Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ii заңы




НазваниеСақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ii заңы
страница6/21
Дата конвертации16.11.2012
Размер2.27 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

22-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құқықтық мәртебесi

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық ұйым болып табылады және өз қызметiн осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырады.

2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құқықтық мәртебесi заңды тұлғаның әдiлет органдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ретiнде мемлекеттiк тiркелуiмен және сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясының болуымен айқындалады.

 

23-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз жарғысында жазылған атауды өз атауы ретiнде пайдаланады.

2. «Жалпы сақтандыру» саласындағы қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының толық атауында мiндеттi түрде «сақтандыру» деген сөз немесе содан туындаған сөз болуға тиiс.

3. «Өмiрдi сақтандыру» саласындағы қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының толық атауында мiндеттi түрде «өмiрдi сақтандыру» деген сөздер немесе содан туындаған сөздер болуға тиiс.

4. Тек қана қайта сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымының толық атауында мiндеттi түрде «қайта сақтандыру» деген сөздер немесе содан туындаған сөз болуға тиiс.

5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз атауында «ұлттық», «орталық», «бюджеттiк», «республикалық» деген сөздердi пайдалануына тыйым салынады.

6. Атау ретiнде бұрынғы құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, оның iшiнде Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының атауындағы белгiлермен бiрдей немесе онымен араластыру дәрежесiне дейiн соған ұқсас сөздердi белгi атауы ретiнде пайдалануға жол берiлмейдi. Мұндай тыйым салу, еншiлес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары негiзгi ұйымның атауын пайдаланған жағдайда қолданылмайды.

2005.08.07 ж. № 72-IІІ (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III (бұр. ред. қара ); 2006.05.05. № 139-III (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 24-бап өзгертілді

24-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының органдары

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мiндеттi түрде мынадай алқалық органдар құрады:

1) директорлар кеңесi - басқару органы;

2) басқарма - атқарушы орган;

3) iшкi аудит қызметi - бақылау органы.

«Жалпы сақтандыру» саласында қызметті жүзеге асыратын жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті органның лицензиясын алған кезден бастап екі жыл ішінде, ал «өмірді сақтандыру» саласында - үш жыл ішінде бір аудиторы болуы мүмкін.

2. Қазақстан Республикасының заңдарында акционерлiк қоғамның тек қана директорлар кеңесiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелерге қосымша, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесi аудиторлық ұйымның аудиторлық есебінің, ішкі аудит қызметінің немесе актуарийдiң негiзiнде белгiленген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлеттiлiгi жөнiндегi заң талаптарының бұзылуына байланысты мәселелердi қарауға құзыреттi.

 

16.05.03 ж. № 416-11; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07 ж. № 72-IІІ (бұр. ред. қара); 2005.23.12 № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III (бұр. ред. қара ) ҚР Заңдарымен 25-бап өзгертілді

25-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталын қалыптастыру

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары орналастырылған кезде тек қана Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшамен төленуге тиiс.

Осы Заңның 26-бабының 4-тармағы 1) тармақшасының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген талаптар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының ұлғаюы жағдайларына қолданылады.

2. Заңды тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құрған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын меншікті оң капиталы болған ретте ғана сатып алады. Бұл шектеу жинақтаушы зейнетақы қорларына (зейнетақы активтері есебінен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алатын) және инвестициялық қорларға қолданылмайды.

3. 2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)

4. Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының ең аз мөлшерiн оның құрылтайшылары оны мемлекеттiк тiркеуден өткiзген кезге дейiн толық төлеуге тиiс.

5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкiлеттi органның келiсiмiмен ғана акционерлерден меншiктi акцияларын сатып алуға, мәмiле жасау нәтижесiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлетi мәселелерiне қатысты заң талаптары бұзылмайтын жағдайда құқылы.

6. алып тасталды

 

ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 26-бап өзгертілді; 2005.23.12 № 107-III ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара);2007.19.0 2. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен; 2008.23.10. № 72-IV (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 338-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 26-бап өзгертілді

26-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру холдингі және ірі қатысушысы

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Бірде-бір тұлға уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру холдингі, ірі қатысушысы бола алмайды.

Мемлекет, ұлттық басқарушы холдинг сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары болып табылмайды.

Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалар рейтингтік агенттіктердің бірінің ең аз талап етілетін рейтингі болғанда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру холдингі немесе ірі қатысушысы мәртебесін алуға уәкілетті органның келісімін ала алады. Ең аз рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп процентін тікелей иеленетін немесе ең аз талап етілетін рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан да көп процентімен дауыс беру мүмкіндігі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаның акцияларын (қатысу үлестерін) иелену (олармен дауыс беру) арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан да көп процентін жанама иеленуді немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан да көп процентімен жанама дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғасы үшін аталған рейтингтің болуы талап етілмейді.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары - жеке тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын өздеріне меншік құқығында тиесілі мүлік құнынан аспайтын мөлшерде төлейді.

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін алуға келісім беру, келісімді кері қайтарып алу ережелерін, аталған келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.

3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болғысы келетін тұлға келісім алу үшін уәкілетті органға осы баптың 4, 5, 6, 7, 7-1-тармақтарында айқындалған құжаттар мен мәліметтерді қоса тіркей отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алу туралы өтінішті табыс етуге міндетті.

4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін жеке тұлға мынадай құжаттарды:

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын, оның ішінде бұрын сатып алынғандарын растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса тіркей отырып, акцияларды сатып алуға пайдаланылатын ақша көздері мен қаражаттардың сипаттамасын қоса алғанда, сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді табыс етеді.

Кез келген көздерден алынған, соңғы жыл ішінде кәсіпкерлік қызметінен алынған кірістің орташа жылдық шамасы мөлшеріндегі және барлық салық түрлері төленген ақша, сондай-ақ болуы құжаттамалық түрде расталуы мүмкін өтініш берушінің ақша жинақтары сақтандыру ұйымының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын көз болып табылады.

Бұл ретте сыйға тарту шарты бойынша, ұтыстардан, тегін алынған мүлікті сатудан алынған ақша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының иеленген акциялары құнының жиырма бес және одан да көп пайызынан аспауға тиіс;

2) өтініш берушінің мүддесін білдіру тапсырылған өтініш берушінің өкіліне (ол бар болғанда) берілген сенімхатты;

3) өзі ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;

3-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайларында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қайта капиталдандыру жоспарын;

3-2) растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, мінсіз іскерлік бедел туралы мәліметтерді;

3-3) табыстары мен мүлкі туралы мәліметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда салық органдарына табыс етілетін жеке табыс салығы жөніндегі декларацияның көшірмесін және жеке тұлға тұратын елдің уәкілетті тұлғалары растаған өзге де құжаттарды;

4) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш беруші туралы қысқаша деректерді, соның ішінде білімі туралы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді;

5) Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғаның тұратын елінің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резиденті - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға осы ел заңнамасында рұқсат етілгені туралы жазбаша растауын не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының аталған құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін табыс етеді.

5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлға мынадай құжаттарды:

1) өтініш берушінің жоғары органының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмелерін;

2) осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 3-1) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;

2-1) оның басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;

3) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін, өтініш берушінің ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ өтініш берушінің ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;

4) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді, соның ішінде білімі, еңбек қызметі туралы мәліметтерді;

5) аяқталған соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есептілігін, сондай-ақ тиісті өтініш табыс етер алдындағы аяқталған соңғы тоқсанның қаржылық есептілігін;

6) ірі қатысушы мәртебесін алудың қаржылық салдарларын талдауды, соның ішінде өтініш берушінің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мәртебе алғаннан кейінгі болжамды есеп айырысу балансын, егер бар болса, өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін сату, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қайта ұйымдастыру жөніндегі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметіне немесе оны басқаруға айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстарын (бизнес-жоспар мен ұйымдық құрылымды қоса алғанда) табыс етеді.

6. Ірі қатысушы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға мынадай құжаттарды:

1) осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 3-1) тармақшаларында және 5-тармағының 1), 2-1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;

2) осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген заңды тұлғаның кредит рейтингі туралы мәліметтерді табыс етеді.

7. Ірі қатысушы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржылық ұйым мынадай құжаттарды:

1) осы баптың
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Похожие:

Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ii заңы iconСақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ii заңы
Сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделедi және Қазақстан Республикасының...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ii заңы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы 2012 жылғы 26 наурыз №133 Алматы қ. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті түрде тарату жөніндегі нұсқаулық
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ii заңы iconҰйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды алдын ала келісу қағидаларын бекіту туралы
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ii заңы iconЖӘне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ii заңы iconҚазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы 1995 ж. 21 желтоқсандағы №2707 Қазақстан Республикасының Заңы
Р заңы (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ii заңы iconҚазақстан Республикасындағы еңбек туралы
Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы n 493 Заңы. Күшi жойылды Қазақстан Республикасының 2007. 05. 15. N 252 Заңымен
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ii заңы iconҚазақстан Республикасының мереке (демалыс) күндері
...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ii заңы iconҚазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы
Республикасының экономикасы мен азаматтардың авиациялық қызмет көрсетуге қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында пайдалану тәртібін...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ii заңы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №406 қаулысы Жасөспірімдер үйі туралы үлгі қағидаларын бекіту туралы
«Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ii заңы iconҚазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы
Республикасының эконо­микасы мен азаматтардың авиациялық қызмет көрсетуге қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында пайдалану тәртібін...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница