Рефераты Қызылорда 2012 ж




Скачать 241.38 Kb.
НазваниеРефераты Қызылорда 2012 ж
Дата конвертации03.02.2013
Размер241.38 Kb.
ТипРеферат


ӘӨЖ 330.322.214(574)

Қолжазба құқығында


БЕРДИЕВ ЖАСУЛАН АБИЛАЗИМОВИЧ




Құрылыс саласында инвестициялық қызметтің тиімділігін арттыру жолдары (Қазақстан Республикасы мәліметтері негізінде)


6М050600 – Экономика мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

Рефераты

Қызылорда 2012 ж.

Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде орындалған
Ғылыми жетекші: экономика ғылымдарының кандидаты,

доцент Л.А. Казбекова
Ресми опонент: экономика ғылымдарының кандидаты

Р. Шохан

Диссертацияны қорғау 2012 ж. ____ маусымда ____ сағ. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өтеді. 120014. Қызылорда қ., Әйтеке би к-сі, 29А. (Бас Оқу Ғимараты, Экономика факультеті, №308 дәрісхана).

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады. (120014. Қызылорда қ., Байсеитова к-сі, 100).
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Құрылыс - материалдық өндірістің қуатты индустриалдық саласы болып табылады. Күрделі құрылыстың көлемі мен деңгейінен материалдық өндірістің барлық салаларының дамуы, экономикалық потенциалдың және мемлекеттің ұлттық табысының өсуін қамтамасыз ету маңызды деңгейде тәуелді болады. Құрылыс саласына инвестицияларды салу инвестициялық қызметпен тығыз байланысты.

Нарық жағдайында құрылыс, өндірістік сфераның барлық салаларындай капиталдың еркін динамикасы және әрбір меншік объектісінің қызмет еркіндігімен байланысты жаңа экономикалық маңызға ие болады. Әкімшілік-жоспарлық экономикаға тән сатылас салалық байланыстар орнына инвесторлардың деңгейлес салалық байланыстары келеді, сондықтан экономикалық процес ретіндегі құрылыс ғимараттар немесе құрылыстардың өмірлік циклы бойы капитал иелерінің үздіксіз инвестициялық қызметін қарастырады.

Қазақстан экономикасына инвестицияларды тарту мароэкономикалық сипаттағы стратегиялық және тактикалық міндеттерді шешуге бағытталған объективті қажетті үрдіс. Инвестициялар экономиканың қарқынды өсуіне елеулі әсерін тигізеді. Қазақстан экономикасының даму жағдайларында инвестициялар әлеуметтік және өндірістік мүмкіншілігінің құрылымдық өзгеруінің маңызды құралы болып табылады. Ұдайы өндіріс қатынастары жүйесінде инвестициялар маңызды құрылымдық пайда болу қызметін атқарады, халық шаруашылығының қай салаларына инвестициялардың салынуына қарай экономиканың болашақ құрылымы байланысты болады.

Кәсіпорынның инвестициялық қызметі - бұл кәсіпорынның шаруашылық қызметінде маңызды роль атқаратын және өзіне тән заңдылықтарымен дамып отыратын, өзіндік логикаға ие объективті процесс, себебі инвестициялар өзінің экономикалық табиғаты жағынан болашақта табысқа жету үшін ағымдағы тұтынудан бас тартуды білдіреді.

Қазіргі таңда көптеген кәсіпорындар өз қызметтерін инвестиция есебінен қаржыландырып дамытуда. Көптеген өндіріс орындары қайта ашылып, ал қызмет етіп келе жатқан өндірістер қызмет көрсету аясын кеңейту арқылы жүздеген, мыңдаған халықты жұмыспен қамтып отыр. Бастапқыда инвестицияны жүзеге асыру жетекшілері өз бетінше инвестицияға қатысты шешім қабылдай алатын кәсіпорынның жұмысы болып көрінсе, онда мұндай жағдайда ең әуелі шешімнің зардаптарын бағалауды үйрену керек, өйткені инвестициялардың жүзеге асырылмауы да өзінше бір стратегия.

Қазақстан Республикасында құрылыс нарығының қарқынды дамуы сонғы жылдары халық шаруашылығының осы саласына инвестиция салуға дайын мемлекет және көптеген бизнес-құрылымдар назарына ие. Құрылыс саласына салынған капитал тиімділігін бағалау инвестициялау тәжірибесінде маңызды атрибут болып саналады. Құрылыс сферасы әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздыққа аз көлемде бейімделген; нормативті және әдістемелік қамтамасыз етудің жаңа жағдайлар мен талаптарға сәйкессіз; құрылыс қызметін реттеудің және басқарудың экономикалық әдістері дамымаған; келісімдік қатынастар жүйесінің дамымағандығы; жаңа шарттарға және талаптарға инвестициялық-құрылыс қызметін ұйымдастыру, реттеу және орталықтандырылған басқарудың маңызды функциялардың жойылуы немесе орындалмауы.

Нарықтық экономиканың ерекшеліктерін ескере отырып, құрылыс саласында инвестициялық үрдісті қалыптастыруда әлемдік технологияларды және менеджмент пен маркетингтің озық әдістерін қолдануға негізделген және инвестициялау тетіктерін қалыптастыруда ең тиімді инвестициялық жобаларды нарықтық тетіктер арқылы дайындау ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан өзекті тұрғы болып табылады.

Экономиканың өсуі инвестициялық қызметтің белсенділігімен байланысты. Сондықтан, қазіргі таңда еліміздің құрылыс саласының алдында тұрған негізгі мақсаты құрылымдық және инвестициялық саясат жүйелерінің барынша қайта қаралуын талап етеді. Бірақ, өз кезегінде инвестициялық қызмет, құрылымы, ұдайы өндірістегі қаржылық және материалдық активтер дәрежесі оның инвестициялық тартымдылығын анықтайтын факторы негізінде еліміздің экономикалық жағдайына байланысты болып келеді, яғни бұл инвесторлардың нарықта инвестициялық стратегияны дайындауды есепке алу факторы болып табылады.

Құрылысқа ақша салу мәселесінде әрбір нақты құрылыстың берілген уақытта, берілген аймақта қажеттілігі туралы оңтайлы шешімдер мүмкіндігінше барлық аталған объективті және субъективті шарттарды және құрылыс саласының нақты инвестициялық қызметті жүзеге асыруға олардың әсерінің деңгейін есепке алу нәтижесінде мүмкін.

Инвестициялық қызметтің қажеттілігінің заманауи әдістемесі нарықтық экономика талаптарымен шарттасқан, сондықтан құрылысты инвестициялау мүмкіндігінің критерийі болып оның тиімділігін бағалау табылады.

Кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдаудың маңызды құрамдас бөлігі қызметтің тиімділігін бағалау болып табылады. Оның қажеттілігі экономиканың ресурстарды шектеу туралы негізгі қағидасымен байланысты. Инвестицияларды тарту, оларды тиімді пайдалану және кәсіпорынның белсенділігін арту жолдарын табу зерттеу жұмысының негізгі проблемалары болып есептеледі. Осы және басқа да себептер мәселенің қойылымын өзекті етеді және құрылыс саласындағы инвестициялардың тиімділігін бағалау негіздерін тереңдетуге бағытталған зерттеулер жүргізу қажеттілігін талап етеді.

Мәселенің ғылыми-тәжірибелік деңгейде қарастырылуы. Зерттелетін тақырып бойынша көптеген теориялық және практикалық мәселелерге қатысты ресейлік және шетелдік зерттеушілердің еңбектерін атауға болады: Н.Кафтункина, К.Киреева, И.П.Фирова, Л.Абалкин, И.Балабанов, Н.Д.Кондратьев, Э.Кроливецкий т.б. Сонымен қатар, осы мәселеге қатысты көз-қарастар мен ой-пікірлер, Ж.М.Адилов, А.А.Алимбаев, У.Б.Баймұратов, Т.Б.Баяхметов, Қ.А.Бисенов, М.Б.Кенжегузин, А.К.Қошанов, М.К.Мамырова, О.С.Сәбден, А.М.Сейтқазиева, А.Х.Ералы, Ү.Ж.Шалболова, т.б. сынды қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.

Инвестицияларды құрылыс саласына тарту және тиімді пайдалануды жетілдіруді зерттеу бүгінгі таңда өзекті болып табылады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Құрылыс саласында инвестицияларды тиімді пайдалану және инвестициялық қызметтің тиімділігін арттыру жолдарын зерделеу болып табылады.

Алға қойған мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттерді шешу қажеттілігі айқындалады:

  • құрылыс саласында инвестициялық қызметтің теориялық-әдістемелік негіздерін зерттеу;

- құрылыс саласының қазіргі жағдайы мен оның аймақтық ерекшеліктерін талдау;

- құрылыс саласындағы инвестициялардың тиімділігіне әсер етуші факторларды талдау және құрылыс компанияларының инвестициялық белсенділігі мен тартымдылдығын бағалау;

- құрылыс кешенінде инвестициялық қызметтің тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру.

Зерттеу пәні болып - құрылыс саласындағы инвестициялық қызметтің тиімділігін арттыру барысындағы басқарушылық және экономикалық қатынастардың жиынтығы саналады.

Зерттеу нысаны Қазақстан Республикасының құрылыс саласындағы инвестициялық қызмет.

Зерттеу әдістері. Диссертациялық зерттеу жұмысын орындау барысында келесі негізгі әдістер мен тәсілдерді қамтитын, жалпы ғылыми сипаттағы кешендік әдістемелер қолданылды: талдау және синтез; абстрактілі-логикалық; статистикалық-экономикалық мәліметтерді талдау, өңдеу және бағалау әдістері; жүйелі-факторлы әдістер; экономикалық-математикалық үлгілеу әдістері.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі отандық және шетелдік экономист-ғалымдардың еңбектері құрайды. Зерттеу барысында ҚР Президентінің жарлықтары, Үкімет қаулылары, құрылыс саласындағы заңдар мен нормативтік құжаттар, сондай-ақ қабылданған мемлекеттің даму бағдарламалары қолданды.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы: Зерттеу барысында ғылыми жаңалыққа ие келесі нәтижелер алынды:

- инвестициялық процестің теориялық түсінігі мен мәні нақтыланып негізгі қағидалары анықталды;

  • инвестициялардың тиімділігіне әсер етуші факторларларды есепке алу нәтижесінде құрылыстағы инвестициялық қызметтің тиімділігі бағаланды;

  • құрылыс нарығын аналитикалық зерттеу негізінде осы салаға инвестицияларды тарту тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалды;

  • құрылыс кешенін инвестициялаудың даму тиімділігінің экономикалық моделі өнделді.

Қорғауға ұсынылатын ғылыми тұжырымдар:

- инвестициялық қызметтің негізгі теориялық және әдістемелік аспектілері;

- құрылыстағы инвестициялық қызметке әсер етуші факторлар мен инвестициялық қызметтің тиімділігі;

- инвестицияларды құрылыс саласына тарту тетіктері;

- құрылыс кешенін инвестициялаудың даму тиімділігінің экономикалық моделі.

Жұмыстың ақпараттық базасы. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері; Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылыс саласы қызметін дамытуға бағытталған қаулылары және басқа да нормативтік-құқықтық құжаттар; монографиялар, диссертациялық жұмыстар; Қазақстан Республикасы Статистикалық агенттігінің мәліметтері; құрылыс компанияларының қаржылық есептері, мәліметтері, ғылыми әдебиетте және мерзімдік басылымдарда жарияланған мәліметтер мен сараптамалық бағалаулар.

Диссертациялық жұмыстың сыннан өтуі және жүзеге асырылуы. Зерттеудің негізгі тұжырымдары мен нәтижелері «Экономика және қашықтықтан оқыту» институтының 20 жылдығына арналған «20 жыл: экономикалық өрлеу және тәуелсіздік туы» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция (Қызылорда, 2012 ж.), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 75 жылдығына арналып өткізілген «Арал өңірі аймағының индустриалды-инновациялық даму басымдықтары» атты халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция (Қызылорда, 2012 ж.), баяндалды. Зерттеу нәтижелері Қызылорда қаласының құрылыс басқармасының қызметіне еңгізуге қабылданды.

Зерттеу нәтижелерін жариялау. Диссертация тақырыбы бойынша жалпы көлемі 0,8 б.т. құрайтын 2 ғылыми мақала жарияланды.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, 46 пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.
Негізгі бөлім
Бірінші бөлімде «Құрылыс саласында инвестициялық қызметтің теориялық-әдістемелік негіздері» қарастырылған. «Құрылыс» саласы туралы айтқанда нарықтық экономистер, инвестициялық процестердің қалған қатысушыларымен капитал иелерінің қатынастарының біркелкілігін түсінеді, яғни құрылыспен байланысты инвестициялық кешен.

Құрылыс Қазақстан Республикасының ең белсенді дамып келе жатқан салаларының бірі болып табылады. Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасында құрылыс кешені өзгермелі болуда, ұлттық экономиканың тұрақсыз секторы болып келеді, ол сыртқы факторлар әсерінің күшеюі жағдайында қызмет етудің тұрақсыздығымен, белгісіздігімен сипатталады. Оның тұрақты дамуы инвестициялық қызметті жандандыруынан, экономиканың өндірістік және өндірістік емес салаларына капитал салымдарының кеңеюіне тәуелді болады.

Қазір салушылардың қазақстандық нарығында құрылыс қызметін 5,6 мың компаниялар жүзеге асырады, олардың көбісі (83,3%) қызметкерлердің санына байланысты кіші кәсіпорындарға жатады.

Құрылыс көлемдері, сапасы және бағалары бойынша компаниялар арасында алдыңғы орындағы бірнеше компанияны ерекшелеуге болады: «Элитстрой», «Базис-А», «ВЕК» корпорациясы, «Silk way construction». «Бестік» - бұл жеткілікті қуаты бар құрылыс ұйымдар базасында құрылған басқарушы компаниялар. Қазақстанның құрылыс нарығы шетелдік құрылыс компаниялар үшін де тартымды мұнда қытай, түрік, американдық, оңтүстік-корей, ресей құрылысшылары жұмыс істейді. Бірақ қазақстандық құрылысшылар бәсекені сезбейді - шетел инвесторлар және құрылысшылар көбінесе мемлекеттік тапсырыстарды алады және тұрғын-үй нарығында көбіне көрінбейді. ҚР-ның құрылыс кешенінің қазіргі қызмет етуі ипотекалық-инвестициялық жүйелер қызметін белсендендіру жағдайында төлемқабілетті сұраныстың өсуімен салыстырғанда қол жетімді тұрғын-үй нарығында жеткілікті ұсынысты қамтамасыз етуді талап етеді. Құрылыс саласы әлеуметтік бағыттылығына сәйкес әлеуметтік инфрақұрылым құруына және, ең алдымен, тұрғын-үй құрылысына байланысты мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Құрылыс саласындағы инвестицияның жіктелуін жоғарыдағы сурет 1 үлгісінде көрсетеміз.


Инвестициялау нысандары бойынша

Ескерту – Автордың құрастыруы.
1 сурет - Құрылыс саласындағы инвестицияның құрылымдық жіктелуі

Инвестициялық қызмет - бұл инвестицияны салу немесе инвестициялау инвестицияны ұсынудағы тәжірибелік қызметтің жиынтығы немесе инвестицияларды іске асырудан (жұмсаудан) туындайтын кәсіпкерлік қызмет. Құрылысқа жұмсалған инвестициялар жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, сауда және басқа кәсіпорындардың жаңа құрылысына, қалпына келтіруге, кеңеюіне және техникалық қайта жарақтандырылуына кеткен шығындарды, тұрғын үй және мәдени-тұрмыстық құрылысқа кеткен шығындарды қосады.

Инвестициялық талдаудың маңызды құрамдас бөлігі инвестициялық қызметтің тиімділігін бағалау болып табылады. Құрылыс саласындағы инвестицияларды экономикалақ бағалау жүйелі түрде бағалану қажет екендігін негідедік. Құрылыс саласындағы инвестицияның экономикалық тиімділігін таза дисконтталған табыс, ішкі табыстылық норма, табыстылық индекс және дисконтталған өтелу мерзімі критерийлерімен бағалау жасап нәтижелілігін анықтаймыз.

Әлемде құрылыс саласы дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан жағымсыз нәтиже алғандардың бірінші қатарында. 2009 ж. құрылыс жұмыстарының еуропалық нарығының көлемдерінің төмендеуі 8,4% құрады; ең зардап шеккендер - Ирландия 32,3% және Испания 21%, Еуроодақтың 19 елінің арасында өсу тек Польшада -5,3% және Швейцарияда -3,3% байқалған.



Ескерту – Құрылыс саласындағы зерттеу бизнес-топтарының мәліметтері Euroconstruct
2 сурет - Еуроодақтағы құрылыс компаниялар саны (бірл.)
Жоғарыдағы 2 суретте көріп отырғанымыздай Еуроодақтағы құрылыс ұйымдардың саны 2008 ж. 2010 ж. қарағанда 3% мөлшерде жағымсыз динамиканы көрсетті, бұл құрылыс секторында айналымдардың төмендеуі салдарынан орын алған. Бірақ 2009 ж. бұл көрсеткіш құрылыс саласындағы ұйымдар санын 3,03 млн. компанияға дейін көбейтіп 1% өскен. Еуроодақ мүшелері арасында дағдарыстан кейін құрылыстың өсуі тек Польша және Швейцарияда орын алған. Бірақ Шығыс Еуропада 2010 ж. аяғына қарай Польша, Болгария, Румыния, Хорватияның тартымдылығына байланысты инвестициялардың көлемі артты. Жалпы Еуропада коммерциялық жылжымайтын мүлікке инвестициялар 2010 ж. 83,3 млрд. евроға өскен, әйткенмен, олар дағдарысқа дейінгі көрсеткіштерден төмен болды.

Екінші бөлімде Қазақстан Республикасының құрылыс саласындағы инвестициялық қызметіне талдау берілген. Республикада 2003 ж. бастап мердігерлік құрылыс жұмыстарының көлемдерінің 424 млрд. теңгеден 1 876 млрд. теңгеге дейін немесе 2003 ж. 341% сенімді артуы байқалады, бұл және сәйкесінше физикалық көлемнің жағымды индексі көрсеткішпен бейнеленген (сур. 3).



Ескерту - ҚР Статистика агенттігі мәліметтері негізінде автордың құрастыруы.
3 сурет – Қазақстан Республикасындағы құрылыс саласының көлемі

Әйткенмен, 2009 ж. 2008 ж. қарағанда экономикалық құлдыраудың жағымсыз зардаптардың нәтижесінде -3% теріс динамика болды. Берілген төмендеу 2010 ж. 1,87 трлн. теңгеге дейін көрсеткіштердің 7% өсуімен толықтырылады. Біздің есептеуіміз бойынша, бұл болашақта саланың өсуі жалпы экономикалық жағдайдан тікелей тәуелді болады, және құрылыстағы мемлекеттік қолдауды ескере отырып потенциалды «жеткілікті жоғары» деп бағалайды.

ҚР-ның ЖІӨ көрсеткіштерінің тұрақты өсуі экономикалық жағдайдың тұрақтылығы туралы куәландырады және құрылыс саласының көлемдерінің артуына жағдай жасайды, ол 2010 ж. 7% өсуді көрсетті (сур. 4).


Ескерту - ҚР Статистика агенттігі мәліметтері негізінде автордың құрастыруы.
4 сурет – ЖІӨ және құрылыс секторының өсу динамикасы
Талдау көрсеткендей, ЖІӨ және сала көрсеткіштерінің өзара байланысы байқалады. ҚР экономикалық даму және сауда министрлігінің болжауын ескере отырып 2012ж. 6,9% мөлшерде құрылыс жұмыстары көлемінің артуын болжайды.

1 кестеде келтірілген құрылыс жұмыстары көлемінің динамикасы Қазақстанда құрылыс кешені тұрақты дамығанын көрсетіп отыр, себебі орындалған жұмыстар көлемінің өсу қарқыны құрылыс ұйымдарының санының өсу қарқынынан асып түскен.
Кесте 1 - Орындалған құрылыс жұмыстары көлемі (млн. теңге)

Көрсеткіштер

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

2009ж.

2010 ж.

2011 ж.

Орындалған құрылыс жұмыстары көлемі

1 066 321

1 441 236

1 617 464

1 784 954

1 821 819

1 918 102

Оның ішінде:

Құрылыс-монтаж жұмыстары

617 662

839 554

1 298 455

1 481 698

1 493 273

1 501 162

Күрделі жөндеу

72 785

81 075

111 156

129 096

159 902

165 074

Ағымдық жөндеу

33 506

48 334

66 914

85 020

106 853

117 921

Басқа мердігерлік жұмыстар

32 237

54 119

89 174

87 685

61 791

133 945

Тұрғын үй құрылысында орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі

148 665

206 806

312 549

171 760

106 151

173 942

Ескерту - ҚР Статистика агенттігі мәліметтері негізінде автордың құрастыруы.


Осы мәліметтерді талдай келе 2006 ж. бастап орындалған құрылыс жұмыстар көлемінің оң өзгерісі тенденциясының байқалатынын белгілеуге болады. Сонымен, 2011 ж. осы көрсеткіш 1 918 102 млн. теңге құрады, ол 2006 ж. деңгейінен 79,9% жоғары.

Құрылыс саласының негізгі капиталына инвестициялар көлемі жыл сайын өсуде, бұл құрылыс компаниялар негізгі қорларды әрі қарай жаңартуы, инвестициялауы туралы айтады (сурет 5).



Ескерту - ҚР Статистика агенттігі мәліметтері негізінде автордың құрастыруы.
5 сурет - Құрылыс саласының негізгі капиталына инвестициялар көлемі, млн. теңге

Сонымен қатар, құралдарды инвестициялағанда кейбір салықтық жеңілдіктерге бағытталған мемлекеттік қолдау да орын алған. Біздің көзқарасымызбен, инвестиция көлемінің артуы және құрылыс саласын мемлекеттік қолдауы, сектордағы алға басушылық болашақта өсу динамикасы үшін негіз бола алады деп есептейміз. Құрылысқа салынған тікелей шетел инвестициялар 2006 ж. 5,3 млрд. АҚШ долл. өскенін көрсетті, сосын бұл көрсеткіш 1,2 млрд. АҚШ долл. дейін төмендеген. Бұл өзгеріс энергия тасушыларға рекордтық бағалармен байланысты болды, және осыған орай, азаматтық құрылыста, мұнайгаз және тау-кен өнеркәсібі салаларында инвестициялық жобаларға үлкен қаржылық қолдау көрсетілген. ҚР-ның Статистика агенттігі мәліметтері бойынша, инвестициялардың көлемдері оның ішінде бюджеттік және жеке қаржыландыру, жыл сайын тұрақты өскенін көрсетті 0,95 трлн. теңгеден 2,7 трлн. теңгеге дейін немесе 27 есе өскен. Сонымен, құрылыс саласында жалпы инвестициялардың және тікелей шетел инвестициялардың көлемі арта түседі.

Үшінші бөлімде құрылыс саласында инвестициялық қызметтің тиімділігін арттыру жолдары мен инвестициялық қызмет көрсетудің болашақ даму тенденциялары ұсынылған. Құрылысты инвестициялау-бұл инвестициялаудың дербес түрі, ол аспаптар және қорлану технологияларын, қаражат көздерін, қаржылық инвесторларды және делдалдарды, ипотекалық несиелендіруді, инвестициялау, қаржыландыру, несиелендіру институттарын, эмиссиялық институттар қарастырады. Құрылысты инвестициялаудың жүйесі бір немесе бірнеше кезеңдерінен тұруы мүмкін, олардың мақсаты - инвестициялық капиталды шоғырландыру және жылжымайтын мүлік объектілерін, оның ішінде құрылысты инвестициялау. Инвестииялық ағымдарды оптимизациялау үшін оларды пайдалану тиімділігін бағалау әдістемесін және есептеу алгоритмдерін, және де сурет 6 көрсетілген оларды пайдалану тиімділігін бағалау көрсеткіштері жүйесінің құрылымын ұсынамыз.



6 сурет - Инвестиция тиімділігін бағалау көрсеткіштері жүйесінің құрылымы

Инвестициялық қызметті басқару үлгісі, біріншіден рационалды деңгейден асырып инвестицияға құралдарды қажетсіз ысырап етуді шектеуге шешім қабылдау, екіншіден, берілген шектеулер бойынша кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің тиімділігін басқаруға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның инвестициялық қызметін бағалау мәселелерінің өзектілігі алгоритмикалық инструментарийді пайдалана отырып осы қызметті басқаруға мүмкіндік береді.
ҚОРЫТЫНДЫ


    1. Диссертациялық жұмысты орындауда төмендегідей қорытындыға келеміз:

1. Нарық жағдайында құрылыс, өндірістік сфераның барлық салаларындай капиталдың еркін динамикасы және әрбір меншік объектісінің қызмет еркіндігімен байланысты жаңа экономикалық маңызға ие болады. Қазақстан экономикасына инвестицияларды тарту мароэкономикалық сипаттағы стратегиялық және тактикалық міндеттерді шешуге бағытталған объективті қажетті үрдіс. Кәсіпорынның инвестициялық қызметі - бұл кәсіпорынның шаруашылық қызметінде маңызды роль атқаратын және өзіне тән заңдылықтарымен дамып отыратын, өзіндік логикаға ие объективті процесс. Қазақстан Республикасында құрылыс нарығының қарқынды дамуы сонғы жылдары халық шаруашылығының осы саласына инвестиция салуға дайын мемлекет және көптеген бизнес-құрылымдар назарына ие. Құрылыс саласына салынған капитал тиімділігін бағалау инвестициялау тәжірибесінде маңызды атрибут болып саналады.

2. Құрылыс Қазақстан Республикасының ең белсенді дамып келе жатқан салаларының бірі болып табылады. Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасында құрылыс кешені өзгермелі болуда, ұлттық экономиканың тұрақсыз секторы болып келеді, ол сыртқы факторлар әсерінің күшеюі жағдайында қызмет етудің тұрақсыздығымен, белгісіздігімен сипатталады. Оның тұрақты дамуы инвестициялық қызметті жандандыруынан, экономиканың өндірістік және өндірістік емес салаларына капитал салымдарының кеңеюіне тәуелді болады. Құрылысқа жұмсалған инвестицияларға құрылыс жұмыстарының барлық түрлеріне жұмсалған шығындар; жабдықтарды монтаждау бойынша шығындар, құрылыс сметаларында көзделген жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығындар; құрылыс сметаларына қосылған өндірістік құрал-саймандар мен шаруашылық мұқаммалдарын сатып алуға; құрылыс сметаларына кірмейтін машиналар мен жабдықтарды сатып алуға кеткен шығындар; өзге күрделі жұмыстар мен шығындарға кеткен шығындар жатады.

3. Құрылыс кешені инвестициялық қызметінің тиімділігін келесі бағыттарда қарастыру қажет: негізгі өндірістік қорлардың және өндірістік емес объектілердің кеңейтілген ұдайы өндірісін қамтамасыз ету; техникалық дамыған құрылыс кешенін қалыптастыру және оның негізінде құрылыс өндірісін индустрияландыру және қарқындандыру. Ипотекалық-инвестициялық талдаудың дәстүрлі әдісі бойынша инвесторлар, несие берушілер сияқты табыс алады, инвесторлар және несие берушілердің табыстарының жалпы ағымдағы құны капиталды сатып алудың максималды мөлшерін құрайды, бұл жылжымайтын мүлікке төленетін бағасы болып табылады.

4. 2010 ж. құрылыс секторы әлемдік ЖІӨ 11% құрады және 2020 ж. құрылыстың дүниежүзілік көлемдері 67%, 7,2-ден 12 трлн. АҚШ долл. дейін өседі. Жылдар деңгейіндегі өсім 5,2% құрайды, ол ЖІӨ дүниежүзілік өсунен артық. 2020 ж. дамушы нарықтарға құрылыстың дүниежүзілік көлемінің 55% (ағымдағы кезеңде 46%) келеді. Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей, ипотеканың дамуы үшін экономиканың тұрақтылығы, қаржылық-несие жүйе сенімділігі және тиімділігі, құнды қағаздардың дамыған нарығы, ипотекалық несиелеуді схемаларын жүзеге асыру кезіндегі қатынастар жүйесінің тұрақтылығының кепілі ретінде мемлекеттің белсенді қатысуы болып саналады.

5. Құрылыс Қазақстан Республикасының ең белсенді дамып келе жатқан салаларының бірі болып табылады. Мемлекетте аз уақыт ішінде көлемді банктік қаржыландырумен нығайтылған ірі салалардың біреуі ретінде ҚР-ның ЖІӨ үлесті ұйымдастырып құрылыс көлемдері бірнеше есеге өсті. Экономикалық құлдыраудың жағымсыз әсеріне қарамастан құрылыс өнеркәсібі өсуді қамтамсыз етумен қатар, оны дамыту бойынша Үкіметтің негізгі стратегиялық бағыттарының бірі болып қалуда. Үкіметтің мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша жұмыстары арқасында, мемлекеттік қолдау құрылыс саласының дамуына елеулі оңтайлы әсер көрсетуде.

6. Құрылыс саласын сипаттайтын көрсеткіштердің төмендеуі экономикалық құлдыраудың қазақстандық экономиканың жағдайына жағымсыз әсері себебінен болды. Құрылыс көптеген көрсеткіштер бойынша құлдырауды байқатты, құрылыста іске кірістірілген компаниялардың үлесі 6,7 мың компанияға дейін 9,1% төмендеді, жобалардың тартымдылығының төмендеуі салдарынан инвестициялардың көлемдері 34% немесе 310 млрд. теңгеге дейін қысқарды, жобаларды қаржыландыратын банктерде шиеленіс жоғарылады. Әйткенмен, құрылыста ҚМЖ-ның көлемдері 2010 ж. 6,4 млн. ш. м. көлемде толығымен өткен жылдардың деңгейінде қалды. Қазіргі кезде Қазақстанның құрылыс кешені 7 мыңнан аса ұйымдар мен кәсіпорындарды біріктіреді. 2006 ж. бастап орындалған құрылыс жұмыстар көлемінің оң өзгерісі тенденциясының байқалатынын белгілеуге болады. Сонымен, 2011 ж. осы көрсеткіш 1 918 102 млн. теңге құрады, ол 2006 ж. деңгейінен 79,9% жоғары.

7. 2011 ж. тұрғын үйді енгізу көрсеткіштерінің арақатынасын талдау Қазақстан республикасында 2011 ж. пайдалануға 6408 мың ш.м. ғимараттардың жалпы көлемі тапсырылған, бұл 2006 ж. қарағанда 28,4% көп. Талдау көрсеткендей, алты жылдың ішінде тұрғын-үйдің бір шаршы метрінің орташа құны республика бойынша шамамен 1,8 есе өсті. Құрылыс саласының негізгі капиталына инвестициялар көлемі жыл сайын өсуде, бұл құрылыс компаниялар негізгі қорларды әрі қарай жаңартуы, инвестициялауы туралы айтады. Сонымен, жалпы құрылыс саласы өсуінің бірнеше катализаторын белгілеуге болады: кең көлемді банктік және қорлық қаржыландырумен қатар экономиканың және ҚР ЖІӨ негізгі көрсеткіштерінің өсуі; азаматтық құрылыста, мұнайгаз және тау-кен өнеркәсібі салаларындағы жобаларды мемлекеттік қолдау; тікелей шетел және жеке инвестициялардың құйылуы арқылы құрылыс саласының тартымдылығын жақсарту; тиімді инновациялық жобаларды қолдану арқылы өндірістік қуаттарды жаңарту мақсатында құрылыс материалдары және құрылыс индустриясы кәсіпорындарына жағдай жасау және ынталандыруды қамтамасыз ету.

8. Құрылыс саласын несиелеу несие ресурстарына сұраныстың өсуі кезінде белсенді жүргізілді және жалпы несие портфелінде оның үлесі 2006 ж. 14% 2007 ж. 20% - ға дейін кеңейген. Осыған қарамастан банктік қаржыландырудың қысқаруы бойынша құрылыс секторының үлесі 2010 ж. 18%-ға дейін төмендеген. Құрылыс секторы 2011-2014 жж. тұрғын үй құрылысының даму бағдарламасымен қосымша қолданады, мұнда қаржыландыру көлемі 359 млрд. теңгеге тең. Бұл бағдарлама келесіні қарастырады: ұсыныс және де сұраныс жағынан теңгерімді тұрғын үй нарығын құру; құрылысқа жеке инвестициялар тарту және мемлекеттік-жеке серіктестікті ынталандыру; құрылыс аймақтарында инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту; жеке тұрғын үй құрылысын дамыту; халыққа ипотекалық несиелеудің қолжетімді болуын жоғарылату.

9. Құрылыс кешенін инвестициялаудың даму тиімділігінің экономикалық моделі ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық дамуының базалық сценарийі (0 сценарий) 2015 ж. дейін көзделген. Баламалық сценарийлер үшеу: сценарий 1 - инерциялық (сауықтыру); 2 сценарий – азық-түлік; 3 сценарий - кешенді. 2015 ж. дейін Қазақстан аймақтарындағы инвестициялық қызметті болжамдауды аймақтардың жұмыс орындарын құру және өмір сапасын жоғарылату қажеттіліктеріне қарай «төменгі жақтан», сонымен қатар меншікті инвестициялық ресурстарды құру және шетелдік қаржыландыру көздері мен негізгі капиталды тарту бойынша отандық экономика мүмкіндіктеріне қарай «үстіңгі жақтан» жүргізуге болады. Инвестициялық қызметті басқару үлгісі, біріншіден рационалды деңгейден асырып инвестицияға құралдарды қажетсіз ысырап етуді шектеуге шешім қабылдау, екіншіден, берілген шектеулер бойынша кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің тиімділігін басқаруға мүмкіндік береді.
Диссертацияның тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер тізімі:
1. Рынок строительства в Казахстане //Қорқыт Ата атындагы ҚМУ-нің Экономика және қашықтықтан оқыту институтының 20 жылдығына арналған «20жыл: экономикалық өрлеу және тәуелсіздік туы» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция. 25 қаңтар, Қызылорда, 2012ж.

2. Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысының дамуы //Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 75 жылдығына арналып өткізілген «Арал оңірі аймағының индустриалды - инновациялық даму басымдықтары» атты халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция. Қорқыт Ата атындагы Қызылорда мемлекеттік университеті, 18 мамыр, 2012 ж.
Резюме
диссертации на соискание академической степени магистра

Экономики и бизнеса по специальности 6МO50600 - «Экономика»

Бердиев Жасулан Абилазимович



Пути повышения эффективности инвестиционной деятельности в

строительной отрасли (на материалах Республики Казахстан)

Объект исследования – инвестиционная деятельность в строительной отрасли Республики Казахстан.

Предмет исследования – совокупность управленческих и экономических отношений при повышении эффективности инвестиционной деятельности в отрасли строительства.

Целью исследования является изучение направлений повышения эффективности инвестиционной деятельности и эффективного использования инвестиций в отрасли строительства.

Теоретической и методологической основой исследования явились труды зарубежных и отечественных ученых. При исследовании использовались указы Президента РК, постановления Правительства, законы и нормативные документы в отрасли строительства, а также принятые государством программы развития.

Научная новизна ислледования:

- уточнено понятие, раскрыты сущность и содержание инвестиционного процесса и определены основные принципы;

  • дана оценка эффективности инвестиционной деятельности в строительстве с учетом факторов влияющих на эффективность инвестиций;

  • на основе аналитического исследования рынка строительства разработаны предложения по улучшению механизмов привлечения инвестиций в эту отрасль;

  • разработана экономическая модель развития эффективности инвестирования строительного комплекса.

Научно-практическая значимость исследования. Для решения вопросов обеспечения эффективного развития инвестиционной деятельности отрасли строительства Республики Казахстан учтены и использованы выводы и предложения диссертации.

Апробация результатов исследования. Научно обоснованные предложения автора могут быть использованы в деятельности Кызылординского городского отдела строительства.
Summary
the dissertationfor the academic master's degree of of economy and business on 6MO50600 – «Economica» speciality
Berdiev Zhasulan
Ways of increasing of efficiency of investment activity in building branch (on material of the Republic of Kazakhstan)

Object of the research - investment activity in construction branch of the Republic of Kazakhstan.

Subject of the research - a complex of management and economic relations at increasing of efficiency of investment activity in construction branches.

Objective of the research is a study of the directions of increasing of efficiency of investment activity and efficient use investment in construction branches.

Theoretical and methodological basis of the research were a works of foreign and domestic scientist. At study were used edicts of the President of Kazakhstan, resolutions of Government, laws and normative documents in construction branches, also state program of the development.

Scientific novelty of the research:

- in it elaborated notion, reveal;open essence and contents of the investment process and certain main principles;

- estimation of efficiency of investment activity in construction with provision for factor influencing upon efficiency investment is given;

- on base of the analytical study of construction's market are designed offers on improvement of mechanism of attraction investment in this branch;

- economic model of the development of efficiency of investments building to complex is designed.

Scientific and practical significance. For decision on a matter of the ensuring the efficient development of investment activity of construction branches in Republics of Kazakhstan are taken into account and used findings and offers of thesises.

Aprobation of the results. Scientifically motivated offers of the author can be used in activity Kyzylorda town division construction.


Похожие:

Рефераты Қызылорда 2012 ж iconРефераты Қызылорда, 2012 ж
Мұнай-газ саласының қоршаған ортаға әсерін экономикалық бағалау (Қызылорда облысының мәліметтері негізінде)
Рефераты Қызылорда 2012 ж iconРефераты Қызылорда, 2012 жыл Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
Коммуникативті оқыту технологиясы негізінде оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту жолдары
Рефераты Қызылорда 2012 ж iconРефераты қызылорда, 2012 жыл Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік универститетінің
Білім магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациялық жұмыстың
Рефераты Қызылорда 2012 ж iconРефераты қызылорда, 2012

Рефераты Қызылорда 2012 ж iconРефераты қызылорда, 2012 ж

Рефераты Қызылорда 2012 ж iconРефераты қызылорда, 2012 ж

Рефераты Қызылорда 2012 ж iconРефераты қызылорда, 2012

Рефераты Қызылорда 2012 ж iconРефераты қызылорда, 2012
Охватывает методику развития речевых навыков
Рефераты Қызылорда 2012 ж iconРефераты ғылыми жетекші: техника ғылымдарының докторы, профессор М. Ж. Досжанов Қызылорда, 2012 ж

Рефераты Қызылорда 2012 ж iconРефераты қызылорда, 2012ж
Сыр еліндегі тарихи-сәулет мұраларын дәуірлеудің әдістемелік жаңаша пайымы (Қызылорда облысының материалдары бойынша)
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница