Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ii заңы




НазваниеСақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ii заңы
страница2/21
Дата конвертации16.11.2012
Размер2.27 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылды

23-1) сақтандыру тәуекелі – сақтандыру жағдайының басталу ықтималдылығы;

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 23-2) тармақшамен толықтырылды

23-2) сақтандыру тобы - бас ұйымнан және оның еншілес ұйымдарынан, сондай-ақ капиталында бас ұйымның және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қомақты үлесі бар және мынадай талаптардың біреуіне сәйкес келетін ұйымдардан тұратын, банктік конгломерат болып табылмайтын заңды тұлғалар тобы:

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бас ұйым болып табылады немесе еншілес ұйымдардың біреуі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылады;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бас ұйым болып табылмайды, бірақ топтың қызметі негізінен сақтандыру секторында шоғырланған, яғни сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының жиынтық активтерінің топтың жиынтық активтеріне арасалмағы қырық және одан да көп пайызды құрайды;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бас ұйым болып табылмайды, бірақ топта бір сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және өзге де қаржы ұйымы болады.

Егер құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін заңды тұлғалар тобында ұлттық басқарушы холдинг бас ұйым болып табылса, онда мыналар сақтандыру тобы болып танылады:

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бас ұйымы болып табылатын сақтандыру холдингі;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бас ұйымы болып табылатын сақтандыру холдингінің еншілес ұйымдары;

капиталында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бас ұйымы болып табылатын сақтандыру холдингінің қомақты қатысуы бар ұйымдар.

Егер заңды тұлғалар тобында бас ұйым - Қазақстан Республикасының резиденті емес - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болса, онда сақтандыру тобы болып Қазақстан Республикасының резиденті - еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және оның еншілес ұйымдары, сондай-ақ капиталында еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және оның еншілес ұйымдарының қомақты үлесі бар ұйым танылады;

24) сақтандыру ұйымы – сақтандыру шарттарын жасасу және орындау қызметiн уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы негiзiнде жүзеге асыратын заңды тұлға;

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

25) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын жанама иелену (олармен дауыс беру) – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы iрi қатысушысының, сақтандыру холдингінің немесе заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталына қатысу үлестерiн) иелену арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бiрлескен iрi қатысушысы, сақтандыру холдингі болып табылатын тұлғалардың шешiмдерiн айқындау мүмкiндiгi;

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 25-1) тармақшамен толықтырылды

25-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің бірлестігі - өз мүшелерінің мүддесін қорғауды қамтамасыз ету және олардың кәсіби қызметін үйлестіру үшін қауымдастық (одақ) нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым;

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 26) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

26) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы –уәкiлеттi органның жазбаша келiсiмiне сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан да көп процентiн тiкелей немесе жанама иелене алатын немесе:

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан да көп пайызымен тiкелей немесе жанама дауыс беру;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешiмдерге шартқа орай не уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалатын тәртiппен өзгеше түрде ықпал ету мүмкiндiгiне ие жеке немесе заңды тұлға (осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда);

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды

26-1) сақтандыру холдингі – уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иелене алатын немесе:

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының (артықшылықты акцияларды шегере отырып) жиырма бес немесе одан да көп пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беру;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешімдерді шартқа орай не өзгеше түрде анықтау немесе бақылау жасау мүмкіндігіне ие заңды тұлға;

27) сатып алу сомасы – жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылу мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушының алуына құқығы бар ақша сомасы;

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 28) тармақшамен толықтырылды

28) сюрвейер - функциясына сақтандыруға қабылданатын сақтандыру объектісін алдын ала тексеріп қарау мен бағалау кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері не ақылы қызмет көрсету шартына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қызмет көрсететін заңды тұлға;

29) тармақшамен толықтырылады 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңын қара (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 30) тармақшамен толықтырылды

30) ішкі резервтік қор – сақтанушылардан инвестициялау мақсаттары үшін алынған сақтандыру сыйлықақысы және басқару нәтижесінде келтірілген сақтандырушының шығыстарын ескере отырып, оларды инвестициялаудан алынған кіріс (залалдар) бөлігінің есебінен уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес сақтандырушы қалыптастыратын ақша сомасы.

 

ҚР 2006.20.02. № 128-III ( бұр. ред. қара) Заңымен 3-бап өзгертілді

4-бап. Сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi

1. Сақтандыру дегенiмiз, сақтандыру ұйымы өз активтерi есебiнен жүзеге асыратын сақтандыру төлемi арқылы сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүліктік мүдделерін қорғауға байланысты қатынастар кешенi.

ҚР 2006.05.07. № 164-III Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Сақтандыру қызметi - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылатын қызметi, сондай-ақ өзара сақтандыру қоғамдарының сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты, Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес лицензиясыз жүзеге асырылатын қызметi.

 

5-бап. Шетелдiк жеке және заңды тұлғалар мен азаматтығы жоқ адамдарды сақтандыру

1. Шетелдiк азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдiк заңды тұлғалар, оның iшiнде өз қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратындар сақтандыру арқылы қорғалу құқығын Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен бiрдей пайдаланады.

2. 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)

 

2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 5-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5-1-бап. Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру ұйымдарының сақтандыруы

1. Заңды тұлғаның немесе оның оқшауланған бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүліктік мүдделерін және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғаның мүліктік мүдделерін сақтандыруды тек сақтандыру ұйымы - Қазақстан Республикасының резиденті ғана жүзеге асыра алады.

2. Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру ұйымдарымен, жұмыс істеу, оқу, емделу немесе демалу мақсатында Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде уақытша болатын жеке тұлғалармен - Қазақстан Республикасының резиденттерімен осы тұлғалардың тек Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде уақытша болу кезеңіне ғана сақтандыру шарттарын жасасуға және оларды орындауға жол беріледі.

3. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға:

1) жеке және заңды тұлғалардан - Қазақстан Республикасының резиденттерінен Қазақстан Республикасының резиденті еместердің пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) төлеуге;

2) жеке және заңды тұлғалардың - Қазақстан Республикасының резиденттерінің пайдасына сақтандыру шарттары бойынша Қазақстан Республикасының резиденті еместерден алынатын сақтандыру төлемдерін жүзеге асырумен байланысты төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруға тыйым салынады.

 

2-тарау. Сақтандыру қызметін ұйымдастыру

 

ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III (бұр. ред. қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 6-бап өзгертілді

6-бап. Сақтандыру салалары, сыныптары және түрлерi

1. Сақтандыру қызметiн ұйымдастыру және мемлекеттiк реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшiн сақтандыру салаларға, сыныптар мен түрлерге бөлiнедi. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметi «өмiрдi сақтандыру» саласы және «жалпы сақтандыру» саласы бойынша жүзеге асырылады.

2. «Өмiрдi сақтандыру» саласы ерiктi сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:

1) өмiрдi сақтандыру;

2) аннуитеттiк сақтандыру;

3) 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4) 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3. «Жалпы сақтандыру» саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:

1) жазатайым жағдайлардан сақтандыру;

2) ауырған жағдайдан сақтандыру;

3) автомобиль көлігін сақтандыру;

4) темір жол көлігін сақтандыру;

5) әуе көлігін сақтандыру;

6) су көлігін сақтандыру;

7) жүктерді сақтандыру;

8) осы тармақтың 3)-7) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, мүлікті залалдан сақтандыру;

9) автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

10) әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

11) су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

12) осы тармақтың 9)-11) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру;

13) заемдарды сақтандыру;

14) ипотеканы сақтандыру;

15) кепілдіктер мен кепілгерліктерді сақтандыру;

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды

15-1) осы тармақтың 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, қаржы ұйымдарының шығындарын сақтандыру;

16) басқа да қаржы шығындарынан сақтандыру;

17) сот шығыстарынан сақтандыру;

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды

18) титулдық сақтандыру.

4. Ерікті сақтандыру нысанындағы сақтандырудың жекелеген сыныбын (түрін) жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар, оның ішінде сақтандырудың жекелеген сыныптары (түрлері) шеңберіндегі пруденциалдық нормативтер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Сақтандыру түрi, сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың бiр немесе бiрнеше сыныбы шегiнде әзiрлейтiн және беретiн сақтандыру өнiмi болып табылады.

6. Мазмұны мен талаптары Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрін реттейтін заңнамалық актісімен айқындалатын міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жекелеген сыныбы болып табылады.

Мiндеттi сақтандыру түрлерiнiң тізбесiн қара

 

 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 7 - бап өзгертілді ( бұр. ред. қара)

7-бап. Сақтандыру сыныптарының мазмұны

1. Өмірді сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзімі біткенге дейін не сақтандыру шартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайда сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

2.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Похожие:

Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ii заңы iconСақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ii заңы
Сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделедi және Қазақстан Республикасының...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ii заңы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы 2012 жылғы 26 наурыз №133 Алматы қ. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті түрде тарату жөніндегі нұсқаулық
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ii заңы iconҰйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды алдын ала келісу қағидаларын бекіту туралы
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ii заңы iconЖӘне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ii заңы iconҚазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы 1995 ж. 21 желтоқсандағы №2707 Қазақстан Республикасының Заңы
Р заңы (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ii заңы iconҚазақстан Республикасындағы еңбек туралы
Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы n 493 Заңы. Күшi жойылды Қазақстан Республикасының 2007. 05. 15. N 252 Заңымен
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ii заңы iconҚазақстан Республикасының мереке (демалыс) күндері
...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ii заңы iconҚазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы
Республикасының экономикасы мен азаматтардың авиациялық қызмет көрсетуге қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында пайдалану тәртібін...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ii заңы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №406 қаулысы Жасөспірімдер үйі туралы үлгі қағидаларын бекіту туралы
«Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ii заңы iconҚазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы
Республикасының эконо­микасы мен азаматтардың авиациялық қызмет көрсетуге қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында пайдалану тәртібін...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница