Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын немесе учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері




Скачать 134.28 Kb.
НазваниеОблыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын немесе учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері
Дата конвертации04.02.2013
Размер134.28 Kb.
ТипДокументы


Жоба

«Облыстың жергілікті атқарушы

органдарының жануарлар дүниесін

пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен

балық шаруашылығы су айдындарын немесе

учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және

балық шаруашылықтарының қажеттіліктері

үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде

шешімдер қабылдауы» мемлекеттік

қызмет көрсету регламентін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын немесе учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б. Жахановқа жүктелсін.

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қызылорда облысының

әкімі Б. Қуандықов

Қызылорда облысы әкімдігінің

2012 жылғы «___» __________№____ қаулысына

қосымша

«Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы»

мемлекеттік қызмет көрсету регламенті


1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі – Регламент) мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жергілікті атқарушы орган – Қызылорда облысының әкімдігі (бұдан әрі-ЖАО);

2) 1-инспекция - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық инспекциясы;

3) 2-инспекция - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық инспекциясы;

4) комиссия - жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бойынша конкурс өткізу үшін құрылған комиссия;

5) мемлекеттік қызметті алушы – жеке немесе заңды тұлға.

6) уәкілетті орган - «Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

7) уәкілетті органның орындаушысы – міндеттеріне жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдау бойынша құжаттарды ресімдеу кіретін уәкілетті органның маманы;

2. Жалпы ережелер

2. Осы Регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына және «Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 қаулысымен бекітілген «Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес әзірленді.

3. Мемлекеттік қызмет стандарттың 1-тармағына сәйкес ЖАО-мен көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті конкурс өткізу арқылы:

1) аңшылық алқаптарды бекіту кезінде 1-инспекция стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша;

2) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту кезінде (халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бойынша) 2-инспекция стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша;

3) жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бойынша стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ЖАО-ның мекенжайы бойынша көрсетіледі;

Арал, Каспий теңіздерінің, Зайсан, Балқаш көлдерінің, Алакөл көлдер жүйесінің, Бұқтырма, Шүлбі, Шардара, Қапшағай су қоймаларының және Қиғаш, Іле, Сырдария, Жайық өзендерінің балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурсты Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісімен құралатын комиссия өткізеді.

Жеке меншiктегi немесе жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелеріндегі аңшылық алқаптары олар белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес болған және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің ұсынымы болған кезде олардың өтінімі бойынша конкурс өткізусіз жергілікті атқарушы органның қаулысымен оларға бекітіліп беріледі.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет:

1) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 10-бабының 2-тармағы 4) тармақшасының және 40-бабының;

2) «Аң аулайтын алқаптарды бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу ережесін және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 40 қаулысының;

3) «Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізу ережесін және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы №102 қаулысының негізінде көрсетіледі.

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі ЖАО-ның аңшылық алқаптарды немесе балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін мемлекеттік қызмет алушыларға бекітіп беру туралы қағаз тасығыштағы қаулысы (бұдан әрі – қаулы) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап (бұдан әрі - бас тарту) болып табылады.

7. Мемлекеттік қызмет ақысыз түрде көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері мен барысы туралы ақпаратты стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ЖАО-дан, сонымен қатар Қызылорда облысы әкімдігінің www.e-kyzylorda.gov.kz ресми порталынан алуға болады.

9. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi стандарттың 7-тармағында көрсетілген.

10. Бас тарту үшін негіз стандарттың 17-тармағында келтірілген.

11. Мемлекеттік қызметті алушымен өтініш берілген сәттен бастап мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру сәтіне дейінгі мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

1) мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органға құжаттарды ұсынады;

2) комиссия хатшысы құжаттар пакетін тіркейді, құжаттар пакетін комиссияға ұсынады;

3) комиссия құжаттарды қарайды, хаттамалық шешім шығарады;

4) уәкілетті органның орындаушысы, хаттаманың негізінде қаулыны әзірлейді, қаулыны бекітуге ЖАО-ға ұсынады;

5) ЖАО қаулыны бекітеді, қаулы көшірмесін уәкілетті органға жолдайды;

6) уәкілетті орган орындаушысы, қаулының көшірмесін мемлекеттік қызмет алушыға береді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара іс-әрекет) тәртібінің сипаттамасы
12. Мемлекеттік қызметті алушы 1-инспекцияға немесе 2-инспекцияға немесе ЖАО-ға стандарттың 11-12 тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар:

конкурс өткізу кезінде – конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген мекенжай бойынша конкурстық комиссиясының хатшысына;

мемлекеттік қызмет алушыларға осы тұлғалардың жеке меншігіндегі немесе уақытша жер пайдаланудағы жер учаскелеріндегі аңшылық алқаптарын бекітіп беру кезінде, сондай-ақ олар бойынша бекітіп беру мерзімі аяқталған аңшылық алқаптарын қайта бекітіп беру кезінде стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша орналасқан тиісті инспекцияның кеңсесіне тапсырылады;

13. Мемлекеттік қызмет алушыға:

1) құжаттарды қабылдау нөмірін және күнін;

2) сұратылатын мемлекеттік қызмет түрін;

3) қоса берілген құжаттар санын және атауларын;

4) мемлекеттік қызметті алу күнін (уақытын) және құжаттарды беру орнын;

5) құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын;

6) мемлекеттік қызмет алушының тегін, атын, әкесінің атын (жеке тұлға үшін) немесе атауын (заңды тұлға үшін), байланыс деректерін көрсете отырып, қажетті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:

1) комиссия хатшысы;

2) комиссия;

3) уәкілетті органның орындаушысы;

4) ЖАО;

5) уәкілетті органның орындаушысы;

6)уәкілетті органның кеңсесінің қызметкері;

7) уәкілетті орагнның басшысы.

15. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімнің) орындалу мерзімі көрсетілген ҚФБ-тің әкімшілік іс-әрекеттер (рәсімдер) реттілігінің және өзара байланысының мәтінді кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

16. Функционалдық өзара іс-әрекет сызбасы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген және ол мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысын көрсетеді.

5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
17. 1-инспекциясының, 2-инспекциясының, ЖАО-ның басшылары (бұдан әрі – лауазымды тұлғалар) мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалар болып табылады.

Лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға жауапкершілікте болады.

18. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мәселелері бойынша әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану стандарттың 5-бөліміне сәйкес жүргізіледі.

«Облыстың жергілікті атқарушы органдарының

жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық

алқаптар мен балық шаруашылығы су

айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен

аңшылық және балық шаруашылықтарының

қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу

жөнінде шешімдер қабылдауы» мемлекеттік

қызмет көрсету регламентіне

1-қосымша
ҚФБ-тің әкімшілік іс-әрекеттер (рәсімдер) дәйектілігінің және өзара

байланысының сипаттамасы

1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы

Негізгі үдерістің іс-әрекетері (барысы, жұмыс ағыны)

1

Іс-әрекеттердің (барысы, жұмыстар ағыны) нөмірі

1

2

3

4

5

2

ҚФБ атауы

Комиссия хатшысы

Комиссия

Уәкілетті органның орындаушысы

ЖАО


Уәкілетті орган орындаушысы

3

Іс-әрекеттердің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттар пакетін тіркеу



Құжаттарды

қарау

Хаттаманың негізінде қаулыны әзірлеу

Қаулыны бекіту

қаулының көшірмесін мемлекеттік қызмет алушыға беру

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-әкімшілік шешім)

Құжаттар пакетін комиссияға ұсыну

Хаттамалық шешім шығару

Қаулыны бекітуге ЖАО-ға ұсыну

Қаулы көшірмесін уәкілетті органға жолдау


5

Орындалу мерзімі

20 күн

10 жұмыс күн ішінде


5 жұмыс күн ішінде


30 минуттан аспау керек


2-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы

Негізгі үдерістің іс-әрекетері (барысы, жұмыс ағыны)

1

Іс-әрекеттердің (барысы, жұмыстар ағыны) нөмірі

1

2

3

4

5

2

ҚФБ атауы

Уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері

Уәкілетті орган басшысы

Уәкілетті органның орындаушысы

ЖАО


Уәкілетті орган орындаушысы

3

Іс-әрекеттердің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Хаттаманы тіркеу

Хаттаманы

қарау

Хаттаманың негізінде қаулыны әзірлеу

Қаулыны бекіту

қаулының көшірмесін мемлекеттік қызмет алушыға беру

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-әкімшілік шешім)

Құжаттар пакетін басшыға ұсыну

Орындаушыны анықтау

ЖАО-ға бекітуге ұсыну

Қаулы көшірмесін уәкілетті органға жолдау


5

Орындалу мерзімі

30 минуттан аспайды



5 жұмыс күн ішінде


30 минуттан аспау керек


«Облыстың жергілікті атқарушы органдарының

жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық

алқаптар мен балық шаруашылығы су

айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен

аңшылық және балық шаруашылықтарының

қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу

жөнінде шешімдер қабылдауы» мемлекеттік

қызмет көрсету регламентіне

2-қосымша

Функционалдық өзара іс-әрекет сызбасы


Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі (барысы, жұмыс ағыны және ҚФБ-дің өзара іс-әрекеті)



Мемлекеттік қызмет алушы: құжаттарды ұсыну


Комиссия хатшысы: құжаттар пакетін тіркеу және комиссияға ұсыну






Комиссия құжаттарды қарау және хаттамалық шешім шығару

ЖАО қаулыны бекіту және қаулы көшірмесін уәкілетті органға жолдау



Уәкілетті органның орындаушысы, хаттаманың негізінде қаулыны әзірлеу қаулыны бекітуге ЖАО-ға ұсыну





Уәкілетті орган орындаушысы және қаулының көшірмесін мемлекеттік қызмет алушыға беру



Похожие:

Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын немесе учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері iconЖәне (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының
«Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ә. Е.Үсенғалиев) мемлекеттік...
Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын немесе учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері iconКонкурс өткiзу ережесiн және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы
Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекiтiп беру бойынша конкурс өткiзу
Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын немесе учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті мен Балық шаруашылығы комитетіне Қазақстан Республикасындағы ситес әкімшілік органының өкілеттілігін беру туралы
Азақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің 2009 жылғы 24 тамыздағы №472 бұйрығы
Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын немесе учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 мамырдағы №625 Қаулысы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы»
Аңшылық және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын немесе учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 мамырдағы №625 Қаулысы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы»
Аңшылық және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын немесе учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы №1428 Қаулысы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы»
Балық шаруашылығы су тоғандарында балық және басқа су жануарларын аулаудың 2011 жылға арналған лимиттерін бекіту туралы
Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын немесе учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2258 Қаулысы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы»
Балық шаруашылығы су тоғандарында балық және басқа су жануарларын аулаудың 2010 жылға арналған лимиттерін бекіту туралы
Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын немесе учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері iconЖергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы»
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 3 тармақшасына...
Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын немесе учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері iconБалық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің жағалаулық шекараларын білдіретін белгілер мен аншлагтардың үлгілерін
...
Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын немесе учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы Комитетi
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 26 наурыздағы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница