Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 30 наурыз №378 Астана, Үкімет Үйі




Скачать 331.6 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 30 наурыз №378 Астана, Үкімет Үйі
страница1/3
Дата конвертации16.11.2012
Размер331.6 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2012 жылғы 30 наурыз №378 Астана, Үкімет Үйі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «30» наурыздағы

№378 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне

енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1. «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасында:

«Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:

«Нысаналы индикаторлар» мынадай редакцияда жазылсын:

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасында көзделген міндеттерді іске асыру барысында 2016 жылға қарай мынадай нәтижелерге қол жеткізілетін болады:

Бағдарламамен 1,5 млн. дейін адам қамтылатын болады;

кедейлік деңгейі 8,2 %-дан 6 %-ға төмендейді;

жұмыссыздық деңгейі 5,5 % аспайтын болады;

жұмыспен қамтылған халық құрамындағы өз бетінше жұмыспен айналысушылардың үлесі 33,3 %-дан 26 %-ға төмендейді»;

«Қаржыландыру көздері мен көлемі» мынадай редакцияда жазылсын:

«Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджетте:

2011 жылға – 37,4 млрд. теңге;

2012 жылға – 62,3 млрд. теңге;

2013 жылға – 71,6 млрд. теңге;

2014 жылға – 71,9 млрд. теңге көзделген.

Келесі жылдары Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджетті тиісті жоспарлы кезеңге қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.»;

«Бағдарламаның нысаналы индикаторлары» деген 4.2-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«2016 жылға қарай:

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасымен (бұдан әрі - Бағдарлама) 1,5 млн. дейін адам қамтылатын болады.

Жұмыссыздық деңгейі 5,5 % аспайтын болады, оның ішінде 2012 жылы – 5,8 %, 2013 жылы – 5,7 % және 2014 жылы – 5,6 %.

Кедейлік деңгейі 8,2 %-дан 6 %-ға төмендейді, оның ішінде 2012 жылы – 6,3 %, 2013 жылы – 6,2 % және 2014 жылы – 6,1 %.

Жұмыспен қамтылған халық құрамындағы өз бетінше жұмыспен айналысушы адамдардың үлесі 26 %-ға дейін төмендейді;

Бағдарламаны іске асыру шеңберінде қамтылғандардың үлес салмағы:

өз бетінше жұмыспен айналысушылар (жалпы өз бетінше жұмыспен айналысушылардың ішінде) 2012 жылы – 1,4 %, 2013 жылы – 4,0 %, 2014 жылы – 4,8 % және 2015 жылы – 7,1 % болады;

жұмыссыздар (жалпы жұмыссыздардың ішінде) 2012 жылы – 15,1 %, 2013 жылы – 44,0 %, 2014 жылы – 52,5 % және 2015 жылы – 78,8 % болады;

күнкөрісі төмен отбасылардың еңбекке жарамды мүшелері (тартылған) 2012 жылы – 17,0 %, 2013 жылы – 18,0 %, 2014 жылы – 19,0 % және 2015 жылы – 20,0 % болады.»;

«Бағдарламаның міндеттері» деген 4.3-бөлімде:

үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Осыған орай, Бағдарламаны іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1. Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.

2. Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу.

3. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.

4. Ауылдық елді мекендерді дамыту.»;

«4.3.1. Бірінші бағыт: өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу» деген кіші бөлімде:

екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

«Бұл бағытқа өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, сондай-ақ ішінара жұмыспен қамтылған жалдамалы қызметкерлер (бұдан әрі – адамдар) қатыса алады. Бағдарламаға қатысудың басым мүмкіндіктері ауылдық жердегі жастар мен әйелдерге беріледі.

Осы бағыт шеңберінде Бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетіледі:

оқу, жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультациялар және психологиялық бейімдеу;

тегін біліктілікті арттыру, кәсіптік даярлау және қайта даярлау курстарына (бұдан әрі - кәсіптік оқыту) жолдау;

оқуға материалдық көмек беру;

лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасына орналасуға жәрдемдесу;

жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын жеке тұлғалардың жалақысын ішінара субсидиялау;

жастар практикасына жіберілген жеке тұлғаларға еңбекақы төлеу.

Жастар практикасына қатысушылардың жалақысын субсидиялау 6 ай бойы жүзеге асырылады. Жастар практикасына жіберілген Бағдарламаға қатысушылардың еңбекақысын субсидиялау мөлшері айына 17,2 айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақы және банк қызметтерін ескере отырып) құрайды. Азаматтардың жастар практикасына қатысу және оларға мемлекеттік қолдау көрсету шарттары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында көзделген.

Жұмыс берушілердің Бағдарламаға қатысушыларды кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, кәсіптік даярлауға тікелей қатысу мүмкіндігі болжанған. Бұл жағдайда тиісті мамандықтар үшін мемлекеттік білім беру ұйымдарында белгіленген оқу құны бойынша Бағдарламаға қатысушыларды оқытумен байланысты жұмыс берушілердің шығыстарының 70 % дейін өтеуді енгізу көзделген.

Ішінара жұмыспен қамтуды қолданатын жұмыс берушілер өздерінің ішінара жұмыспен қамтылған қызметкерлерін, олар Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосылған жағдайда және Бағдарламада көзделген шарттарда қайта даярлауға немесе біліктілігін арттыруға жіберуге мүмкіндіктері бар.

Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған Бағдарламаға қатысушылардың жалақысын мемлекеттің ішінара субсидиялауы 12 ай бойы жүзеге асырылады.

Бір айдағы жалақыға берілетін субсидия мөлшері салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде:

1) алғашқы 6 айда жалақының 50 %-на дейін, бірақ 26 мың теңгеден аспайтын;

2) келесі 3 айда жалақының 30 %-на дейін, бірақ 15,6 мың теңгеден аспайтын;

3) соңғы 3 айда жалақының 15 %-на дейін, бірақ 7,8 мың теңгеден аспайтын болады.»;

тоғызыншы бөлікте:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Бағдарламаның әлеуетті қатысушылары тұрақты тұратын жерінің аудан, қала бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарына Бағдарламаға қатысу туралы өтінішпен жүгінеді және қажетті құжаттарды тапсырады.»;

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«9) Кәсіптік оқуды оқығаннан кейін Бағдарламаға қатысушыларға дерекқорда бар бос жұмыс орындарына, құрылған әлеуметтік жұмыс орындарына немесе жастар практикасына орналасу ұсынылады.»;

«Екінші бағыт: ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу» деген 4.3.2-кіші бөлімде:

бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

«Кәсіпкерлікті ынталандыру жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту арқылы азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған.

Бағдарламаның бұл бағытына өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар мен табысы аз адамдар қатарындағы жеке ісін ұйымдастыруды қалайтын және оған мүмкіндігі бар:

1) әкімшілік бағыныстылығына қарамастан, ауылдық елді мекендерде;

2) аудандық маңызы бар қалаларда (моноқалаларды қоспағанда), сондай-ақ заңнамаға сәйкес қалалық елді мекендерге жатқызылатын кенттерде;

3) кәсіпкерлік қызметін ауылдық елді мекендерде жүзеге асырған жағдайда, әкімшілік бағыныстылығына қарамастан, облыстық, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар қатысады.

Жеке ісін ұйымдастыруды немесе кеңейтуді қалайтын ауыл тұрғындарына және әйелдерге қатысудың басым құқығы беріледі.

Осы бағыт шеңберінде мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетілетін болады:

консультативтік қызмет көрсету;

оқуға материалдық көмек бере отырып, кәсіпкерлік негіздерін тегін оқуға жолдама беру;

микрокредит беру;

жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту.

Өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтары мен оралмандардың Бағдарламаның осы бағытына қатысу және оларға мемлекеттік қолдау көрсету шарттары Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдау көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында көзделген.»;

он бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Іске асыру тетігі:

1) Бағдарлама операторы жергілікті атқарушы органға бюджеттік кредит береді.

2) Жергілікті атқарушы орган микрокредит беруді ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті өңірлік ұйымды өзі айқындайды.

3) Уәкілетті өңірлік ұйым микрокредиттік ұйымдар мен кредиттік серіктестіктерге кредит берудің белгіленген қағидасына сәйкес Бағдарламаға қатысу үшін микрокредиттік ұйымдарды және/немесе кредиттік серіктестіктерді іріктеу бойынша конкурс өткізеді.

4) Уәкілетті өңірлік ұйым мен микрокредиттік ұйымдардың және/немесе кредиттік серіктестіктердің арасында кредит беру туралы шарт жасалады.

5) Бағдарламаның екінші бағытына қатысуға ниет білдірушілер халықты жұмыспен қамту орталықтарына өтініш береді.

6) Халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынылған құжаттарды қарайды, әлеуетті қатысушылармен әңгімелесу жүргізеді және мемлекеттік қолдау алу түрлері бойынша үміткерлердің тізімі мен жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуды және жайластыруды талап ететін жобалардың тізбесін қалыптастырады.

7) Халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылардың құрамына қосу үшін әлеуетті қатысушылардың құжаттарын Комиссияның қарауына береді.

8) Халықты жұмыспен қамту орталығы Комиссияның ұсынымын ескере отырып, өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды және шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды бұл туралы жазбаша хабардар етеді.

9) Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылардың құрамына қосылған адамдармен әлеуметтік келісімшарт жасасады.

10) Кәсіпкерлік негіздерін оқыту:

халықты жұмыспен қамту орталықтары әлеуметтік келісімшарттың талаптарына сәйкес Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік негіздерін оқуға жібереді және бұл туралы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі уәкілетті органға хабарлайды;

кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі уәкілетті орган халықты жұмыспен қамту орталықтарының ақпараты негізінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпкерлік негіздерін оқытуды қамтамасыз етеді. Оқу мерзімі бір айдан аспауға тиіс.

Оқу бағдарламасы және оны жүргізу кестесі халықты жұмыспен қамту орталығымен келісіледі.

11) Микрокредит беру:

Бағдарламаға қатысушы жобаның бизнес-жоспарын әзірлейді және халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша микрокредит алу туралы өтініммен микрокредиттік ұйымға немесе кредиттік серіктестікке өтініш береді;

микрокредиттік ұйым немесе кредиттік серіктестік жобаға бағалау жүргізеді және микрокредит беру мүмкін екендігі (немесе мүмкін емес екендігі) туралы шешім қабылдайды.

12) Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту:

халықты жұмыспен қамту орталықтары микрокредиттік ұйымнан немесе кредиттік серіктестіктен оң қорытынды алған жағдайда, жобалары жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен жайластыруды талап ететін Бағдарламаға қатысушылардың тізімін инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органға жібереді;

инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті орган жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен жайластыруды қаржыландыруға болатыны (немесе болмайтыны) және қажетті қаржыландыру көлемі туралы қорытынды дайындайды және халықты жұмыспен қамту орталығын хабардар етеді.

13) Оң қорытынды алған жобалар бойынша Бағдарламаға қатысушы мен инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органның арасында тиісті шарт жасалады.

14) Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

15) Шартта көзделген инфрақұрылымдық жобаның іске асырылуына мониторинг жүргізу инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органға жүктеледі.»;

«Үшінші бағыт: еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» деген 4.3.3-кіші бөлімде:

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Бағдарламаның үшінші бағытына оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілгеннен және Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін этникалық қазақтар қатарындағы жаңадан келген көшіп келушілер (бұдан әрі – этникалық қазақтар қатарындағы көшіп келушілер) де қатысады.»;

алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Бағдарламаның осы бағытына қатысушылар, этникалық қазақтар қатарындағы көшіп келушілерді қоспағанда, мынадай өлшемдерге сәйкес келуге тиіс:

өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар не еңбекке жарамды табысы аз адамдар санаттарына жатуға тиіс;

соңғы үш жылда:

1) бекітілген тізбеге сәйкес әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұруға;

2) республикалық маңызы бар қаланың шегінде, астанада және облыс орталықтарында тұруға және жеке тұрғын үйі болмағандықтан, тиісті әкімдікте есепте тұруға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған тұрғын үйде тұруға тиіс;

кәсіптік даярлығы өңірлік немесе ҮИИДМБ шеңберінде іске асырылатын инвестициялық жобалардың бейініне, сондай-ақ өңірдің, республикалық маңызы бар қаланың және астана кәсіпорындарының еңбек ресурстарына қажеттілігіне сәйкес келуге тиіс.»;

мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:

«ВАК-тың шешімі бойынша өңірлік комиссиялардың ұсынған өтінімдері мен ұсыныстарының және Бағдарлама операторы қорытындысының негізінде Қазақстан Республикасы азаматтарының басқа облысқа көшуі жүзеге асырылады.»;

мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:

«Этникалық қазақтар қатарындағы көшіп келушілерге және олардың отбасы мүшелеріне қоғамға бейімдеу және кіріктіру мақсатында оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтары арқылы қосымша қызметтер (ақпараттық, құқықтық, әлеуметтік, медициналық және білім беру) кешені көрсетіледі.

Бейімдеу және кіріктіру қызметтері халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға көзделген қаражат есебінен көрсетіледі.»;

тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Көшумен байланысты субсидиялар көшу шығыстарының өтемін қамтиды. Субсидияның мөлшері:

отбасылар бір ауданның шегінде көшкен жағдайда – отағасына он еселенген айлық есептік көрсеткішті, отбасының әрбір мүшесіне бес еселенген айлық есептік көрсеткішті;

отбасылар бір облыс шегіндегі бір ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) басқа ауданға (облыстық маңызы бар қалаға) көшкен жағдайда – отағасына жиырма бес еселенген айлық есептік көрсеткішті, отбасының әрбір мүшесіне он бес еселенген айлық есептік көрсеткішті;
  1   2   3

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 30 наурыз №378 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 4 наурыз №231 Астана, Үкімет үйі
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы №1710 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 30 наурыз №378 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 12 наурыз №319 Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 30 наурыз №378 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 30 наурыз №394 Астана, Үкімет Үйі
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 18 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 30 наурыз №378 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 12 наурыз №321 Астана, Үкімет Үйі
«Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 30 наурыз №378 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 29 наурыз №366 Астана, Үкімет Үйі
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 30 наурыз №378 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 5 шілде №910 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы №1063 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 30 наурыз №378 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 6 наурыз №291 Астана, Үкімет Үйі
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 30 наурыз №378 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 31 тамыз №1131 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 ақпандағы №76 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 30 наурыз №378 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 7 тамыз №1028 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы №36 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 30 наурыз №378 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 18 қаңтар №97 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы №1647 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница