Семеновка ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы есебі мен 2011 жылғы міндеттері




Скачать 39.19 Kb.
НазваниеСеменовка ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы есебі мен 2011 жылғы міндеттері
Дата конвертации11.07.2014
Размер39.19 Kb.
ТипДокументы
Семеновка ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы есебі мен

2011 жылғы міндеттері

Аудан әкімінің тапсырмасы бойынша 2011 жылғы 13 қаңтарда округ халықтардың алдында округтің 2010 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының қортындысы туралы және өткен жылғы есеп беру кезінде айтылған сын-пікірлердің, ұсыныстардың орындалуы бойынша есеп, беруі өтеді.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына арналған «Жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын орындауда Семеновка ауылдық округiнде бiр қатар жұмыстар атқарылды.
Ауыл шаруашылығы

Қазақстан Республикасы Президентінің Н.А.Назарбаевтың Жолдауда агроөнеркәсіп кешеніне үлкен назар бөліп отыр, осы салада Семеновка ауылдық округінде 2010 жылы мал басы санының өскені байқалды.

Мысалы 468- ірі қара мал, 2113- қой-ешкі , 119- жылқыға өскен.

Ауылдық округ бойынша 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 56,8 центнер ет, 2378 центнер сүт , 7 центнер қой жүнi, 32200 данаға- жұмыртқаға көбейді.

2010 жылғы қаңтар айына «Қалижан» шаруа қожалығында 68- ірі қара мал , 22- ұсақ мал, 64- жылқы тіркелді.

Округ бойынша 2010 жылы бидай- 190 га, арпа-150 га, күнбағыс- 1100 га, картоп-6га, көп жылғы шөп-609 га дәнді дакылдары егіліп, онан алынған өнім: бидай- 330 центнер, арпа-225 центнер,күнбағыс-3300 центнер, картоп-500 центнер, көпжылдық шөп-2439 центнерді құрады.

Шағын бизнес

Ауылдық округте бүгiнгi таңда 60 -шаруа қожалығы, 19- сауда орны, 2 -дәріхана, 2- шаштаразы, 1- жағар жанар май стансасы, 2 - кафе, 2 - ағаш өңдеу цехы тiркелiп, жұмыс жасауда

Округ бойынша 523 үй мен 18 мекемеге телефон желiсi тартылды.
Салық жинау

2010 жылы округ бойынша жиналған салықтар : жер салығы -100,6 пайыз, мүлік салығы - 100 пайыз, көлік салығы - 103,2 пайыз, бір күндік салық -112,5 пайзға орындалды.

Жұмыспен қамту

Ел Президентiнiң Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы « Дәйекті жаңарту және экономикалық өсудің тұрақты қарқынын қамтамасыз ету» бірінші міндеті бойынша округте бір қатар жұмыстар атқарылуда.

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша Семеновка орта мектебіне жылу құбырларын күрделі жөндеуден өткізу үшін 22 млн. тенге бөлініп, толық игерілді. Осы бағдарлама бойынша 38 адамға жаңа жұмыс орыны ашылып. 16 адам биржа арқылы жұмысқа алынды.

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша Өндіріс орта мектебіне 5,2 млн. теңге бөлініп, спортзал күрделі жөндеуден өтті. Осы бағдарлама бойынша 9 адамға жаңа жұмыс орыны ашылып, 6 адам жұмысқа орналасты.

Еңбекпен қамту орталығында 38 адам тiркелген. Қоғамдық ақылы жұмысқа 24 адам тартылды.

2010 жылы округ бойынша 2 жаңа жұмыс орын ашылып, 36 адам уақытша жұмысқа орналасты, 13 адам жергілікті қаражат есебінен оқу оқып, электр мен дәнекерлеуші, аспаз, хатшы-референт, тракторист, жүргізуші мамандығын алды..

Денсаулық сақтау

Жолдауда аналар мен балаларды әлеуметтiк қорғауда үлкен көнiл бөлiнген. 2010 жылы ауылдық округте 39 бала дүниеге келдi. Өткен жылмен салыстырылғанда 12 балаға көбейді.

Демографиялық көрсеткiш бойынша округте өткен жылмен салыстырғанда тұрғындар санының азайғаны байқалады.

Әлеуметтік қорғау

Сонымен қатар ауылдық округ әкiмдiгi зейнеткерлер мен жалғыз тұратындарға және тұрмысы төмен отбасыларға үлкен көнiл бөлiнеді.

Жыл сайын округ бойынша «Қарттар күнiн» өткiзу дәстүрге айналған. Кездесуде қарттар бiр-бiрлерiмен жүздесiп көнiлдерiн көтереді. Биылда дәстүр бойынша мерекеге 178 адам шақырылып, 145 адам қатысты.

Семеновка ауылы бойынша бұл іс-шараға ауылымыздың кәсіпкері ауданның мәслихат депутаты Саукенов Ж.К. және Өндіріс ауылы бойынша ауылдық кәсіпкерлері мен мектеп ұжымы демеушілік көрсетті.

Сондай-ақ округтегi мүмкiндiгi шектеулi балаларға да үлкен көңiл бөлiнуде.

Жеті баламен әлеуметтiк қызметкер арнайы жұмыс iстейдi. Әлеуметтік қызметкер мүгедек балаларға медициналық комиссиядан өтуге көмек көрсетеді. Окургте алты жалғыз тұратын зейнеткерлерге көмек көрсететін әлеуметтік қызметкер бар. Әлеуметтік қызметкер жұмасына екі рет зейнеткерлерге барып, керекті көмегін көрсетеді. Округтің екі ауылындағы «Тимур командасы» жалғыз тұратын зейнеткерлерге көмек көрсетеді.

Тұрмысы төмен отбасылар саны -15, барлығы 65- адамды құрайды.

Жергілiктi қаражат есебiнен 48 азаматқа 1126200 теңге және республикалық бюджеттен 19- балаға 185100 теңге жәрдемақысы төленді.

Мәдениет және спорт

Халықаралық әйелдер күні округтің мекемелерінде мерекелік бағдарламалар өткізіледі. Наурыз Мейрамы, Масленица-Семеновка және Өндіріс ауылдарында тұрақты өткізіліп тұрады.

Жеңіс күні – Семеновка және Өндіріс ауылдарында митингілер өтеді.

1 маусым балаларды қорғау күнінде Семеновка ауылында кәсіпкерлер К.А.Абдильдина, Т.Т.Ергалиев жыл сайын мүмкіндігі шектеулі және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына арналған мерекелік концерт пен тәтті дастархан, сыйлықтар тарту етеді, 2010 жылы 40 бала қатысты. Округте волейбол, баскетбол,

жеңіл атлетика, қазақша күрес, теннис спорт секциялары жұмыс істейді.

Білім беру

Президент Жолдауындағы «Білім беру саласының басты міндеті – 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны» орындай отырып, округте бiр қатар жұмыстар жүргiзiлуде.

Округ аумағында 2 орта мектеп орналасқан. Онда барлығы 325 оқушы тәлiм-тәрбие алуда. Оқушылардың дұрыс бiлiм алуына мектептерде барлық жағдай жасалынған. Бiрыңғай ұлттық тестiлеу 2010 жылы қанағаттандыралық жағдайда өттi. Алайда әлiде болса мектеп ұжымына осы бағытта бiрқатар жұмыстар атқару қажет.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына арналған Жолдауындағы мiндеттердi орындай отырып, бiз халықтың тұрмыс деңгейiнiң жоғарлауына, жаңадан жұмыс орындарын ашуға, жұмысшылар мен жұмыс берушiнiң арасындағы келiсiм шарттардың дұрыс орындалуына, тұрмысы төмен отбасыларының жәрдемақы алуы үшiн дайындалатын құжаттардың дұрыс толтырылып, уақытында өткiзулерiн қадағалап, осы бағытта жұмыс жасауымыз қажет.

Ауылдық округ кәсiпкерлерiне, шаруа қожалығы басшыларына өздерiне тиесiлi жерлерiн үнемдi пайдаланып, шикiзатты өндеу жұмыстарына бет бұруларын, шаруа қожалықтарының басшылары өз малдарын шаруа қожалықтарына есепке қоюды сұраймыз, себебі үкіметтен шаруа қожалықтарының дамып өркендеуіне көмек көрсету үшін субсидия бөлінеді.

Ұсақ шаруа қожалықтарының бiрiгiп, iрi шаруашылық құрып алдағы ауқытта бiрлесiп жұмыс жасаса деген ниеттемiз.

Похожие:

Семеновка ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы есебі мен 2011 жылғы міндеттері iconДолон ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы есебі мен 2011 жылғы міндеттері
Бесқарағай ауданы әкімінің бекітілген кестесіне сәйкес «2010 жылда округтың әлеуметтік –экономикалық дамуының қортындысы туралы»...
Семеновка ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы есебі мен 2011 жылғы міндеттері iconСартерек ауылдык округі әкімінің 2010 жылғы атқарған жұмыстары, алда тұрған міндеттері туралы баяндамасы
Кірлердің 2010 жылға берілген аудан әкімінің тапсырмасы бойынша Сартерек ауылдық округінде ауылды дамытудың әлеуметтік-экономикалық...
Семеновка ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы есебі мен 2011 жылғы міндеттері iconАйыртау ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауыл тұрғындары!
Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі №1546 Жарлығына сәйкес жыл сайын Республика көлесінде осы мерзімде барлық деңгейдегі...
Семеновка ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы есебі мен 2011 жылғы міндеттері iconЕгінсу ауылдық округінің 2010 жылы атқарылған жұмысы туралы округ әкімінің есебі Құрметті ауылдастар !
Ауылдық округі әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру, кездесуін ашық деп жариялаймын!
Семеновка ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы есебі мен 2011 жылғы міндеттері iconТөлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің 2009 жылы атқарған жұмыстары туралы тұрғындар алдындағы есебі
Ткен жылмен салыстырғанда Төлеген Тоқтаров ауылдық округінде 2010 жылғы 01 қантарға халық саны: Герасимовка ауылы 1329, Казачье 366,...
Семеновка ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы есебі мен 2011 жылғы міндеттері icon2011 жылға атқарылған жұмыстар туралы Новопокровка ауылдық округі әкімінің есебі. «ШҚо бородулиха ауданы Новопокровка ауылдық округі әкімінің аппараты»
Мм жұмысы ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Қр конституциясын,...
Семеновка ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы есебі мен 2011 жылғы міндеттері iconЕгінсу ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті округ тұрғындары!
Ауылдық округ әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру, кездесуін ашық деп жариялаймын!
Семеновка ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы есебі мен 2011 жылғы міндеттері iconАқкөл ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы елді мекендерді дамыту барысында атқарлыған және 2011 жылы атқарылатын жұмыстары туралы есебі
Стік жер көлемі 9200 гектар. Ауылдық округінің құрамына: Ақкөл, Зеленая роща, Жақсат, және Присовхозный ауылдары кіреді. Жалпы тұрғындар...
Семеновка ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы есебі мен 2011 жылғы міндеттері iconАлмасай ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті жерлестер! Елбасының 6 сәуір 2005 жылғы №1546 «Жергілікті атқарушы органдарының жергілікті тұрғындар алдында атқарған жұмыстар жайындағы есебі»
...
Семеновка ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы есебі мен 2011 жылғы міндеттері iconАқкөл ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы елді мекендерді дамыту барысында атқарылған туралы есебі
Стік жер көлемі 9200 гектар. Ауылдық округінің құрамына: Ақкөл, Зеленая роща, Жақсат, және Присовхозный ауылдары кіреді. Жалпы тұрғындар...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница