Әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін




Скачать 198.81 Kb.
НазваниеӘлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін
Дата конвертации16.11.2012
Размер198.81 Kb.
ТипДокументы


Қазақстан Республикасы Еңбек

және халықты әлеуметтік қорғау

министрінің

2012 жылғы «30 » мамырдағы

№ 213-ө-м бұйрығымен бекітілген

Әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар

көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін

әзірлеуге қойылатын бірыңғай талаптар


  1. Әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін әзірлеуге қойылатын бірыңғай талаптар (бұдан әрі – Бірыңғай талаптар) әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін әзірлеу мазмұны мен тәртібіне қойылатын негізгі талаптарды айқындайды.

Әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін Бірыңғай талаптарға сәйкес әзірленетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі 1-қосымшада көрсетілген.

  1. Бірыңғай талаптардың мақсаты мемлекеттік қызмет көрсету регламентін әзірлеудің бірыңғай тәсілін қамтамасыз ету болып табылады.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті мынадай талаптарға сәйкес болуға тиіс:

1) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде әкімшілік рәсімдер мен лауазымды тұлғалардың арасында айқын қисынды қарым-қатынас пен келісімділікті сақтау;

2) мемлекеттік орган қызметінің барлық саласын қамту;

3) қысқа да нұсқа болу;

4) мемлекеттік қызметті ұсыну әдісіне қарай бөлімдерді қамту.

2. Қағаз түрінде ұсынылатын мемлекеттік қызмет көрсету регламентінің құрылымы


  1. Мемлекеттік қызмет көрсету регламентінің құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:

  1. Жалпы ереже;

  2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар;

  3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаты.

  1. «Жалпы ереже» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсетудің мынадай сипаттамалары ашылуға тиіс:

- тікелей мемлекеттік қызметтерді ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе өзге ұйымдардың атауы;

- мемлекеттік қызметтің анықтамасы (мемлекеттік қызметтің нормативтік құқықтық анықтамасы сипатталады);

- қолданылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамасы;

- көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны (толық автоматтандырылған, ішінара автоматтандырылған, автоматтандырылмаған)*;

- мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын нормативтік құқықтық актінің атауы және бабы (тармағы)*;

- мемлекеттік қызмет алушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны (нәтижесі) (анықтама, хабарлама, шешім, жолдама, куәлік және басқалар, ұсынылған қызметтен бас тарту туралы уәжделген жауап) және оның ұсынылу түрлері (қағаз жеткізгіштегі, электронды түрдегі құжат, мемлекеттік органның ақпараттық жүйесіндегі мәліметтер және басқалар)*.

  1. «Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар» бөлімінде мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс:

- берілген мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекемелердің немесе өзге субъектілердің атауы*;

- мемлекеттік қызмет туралы, оның көрсетілу тәртібі туралы, мемлекеттік қызметтер стандарттарының міндетті жарияланатын орындары туралы (интернет-ресурс, call-орталық, қызу желі қызметі, ақысыз телефон анықтамалығы қызметі және басқалар) ақпараттарға қол жеткізу көздері мен орындары *;

- жұмыс кестесі (күндері, уақыты, үзілістері), қызметті алу үшін алдын ала жазылу мүмкіндігі (шарттар мен талаптарды көрсету), жылдамдатылған қызмет көрсетудің бар болуы (шарттар мен талаптарды көрсету)*;

- мемлекеттік қызметтерді көрсетуді тоқтату немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негіздерінің толық тізімі *;

- мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушыдан сауал келіп түскен сәттен бастап және мемлекеттік қызметтің нәтижесін бергенге дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері.

  1. «Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі іс-қимыл (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаты» бөлімі келесі әрекеттер мен талаптардың сипатталуынан тұрады:

- кіріс хат-хабарды (оның ішінде электрондық) ресімдеу тәртібі және мемлекеттік қызмет алушының мемлекеттік қызмет алу туралы өз сауалының (өтінішінің) қабылданғаны (тіркелгені) туралы ақпарат алуы;

- қажетті құжаттардың, нысандардың, шаблондардың толық тізімі және оларға қойылатын талаптар, оның ішінде мемлекеттік қызмет алу үшін жеңілдіктері бар адамдарға*.

«Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызметі бойынша мемлекеттік қызметтерді алуға қажетті құжаттардың толық тізімі жергілікті атқарушы органдардың (мәслихаттардың) шешімі бойынша анықталады;

- ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар (қажет болған жағдайда);

- мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық-функционалдық бірліктің (бұдан әрі - ҚФБ) аударылуы және сипатталуы (ҚФБ – бұл мүдделі органдардың жауапты тұлғалары, ақпараттық жүйелері немесе олардың кіші жүйелері);

- осы Бірыңғай талаптардың 2-қосымшасына сәйкес әрбір әкімшілік қызметтердің (рәсімдердің) орындалу мерзімдерін көрсете отырып, әр ҚФБ-тің әкімшілік қызметтерінің (рәсімдердің) өзара іс-қимылын және жүйелілігін мәтіндік кесте түрінде сипаттау;

- осы Бірыңғай талаптардың 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесінде және ҚФБ әкімшілік қызметтің логикалық жүйелілігі арасындағы байланысты көрсететін сызбанұсқалар;

8. Мемлекеттік қызмет көрсету регламентінің қосымшаларында мемлекеттік қызмет көрсету хабарламаларының нысандарын, әр түрлі хаттарды, ескертулер және сол сияқты құжаттарды қосқанда, мемлекеттік қызмет нәтижелері ұсынылатын нысандар, бланк шаблондары және басқа да құжаттар көрсетілген.


  1. Электронды нысанда ұсынылатын мемлекеттік қызмет көрсету регламентінің құрылымы




  1. Электрондық нысанда (толық немесе ішінара автоматтандырылған)

ұсынылатын мемлекеттік қызмет көрсету регламентінің құрылымы келесі бөлімдерден тұрады:

  1. Жалпы ереже;

  2. Электрондық қызмет көрсету бойынша қызмет беруші қызметінің тәртібі;

  3. Электрондық қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы.

  1. «Жалпы ереже» бөлімінде электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің келесі сипаттамалары берілуі керек:

- осы мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе өзге де ұйымдардың (бұдан әрі - қызмет беруші) атауы;

- электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын мемлекеттік қызмет стандарттарының (бұдан әрі - стандарт) атауы, сондай-ақ стандарт бекітілген актінің нысаны, күні, нөмірі және тақырыбы;

- электрондық мемлекеттік қызметті автоматтандыру деңгейі: толық автоматтандырылған (медиа-алшақтықты қамтымайтын электрондық мемлекеттік қызмет) немесе ішінара автоматтандырылған (медиа-алшақтықты қамтитын электрондық мемлекеттік қызмет);

- электрондық мемлекеттік қызметі көрсету түрлері: ақпараттық, интерактивтік, транзакциялық;

- регламентте қолданылатын түсініктемелер мен қысқартулар.

11. «Электрондық қызмет көрсету бойынша қызмет беруші қызметінің тәртібі» бөлімінде:

- осы Бірыңғай талаптардың 6-қосымшасына сәйкес ішінара автоматтандырылған электрондық мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде, осы Бірыңғай талаптың 5-қосымшасына сәйкес толық автоматтандырылған электрондық қызметті көрсеткен кезде қызмет берушінің адымдық әрекеттері мен шешімдері көрсетіледі. Адымдық әрекеттердің сипаттамасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентінің 6, 7 тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес іске асырылады;

- электрондық мемлекеттік қызмет бойынша алушының сауалының орындалу деңгейін тексеру әдісі сипатталады;

- электрондық қызмет туралы ақпаратты алу үшін байланыс телефонының нөмірі, сонымен қатар қажетті жағдайда олардың сапасын бағалау (оның ішінде шағымдану) көрсетіледі;

- электрондық мемлекеттік қызмет регламентінің қосымшаларында тұтынушыға мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылатын сауалдың және электрондық мемлекеттік қызметке жауаптардың толтырылуы экрандық үлгіде көрсетілуі керек.

12. «Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы» бөлімінде:

- электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің немесе өзге ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің (бұдан әрі – құрылымдық функционалдық бірліктер - ҚФБ) тізімдері көрсетіледі;

- осы Бірыңғай талаптардың 4-қосымшасына сәйкес әр әрекеттің орындалу мерзімін көрсете отырып, мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің немесе өзге ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің әрекеттері (рәсімдері, функциялар, операциялар) жүйелілігінің мәтіндік кесте түрінде сипатталуы көрсетіледі;

- осы Бірыңғай талаптардың 5 және 6-қосымшаларына сәйкес осы тармақтың үшінші абзацында көрсетілген мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің немесе өзге ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің, олардың сипатталуына сәйкес әрекеттерінің логикалық тізбектелуі арасындағы өзара байланысты көрсететін диаграммалар келтірілген;

- электрондық мемлекеттік қызмет регламентінің қосымшаларында электрондық мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерінің ұсынылуына сәйкес, оның ішінде хабарламалар, хаттар және ескертпелер үлгілерін қоса алғанда, үлгілік-логикалық тексеру ережелері көрсетілген үлгілер, бланк шаблондары келтірілген;

- тұтынушының құжаттарындағы ақпараттың құпиялылығын, қорғалуын және сақталуын және тұтынушының құқығын қорғауға арналған басқа да талаптарды қамтамасыз ету бөлігінде тұтынушыларға электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ұсынылатын талаптар сипатталады;

- электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің техникалық шарттары электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуді және қолжетімділігін қолдайтын құрылғылар (компьютер, интернет, ұялы телефон, телефон және басқа да құрылғылар).

13. Тұтынушыларға электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы Бірыңғай талаптардың 7-қосымшасына сәйкес сапалылығы мен қолжетімділігі көрсеткіштерімен өлшенеді.

Ескертпе: * - мәліметтер қолданыстағы мемлекеттік қызмет стандартының мазмұнына сәйкес келуге тиіс.

Әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар

көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін

әзірлеуге қойылатын бірыңғай талаптарға

1- қосымша

Әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар

көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету тізбесі


р/с



Мемлекеттік қызмет көрсету атауы

1.

Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн құжаттарды ресiмдеу

2.

Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу

3.

Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру

4.

Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою

5.

Мүгедектердi сурдо-, тифлоқұралдармен және мiндеттi гигиеналық құралдармен қамсыздандыру үшiн оларға құжаттар ресiмдеу

6.

18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау

7.

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау

8.

Қозғалуға қиындығы бар бiрiншi топтағы мүгедектерге жеке көмекшi беруге және есту бойынша мүгедекетерге қолмен көрсететiн тiл маманын беруге құжаттарды ресiмдеу

9.

Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн құжаттарды ресiмдеу

10.

Мүгедектерге санаторлы-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшiн құжаттарды ресiмдеу

11.

Қызметтi мемлекеттiк бюджет құралдары есебiнен көрсететiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу

12.

Жалғызiлiктi, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды ресiмдеу

13.

Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу

14.

Үйде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн құжаттар ресiмдеу

15.

Отын сатып алу бойынша ауылдық жерде тұратын әлеуметтiк сапа мамандарына әлеуметтiк көмек тағайындау

16.

Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілілігін растайтын анықтама

17.

Тұлғаларға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудін белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру


Әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар

көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін

әзірлеуге қойылатын бірыңғай талаптарға

2- қосымша
     1- кесте. ҚФБ әрекеттерінің сипаттамасы


  

Негізгі үдерістің (жұмыстар барысының, ағынының) әрекеті

1

Әрекет (жұмыстар барысының, ағынының) №

1

2

3

2

ҚФБ атауы

1 ҚФБ

2 ҚФБ

3 ҚФБ

3

Әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Әрекет ету және оның сипаттамасы

Әрекет ету және оның сипаттамасы

...

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік ету шешім)

1-нысан

2-нысан

...

5

Орындау мерзімдері

1-уақыт

2-уақыт

...

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3

...


Ескертпе:

Осы кестеде мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің технологиялық тізбегінде келесі әрекеттердің аяқталу үлгілері, орындалу мерзімдері және нөмірлері көрсетіліп барлық ҚФБ әрекеттері (функциялары, рәсімдері, операциялары) атап көрсетіледі.

Осы 1-кестенің негізінде 2- және 3- кестелерде сияқты, пайдалану нұсқаларының кестелері құрылады, олардың ішінде ҚФБ мен ҚФБ топтары іс-қимылдарының қисынды жүйелілігі (әрекеттесуі) көрсетіледі.

Пайдалану нұсқаларының кестелерінде іс-қимыл жүйелілігі орындалу ретіне қарай нөмірленген болуы керек.

     2 - кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс.

Негізгі үдеріс (жұмыстар барысы, ағыны)

1 ҚФБ немесе 1 ҚФБ тобы

2 ҚФБ немесе 2 ҚФБ тобы

№ 1 әрекеті

  

№ 2 әрекеті

№ 3 әрекеті

...

...

     Ескертпе:
негізгі үдеріс (негізгі сценарий) – ол бір үдерістен басқаға өткенде барлық мәселелер (жағдайлар) оң шешімін алады және бастапқы талап етілген нәтиже беріледі (анықтама, рұқсат пен т.б.)

   3- кесте. Пайдалану нұсқалары. Балама үдеріс.

Балама үдеріс (жұмыстар барысы, ағыны) немесе кеңейту

1 ҚФБ немесе 1 ҚФБ тобы

2 ҚФБ немесе 2 ҚФБ тобы

№ 1 әрекет

№ 2 әрекет

  

№ 3 әрекет

...

...

    

Ескертпе:

Балама үдеріс (балама сценарийлер) - бұл шарттардың бірі орындалмаған жағдайда (қосымша келісулер, сараптамалар және т.б. талап етіледі) және үдеріс дәлелді бас тартуларды беру аяқталған кезде мемлекеттік қызмет көрсету басқа тәртіппен жүзеге асырылады. Әрбір балама үдеріс үшін 2- кестеге ұқсас 3-кесте толтырылады.

Әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар

көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін

әзірлеуге қойылатын бірыңғай талаптарға

3- қосымша

     Функционалдық өзара іс-қимыл схемасы


Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі (жұмыстар барысы, ағыны)

1ҚФБ немесе 1ҚФБ тобы 2ҚФБ немесе 2 ҚФБ тобы 3ҚФБ немесе 3ҚФБ тобы


 
О-1.Әрекет

(уақыт)

Условие

А-1. Әрекет

(уақыт)
     Примечание:
      диаграммы должны быть построены в соответствии с методологией процессного подхода стандарта Республики Казахстан СТ РК 1.13-2005 "Стандартизация государственных услуг. Основные требования", например, с использованием программного обеспечения, для описания и моделирования организационных и управленческих процессов. Нумерация блоков - процессов должна соответствовать нумерации действий, описанных в приложении 1 (таблица 2) к методическим рекомендациям.




О-2.Әрекет

(уақыт)



О-3.Әрекет

(уақыт)






Әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар

көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін

әзірлеуге қойылатын бірыңғай талаптарға

4- қосымша
Кесте. Әрекеттердiң сипаттамасы.

Негiзгi үдерiс (жұмыстар барысы, ағыны) әрекетi

1

Әрекет (жұмыстар барысының, ағынының) №

1

2

3

n

2

ҚФБ атауы

ЭҮП

1 ҚФБ

2 ҚФБ

n ҚФБ

3

Әрекеттiң (үдерiстiң, рәсiмдердiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Әрекет ету және оның сипаттамасы

Әрекет ету және оның сипаттамасы

Әрекет ету және оның сипаттамасы

...

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық)

1-нысан

2-нысан

3-нысан

...

5

Орындау мерзiмдерi

1-уақыт

2-уақыт

3-уақыт

...

6

Келесi әрекеттiң нөмiрi

2

3

4

...

      Ескертпе:

Осы кестеде электрондық мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiнiң технологиялық тiзбегiнде келесi әрекеттердiң аяқталу үлгiлерi, орындалу мерзiмдерi және нөмiрлерi көрсетiлiп ЭҮП және барлық ҚФБ әрекеттерi (функциялары, рәсiмдерi, операциялары) атап көрсетiледi.

Осы Регламенттiң 1-қосымшасының кестесi негiзiнде электрондық мемлекеттiк қызметтердi көрсету кезiндегi функционалдық өзара iс-қимылдың диаграммалары құрылады.

_______________________

Әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар

көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін

әзірлеуге қойылатын бірыңғай талаптарға

5- қосымша
Толық автоматтандырылған электрондық қызметтердi көрсету кезiнде функционалдық iс-қимылының диаграмассы



   

Ескертпе:
      Диаграмманың үлгiлiк рәсiмделуi бизнес үдерiстердi модельдеу үшiн пайдаланылатын BPMN 1.2 графикалық нотациясында келтiрiлген. BPMN-де модельдеу графикалық элементтердiң аз саны бар диаграммалар арқылы жүзеге асырылады. Бұл тұтынушыларға үдерiстiң қисынын жылдам түсiнуге көмектеседi. Элементтердiң төрт негiзгi санатын атап көрсетуге болады:
      1) басқару ағынының объектiлерi: оқиғалар, әрекеттер және қисынды операторлар;
      2) бiрiктiрушi объектiлер: басқару ағыны, хабарламалар ағыны және қауымдастықтар;
      3) рөлдер: пулалар және жолдар;
      4) артефакттар: деректер, топтар және мәтiндiк аннотациялар.
      Осы төрт санаттың элементтерi бизнес үдерiстердiң диаграммасын құруға мүмкiндiк бередi. Айрықшалық моделiнiң мәнерлiлiгiн арттыру үшiн «Ескертпелер» деген бөлiмде келтiрiлуi тиiс басқару ағыны объектiлерiнiң жаңа түрлерiн және артефакттарды құруға рұқсат бередi.

_________________________

Әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар

көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін

әзірлеуге қойылатын бірыңғай талаптарға

6- қосымша


Iшiнара автоматтандырылған электрондық мемлекеттiк қызметтердi көрсету кезiнде функционалдық iс-қимылының диаграммасы





   Ескертпе:
      Диаграмманың үлгiлiк рәсiмделуi бизнес үрдiстердi модельдеу үшiн пайдаланылатын BPMN 1.2 графикалық нотациясында келтiрiлген. BPMN модельдеу графикалық элементтердiң аз саны бар диаграммалар арқылы жүзеге асырылады. Бұл тұтынушыларға үдерiстiң қисынын жылдам түсiнуге көмектеседi. Элементтердiң төрт негiзгi санатын атап көрсетуге болады:
      1) басқару ағынының объектiлерi: оқиғалар, әрекеттер және қисынды операторлар;
      2) бiрiктiрушi объектiлер: басқару ағыны, хабарламалар ағыны және қауымдастықтар;
      3) рөлдер: пулалар және жолдар;
      4) артефакттар: деректер, топтар және мәтiндiк аннотациялар.
      Осы төрт санаттың элементтерi бизнес үдерiстердiң диаграммасын құруға мүмкiндiк бередi. Айрықшалық моделiнiң мәнерлiлiгiн арттыру үшiн «Ескертпелер» деген бөлiмде келтiрiлуi тиiс басқару ағыны объектiлерiнiң жаңа түрлерiн және артефакттарды құруға рұқсат бередi.

_____________________­­__

Әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар

көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін

әзірлеуге қойылатын бірыңғай талаптарға

7- қосымша


Электрондық мемлекеттік қызметтерінің «сапа» және «қолжетімділік» көрсеткіштерін анықтау үшін сауалнаманың нысаны

____________________________________________________________

(қызметтің атауы)
(ќызметтіѕ атауы)

      1. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің сапасына және нәтижесіне қанағаттанасыз ба?
      1)
қанаєаттанған жоқпын;
      2) ішінара
қанағаттанамын;
      3)
қанағаттанамын.


      2. Электронды
қ мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпараттың сапасына қанағаттанасыз ба?
     
1) қанағаттанған жоқпын;
      2) ішінара кана
ғаттанамын;
      3)
қанағаттанамын.

_____________________­­__


Похожие:

Әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін icon«Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы»
Заңының 2 бабына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту...
Әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер
«Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен...
Әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін iconЖергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы

Әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін iconКодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы»
Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы
Әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін iconКодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы»
Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы
Әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін iconКодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы»
Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы
Әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін iconКодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы»
Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы
Әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін iconКодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы»
Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы
Әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін iconХалыққа қызмет көрсету орталықтарының тізбесі
«Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда)...
Әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін icon«Мүгедектер үйінде, оның ішінде бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедек балаларға әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
Ет көрсету тәртібін (бұдан әрі мемлекеттік қызмет) белгілейді, оларға әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-педагогтік,...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница