«Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мм 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары




Скачать 362.39 Kb.
Название«Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мм 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары
страница1/4
Дата конвертации16.11.2012
Размер362.39 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4


«Алматы облысының жолаушы көлігі

және автомобиль жолдары басқармасы» ММ

2011-2015 жылдарға арналған

Стратегиялық жоспары
1-бөлім. Миссиясы мен пайымдауы
Миссиясы – «Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) қоғамның көлік инфрақұрылымының сапалы қызметіне қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жергілікті деңгейде жолаушылар көлігінің жұмысын ұйымдастыру мен автомобиль жолдарының қызметін қамтамасыз ету саласында біртұтас мемлекеттік саясатты жүргізуді реттеуге, үйлестіру және бақылау жасауға уәкілетті болып табылады.

Пайымдауы - Алматы облысының көліктік инфрақұрылымы – жоғары техникалық сапалы, стандарттарға сәйкес, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму сұранысын, аймақтың экономикалық белсенділігін қанағаттандыруға қабілетті, қоғам мен мемлекеттің мүдделері үшін барлық өмірге қажетті салалардың талаптарына сәйкес болып келеді.

2 -бөлім. Ағамдағы жағдайға талдау және тиісті қызмет салаларының                                                   (аяларының) даму үрдістері
1-стратегиялық бағыт. Алматы облысының көлік инфрақұрылымын дамыту
1.1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

Алматы облысының аумағы өзен, теміржол, автомобиль және әуе сияқты көлік тораптарына ие. Алматы облысы арқылы жалпы ұзындығы 1343,1 шақырым теміржол магистралі өтеді. Бұл фактор аймақтың, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік-мәдени кеңістігіне кіруіне мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар қажетті шарты болып табылады.
Автомобиль көлігі

Алматы облысының маршрут желісі 317 маршруттан тұрады, оның ішінде 47 – қалаішілік, 126 – облысішілік, 40- ауданішілік, 104-қала маңы маршруттар. Осы маршруттарда 1900 автобус жұмыс істейді.

Облыс бойынша жеке меншік нысанында 38 тасымалдаушылар жолаушылардың және багаждың автомобиль тасымалдарын жүзеге асырады. Талдықорған мен Қапшағай қалаларында орналасқан 2 автовокзал және 17 автостанция жұмыс істейді.

Облыста автомобиль көлігі қызметінің көрсеткіші тұрақты өсуі байқалады, өйткені облыстағы тасымалдау көлемінің негізгі бөлігі көліктің осы түріне құрайды.

Мәселен, 2008 жылы облыс бойынша тасымалданған жолаушылар саны 398,2 млн.адам, яғни 2007 жылмен салыстырғанда өсім 2,6 % құрады. Ал 2009 жылы тасымалданған жолаушылар саны 424,1 млн.адамды құрап, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 6,5%-ға өсті.

Жолаушылар айналымы 2008 жылы 6898,1 млн.жолаушы/км құрап, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 6,4 % өсті. 2009 жылы 7000,0 млн.жол/км құрап, 2008 жылмен салыстырғанда 1,5% көбейді.

2008 жылы автомобиль көлігімен 99,7 млн.тонна жүк тасымалданып, ол өткен жылмен салыстырғанда 2,1 % өсті, жүк айналымы 4 707,8 (98,3%), 2009 жылы автомобиль көлігімен 96,7 млн.тонна жүк тасымалданып, 2008 жылмен салыстырғанда 3 пайызға кеміп, жүк айналымы 4 564,1 (96,9%) құрады.

2008 жылы облыста 14 тұрақты автобус маршруттары ашылды, оның ішінде 6 облысішілік маршруттар, 7 ауданішілік маршруттар, 1 қалаішілік маршруттар. Сыйымдылығы және маркісі әртүрлі 100 жылжымалы құрам жаңартылды. 2009 жылы 4 тұрақты автобус маршруттары ашылды және 92 жылжымалы құрам жаңартылды.

Облыстық автобус парктері өз қаражаттарының тапшылығынан, лизинг тетігінің салдарынан жеткiлiксiз дәрежеде жаңартылады. Бірақ бар кемшiлiктерге қарамастан, жолаушылар тасымалы жылдан жылға ұлғаюда, тасымалдау кезінде қызмет көрсету сапасы мен жолаушылардың қауiпсiздiгін қамтамасыз етуi артты.

Жолаушылар автокөлігін одан әрі дамыту және халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2011-2015 жылдары:

- жолаушыларға қызмет көрсету деңгейін арттыру және облысішілік бағыттарда автокөліктердің автобус паркін жаңарту жөнінде белсенді саясатты жүргізу;

- жол желілерінің жағдайын жақсарту;

- жаңа облысішілік автобус маршруттарын ашу;

- облыс орталығындағы аялдамаларда қала маршруттарының кестесін белгілеу;

- диспетчерлік қызметтің жұмысын реттеу;

- жолаушылар бағыттарына қызмет көрсетуге түзілген келісімшарттардың талаптарының мүлтіксіз орындалуы. Тасымалдаушының келісімшарт талаптарын орындауына тоқсан сайын талдау жасап, заң бұзушыларға келісімшарттарды белгіленген тәртіппен бұзуға дейінгі нақты шаралар көрілуі қажет;

- ашық конкурстар өткізу арқылы тұрақты емес бағыттар бойынша жолаушылар және багаж тасымалдауды тұрақты бағыттар қатарына өткізу қажет;

- тұрақты емес бағыттарда жұмыс істейтін жеңіл автомобиль таксилердің және автобустардың жұмысын реттеу бойынша заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ұсыныстар дайындау қажет.

Әуе көлігі

Алматы облысының аумағында 2 әуежай: Талдықорған қаласында –«Жетісу» Авиакомпаниясы» АҚ және Іле ауданы Боролдай кентінде –«Альтаир Эйр» ЖШС орналасқан.

«Талдықорған» әуеайлағы «Жетісу» Авиакомпаниясы» АҚ-мен бірге Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімшелерімен бірге облыстық орталықтан 15 шақырым жерде, теңіз деңгейінен 600 метр биіктікте орналасқан. Ені 44м және ұзындығы 2500м, асфальтбетон төсеніш төселген бір ұшу-қону жолағы және әуежайдың түнде жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін заманауи навигациялық құрылғылары бар. ТУ-154, ТУ-134, ЯК-40, ЯК-42, АН-24, ИЛ-76 ұшақтарын және МИ-8 тікұшақтарын қабылдауға қабілетті.

Қазіргі таңда «Жетісу» Авиакомпаниясы» АҚ арқылы әлеуметтік манызы бар «Талдықорған-Астана-Талдықорған» әуебағытын жүзеге асырады.

2008 жылы осы маршрут бойынша әуежай арқылы 19 224 жолаушы жөнелтіліп, 334 рейс орындалды, ал 2009 жылы 23 360 жолаушы жөнелтіліп, 365 рейс орындалды. Облыс бюджетінен әуерейсті субсидиялауға 2008-2009 жылдар аралығында 458,5 млн.теңге қаражат бөлінді.

Іле ауданы Боролдай кентіндегі әуежайы («Альтаир Эйр» ЖШС) ені 35 м және ұзындығы 1410 м, асфальтбетонды төсеніші төселген бір ұшу-қону жолағы бар. Авиа тұрақтың сыйымдылығы 16 ұшаққа (АН 26, АН 30 түріндегі) немесе (МИ-8 түріндегі) тікұшақтарға арналған. Әуеайлақ түнгі уақытта да жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. ЯК-40, АН-24 ұшағы және МИ-8 тікұшағын қабылдауға қабілетті.

«Альтаир Эйр» ЖШС жолаушылар мен жүк тасымалын жүзеге асырмайды, Боролдай кентінде орналасқан әуеайлақтың ұшу-қону жолағын жалға береді.

Талдықорған – Астана – Талдықорған маршрутына жолаушылардың сұранысы өсуіне байланысты халықтың қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында Як-40 үлгідегі 1 ұшақ сатып алынды.

ҚР Көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарлама шеңберінде 4000 млн.теңге сомасында ұшу-қону жолағын және әуежайды арнайы техникамен жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізу көзделген. Аталмыш жобаны іске асыру мақсатында, 2011 жылы облыстық мәслихатқа техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге қаражатты бөлу жөнінде ұсыныс енгізіледі.
Теміржол саласы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005ж.6 ақпандағы № 145 қаулысымен бекітілген Теміржол көлігін 2004-2006 жылдарға қайта құрылымдау бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Алматы облысы әкімдігінің 2005ж.24 қаңтардағы №19 қаулысымен шаруашылық жүргізу құқығындағы «Бекет-Сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын құрылып, оның теңгеріміне 8 теміржол вокзалдары қабылданды:
- Шамалған – Қарасай ауданы;

  • Боролдай, Жетіген - Іле ауданы;

  • Достық, Жайпақ, Бескөл – Алакөл ауданы;

  • Үштөбе – Қаратал ауданы;

  • Талдықорған –Талдықорған қаласы.

Сондай-ақ аталмыш Бағдарламаны іске асыру мақсатында, Алматы облысы әкімдігінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 269 қаулысымен «Теміржолсу-Алматы» ЖШС-нің теңгерімінен «Бекет-Сервис» МКК-ның теңгеріміне 9 сумен қамту объектілері қабылданды.

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан «Жетіген-Қорғас-ҚР Мемлекеттік шекара» теміржол бағытын салу» жобасы Қытаймен қосатын екінші шекара маңы теміржол өткізу пунктін ашып, жүктерді соның ішінде транзиттік тасымалдау көлемін арттыруға себепші болады, сондықтан облыс үшін жалпы Қазақстан үшін экономикалық ғана емес, сондай-ақ саяси маңыздылығы бар.

Осыған байланысты, жобаланатын жолдың жүк ағынының құрамындағы анықтайтын рөл экспорттық-импорттық және халықаралық транзиттік қатынастардағы тасымалдаулары ойнайды.

Қазіргі темiржол желiсінен алыс жатқан Алматы облысының оңтүстiк аумағы арқылы жобаланатын темiр жол өлкедегі көлiк қызмет көрсету сипатына және құрылымына сөзсiз ықпалын тигізеді, және олардың экономикалық дамуына қолайлы алғышарттарын жасап , жаңа жұмыс орындарын ашады.
Өзен көлігі

Алматы облысындағы су жолдарының жалпы ұзындығы 2030 шақырым, соның ішінде: Қапшағай су қоймасы – 110 шақырым, Іле өзені бойымен жоғары қарай – 220 шақырым, Іле өзенінің сағасы және Балқаш көлі – 1700 шақырым құрайды.

«Қапшағай өзен флоты» ЖШС өндірістік қызметпен айналыспайды, 2001 жылы оны «Темірбетон-Көктас» АҚ сатып алды. Онда 23 кеме бар, соның ішінде 2 теплоход, әрқайсысы жүккөтерімділігі 700 тоннадан болатын 4 тіркеме баржасы. Іле су жолдары республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны кемелер мен құрамдарының қауіпсіз жүзуді қамтамасыз ету; су қатынастары қызмет көрсететін учаскелерінде кеме жүзудің кепілдікті және саралау қорамын қамтамасыз ету мақсатында Іле өзені және Қапшағай су қоймасындағы кеме су жолдарына қызмет көрсету және күтіп ұстау жұмыстарын жүргізеді. Осы кәсіпорын ұзындығы 330 шақырым кеме су қатынастарына қызмет көрсетеді, яғни Қапшағай қаласындағы кемелер тұрағынан Дубунь кемежайына дейін.

90 жылдардың басында Қапшағай су қоймасы мен Іле өзені (Қапшағай қаласының айлағынан Борохудзир кемежайына дейін) арқылы көмір, құрама жем, құм, қиыршық тас, мұнай өнімдері, кендер, контейнерлер сияқты жүк тасымалдауы жүргізілді.

Сәуір айынан қараша айына дейін навигация кезінде жүк тасымалдау көлемі 800 мың тоннаға жеткен және саяхат маршрутында 5 мыңға дейін жолаушыларды тасымалданған. Қазіргі уақытта жылына Қапшағай су қоймасынан Қапшағай қаласының кемежайына дейін 30 мың тонна көлемінде минералды-құрылыс жүктері және саяхат маршрутында 1,5 мыңға дейін адамды тасымалдау ғана жүргізіледі.
Автомобиль жолдары

Автомобиль жолдары – көліктік-коммуникациялық кешеннің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Алматы облысы жолдарының жалпы ұзындығы 9472 км құрайды, соның ішінде:

  • республикалық маңызы бар – 2519 км;

  • облыстық және аудандық маңызы бар – 6953 км.

Автомобиль жолдарындағы басты проблема – жол төсеніштерінің ескіріп, тозуы. Облыстың көптеген автомобиль жолдарының бөлігі 1960-1980 жылдары салынған. Сол кездегі нормативтер алты тоннадан аспайтын болса, ол норматив қазіргі кезде он тоннаға дейін артып отыр. Бірақ та, облыстың жолдарымен аталған жүктемеден бірнеше есе артық ауыр жүк тасымалдайтын және жол төсеніштерін бұзатын көліктер жүреді.

Облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу үшін жылдан жылға қаржы бөлу артып келеді:

2008 жылы – 4896,155 млн. теңге (2197,331 млн. теңге республикалық бюджеттен, 2670,624 млн. теңге жергілікті бюджеттен, 28,2 млн. теңге ТЖ жүйесінен)

2009 жылы – 6858,606 млн. теңге (3696,209 млн. теңге республикалық бюджеттен, 3136,961 млн. теңге жергілікті бюджеттен, 25,436 млн. теңге ТЖ жүйесінен).

2010 жылы – 7647,6 млн.теңге (1413,5 млн. теңге республикалық бюджеттен, 3217,3 млн. теңге жергілікті бюджеттен, 2430,7 млн.теңге Жол картасы бойынша, 500,0 млн.теңге республикалық бюджеттен ТЖ жүйесі бойынша, 86,1 жергілікті бюджеттен ТЖ жүйесі бойынша).

1.2.) Негізгі проблемаларды талдау
Автомобиль көлігі

Тасымалдаушылардың көп болуының арқасында автомобиль тасымалдарының нарығы анағұрлым биігірек. Алматы облысының аумағындағы жолаушылар тасымалдауын жүзеге асыруда ең жақсы шарт ұсынған шаруашылық субъектілердi конкурстық таңдау негiзінде жолаушылар тасымалдары нарығының жұмысы iске асады.

Нарықтық қатынастардың және бәсекелестiктiң дамуына жағдайларды жасауға кедергi келтiретiн негiзгi факторлар болып: жеңiлдiк берілген азаматтарды тасымалдау нәтижесiнде құлама табыстарының Алматы облысының бюджетiнен тасымалдаушыларға өтемнiң жоқтығы; соңғы жылдары халықтың көлiк мобилдiлiгiнiң төмендеуi, әсiресе ауылдарда.

Сонымен бiрге автомобиль көлiгiнде көкейкесті мәселе қала мен облыс аумағында такси қызметін көрсететiн жеке таксилердiң және тасымалдаушылардың жұмысын есепке алудың жоқтығы; пайдалануда 12 жылдан артық автокөлiк парктері; әлеуметтiк - маңызды облысiшiлiк маршруттарда жолаушыларды автомобиль тасымалдарына субсидияның жоқтығы; Ақсу, Көксу және Райымбек аудандарында жолаушы автотасымалдаушылардың жоқтығы.
Әуе көлігі

Азаматтық авиация саласында негiзгi көкейкесті мәселе әуе кемелер паркінің (ИКАО ) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының стандарттарына сәйкес келмейтiні және ескіруі; азаматтық авиация саласын мемлекеттiк реттеу жүйесін жетiлдiру қажет, және халықаралық талаптарға келтіру мақсатында әуе қызмет саласында бәсекелестiктi дамыту қажеттiлiгі; әуе кемелерді қабылдау-ұшыру үшін әуежайларды ИКАО-ның халықаралық стандарттарға сәйкессiздiгi, жер бетiндегi инфрақұрылымның дамыту, соның iшiнде әуежайларды қалпына келтiруi; отынның бүгiнгi құны; әуе қозғалысын қазiргi радиотехникалық басқару құралдарымен қайта жабдықтау.
Теміржол көлігі

«Бекет-Сервис» МКК темiржол вокзалдарының жайларын жалдауға ұсынады, бiрақ тасымалдаушыларға және жолаушыларға негiзгi вокзал қызмет көрсетулер (билеттердi сату, ұйымдастырылған отырғызу және түсiру, ақпараттық қамтамасыз ету және тағы басқалар) функциясы республикалық темiр жол ұйымдарына сақталынады. Темiржол көлiгi кәсiпорындарының және тұрғындарының ауыз суға қажеттiліктерiн дер кезiнде және сапалы қамтамасыз етуi мақсатында сумен қамту объектілеріне күрделі жөндеу жүргізу керек.

Өзен көлігі

Су көлiгiнiң тасымалдары экономикалық құлдырау уақытында қаусты. Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы «Жетісу» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының су көлiгiнде бақылау бөлiмiнің мәліметіне сәйкес - Қапшағай қаласында өзен кемелерінің тұрағы үшiн, сонымен бiрге серуен рейстерi кезінде жолаушыларды отырғызу және түсіру үшiн жабдықталған айлақтар жоқ.

Сондықтан облыс туристерге және көліктерге қызмет көрсету үшін өзен инфрақұрылымның дамуына мұқтаж.
Іле өзені арқылы Қорғас-Жетiген темiржол желiсiнің көпiр құрылысына ірi құрылыс материалдарының тасымалдауы үшiн «Қазақстан темір жолы»ҰК» АҚ тарапынан Қапшағай өзен флотының дамуына инвестиция салу туралы ұсыныс енгiздi. Бүгiнгi күні, осы мәселе iстелiніп жатыр.

Алматы облысында «Алматы қаласының 4 серік қалаларын салу», «Жаңа Іле» туристік орталығын салу» секілді жобалар өзен инфрақұрылымының дамуына қойлайлы климат жасайды.
Автомобиль жолдары

Облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың басым бөлігі 4 техникалық дәрежеге жатады, ал кейбір ауылдық елді мекендерге кіреберіс жолдары 5 техникалық дәрежеге жатады. Өтпелі жамылғы түріндегі автомобиль жолдарының учаскелері және топырақты жолдар автокөліктердің салмақ қысымына, жылдамдықты үдету бойынша талаптарға жауап бермейді және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді.

Саланың басты техникалық өзекті мәселесі – жолдардың сыртқы қабатының төзімділігінің жоғалуы. Облыстық маңызы бар автожолдардың басым бөлігі 60-80 жылдары жабаланып салынған, ол кезде автокөліктің әрбір белдемшесіне түсетін салмақ 6 тоннаға дейін айқындалатын. Бүгінгі күнге автокөліктің әрбір белдемшесіне түсетін салмақтың мөлшері 10 тоннаға жетеді. Облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарда тиісті мөлшерден артық қысым түсіретін аздаған мөлшердегі көлік қатынасы жолдардың мерзімінен бұрын істен шығуынан сақтайды.

Облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың шамалы бөлігі жақсы күй жағдайда – 11%. Қалған жолдарды қанағаттанарлық жағдайда деп бағалауға болады - 49 % және қанағаттанарлықсыз жағдайда - 40 %.
  1   2   3   4

Похожие:

«Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мм 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм стратегиялық жоспары
Келісілді: «ШҚО энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» мм а. С. Шерубаев «ШҚО жолаушы көлігі және
«Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мм 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon«Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
...
«Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мм 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны 1 бөлім. Миссия және пайымдау 3 2 бөлім
Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
«Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мм 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon«Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Атырау -2009 жыл Мазмұны
«Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары...
«Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мм 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon«ШЫҒыс қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мм
Жолаушы көлігі бөлімінің бас маманы (д-о-4 санаты, 1 бірлік), еңбек өтіліне байланысты лауазымдық жалақысы 64063 теңгеден 86485 теңгеге...
«Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мм 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары iconАқпарат Автомобиль көлігі саласында
«ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мм 2008 жылдың 10 айына арналған жұмыс нәтижелері туралы
«Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мм 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon2011-2015 жылдарға арналған «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мм стратегиялық жоспары Стратегиялық жоспардың құрылымы
Стратегиялық бағыттардың іс-әрекеттері, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және қорытынды көрсеткіштері
«Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мм 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon«Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері
«Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мм 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon«Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мм-нің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының (ары қарай Басқарма) миссиясы – халықтың өмір сүру сапасын арттыруға септігін тигізетін,...
«Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мм 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon«Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница