Жемқорлықпен күрестің ең үздік әдістемесін ұсыну бойынша Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктерінің арасында өтетін байқау туралы ереже




Скачать 48.84 Kb.
НазваниеЖемқорлықпен күрестің ең үздік әдістемесін ұсыну бойынша Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктерінің арасында өтетін байқау туралы ереже
Дата конвертации05.02.2013
Размер48.84 Kb.
ТипДокументы


Жемқорлықпен күрестің ең үздік әдістемесін ұсыну бойынша

Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктерінің

арасында өтетін байқау туралы

ЕРЕЖЕ
Жемқорлықпен күрестің ең үздік әдістемесін ұсыну бойынша Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктерінің арасында өтетін байқау туралы осы ереже (бұдан былай - Ереже) партия Саяси кеңесі Бюросының 2008 жылғы 28 ақпандағы №2-3 қаулысымен бекітілген «Нұр Отан» ХДП-ның Жемқорлықпен күрес бойынша бағдарламасын және оны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау үшін әзірленді.


  1. Жалпы ережелер


1. Жемқорлықпен күрестің ең үздік әдістемесін ұсыну бойынша Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктерінің арасындағы байқау (бұдан былай - Байқау) партияның жемқорлыққа қарсы қызметін насихаттау үшін «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының ұйымдастыруымен жүзеге асады.

  1. Байқау жұмысын ұйымдастыру және оны өткізу Ұйымдастыру комитетіне жүктеледі.

  2. Байқаудың дайындауына және өткізілуіне бақылау жасауды «Нұр Отан» ХДП басшылығы жүзеге асырады.

  3. Ереже байқауға қатысуға үміткер мүдделі қоғамдық бірлестіктердің барлығына танысу үшін ұсынылады, сондай-ақ партия басылымдарында, «Нұр Отан» ХДП сайтында және түрлі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.




  1. Байқаудың негізгі мақсаттары




  1. Байқаудың негізгі мақсаттары:

  • азаматтық қоғамның жемқорлыққа қарсы инфрақұрылымын қалыптастыру;

  • жемқорлыққа қарсы көзқарасты және жемқорлыққа деген төзімсіздікті нығайту;

  • барынша жемқорлыққа қарсы құқықтық алаңды жасау;

  • мемлекеттік құрылымдардың қызметіне азаматтық бақылауды қарқындату;

  • жемқорлыққа қарсы қоғамдық пікірді қалыптастыру;

  • жемқорлық сипатындағы фактілер бойынша жазадан бұлтармауды және оны көпшілікке жариялауды қамтамасыз ету;

  • қоғамды жемқорлық көріністері туралы барынша толық ақпараттандыру;

  • жемқорлыққа қарсы біріңғай медиа-стратегияны жасау және іске асыру;

  • жастарды жемқорлықпен күреске жұмылдыру;

  • жемқорлықпен күрестің ғылыми-аналитикалық әдіс-тәсілдерін нығайту;

  • жемқорлықпен күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту.




  1. Байқауға қатысу шарттары




  1. Байқау Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктерінің арасында өтеді.

7. Байқауға қатысу үшін жемқорлықпен күрес тақырыбына арналған материалдар қабылданады.

8. Материалдар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

9. Жұмыстар 2008 жылғы 30 қазанға дейін кешіктірілмей байқаудың Ұйымдастыру комитетіне беріледі.

10. Жоғарыда көрсетілген шарттарға сәйкес келмейтін және жобаларды ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен материалдар байқауға жіберілмейді.

11. Материалдар кейін қайтарылмайды, шағымдар қабылданбайды.


  1. Байқаудың өту кезеңдері


12. Алғашқы кезең

БАҚ-та байқау өткізу туралы және оған қатысу шарттары туралы хабарландыру жарияланады.

13. Байқау өтудің негізгі кезеңі

Байқауға ұсынылатын материалдар Ұйымдастыру комитетінің адресіне келіп түседі. Ұйымдастыру комитеті байқауға қатысу туралы өтініштердің регламентін, жұмыстардың тақырыпқа сәйкестігін айқындайды және өз жұмысының қорытындысы бойынша байқау лауреаттарын айқындап, хаттама рәсімдейді. Оған барлық комитет мүшелері қол қояды.

Лауреаттардың жұмыстары, алар туралы мәліметтер және хаттама Қазылар алқасына беріледі.

14. Қорытындылау

Жеңімпаздарды Қазылар алқасы айқындайды.

Жеңімпаздарды жариялау байқауды жалпы қорытындылау аясында жүзеге асады. Онда ең үздік үш жоба айқындалып, тиісінше бірінші, екінші және үшінші орындар беріледі.

15. Жеңімпаздар мен лауреаттарды марапаттау

Байқау жеңімпаздары «Нұр Отан» ХДП дипломымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

  1. Байқаудың нәтижелерін қортындылау


16. Байқаудың нәтижелері ұсынылған құжаттарды қараудың нәтижелері бойынша Қазылар алқасының қорытынды отырысында қорытындыланады.

17. Байқау жеңімпазы келесі критерийлер бойынша айқындалады:

  • ұсынылған материалдың Байқау туралы ережеге және оның мақсаттарына сәйкестігі;

  • талдаудың тереңдігі мен тақырыпты ашудың барабарлығы;

  • қоғамдық маңыздылығы;

  • жаңашылдығы;

  • нақтылық және логикалық негізділігі;

  • жобада мазмұндалған ақпараттың нақтылығы мен шынайылығы;

  • әдіснамалық шығармашылық;

  • этика принциптеріне сәйкестігі;

  • көпшілікке бағыттылығы;

  • іс жүзінде қолданылуы;

  • нақты және маңызды нәтиже.

18. Қазылар алқасы мүшелерінің бекітілген құрамының үштен екі бөлігінен астамы қатысса, отырыс құқылы деп саналады.

19. Қазылар алқасының қатысушы мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берсе, Қазылар алқасының шешімі қабылданды деп саналады.

Дауыстар тең түскен жағдайда Қазылар алқасы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

20. Қазылар алқасының жеңімпаздар деп тану туралы шешімі отырыс хаттамасымен рәсімделеді. Хаттамаға Қазылар алқасының төрағасы және барлық мүшелері қол қояды.

21. Қазылар алқасы шешімінің негізінде Партия орталық аппаратының жауапты тұлғасы Байқау жеңімпаздарын марапаттау туралы қаулының жобасын дайындайды.

22. Байқау жеңімпаздарының тізімі жариялау үшін және «Нұр Отан» ХДП-ның ресми сайтына орналастыру үшін бұқаралық ақпарат құралдарына жолданады.


  1. Қазылар алқасының құқықтары мен міндеттері


23. Қазылар алқасы мыналарға құқылы:

- ұсынылған материалдардың Байқау туралы ереже талаптарына сәйкес келмеуін негізге ала отырып, үміткерді байқауға қатыстырудан бас тарту;

  • біреу өз өкілеттіктерін пайдлана отырып, қандай да бір үміткерге қатысты қиянатшылдық жасағандығы айқындалса, байқаудың сол кезеңдегі нәтижелерін жоққа шығару.

24. Қазылар алқасының міндеттері:

  • қатысушылардың барлығы үшін тең жағдайлар жасау;

  • байқауды өткізу барысында жариялылықты қамтамасыз ету;

  • келісілген мерзімге дейін нәтижелер туралы мәліметтердің жария етілуіне жол бермеу.




  1. Қатысушылардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі




  1. Қатысушылардың құқықтары

  • байқаудың шарттары мен өту тәртібі туралы ақпараттар алу;

  • осы Ереженің тармақтарын түсіндіруді өтініп, Ұйымдастыру комитетіне бару;

  • байқауға қатысу үшін материалдар жолдау.

  1. Қатысушылардың міндеттері

  • байқаудың мән-жайымен алдын ала танысу, байқауға қатысу үшін қойылатын талаптармен танысып, зерделеу;

  • осы Ереженің талаптарына сәйкес рәсімделген материалдарды дер кезінде ұсыну;

  • осы Ережеде қарастырылған ережелер мен процедураларды сақтау.




  1. Медиа-ресурстар


27. Байқауға ақпараттық қолдауды партиялық медиа-ресурстар мен ақпараттық серіктестер қамтамасыз етеді.


  1. Ұйымдастырушылар туралы байланыс ақпараты:


28. «Нұр Отан» партиясының Орталық аппараты: Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 12/1, тел.: 55-55-61, 55-55-92, электрондық пошта: sovetbsk@otan.kz


Похожие:

Жемқорлықпен күрестің ең үздік әдістемесін ұсыну бойынша Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктерінің арасында өтетін байқау туралы ереже iconЖемқорлықпен күрес бойынша іс-шараларды ең үздік жариялау және жан-жақты ашу бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арасында өтетін «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының ашық байқауы туралы ереже
Партия орталық аппаратының жауапты қызметкерлері мен мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың өкілдері қатарынан құрылған байқау...
Жемқорлықпен күрестің ең үздік әдістемесін ұсыну бойынша Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктерінің арасында өтетін байқау туралы ереже iconЖемқорлыққа қарсы ең үздік плакат бойынша «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының ашық байқауы туралы ереже
Жемқорлыққа қарсы ең үздік плакат бойынша «Нұр Отан» хдп байқауы (бұдан былай – Байқау) жемқорлықпен күрес жұмысының тиімділігін...
Жемқорлықпен күрестің ең үздік әдістемесін ұсыну бойынша Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктерінің арасында өтетін байқау туралы ереже iconМектеп оқушылары арасында өтетін ең үздік ғылыми жұмыстардың қалалық конкурсы туралы ереже
Астана қаласы әкімінің орынбасары С. Әбдіманапов А. Балаева
Жемқорлықпен күрестің ең үздік әдістемесін ұсыну бойынша Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктерінің арасында өтетін байқау туралы ереже iconҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған қоғамдық мұражайлардың «Отанымыздың даңқы» облыстық байқау-конкурсы туралы ереже
Азақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған қоғамдық мұражайлардың «Отанымыздың даңқы» облыстық байқау-конкурсы жастарға...
Жемқорлықпен күрестің ең үздік әдістемесін ұсыну бойынша Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктерінің арасында өтетін байқау туралы ереже iconБҚО, Орал қаласы 10 маусым 2011 ж. Ж. Молдағалиев көшесі, 19-үй, 201-бөлме сағ. 17. 00
Мемлекеттік сатып алу бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың негізінде жастар қоғамдық бірлестіктерінің арасында ең үздік жастар...
Жемқорлықпен күрестің ең үздік әдістемесін ұсыну бойынша Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктерінің арасында өтетін байқау туралы ереже iconҮздік білім беру мекемелеріне Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің сыйлығы туралы ереже І. Жалпы ереже
Білім мекемелерінің инновациялық тәжірибесін қолдау, насихаттау және тарату мақсатында «Үздік білім беру мекемелеріне берілетін Шығыс...
Жемқорлықпен күрестің ең үздік әдістемесін ұсыну бойынша Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктерінің арасында өтетін байқау туралы ереже iconЕң үздік Партиялық бақылау бекеті бойынша «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының ашық байқауы туралы ереже
Ең үздік Партиялық бақылау бекеті бойынша «Нұр Отан» хдп байқауы (бұдан әрі – Байқау) әлеуметтік маңызды мемлекеттік бағдарламалардың...
Жемқорлықпен күрестің ең үздік әдістемесін ұсыну бойынша Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктерінің арасында өтетін байқау туралы ереже icon«Қазақстан республикасындағЫ Ғылыми ұйымдар мен жоғАРҒы оқу орындарындағы ең Үздік жас ғалымдар кеңестеріне» жарияланған байқау ережесі
Осы ереже байқаудың тәртібі мен байқаудың өтетін мерзімін анықтап, Қазақстан Республикасындағы ғылыми ұйымдар мен жоғарғы оқу орындарынан...
Жемқорлықпен күрестің ең үздік әдістемесін ұсыну бойынша Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктерінің арасында өтетін байқау туралы ереже iconКонкурс туралы Ереже. 1 Жалпы ережелер
Халықаралық құқықтың өзекті мәселелері бойынша студенттер арасындағы үздік ғылыми жұмысқа республикалық конкурс туралы Ереже
Жемқорлықпен күрестің ең үздік әдістемесін ұсыну бойынша Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктерінің арасында өтетін байқау туралы ереже iconЖурналистер арасында Қазақстан Республикасында бәсекелестік саясат мәселелері жөніндегі«Бәсекелестік-бақ-2011» ең үздік жарияланымға конкурс туралы ереже
Республикасында бәсекелестік саясат мәселелері жөніндегі ең үздік жарияланымға конкурстың мақсатын, міндеттерін, өткізу мерзімдерін,...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница