыл тұқымды жас бұқалар мен аналық малдарын сатып алуға мүмкіндіктер жасалуда. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылдың алғашқы жарты жылдығында 4 шаруа қожалығы құжат рәсімдеп, несие алуға қол жеткізді. Олар Бостандық, Қараөзен ауылдық округтеріндегі «Нұрбек», (Нұрбек Ғазизов) «Рүстем»,(Тілекқабыл Есетов) «Қанатқали», (Меңдібек Абуғалиев) «Дәуетов» (Асқар Дәуетов) шаруа қожалықтары. Бұдан бөлек тағы 6 шаруа қожалығы бағдарлама бойынша несие алуға қызығушылық танытып, тиісті құжаттарын рәсімдеуде.



6.Экономика және бюджеттік жоспарлау

6.1

Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау

Жыл бойы

АЭжБЖБ

Бюджеттен бірінші кезекте әлеуметтік салаларды қаржылық қамтамасыз ету «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша жас мамандарды қолдауға 89,0 млн, спорт кешенін жөндеуге 94,0 млн, елді мекендерді таза ауыз сумен қамтуға 80,0 млн, автожолдарды жөндеуге 20,5 млн, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына 112,0 млн, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына 4,2 млн теңге бөлінді.


Ескертпе: аббревиатуралардың толық берілуі:

АЖҚжӘББ-Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

АТКЖКжАЖБ-Аудандық тұрғын үй, коммуналдық, жол көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

АББ-Аудандық білім беру бөлімі

КАШжВБ-Аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі

АЭжБЖБ-аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

Похожие:

Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі  iconМемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі  iconҚазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысын ақпараттық...
Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі  iconӘлеуметтiк-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты
Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы "Әлеуметтiк-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Қазақстан халқына...
Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі  iconҚазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы Қолжетімді тұрғын үй ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы №821 қаулысымен «Қолжетімді тұрғын үй 2020»
Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты
Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі  iconМемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы Әлеуметтiк-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегi жалпыұлттық iс-шаралар жоспары

Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі  iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 29 наурыз №366 Астана, Үкімет Үйі
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар...
Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі  icon«Жаңа онжылдық Жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі
Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарының...
Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі  iconҚазақстан Республикасы Президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын ақпараттық-насихаттау Жоспары
Республикасы Президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының...
Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі  iconҚазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын...
Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі  iconЕлбасының Қазақстан халқына Жолдауы бойынша ақпараттық-насихаттау жұмыстары жөніндегі Астана қаласы Мәдениет басқармасының
Республикасының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауын...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница