Регламентін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»




Скачать 309.23 Kb.
НазваниеРегламентін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
страница1/2
Дата конвертации04.02.2013
Размер309.23 Kb.
ТипРегламент
  1   2



Жоба

«Медициналық қызметке лицензия беру,

қайта рәсімдеу, лицензияның

түпнұсқасын беру» электрондық

мемлекеттік қызмет көрсету

регламентін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету регламенті бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары Р.Нұртаевқа жүктелсін.

3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4. «Қызылорда облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бастығы Қ.Жайсаңбаев осы қаулының облыс әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

Қызылорда облысының

әкімі Б. Қуандықов

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Көлік және коммуникация министрі

______________ А.Қ.Жұмағалиев

2012 жылғы «_____» ___________
Қызылорда облысы әкімдігінің

«____» ________ 2012 жылғы №______

қаулысына 1 қосымша

«Медициналық қызметке лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызметінің регламенті
1.Жалпы ережелер
1. Электрондық мемлекеттік қызметті «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының» (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) мемлекеттік мекемесімен, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы www.e.gov.kz мекенжайы бойынша және «е-лицензиялау» веб-порталы арқылы www.elicense.kz (бұдан әрі - ЭҮП ) мекенжайы бойынша көрсетіледі.

2. Электрондық мемлекеттік қызмет «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» (одан әрі - қызмет) мемлекеттік қызметінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 қыркүйегінен бастап бекітілген «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтерге стандарттарды бекіту туралы» (бұдан әрі - Стандарт) №1173 стандарты негізінде көрсетіледі.

3. Қызметтің автоматтандырылуының дәрежесі: ішінара автоматтандырылған

4. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі: транзакциялық.

5. Осы «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызметінің регламентінде (бұдан әрі - Регламент) қолданылатын түсініктер мен қысқартулар:

1) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, беру және тапсыру үшін арналған жүйе (бұдан әрі – АЖ);

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық біріктірілген үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті ұсынатын бірыңғай терезені сипаттайтын ақпараттық жүйе (бұдан әрі-ЭҮП);

3) «Е-лицензиялау» веб-порталы – берілген, қайта рәсімделген, тоқтатылған, қайта басталған және әрекет етуін тоқтатқан лицензиялар, сондай-ақ лицензиарлар беретін лицензиялардың сәйкестендірме нөмірін орталықтандырып қалыптастыратын лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын лицензиаттың филиалдары, өкілдіктері туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе (бұдан әрі-АЖ МДҚ «Е-лицензиялау»);

4) «электрондық үкіметтің» шлюзі – электрондық қызметтерді жүзеге асыру шеңберінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелерін интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЭҮШ);

5) «электрондық үкімет» төлемдік шлюзі – банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын мекемелердің, екінші деңгейдегі банктердің өзара ақпараттық жүйелермен әрекетін және «электрондық үкімет» физикалық, заңды тұлғаларының төлемдер жасауын қамтамасыз етуге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе (ЭҮТШ);

6) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры - ақпараттарды жинақтау, сақтау және өңдеуге, Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын, Қазақстан Республикасы

аумағындағы қызметін жүзеге асыратын филиалдарын, жеке біріккен кәсіпкерлік өкілдіктерін және субъектілерін біртұтас идентификациялауды енгізу және олар туралы мемлекеттік басқару органдары мен өзге де субъектілерге олардың өкілеттіктері шеңберінде және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзекті және нақты мәліметтер беру мақсатында бизнес сәйкестендіру нөмірлердің Ұлттық тізілімін құруға арналған автоматтандырылған жүйе (бұдан әрі – ЗТ МДҚ);

7) «жеке тұлғалар» мемлекеттiк дерекқоры – ақпаратты автоматтандырылған түрде жинау, сақтау және өңдеу, Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғалардың бiрыңғай сәйкестендiрме нөмiрлерiн енгiзу және олар туралы көкейтестi және шынайы мәлiметтердi мемлекеттiк басқару органдарына және өзге субъектiлерге олардың өкiлеттiктерi шеңберiнде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес беру мақсатында жеке сәйкестендiрме нөмiрлерiнiң Ұлттық тiзiлiмiн жасауға арналған ақпараттықжүйе (бұдан әрi – МДҚ ЖТ);

8) Халыққа қызмет көрсету орталығының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі - Қазақстан Республикасының халыққа қызмет көрсету орталығы, сондай-ақ мемлекеттік органдар арқылы халыққа (жеке және заңды тұлғаларға) қызмет көрсету процессін автоматтандыру үшін арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ХҚКО ЫАЖ);

9) алушы – электрондық мемлекеттiк қызмет көрсетiлетiн жеке тұлға немесе заңды тұлға;

10) жеке сәйкестендiру нөмiрi – жеке тұлға, оның iшiнде жеке кәсiпкерлiк түрiнде өзiнiң қызметiн жүзеге асыратын жеке кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр (бұдан әрi - ЖСН);

11) бизнес–сәйкестендіру нөмірі – бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметтерді жүзеге асыратын жеке кәсіпкер және заңды тұлға (филиал мен өкілдік) үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі - БСН);

12) пайдаланушы – оған қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оларды қолданатын субъект (бұдан әрі - пайдаланушы);

13) транзакциялық қызмет – электрондық сандық қолтаңбаны қолданумен электрондық ақпараттық ресурстар арқылы ақпараттармен өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет;

14) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңбаның құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның мазмұнының тұрақтылығы мен тиесілілігін растайтын электрондық сандық таңбалардың жиынтығы (бұдан әрі - ЭЦҚ);

15) электрондық құжат – ондағы ақпарат электронды-сандық үлгіде берілген және электрондық сандық қолтаңбамен куәландырылған құжат;

16) мемлекеттік электрондық қызмет – ақпараттық технологияларды пайдаланумен электрондық үлгіде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер;

17) электронды нысандағы лицензия – қағаз жеткізгіштегі лицензияға тең, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып рәсімделетін және берілетін электрондық құжат нысанындағы лицензия;

18) Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйе – нотариалдық қызметтерді автоматтандыруға және әділет басқармасы мен нотариалды палатаның бірлескен іс-әрекетіне арналған аппараттық-бағдарламалық кешен (бұдан әрі – БНАЖ).

19) құрылымдық-функционалдық бірліктер – мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне қатысатын уәкілетті органдардың, мекемелердің немесе басқа да кәсіпорындардың құрылымдық бөлімдерінің тізімі (бұдан әрі - ҚФБ);

20) автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі- АЖО);

21) «электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзі – жергілікті атқарушы органдардың ішкі жүйелері/кіші жүйелері жергілікті атқарушы органның электрондық қызмет көрсету үрдісіне қатысатын орталық мемлекеттік органдардың сыртқы ақпараттық жүйелері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді (бұдан әрі-ЭҮӨШ).
2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету жөнінде қызмет көрсетуші әрекетінің тәртібі
6. Қызмет берушiнiң ЭҮП арқылы қадамдық әрекеттерi мен шешiмдерi (ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету кезiндегi функционалдық өзара әрекет жасаудың № 1 диаграммасы) осы Регламенттiң 2-қосымшасында келтiрiлген:
1) алушы ЭҮП - на тiркеудi компьютердiң интернет-браузерiне бекiтiп қойған өзiнiң ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң көмегiмен жүзеге асырады (ЭҮП-ке тiркелмеген алушылар үшiн жүзеге асырылады);

2) 1 - үдеріс – алушының ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн компьютердiң интернет-браузерiне бекiтуi, мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушының ЭҮП-на парольдi енгiзуi (авторландыру үдерiсi);
3) 1- шарт – логин (ЖСН\БСН) және пароль арқылы (қабылдау процесі) тіркелген тұтынушы туралы мәліметтердің түпнұсқалылығын ЭҮП-да тексеру;

4) 2 - үдеріс – тұтынушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты, ЭҮП - да авторландырудан бас тарту хабарламасын қалыптастырады;

5) 3 - үдеріс – тұтынушының осы Регламентте «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ -де көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электронды түрде қоса беруі;

6) 4 - үдеріс – ЭҮТШ-де электрондық мемлекеттiк қызмет төлемақысын жасау, сосын бұл ақпарат «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ - на келiп түседi;

7) 2 - шарт – «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-да көрсетiлген электрондық мемлекеттiк қызметтiң төлемақысын тексеру;

8) 5 - үдеріс – «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-да көрсетiлген электрондық мемлекеттiк қызмет үшiн төлемақы жүргізілмеген жағдайда сұрау салынған электрондық мемлекеттiк қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;

9) 6 - үдеріс – тұтынушының сауалды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

10) 3 - шарт - ЭҮП-да ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң әрекет ету мерзiмiн және тiзiмде қайтарып алынған (күшi жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң болмауын, сондай-ақ сауалда және ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН\БСН арасындағы сәйкестендiрме деректерге сәйкес келуiн тексеру;

11) 7- үдеріс – тұтынушының ЭЦҚ шынайылығының расталмауымен байланысты сұрау салынған электрондық мемлекеттiк қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;
12) 8 - үдеріс – ЭЦҚ көмегiмен сауалдың толтырылған нысанын (енгiзiлген деректердi) қызмет көрсету үшін куәландыруы (қол қоюы);

13) 9 - үдеріс – «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-ғы электрондық құжатты (алушының сауалын) тiркеу және «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-ғы сауалды өңдеу;
14) 4 - шарт – тұтынушының бiлiктiлiк талаптарына және лицензия беру негiздерiне сәйкестiгiн қызмет берушiнiң тексеруi;

15) 10 - үдеріс - «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-дағы тұтынушының деректерiнде бұзушылықтардың болуымен байланысты сұрау салынған электрондық мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;

16) 11 - үдеріс – тұтынушының «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-да қалыптастырған электрондық мемлекеттiк қызмет нәтижесiн (электрондық лицензияны) алуы. Электрондық құжат қызмет берушiнiң уәкiлеттi тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдаланумен құрастырылады.
7. Қызмет беруші арқылы әрбір қадамдық әрекеттері мен шешімдері (электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекеттесудің № 2 диаграммасы) осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген:

1) 1- үдеріс– қызмет көрсетушi қызметкерiнiң электрондық мемлекеттiк қызметтi алу үшiн «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ логинi мен паролiн енгiзу үдерiсi (авторландыру үдерiсi);
2) 1 - шарт – «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-да логин және пароль арқылы қызмет берушінің тіркелген қызметкері туралы мәліметтердің түпнұсқалылығын тексеру;

3) 2 - үдеріс – қызмет беруші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторлаудан бас тарту туралы хабарламаны «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ - да қалыптастыру;

4) 3 - үдеріс – қызмет берушi электрондық мемлекеттiк қызметкерiнiң осы Регламентте көрсетiлген электрондық мемлекеттiк қызметтердi таңдауы, қызмет көрсетуге арналған сауал нысанын экранға шығаруы және алушының деректерiн енгiзуi сонымен қатар алушының өкілі сенімхатының деректері (нотариалдық куәландырылған сенімхат кезінде, сенімхат өзге куәландырылған кезде сенімхат деректері толтырылмайды);

5) 4 - үдеріс - тұтынушы туралы мәліметтер сұранысының ЗТ МДҚ\ЖТ МДҚ-ғы сонымен қатар БНАЖ-гі өкіл сенімхатының куәландырылған деректерінің ЭҮШ арқылы бағытталуы;

6) 2 - шарт - ЗТ МДҚ\ЖТ МДҚ-да тұтынушы мәліметтерінің және БНАЖ-де куәландырылған деректерінің бар болуын тексеру;

7) 5 - үдеріс - ЗТ МДҚ\ЖТ МДҚ-да тұтынушы мәліметтерінің, БНАЖ-де куәландырылған деректерінің болмауына байланысты мәліметтерді алуға мүмкіндіктің жоқ екендігі туралы хабарламаның құрылуы;

8) 6 - үдеріс – сауал нысанын құжаттардың қағаз нысанында болуын белгiлеу бөлiгiнде толтыру және қызмет берушi қызметкерiнiң алушы ұсынған қажеттi құжаттарды сканерлеуi және оларды сауал нысанына бекiтуi;

9) 7 - үдеріс - «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-да сұрау салуды тiркеу және «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-да қызметтi өңдеу;

10) 3 - шарт - алушының бiлiктiлiк талаптарына және лицензия беру негiздерiне сәйкестiгiн қызмет берушiнiң тексеруi;

11) 8 - үдеріс - «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-да алушының деректерiнде бұзушылықтардың болуымен байланысты сұрау салынған электрондық мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;
12) 9 - үдеріс - алушының «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-да қалыптастырған электрондық мемлекеттiк қызмет нәтижесiн (электрондық лицензияны) алуы. Электрондық құжат электрондық мемлекеттiк қызмет берушiнiң уәкiлеттi тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдаланумен құрастырылады.

8. ХҚКО-ның электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету кезiндегi адамдық әрекеттерi мен шешiмдерi (функционалдық өзара iс-қимылдың № 2 диаграммасы) осы Регламентке 1-қосымшада келтiрiлген:

1) 1 – үдеріс – Орталық операторының қызмет көрсету үшiн «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ - на логинi мен паролiн енгiзу үдерiсi (авторландыру үдерiсi);

2) 2 - үдеріс – Орталық операторының осы Регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызметтi көрсету үшiн сұрау салу нысанын экранға шығаруы және деректердi енгiзуі;

3) 3 - үдеріс - тұтынушы туралы мәліметтер сұранысының ЗТ МДҚ\ЖТ МДҚ-ғы деректерінің ЭҮШ арқылы бағытталуы;

4) 1 - шарт - ЗТ МДҚ\ЖТ МДҚ-да тұтынушы мәліметтерінің бар болуын тексеру;

5) 4 – үдеріс - ЗТ МДҚ\ЖТ МДҚ-да тұтынушы мәліметтерінің болмауына байланысты мәліметтерді алуға мүмкіндіктің жоқ екендігі туралы хабарламаның құрылуы;

6) 5 - үдеріс – Орталық операторының сауал нысанын құжаттардың қағаз нысанында болуын белгiлеу бөлiгiнде толтыру және алушы ұсынған қажеттi құжаттарды сканерлеуi және оларды сауал нысанына бекiту және ЭЦҚ көмегiмен сауалдың толтырылған нысанын (енгiзiлген деректердi) қызмет көрсету үшін куәландыруы;

7) 6 - үдеріс – Орталық операторының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжатты (тұтынушының сұрау салуын) ЭҮШ арқылы «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-да қызметтi өңдеуi;

8) 7 - үдеріс - «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-да электронды құжаттарды тiркеу;

9) 2 - шарт - алушының құжаттарын Стандарт және қызмет көрсету негiздерiне сәйкестiгiн қызмет берушiнiң тексеруi;

10) 8 - үдеріс - «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-да алушының деректерiнде бұзушылықтардың болуымен байланысты сұрау салынған электрондық мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;

11) 9-үдеріс – Орталық операторы арқылы алушының «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-да қалыптастырған қызмет нәтижесiн (электрондық лицензияны) алуы.

9. Сұраныстардың толтырылу үлгілері және қызметке жауаптар «Электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz. веб-порталында, «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталында келтірілген, сонымен қатар ХҚКО-ғы арқылы;

10. Сұрау салу өңделгеннен кейін алушыға сұрау салуды өңдеу нәтижелерін мынадай түрде қарау мүмкіндігі ұсынылады:

«ашу» батырмасын басқаннан кейін сұрау салу нәтижесі дисплей экранына шығарылады;

«сақтау» батырмасын басқаннан кейін сұрау салу нәтижесі алушы енгізген магниттік тасығышта Adobe Acrobat форматында сақталады.

11. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қажетті ақпаратты және консультацияны саll-орталықтың (1414).телефоны бойынша алуға болады

 

3. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету процесінде
өзара әрекеттесу тәртібінің сипаты
11. Қызмет беру процесіне қатысатын ҚФБ:

1) ЭҮП;

2) ЭҮШ;

3) ЭҮТШ;

4) АЖ МДҚ «Е-лицензиялау»;

5) ЗТ МДҚ;

6) ЖТ МДҚ;

7)ХҚКО;

8)Қызмет көрсетуші;

12. Әрекеттер (рәсімдер, функциялар, операциялар) кезектілігінің мәтінді кестелі сипаты әрбір әрекетті орындау мерзімін көрсете отырып, осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.

13. Әрекеттердің олардың сипатына сәйкес қисынды кезектілігі арасындағы өзара байланысты (электрондық мемлекеттік қызметті көрсету процесінде) көрсететін диаграмма осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.

14. Алушыларға қызмет көрсету нәтижелері осы Регламентке
3-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімдік көрсеткіштерімен өлшенеді.

15. Тұтынушыларға көрсетілетін қызметтер процестеріне қойылатын талаптар:

1) қорғалушылық (ақпаратты рұқсатсыз алудан қорғау);

2) біртұтастылық (ақпаратты рұқсатсыз өзгертуден қорғау);

3) қолжетімділік (ақпаратты және ресурстарды рұқсатсыз ұстап қалудан қорғау).

16. Қызмет көрсетудегі техникалық талаптар:

1) Интернетке шығу;

2) электрондық лицензия берілетін тұлғада ЖСН/БСН бар болуы;

3) ЭҮП-мен қабылдауда болу;

4) пайдаланушының ЭЦҚ бар болуы;

5) екінші деңгейдегі банкте банктік карточкасының немесе ағымдағы шотының болуы.
______________________



Электрондық мемлекеттік қызметтің
  1   2

Похожие:

Регламентін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» iconРегламентін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес бұйырамын
Регламентін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» iconРегламентін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес бұйырамын
Регламентін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» iconРегламентін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабына сәйкес, бұйырамын
Регламентін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» iconРегламентін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес, Ақмола облысының...
Регламентін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» iconРегламентін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес Қостанай облысының...
Регламентін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» iconРегламентін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
«Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге тұруға ыхтиярхаттар беру» мемлекеттік...
Регламентін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» iconРегламентін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
«Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы»2010 жылғы 26 қазандағы №1116 қаулыларына сәйкес Шығыс Қазақстан...
Регламентін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» iconРегламентін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
«Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, көлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін...
Регламентін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» icon«Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы
Азақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабының 4-тармағына сәйкес, БҰйырамын
Регламентін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» iconРегламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабын іске асыру мақсатында БҰйырамын
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница