Теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы «Лицензиялау туралы»




Скачать 74.71 Kb.
НазваниеТеле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы «Лицензиялау туралы»
Дата конвертации04.02.2013
Размер74.71 Kb.
ТипДокументы
Теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 3) тармақшасына және «Телерадио хабарлар тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қосымша тіркелген теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

  2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсімов


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің      

2012 жылғы « »

№ қаулысымен   

бекiтiлген  

Теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары

1. Теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметке лицензия алуға үміткер жеке және заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары мыналардан тұрады:

1) тиісті дипломдардың, сертификаттар мен аттестаттардың көшірмелерімен, еңбек кітапшасындағы жазбалармен расталған, телерадиохабарларын тарату саласында бейіндік жоғары немесе орта арнайы білімі және мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық тәжірибесі бар, жалпы саны кемінде үштен бір бөлікті құрайтын инженер-техник мамандардың болуы;

2) телерадио хабарларын тарату саласындағы қолданыстағы стандарттарға сәйкес, теле-, радиоарналар хабарларының техникалық сапасын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер;

3) төтенше жағдайлар кезінде халықты хабарландыруды ұйымдастыру сызбасы және оларды сақтау бойынша міндеттемелер;

4) телерадио хабарларын тарату жүйесін ұйымдастыру сызбасы;

5) теле-, радиоарнаны теле-, радиоарна меншігімен ретрансляциялауға (көпбағдарламалы хабар тарату үшін) арналған алдыңғы шарттардың көшірмелері;

6) уәкілетті органда шетелдік теле-, радиоарналарды тіркеу туралы анықтамалардың көшірмесі (шетелдік теле-, радиоарналарды таратуда);

7) нысанға өтініш берушінің мүліктік құқығын орнататын немесе оны жалға алуы құжаттармен расталған ғимараттар мен алаңдар (техникалық құралдарды орналастыру және пайдалану үшін, әкімшілік-басқару қызметкерлері үшін, халыққа қызмет көрсету орындары);

8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшеу жүйесі тізіліміне енгізілген, бақылау-өлшеу және сынақ жұмыстарын өткізу үшін (өтініш берушіге тиесілі меншік құқығымен немесе тиісті келісімшарт болған жағдайда жалға алу) метрологиялық базаны қамтамасыз ету жөніндегі міндеттеме;

9) мынадай мазмундағы ақпаратты қамтитын, түсіндірме жазба:

кәсіпкерлік субъектілеріне тиістілігі (шағын, орта, ірі);

құрылатын желінің атауы (эфирлі, кабельді, спутникті);

хабар тарату аумағы;

желі түрі, қолдаланылатын стандарттар;

даму кезеңдері бойынша, таратылатын теле-, радиоарналардың тізбесі және қысқаша сипаттамалары;

қолданылатын шартты қол жетімді жүйелер;

желіні пайдалану және басқару жүйесін ұйымдастыру принципі;

желі сыйымдылығы және/немесе қосылушылардың саны, оның ішінде даму кезеңі бойынша;

Қазақстан Республикасының аумағындағы басқа телерадио хабарларын тарату және байланыс операторларының желісіне, жалпы пайдалану телекоммуникация желілерінің өзара әрекеті;

станцияаралық байланыстарды ұйымдастыру тәсілі (өтініш берушінің өзге желілердің жалға алынған арналарынан нақты техникалық құралдарын пайдалану арқылы телерадио хабарларын таратудың желілерінің жеке құралдары бойынша)

өтініш берушінің желісін өзге телерадио хабарларын тарату операторларының желісіне қосуды ұйымдастыру тәсілі (әріптестік мүмкіндігін дәлелдейтін құжаттардың көшірмесі қосымша тіркелуі тиіс);

жиілікті иеленуге қажетті жабдықтардың тізбесі;

бас станцияларға желіде таратылатын телерадиохабар тарату теле-, радио арналарын жеткізу тәсілдері мен көзі;

санитарлық паспорт (жиілікті иелену арқылы жабдықты қолдану кезінде).

10) жерсеріктік байланыс арналарын пайдалану жағдайында:

пайдаланылатын жасанды жер серіктерінің атауы, орналасуы және тиесілігі, олардың тұру нүктесі, қызмет аумағы;

жерсеріктік оператор ұсынған қабылдау-тарату спутниктік станцияларының желісінде пайдаланылатын трансмиссиялық жоспарлар көшірмелері;

қолданылатын жерсеріктік ресурстардың даму кезеңдері бойынша өсу көлемі (қолданылатын спутниктік ресурс көлемі);

арнаның орташа ақпараттық жылдамдығы;

спутниктік жүйенің энергетикалық сипаттамасы.
__________________________

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қосымша

2012 жылғы « »



Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

1. «Телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 18 шiлдедегi № 607 қаулысы («Егемен Қазақстан» 2007 ж. 17.08., № 259-260 (24833).

2. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 18 шiлдедегi № 607 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 23 сәуiрдегi № 577 Қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ 2009 ж., № 20, 181-құжат).

3. «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 18 мамырдағы № 427 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 34, 268-құжат).

4. «Телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн және оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 18 шiлдедегi № 607 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 қарашадағы № 1352 қаулысы («Егемен Қазақстан» 2011 ж. 27.12., № 653-654 (27046).
___________________


«Теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысы жобасына

АНЫҚТАМА-НЕГІЗДЕМЕ
«Теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасымен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылады, оның ішінде:

«Телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 18 шiлдедегi № 607 қаулысы («Егемен Қазақстан» 2007 ж. 17.08., № 259-260 (24833).

«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 18 шiлдедегi № 607 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 23 сәуiрдегi № 577 Қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ 2009 ж., № 20, 181-құжат).

«Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 18 мамырдағы № 427 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 34, 268-құжат).

«Телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн және оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 18 шiлдедегi № 607 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 қарашадағы № 1352 қаулысы («Егемен Қазақстан» 2011 ж. 27.12., № 653-654 (27046).

Қазақстан Республикасының үкіметінің жоғарыда көрсетілген шешiмдерiнiң күшi жойылу себебі, «Телерадио хабарлар тарату туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне телерадио хабарларын тарату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарымен (бұдан әрі – Заңдар) телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметтінде лицензиялау талап ететін мәселелер қайта қарастырылды.

Атап айтқанда, телерадио хабарларын таратуды ұйымдастыру бойынша лицензия эфирлік тарату үшін, соңдай-ақ телерадио хабарларын тарату операторы үшін әмбебап болды. Сонымен бірге, аталған телерадио хабарларын тарататың субъектілер әр түрлі қызметті іске асырды.

Заңдармен телерадио хабарларын тарату операторларын ғана лицензиялау және теле-, радиоарналарды лицензиялауды жоюлуы (теле-, радиоарналарды қызметтін қалыптастыру) ұсынылады.

«Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңда отандық теле-, радиоарналарды есепке қою тәртібі ескерілген. Заңның аталған нормасы жаңа теле-, радиоарналарды құру процедурасын оңтайландыруға бағытталған, бұл ретте отандық телерадио хабарларын дамуына мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» Заңына тиісті түзетулер енгізілді.

«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 1 тармағына сәйкес нормативтік құқықтық актінің қабылдануына байланысты нормативтік құқықтық актілер немесе олардың құрылымдық бөліктері, егер олар жаңа нормативтік құқықтық актіге енгізілген құқық нормаларына қайшы келсе немесе оларда қамтылса, күші жойылды деп танылады.

Жоғарыда айтылғанға байланысты «Телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 18 шiлдедегi № 607 қаулысы, оған сәйкес бұрынғы телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекітілді, сондай-ақ жоғарыда аталған қаулыға өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша Қазақстан Республикасының Қаулылары күшін жою туралы тануға қойылады.

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және ақпарат министрі Д. Мыңбай

Похожие:

Теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы «Лицензиялау туралы» iconАудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы»
Республикасының «Лицензиялау туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық...
Теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы «Лицензиялау туралы» iconШитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 ақпандағы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
Теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы «Лицензиялау туралы» iconЖүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы және «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы...
Теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы «Лицензиялау туралы» iconЖәне оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы №544 Қаулысы
Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі және оған қойылатын біліктілік талаптары
Теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы «Лицензиялау туралы» iconБілім беру қызметіне қойылатын лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Азақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес...
Теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы «Лицензиялау туралы» iconМедициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Егемен Қазақстан" газеті 15. 01. 2010 ж., №10-11 (25857); "Казахстанская правда" от 27. 01. 2010 г., №17 (26078); Қазақстан Республикасының...
Теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы «Лицензиялау туралы» iconАудиторлық қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
РҚао-ның ескертуі. Бұл қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз
Теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы «Лицензиялау туралы» iconВетеринария саласындаєы ќызметті лицензиялау ережесін жјне оєан ќойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Лицензиялау туралы Ќазаќстан Республикасыныѕ 2007 жылєы 11 ќаѕтардаєы Заѕыныѕ 6-бабына сјйкес Ќазаќстан Республикасыныѕ Їкіметі Ќаулы...
Теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы «Лицензиялау туралы» iconКодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы»
«Теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандартын...
Теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы «Лицензиялау туралы» icon1311 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: «Өнеркәсiп саласындағы жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы»
«Өнеркәсiп саласындағы жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы»...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница