Лак және бояу жасау өндірісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1 тарау. Жалпы талаптар




НазваниеЛак және бояу жасау өндірісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1 тарау. Жалпы талаптар
страница1/6
Дата конвертации03.02.2013
Размер0.63 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6




Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің 2010 жылғы «18» қазандағы

№ 361 бұйрығымен

бекітілген

Лак және бояу жасау өндірісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары

1 - тарау. Жалпы талаптар
1. Талап:

лак және бояу жасау өндірісінің қауіпті өндірістік объектілерін жобалауға, құрылысына, пайдалануға, кеңейтуге, қайта салуға, техникалық қайта жабдықтауға, консервациялауға және жоюға таратылады.

2. Технологиялық процессті өңдеу, оның аппаратты ресімделуі, сөндіргіш құрылғылардың түрін таңдау мен оларды орналастыру орындары, бақылау құралы мен басқару технологиялық блоктардың жарылыс қауіпсіздігінің барынша аз деңгейін қамтамасыз етеді.

3. Жобалау ұйымымен әрбір технологиялық блок үшін энергетикалық деңгей бағасы жүргізіледі және осы Талаптың қосымшасында көрсетілген жалпы принциптерді ескере отырып, оның жарылыс қауіптілік санаты анықталады.

4. Технологиялық жүйеге, аппаратты безендіру, аварияға қарсы қорғаныс (бұдан әрі - АҚҚ) жүйесіне өзгеріс енгізу тек технологиялық процессті өңдеуші ұйыммен және жобаны өңдеуші жобалық ұйыммен келісілген жобалық құжаттама болған жағдайға ғана жүргізіледі.

5. Ұйымда әрбір жарылыс өрт қауіпті технологиялық объект үшін арнайы шарттарды ескере отырып, аварияның және авариялық жағдайдың алдын алу бойынша қажетті шаралар қарастырылатын, ал олар туындаған жағдайда желілеуді, тұтануды немесе жарылуды болдырмайтын, олардың салдарын барынша төмендететін аварияны тарату жоспары (бұдан әрі – АТЖ) өңделеді.

6. Технологиялық аппаратурада зиянды заттар болған кезде немесе олардың жарылыста, өртте және аварияда пайда болуы мүмкін жағдайларда жобамен және технологиялық регламентпен персоналды осы заттардың әсерінен қорғау шаралары қарастырылады.
2 - тарау. Технологиялық процесстердің жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
7. Лак және бояу жасау өндірісінің әрбір химия-технологиялық жүйесі үшін оның жарылыс қауіптілік деңгейін барынша азайтатын шаралар қарастырылады, бұл ретте:

технологиялық жабдықтың ішінде жарылыстар мен өрттердің алдын алу;

технологиялық жабдықты бұзылудан қорғау және одан авариялық қайта герметизациялау кезінде атмосфераға жанатын заттардың лақтырылуын барынша шектеу;

өндірістік ғимарат, имарат және сыртқы қондырғылар көлемінде жарылыстың және өрттің болу мүмкіндігін болдырмау;

өндірістік ғимарат, имарат және сыртқы қондырғылар көлемінде жарылыс және өрт салдарының ауырлығын төмендету.

8. Технологиялық процесстер технологиялық регламент бойынша жүзеге асырылады.

Регламентте өлшемдердің шекті мәндері, процесс өлшемдері өзгеруінің рұқсат берілетін ауқымы, процессті аппаратуралық безендіру, болуы мүмкін ақаулар және оларды түзету тәсілдері, өндірісті бақылау, технологиялық процессті басқару, өлшемнің белгіленген шектерден шығуын болдырмайтын тәсілдер мен құралдар, персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету анықталады.

9. Жекелеген технологиялық процессті немесе оның сатыларын жүргізудің жарылыс өрт қауіпті шарттары:

жарылыс өрт қауіпті қоспалардың немесе өнімдердің пайда болуын болдырмайтын немесе барынша төмендететін шарттардан шығатын өзара әрекет ететін компоненттерді ұтымды таңдаумен;

олардың регламенттелген мәндер мен жүйеде жарылыс қауіпті шоғырланудың пайда болуы қатынасынан ауытқу мүмкіндігін болдырмаумен, компоненттерді мөлшерлеудің ұтымды тәртібін таңдаумен;

жарылыс қауіпті қоспа пайда болуға кедергі келтіретін технологиялық ортаға қосымша заттарды (инертті газ) енгізумен;

ортаны ауыстыру мен компоненттерді араластыру тәсілдері мен тәртібін, тасқынның ағыны мен жылдамдығын, жылу ағынын, жылу алмасу бетінің жылу беру коэффициентін, аппараттардың геометриялық сипаттамасын ұтымды таңдауды;

оның жарылыс қауіпсіздігін төмендететін технологиялық орта (құрамы, қысым, температура) жағдайы өлшемдері мәндерін таңдаумен;

сенімді электрмен жабдықталумен қамтамасыз етіледі.

10. Аппаратқа инертті газды беру тәсілдері мен тәртібі технологиялық процесстің белгілі кезеңдерінде де, аппараттарды тоқтатуға және іске қосуға дайындау кезінде де жобамен және технологиялық регламентпен анықталады.

11. Әрбір технологиялық объект үшін инертті газдардың саны мен оларды тасымалдау жүйесі технологиялық жүйе жұмысының ерекшеліктерін есепке ала отырып, жобамен анықталады және регламенттеледі. Инертті орта параметрлері технологиялық процессті жарылыс қауіпсіздікпен қамтамасыз ету және сапалы өнім алу шартымен анықталады (немесе тотықтырғыш реакцияларды болдырмау есебімен). Барлық қабыршақ пайда болдыратын түрлер үшін 99,5 % және жартылай эфирлі шайыр үшін 99,9 % төмен емес инертті газда азоттың немесе басқа инертті заттың болуы.

12. Тұтанудың қауіпті көздерін болдырмау мүмкін емес жарылыс қауіпті орталы технологиялық жүйелер жарылысты ескерту және жабдық пен құбыр өткізгіштерді қорғау құралдарымен жабдықталады (жарылғыш сақтандырғыш мембраналарымен, жарылғыш клапандармен, ортаға инертті газды берумен, жалынды жайылтпау құралдарымен және т.б.).

13. Жанатын өнімдер (газ тәрізді, сұйық, қатты) айналатын, ауамен жарылыс қауіпті қоспа түзуге бейім химия-технологиялық жүйелер герметизацияланады.

14. Жабдықта жарылыстар мен өрттерді болдырмау шаралары процесстің жұмыс өлшемдері кезінде қолданылатын жарылыс қауіпті заттардың көрсеткішін есепке алумен өңделеді.

15. Ғимараттар үшін оларды үй-жайда жарылыс болған жағдайда бұзылудан қорғау бойынша шаралар құрылыс нормалары мен ережесі талаптарына сәйкес қабыладанады.

16. Қатты шаңды және дисперсті заттар қолданумен байланысты сатыда химия-технологиялық жүйе үшін үй-жай (жұмыс аумағы) атмосферасына жанатын шаңның түсуін барынша азайтатын шаралар мен құралдар, сыртқы қондырғылар және оның жабдық пен құрылыс конструкциясына жиақталуына, сондай-ақ механизацияланған шаң жинау құралдары, ауаның шаңдануын кезеңді бақылау және шаңды жинау тәртібі қарастырылады.

17. Әрбір технологиялық блок үшін оның энергетикалық потенциалын ескерумен жанатын өнімдердің ауаға лақтырылуын алдын алуға бағытталған немесе олардың санын барынша шектейтін, сондай-ақ жарлыстардың алдын алу мен өндірістік персоналдың жарақаттануын болдырмайтын шаралар өңделеді және құралдар қарастырылады.

Таңдалған шаралар мен құралдардың жеткіліктілігі әрбір нақты жағдайда жобаға негізделеді.

18. Технологиялық жарылыс қауіпті блоктар автоматты немесе автоматтандырылған реттеу жүйесімен, мағынасы процесстің жарылыс қауіптілігін анықтайтын өлшемдерді бақылау құралдарымен жабдықталады.

19. Жүйені қайтадан герметизациялау кезінде қоршаған ортаға жанатын және жарылыс өрт қауіпті заттардың лақтырылуын барынша азайту үшін технологиялық жүйеде:

жарылыс қауіпті блоктар үшін қашықта басқарылатын және іске қосылу уақыты 120 с артық емес бекіту немесе ажырату құрылғыларын орнату қарастырылады;

энергетикалық потенциалы Qb  10 мәнді блоктар үшін қол жетекті бекіту құрылғысын орнатуға рұқсат беріледі, бұл ретте рационалды орналастыру есебінен (оператордың жұмыс орнына барынша көп жақындау) оларды қозғалысқа келтірудің барынша көп уақыты, бірақ 300 с артық емес қарастырылады.

20. Жылдам тұтанатын және жанатын сұйықтар (бұдан әрі – ЖТС және ЖС) бар технологиялық блоктар мен жекелеген аппараттар үшін оларды авариялық босату қарастырылады.

Технологиялық блоктарды немесе аппараттарды босату қоймалық ыдыстарға аралық және шикізаттық (тауарлық) қоймаларға, аралас бөлімдердің технологиялық аппараттарына, осы өндірістің қондырғылары мен цехтарына немесе осы мақсатқа арнайы арналған авариялы немесе дренажды ыдыстарға сорғы немесе басқа кез келген тәсілмен жүргізуге рұқсат беріледі.

Авариялық ыдыстардың сыйымдылығы аппараттың барынша үлкен көлемі есебіне қабылданады. Оларды басқа мақсатқа пайдалануға рұқсат берілмейді.

21. Араластырған кезде жарылыс қауіпті қосылыстар тудыруға немесе өнім сапасын төмендетуге қабілетті желілерді булы газ ортамен қосуға рұқсат берілмейді.

Әр түрлі қысымды аппараттардан булы газ орталы желілерді қосқан кезде мұндай ағынның жоғары қысымды аппараттан басқа аппаратқа құйылуын болдырмайтын шаралар қарастырылады. Ортақ коллекторға біріктірілетін ЖТС және ЖС бар аппараттарынан дем алу желілерінде жалынның (оттың алдын алғыштар, гидробекіткіштер) таралуын болдырмайтын шаралар мен құралдар қарастырылады.

ЖСТ бар жабдықтан тыныстық лақтыру желілері сыртқа есепті биіктікке бірақ жабыннан немесе қызмет көрсету алаңынан, егер олар ғимараттың (имараттың) ең биік бөлігінен көлденеңі бойынша 6 м жақын болмай орналасса, 3 м кем болмай шығарылады.

22. ЖТС қолданумен байланысты жұмыс үй-жайларда жарылысқа дейінгі шоғырланудың автоматты дабыл бергіштері орнатылады.

3 - тарау. Жекелеген технологиялық процесстерге қойылатын талаптар

1 - параграф. Жанатын булы газ ортасын, сұйықтарды және ұсақ дисперсті қатты өнімдерді ауыстыру
23. Құбыр өткізгіш бойымен ауыстырылатын жанатын өнімдердің жылдамдығының, қысымының және температурасының рұқсат берілетін мәндері тасымалданатын заттардың жарылыс қауіптілік сипаттамасы мен физика-химиялық қасиетін есепке алумен белгіленеді.

24. Кристаллдануға бейім суыған өнімдер мен балқымаларды құбыр өткізгіштер бойымен ауыстыру (фталді және малеинді ангидридтер, канифоль), жылытылған құбыр өткізгіштер бойымен «құбыр құбырда» немесе құбыр өткізгіштердің қағылуы болдырмайтын жылу тасымалдағыш серіктермен жүзеге асырылады.

Жылыту мен жылу тасымалдағыш түрі тасымалданатын өнімнің физика-химиялық және өрт жарылыс қауіпті қасиеттерін есепке алумен таңдалады.

25. Кристаллданған өнімді жылыту (балқыту) үшін ашық отты пайдалануға рұқсат берілмейді. Жылыту алдында жылытылатын бөлікті құбыр өткізгіштер мен аппараттардың қиысқан бөліктеріндегі қысым көзінен (көздерінен) ажыратады және ақырындатады.

26. Сорғылар мен компрессорлар үшін конструкция мен конструктивтік материалдарды, тығыздағыш құрылғыларды таңдау тасымалданатын орта қасиетін және процесстің жұмыс өлшемдерін есепке алумен жүзеге асырылады.

27. Ауыстырылатын газды ортадан сұйық фазаны компрессордың соратын желісіне, вакуум-сорғыға, газ үрлеуге бөлу үшін қажеттілігі болғанда деңгейді бақылау аспаптарымен, барынша көп деңгей бойынша дабыл бергішпен және бұғаттау құралдарымен жабдықталатын сепараторлар, рессиверлер, каплеотбойниктер орнатылады.

28. Вакуум астында және ЖТС қолданумен байланысты өткізілетін, вакуумды реттеу мен алып тастау инертті газбен жүргізіледі.

29. Құбыр өткізгіштер мен аппараттардың ішкі бетінде шайыр өнімдерінің, полимеризацияның, поликонденсацияның жинақталуы болуы мүмкін жанатын заттар мен газдарды тасымалдау жүйесінде бұл жинақталулардан тиімді және қауіпсіз тазалау әдістер мен құралдары қарастырылады, бұл операциялардың кезеңді өткізілуіне белгіленеді.

30. Жылдам тұтанатын сұйықтарды қысу әдісімен ауыстыру инертті газ көмегімен жүзеге асырылады.

31. Күкірт, тұзды және басқа қышқылдарды сақтауға арналған резервуарлардың қышқылға төзімді астары болады. Резервуарлар тиеу сорғыларымен немесе сифон көмегімен босатылады.

32. Ұнтақ шаңданатын материалдарды тасымалдау үшін шаң бөлінуді болдырмайтын құрылғылар пайдаланылады.

Пигменттер өндірісінде ұнтақ және шаңданатын материалдарды тасымалдау герметизирленген тасымалдау құралдарымен жүргізіледі.

33. Қатты жанатын материалдарды ауыстыру жабдық пен коммуникация ішінде жарылыс қауіпті қоспа пайда болуды болдырмайтын тәсілдермен жүзеге асырылады.

Тасымалдау немесе флегматизации үшін инертті газды қолдану кезінде жүйеде оттектің болуын бақылайтын тәсілдер мен құралдар, оттек концентратының рұқсат берілгенге жеткен кезінде ауыстыру процесін тоқтататын шаралар қарастырылады.

34. Ұсақ дисперсті қатты жанатын материалдарды ауыстыру жүйесi оларға қабылдау аппараттарында бұл материалдардың жоғарғы рұқсат берілетін деңгейге жеткен кезінде немесе олардан түсіру процесін тоқтату кезінде берiлуін тоқтататын бұғаттаумен жабдықталады.

35. Жанып жатқан шаңды қысылған ауа немесе басқа да қысылған газ көмегімен, шаңның құйындауына және жарылыс қауіпті шаңды ауа қоспасының пайда болуына соқтыратын басқа тәсілдермен жоюға рұқсат берілмейді.

36. Шаңданатын өнімді себу және тасымалдау орындары пигмент өндірісінде герметизициялайды және аспирационды желдеткіш қондырғыларға қосылған қалқандармен жабдықталады.

Аспирационды ауаның жергілікті сорғыларының ұраларындағы ауа жылдамдығы 2 м/с аспайды.

37. Элеваторлар, жабық конвейерлердің осы жабдықтардың жұмыс істеп тұрғанын көрсететін құрылғысы болады.

38. Ленталы транспортерлердің олармен жабысатын материалдарды ауыстыру кезінде ленталарды тазалау үшін жабдығы болады.

Ленталы транспортерлермен қорғасын және хромы бар пигменттерді, басқа да улы материалдарды құрғақ та, паста сияқты түрде де ауыстыруға рұқсат берілмейді.

39. Бункерлерді жабдықтан ажырату үшін олардың арасына шиберлер немесе басқа да ұнтақ материалдардың ағуын жабатын бекіткіш құрылғылар орнатылады.

40. Нығыздалатын материалдарға арналған бункерлердің жинақталуды болдырмайтын ұшқын қауіпсіз жұмсақ құрылғысы болады.

41. Шаңды ұстап алатын камералардан өнімді түсіру механикаландырылады және герметизацияланады.

42. Пигмент өндірісінде сусымалы шикізатты тиеумен және тасымалдаумен байланысты қоректендіретін құрылғылар мен жабдықтар негізгі жабдықтың тоқтаған кезінде материал мен жағармайдың берілуін тоқтататын автобұғаттаумен жабдықталады.

2 - параграф. Материалды ортаны бөлу процесстері
43. Химиялық өнімдерді бөлудің технологиялық процесі (еріткіштерді айдау және басқа) жарылыс аумағынан тыс жүргізіледі. Ортаны бөлу дәрежесі мен жарылыс қауіпсіздік шаралары технологиялық регламентпен анықталады.

44. Суспензия мен сүзгіштікті ажыратуға арналған жабдық инертті орта параметрінің рұқсат берілмейтін ауытқуы кезінде суспензияның берілуін тоқтатуды және сөндіруді қамтамасыз ететін бұғаттаумен жабдықталады. Центрифугалар мен сепараторларда жарылыс қауіпті қоспаның аппараттың өзінде де үй-жайдың жұмыс аумағы атмосферасында да пайда болуын болдырмайтын шаралар қарастырылады.

3 - параграф. Масса алмасу процесстері
45. Технологиялық өлшемдердің регламенттелген мәндерден ауытқуы кезінде тұрақсыз жарылыс қауіпті қосылыстар пайда болуы мүмкін масса алмасу процесстерін жүргізу кезінде бұл өлшемдерді автоматты реттеу құралдары қарастырылады.

Технологиялық жарылыс қауіпті блоктар үшін процесстің көрсетілген өлшемдеріне автоматты бақылауды қамтамасыз ету және олардың рұқсат берілген мәннен асуы туралы дабылдаманың болуы кезінде реттеуді қолмен (өндірістік персоналмен) жүргізуге рұқсат беріледі.

46. ЖТС және ЖС бар ректификационды колонналар бақылау және автоматты реттеу құралдарымен (шаршы бөлігінде сұйық деңгейі мен температурасы өнім мен флегманы бөлуге түсетін температура); процесстің жарылыс қауіптілігін және колоннаның жоғарғы және төменгі бөліктерінде қысымның түсуін анықтайтын өлшем мәндерінің қауіпті ауытқуы туралы дабылдама құралдарымен жабдықталады.

47. Егер флегманы ректификация колоннасына берудің санкцияланбаған тоқтатылуы технологиялық процесстің белгіленген параметрлерінен рұқсат берілмейтін ауытқуға соқтыратын болса, флегманы берудің үзіліссіздігін қамтамасыз ететін шаралар қарастырылады.

4 - параграф. Араластыру, ұсақтау, орау процесстері
48. Жанатын өнімдерді араластыру әдістері мен тәсілдері, араластыратын құрылғылар жабдығының конструкциясы бұл өнімдердің тиімді араласуын қамтамасыз етеді және тоқырап қалған аумақтың пайда болуын болдырмайды. Егер араластыру процесі экзотермикалық процесстің ағуымен ілесетін болса қоспаның қызу желілі аумағының пайда болу мүмкіндігін, процесстің өзінен өзі қызуын болдырмауды қарастырады.

49. Араластырудың кезеңді процесінде өзінен өзі жылдамдайтын экзотермиялық реакциялардың даму мүмкіндігінде олардың басқарылмайтын ағынын болдырмау үшін аппаратураға жүктелетін заттардың реттілігі және рұқсат берілетін саны, реагенттерді жүктеу (түсу) жылдамдығы, салқындататын агенттердің берілуі регламенттеледі.

50. Жанатын өнімдерді, жанатын өнімдерді қышқылдармен араластыру процесстерінде компоненттердің қоспалар алдында автоматты реттеу қатынасы қарастырылады.

51. Дайын өнімнің бөлу-орау бөлімшелерінде пигмент өндірісі аспирация жүйесімен ұсталған пигменттің технологиялық процесске механикалық қайтарылуын қамтамасыз етеді.

52. Пигмент өндірісінің бөлу-орау бөлімшелері жеке үй-жайларда орналастырылады.

53. Дайын өнімді ыдысқа орау агрегаттары (қаптар, барабандар, контейнерлер) жергілікті сорғылармен жабдықталады. Бұл ретте милора, қорғасын крондары мен қышқылдар өндірісінде орау агрегаттарының шаңсыздануы сору желдеткішінің жеке жүйесімен жабдықталады.

54. Милора өндірісінде кептіру және бөлу-орау бөлімшелері газанализатор импульсінен жұмысқа автоматты қосылатын авариялық желдеткішпен жабдықталады.
  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Лак және бояу жасау өндірісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1 тарау. Жалпы талаптар iconЛак және бояу жасау өндірісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1 тарау. Жалпы талаптар
Технологиялық процессті өңдеу, оның аппаратты ресімделуі, сөндіргіш құрылғылардың түрін таңдау мен оларды орналастыру орындары, бақылау...
Лак және бояу жасау өндірісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1 тарау. Жалпы талаптар icon1-тарау. Негізгі талаптар Жалпы талаптар
Пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық тәсілмен қазу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Лак және бояу жасау өндірісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1 тарау. Жалпы талаптар icon1-тарау. Жалпы талаптар 1-параграф. Талаптың мақсаты мен қолданылу саласы
Бу және су жылыту қазандықтарын орнату және қауіпсіз пайдалану жөніндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Лак және бояу жасау өндірісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1 тарау. Жалпы талаптар iconХимия өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1 тарау. Жалпы талаптар
Жобалық және техникалық құжаттарға өзгерістер енгізу жұмыстары, жобалаушы ұйыммен келісе отырып, жобалау құжаттарына өндірістік қауіпсіздік...
Лак және бояу жасау өндірісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1 тарау. Жалпы талаптар iconМыс қорыту өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1-тарау. Жалпы талаптар
Мыс қорыту өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары (бұдан әрі-Талап) мыс өндірісін жобалауға, құрылысын салуға, пайдалануға,...
Лак және бояу жасау өндірісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1 тарау. Жалпы талаптар iconИлек өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1-тарау. Жалпы талаптар
...
Лак және бояу жасау өндірісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1 тарау. Жалпы талаптар iconСығымдау және сығу әдісімен өсімдік майын өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1 тарау. Жалпы ережелер
Осы сығымдау және сығу әдісімен өсімдік майын өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары (бұдан әрі Талаптар) өсімдік майын...
Лак және бояу жасау өндірісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1 тарау. Жалпы талаптар iconМетрополитендерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1-тарау. Жалпы талаптар
Осы Талап метрополитендерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікте қолданылады
Лак және бояу жасау өндірісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1 тарау. Жалпы талаптар iconӨнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1-тарау. Жалпы талаптар
Осы Талаптар жүк көтергіш машиналар мен тетіктерді, жүк қармауыш органдарды, құралдар мен ыдыстарды жобалауға, құруға, дайындауға,...
Лак және бояу жасау өндірісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1 тарау. Жалпы талаптар icon1-бөлім 1-тарау. Жалпы талаптар
Осы Талап қауіпті өнеркәсіптік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік жалпы талаптарын белгілейді
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница