Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 8 ақпан №98 Астана, Үкімет үйі




НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 8 ақпан №98 Астана, Үкімет үйі
страница2/5
Дата конвертации16.11.2012
Размер1.18 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5

Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенцияны (бұдан әрі – Орхусс конвенциясы) іске асыру бойынша Қазақстанның міндеттемелерін орындау мақсатында институционалдық құрылым – Орхусс орталығы құрылды, оның негізгі қызметі қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпараттық мәліметтер базасын қалыптастыру және қолдау, жеке және заңды тұлғалардың сұраулары бойынша экологиялық ақпаратты ұсыну болып табылады.


Қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында 2007 жылы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі қабылданды.

Кодекс заңнамалық деңгейде қоршаған ортаны қорғау мәселелерін жалпы жүйелендірді, экологиялық талаптар мен нормативтердің мәртебесін тікелей әсер ететін заңнамалық актінің деңгейіне дейін көтерді, қоршаған ортаны қорғау тәжірибесіне халықаралық стандарттарды ендірді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуропалық экономикалық комиссиясының Экологиялық саясат комитетінің сарапшылары ауыспалы экономикасы бар елдер үшін экологиялық саясаттың нәтижелігі бойынша шолу жасады. Шолу шеңберінде Қазақстанға экологиялық заңнаманы жетілдіру ұсынылып, Еуропа Одағының сәйкес Директиваларымен үйлесімділігін жалғастыру ұсынылды.

«Тарихи» ластануларды жою бөлігінде Елбасының Ақтөбе қаласындағы Илек өзеніндегі алты валентті хроммен тарихи ластануларды жою жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша жұмыстар жалғастырылады. 2011 жылы ауданы 0,8 км2 құрайтын № 3 тәжірибелік-өндірістік учаскедегі жер асты суларын алты валентті хроммен ластанудан тазарту бойынша жұмыстар өткізу жоспарлануда және осы учаскедегі жұмыстар нәтижелерінің негізінде ғана № 2 және 1 учаскелердегі жобаның іске асырылуы жалғастырылады. Илек өзеніндегі алты валентті хроммен тарихи ластанулардың жалпы ауданы 5,8 км2 құрайды.

Қазақстан Арал, Семей ядролық полигонының проблемалары бойынша халықаралық-танылған экологиялық бастамалардың арқасында кеңінен танымал және халықаралық қауымдастықтың қолдауын табуда. Халықаралық қауымдастық үшін, сондай-ақ, Қазақстанның геосаяси орналасуының да маңызы бар, ол трансшекаралық және аумақтық бағдарламалар арқылы Еуропа және Азия аумақтарының саясаты мен көзқарастарын үйлестіруге, сондай-ақ, халықаралық сауда, энергетика, көлік, туризм және тағы басқа мәселелерде артушы рөл ойнайтын экологиялық және өзге де стандарттарды үйлестіруге мүмкіндік ашады.

Жоғарыда көрсетілген мүмкіндіктерді іске асыру үшін Елбасы
Н. Назарбаев халықаралық қауымдастық тарапының қолдауымен аяқталған бірқатар халықаралық бастамаларды ұсынды. Астана қаласында 2010 жылы Азия-Тынық мұхит аймағының 62 елінің Қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму жөніндегі алтыншы конференциясы өткізілді, 2011 жылы Солтүстік Америка, Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерін қоса алғанда, Еуропа аймағының 56 елінің «Еуропа үшін қоршаған орта» жетінші конференциясын өткізу жөніндегі бастамасы халықаралық қолдау тапты.


Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының халықаралық экологиялық конвенциялар бойынша міндеттемелерін іске асыру шеңберінде халықаралық және аймақтық ынтымақтастықты нығайту үшін Министрлік Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасымен (бұдан әрі – БҰҰДБ) бірлесіп іске асырылып және жоспарланып жатқан жобаларының мониторингін жүзеге асырады. Жоспарланған кезеңде БҰҰДБ бірлескен жобалары бойынша басым бағыттар мыналар: энерготиімді инфрақұрылым құру, Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлауына «Жасыл өсім» тетіктерін ендіру және Қазақстандағы жойылмайтын органикалық ластаушыларды (бұдан әрі – ЖОЛ) жою.

Қазіргі уақытта Қазақстан Ластаушыларды тасымалдау шығарындылары тізімінің хаттамасына (бұдан әрі – ЛТШТ) қосылу мүмкіндігі қарау үстінде. Хаттама қоршаған ортаның қожалық етуші нысандармен ластануы жөніндегі ақпаратты реттейді және осы салада қоғамдастық тарапынан бақылауды күшейтуге бағытталған. Хаттамаға сәйкес ұлттық ЛТШТ құру экологиялық есептің барлық нысандарын дайындау үшін қажет мәліметтерді жинауды айтарлықтай жеңілдетеді.

Атап алғанда, 2011 жылы Тегеран конвенциясына келесі хаттамалар жобаларын дайындау бойынша жұмыстар жалғастырылады:

Каспий теңізін жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесіндегі ластанудан қорғау жөніндегі хаттама;

Биоәртүрлілікті сақтау жөніндегі хаттама;

Мұнаймен ластануға әкелетін тосын оқиғалар жағдайында аймақтың дайындығы, әрекет етуі және ынтымақтастығы туралы хаттама.

«Агрометеорологиялық, гидрометеорологиялық және экологиялық мониторингті жетілдіру» 1.2 мақсатына жету үшін мемлекет пен тұрғындарды гидрометеорологиялық, агрометеорологиялық және экологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету сапасын арттыру бойынша міндет қойылған.

2009 жылы болжамдық, режимдік-анықтамалық, гидрометеорологиялық, агрометеорологиялық, аэрологиялық ақпаратты дайындау үшін гидрометеорологиялық мониторинг 259 метеостанцияда, 12 метеобекетте, 291 гидрологиялық бекетте, 185 агрометеорологиялық бақылау пунктерінде 8 аэрологиялық станцияларда, 2 қар көшкіні станцияларында және 20 қар өлшеу бағыттарында бақылаулар жүргізілген.

Күні бұрынғы қауіпті және апатты гидрометеорологиялық дауылдық ескертулер 2009 жылы 48 сағат құрды.

Алдағы жылы республика аумағындағы агрометеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ететін агрометеорологиялық бақылаулары бар тағы 10 пункттің ашылуы жоспарлануда. Сондай-ақ, агрометеорологиялық желіні және метеорологиялық желіні заманға сай аспаптармен қайта жарақтандыру жоспарланып отыр, ол агрометеорологиялық және метеорологиялық мониторинг мәліметтерінің шұғылдығын, сапасын және дұрыстығын арттыруға мүмкіндік береді. Болжаудың ескі әдістері жетілдіріліп, жаңалары енгізілді.

Мемлекеттік органдар мен тұрғындарды қоршаған ортаның ластануының жай-күйі жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында қоршаған ортаның жай-күйіне экологиялық мониторинг жүргізіледі. 2009 жылы атмосфералық ауаның жай-күйіне бақылау 69 бекетте жүргізілген, оның ішінде 16 ластаушы заттар көрсеткіші анықталған. Беттік сулардың сапасына бақылаулар 85 су нысандарында жүргізілген. Орташа есеппен алғанда су нысандарында 45 ластаушы заттар көрсеткіші анықталған.

Беттік су жай-күйіне мониторинг жүргізілетін су нысандары 2008 жылы саны 76-дан 2010 жылы 85-ке артты.

Сонымен қатар, республиканың кенттелген аумақтарында топырақтардың жай-күйіне мониторинг жүргізілді. Бақылау барысында ластаушы заттардың 5 көрсеткіші анықталған: қорғасын, мырыш, кадмий, мыс, хром.

Аталған іс-шараларды іске асыру шеңберінде алдағы уақытта атмосфералық ауаның жай-күйіне бақылау бекеттерінің санын ұлғайту және экологиялық мониторинг желісін техникалық жарақтандыру жоспарланған. Барлық аталған іс-шаралар атмосфералық ауадағы, судағы, топырақтағы ластаушы заттар көрсеткіштерінің санын анықтауға мүмкіндік береді, ол қоршаған орта жай-күйінің ағымдағы жағдайына нақты талдау береді және ұсынылатын ақпараттың сапасын арттырады.

2008-2009 жылдары «Экологиялық паспорттарды құру мақсатымен ауылдық аймақтарды экологиялық-демографиялық зерттеу» жобасы бойынша 1603 ауылдық елді мекен (бұдан әрі – АЕМ) зерттеліп, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды округтерінің 473 экологиялық паспорттары құрылды. 313 ауылдық округтегі экологиялық жағдай қанағаттанарлық, ал 160 елді мекенде алаңдаушылық туғызарлық деген бағаға ие болды. Бұл ретте, ауылдық тұрғындарды сумен қамсыздандыруды қанағаттарлық деп санауға болмайды. Әзірленген АЕМ экологиялық паспорттарында экологиялық жағдайды жақсарту бойынша іс-шаралар ұсынылған.

2008-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының 572 кентінде радиациялық мониторинг жүргізілді. Ауылдардағы радиациялық жағдай жалпы қанағаттанарлықтай, сонда да, 203 ауылда ауыз судағы альфа-активтіліктің шектен асуы анықталды, 123 ауылда тұрғын және қызметтік үй-жайлардың ауасында радонның шоғырлануы шектен асады және 24 ауылда судағы радонның шоғырлануы шектен асады. 2010 жылы 325 ауылда радиациялық мониторинг жүргізілді.

Қазақстан халқының табиғи радиоактивті көздерден сәулелену тәуекелін төмендету 2012 – 2017 жылдарға арналған «Радон» бағдарламасымен қамтамасыз етіледі, оның мақсаты Шығыс Қазақстан, Павлодар және Алматы облыстарында 8000 үйдің ауасында (жылына 2000 үйден) радон шоғырлануын анықтау болып табылады.

Табиғи экожүйелерді сақтау және қалпына келтіру еліміздің орнықты дамуының басым бағыты болуы керек, ол экономикалық, әлеуметтік және экологиялық факторлардың оңтайлы үйлесім қағидаттарын сақтауды талап етеді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 14 қарашадағы
№ 216 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының
2007 – 2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы
(бұдан әрі – Тұжырымдама) басымдылық ретінде ресурстарды және энергияны тиімді пайдалану мәселелерін, теңгермелі демографиялық саясатты, экологиялық орнықтылықты қамтамасыз етуді қояды. Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесіне сәйкес Тұжырымдаманың кіріспесіне, міндеттеріне, бағыттарына, оны іске асыру тетіктеріне және күтілетін нәтижелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұдан өзге, «Орнықты дамуға көшудің нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 848 қаулысына озық халықаралық тәжірибелер, орнықты дамудың нысаналы көрсеткіштерінің қолданыстағы тізбесін түзету және жетілдіру есебімен қолданыстағы нысаналы көрсеткіштерге талдау жүргізу бөлігінде тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет.

Негізгі проблемаларды талдау
Қазақстан экологиясы саласындағы негізгі проблемалық мәселелерге мыналар жатады:

ірі қалалар мен өнеркәсіптік орталықтардың ауа бассейнінің ластануы. Каспий және Балқаш аймақтары;

жерүсті және жерасты суларының ластануы, трансшекаралық сулар проблемасы;

өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жинақталуы;

суды бұру және кәріздік тазарту құрылыстары жүйелерінің қанағаттанғысыз жағдайы;

жердің шөлейттену және тозу процестері;

экологиялық апаттың Арал және Семей аймақтары;

«тарихи» ластанулар.

Түзілетін қалдықтар көлемінің жыл сайынғы өсуіне қарамастан, оларды қайта өңдеу төмен деңгейде қалуда: түзілген қалдықтардың 20% жуығы кәдеге жаратылады. Салыстырып қарасақ, дамыған елдерде бұл көрсеткіш 30% асады. Өндіріс қалдықтарын, оның ішінде улы қалдықтарды қайталама қайта өңдеу Қазақстанда тәжірибеге алынбаған. Қалдықтар техногенді қарқынды ластанатын ландшафттарды құра отырып, арнайы полигондарда, жинаушыларда және үйінді сақтағыштарда сақталды. Сонымен, мысалы, республикадағы электро станциялардың күл-шлак қалдықтарын кәдеге жарату және қолдану 1% аспайды, ал Еуропада бұл көрсеткіш орташа есеппен алғанда 60% құрайды.

Республика үшін ЖОЛ, ескірген пестицидтер және онымен ластанған аумақтар мәселесін шешу өзекті проблема болып табылады.

Белсенді запастарды анықтау және миллиондаған аршынды жыныстар үйінділері мен үйінді сақтағыштарын кәдеге жарату мәселесін шешу мақсатында техногендік минералды түзілімдерді (бұдан әрі – ТМТ) түгендеуді жалғастыру қажет.

Экономикалық өсім, эмиссия көздерінің көбеюі және өнеркәсіптік қызмет көлемдерін кеңейту шамасы бойынша ластану деңгейін төмендету үшін негізгі шарт табиғат қорғау саясатын үздіксіз арттыру болып табылады.

Бұл ретте, жылу энергетика секторының, кен өндіру және кенді қайта өңдеу салаларының кәсіпорындарын ең жақсы қол жетімді технологияларды ендіру жолымен техникалық қайта жарақтандыру мәселесі маңызды болып қалады.

Гидрометеорологиялық және экологиялық мониторинг бойынша сапалы ақпарат алу мақсатында техникалық жабдықтауды жаңғырту және жас мамандарды даярлау сияқты іс-шаралардың қаржыландырылуын ұлғайту қажет.
Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Еуропа өзіне 2028 жылдың соңына дейін ЖОЛ, ескірген пестицидтерді және онымен ластанған жерлерді кәдеге жаратуды аяқтау міндетін алды. Қазақстан жыл сайын қауіпті химиялық заттар мен қалдықтарды басқару мәселелерін реттейтін Роттердам, Базель және Стокгольм конвенциялары бойынша есеп беруі тиіс.

Конвенциялардың негізгі тапсырмалары: ЖОЛ запастары мен қалдықтарын басқару бойынша нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және жетілдіру, Жойылмайтын органикалық ластаушылар туралы Стокгольм конвенциясының ережелеріне сәйкес Қазақстандағы ЖОЛ запастары мен қалдықтарына егжей-тегжейлі түгендеу жүргізу жұмыстарын жалғастыру және оларды экологиялық қауіпсіз жою бойынша, сондай-ақ Орхусс конвенциясына сәйкес жұртшылықтың хабардар болуын арттыру бойынша жұмыстардың орындалуы.

Экологиялық заңнаманы одан әрі дамыту оны жетілдіруге және халықаралық тәжірибемен жақындастыруға бағытталады. Ең бастысы, заңнамаға мынадай мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады:

коммуналдық және өнеркәсіптік қалдықтарды басқару жүйесі;

қоршаған ортаның ластануын реттеу және алдын алудың экономикалық құралдары;

экологиялық нормалау және жобалау;

халықаралық стандарттарға сәйкес шаруашылық қызметті жүзеге асыруға экологиялық талаптар жүйесі;

рұқсаттық жүйені жеңілдету, кешенді экологиялық рұқсаттардың әрекетті тетіктеріне көшу;

қоршаған ортаға келтірілген залалды бағалауды анықтауды жетілдіру;

гидрометеорологиялық мониторингті қоса алғанда, қоршаған орта мониторингінің жүйесін дамыту.
2-стратегиялық бағыт. Қазақстан Республикасының төмен көміртекті экономикаға көшуі
Қызметтің реттелетін саласын немесе аясын дамытудың негізгі параметрлері
Қазақстан Республикасындағы парниктік газдар шығарындылары
1992 жылы 310 млн. тоннаны, ал 2008 жылы СО2 эквивалентті 240 млн. тоннаны құраған. Еліміздегі парниктік газдар шығарындылары көздерінің орындалған түгендеуі, сондай-ақ, көміртегі диоксиді эмиссияларының әзірленген болжамдары парниктік газдар шығарындыларының ІҰӨ бірлігіне (3,38 кг/АҚШ доллары) салыстырмалы көрсеткіші бойынша Қазақстан әлем бойынша бірінші орынды иеленіп отырғандығын растайды.

Көміртек диоксиді шығарындыларының көлеміне ең көп үлесті энергетика, ал энергия тасығыштарынан – көмір қосады, бұл ретте есптер көрсеткендей, шығарындылар генерациясындағы көмірдің үлесі үдемелі қарқынмен өсетін болады. Отынды жағудан түзілетін жалпы шығарындылардың көлемінде ол 2010 жылға қарай 63 %, ал 2020 жылға қарай 66 % құрайды.

2009 жылғы 26 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының Киото хаттамасын (бұдан әрі – БҰҰ КӨНК) ратификациялап, көмірсутекті жанармайды жағудан пайда болатын парниктік газдар көлемінің өсуіне әкеліп соғатын жаһандық жылынудың алдын алуы бойынша дүниежүзілік қозғалысқа қосылды. Киото хаттамасын іске асыру шеңберінде парниктік газдар шығарындылары бойынша мониторингтің және есептіліктің ұлттық жүйесін құру, Көміртегі бірліктерінің ұлттық тізімін құру бойынша шаралар қабылданады, техникалық және консультативтік көмек ұсыну үшін халықаралық банктер және ұйымдармен келіссөздер жалғастырылатын болады.
Негізгі проблемаларды талдау
Парниктік газдар эмиссияларын қысқартуға мүмкіндік туғызатын МАРКАЛ-Қазақстан үлгісіне сәйкес қолданыстағы технологиялар және саланың жалпы жай-күйі жағдайында энергетикалық сектордағы парниктік газдар шығарындылары 2012 – 2014 жылдарға қарай Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының конференциясында Қазақстан үшін негізгі болып анықталған 1992 жылдың деңгейіне жетуі мүмкін.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы
19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақтан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде көзделген отандық экономиканы үдемелі әртараптандыру Қазақстанға 2015 жылдан бастап парниктік газдар шығарындыларының күтілетін төмендеуін жоспарлауға мүмкіндік береді. Пост-Киото кезеңіне (2012 жылы Киото хаттамасының мерзімі біткеннен кейін) 2009 жылғы желтоқсанда Копенгагенде өткен Тараптар Конференциясында Қазақстан негізгі 1992 жылмен салыстырғанда парниктік газдар шығарындыларын 2020 жылға қарай 15 %, ал 2050 жылы 25 % төмендету жөніндегі шешімін мәлімдеді.

Осы мақсаттарда Қазақстан төмен көміртекті немесе «жасыл» экономиканы ендіру жолына түсуі керек. Төмен көміртекті немесе «жасыл» экономиканың өсуі қоршаған ортаның ластануының алдын алып және оны төмендетіп, парниктік газдармен қатар басқа да зиянды заттар шығарындыларын қысқартуға мүмкіндік беретін орнықты өсуге жатады.
Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 10 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары инвестицияларды тарту, экологиялық проблемаларды шешу, антропогендік салмақтың жағымсыз әсерін азайту, табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаға эмиссияларды азайтуға, қалдықтарды кешенді қайта өңдеуге жауапкершілігін күшейту мәселелерінде төмен көміртекті экономиканың «жасыл» саясатын орнықты дамытуды басқару жүйесін оңтайландырудың қажеттілігін анықтайды.

Қазақстан отын-энергетика кешені дамыған ел ретінде, өзінің экономикалық және технологиялық даму деңгейін ескере отырып, төмен көміртекті дамуға жол таңдау проблемасына тап болуда. Төмен көміртекті экономикаға көшу мүмкіндігі ең алдымен төмен эмиссиялы энергетиканың даму үрдісімен, экономиканы қайта құрылымдаумен, энергия үнемдеумен және орнықты дамумен байланысты болады.

Төмен көміртекті даму барлық мүдделі тараптарды тартумен экономика секторлары арасындағы ынтымақтастықты, келісімділікті және өзара әрекеттестікті талап етеді, қоғамның бүкіл әлеуеті пайдаланылып, оның барлық күштері өндіріс және тұтыну салаларындағы жаңа төмен көміртекті тұрғыға көшуді іске асыруға бағытталуы тиіс.

Сондықтан, Министрлік «жасыл» экономика қағидаттарын қалыптастыруға жағдай жасау, ең алдымен, қоғамдық науқандарды өткізу, табиғат пайдаланушылармен қалпына келетін энергия көздерін ендіру және энерготиімділік бойынша шаралар қолдану, экологиялық таза технологияларды ендіру мәселелері бойынша оқу семинарлары арқылы алдына орта мерзімді мақсат қояды.

Орнықты төмен көміртекті болашаққа барар жолда жүйелі жылжу үшін нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру және оның климаттың өзгеруі процестерін алдын алу бойынша жұмыстар саласындағы халықаралық талаптарға сәйкес үлесуі, бар және күтілетін климаттық өзгерістерге табиғи және адам жүйелерінің осал жерлерін қысқартуға бағытталған заманға сай бейімдеу іс-шараларын әзірлеу және өткізу қажет.

«Жасыл» экономикаға көшу сонымен қатар, климаттың өзгеруіне негізделген проблемаларды шешуге мүмкіндік туғызатын болады. Бұл ретте, әсер етудің нақты шарасы төмен көміртекті, ресурстық тиімді экономиканы құруға, сонымен қатар Киото хаттамасының тетіктері арқылы да инвестициялауға болады.

Жаңартылатын энергия көздерін ендіру, жаңартылатын ресурстар мен энергия көздерін пайдалану саласындағы бәсекеге тұрарлық ғылыми әзірлемелерді және инновациялық технологияларды құру бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізу осы саладағы басым міндеттерге айналады.
1   2   3   4   5

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 8 ақпан №98 Астана, Үкімет үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 10 ақпан №214 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» 2009 жылғы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 8 ақпан №98 Астана, Үкімет үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 28 ақпан №198, Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасына жеке және қызметтік істер бойынша шақыруларды ресімдеу» мемлекеттік қызмет
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 8 ақпан №98 Астана, Үкімет үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 8 ақпан №212 Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 8 ақпан №98 Астана, Үкімет үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 17 ақпан №231 Астана, Үкімет Үйі
«Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 8 ақпан №98 Астана, Үкімет үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 30 желтоқсан №1666 № данасы Астана,Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 8 ақпан №98 Астана, Үкімет үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 5 сәуір №361 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы №160 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 8 ақпан №98 Астана, Үкімет үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 21 маусым №681, Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы №252 қаулыcына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 8 ақпан №98 Астана, Үкімет үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 7 тамыз №1028 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы №36 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 8 ақпан №98 Астана, Үкімет үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 4 наурыз №231 Астана, Үкімет үйі
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы №1710 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 8 ақпан №98 Астана, Үкімет үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 20 желтоқсан №1554 Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница