Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ii заңы




НазваниеСақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ii заңы
страница7/21
Дата конвертации16.11.2012
Размер2.27 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
6-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;

2) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының өтініш беруші осы ел заңнамасының шеңберінде қаржы қызметін жүзеге асыруға уәкілетті екендігі туралы жазбаша растауын не өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы жазбаша растауын табыс етеді.

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 7-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7-1. Сақтандыру холдингі мәртебесін иемденуге келісім алу үшін өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін сатып алуға ниеттенген Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы мынадай құжаттарды:

1) осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген рейтингтік агенттіктердің бірі талап ететін ең төмен рейтингтің болуын растайтын құжатты;

2) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органынан алынатын, Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының шоғырландырылған қадағалауға жататыны туралы жазбаша растауды;

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының сақтандыру холдингі мәртебесін иемденуіне жазбаша рұқсатын (келісімін) не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының аталған мемлекеттің заңнамасы бойынша осындай рұқсат (келісім) талап етілмейтіні туралы өтінішін табыс етеді.

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

8. Жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан да көп пайызын иеленетін немесе дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан да көп пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беру мүмкіндігі бар және:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдеріне өздерінің арасында жасалған шартқа орай не өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін;

2) жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болып табылатын;

3) олардың бірі басқа тұлғаның лауазымды тұлғасы немесе өкілі болып табылатын;

4) олардың бірі өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес екінші тұлғаға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген;

5) жақын туыстар немесе ерлі-зайыптылар болып келетін тұлғалар бірлесіп сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушы болып табылатын тұлғалар деп танылады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы банк заңнамасының талаптарына сәйкес банк конгломератына кіретін жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы банк заңнамасына сәйкес шоғырландырылған қадағалауға жатады.

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 8-1-тармақпен толықтырылды

8-1. Уәкілетті органның сақтандыру холдингі мәртебесін алуға келісім беруі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы үшін айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

Осы Заңның 26-1-бабының 1-тармағында көзделген негіздерден басқа, уәкілетті органның сақтандыру холдингі мәртебесін алуға келісімін беруден бас тартуы үшін:

1) өтініш беруші - қаржы ұйымы өзі орналасқан елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын жағдайлар;

2) Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру тобының қатысушылары өзі орналасқан елдердің заңнамасына байланысты сақтандыру тобына шоғырландырылған қадағалауды жүргізудің мүмкін еместігі олардың және сақтандыру тобының осы Заңда көзделген талаптарды орындауына мүмкіндік бермеуі негіз болып табылады.

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

9. Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алу үшін осы баптың талаптарына сәйкес берілген өтініш бойынша шешімді уәкілетті орган құжаттардың толық топтамасы табыс етілген күннен бастап үш ай ішінде қабылдауға тиіс.

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

10. Уәкілетті орган келісім беруге негіз болған жалған мәліметтер анықталған немесе өтініш беруші ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иемдену нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптарын бұзған немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары немесе сақтандыру холдингі осы Заңның талаптарын сақтамаған жағдайда, осы бапқа сәйкес берілген келісімді кері қайтарып алуға құқылы. Бұл жағдайда мұндай шара қолданылатын тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының өзіне тиесілі санын осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

11. Тұлға өзіне қатысты емес себептер бойынша сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келе бастаған не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары кепіл болып табылатын борыштық міндеттемелер бойынша кепілге салынған мүліктің оған көшуі нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының осы бапта белгіленген шектерге тең немесе одан асатын мөлшердегі акцияларын меншігіне алған жағдайларға осы баптың міндетті түрде уәкілетті органның келісімін алу қажеттігі туралы талаптары қолданылмайды.

Аталған жағдайларда ірі қатысушы белгілеріне сәйкес келетін тұлға акцияларды сатып алған немесе оған өзінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгісіне сәйкес келетіні белгілі болған кезден бастап отыз күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге және осы баптың ережелеріне сәйкес уәкілетті органның жазбаша келісімін алғанға дейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшылығына немесе қызметіне ықпал етуге бағытталған ешқандай әрекет жасамауға немесе осылайша сатып алынған акциялармен дауыс бермеуге міндетті.

Тиісті мәртебені алу туралы өтініш акцияларды сатып алған кезден бастап не оған өзінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетіні белгілі болған кезден бастап алпыс күн ішінде, егер бұл тұлға көрсетілген мерзімде акцияларды иеліктен шығарғысы келмесе ғана, уәкілетті органға табыс етіледі. Акцияларды сатып алған күннен бастап алпыс күн ішінде оларды иеліктен шығару жөнінде шешім қабылдағаны туралы ақпарат мұндай шешім қабылданған күннен бастап дереу уәкілетті органға табыс етіледі.

11-1. Мыналар бойынша:

1) кезектен тыс акционерлердің жалпы жиналысын шақыру немесе директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы сотқа талап-арызбен жүгіну;

2) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелер енгізу;

3) директорлар кеңесінің отырысын шақыру;

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) аудиторлық ұйымның қоғамның өз есебінен аудит өткізуі мәселелері бойынша акционерлердің шешім қабылдауын көздейтін олардың арасында жасалған келісім негізінде әрекет ететін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының жиынтығы он және одан да көп проценті өздеріне тиесілі акционерлер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары болып табылмайды.

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 11-2-тармақпен толықтырылды

11-2. Жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан да көп пайызын иеленетін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан да көп пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беру мүмкіндігі бар және:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдеріне өздерінің арасында жасалған шартқа орай не өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін;

2) жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болып табылатын;

3) олардың бірі басқа тұлғаның өкілі болып табылатын;

4) олардың бірі өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес екінші тұлғаға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген тұлғалар бірлесіп сақтандыру холдингі болып табылатын тұлғалар деп танылады.

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

12. Егер уәкілетті органға осы тұлғаның сақтандыру холдингі немесе ірі қатысушы белгісіне сәйкес келетінін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын тікелей, жанама иеленуші болып табылатынын немесе келісімнің негізінде немесе өзгеше түрде осы Заңның талаптарына сәйкес уәкілетті органның келісімінсіз, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының осы бапта белгіленген шектерге тең немесе одан асатын мөлшердегі акцияларымен дауыс беру мүмкіндігі бар екенін көрсететін мәліметтер белгілі болса, ол жеке және заңды тұлғалардан ақпарат табыс етуді талап етуге құқылы. Ақпарат оны иеленетін кез келген тұлғалардан, сондай-ақ осы тұлғалардың бақылауында болатын ұйымдардан талап етілуі мүмкін.

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

13. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі шешім қабылдаған күннен бастап отыз күн мерзімде, растайтын құжаттарды табыс ете отырып, уәкілетті органды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының өзі тікелей немесе жанама иеленетін немесе тікелей немесе жанама дауыс беру мүмкіндігі бар үлесін өзгерту туралы хабардар етуге міндетті.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, сақтандыру холдингіне тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары санының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының санына проценттік қатынасының ұлғаю жағына өзгеруі жағдайында, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі уәкілетті органға растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері туралы ақпарат ұсынуға тиіс.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары санының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының санына проценттік арақатынасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына немесе сақтандыру холдингіне тиесілі он немесе жиырма бес проценттен кем болатындай санға дейін өзгерген жағдайда уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының, сақтандыру холдингінің өтініші бойынша не аталған фактіні дербес анықтаған жағдайда осы факті анықталған күннен бастап бір ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иемденуге келісім беру үшін көзделген тәртіппен бұрын берілген жазбаша келісімнің күші жойылды деп тану туралы шешім қабылдайды.

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

14. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің барлық ірі қатысушыларына тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акциялары санының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акциялары санына проценттік арақатынасын көрсете отырып, олардың тізімін есепті тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей уәкілетті органға тоқсан сайын табыс етуге міндетті.

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

15. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының он және одан астам процентін иеленетін акционерлер құрамының өзгергені туралы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің осындай фактіні анықтаған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

16. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингінің, сондай-ақ сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың осы баптың 11-15-тармақтарына сәйкес талап етілетін ақпаратты көрсетілген мерзімде уақтылы бермеуі, бермеуі немесе жалған мәліметтер беруі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

2005.23.12 № 107-III ҚР Заңымен 26-1- баппен толықтырылды; 2007.19.0 2. № 230-III (бұр. ред. қара); 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен (бұр.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21

Похожие:

Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ii заңы iconСақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ii заңы
Сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделедi және Қазақстан Республикасының...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ii заңы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы 2012 жылғы 26 наурыз №133 Алматы қ. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті түрде тарату жөніндегі нұсқаулық
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ii заңы iconҰйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды алдын ала келісу қағидаларын бекіту туралы
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ii заңы iconЖӘне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ii заңы iconҚазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы 1995 ж. 21 желтоқсандағы №2707 Қазақстан Республикасының Заңы
Р заңы (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ii заңы iconҚазақстан Республикасындағы еңбек туралы
Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы n 493 Заңы. Күшi жойылды Қазақстан Республикасының 2007. 05. 15. N 252 Заңымен
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ii заңы iconҚазақстан Республикасының мереке (демалыс) күндері
...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ii заңы iconҚазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы
Республикасының экономикасы мен азаматтардың авиациялық қызмет көрсетуге қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында пайдалану тәртібін...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ii заңы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №406 қаулысы Жасөспірімдер үйі туралы үлгі қағидаларын бекіту туралы
«Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ii заңы iconҚазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы
Республикасының эконо­микасы мен азаматтардың авиациялық қызмет көрсетуге қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында пайдалану тәртібін...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница