Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы




Скачать 112.5 Kb.
НазваниеБалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы
Дата конвертации14.02.2013
Размер112.5 Kb.
ТипДокументы
Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы N 63 Заңы

МАЗМҰНЫ
 
      РҚАО ескертпесі!
      Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібін 13-баптан қараңыз.

      Осы Заң балалы отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар түрiнде әлеуметтік қолдау көрсетуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi.

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар (бұдан әрi - жәрдемақылар):
      бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - бала туғанда берілетiн жәрдемақы);
      бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - бала күтімi жөнiндегі жәрдемақы);
      он сегіз жасқа дейiнгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - балаларға арналған жәрдемақы);
      мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы) түріндегі ақшалай төлемдер;
      2) бала туғанда берiлетiн, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөнiндегi уәкiлетті орган - уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерi;
      3) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкiлеттi орган - республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы;
      4) отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиiстi адамдар тобы;
      5) отбасының жиынтық табысы - отбасының ақшалай да, заттай да нысанда алған табысының жалпы сомасы;
      6) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы - отбасы жиынтық табысының отбасының әрбiр мүшесiне ай сайын келетін үлесi;
      7) өтiнiш берушi - жәрдемақылар тағайындату үшін отбасы атынан өтiнiш беретін адам;
      8) учаскелiк комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтiнiш жасаған отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытынды дайындау үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмдерiнiң шешiмiмен құрылатын арнаулы комиссия;
      9) уәкілетті мемлекеттік орган - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган;
      10) уәкілетті ұйым - Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Заңның шарттарына сәйкес функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттік берген заңды тұлға.
      Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.12.19 N 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.02 N 211-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

      Осы Заңның күші Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға қолданылады.

      3-бап. Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға
              берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы
              заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

      4-бап. Жәрдемақылар алу құқығы

      1. Туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасылардың:
      1) бала туғанда берілетін жәрдемақы;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2) тармақша 2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі.
      2) мынадай жағдайларда:
      бала күтімін жүзеге асыратын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмайтын;
      2008 жылғы 1 қаңтарға дейін туған баланың күтімін жүзеге асыратын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын жағдайларда бала күтімі жөніндегі жәрдемақы;
      3) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда, балаларға арналған жәрдемақы;
      4) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы алуға құқығы бар.
      2. Балаларға арналған жәрдемақы алу құқығы тоқсан сайын табысы туралы анықтаманы ұсыну арқылы расталып отырады.
      Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.12.19 N 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.02 N 211-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      5-бап. Жәрдемақыларды тағайындатуға өтініш беру

      1. Жәрдемақыларды тағайындату үшін өтініш жасау жәрдемақы алу құқығы туындағаннан кейін жүзеге асырылады.
      2. Өтініш беруші жәрдемақы тағайындату үшін жәрдемақы алу құқығы бар отбасының тұрғылықты жеріндегі тиісті уәкілетті органға мынадай құжаттар:
      1) нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін белгіленген үлгідегі өтініш;
      2) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің (куәліктерінің) көшірмесі (көшірмелері) не тууы туралы акт жазбасының (жазбаларының) көшірмесі (көшірмелері);
      3) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      4) отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);
      5) отбасының құрамы туралы мәлімет (бала күтімі жөніндегі және балаларға арналған жәрдемақылар үшін);
      6) отбасы мүшелерінің табысы туралы мәлімет (балаларға арналған жәрдемақы үшін);
      7) баланың мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі (мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы үшін) қоса тіркелген өтініш береді.
      Ата-аналардың, қорғаншылардың немесе қамқоршылардың бірінің жәрдемақы тағайындату туралы өзі өтініш беруге мүмкіндігі болмаған жағдайда, ата-аналар, қорғаншылар немесе қамқоршылар жәрдемақы тағайындату туралы өтініш жасауға белгіленген тәртіппен берілген сенімхат негізінде басқа адамдарға уәкілеттік беруге құқылы.
      3. Бала туғанда берілетін жәрдемақы мен бала күтімі жөніндегі жәрдемақыны тағайындатуға өтініш беру мерзімдері бала туған күннен бастап он екі айдан аспауға тиіс.
      4. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органға толық әрі дұрыс мәліметтер беруге міндетті.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.12.19 N 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.02 N 211-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      6-бап. Жәрдемақыларды тағайындау мен төлеудің тәртібі

      1. Жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді тиісті уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүргізеді.
      2. Уәкілетті орган қажетті құжаттарымен бірге өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде оларды қарайды және жәрдемақы тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Уәкілетті орган тиiстi шешiм шығарғаннан кейiн бұл туралы өтiнiш берушiге жазбаша түрде хабарлайды.
      Жәрдемақы тағайындаудан бас тартқан жағдайда уәкiлеттi орган бас тартудың себебiн жазбаша дәлелдеуге және өтiнiш берушiге құжаттарды қайтаруға мiндетті.
      3. Уәкілеттi орган тиiстi органдардан өтiнiш берушiнiң балаларға арналған жәрдемақы тағайындалу құқығын растайтын мәлiметтер сұратуға құқылы.
      4. Өтiнiш берушiнiң уәкiлеттi органның әрекетiне және шешімiне жоғары тұрған уәкілеттi органдарға, сондай-ақ сот тәртiбiмен шағым жасауға құқығы бар.
      5. Толық мемлекет қарауындағы балаларға жәрдемақы тағайындалмайды.
      6. Төлемдi тағайындайтын немесе төлеудi жүзеге асыратын органның кiнәсiнен уақтылы алынбаған жәрдемақылар сомалары өткен уақыт үшін мерзiмiне шек қойылмай төленедi.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.02 N 211-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      7-бап. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақыны тағайындау
              мен төлеу

      1. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақы өтiнiш берген күннен бастап тағайындалады.
      2. Екi және одан да көп бала туған кезде бала туғанда берiлетiн жәрдемақы әр балаға тағайындалады және төленедi.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      8-бап 2006.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі.

      8-бап. Бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыны тағайындау
              мен төлеу

      1. Бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы бала туған күннен бастап ол бiр жасқа толық толғанға дейiн тағайындалады.
      Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар болып табылатын және 2008 жылғы 1 қаңтарға дейін туған баланың күтімін жүзеге асыратын адамдарға бала күтімі жөніндегі жәрдемақы баланың туған күнінен бастап 2007 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімге тағайындалады.
      2. Бiр жасқа толмаған екi және одан да көп балаға күтімдi жүзеге асырған жағдайда бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы әр балаға тағайындалады және төленедi.
      3. Асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасыларға бала күтімі жөніндегі жәрдемақы бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы шешім қабылданған күннен бастап тағайындалады.
      4. Бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыны тағайындау кезiнде отбасы құрамындағы ата-анасы өздерiне қатысты ата-аналық құқығынан айрылған балалар есепке алынбайды.
      Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.12.19 N 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.02 N 211-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

       9-бап. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен
               төлеу

      1. Балаларға арналған жәрдемақы отбасының асырауындағы он сегiз жасқа дейiнгi әр балаға тағайындалады.
      2. Балаларға арналған жәрдемақы отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы ескерiле отырып ағымдағы тоқсанға тағайындалады және өтінiш берген айдан бастап ай сайын төленедi.
      3. Азаматтар алғаш рет өтініш жасаған кезде, сондай-ақ отбасы табысының мөлшеріне әсер ететін жағдайлар өзгергенде, уәкілетті орган немесе кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі учаскелік комиссияның отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізуі туралы шешім қабылдайды.
      Жүргiзiлген тексеру нәтижелерi бойынша учаскелiк комиссия отбасының материалдық жағдайы туралы акт жасайды және қорытындысын уәкілетті органға табыс етедi.
      4. Балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу балаларға арналған жәрдемақы тағайындату үшін өтініш жасаған кезде уәкілетті органға табыс етілетін құжаттар негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүргізіледі.
      Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.02 N 211-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      9-1-бап. Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін
                жәрдемақыны тағайындау және төлеу

      1. Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы өтініш жасалған күннен бастап баланың мүгедектігінің барлық кезеңіне тағайындалады.
      2. Отбасында екі және одан да көп мүгедек бала тұрған жағдайда жәрдемақы әр мүгедек балаға тағайындалады және төленеді.
      3. Асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқорлыққа) алған мүгедек балалары бар отбасыларға мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енгізілген күннен бастап немесе қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы шешім қабылданған күннен бастап тағайындалады.
      Ескерту. Заң 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.02 N 211-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      10-бап. Жәрдемақылар мөлшері

      1. Осы Заңға сәйкес жәрдемақылар мынадай мөлшерде:
      1) бала туғанда берілетін жәрдемақы:
      бірінші, екінші, үшінші балаға – 30 айлық есептік көрсеткіш;
      төртінші және одан кейінгі балаларға – 50 айлық есептік көрсеткіш;
      2) бала күтімі жөніндегі жәрдемақы:
      бірінші балаға - 5,5 айлық есептік көрсеткіш;
      екінші балаға - 6,5 айлық есептік көрсеткіш;
      үшінші балаға - 7,5 айлық есептік көрсеткіш;
      төртінші және одан кейінгі балаларға - 8,5 айлық есептік көрсеткіш;
      3) балаларға арналған жәрдемақы - әр балаға 1 айлық есептік көрсеткіш;
      4) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы – 1 ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленеді.
      Осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген жәрдемақылар – тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып, ал осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген жәрдемақы - жалақының ең төменгі мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді.
      2. Өтініш беруші жәрдемақының мөлшерін өзгерту немесе оны төлеуді тоқтату үшін негіз бола алатын мән-жайлар туралы тиісті уәкілетті органды он бес күн мерзімде хабардар етуге міндетті.
      Өтініш беруші бала күтімі жөніндегі жәрдемақының, балаларға арналған жәрдемақының және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақының мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақтылы хабарламаған жағдайда, көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап жәрдемақы мөлшері қайта қаралады, бірақ бұл мерзім оларды тағайындаған кезден ерте болмауға тиіс.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.12.19 N 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.02 N 211-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      11-бап. Жәрдемақыларды төлеуді тоқтату

      1. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген жәрдемақыларды төлеуді тоқтату үшін:
      1) баланың қайтыс болуы;
      2) баланың толық мемлекет қарауына берілуі;
      3) өтініш берушінің жәрдемақының (жәрдемақылардың) заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған дәйексіз мәліметтер табыс етуі;
      4) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе құқықтарын шектеу, бала асырап алуды жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету негіз болып табылады.
       2. Жәрдемақыны төлеу осы баптың 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.
      Артық төленген сомалар - ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда сот шешімінің негізінде сот тәртібімен қайтарылуға жатады.
      3. Бала (балалар) қайтыс болған жағдайда осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген жәрдемақыларды төлеу бала (балалар) қайтыс болған ай өткен соң тоқтатылады.
      Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.12.19 N 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.02 N 211-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      12-бап. Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға
               берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы
               заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңнамасын бұзуға кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

      13-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      Осы Заң, 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 4-баптың 1-тармағының 2) тармақшасын, 8-бапты, 10-баптың 1-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Похожие:

Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы iconБалалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы n 63 -III «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы»
Жәрдемақы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы n 63 -III «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы»...
Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы iconБалалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы
Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi кейбiр шаралар...
Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы iconҚарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі“ мм бастығы М.Қ. Құсаинова
...
Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы icon18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу Ережесінің" 4, 9, 25, 28, 29 тармақтарының және "Балаларға...
Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы icon«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайларының тізбесі осы «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді. Тұрғылықты жері бойынша уәкілетті...
Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы icon«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Негізгі ұғымдар
Балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі- жәрдемақы) – 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін,...
Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы iconҚарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы
«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу Ережесінің» 4, 9, 25, 28, 29 тармақтарының және «Балаларға...
Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы iconҚарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы
«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу Ережесінің» 4, 9, 25, 28, 29 тармақтарының және «Балаларға...
Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы iconМемлекеттік қызмет көрсету стандарты Мал басы туралы мәлімет. Жалпы ережелер
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246-11 Заңы және «Балалы отбасыларға...
Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы iconМемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қосалқы шаруашылығы бар екендігі туралы анықтама беру Жалпы ережелер
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246-11 Заңы және «Балалы отбасыларға...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница