Аудан әкімінің ауыл тұрғындарының жиындарында есеп беру баяндамасы құрметті жерлестер, ауылдастар! Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2009 жылы халыққа арнаған «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға»




Скачать 138.12 Kb.
НазваниеАудан әкімінің ауыл тұрғындарының жиындарында есеп беру баяндамасы құрметті жерлестер, ауылдастар! Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2009 жылы халыққа арнаған «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға»
Дата конвертации05.02.2013
Размер138.12 Kb.
ТипДокументы
Аудан әкімінің ауыл тұрғындарының жиындарында есеп беру БАЯНДАМАСЫ

Құрметті жерлестер, ауылдастар!
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2009 жылы халыққа арнаған «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Жолдауының аясында және жергілікті атқарушы органдары басшыларының халықтар алдында есеп беру кездесулерін өткізу туралы жарлығын орындау мақсатында аудан көлемінде өткен 2009 жылдағы атқарылған істермен 2010 жылға арналып, айқындалған басты мәселелерге тоқталуға рұқсат етіңіздер.

Осы кезеңге арналған бюджетпен, барлық саланың бағдарламалары толығымен орындалып, ауданның бірқалыпты әлеуметтік-экономикалық дамуына қол жеткізілді.

Атап айтқанда, аудан бюджетінің өзіндік кірісі жоспар бойынша 172,2 млн.теңгенің орнына 181,9 миллионға артығымен орындалып, 102,1 пайызға артты. Және де облыс әкімінің қосымша қаражаттар іздестіру, бюджеттің кіріс бөлігін арттыру туралы тапсырмасы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып, қосымша бюджетке 16 млн.теңге түсуі қамтамасыз етілді.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Ауыл шаруашылығы аудан экономикасының негізгі саласы болған және болып қала береді.

Жалпы ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 2009 жылы 5,0 млрд. теңгені құрап, 2008 жылмен салыстырғанда өсім қарқыны 133 пайызға ұлғайды.

2009 жылы ет өнімдері – 6,8 мың тонна болып, 2008 жылмен салыстырғанда – 101,0 пайызды, сүт – 40,5 тонна немесе 103,9 пайызды, жұмыртқа – 3,6 млн. дананы немесе 104,7 пайызды құрады.

2009 жылы ірі қара мал саны – 31,8 мың басқа жетіп, 2008 жылмен салыстырғанда - 101,7 пайызға, қой мен ешкі – 43,8 мың басқа немесе – 112,7 пайызға, жылқы – 7,2 мың басқа немесе – 109,8 пайызға, шошқа – 1,9 мың басқа немесе – 81,2 пайызға, құс – 30,1 мың басқа немесе – 106,6 пайызға артты.

Асыл тұқымды малдар мен оның өнімділігін арттыру үшін құрылған ауданда 7 қолдан ұрықтандыру пункттері жұмыс істейді.

Соңғы жылдары бұл жұмыстардың өзінің жемістерін беруінің арқасында, асыл тұқымды малдардың тұқымдары алына бастады.

2009 жылы «Лана», «Лариса», «Мукинов» шаруа қожалықтары қазақтың ақ бас сиырын өсіруде асыл тұқымды шаруашылық статусын алды.

2010 жылда «Мукинов» шаруа қожалығы «Жәбе» асыл тұқымды жылқы және қылшық жүнді ет бағытында «Байыс» қойына асыл тұқымды шаруашылық мәртебесін алуды жоспарласа, «Балке» шаруа қожалығының (Тоқашев О.Н.) базасында сүт бағытындағы асыл тұқымды ірі қара малдар шаруашылығын ашу қолға алынып, қазіргі уақытта малдардың сапасын анықтау жұмыстары жүргізіліп, құжаттар дайындалуда.

2
Ауданда «АсАй и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Лана», «Мукинов» шаруа қожалықтары базасында 200 басты құрайтын 3 мал бордақылау алаңдары жұмыс істеуде. Биылғы жылы «Балке» және «Саят» шаруа қожалықтары осындай мал бордақылайтын алаңдарды ашуды жоспарлауда.

«Саят» және «Балке» шаруа қожалықтарының базасында сүт өндіретін екі тауарлы сүт фермасы жұмыс істейді.

Облыс әкімінің тапсырмасымен құрылған, сүт белдеуіне енген бұл шаруа қожалықтары қала халқын сүтпен қамтамасыз етуге өз үлестерін қосуда.

Бүгінгі заң талабына сәйкес етке өткізілетін малдар тек қана арнайы жабдықталған қасапханаларда сойылатынын ескеріп, аудан бойынша әзірге шаруа қожалықтарының есебінен 15 мал соятын қасапқаналар жұмысқа кірісті. Оның төртеуі арнайы тіркеліп, қажетті ресми құжаттарын алса, 11-і биылғы жылы ресімделеді. Биылғы жылыда қалған мал сою пунктері жоқ елді мекендерде ашу жөнінде шаруа қожалықтарымен, кәсіпкерлермен жұмыстар жүргізілуде.

Аудан бойынша 2009 жылы - 36,4 мың гектар жерге егін егіліп, бұл 2008 жылға қарағанда 2,1 мың гектарға немесе 106,1 пайызға ұлғайтылды, оның ішінде дәнді дақылдар – 28,9 мың гектар (бидай – 25,5 мың га, арпа – 1,3 мың га, сұлы – 0,6 мың га, қара құмық – 0,5 мың га), майлы дақылдар - 6,3 мың га, картоп – 0,7 мың га, көкөніс – 0,3 мың га, бақша – 0,1 мың га.

2009 жылы жалпы 28,8 мың тонна астық жиналып, аудан бойынша орташа өнімділігі әр гектарына 9,2 центнерді, 0,3 мың гектар көкөніс жиналып, орташа түскен өнімі 222 центнерді, 0,7 мың гектар алқаптан картоп жиналып, оның орташа түсімі гектарына 128 центнерді құрады.

Аудан аумағында жұмыс істейтін «Бесқарағай несие» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2009 жылы 15 шаруа қожалықтарына 49,2 млн.теңге көлемінде несие бөлінсе, осы салаға үкімет тарапынан бөлінген 58,8 млн. теңгенің субсидиясы ауыл шаруашылығына дамытуға арналып, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді.

Ауыл экономикасының негізін құрайтын сала –ауыл шаруашылығы болғандықтан да, агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамытуға биылда ірі инвестиция тартылып, жобалар жүзеге аспақшы. Олар:

1) Бөдене ауылыңда «Қасқыр» шаруа қожалығы өз қаражаты есебінен тәулігіне 30 ірі қара және 50 ұсақ малдар мал сойатын құны 100,0 млн. теңгені құрайтын қасапхана;

2) Бесқарағай ауылында «Астана – Агроөнім» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өндірістік күші тәулігіне 25 ірі және 30 ұсақ малдарды соятын модульдік пункті;

3) «Азамат» шаруа қожалығы өз қаражаты арқылы өндірістік күші 300 тонна көкөніс сақтау қоймасының құрылысы;

4) Стеклянка ауылындағы «Қаликанұлы» шаруа қожалығының сүт өңдеу цехын іске қосу;

3

5) Құны 4 млн. теңгені құрайтын Глуховка ауылындағы «Косяков» шаруа қожалығының көкөніс сақтау қоймасы.

Аудан бюджетінің кіріс бөлімінің толығуына, халықтың тұрмысқа қажетті тауарлармен толық қамтамасыз етілуіне, бәсекелестің бір деңгейде болуын, азық-түлік және басқа да тауарлардың себепсіз көтерілуіне жол бермейтін негізгі іске асырылатын шараның бірі шағын кәсіпкерлікті дамытуды жан-жақты қолдау соған жағдай жасау аудан әкімдігінің басты міндеттерінің бірі.

ШАҒЫН БИЗНЕС
Аудан бойынша 2009 жыл ішінде кәсіпкерлікті дамыту бойынша 40 шағын бизнес субъектілерінің жобалары қаралып, 21 кәсіпкер «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» акционерлік қоғамы арқылы 6,8 млн. теңге несие алса, 20 млн. қаражат басқа қаржыландырылатын институттар арқылы, 2 деңгейдегі банктер арқылы қаржылай несиеге қол жеткізудің арқасында:

Семеновка ауылында ағаш өнімдерін өндейтін цех ашылып, қосымша ағаш өндейтін құрал-жабдықтар, М-Владимировка ауылында жиһаздар дайындайтын шағын-шеберхана, шағын қоғамдық тамақтандыру нысандары, қоғамдық монша, шағын қонақ үйі, әртүрлі қызмет көрсету орталықтары (техникалық көмек көрсету, жанар-жағар май құю стансалары, т.б.) ашылуда.

2009 жылы аудан аумағында жаңадан дүкендер ашылып, саны 132 жетсе, 28 қоғамдық тамақтандыру нысандары және 37 қызмет көрсету нысандары қалтықсыз жұмыс істеп, бюджетке салық төлемінің түсімі ұлғайуда.

Аудан аумағында 4 жанар-жағар май құю стансасы тіркеліп, жұмыс істеуде, ақпан айында тағы бір стансаны ашу жоспарлануда.

«АсАй и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі базасында ұн шығаратын цех, минералды су шығару цехын, машино-технологиялық стансасын, «Мейрамгалиев» жеке шаруашылық базасында макарон цехын ашу 2010 жылдың еншісінде.
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
Жыл бойы ауданның әлеуметтік бағдарламасының толық орындалуы басты назарда болды. Жалпы бюджеттен 1,5 млн. теңге бөлініп, әлеуемттік жағынан әлсіз қорғалған отбасыларға жан-жақты жағдайының жақсаруына жұмсалды.

Республикалық деңгейде қабылданған «Жол картасы» шеңберінде 56 млн. теңге қосымша қаражат бөлініп, ауыл- ауылдарда жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік туды. Нәтижесінде 13 жоба іске асып, 148 адам жұмысқа тартылып, жұмыссыздар саны 8 пайызға дейін төмендетілді.

4

2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарға 480 адам тартылып, жоспардың орындалуы 188,2 пайызды құрады.

Жол картасы бойынша әр түрлі мамандық алу топтарына 107 адамды жіберу жоспарланған болатын, есесіне 140 адам жіберіліп, жоспар 130,8 пайызға орындалды, оның ішінде №16 кәсіптік лицейінде жүргізуші мамандығы бойынша - 48 адам, «Қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша - 27 адам, трактор-машинист мамандығы бойынша – 37 адам оқып, қосымша білім алды, тағы бір топ Семей қаласының құрылыс колледжінде «сылақшы» мамандығы бойынша - 3 адам және «газбен дәнекерлеуші»

мамандығы бойынша барлығы - 7 адам, Семей қаласының Сервис колледжінде хатшы-референт мамандығы бойынша 17 адам тегін оқып аталған мамандыққа ие болды.

Жастардың іс-тәжірбиесіне 29 адамды жіберу жоспарланған болса, ол 36 адамды құрап немесе 124,1 пайызға арттығымен орындалды.

Елбасының бастамасымен қолдау алған жоғарғы оқу орындарын аяқтаған жас маммандарды ауылды жерлерге жұмысқа тарту мақсатында аудандық бюджеттен 4,9 млн. теңге бөлініп, 24 жас маманға 200-250 мың теңге көтерме жәрдемақы берілді. Білім беру саласы бойынша 22, денсаулық сақтау бойынша 2 жас маман өз мамандықтары бойынша еңбек етуде.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Аудандағы медициналық қызмет көрсету 51 керуетті аудандық орталық ауруханамен, 10 дәрігерлік амбулаториямен, 20 фельдшерлік –акушерлік және фельдшерлік пункттермен іске асырылады.

Ауданның медицина мекемелерінде – 245 адам қызмет етуде,

оның:

- 35- жоғары білімді дәрігерлер;

- 112- орта медициналық персоналдар,

- 52- кіші медициналық персоналдар,

- 46- өзге де персоналдар.

2009 жылы денсаулық сақтау бюджеті 2008 жылмен салыстырғанда 12 пайызға өсіп, 165,1 млн теңгені құрады. Жас нәрестелердің дүниеге келуі 1000 адамға шаққанда 11,9-дан 12,0-ге дейін өсуі байқалуда. Жалпы өлім саны дүниеге келген сәбилер 2,4 –тен 2,7-ге дейін 1000 адамға шақққанда 9,5 – тен 9,3-ке төмендеді.

Сондай-ақ, тубуркулезбен алғашқы ауырғандардың ертеректегі тубуркулез диагностикасы мен халықтар арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жақсарту есебінде 82,9-дан 74,5-ке дейін төмендеуі байқалуда.

5

БІЛІМ БЕРУ

2009 жылы білім беру саласына бюджеттен 745,4 млн. теңге бөлініп, 2008 жылмен салыстырғанда 23,7 пайызға өсті. Ауданда жалпы білім беретін 25 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 3 –бастауыш, 3- негізгі және 19- орта мектептер. Ауданда - 1 бала бақша және 18 шағын-орталықтар жұмыс істейді, оларда 403 бала тәрбиеленуде.

Мектепке дейінгі жастағы балалар санынан қамтылған балалар 36,1 пайызды құраса, 5-6 жастағы балаларды мектеп алды дайындыққа қамту 62,3 пайызды құрайды.

2009 жылы оқушылардың білім сапасының көрсеткіштері артты. Ауданда бірыңғай ұлттық тестілеудің орташа балы 70,2 пайызды құрап, бұл көрсеткіш өткен жылғы нәтижелерден 8,6 балға жоғары болды (2008 жылы - 61,6; 2007 жылы -63,6; 2006 жылы - 56 пайыз).

2009 жылғы қаңтардан бастап ауданның 9-мектептерінде ыстық тамақтандыру ұйымдастырылып, 1019 оқушы қамтылды, оның ішінде бюджет есебінен - 798 оқушы, демеушілік көмек есебінен -221 оқушы. 2009 жылғы қыркүйек айынан бастап 10 - мектептерде тамақтандыру ұйымдастырылып, бастауыш сыныптардың – 826 оқушысы қамтылды, бастауыш сыныптардың оқушыларының жалпы санынан 68 пайызын құрады. 2009 жылы ыстық тамақты ұйымдастыруға 14,5 млн. теңге бөлінсе, 2008 жылы 1,1 млн бөлінген болатын, бұл өткен жылмен салыстырғанда 75 пайызға артық. 2010 жылы 20,0 млн.теңге бөлу жоспарлануда.

Буфеттік тамақтандырумен 1502 оқушы (44 пайыз) қамтамасыз етілді, олардан 152 оқушы тегін тамақтандырылады, демеушілік көмек есебінен 126 оқушы қамтылды.

2009 жылы ауданның 11 мектептері үшін 8,4 млн. теңгеге жылу қазандықтары мен қондырғылар сатып алынды.

Республикалық бюджеттен «Жол картасы» бағдарламасы бойынша аудан мектептеріне 27,8 млн. теңге бөлінген болатын, оның ішінде Б-Владмировка орта мектебінің шатырын күрделі жөндеуге – 22,2 млн. теңге, Қара-Мырза орта мектебінің шатырын күрделі жөндеуге және электр-монтаждау жұмыстарын жүргізуге 5,6 млн. теңге бөлініп, толық игерілді.

Интернет желісіне 25 мектеп (100 пайыз) қосылып. 2 мектеп интерактивті құрал- жабдықтармен жабдықталды.

Медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін 14 мектептерде медициналық кабинеттер ашылды.

2009 жылы оқушыларды тасымалдау үшін 5,5 млн.теңгеге 2 автобус сатып алынды. Ал 2010 жылы осындай 3 көлік сатып алуға қаражат қарастырылуда.

6

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ
Ауданда халықтарды эстетикаға және патриоттыққа тәрбиелеудегі маңызды рөлі мәдениет мекемесінің міндетінде.

2009 жылы Канонерка және Н-Николаевка ауылдарындағы мәдениет үйлерін күрделі жөндеу жүргізілді.

Борас орта мектебі-бақшасы жанында өлке тану мұражайы мен 25 балалық қосымша бала-бақша тобы ашылды.

Аудан көлемінде 20 спорт залдары, 73 әртүрлі спорт ғимараттары, 38 дене шынықтыру мүғалімдері, балалар жасөспірімдер спорт мектебі дене шынықтыру саласын дамытуға жұмыс жасауда.

Борас орта мектебі-бақшасы жанында көгалдандырылған жасанды шағын футбол алаңы бөлінген 6 млн. теңгенің арқасында іске қосылды.

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша Бесқарағай, Долон, Н-Николаевка ауылдарындағы спорт алаңдарына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Оқушы жастарды салауатты өмір салтына тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Көпшілік спорттық іс-шаралар Конституция, Республика күндеріне орай аудан жастары арасында волейбол, футбол, шағын-футболдан жарыстар өткізіледі. Халықтардың әртүрлі топтары арасында, бірінші кезекте жастар арасында салауатты өмір салтын енгізуді біз алдағы уақытта басымдық міндет ретінде қарайтын боламыз, өйткені бұл маскүнемдікпен, шылым шегумен, нашақорлықпен және де басқа да теріс әсер ететін құбылыстармен күресудің маңызды жолы.

Ауданда Елбасының ішкі саясаты ұлттық және ұлт аралық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған саясаты жүзеге асырылуда.

2009 жылы «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының аудандық филиалы жергілікті атқарушы органдармен және жастармен бірлесе ормандарды қорғау мен қалпына келтіру бойынша «Орман біздің байлығымыз», «Белдеулі орманды қорғаймыз» атты экологиялық және көркейту бойынша «Бесқарағайдың асылын сақтайық» акцияларын өткізуде.

Аудан жастарын Қазақстандық патриоттыққа тәрбиелеуде өз өлкесін қастерлей білуге, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге бағытталған кейбір қоғамдық- саяси, мәдени, экологиялық және өзге де іс-шаралар өткізілді.

СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ
Ауданның 6 елді мекендері орталықтандырылған су құбырларымен жабдықталған (Бесқарағай, М-Владимировка, Канонерка, Бозтал, Башкуль, Кривинка). Қалған ауылдар тереңдетілген құдықтармен қамтамасыз етіледі.

Бесқарағай және Беген ауылдарының су құбырларын қайта жөндеуге уақытында жобалау-сметалық құжаттатар дайындалып, 2010 жылға тиісті қаражат бөлінді:

Беген ауылындағы су құбыры жүйесін қайта жаңартуға 2010 жылы республикалық бюджеттен 107,1 млн. теңге,

7

Бесқарағай ауылының су құбырлары жүйелерін қайта жаңарту үшін 2010 жылы республикалық бюджеттен 348 млн.теңге бөлінді.

Башкөл, Бозтал ауылдарының су құбырларын ағымды жөндеуге «Жол картасы» бойынша 2010 жылы 27,419 млн. теңге бөлінді.

Бүгінгі күні ауданның 8 ауылдарында көшелер жарықтандырылған (Семеновка, Семияр, Бесқарағай, Малая Владимировка, Сосновка, Канонерка, Башкуль және Глуховка). 2009 жылы жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінде Қоянбай, Грачи, Лесной, Бозтал және Өндіріс ауылдарын жарықтандыруға 4,2 млн. теңге ақша қаражаты бөлінді. 2010 жылы осы жұмыс түрлеріне 5,1 млн. теңге қарастырылуда.
ЖОЛ САЛАСЫ
Аудандағы автомобиль жолының ұзындығы 418 шақырымды құрайды.

2009 жылы аудандық бюджеттен автомобиль жолдарын ағымды жөндеуге, оларды ұстауға 12 млн. теңге бөлінсе, жергілікті маңыздағы жолдарды қысқы ұстауға ауылдық округтер бойынша 11,4 млн. теңге бөлінді. Жергілікті маңыздағы қара ұсақ таспен жабылған жолдарды жөндеуге 37,0 млн.теңге бөлініп, Семияр бағыты бойынша жұмыстар

жасалып, ақша қаражаты толық игерілді. 2010 жылы жолдарды қамтамасыз етуге 63,7 млн. теңге бөлінді.

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Ауданда тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру жалғастырылуда, ауданда құрылыстар негізінен жеке секторлардың қаражаттары есебінен жүргізілуде.

«Ауыз су» бағдарламасы бойынша белгілі жұмыстар атқарылуда. Семеновка, Өндіріс, Н-Николаевка, Сосновка ауылдарын орталықтандырылған сумен жабдықтауға тиісті 2010-2011 жылдарға бағдарлама қабылданып, тиісті құжаттар дайындалуда.

Долон ауылында 80 орынды балалар мен жасөспірімдерге арналған сауықтыру кешені құрылысына жобалау-сметалық құжаттамалар дайындалуда.

Білім беру нысаны бойынша 2010-2011 жылдары Башкуль мектебінде шағын орталық құрылысы және 180 орынды Семияр мектебінің құрылысы жоспарлануда.

Байланыс құралдары мен телефон жүйелерін кеңейту бойынша іс-шаралар жүзеге асуда.

2009 жылы Сосновка, Лесной, Семияр, Белокаменка, Бірлік, Кривинка, Жыланды, Башкөл ауылдарында телефон байланыстары кеңейтіліп, байланыс анағұрлымға жақсартылды.

Аудан жер көлемінің 4/1 орман алқабы алып жатқандықтан аудан аумағында орналасқан орман шаруашылықтары, оның атқарып жатқан шаруалары, техниканың жабдықталу, заңсыз кесілмеуіне, өртке ұшырауына

8

жол бермеуге әрқашанда «Семей орманы» резерватының басшыларымен, аудандық ішкі істер бөлімімен, аудандық прокуратурамен бірлескен іс-қимылдар рет-ретімен жүзеге асуда. Өрт факторларының өткен жылмен салыстырғанда төмен деңгейде екендігі тіркелді.

«Семей орманы» резерватының мемлекеттік орман қорғау инспекторларымен жыл басынан 978 тексерулер жүргізілді. Тексеру барысында заңсыз ағаштарды кесудің 72 деректері анықталып, 72 хаттама толтырылды. Оның 22-сі сотқа беріліп, 50-уі құқық қорғау органдарына берілді. Олардың ішінен 4-уіне қылмыстық іс қозғалды. 24 заң бұзушылыққа- 615,6 мың теңге айыппұл салынды.

Атқарушы органдардың үнемі бақылауына құқық тәртібі және қоғамдық қауіпсіздік мәселесі алынған. 2009 жылы ішкі істер бөлімі мен ауылдық округтері әкімдерінің бірлесе атқарған жұмыстарының нәтижесінде қылмыстарды ашу 90,0 пайызға артып, қылмыс жасау 8,5 пайызға төмендетілді.

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар 37,5 пайызға төмендеді.

Сонымен қатар, әлі де болса шешімін таппаған мәселелер мен алдағы атқарылар жоспарлар бар, осы мәселелер бойынша маңызды жұмыстар атқаруымыз қажет:

1. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін шағын кәсіпкерлердің санын ұлғайту. Қазіргі уақытта жұмыс істейтін шағын кәсіпорындардың өніндіретін өнімдерді жеткіліксіз. Әсіресе сүт, ет, көкөніс өндіру жағынан, біздің аудан Семей қаласының

айналасындағы белдеуге енеді. Осы бағытта тиісті жұмыстар атқаруымыз керек.

2. Қолданыстағы 242,8 мың гектар жерлер, оның ішінде 160,1 мың гектар жайылым алқабы, 12,0 мың гектар тыңайған жерлер, 11,4 мың гектар суармалы жерлер толығымен пайдаланылмайды. Мұның негізгі себептері: жер шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарының мүмкіндігінің жоқтығынан және материалдық-техникалық базаларының төмендігінен. Осыған байланысты инвестицияларды тартуға аса назар аударуымыз қажет.

3. Жоғарыда аталған босалқы жерлерді толық пайдалану үшін ірі қара малдар басын- 30 пайызға, ұсақ малдар басын-28,7 пайызға, жылқыны-33 пайызға өсіру мүмкіндігі бар. Осы бағытта биылғы жылы ірі көлемді селекциялық мемлекеттік бағдарламаға енетін шаруа қожалықтарының санын көбейту жұмыстарын арттыруға, сонымен қатар қой шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарында қолдан ұрықтандыру пункттерін ашуды жандандыруымыз керек.

4. «Ертіс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен жылыжайлар салу құрылысы, мал шаруашылығын дамыту және суармалы жерлерді тамшылатын суару жобалары бойынша бірлесіп жұмыстар жүргізуді қолға алу қажет.

5. Ауыл шаруашылығында қолданылатын техникалардың паркін жаңарту бойынша шаруа қожалықтары басшылары арасында түсіндіру жұмыстарын

9

жандандыру және лизинг арқылы техникаларды алуды жүзеге асыру бойынша жұмыстар істеу алда тұрған мақсаттар.

Жоғарыда аталған, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жұмыстар бойынша кемшіліктер шеттетіліп, жаңа технологиялар енгізу, ауданның экономика саласына арналған іс-шаралар жоспарын дайындау бойынша нақтылы жұмыстар жүргізілетін болады.

2009 жылдың басында аудан әкімінің аудан халықтарының алдында есеп беру кездесуінде 13 сұрақ көтеріліп, бақылауға алынды. Қазіргі уақытта 9 сұрақ шешімін тапты, 4 сұрақ алдағы уақытта шешілетін болады, олар:

1. Н-Николаевка, Башкуль ауылдарындағы су құбырлары жүйелерін күрделі жөндеу - 2010-2012 жылдарға арналған облыстық тізбесіне енгізілді.

2. Беген ауылындағы су құбыры жүйесін қайта жаңартуға 2010 жылы республикалық бюджеттен 107,1 млн. теңге бөлінді.

3. Бесқарағай ауылының су құбырлары жүйелерін қайта жаңарту үшін 348,1 млн. теңге қажет, 2010 жылы республикалық бюджеттен 90 млн.теңге бөлінді.

Құрметті жерлестер! Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Жолдауы- еліміздің қоғамдық өмірінде басты оқиға болып табылады.

Елбасы Қазақстанның 10 жылдық даму бағдарламасын ұсынды. Әрбір Қазақстандық Жолдауға үміт артып, өз болашағының жарқын болуын тілейді және халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға толыққанды жауап береді деп ойлаймын.

Зейнеткерлердің, көп балалы аналардың әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілгендердің жағдайы жақсармақ. Студенттер мен бюджеттік сала қызметкерлерінің шәкіртақылары мен жалақылары 1-ші сәуірден бастап 25 пайызға өсірілетін болды. Былтырғы жылғы Дағдарыс пен күресу мақсатындағы бағдарлама «Жол картасы» биылғы жылы да жалғасын табатын болады. Бұл Жолдау- Н.Ә.Назарбаевтың бүкіл халықтың, әрбір отбасының, әрбір адамның әл-ауқатын одан әрі көтеруге бағытталған жоспары. Алға қойған межелерге жету үшін мемлекетіміздегі келісім мен тұрақтылықты көзіміздің қарашығындай сақтау қажеттілігі баса айтылған. Ел басымыздың Жолдауында көрсетілген ауқымды іс-шараларды жүзеге асыруға баршамыз ат салысуымыз керек. Береке –бірлігі жарасқан Бесқарағай ауданының халқы да жасампаз Жолдауға нақты істерімен жауап беретініне сенемін.


Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Похожие:

Аудан әкімінің ауыл тұрғындарының жиындарында есеп беру баяндамасы құрметті жерлестер, ауылдастар! Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2009 жылы халыққа арнаған «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» icon2009 жылы атқарылған жұмыстар Зайсан ауданы бойынша 2009 жылғы 6 наурыздағы Елбасының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға»
Жоспар бойынша 2009 жылдың 13 наурызында аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың...
Аудан әкімінің ауыл тұрғындарының жиындарында есеп беру баяндамасы құрметті жерлестер, ауылдастар! Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2009 жылы халыққа арнаған «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» icon2009 жылы Новодолинский кентінің әлеуметтік – экономикалық дамуы бағдарламасының орындалуы туралы есеп және 2010 жылға алға қойылған міндеттер
Новодолинский кенті әкімі аппаратының жұмысы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан 2030» стратегиясын және...
Аудан әкімінің ауыл тұрғындарының жиындарында есеп беру баяндамасы құрметті жерлестер, ауылдастар! Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2009 жылы халыққа арнаған «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» iconАсубұлақ кенті әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті кент тұрғындары! Қазақстан Республикасының Президенті Нурсултан Әбішұлы Назарбаевтың
Республикасының Президенті Нурсултан Әбішұлы Назарбаевтың 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халық...
Аудан әкімінің ауыл тұрғындарының жиындарында есеп беру баяндамасы құрметті жерлестер, ауылдастар! Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2009 жылы халыққа арнаған «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» iconҰсынымдары 2009 жылдың 27 тамызы
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 06. 03. 2009 жылғы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» Жолдауы тұрғысынан Өскемен қаласы...
Аудан әкімінің ауыл тұрғындарының жиындарында есеп беру баяндамасы құрметті жерлестер, ауылдастар! Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2009 жылы халыққа арнаған «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» iconГеоргиевка ауылдық округінің 2009 жылғы әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары туралы есеп
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан 2030» стратегиясы мен «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Жолдауындағы бағыт-бағдарлары...
Аудан әкімінің ауыл тұрғындарының жиындарында есеп беру баяндамасы құрметті жерлестер, ауылдастар! Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2009 жылы халыққа арнаған «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» iconКачир ауданының әкімі Н. М. Күлжанның есеп беру тезистері Құрметті аудан тұрғындары!
Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын арнады. Елбасы өз...
Аудан әкімінің ауыл тұрғындарының жиындарында есеп беру баяндамасы құрметті жерлестер, ауылдастар! Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2009 жылы халыққа арнаған «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» iconАудан әкімі Ә. Мұхтархановтың өткен 2010 жылдың қорытындысы бойынша есепті баяндамасы Құрметті қауым, жерлестер!
Аудан әкімінің халық алдындағы дәстүрлі есепті кездесуіне қош келдіңіздер! Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың
Аудан әкімінің ауыл тұрғындарының жиындарында есеп беру баяндамасы құрметті жерлестер, ауылдастар! Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2009 жылы халыққа арнаған «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» iconАйнабұлақ ауыл округі әкімі Д. Ыдырышевтың есептік баяндамасы Құрметті ауылдастар! Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының тұрғындар алдында есептік кездесу өткізу туралы»
Жарлығын орындау мақсатында ауыл округіндегі бір жылғы атқарылған жұмыстарды баяндап беруге рұхсат етіңіздер!
Аудан әкімінің ауыл тұрғындарының жиындарында есеп беру баяндамасы құрметті жерлестер, ауылдастар! Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2009 жылы халыққа арнаған «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» iconУкраин селолық округінің әкімі М. Г. Карпушанның тұрғындар алдындағы есебі Құрметті тұрғындар! Қазақстан Республикасының ел басы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Республикасының елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Дағдарыстан жанару мен дамуға» арналған үндеуін жолдады
Аудан әкімінің ауыл тұрғындарының жиындарында есеп беру баяндамасы құрметті жерлестер, ауылдастар! Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2009 жылы халыққа арнаған «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» iconҚұрметті Төлеген Тоқтаров ауылдық округінің тұрғындары және қонақтары! ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2005ж 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы ұйымдастырушының жетекшілерінің халыққа есеп беру кездесулерін жүргізу туралы»
Төлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылғын жұмыстары туралы есебі
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница