Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №1263 Қаулысы «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы»




Скачать 37.35 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №1263 Қаулысы «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы»
Дата конвертации06.02.2013
Размер37.35 Kb.
ТипДокументы
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 17.08.2012 15:02:09
Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғау шаралары туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1263 Қаулысы

 

«Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығын іске асыру және Қазақстан Республикасында туберкулез бойынша эпидемиологиялық ахуалды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:

1) денсаулық сақтауды дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламаларының шеңберінде туберкулезге қарсы күрес жөніндегі шараларды қабылдасын;

2) барлық туберкулезге қарсы күрес ұйымдары мен бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарда ерте бактериологиялық диагностика және бақыланатын қысқа мерзімді химиятерапия әдістерінің қолданылуын бақылауды күшейтсін;

3) 2008 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде өзгеше емдеуге жатпайтын туберкулезбен ауыратын сырқаттарға арналған бөлімшелер (ауруханалар не хоспистер) ашу арқылы қолда бар төсек қуатының шеңберінде туберкулезге қарсы күрес ұйымдарын қайта құрылымдауды жүргізсін;

4) мыналарды:

бацилла бөлінетін (аурудың жұқпалы түрімен) туберкулезбен ауыратын барлық сырқаттарды ауруханаға жатқызуды;

туберкулезге қарсы күрес стационарларының аумақтарын қоршау мен күзетуді;

туберкулезге қарсы күрес ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуды қамтамасыз етсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы және Денсаулық сақтау министрліктері туберкулезге қарсы күрес іс-шараларына бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп:

1) ауыл шаруашылығы малдары мен құстарының арасында туберкулездің таралуын болдырмаудың алдын алу шараларын;

2) мал шаруашылығы өнімдерін өндірумен және сатумен айналысатын, меншік нысанына қарамастан, жеке және заңды тұлғаларға белгіленген ветеринарлық-санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі:

1) Қазақстан Республикасында туберкулездің таралуын болдырмауға бағытталған санитарлық-эпидемияға қарсы (алдын алу) іс-шаралардың іске асырылуын бақылауды;

2) туберкулезге қарсы күрес препараттарын және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының стандарттарына бағдарланған таза субстанцияларды сатып алуды ұйымдастыруды;

3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен бірлесіп: қауіп-қатер тобындағы, тергеу изоляторларында тергеу қамауына алынған адамдарды - түскен кезде және әрбір жарты жыл сайын, түзету мекемелеріндегі сотталғандарды - жылына екі рет флюорографиялық және бактериологиялық тексеруді және туберкулезбен ауыратын сырқаттарды ауруларының түріне сәйкес емдеуді;

4) Қазақстан Республикасы Қорғаныс және Ішкі істер министрліктерімен, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланымен (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен (келісім бойынша) бірлесіп, әскери қызметшілердің арасында туберкулезге күдікті адамдарды анықтаған жағдайда әскери немесе арнайы қызметті өткеру жері бойынша аумақтық туберкулезге қарсы күрес ұйымдарында сараланған диагностика жүргізуді қамтамасыз етсін.

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілерін диагнозын анықтағаннан кейін қызмет орны бойынша аумақтық туберкулезге қарсы күрес ұйымдарына емдеуге жіберілсін. Жіті емдеу курсынан кейін сырқат әскери қызметке жарамдылығы туралы сараптамалық шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының емдеу-алдын алу мекемелеріне ауыстырылады;

5) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, бұқаралық ақпарат құралдарында халық арасында туберкулездің алдын алу жөніндегі санитарлық-гигиеналық білімдерді кеңінен насихаттау жөнінде шаралар қабылдасын;

6) жылына бір рет 15 қаңтарға осы қаулының орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне жүктелсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №1263 Қаулысы «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №1260 Қаулысы «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы»
Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі №310 Жарлығын іске асыру және Қазақстан Республикасы халқының арасында салауатты өмір салтын...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №1263 Қаулысы «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» iconМемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл
«Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №1263 Қаулысы «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» iconҚазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Мемлекет басшысының 2005—2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың)...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №1263 Қаулысы «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» iconҚазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы
Республикасының 2030 жылға дейінгі Даму Стратегиясын іске асыру мақсатында қаулы етемін
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №1263 Қаулысы «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» icon«Өңірлерді дамыту» бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы №1158 жарлықтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №1263 Қаулысы «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» iconҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Республикасының 2030 жылға дейінгі Даму Стратегиясын іске асыру мақсатында қаулы етемін
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №1263 Қаулысы «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» iconҚазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы
Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын iске асыру жөнiндегi негiзгi бағыттардың (iс-шаралардың)...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №1263 Қаулысы «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» iconОблыс әкімі Е. Н. Сағындықовтың «Ақтөбе облысының 2010 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2020 жылға дейінгі Қр даму стратегиясын бұдан әрі іске асыру жөніндегі міндеттері туралы» есебінің тезистері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №1263 Қаулысы «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» iconҚазақстан Республикасында ана мен бала денсаулығын қорғаудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 14 мамырдағы n 630 қаулысы
Дентінің 2000 жылғы 24 қазандағы Қазақстан халқына "Еркін, тиімді және қауіпсіз қоғамға" Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №1263 Қаулысы «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» icon«Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ұлттық талдамалық орталық» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы»
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница