Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 30 наурыз №378 Астана, Үкімет Үйі




Скачать 331.6 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 30 наурыз №378 Астана, Үкімет Үйі
страница2/3
Дата конвертации16.11.2012
Размер331.6 Kb.
ТипДокументы
1   2   3

отбасылар басқа облысқа, республикалық маңызы бар қалаға, астанаға көшкен жағдайда – отағасына елу еселенген айлық есептік көрсеткішті, отбасының әрбір мүшесіне отыз бес еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайды.»;

мынадай мазмұндағы оныншы бөлікпен толықтырылсын:

«Еңбек қызметін вахталық әдіс бойынша жүзеге асыратын Бағдарламаға қатысушыларға, этникалық қазақтар қатарындағы көшіп келушілерге, сондай-ақ республикалық маңызы бар қаланың, астананың және облыс орталықтарының шегінде көшетін адамдарға көшуге берілетін субсидия төленбейді.»;

он екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Жергілікті атқарушы органдар Бағдарламаға қатысушыларды отбасылық үлгідегі жатақханадан орын беру, тұрғын үйлерді сатып алу, құрылысы бұрын басталған объектілерді салып бітіру, жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігіндегі бос тұрған көппәтерлі тұрғын үйлерді реконструкциялау есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ете алады.»;

жиырмасыншы бөлікте:

1, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының азаматтары және этникалық қазақтар қатарындағы көшіп келушілер Бағдарламаның үшінші бағытына қатысу үшін Қағидада көзделген құжаттарды қоса отырып, халықты жұмыспен қамту орталығына көшуге өтініш береді.

3. Бағдарламаға қатысуға өтініш берушілердің құжаттарын қарау қорытындысы бойынша:

1) өңірлік комиссиялар:

бір ауданнан басқа ауданға, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыс орталықтарының шегінде көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы ұсынымдар;

басқа облысқа көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы өтінімдер немесе ұсынымдар дайындайды;

2) аудандық/қалалық комиссиялар бір ауданның шегінде көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы ұсынымдар дайындайды.

4. ВАК, өңірлік не аудандық/қалалық комиссия шешімінің негізінде халықты жұмыспен қамту орталығы өтініш білдірушілерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.»;

мынадай мазмұндағы 4.3.4-кіші бөліммен толықтырылсын:

«4.3.4. Төртінші бағыт: ауылдық елді мекендерді дамыту

Бұл бағыт әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті орташа немесе жоғары ауылдық елді мекендерде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру арқылы халықты жұмыспен қамтуға бағытталған.

Өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар мен табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар осы бағыттың қатысушылары болып табылады.

Қажетті кәсіптік біліктілігі бар Бағдарламаға қатысушыларға инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде құрылатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетіледі.

Іске асыру тетігі

1) облыстардың әкімдері бөлінген жалпы қаржыландыру лимиттері негізінде Бағдарлама шеңберінде іске асыру үшін инфрақұрылымдық жобаларды:

облыс бойынша бөлінген жалпы қаржыландыру лимиттерін;

ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетін (жоғары немесе орташа);

мемлекеттік сараптамадан өткен объектілерді салуға, реконструкциялауға және күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманың болуын;

инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде орташа және (немесе) ағымдағы жөндеуді жүзеге асыру жоспарланып отырған орындалатын жұмыс көлемінің ақаулар ведомосінің, сметалық құжаттамасының, шығыстар сметасының болуын;

құрылатын жұмыс орындарының санын, оларға Бағдарламаға қатысушылардың басым тәртіппен жұмысқа орналасуын және орташа айлық жалақысының мөлшерін;

мемлекеттік сатып алуды жүргізу мерзімін және тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді отандық өнім өндірушілерден сатып алу мүмкіндігін;

оларды іске асыруды бастау және аяқтау мерзімін;

ауылдық елді мекендердің әлеуметтік және коммуналдық-тұрмыстық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу дәрежесін (жетіспеушілік және/немесе әбден тозуы);

табиғи-климаттық жағдайды және оларды іске асыруға әсер ететін өңірдің басқа да ерекшеліктерін ескере отырып, іріктеуді жүзеге асырады.

2) Инфрақұрылымдық жобалар:

коммуналдық-инженерлік инфрақұрылым объектілерін (су құбыры, кәріз, газ, жылу, электрмен жабдықтау жүйелері) реконструкциялауды, күрделі және ағымдағы жөндеуді;

инженерлік-көлік инфрақұрылымын (кентішілік және ауылішілік жолдар, кіреберіс жолдар, аудандық маңызы бар жолдар, платиналар, бөгеттер мен көпірлер) реконструкциялауды, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуді;

әлеуметтік инфрақұрылымды (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, демалыс және ойын-сауық объектілері) реконструкциялауды, күрделі және ағымдағы жөндеуді;

ауылдық елді мекендерде орналасқан дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік-акушерлік пункттерді салуды;

абаттандыруды (көшелерді жарықтандыру және көгалдандыру, иесі жоқ объектілерді бұзу, қатты тұрмыс қалдықтары полигондарын, шағын сәулет нысандарын, қоршауларды, балалардың ойын алаңшаларын көріктендіру) қамтиды.

3) Облыс әкімдері іске асыру ұсынылған инфрақұрылымдық жобаларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес қажетті техникалық құжаттаманы және инфрақұрылымдық жобаларды таңдау негіздемесін қоса отырып, республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне қарау үшін ұсынады.

4) Жобаларды қарау барысында республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жобалардың техникалық құжаттамада ұсынылған жұмыс түрлеріне сәйкестігін тексереді және жобаларды қарау нәтижесі бойынша тиісті қорытындылар дайындайды.

5) Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің іске асырылу көзделген инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруы бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6) Облыс әкімдері инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру шеңберінде жұмыс орындарын құруды және оларға басым тәртіппен, қызметкерлерінің елу пайызына дейін халықты жұмыспен қамту орталықтары жіберетін Бағдарламаға қатысушылар қатарынан жұмысқа жалдауды, ал халықты жұмыспен қамту орталықтарында ұсыныс болмаған жағдайда – халықты жұмыспен қамту орталықтарымен жазбаша келіскеннен кейін оларды еңбек нарығынан жалдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

7) Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысуды қалайтын және оған мүмкіндігі бар Бағдарламаның әлеуетті қатысушылары халықты жұмыспен қамту орталықтарына Бағдарламаға қатысу туралы өтініш береді және қажетті құжаттарды ұсынады.

8) Халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларының кәсіптік біліктілігін және инфрақұрылым жобаларын іске асыратын жұмыс берушілердің кадрларға деген қажеттілігін ескере отырып, өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу не одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

9) Бағдарламаға қатысушы мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында әлеуметтік келісімшарт жасалады.

10) Халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушыларды іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобаларда құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшін жібереді.

11) Әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын халықты жұмыспен қамту орталығы бақылайды.

Бағдарламаға қатысушылар мен Бағдарлама шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысатын жұмыс берушілер туралы мәлімет әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің «Жұмыспен қамту» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналастырылады.

12) Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларға мониторинг жүргізеді.

Осы бағыт шеңберінде нысаналы даму трансферттерін аудару тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.»;

5-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

Бағдарламаның екінші кезеңін іске асыру нәтижесінде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен бір жарым миллион адамға дейін, оның ішінде шамамен 800 мың ауыл тұрғынын қамту жоспарланып отыр.

Жұмыспен тиімсіз қамтудың үлесі төмендейді, жұмыссыздық азаяды, еңбек өнімділігі, сондай-ақ халықтың табысы артады.

2020 жылға дейінгі сандық индикаторлар Бағдарламаның екінші кезеңі аяқталуына қарай тиісті өзгерістер енгізу мүмкіндігімен, белгіленетін болады.»;

7-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Қажетті ресурстар және олардың қаржыландыру көздері

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджетте:

2011 жылға – 37,4 млрд. теңге, оның ішінде:

бірінші бағыт бойынша: өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқытуға және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге – 14,3 млрд. теңге;

екінші бағыт бойынша: ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге – 4,8 млрд. теңге;

үшінші бағыт бойынша: еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға – 16,2 млрд. теңге;

халықты жұмыспен қамту орталықтарын қамтамасыз етуге және ақпараттық сүйемелдеуге – 2,1 млрд. теңге;

2012 жылға – 62,3 млрд. теңге, оның ішінде:

бірінші бағыт бойынша: өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқытуға және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге – 24,2 млрд. теңге;

екінші бағыт бойынша: ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге – 14,2 млрд. теңге;

үшінші бағыт бойынша: еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға – 11,0 млрд. теңге;

төртінші бағыт бойынша: ауылдық елді мекендерді дамытуға – 10,0 млрд. теңге;

халықты жұмыспен қамту орталықтарын қамтамасыз етуге – 2,9 млрд. теңге;

2013 жылға – 71,6 млрд. теңге;

2014 жылға – 71,9 млрд. теңге көзделген.

Келесі жылдары мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру көлемі жоспарланатын кезеңге арналған тиісті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.».

2. «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 639-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3. «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 816 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 640-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

4. «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 817 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 641-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасында:

1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қағида Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ оралмандардың көшіп келу квотасына қосылған және Қазақстан Республикасының азаматтығын алған жаңадан келген этникалық қазақтар қатарындағы көшіп келушілердің (бұдан әрі – этникалық қазақтар қатарындағы көшіп келушілер) Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) үшінші бағытына қатысу, көшуін ұйымдастыру, оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету және мемлекеттік қолдау көрсетуге бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін айқындайды.»;

2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші, үшінші бөліктермен толықтырылсын:

«Этникалық қазақтар қатарындағы көшіп келушілер мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және қоғамға кіріктіру мақсатында оралмандарды бейімдеу және қоғамға кіріктіру орталықтары арқылы қосымша қызметтер кешені (ақпараттық, құқықтық, әлеуметтік, медициналық және білім беру) көрсетіледі.

Бейімдеу және кіріктіру қызметтері халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға көзделген қаражат есебінен көрсетіледі.»;

3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) Бағдарламаға қатысушылар – Бағдарламаға қатысуға оң шешім алған Қазақстан Республикасының азаматтары және этникалық қазақтар қатарындағы көшіп келушілер;»;

3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) Бағдарлама шеңберінде ұсынылатын ынталандырушы төлемдер – Бағдарлама шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын жеке тұлғаларға төленетін ақшалай қаражат (оқуға материалдық көмек; бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын жеке тұлғалар жалақысының бөлігі; көшуге берілетін субсидиялар);»;

4-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«Республикалық маңызы бар қаладан, астанадан және облыс орталықтарынан басқа, жергілікті атқарушы органдар белгіленген өлшемдер негізінде облыстағы экономикалық әлеуеті төмен және жоғары елді мекендердің және экономикалық өсу орталықтарының тізбесін айқындайды және оны экономикалық даму мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келіседі.

Экономикалық әлеуеті төмен және жоғары елді мекендердің тізбесін Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК) бекітеді.»;

5-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын, облыстың (ауданның/қаланың) экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендеріне және экономикалық өсу орталықтарына көшуге қатыса алатын өз бетінше жұмыспен айналысушылардың, жұмыссыздар мен табысы аз адамдардың санын;»;

мынадай мазмұндағы 2) тармақшамен толықтырылсын:

«2) көшуге қатыса алатын этникалық қазақтар қатарындағы көшіп келушілердің санын;»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Уәкілетті орган ұсынылған ақпараттың негізінде:

1) экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын, облыстың экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендеріне және экономикалық өсу орталықтарына көшуге қатыса алатын өз бетінше жұмыспен айналысушылардың, жұмыссыздар мен табысы аз адамдардың жалпы санын айқындайды;

2) көшуге қатыса алатын этникалық қазақтар қатарындағы көшіп келушілердің жалпы санын айқындайды;

3) еңбек ресурстарына деген қажеттілік және азаматтардың көшу мүмкіндігі туралы ақпаратты өңірлік комиссияға жолдайды.»;

7, 9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Өңірлік комиссия:

1) шыққан және қабылданатын жерін айқындай отырып облыс (аудан, қала) шегінде көшетін азаматтардың ықтимал санын келіседі және көшуді ұйымдастыру үшін ұсынымды уәкілетті органға және (немесе) халықты жұмыспен қамту орталығына жібереді;

2) республика шегінде көшетін азаматтардың ықтимал санын келіседі және өтінімді немесе ұсынысты Бағдарлама операторына жібереді.

9. Бағдарламаға қатысу үшін экономикалық әлеуеті төмен елді мекенде, республикалық маңызы бар қалада, астанада және облыс орталықтарында тұратын өз бетінше жұмыспен айналысушылардың, жұмыссыздар мен табысы аз адамдардың қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы, сондай-ақ этникалық қазақтар қатарындағы көшіп келушілер халықты жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
1   2   3

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 30 наурыз №378 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 4 наурыз №231 Астана, Үкімет үйі
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы №1710 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 30 наурыз №378 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 12 наурыз №319 Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 30 наурыз №378 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 30 наурыз №394 Астана, Үкімет Үйі
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 18 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 30 наурыз №378 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 12 наурыз №321 Астана, Үкімет Үйі
«Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 30 наурыз №378 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 29 наурыз №366 Астана, Үкімет Үйі
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 30 наурыз №378 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 5 шілде №910 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы №1063 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 30 наурыз №378 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 6 наурыз №291 Астана, Үкімет Үйі
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 30 наурыз №378 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 31 тамыз №1131 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 ақпандағы №76 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 30 наурыз №378 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 7 тамыз №1028 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы №36 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 30 наурыз №378 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 18 қаңтар №97 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы №1647 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница