ЖҮйесі орта мектепте информатиканы оқытудың мақсаты




Скачать 126.39 Kb.
НазваниеЖҮйесі орта мектепте информатиканы оқытудың мақсаты
Дата конвертации16.11.2012
Размер126.39 Kb.
ТипДокументы

  1. ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТТЫ

ЖҮЙЕСІ

2.1. Орта мектепте информатиканы оқытудың мақсаты

Информатика пәні ақпараттық қоғамға сай маман даярлау ісіне ерекше назар аударады. Сондықтан информатика пәні оқыту мектептің басқа пәндері секілді оқушыларға білім берудің, тәрбиелеудің және дамытудың бірлігін қамтамасыз етеді. Білім беру мақсаты - оқушыларға уаққыт талабына сай білім беру, алған білімін қоғам игілігіне жұмсай алатындай іскерлік қалыптастыру және оны дамыту. Білім беру мақсаты жалпы білім беру және қолданбалы білім беру болып екіге бөлінеді.

Жалпы білім беру оқушы санасында әлемнің ғылыми келбетін қалыптастырады. Информатика пәнінде жалпы білім берудің мақсаты – оқушылардың ғылыми дүние танымдық көзқарасын қалыптастыру бағытына сәйкес компьютердің мүмкіндіктері мен қолданыстарын жүйелі түрде көздейді. Оның белгілері:

- компьютердің жұмыс принципін түсіну;

- алгоритм ұғымын түсіну;

- информацияның түрлері мен оларды өңдеу тәсілдерін білу;

- программалаушы қызметінің мәнін ұғыну;

- адамның ойлауын автоматтандыру, т.б..

Компьютердің жұмыс принципін түсіну табиғаттағы алгоритмдік құрылымға тығыз байланысты. Себебі, атомның кішкене бөлігіінен бастап, ғалам кеңістігіне дейінгі тіршілік алгоритмге негізделген. Алгоритм ұғымын түсініп, оны құрудың технологиясын меңгеру оқушының ЭЕМ – дн жұмыс ітеу мүмкіндігін жетілдіреді. Информацияның түрлерімен оларды өңдеу тәсілдерін білу оқушының ойлау қабілетінің жаңа қырларын ашуға жетелейді. Программалаушы қызметінің мәнін ұғыну оқушылардың «жаңа» нәрсені жасауға деген ынтасын арттырады. Адамның ойлауын автоматтандыру информатика ғылымының бүгінгі қол жеткен нәтижелермен шектелмей, әлі де қарыштапдамитынына кепіл болады. Бұл кезде информацияның үздіксіз жаңарып отыратыны секілді, өңдеу тәсілдері де өзгеріп отырады.

Қолданбалы білім берудің мақсаты - оқушының ЭЕМ –дегі жұмыс нәтижесін практикалық мақсатқа қолдана білуге бағытталады. Практикалық мақсаты – оқушыларды ақпараттық қоғамға дайындауды, еңбекке баулуды көздейді.

Дамытушылық мақсаты – оқушының ақыл ойын, шығармашылық қабілетін дамытуға, жеке тұлғасын қалыптастыруға және жүйелі – қисынды ойлау түрлерін дамытуды көздейді. Логика – алгоритмдік ойлаудың қасиетіне қатаң логикалық тұжырым жасай білу, ЭЕМ – мен жұмыс істеу барысында индукциялық және дедукциялық ой қорыту, өзіне қажетті іс-әректті алгоритмдік тілде жаза білу іскерлігі жатады. Бұл көбінесе, толық емес индукцияға ұқсас ойлауда көрініп, компьютермен практикалық жұмыста маңызды роль атқарады. Ойлаудың алгоритмділігі дәлелдеуді қажет ететін пікірлерді қамтамасыз етеді. Ойлаудың бұл екі түрін бір – бірінен ажыратуға болмайды, оларды өзара тығыз байланыста болады деп қарастыру қажет.

Логика – алгоритмдік ойлау түрі берілгендердің қасиеттері туралы логикалық тұжырымдар жасау және іздеу жүйелеріне сұраныстар беру арқылы қалыптасады. Оған компьютерде жұмыс істеуде кездесетін қиындықтарға талдау жасау, пікірлерді формальдандыру, оларды алгоритмдік тілде жаза білу іскерліктерін дамыту мәселелері жатады. Мұнда логикалық тұжырым жасай білу мен оны компьютерде өңдеу - қажеттіліг үнемі сақталады.

Ұғымдар арасындағы пәнішілік, пәнаралық байланыстарды көре білу мұғалімнің жүйелі ойлайтындығын көрсетеді. Ал, ойлаудың қисындылығы болашақ мұғалімге оқытудың көптеген әдістері мен формальдарының ішінен нақты жағдайда тиімділерін топтауға оқушының білімді игерудегі жетістіктері мен кемшіліктеріне талдау жасауға; басқа пәндерге компьютерді қолдануда оқыту мақсаттарын әртүрлі етіп тұжырымдауға; пәнішіілік және пәнаралық байланыстарды іздеуге көмек береді.

Жүйелі – қисынды ойлау белгілеріне - заттар мен құбылыстарды тұтас, өзара тығыз байланысты құрылым ретінде қарастыру; болған жағғдайларға объективті көзқараспен қарау; мектеп пәндеріндегі ұғымдарды өз орнымен қолдану жатады. Мысалы, «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінде функция – сәйкестік, «Геометрия» пәнінде функция – қисық, ал «Информатика» пнәнде функция – аргумент бойынша нәтижені есептеу алгоритмі. Сонымен, оқушы жүйелі қисынды ойлауды қалыптастырудың нысаны болса, информатика мұғалімі үшін ол кәсіби шеберлікті дамытудың белгісі.

Информатика пәнәнде қазіргі кезде жүйелі - қиыстырылған ойлау түрі сирек қолданылады. Өйткені, оқу пәнінің жоғары, төмен, жалпы, теориялық секілді деңгейлерінің ара – жігі анықталмағандықтан пән мазмұнының байланысы оқушыға біртұтас жүйе ретінде көрінбейді.

Сондықтан, мектеп пәндерінде өтілген материалдарды қайталау, еске түсіру, пысықтау сабақтарында компьютерді көрнекі құрал ретінде пайдалану тиімді. Мысалы, геометрия пәнінде оқушылардың көпшілігі кеңістік фигураларының анықтамалырының, қасиеттерінің және қималарының байланысын еске түсіруде қиналады. Мұндай кезде информатика аралық пәннің ролін атқарады.

Демек, мұғалім оқушылардағы бірін -бірі толықтырып отырытын логика – алгоритмдік және жүйелі қисынды ойлау түрлерін дамыту мәселелеріне көңіл бөлуі қажет.

Информатика маманы алғашқы кезде сбақтарды әдістемелік тұрғыда талдауда, оқыту мақсатын тұжырымдаудақиналуы мүмкін. Кейбір тәжірибелі мұғалімдердің өзі оқу материалын жақсы меңгергенімен оқытудың мақсатын анықтау кезінде қиындықтар кездесуі мүмкін. Туындаған қиындыққа байланысты «өзім не білсем, соны оқытамын» - деген принципті ұстанып, оқытудың негізгі нысанынан ауытқып, оқыту мақсатын өз еркінше анықтаумен шектелген дұрыс емес. Сондықтан, оқу процесіне компьютерді қолдану тиімді болғанымен, оның мектептегі басқа пәндерге қолданысын зерттеп, жүйелеу қажет. Ол үшін:

    • 1 сыныптан 11 сыныпқа дейін компьютер көмегімен оқытудың

бағдарламалық жүйесін жасау;

    • мектеп пен университет арасындағы байланысты жетілдіру;

    • пәндерді оқытуда компьютерді көрнекі құрал ретінде қолданудың кешендік жүйесін жасау мәселелері зерттелуі тиіс;

Тәрбиелік мақсаты – информатика сабақтарында оқушыларды отансүйгіштікке, азаматтыққа, биік адамгершілікке, жоғары саналылыққа баулуға бағытталған. Сонымен бірге, оқушылардың этикалық, эстетикалық дамуын жалпы халықтық рухани құндылықтар арқылы қалыптастыру көзделеді.

Информатиканы оқытуда тәрбиелеу мақсаты оқушының компьютерді қолдануында «өзі» үшін де «басқалар» үшін де қауіпсіз, әрі тиімді пайдалануды назардан тыс қалдырмайды. Сабақ уақытында, компьютерде жұмыс істеу кезінде санитарлық – гигиеналық талаптарды сақтай отырып, оқушылардың өнегелі, тәрбиелі болып қалыптасуын мақсат етеді. Атап айтқанда,

    • психологиялық көңіл –күй;

    • компьютермен объективті қарым қатынас;

    • өзінің немесе өзгенің информациясына қамқор болу;

    • компьютерлік техникаға ұқыпты қарау;

    • компьютерлік вирус жасаудан аулақ болу;

    • компьютерді меңгеру арқылы өзінің шығармашылық қабілетін дамыту;

    • компьютерде жұмыс істей отырып, алынған нәтижелерді талдай білу;

    • күрделі есептерді шешуде ұжыммен бірлесіп жұмыс істеу;

    • ұжым мүшелерінің пікірімен санасу;

    • өз еңбегін нәтижесін пайдалануды қамтамасыз ету, т.б..

Информатиканы оқыту әдістемесі мектептегі информатика пәнінде компьютерді: 1) оқу объектісі; 2) оқу құралы ретінде қарастырады.

Компьютер – оқу объектісі ретінде орта мектептегі «информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің мазмұнына енеді. Ол оқушыларға білім беру, іскерлік пен дағды қалыптастыра отырып, практикалық қызметке дайындауды қажет етеді.

Компьютерді оқу процесіне оқу құралы ретінде қолдануда оның тиімділігі және дидактикалықмүмкіндігі ескеріледі.Информатиканы оқыту әдістемесіоқытудың мақсатын, мазмұнын, әдісін, құралдарын, формаларын, тапсырмалар жиынтығын біртұтас жүйе ретінде қарастырады (2- схема).

2 - схема

Информатиканы оқыту әдістемесі – информатика пәнін оқытудың мақсатын (не үшін оқытамыз?), мазмұнын (нені оқытамыз?), әдістерін (қалай оқытамыз?), анықтаумен қатар, қалай тиімді оқытуға болады? – деген мәселені қарастырады.

Бұл мәселелердің өзара байланысын 3- схема түрінде кескіндеп көрсетуге болады.

3 - схема

Информатика курсын оқытудағы «не үшін оқытамыз?» сұрағы қоғам талабына сай қойылып отыр. Қоғамдық процестер, техника мен жаңа ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы, тиісті информацияны өз уақытында алуға деген қажеттілік, алынған информацияны өңдей білу осы сұрақтың көлемінде зерттеледі.

«Не үшін оқытамыз?» сұрағына «нені оқытамыз?» деген маңызды мәселе туындайды. Осы мәселе байланысты теориялық материалдардың мазмұны, оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар анықталады. Соған сәйкес өкімдер, бұйрықтар, әдістемелік хаттар арқылы оқу жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Бұйрықтар мен өкімдер орындалуы міндетті құжаттар болып табылады, ал әдістемелік хаттар ұсыныс ретінде беріледі.

«Қалай оқытамыз?» - деген сұраққа жауап беруде мұғалімнің іс-әрекетіне ерекше мән беріледі. Себебі, мұғалім оқу процесіндегі жетекші тұлға. Ол оқу бағдарламасын таңдайды, осы бағдарламаға сәйкес күнтізбектік – тақырыптық жоспар және оған сәйкес сабақ жоспарын жасайды.

Оқу бағдарламасы мемлекеттік, авторлық және жеке программалар болуы мүмкін.

Мемлекеттік программа Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінде бекітіледі.

Авторлық программа жеке немесе авторлар ұжымымен жасалып, республикалық білім беру мекемелерінде бекітіледі.

Жеке программа оқытудың нақты жағдайлары мен материалдық – техникалық базасына қарай мемлекеттік программаға ішінара өзгерістер енгізу арқылы жасалады.

«Қалай оқытамыз?» сұрағы мұғалімнің әрбір сабаққа дайындық барысында сабақ түрін, оқыту әдістерін, бекіту және бақылау кезеңдеріндегі тапсырмаларды анықтауы қажеттілігінен туындайды. Демек, болашақ информатика мұғалімі мектеп информатикасын оқытуда:

    • білімділік, дамытушылық, практикалық, тәрбиелік мақсаттарын түсінуі және өзіндік білім ретінде бойға сіңіруі;

    • игерілген білімдегі информатиканы орны мен маңызын көре білуі;

    • информатика курсының мазмұнын меңгеру мақсатына сәйкес оқулықтар мен программаларды салыстыра оқып үйренуі;

    • мазмұн таңдау принципін түсіну және оны қолдана білуі;

    • пәнді оқыту құралдарын меңгеруі;

    • оқытудың дәстүрлі және жаңа ақпараттық технологияға негізделген әдістерін білуі;

    • оқушылырдың ақыл –ой қызметін басқаруды меңгеруі;

    • оқытуды ұйымдастыру формаларын меңгеруі;

    • басқа пәндермен информатиканың байланысын зерттеуі;

    • информатиканы оқыту процесін талдай білуі;

    • программалық және техникалық құралдарды қолдана білуі;

    • оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруы қажет.

Болашақ информатика мұғалімінің оқу әрекеті информатиканы оқыту әдістемесін жалпы және дербес мәселелерін қарастыратын лекция курстарымен бірге а) оқушы ролі, яғни жаңа материалды оқушы ретінде меңгеру; ә) оқытушы ролі, яғни оқушы үшін нұсқаулар, әдістемелік өңдеулер, тапсырмалар дайындау; б) пән әдіскері ролі, яғни информатика пәнінің мұғалімдері үшін әдістемелік құралдар даярлауы арқылы жүзеге асады.

Болашақ информатика мұғалімдеріне бұл сабақтардың оқу процесіндегі маңыздылығын және мектептегі нақты жағдайларға байланысты барлық оқыту әдістерімен таныстырудың мүмкін еместігін түсіндіріп, оларға үнемі шығармашылық ізденісте жүрудің қажеттілі айтылады.

Сонымен, әрбір информатика мұғалімі пән бойынша оқу - әдістемелік кешен жасай білуі, мектепте өткізілетін педагогикалық іс – тәжірибе кезінде информатика сабақтарын талдауда, сабақтың оқу әдістемелік, программалық жабдықтарын таңдай білуі керек.

2.2. Компьютермен жұмыс істеу деңгейлері

Информатика курсын оқытудың мақсаттары мен оқушының компьютерде жұмыс істеу деңгейлерін өзара байланыста қарастыруға болады. Оқыту мақсаттарын нақтылау үшін оқушының компьютермен жұмыс істеуінің мүмкіндік деңгейлерін ескеріп отыру қажет.

1. Белсенділігі төмен (енжар) пайдаланушы – компьютермен тікелей өзі жұмыс істемейді, бірақ оның игіліктерін пайдаланады. Оның компьютер туралы жалпы мағлұматы болғанымен компьютерде жұмыс істеу дағдысы әлі қалыптаспаған.

2. Белсенді пайдаланушы – дайын программалармен жұмыс істей алады, берілгендер қорына, электронды кестелерге мәліметтерді енгізеді және өңдейді. Ол берілгендер типін таңдауда алгоритм түрлеріне сәйкес белгілі бір бағыт ұстай алады, берілгендердің қасиеттері туралы пікірін тұжырымдай алады. ЭЕМ – де жазу, сурет салу, информация іздеу дағдысы қалыптасқан, өз бетінше жұмыс жүргізе алады.

3. Программаны пайдаланушы – дайын программаға өзгерістер енгізе алады. Есептеу жұмыстарын жүргізуді, өз есептерінің формальді түрде сипаттауыды, нәтижелерін талдауды және дайын программалық құралдарда өзіне қажеттісін таңдауды біледі. Дайын программа болмаған жағдайда өзі жасайды. Мысалы, функция графигін салу, кеңістік фигураларын бейнелеу үшін жасалған программаға өзінің формуласын енгізеді.

4. Параметрлі программист(парапрограммист – реттеуші прогрммалай алатын) – жоғары деңгейлі тілдерде, берілгендер қорын басқару жүйесінде, электронды кестеде арнайы программалармен жұмыс істей алады. Оның негізгі ерекшелігі қолданушының есептерін формальді түрге келтіріп, жұмыс істейтін программа деңгейіне жеткізе алады, яғни программаларды қолданушы мұқтажын өтейтін жағдайға келтіре алады. Сондай – ақ, дайын программаларды қолданылу аймағын қажеттілікке сәйкес реттейді. Кейде оларды білімінің осындай екі жақтылығына қарай, яғни, ойлауының компьютерлі – қолданбалығына сәйкес «кентавр» - деп те атайды. Егер мұғалім өзінің оқытуға арналған программаларына қабықша – орталарды пайдаланатын болса, онда ол парапрограммист ролін атқарады.

5. Программист – компьютерді қолданушылар мен парапрограммисттер үшін программалар жасайды, оны өңдейді. Ол қолданбалы есептер шығаруға программа құрмағанымен жоғары деңгейлі Паскаль, СИ тілдерімен жұмыс істей алады.

6. Жүйелі программист – жоғарыда аталған барлық деңгейдегі жұмыстардың тиімділігін қамтамасыз етеді.

Мектеп информатика курсын оқыту барысында қазіргі кезде қолданбалы программалармен жұмыс істейтін, оларды өзінің күнделікті ісіне пайдалана алатын параметрлі – қолданушы дайындаудың қажеттілігі байқалады. Сол себепті, информатика мамандарын дайындауда жоғары айтыылған деңгейлелді ескерген дұрыс.

Бүгінгі күні және алдағы уақытта мектеп информатикасы дайын программалармен толық жабдықталғанда белсенді пайдаланушы деңгейіне жету мүмкіндігі туады. Ал, программаны пайдаланушы деңгейіне жеткен кезде мұғалімдердің программисттерге тәуелділігі кемиді. Барлық оқушы программист деңгейіне жеткенде оқыту мақсаты орындалатыны анық.

2.3. Компьютерлік сауаттылық, компьютерлік білімділік және

Информациялық мәдениеттілік

Компьютерлік сауаттылық – оқыту сапасының алғашқы сипаты. Оның белгілеріне – ЭЕМ көмегімен есептеу, оқу, жазу, сурет салу, информацияны іздеу жатады. Мұғалімге тәуелсіз компьютермен тиімдіыс істеу жоғары қалыптасқан сауаттылықтың көрінісі.

Компьютерлік білімділік – оқыту сапасына екінші сипаты. Оқыту сапасының екінші сипаты. Оның белгілері: а) мамандыққа сәйкес компьютерлік әдебиеттерді үзбей оқу; ә) көпшілікке танымал программалар туралы ой - өрісінің кең болуы; б) жұмысқа қажетті программалық құралдарды таңдай білу; в) программалық құралдардың сапасы туралы пікір айту; г) программалық құралдар кітапханасын жасау; д) программалық құралдарды сапалы және сапасыз деп жіктей білу; е) ЭЕМ – ді қолданудағы шектеулер мен оның басымдылықтарын түсіну.

Мектеп информатикасы мұндай білімді толық қамтамасыз етуді мақсат етпегенімен, оның қажеттілігін мұғалім оқушыларға сезіндіруі тиіс.

Информациялық мәдениеттілік – оқыту сапасының үшіншіі сипаты. Ол қоғамның даму деңгейіне, адамның ойлау түрлеріне тәуелді қарастырылады. Ең алдымен, оқушыларға компьютерді пайдалану тәртібі айтылады. Мысалы, әдейі немесе байқаусызда басқа оқушылардың информациясын өшірмеу, өзгенің программасын «ұрламау», өзі табынатын тұлға іздемеу. Бұл оқушыларды компьютерлер «фанатизмнен», «хакерліктен» сақтандырады. Сонымен бірге, өтірііктен аулақ болу, жеткіліктің білмейтін программалар туралы пікір айтпау, кампьютерге ұқыпты қарау, артық информацияларымен компьютер жадын толтырмау, кездейсоқ өшірілген информацияларды қайта қалпына келтіру әрекеттері информациялық мәдениеттіліктің белгісі болып табылады. Информациялық мәдениеттіліктің мазмұнына қысқада түсінікті алгоритмдер құру, жұмыс нәтижелерін көркем безендіру, т.б. жатады.

Информациялық мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде өзіндік тәртіпті айтуға болады. Оған алгоритмдерді, текстерді, берілгендерді белгілі бір құрылымда жазу, жазған программаларының қолданушыларға түсінікті болуын ескеру, белгілеулердің қатаң жүйесін пайдалану, берілгендерді сақтаудың тиімді жолдарын ойластыру, компьютермен жұмыс істеудің өнегелі дағдыларын қалыптастыру жатады.

Оқытудың білімділік мақсаты бойынша - компьютерлік білімділік; практикалық мақсаты бойынша – компьютерлік сауаттылық; тәрбиелік мақсаты бойынша – информациялық мәдениеттіілік қалыптасады. Оқушылардың ЭЕМ – ді меңгеру деңгйлері мен компьютерлік сауаттылық, білімділік және информациялық мәдениеттілік арасыда бір мәнді байланыс болмайды. Мысалы, прграммалауды білмейтін пайдаланушы компьютерді белгілі бір деңгейде меңгерген болуы мүмкін, ал «фанат - программист» өзінің сүйікті СИ тілінен басқа тілдерді білмеуі мүмкін. Вирус жасаушы сауатты, білімді болғанымен сол білімін қолдануда мәдениеттілігі төмен болып есептелінеді. Егер компьютерлік білімділік пен информациялық мәдениеттіліктің деңгейлері сәйкес болмаса, онда компьютерлік программаларға «қастандық» көбейіп кететінін жоққа шығаруға болмайды.

Информатиканы оқыту мақсаттарына байланысты кейбір мәселелерде әртүрлі пікірлер айтылуы мүмкін. Мысалы, «программалауды оқушылардың барлығы білуі керек пе?» - деген сұраққа «иә» десек, келесі кезекте оны қандай деңгейде үйрету қажет? – деген сұрақ туындайды. Егер сабақта программалауға көп уақыт бөлінсе, онда компьютерлік білімді жетілдіруге бөлінген уақыт кемиді. Бұдан кейін «қандай программалау тілін үйрету керек?», «информатика сабағында модельдеумен айналысу қажет пе?» - деген секілді сұрақтар туындайды. Бұл сұрақтарға жауап беру барысында «керек» немесе «керек емес» - деп бір мәнді жауап қатпай, оқытушылардың танымын ескеріп, әлемнің ғылыми келбетін ұғынуын, жүйелі – логикалық ойлауын дамытудағы нақты міндеттерге байланысты үйлесімді жауаптарды қарастырған жөн. Себебі, әрбір оқушы программист еңбегінің мәнін ұғынуы тиіс. Қазіргі кезде дайын программаларды қолдану жағына көбірек көңіл бөлінуде.

Похожие:

ЖҮйесі орта мектепте информатиканы оқытудың мақсаты iconЗат есімнің грамматикалық категорияларын оқытудың мақсаты мен міндеті
Мектепте оқылатын қазақ тілі курсының бағдарламасында зат есімнің грамматикалық категорияларының алатын орны мен оны оқытудың мәні...
ЖҮйесі орта мектепте информатиканы оқытудың мақсаты iconКіріспе Пәндердін атауы және олардың негізі бөлімдері
Информатика мамандығының пәндері: Информатика, берілгендер қорын басқару жүйесі, информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі,...
ЖҮйесі орта мектепте информатиканы оқытудың мақсаты iconМектептің білім мазмұнында информатиканы оқытудың
«Информатика» оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құраушылардың...
ЖҮйесі орта мектепте информатиканы оқытудың мақсаты iconӘож 373. 016: 821. 512. 122 Қолжазба құқығында медеубаева кенжехан тұрапбекқызы орта мектепте С. Торайғыров шығармаларын оқытудың
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
ЖҮйесі орта мектепте информатиканы оқытудың мақсаты icon«Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі педагогикалық технологиясы-мектепте»
Республикасының білім беру саласына тың көзқарас,жаңа үлгідегі ізденіс қажет.Өскелең ұрпақ,болашағы зор жас ұрпақты қоғамталаптары...
ЖҮйесі орта мектепте информатиканы оқытудың мақсаты iconПәні: Анатомия 1 Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина» (оқытудың қысқартылған түрі) Курс
Мақсаты: Студенттерді несеп жүйесі мүшелерінің құрылысымен таныстыру, олардың дамуы туралы мәліметтер беру
ЖҮйесі орта мектепте информатиканы оқытудың мақсаты iconҚазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты Бастауышта тілдерді оқытудың теориясы мен технологиясы кафедрасы
Республикасының Мемлекеттік стандартына сәйкес «вмк(О) т отт 3214», «050102–Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына...
ЖҮйесі орта мектепте информатиканы оқытудың мақсаты iconМiндеттердi шешудi талап етедi. Білім берудің негізгі орта деңгейінде географияны оқытудың негізгі мақсаты
«География» оқу пәні бағдарламасы Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес дайындалды
ЖҮйесі орта мектепте информатиканы оқытудың мақсаты iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009
Бастауыш мектепте қазақ тілі синтаксисін дамыта оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
ЖҮйесі орта мектепте информатиканы оқытудың мақсаты iconУдк 74. 0 «ОҚытудың тиімді тәсілін пайдалану -сапалы білім негізі»
Сабақ барысында оқушылардың шығармашылыіі қабілетін дамыту тұрғысынан, оқытудың тиімділігін арттыру бүгінгі жоғары және орта оқу...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница