Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 28 қазан




Скачать 121.64 Kb.
НазваниеҚарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 28 қазан
Дата конвертации04.02.2013
Размер121.64 Kb.
ТипДокументы



Қарағанды облысы әкімдігінің

2008 жылғы 28 қазан

29/02 қаулысымен

бекітілген

Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

«Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу»

1. Жалпы ережелер


  1. Осы стандарт уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін белгілейді.

  2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.

  3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 14-1-бабының негізінде жүзеге асырылады.

  4. Мемлекеттік қызметті «Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) және қалалар мен аудандардың жер қатынастары бөлімдері (бұдан әрі – Бөлімдер), тұрғылықты жері бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – ХҚО) көрсетеді. Басқарманың, Бөлімдердің және ХҚО-ның байланыс ақпараттары осы стандарттың 1,2-қосымшаларында көрсетілген.

  5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына акті беру немесе уәжделген бас тарту.

  6. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік жер пайдаланушыларға (тұқым шаруашылықтары мен асыл тұқымды зауыттарға) көрсетіледі.

  7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – он жұмыс күні ішінде:

1) ұсынылған құжаттарды тексеру және оларды Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Мемлекеттік жер ресурстары және жерге орналастыру ғылыми-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының шаруашылық жүргізу құқығындағы Қарағанды еншілес мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – «ҚарағандыжерҒӨО» ЕМК) және оның филиалдарына жіберу өтініштерді тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. «ҚарағандыжерҒӨО» ЕМК және оның филиалдарының байланыс ақпараттары осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген.;

кәсіпорын актіні үш жұмыс күні ішінде әзірлейді;

сараптама жүргізу және өтініш берушіге акті беру өтініш түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 40 минуттан көп емес;

3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 40 минуттан көп емес.

  1. Қызмет үшін ақы «ҚарағандыжерҒӨО» ЕМК тағайындаған бағамдарға сәйкес төленеді.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің осы стандарты Басқармада, Бөлімдерде, ХҚО-да және «ҚарағандыжерҒӨО» ЕМК-да, сондай-ақ Басқарманың сайтында орналастырылған.

  3. Мемлекеттік қызмет сенбі және жексенбі күнінен басқа, күн сайын, сағат 9.00-дан 18.00-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін үзілісімен көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау кезек тәртібінде, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

  4. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін келесі жағдайлар жасалынған: санитарлы-гигиеналық және өртке қарсы талаптарға жауап беретін күту орны (столдар, орындықтар), өтініштерді, бланкілерді толтыру үшін үлгілер, көрсеткіштер.

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, І және ІІ топтағы мүгедектерге кезектен тыс қызмет көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі


  1. Тұтынушылар мемлекеттік қызметті алу үшін төмендегідей құжаттар тізбесін ұсынады:

өтініш, уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беру туралы қаулыдан үзінді, сот шешімі, немесе жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын әзірлеуге тапсырыс бланкісі (жұмыстың жерге орналастыру түрлерін орындауға лицензиясы бар мекеменің бәсекелестік ортасында әзірленеді);

салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН), ереженің, статистикалық карточканың, заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.

Құжаттардың көшірмелері салыстыру үшін түпнұсқаларымен бірге беріледі.

Өтінішке бірінші басшы немесе оның орнын басатын тұлға қол қояды.

  1. Өтініштер бланкісін Басқармадан, Бөлімдерден, «ҚарағандыжерҒӨО» ЕМК -дан және ХҚО-дан алуға болады.

  2. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар және өтініш Басқарманың, Бөлімдердің, ХҚО-ның және «ҚарағандыжерҒӨО» ЕМК мамандарына осы стандарттың 1,2,3-қосымшаларында көрсетілген мекенжай бойынша тапсырылады.

  3. Өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетудің сұралған түрі, берілген құжаттардың аталуы мен аяқталған күні және анықтамалық қызмет телефонының нөмірі, сондай-ақ құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған қызметкердің аты-жөні көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

  4. Дайын құжаттарды беру Басқармада, Бөлімдерде немесе ХҚО-да қолхат пен тұлғаны растайтын құжатты көрсету арқылы жүзеге асырылады.

  5. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға құжаттарды ресімдеудегі қателер (түзетулер, өшірулер және т.б.), қажетті құжаттардың болмауы, алдын ала жалған мәлімет беру негіз бола алады.



3. Жұмыс қағидаттары

 

  1. Қызмет көрсету кезінде мемлекеттік органдардың қызметі келесі жұмыс қағидаттарына негізделеді:

адамның конституциялық құқықтары мен бостандығын сақтау;

қызметтік борышын орындау кезінде заңдылықтарды сақтау;

нақтылы және толық ақпарат беру;

ақпараттың қорғалуы және құпиялылығы.

4. Жұмыс нәтижелері


  1. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.



5. Шағымдану тәртібі


  1. Лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібіне түсінік, сондай-ақ шағымды дайындауға көмекті жоғары тұрған мемлекеттік органдарда – облыс, қалалар мен аудандар әкімі аппараттарынан алуға болады.

  2. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта бойынша немесе электронды түрде облыс, қалалар мен аудандар әкімдерінің атына беріледі. Қалалар мен аудандар әкімі аппаратының электрондық поштасының мекенжайлары осы стандарттың 5-қосымшасында көрсетілген.

  3. Шағымды қабылдауды растайтын құжат өтінішті қабылдау жөніндегі талон болып табылады, онда мемлекеттік органның атауы, өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі мен инициалдары, оның қабылдаған күні мен уақыты, телефондар көрсетіледі. Шағым Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңымен көзделген мерзімде қаралады.


6. Байланыс ақпараты


  1. Осы мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік органдардың және олардың жоғары тұрған органдарының байланыс деректері:

  1. Басқарманың, Бөлімдердің, ХҚО және «ҚарағандыжерҒӨО» ЕМК электрондық поштасының мекенжайы, заңды мекенжайы, телефондары осы стандарттың 1,2,3-қосымшаларында көрсетілген.

  2. қалалар мен аудандар әкімдерінің аппаратының веб-сайты, электрондық поштаның мекенжайы, заңды мекенжайы, телефондары, сондай-ақ әкімдердің азаматтарды қабылдау кестелері осы стандарттың 5-қосымшасында көрсетілген.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша қосымша ақпаратты тұтынушы «Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінде мына мекенжай бойынша ала алады: 100008, Қарағанды қаласы, Гогольа көшесі, 34, электрондық поштаның мекенжайы: uzo_kanc@krg.gov.kz, байланыс телефоны: (7212) 56 08 99.


Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартына

1-қосымша

Нұра ауданы жер қатынастары бөлімінің

байланыс деректері



Мемлекеттік мекеменің

атауы

Заңды мекенжайы,

телефон нөмірлері

Веб-сайт,

электрондық почта

«Нұра ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

100900, Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Киевка кенті, Сейфуллин көшесі, 34 үй

тел. (72144) 21195

www.nurinsk.kz.


Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартына

2-қосымша

«Қарағанды қаласының № 2 халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесінің Нұра аудандық филиалының байланыс деректері




Атауы

Мекенжайы

Басшының телефоны



«Қарағанды қаласының № 2 халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесінің Нұра аудандық филиалы

Қарағанды облысы,

Нұра ауданы,

Киевка кенті,

Сүлейменов көшесі, 2 үй

(721-44) 2-11-11,

2-13-13


Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартына

3-қосымша


«ҚарағандыжерҒӨО» ЕМК Нұра жер-кадастр филиалының

байланыс деректері




Атауы

Заңды мекенжайы

Телефон, факс

1

«ҚарағандыжерҒӨО» ЕМК Нұра жер-кадастр филиалы

100900,

Нұра ауданы,

Киевка кенті,

Сейфуллин көшесі,

32 үй

тел. (72144) 22536

факс (72144) 21195

Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартына

4-қосымша


Сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің мәні


Сапа және қолжетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні


Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1. Уақытылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)

100







1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі)

85







2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90







2.2. Құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)

100







3. Қолжетімділік

3.1. Қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

95







3.2. Тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)

80







3.3. Интернет арқылы қолжетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі)

100







4. Шағымдану үдерісі

4.1. Қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)

0,5







4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)

100







4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90







4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90







5. Сыпайылық

5.1. Қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90







Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартына

5-қосымша
Нұра ауданы әкімінің қабылдау кестесі және байланыс деректері


Мемлекеттік органның атауы

Заңды мекенжайы,

телефон нөмірлері


Басшылардың азаматтарды қабылдау кестелері


Веб-сайт,

электрондық почта

«Нұра ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

100900,

Қарағанды облысы,

Нұра ауданы,

Киевка кенті,

Мыңбаев көшесі, 44 үй

тел. (72144) 22631,

факс (72144) 21721

Әкім:

әр айдың соңғы бейсенбісінде

сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін



www.nurinsk.kz
nura_org@

krg.gov.kz






Похожие:

Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 28 қазан iconҚарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 28 қазан
«Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді ресімдеу»
Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 28 қазан iconҚарағанды облысы әкімдігінің 2007 жылғы 21. 12 №28/07 қаулысына 2 қосымша
«2008 жылға арналған облыстық бюджетті бекіту туралы» Қарағанды облыстық Мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы ІII сессиясының...
Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 28 қазан iconҚарағанды облысы Бұқар жырау және Қарқаралы аудандарының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдарындағы өзгерiстер туралы
Бiрлескен Қарағанды облысының әкiмдiгiнiң 2008 жылғы 13 маусымдағы n 17/03 қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының VIII сессиясының...
Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 28 қазан iconҚарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау – Қарағанды облысында тоқсан сайын белгіленетін кедейшілік шегінен төмен айлық орташа...
Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 28 қазан iconҚарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау – Қарағанды облысында тоқсан сайын белгіленетін кедейшілік шегінен төмен айлық орташа...
Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 28 қазан iconҚарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы № қаулысына
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қаңтардағы «Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы бекіту туралы»...
Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 28 қазан iconҚарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 2
Осы стандарт жер учаскелері туралы анықтама беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін белгілейді
Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 28 қазан iconҚарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 2
Осы стандарт жерді тұрақты пайдалану құқығына актілерді ресімдеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін белгілейді
Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 28 қазан iconҚарағанды облысы аудандарының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдарындағы өзгерiстер туралы
Бiрлескен Қарағанды облысының әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 7 желтоқсандағы n 27/05 қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының III сессиясының...
Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 28 қазан iconАқтөбе қаласының білім бөлімі бойынша БҰйрық
...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница