Бесқарағай ауданының әкімі К. Б. Байгонусовтың халық алдындағы есептік баяндамасы Құрметті жерлестер! Мемлекет басшысының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»




Скачать 255.7 Kb.
НазваниеБесқарағай ауданының әкімі К. Б. Байгонусовтың халық алдындағы есептік баяндамасы Құрметті жерлестер! Мемлекет басшысының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»
страница1/3
Дата конвертации05.02.2013
Размер255.7 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3
Бесқарағай ауданының әкімі К.Б. Байгонусовтың халық алдындағы есептік баяндамасы

Құрметті жерлестер!

Мемлекет басшысының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдау аясында және жергілікті атқарушы органдары басшыларының халықтар алдында есеп беру кездесулерін өткізу туралы Жарлығын орындау мақсатында, атқарушы органдардың алдында тұрған, 2011 жыл ішінде атқарылған жұмыстар мен 2012 жылға арналған міндеттер туралы баяңдауға рұқсат етіңіздер.

Барлық салалардағы бюджеттің орындалуына бағытталған бағдарламалар толығымен орындалып, осының нәтижесінде біз ауданның әлеуметтік-экономикасының тұрақты дамуына қол жеткіздік.

Бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту үшін қосымша қаражаттар іздестіру туралы облыс әкімінің тапсырмасын орындау жұмыстары жүргізіліп, осының нәтижесінде бюджетке қосымша 15 млн. 937 мың теңге қаражат түсті.

Бюджет

Аудандық бюджеттің өзіндік кіріс бөлігі- 105,5%-ға немесе 264 млн. 386 мың теңгеге орындалып, 2010 жылмен салыстырғанда 41млн. 399 мың теңгеге өсті.

2011 жылы аудан бюджеті түсім жағынан 1 млрд. 817 млн. 864 мың теңгені құрап, жоспар 100,8 %-ға орындалды.

Аудан бюджеті шығыс бөлігі бойынша 2011 жыл ішінде 1 млрд. 825 млн.558 мың теңгеге немесе 100 % орындалды, бұл 2010 жылдың ұқсас кезеңінде 1млрд. 719 млн.184 мың теңгені немесе 100% құраған болатын.

Ауданда дебиторлық және кредиторлық қарыздар жоқ, бюджет саласындағы қызметкерлердің жәрдемақылар мен еңбекақылар уақытында төленуде.

Ауыл шаруашылығы

Агроөнеркәсіп кешені ауданның негізгі саласы болып табылады, сондықтан аграрлық секторды дамыту үшін маңызды жұмыстар атқарылуда.

Жалпы ауыл шаруашылық өнімі 2011 жылы 7 млрд.929 млн. 400 мың теңгені құрап, 2010 жылмен салыстырғанда үлес салмағы 497 млн. 900 мың теңгені құрады.

-2012 жылғы 1 қаңтарға ірі қара мал бастары 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 303 басқа немесе 100,9 %-ға артып, 32,4 мың басты құрады, қой мен ешкі бастары 403 басқа немесе 100,9%-ға артып, 44,2 мың басты құрады, жылқы басы-7,5 басқа немесе 99,2 %-ға орындалды, құс- 32 мың басты құрап, 858 басқа артты немесе 102,8%-ды құрады.

Статистикалық мәліметтер бойынша ет өнімдері 2012 жылғы 1 қаңтарда 7 мың 230 тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 52,5 тоннаға артты немесе 100,7%, сүт – 42 мың 872 тоннаны немесе 101,4 пайызды құрады, жұмыртқа – 3 млн. 706 мың немесе 111,6 пайызды құрады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыру мақсатында тиісті шаралар қолданылуда. Бұл тапсырмаларды шешу үшін малдарды асылдандыру істерін ұйымдастыру және оның аясын кеңейтудің маңызы зор.

Ауданда 2011 жылғы 15 желтоқсанда асыл тұқымды зауыт статусын алған, «Мукинов» шаруа қожалығының базасында асыл тұқымды қазақтың жылқыларын өсіретін 1 асыл тұқымды зауыт және 4 асыл тұқымды шаруашылық бар, оның ішінде:

- 3 асыл тұқымды шаруа қожалық, олар: «Лана», «Мукинов» және 1 «Ас Ай и К» ЖШС-гі ет бағытындағы асыл тұқымды қазақтың ақ бас сиырларын өсірумен айналысады. 2011 жылы «Мукинов» шаруа қожалығымен Тарбағатай, Абай аудандарының шаруашылықтарына 89 бас ірі қара малдардың төлдерін берді;

-2011 жылы «Каликанулы» шаруа қожалығы Ресей Федерациясынан сүт бағытындағы асыл тұқымды 111 қызыл ала мал бастарын сатып алды. Ол 2012 жылы Ресей Федерациясынан тағы да 80 бас ірі қара мал сатып алуды жоспарлауда. Осы шаруашылық 2011 жылғы қарашада сүт бағытында асыл тұқымды мал өсіру шаруашылығының статусын алды.

Ауданда «Арбиев Е.Т.» шаруа қожалығы базасында «қазақтың ақ бас асыл тұқымды ірі қара малдары мен герефордтық тұқымды өсіру бойынша тұқымды шаруашылықты құру» жобасы әзірленді, жобаның құны 1 млрд.679 млн.892 мың теңгені құрайды. Бұл жобамен 1 мың 565 бас шетел іріктеміл тұқымды малды сатып алуды жоспарлауда. Жобаны іске асыру кезеңі 2012-2022 жылдар. Қазіргі уақытта құжаттар жиналуда, шетел іріктеміл асыл тұқымды малдарды әкелу 2012 жылғы қыркүйек-қараша айларына жоспарлануда.

2011 жылы шаруа қожалықтарымен Бородулиха ауданының «Сахновское» асыл тұқымды шаруашылығынан ет бағытындағы өндіруші- 19 бұқа, Павлодар облысының «Галицкое» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің асыл тұқымды шаруашылығынан 12 бұқа сатып алынды.

Ет өнімдерінің өнімін кеңейту мақсатында 2012 жылы «Мукинов» шаруа қожалығы (басшысы Х.К.Мукинов) Ресей Федерациясында герефордовттық тұқымды 5 бұқаны сатып алуды жоспарлауда.

«Бернгардт» шаруа қожалығы (А.Д.Бернгардт) Өскемен қаласының «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалына асыл тұқымды ірі қара малды толықтыру үшін 8 млн.500 мың теңге сомаға несиелік ресурстарды алу үшін құжаттарын жіберді.

Қазіргі уақытта шаруа қожалықтарынан «Ауыл шаруашылықты қолдау қоры» АҚ-ға тұқымды ірі қара малдарды сатып алуға 8 млн.теңге сомада несие ресурстарды алуға 2 өтінім түсті.

Шаруашылықтарда ірі қара малдар үшін малдарды бордақылайтын 12 алаң жұмыс істейді, 2011 жылы 2000 бас ірі қара мал бордақыланып, ет өнімінің көлемін арттыру жұмыстары атқарылуда, «Ас Ай және К» ЖШС-ның асыл тұқымды шаруашылығы «КазАгроФинанс» АҚ арқылы ірі қара малды бордақылаумен шұғылдануды және 300 бас ангус асыл тұқымды ірі қара мал басын сатып алуды жоспарлауда.

Барлық жоспарланған малдарды қатаң мал азығымен қамтамасыз ету үшін ауданда барлық жағдайлар жасалған.

2011-2012 жылдары қыстаққа ауданның тұрғындарымен және шаруа қожалықтарымен жоспарланған 85 мың тоннаның 98 мың 600 тонна қатаң мал азығы дайындалып, жоспар 116,0% орындалды. Жоспарланған 2 мың тонна пішендеме 100% орындалды. Бүгінгі күні қыстақ толық жеткілікті қатаң азығымен өткізілуде.

Жыл сайын сауын сиырларының бастары көбеюде, 2011 жылдың қорытындысы бойынша ол 16355 басты құрап, 153 басқа артты немесе 100,9%. Сауын сиырларының санын өсіру бойынша барлық шаралар қолданылуда, сауынды сиырлардың басын өсіру олардан алынған сүттерді өңдеу мәселесіне байланысты болып отыр.

Қазіргі уақытта ауданда 3 тауарлы-сүт фермалары жұмыс істейді («Балке», «Саят», «Калиханулы»). «Саят», «Калиханулы» шаруа қожалықтарымен өз қаражаттары есебінен сүт өнімдерін орау жабдықтары орнатылды.

Аналық ірі қара мал бастарын арттыру жөнінде жұмыстар жүргізілуде-бұл осы жылғы өзекті мәселе.

Генетикалық әлеуетті жақсарту үшін «Калиханулы» шаруа қожалығында жасанды ұрықтандыру пункті жұмыс істейді, ұрықтандыруда «Моноцервикальный» әдісі қолданылады, «Таурус Сервис» Америкалық компаниясының, атап айтқанда Айширский асыл тұқымды бұқаларының өнімдері қолданылады.

Осы мақсатқа ауданның ауылдық округтеріне 9 жасанды ұрықтандыру пункттері үшін қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды.

3 тауарлы –сүт фермаларында, олар: «Балке», «Саят», «Калиханулы» шаруа қожалықтарында 610 сауын сиырлары бар, олар негізінен 111 бас асыл тұқымды қызыл, 200 бас асыл тұқымды қара ала және 299 бас асыл тұқымды сүт бағытындағы симментал сиырлар.

Капиталдық шығындарды талап етпейтін бағыттардың бірі-шағын-құс фабрикаларын дамыту. Осы мақсатқа Глуховка ауылының Старая Крепость ауылында жеке кәсіпкер А.Н.Титовпен 2010 жылы 800 бас жұмыртқалағыш-тауықтарға арналған шағын құс фермасы салынды.

Жыл басынан бері «Бесқарағай ауданының «Ветеринарлық қызметі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны жұмыс істеп, мына қызметтерді атқаруда:

- ауданның ветеринарлы-санитарлық жағдайын қамтамасыз ету;

-аса қауіпті эпизотикалық аурулардың диагностикасын іске асыру;

-дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау жұмыстарын жүргізу;

-қаңғыма иттер мен мысықтарды ұстау, оларды жож жұмыстарын атқару.

Ауданда 15 мал сою пункттері жұмыс істейді. 2012 жылы Бесқарағай

ауылында ауданның барлық ауылдық округтерін қамтамасыз ететін ветеринарлық дәріханалар ашу жоспарлануда.

Ауданның барлық ауылдарында мал қорымдары бар, соңғы 2 жылда осы

мақсатқа жергілікті бюджеттен 3 млн.теңге сомада қаражат бөлінді, 8 елді мекендерде мал қорымдарын жаңалау жүргізілді, 2012 жылы жергілікті бюджеттен мал қорымдарын жаңалау үшін 2,0 млн.теңге бөлінді. Сонымен бірге 2012 жылдың наурыз айында жергілікті бюджеттің есебінен құны 5,0 млн. теңге болатын ДУК автомашинасын сатып алуға қаражат бөлінетін болады.

Малдарды бірдейлендіру жұмыстары жалғастырылуда.

2011 жылы 26000 бас ірі қара малдарды бірдейлендіріліп, мәліметтердің компьютерлік базасына енгізілді. 2012 жылы қосымша 18 мың сырғалар, паспорттар алынып, бүгінгі күні ірі қара малдарды сырғалау жұмыстары жүргізілуде. Орталық серверді сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 420 мың теңге бөлінді. Мал шаруашылығы және агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мәселелері үнемі аудан әкімі аппаратының бақылауында болады. Агроөнеркәсіптің жоғары бір саласы- өсімдік шаруашылығы болып табылады.

- 2012 жылға ауыл шаруашылық дақылдарының егістік жер көлемі 42,5 мың гектарды құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 0,8 мың гектарға артық. Дәнді дақылдар 21,4 мың гектар немесе өткен жылмен салыстырғанда 0,7 мың гектарға, 2011 жылы майлы дақылдарының егістік көлемі 8,4 мың гектарды, көкөніс 0,4 мың гектарды немесе 0,04 мың гектарға артылды, бақша дақылдары 0,140 мың гектарды, картоп 0,8 мың гектарды құрап, 0,05 мың гектарға артылды, мал азығы дақылдары 11,3 гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 4,93 мың гектарға артылды.

Бүгінгі күні дәнді-дақылдар тұқымымен қамтамасыз етілу 80 пайызды құрайды, күнбағыс тұқымымен қамтамасыз етілуі 77 пайыз. Жетіспейтін дәнді –дақылдарының және күнбағыс тұқымдары облыс тұқым шаруашылықтарынан сатып алынатын болады.

- І, ІІ, ІІІ репродукциялы дәнді-дақылдарының тұқымдарымен қамтамасыз ету үшін «Айгерим» шаруа қожалығының базасында тұқым шаруашылық мәртебесін қалпына келтіру жоспарлауда. Осы шаруашылық элиталық тұқымын және І-репродукциялы тұқымдарын сатып алуға жоспарлауда;

-2012 жылдың егістік өніміне ауданның шаруа қожалықтары 74 тонна миниралды тыңайтқышты енгізуді жоспарлап отыр. Бүгінгі күні 74 тонна миниралды тыңайтқыш үшін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына тапсырыс берілді;

-ауданда сиымдылығы 1 мың 700 тонна болатын 3 көкөніс- картоп сақтау қоймалары жұмыс істейді. Шаруа қожалықтары күзгі мезгілде көкөніс, картоп өнімдерін Семей қаласының сауда орындарында сатады. «Семей», «Лана-2» шаруа қожалықтары сиымдылығы 2000 тонна болатын көкөніс, картоп сақтау қоймаларының құрылысын жоспарлауда.

Барлық қаржыландыру көздерінен ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту жұмысы жүргізілуде, оның ішінде:

- соңғы жылдары «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы арқылы 4- МТЗ-82 тракторы, 2 - СК-Нива комбайны, «Агромаш холдинг» арқылы 2 - престеуші-бодборщик, топырақ өңдеу техникасы, тұқым тазалағыш, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы 1 - жүйектеуіш, 1 - көшет отырғызғыш агрегаттары сатып алынды. 2012 жылы ауданның шаруа қожалықтарымен «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы арқылы 3- МТЗ-82 тракторын, 1 - МТЗ-1221, 1 - БДМ -7,2, 1 картоп жинау комбайнын, 1картоп отырғызғыш, картоп іріктеу қондырғысын, 1 шашыратқыш ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға өтінімдер берілді.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдейтен алдыңғы қатарлы озық технологияларды енгізу үшін 2012 жылы тиісті шаралар қолданылуда:

- 2011 жылы ауданның шаруа қожалықтарымен ылғал қорын сақтау технологияларын сақтаумен 2,0 мың гектарға дәнді дақылдар егілді, 2012 жылы 2,5 мың гектарға дәнді- дақылдар егу жоспарлануда, бұл 0,5 мың гектарға артық немесе өсімі- 125 %;

- суармалы жерлерді кеңейтуге аса назар аударылуда.

Бүгінгі күні жер балансының мәліметтері бойынша ауданда есептелетін 17,1 мың гектар суармалы жерлердің, 2011 жылы 1,2 мың гектары суарылды немесе 2010 жылмен салыстырғанда өсімі 340 гектарды құрады. 2012 жылы суармалы дақылдардың көлемін 2 мың 200 гектарға ұлғайту жоспарлануда;

-соңғы жылдары суарудың озық түрінің бірі болып саналатын –тамшылатып суару технологиясын енгізу бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

2011 жылдың ішінде тамшылатып суару көлемі 104 гектарға артты. Суарудың бұл түрі 2 ауылдық округте дамуда.

Келешекте тамшылатып суарудың көлемін 250 гектарға жеткізу қарастырылуда.

Облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың бастамасымен Семей қаласында азық-түлік белдеуін құру бағдарламасын дамыту үшін:

-«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданында «Жаңбыр» агроөнеркәсіптік кешенінің құрылысы» жобасы жүзеге асырыла бастады. Осы жоба жергілікті инвестициялық жобалардың тізбесіне енгізілді. Жобамен Семияр ауылдық округінің байырғы Семияр және Кривинка кеңшарларының аумағындағы 4041 гектар болатын суармалы жерлерді суару үшін суару жүйелерін қалпына келтіру қарастырылған. Ұзындығы 59,7 шақырым суару жүйелерін қайта жаңалау және негізгі сорғы (насос) стансасын қалпына келтіру, инфрақұрылым нысандарының қосымша құрылысы жоспарлануда.

Жобаның мақсаты өздері өндіретін жоғары сапалы азық-түлік өнімдеріне деген Қазақстан халқының сұранысын қамтамасыз ету болып табылады.

Бұл Қазақстан нарығын жоғары сапалы өнімдермен толтырып, азық-түлік қауіпсіздігінің артуына, сонымен бірге өңір тұрғындарының өмір сүру деңгейлерінің жақсартылуына ықпал етеді.

Жобаның құны 1 млрд.154 млн.теңге.

Құрылыстың басталуы 2012 жылдың екінші жарты жылдығында жоспарлануда.

Ауданда ірі капиталды кредиттерден басқа шағын кредиттік ресурстар түсуде:

- «Бесқарағай-несие» несие серіктестігі 2011 жылы 3 шаруа қожалығына

5 млн.500 мың теңге бөлсе, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы «Егінжай» бағдарламасы бойынша 4 шаруа қожалығы

3 млн.100 мың теңге сомаға, сондай-ақ, «ҚазАгро» акционерлік қоғамынан «Лана» шаруа қожалығы 35 млн.557 мың теңге сомаға несие алды;

-«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша ет бағытындағы ірі қара малдарды өсіріп, көбейту үшін 10 жоба бойынша 10 млн. 600 мың теңге несие бөлінді.

Жүктелген тапсырмаларды шешудің негізі- ауыл шаруашылығы маңызындағы жерлерді тиімді пайдалану болып табылады.

2011 жылы жалпы көлемі 5 мың 333 гектар жер, оның ішінде 914 гектар

егістік жер телімдері иесіз ретінде есепке қойылды. Есепте тұру мерзімдерінің аяқталуына байланысты жалпы көлемі 12 мың 896 гектар ауыл шаруашылығы алқаптары, оның ішінде 4 мың 551 гектар егістік жер телімдері арнаулы қор жеріне енгізілді. Қазіргі уақытта 8 мың 13 гектар ауыл шаруашылығы алқаптары есепте тұр, оның ішінде 1 мың 824 гектар егістік.

ШАҒЫН БИЗНЕС
2012 жылғы 1 қаңтарға 1071 шағын кәсіпорын субъектілері жұмыс істейді, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 4,8 пайызға арттырылды. Тіркелген шағын бизнес кәсіпорындарының саны 48 бірлікті құраса, бұл 2010 жылы олардың саны 54 бірлікті немесе 88,9 пайызды құраған болатын, оның ішінде жұмыс істейтін кәсіпорындар 25 бірлік, 2010 жылы 30 бірлік немесе 83,3 пайызды құрады.

Қазіргі уақытта ауданда жұмыс істемейтін кәсіпорындарды жою бойынша жұмыстар атқарылуда. Салық басқармасының мәліметтері бойынша жылдың басынан бастап заңды тұлғалардан жою туралы 2 өтініш түсті.

Ауданда шағын бизнесті дамытуды қолдау мақсатында «Бесқарағай несие» несиелік серіктестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Азиалық несие қоры» шағын несиелік ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Береке» Қазақстан шағын несие ұйымы қоғамдық қоры жұмыс істейді. 2011 жыл ішінде «Бесқарағай несие» несиелік серіктестігімен 2 өтініш берушіге 5 млн. 500 мың теңге сомада, «Азиалық несие қоры» шағын несиелік ұйым» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы 2011 жылы 32 млн.916 мың теңге сомада 296 несие берілсе, «Береке» Қазақстан шағын несие ұйымы қоғамдық қоры арқылы 969 өтініш берушіге 98 млн.110 мың теңге сомада несие берілді.

«Бизнес-2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде ауданда ауданның жұмыс істейтін және қызметтерін алғашқы бастайтын кәсіпкерлер үшін 2 күндік ақысыз экспресс-курстар 3 кезеңде өткізілді. Экспресс-курстың қорытындылары бойынша 53 адам сертификат алды. Осы іс-шаралардың өткізілуі қызметтерін алғашқы бастайтын кәсіпкерлерге бастама беріп, жаңа сауда дүңгіршіктері мен басқа да шағын бизнестің нысандарын ашуға мүмкіндік берді.

2011 жылы ауданда шағын және орта бизнестің 14 нысандары пайдаланымға енгізілді, жалпы 43 жұмыс орын (жаңа қазіргі замандағы автомай құю стансасы, 1 сауда кешені, 5 дүкен, 3 сауда дүңгіршегі, дәріхана дүңгіршегі, киім-тігу цехы) құрылды.
  1   2   3

Похожие:

Бесқарағай ауданының әкімі К. Б. Байгонусовтың халық алдындағы есептік баяндамасы Құрметті жерлестер! Мемлекет басшысының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» iconҚұрметті есепке қатысушылар! Мемлекет басшысының «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»
Аудан әкімі А. Бекбосыновтың «Катонқарағай ауданының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылға арналған...
Бесқарағай ауданының әкімі К. Б. Байгонусовтың халық алдындағы есептік баяндамасы Құрметті жерлестер! Мемлекет басшысының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» iconӘлеуметтiк-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты
Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы "Әлеуметтiк-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Қазақстан халқына...
Бесқарағай ауданының әкімі К. Б. Байгонусовтың халық алдындағы есептік баяндамасы Құрметті жерлестер! Мемлекет басшысының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» iconМемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі
Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына...
Бесқарағай ауданының әкімі К. Б. Байгонусовтың халық алдындағы есептік баяндамасы Құрметті жерлестер! Мемлекет басшысының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» iconАстана қаласы Мәдениет басқармасының Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жетілдіру – Қазақстан дамуының басты бағыты!»
«Әлеуметтік-экономикалық жетілдіру – Қазақстан дамуының басты бағыты!» Жолдауын
Бесқарағай ауданының әкімі К. Б. Байгонусовтың халық алдындағы есептік баяндамасы Құрметті жерлестер! Мемлекет басшысының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» iconҚазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысын ақпараттық...
Бесқарағай ауданының әкімі К. Б. Байгонусовтың халық алдындағы есептік баяндамасы Құрметті жерлестер! Мемлекет басшысының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» iconМемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Бесқарағай ауданының әкімі К. Б. Байгонусовтың халық алдындағы есептік баяндамасы Құрметті жерлестер! Мемлекет басшысының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» icon«бекітемін» Үржар ауданының әкімі Б. Т. Жанақов қаңтар 2012 жыл
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Президент Жолдауын
Бесқарағай ауданының әкімі К. Б. Байгонусовтың халық алдындағы есептік баяндамасы Құрметті жерлестер! Мемлекет басшысының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» icon«Бекітемін» Үржар ауданының әкімі
...
Бесқарағай ауданының әкімі К. Б. Байгонусовтың халық алдындағы есептік баяндамасы Құрметті жерлестер! Мемлекет басшысының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» iconДоклад акима Бескарагайского района К. Б. Байгонусова перед населением ҚҰрметті жерлестер!
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталған Жолдауы әр саланы жаңғыртып, жаңа серпін әкелуді...
Бесқарағай ауданының әкімі К. Б. Байгонусовтың халық алдындағы есептік баяндамасы Құрметті жерлестер! Мемлекет басшысының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» icon«Бекітемін» Үржар ауданының әкімі Б. Т. Жанақов 2012 жыл
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауына...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница